Бюджет кірістері мен білім саласының мәселелері талқыланды

Бюджет кірістері мен білім саласының мәселелері талқыланды

21.05.2026 09:11:58 176

Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы, салықтық түсімдердің қамтамасыз етілуі, «Соңғы қоңырау» шараларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиында кент және ауылдық округтер бойынша төртінші деңгейлі салықтық базаның орындалу барысы сараланып, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы бағытында бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Сонымен қатар алдағы «Соңғы қоңырау» шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мектеп бітірушілердің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Аудан көлемінде өтетін бұл шара үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі айтылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Шыңғыс Әбділәмитұлы: «Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстары оқушылардың ғана емес, мектеп мұғалімдері мен жалпы сол мектептің білім деңгейін таразыға салатын сәт деуге болады. Сондықтан дайындық жұмыстарын пысықтап, оқушылардың жоғары нәтиже көрсетуіне барлық жағдай жасау қажет»,- деп жауапты басшылар мен кент, ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың мерзімінде әрі уақытылы орындалуын тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223896?lang=ru