Қазақстан Елшісі Бразилия муниципалитеттері мен қалалары конгресіне қатысты
21.05.2026 09:12:31 139
Бразилия, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Муниципалитеттерінің Ұлттық Конфедерациясының (CNM) шақыруымен құрметті қонақ ретінде Бразилия Вице-президенті Жералдо Алкмин, ел Парламенті Палаталарының басшылары, салалық министрліктер жетекшілері мен аймақ губернаторларының қатысуымен өткен «MARCHA-2026» Бразилия муниципалитеттері конгресінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.
Форум аясында Қазақстан Елшісі Интеграция және өңірлік даму министрі Валдес Гоэс, CNM президенті Пауло Циулкоски, сондай-ақ Бразилияның саяси және іскер топтарының кейбір өкілдерімен кездесулер өткізді.
Іс-шараны CNM ұйымдастырды және дәстүрлі түрде оған мыңға жуық қатысушыны, соның ішінде аймақ губернаторларын, Бразилия қалалары мен муниципалитеттерінің мэрлерін, жергілікті үкімет хатшыларын мен муниципалдық басқарушыларды біріктіреді.
Конгресс биылғы жылдың 19-21 мамыр аралығында өтеді. Оның барысында федерализациялау, парламентаризм, қоғамдық қауіпсіздік, экология, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері талқыланады.
Өткен жылы Қазақстан Елшілігі Конгреске ресми серіктес ел ретінде қатысқан болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1223833?lang=ru