Жаңалықтар
Қазақстан мен Нидерланд сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2026
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Шермерспен кездесті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы биылғы маусым айына жоспарланып отырған Қазақстанның Нидерландыға алғашқы сауда-экономикалық миссиясына дайындық мәселесі болды. Тараптар алдағы миссия екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтудегі маңызды қадам болатынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанда екі елдің бизнес қауымдастықтары мен салалық компанияларының қатысуымен екіжақты бизнес-форум өткізу жоспары да талқыланды.Тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе инвестициялық әріптестік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен және цифрлық экономика салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу барысында Арман Шаққалиев Нидерландының Қазақстанның Еуропадағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екіжақты қатынастар сауда және инвестиция бағыттарында тұрақты оң динамика көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 6,3 млрд АҚШ долларына жетіп, 11%-дан астам өскен. Ал Қазақстанның Нидерландыға экспорты 5,9 млрд АҚШ долларынан асты.Келіссөздер барысында практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық берілді. Қазақстан тарапы агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, Азия мен Еуропаны байланыстыратын заманауи логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді еуропалық нарыққа ілгерілету бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жоғары әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар тараптар екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, алдағы сауда-экономикалық миссия жаңа серіктестік байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды талқылауға және қазақстандық компаниялардың Нидерланд нарығындағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделі екенін растады. Сондай-ақ Қазақстанның Нидерландқа алғашқы сауда-экономикалық миссиясы екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1224632?lang=ru
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 21.05.2026
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы байланыс саласының үздік қызметкерлерін марапаттады.Өңірдің IT-инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталары табысталды. Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1224635?lang=ru
Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері 21.05.2026
Салық Кодекстің 175-бабына сəйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді. 2 тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау жүзеге асырылған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады жəне акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1224651?lang=ru
Робототехника бойынша «Robotek Grand Tournamment Astana» халықаралық чемпионатына қатысу 21.05.2026
2026 жылғы 12-13 мамыр аралығында «Robotek Grand Tournament Astana» халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Осакаров ауданының намысын Ә. Бөкейхан атындағы мектеп, №8 жалпы білім беретін мектеп және №9 гимназиядан құралған 4 команда қорғады. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша келесідей орындар иеленді:1-күн (12 мамыр) — «Роботек» санатында «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Жаңабай Жандарбек пен Қизаев Алғыс жүлделі ІІ орынды иеленді (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).2-күн (13 мамыр) — «№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары Кенжебаев Диас пен Сағындық Сардар Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) білім грантын жеңіп алды (жаттықтырушысы — С.Т. Темірбай).Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224680?lang=ru
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қоғамымен онлайн кездесу 21.05.2026
2026 жылғы 15 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі таңда "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысы"өзекті мәселесі қаралды. Кездесуде Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары – М.С. Зейникенов, Осакаров ауданы колледж-мектеп-интернаты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары – В.А. Резван сөз сөйледі.Барлық сұрақтарға толық және толық жауаптар берілді. Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224688?lang=ru
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының жаңа әкімі сайланды 21.05.2026
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының жаңа әкімі сайландыМаңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №11 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының әкімі болып сайланған Ермуханов Амандык Келдибаевичті тіркеді.Ермуханов Амандык Келдибаевич - 1987 жылы туған, «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысы лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады.Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1224691?lang=ru
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қаражат қалай пайдаланылды 21.05.2026
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млн АҚШ долларына 187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млн АҚШ долларына 110 298 өтініш қанағаттандырылды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш.Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:"Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),"Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWUАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1228901?lang=ru
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайланды 21.05.2026
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайландыМаңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №10 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының әкімі болып сайланған Табанбаев Казбек Аманжолұлын тіркеді.Табанбаев Казбек Аманжолұлы - 1994 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылында тұрады.Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1224698?lang=ru
Мерейтоймен Құттықтаймыз! 21.05.2026
ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы Ғазиза Әуезқызы Қарабаеваны 60-жылдық мерейтойымен құттықтайды!Ғазиза Әуезқызы 1996 жылдан 2014 жылға дейін кеден органдарында қызмет атқарды, ал 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Комитеттің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеген кезеңінде өзін сауатты және кәсіби қызметкер ретінде көрсетті, жас ұрпаққа тәлімгер болып табылады.Ғазиза Әуезқызы, Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас қуат тілейміз!Жомарттықпен бөлісетін үлкен тәжірибеңіз үшін алғысымыз шексіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1231539?lang=ru
Директор Сағила Нұрланова бастаған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының делегациясы Эстонияға жұмыс сапарымен барды 21.05.2026
Таллинн, 2026 жылғы 12-15 мамыр – Директор Сағила Нұрланова бастаған Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының делегациясы Эстонияға жұмыс сапарымен барды.Елшілік ұйымдастырған тарту қаласына сапар бағдарламасы аясында Эстония Ұлттық мұрағатының директоры Прайт Пирскомен кездесу өтті, оның барысында мекеме қызметінің негізгі бағыттары, заманауи Мұрағат тәжірибелері, цифрландыру жобалары және құжаттардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету әдістері ұсынылды.Келіссөздердің маңызды қорытындысы тараптардың кәсіби өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру ниетін бекітетін Эстонияның Ұлттық мұрағаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды. Делегация сонымен қатар Эстония Ұлттық мұражайына барып, мәдени мұраны сақтау тәсілдерімен, ғылыми‑зерттеу қызметімен және мұрағат‑мұражай процестерін ұйымдастырумен танысты.Таллинде делегация Эстония Ұлттық мұрағатының филиалына барып, бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, онда мекеменің құрылымын, қызметтерін және операциялық процестерін, соның ішінде қорлармен және цифрлық ресурстармен жұмыс істеудің заманауи әдістерін зерттеді. Сондай-ақ, Эстония Ұлттық кітапханасында оның бас директоры Мартин Эевельмен кездесу өтті. Кітапхана ісінің үздік тәжірибелері, цифрлық трансформация мәселелері, инновациялық сервистерді енгізу, сондай-ақ электрондық коллекцияларды цифрландыру және басқару процестері талқыланды.Сапар кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті және мұрағат және кітапхана дела, цифрландыру, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1224755?lang=ru
Көпжақты дипломатия шеңберіндегі Қазақстан мен Словенияның үйлестіруі 21.05.2026
Любляна, 2026 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Республикасының Сыртқы істер және еуропалық істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі директоратын басқаратын Бас директор, Елші Божена Форштнарич Борое ханыммен кездесу өткізді.Тараптар көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар алаңдарындағы өзара іс‑қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты, БҰҰ жүйесіндегі қазіргі ахуалға қатысты бағаларымен бөлісті, ұйым институттарын нығайту қажеттігін және жаһандық сын‑қатерлерге келісілген көзқарастардың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында БҰҰ органдары мен басқа да халықаралық құрылымдардағы кандидатураларды өзара қолдау мәселелері, сондай‑ақ алдағы сайлау кезеңіндегі үйлестіру перспективалары қарастырылды. Қазақстан Елшісі Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың БҰҰ қамқорлығымен арнайы халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы егжей‑тегжейлі ақпарат берді. Бұл бастама БҰҰ‑80 реформалау үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде таныстырылды.Собеседниктер көпжақтылық қағидаттарына адалдығын растап, халықаралық құқықтың маңызын атап өтті және БҰҰ жүйесін реформалау мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Гуманитарлық күн тәртібі мен халықаралық қолдауды талап ететін өңірлерде тұрақты шешімдер іздеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Консультациялар қорытындысы бойынша дипломаттар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс‑қимылды одан әрі нығайту жөнінде қағидатты уағдаластыққа қол жеткізіп, өзара тиімді әріптестікті дамытуға ортақ мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1224758?lang=ru
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзі 21.05.2026
Құрметті мемлекеттер басшылары!Қадірлі саммитке қатысушылар!Баршаңызды Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда қарсы алып, Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын.Менің шақыруымды қабыл алып, алқалы жиынға келгендеріңіз үшін Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін.Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы. Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған шежірелі шаһар. Көне қала қашанда түбі бір түркі жұртының қасиетті қара шаңырағы саналған.Түркістан төріндегі Әзірет Сұлтан кесенесі – рухани тұтастық пен тарихи сабақтастық символы. Қожа Ахмет Ясауи бауырлас елдердің дүниетанымын кеңейтуге зор үлес қосты. Адамзатқа ортақ құндылықтарды барынша дәріптеді. Халықты жақсылыққа, жасампаздыққа, адалдыққа шақырды.Ғұлама ойшыл ислам дінін түркі жұртының таным-түсінігімен ұштастыра білді. Аса құнды еңбектер жазып, мол мұра қалдырды.Ясауидің тағылымды ойлары мен хикметтері – түркі халықтарының баға жетпес байлығы. Ұлы бабамыз дәріптеген құндылықтар әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз Ясауидің гуманистік идеяларына баса мән беріп отырмыз.Қазір елімізде «Адал азамат», «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан» және басқа да бірегей бастамалар табысты жүзеге асырылып жатыр.Басты мақсатымыз – ұлт сапасын барынша жетілдіріп, мемлекеттігімізді нығайта түсу. Түптеп келгенде, осы ауқымды жұмыстың негізі Ясауи ілімінен бастау алады.Бүгінгі жиында Өздеріңізге тағы да атап өткім келеді: мен биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Осыған орай тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым.Бұл күллі түркі дүниесі үшін мән-мағынасы айрықша марапат деп айтуға болады. Сол себепті кеше алғашқы мәртебелі награданы аса құрметті Президент Режеп Тайип Ердоғанға салтанатты түрде табыстадым.Осылайша, біз түркі руханиятының темірқазығы – Ясауи тұлғасын дәріптей отырып, халықтарымыздың арасындағы мызғымас бауырластық тамырын нығайта береміз деп сенемін.Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар. Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асты. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.Алқалы жиынды осында өткізудің мақсаты – атажұртта бауырлас елдердің көшбасшыларымен жүздесу, қайта түлеген Түркістанды төрткүл дүниеге таныту.Біз киелі орданың тарихы қандай терең болса, болашағы да сондай жарқын боларына нық сеніммен қараймыз.Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа зәулім мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Ерекше тарту жасағаны үшін Өзбекстан Президенті, аса қадірлі Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке және өзбек халқына алғысымды білдіремін.Елдеріміздің руханиятындағы осы мешіттің орны ерекше болмақ. Бұл – қазақ-өзбек халықтары ынтымағының тарихи символы.Менің пікірімше, бұл мешітке «Миромон ата» аты берілсе, өте орынды болар еді. Қос халқымыз бұл шешімді қолдайтынына еш күмән жоқ. Себебі осы қасиетті нысан біздің арамыздағы мәңгі достыққа қызмет етеріне сенімдіміз.Құрметті достар!Біз халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы дәуірді бастан өткерудеміз. Әлемдік және аймақтық деңгейдегі бәсеке күшейіп барады.Қарулы қақтығыстар, соғыстар толастар емес. Мұның бәрі әлем экономикасына кері әсер етіп жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Таяу Шығыстағы жағдайдың салдарын көршілес аймақ елдері де сезіне бастады.Осындай алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды.Себебі халықтарымызға ортақ сан ғасырлық шежіреміз бар.Қазіргі таңда түркі елдері заман талабын ескеріп, экономика және инвестиция саласындағы ықпалдастықты нығайтуы керек, ортақ мүдде жолында күш жұмылдыруға тиіс деп санаймын.Осы орайда, бүгінгі саммиттің «Жасанды интеллект және цифрлық даму» мәселесіне арналып отырғаны өте маңызды.Құрметті жиынға қатысушылар!Қадірлі достар!Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған өзгерістермен бетпе-бет келді. Жаңа сын-қатерлер пайда болды. Дүние жүзінде технологиялық бәсеке күшейді, яғни, инновациялық тұрғыдан озық ел болу мақсаты алдыңғы қатарға шықты.Технологиялық даму кез келген мемлекеттегі тұрақтылық пен қауіпсіздік факторына айналды. Бұл – цифрлық трансформацияға дер кезінде бет бұрған елдер көш соңында қалмайды деген сөз. Сондықтан Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер технологиялық жаңғыру үдерісінен тыс қалмауы үшін бірлесе жұмыс істеуі керек деп санаймыз. Жасанды интеллект пен цифрландыру үдерісі түркі әлемінің дамуына жол ашуға тиіс.Қазақстан цифрлық ел болуды көздеп отыр. Бұл – еліміздің алдында тұрған стратегиялық мақсат. Осы жыл Қазақстанда «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы ашылды. Сондай-ақ біз екі суперкомпьютерді іске қостық. Келесі қадам – «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру. Бұл жоба аймақ елдеріне жетекші технологиялық компаниялар мен жаһандық цифрлық капиталды тартуға зор мүмкіндік бермек.Біз Қазақстанды аймақтық хаб ретінде дамыту үшін көші-қон үдерісін оңтайландыра бастадық. Шетелден келген кәсіпкерлерге, инвесторларға, білікті мамандарға арналған «Алтын визаны» енгіздік. Мұндай виза алған адамдар мемлекеттік және қаржылық қызметтерге Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде қол жеткізе алады.Сонымен қатар елімізде Цифрлық кодекс қабылданды, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Біз білім саласындағы цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне, білім беру жүйесін әр оқушының қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау ісіне ерекше мән беріп отырмыз. Осы мақсатпен мен жақында Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл да Қазақстанның болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деп айтуға болады. Алдағы уақытта еліміздің цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі.Таяуда Алматы қаласында Тұрақты дамуға ықпал ететін цифрлық шешімдер орталығы ашылды. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық экономикалық және әлеуметтік комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылады. Қазақстанға тілектестік танытып, осы жобаның тең авторлары ретінде бұл жұмысқа мол үлес қосқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс айтамын.Сонымен қатар наурыз айында Түркі кеңесі сарапшыларының қатысуымен Шымкент қаласында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» халықаралық конференциясы өтті. Бұл іс-шара елдеріміздің осы саладағы ынтымақтастығы мен мүдделестігін айқын көрсетті.Мен былтыр Габалада өткен басқосу кезінде цифрлық даму және киберқауіпсіздік мәселесіне қатысты бірқатар бастама көтердім. Атап айтқанда, Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық мониторинг және Цифрлық инновациялар орталықтарын құруды ұсындым. Бұл орталықтар Ұйымға мүше мемлекеттердің өсіп-өркендеуіне цифрлық тұрғыдан тың мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек, сол алқалы жиында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру қажет екенін айттым.Мұндай Кеңес елдеріміздің цифрлық әлеміндегі осал тұстарды анықтап, инфрақұрылымға төнетін қауіптің алдын алуға ықпал етеді. Осы құрылым арқылы Ұйымға мүше елдердің тиісті органдары жедел ақпарат алмаса отырып, жұмыс істей алады.Қазақстан бұл бастамалар бойынша тиісті тұжырымдамаларды әзірлеп, Ұйымға мүше мемлекеттерге келісу үшін жолдады. Аталған нақты шаралардың бәрі де елдеріміздің ортақ мүддесіне сай келеді, сондықтан, осы бағытта тиімді және белсенді әрекет етеміз деп ойлаймын.Құрметті мемлекеттер басшылары!Мен бүгін бірқатар ұсынысты ортаға салғым келеді.Біріншіден, сауда-экономика саласы бойынша ұйымға мүше елдер арасында электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаны өзара тануға қатысты жұмысты бірлесе жүргізген жөн.Екінші мәселе: Ғарыш саласы – түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі.Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми, технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті.Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет.Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады. Мысалы, «CubeSat-12U» ғылыми спутнигін іске қосудың маңыздылығын атап өтуге болады.Үшіншіден, білім-ғылым саласына қажетті мамандар даярлайтын оқу орталықтары мен ғылыми мекемелер керек. Өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп кадрлар даярлау және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Сондықтан Түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамын.Біз Қазақстанда жаңа форматтағы технологиялық оқу орны – Жасанды интеллект университетін ашуды жоспарлап отырмыз.Жоғары оқу орнында түркі мемлекеттерінің азаматтарын оқыту үшін арнайы гранттар бөлуге дайынбыз.Бағдарламалау, жасанды интеллект және озық цифрлық технология салалары бойынша Түркі елдерінің жастары арасында жыл сайын ғылыми-технологиялық олимпиада ұйымдастырған жөн деп санаймыз.Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін Түркі инвестициялық қоры тарапынан қаржылай көмек көрсетуге болар еді.Биыл Қор нақты жобалар бойынша жұмыс істеу тәсіліне көшті. Жарғылық капиталы 600 миллион долларға жетті. Оны ұлғайтуға болады. Бұл – айрықша мәні бар стратегиялық ресурс.Сол себепті Қор барлық стартапқа қолдау көрсетіп, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсене атсалысады деп сенеміз. Қор толыққанды қызмет көрсетуге тиіс. Мүше мемлекеттерді осы міндетті жедел жүзеге асыруға шақырамын.Төртінші мәселе. Қазір әрбір елде IT-жобаларға арналған технопарктер бар. Мен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің IT хабтарының бірлескен орталығын ашуды ұсынамын. Орталыққа «Turkic ai» атауын беріп, оны Alem.ai орталығында орналастыруға болады. Бірлескен хаб ортақ мүдделерімізді ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз.Бесіншіден, жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет. Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту мәселесі ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор.Осы орайда мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын. Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді.Алтыншы мәселе. Жасанды интеллект негізінде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты материалдарды жинақтайтын арнайы цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.Бұл жоба көптілді форматта жасалуға тиіс. Сонда кез келген адам онлайн режимде түркі өркениетінің мол мұрасымен танысып, оны зерделей алады. Қазақстан бұл бастамалар бойынша жан-жақты цифрлық шешімдер ұсынуға дайын.Жетінші міндет. Түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау және оны болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыру – баршамызға ортақ міндет, парыз деп айтуға болады.Сол себепті мен Түркістан қаласының руханиятымыздағы рөлін ескеріп, осында Түркі өркениеті орталығын құру туралы шешім қабылдадым.Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасайды. Сондай-ақ гуманитарлық ықпалдастығымызды нығайта түседі.Орталықтың қызметін тиімді ұйымдастыру үшін Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-академиялық әлеуетін пайдаланған жөн деп санаймын.Бұл университетке қажетті қаржылай және басқа да жәрдем көрсетіледі.Бәріміз де жаңа ғана Түркі өркениеті орталығының іргетасын қалау рәсіміне куә болдық. Осы бастамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін Сіздерге алғысымыз зор.Бұған қоса, біз Астанада Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды жоспарлап отырмыз. Онда дала халықтарының тарихы мен мәдениеті кеңінен насихатталмақ. Ұйымға мүше мемлекеттерді және барлық бауырларымызды осы жобаны қолдауға және оған белсенді қатысуға шақырамын.Келесі маңызды мәселе. Технологиялық даму және гуманитарлық ықпалдастық дәуірінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет.Жақында Түркі Академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек.Осы орайда Кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін Мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын.Құрметті әріптестер!Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі. Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді.Осы орайда Қазақстан Ресейдің «Алтай – түркі өркениетінің бесігі» жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз «Алтай сұхбат алаңы (диалогі)» форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық.Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру бастамасын қолдады. Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын. Ең бастысы, жаңа форматтағы жұмыс Ұйымның мақсат-міндеттеріне сай болып, оған кері әсерін тигізбеуі керек.Мысалы, соңғы кезде Ұйымымызды әскери альянс ретінде сипаттайтын ой-пікірлер айтылып жүр. Олардың теріс пейілі бізге анық, мақсаттары – елдестіру емес екені де белгілі. Қазақстан ондай ұстанымды жоққа шығару керек деп санайды. Біз үшін түркі әлемінің бірлігін нығайту аса маңызды, кезек күттірмейтін басымдық. Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес, әскери ұйым да емес. Бұл – бауырлас елдердің сауда-экономикалық, жоғары технологиялық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтатын бірегей алаң.Мұндай ұстаным еліміз үшін – маңызды басымдық, себебі, бұл ұлттық мүдде тұрғысынан да тиімді екені анық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген аталы сөз – бәрімізге ортақ. Түркі әлемі әрдайым тату болып, алға қойған мақсатынан ауытқымай, бірлесе дами беруі керек. Сондықтан бүгінгі басқосу тамыры бір, тарихы ортақ елдеріміздің ауызбіршілігін арттыра түсері сөзсіз.Аса құрметті президенттер!Қадірлі жиынға қатысушылар!Бауырластық пен достық негізінде құрылған Ұйымының қызметі жыл өткен сайын жанданып келеді.Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымы ортақ бастамалар көтеріліп, өзара қолдау табатын теңдессіз сұхбат алаңы ретінде қалыптасты. Мен осы тұста баршаңызға тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін.Бұл басқосуда қабылданған шешімдер Түркі елдерін одан әрі қарқынды дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін.Түбі бір түркі жұртының бірлігі нығайып, берекесі арта берсін! Осымен бейресми саммит отырысын жабық деп жариялаймын.Баршаңызға көп рақмет!Справочно:«Алтай – колыбель тюркской цивилизации» как важный элемент культурно-гуманитарного сближения в рамках ОТГ Организация тюркских государств – уникальная региональная организация, призванная расширять торгово-экономические и культурно-гуманитарные связи стран участниц объединения. Сегодня членами ОТГ являются: Казахстан, Азербайджан, Кыргызстан, Турция и Узбекистан.Казахстан является одним из основателей и локомотивов тюркской интеграции. Наша страна стояла у истоков создания ОТГ и последовательно продвигает углубление политического диалога и институционального развития организации.Наша страна активно выдвигает инициативы по укреплению многостороннего сотрудничества, включая принятие долгосрочных стратегических документов, таких как «Перспективы тюркского мира - 2040».Важным направлением также является продвижение инициативы «Трансалтайский диалог», выдвинутой Президентом Республики Казахстан в ходе Саммита ШОС в городе Тяньцзинь в 2025 году. Данная инициатива нацелена на эффективное раскрытие потенциала уникального евразийского «алтайского» региона, объединяющего Казахстан, Россию, Китай и Монголию и обладающего значительными территориальными, демографическими и экономическими ресурсами.Президент Касым-Жомарт Токаев поддерживает российскую концепцию «Алтай – колыбель тюркской цивилизации».На ІІ Международной научно-практической конференции «Алтай – прародина тюрков. К истории зарождения тюркской цивилизации», Глава государства отметил, что Алтай, издревле почитаемый как сакральная колыбель тюркского этноса, в нынешнее время органично объединил на своих просторах Казахстан, Россию, Китай и Монголию. Соответственно, данный диалог нацелен на эффективное задействование потенциала уникального по территории, численности населения и экономической мощи евразийского «алтайского» региона. Предлагаемый формат не является альтернативой действующим механизмам взаимодействия, а, напротив, направлен на усиление евразийской взаимосвязанности и органично дополняет существующие интеграционные форматы.Казахстан последовательно выступает за формирование современного, открытого и конкурентоспособного тюркского пространства, ориентированного на совместное движение по пути технологического прогресса, цифровизации, инновационного развития и внедрения искусственного интеллектаВ этом контексте особое значение придается интеграции тюркских стран в глобальные экономические и технологические процессы, развитию человеческого капитала, образования и научной кооперации.Казахстан рассматривает политическое взаимодействие в рамках ОТГ прежде всего как основу для укрепления торгово-экономического и культурно-гуманитарного сотрудничества, а также взаимного доверия между братскими тюркскими народами, а не как инструмент формирования военно-политического альянса. При этом, вопросы взаимодействия в сфере безопасности и военного сотрудничества реализуются государствами ОТГ преимущественно на двусторонней основе с учетом национальных интересов и внешнеполитических приоритетов каждой страны.Тем самым Казахстан последовательно способствует трансформации тюркского мира в пространство прогресса, инноваций и открытого международного сотрудничества, выводя его за рамки исключительно культурно-исторической повестки. Особое внимание при этом уделяется вопросам технологического развития, цифровизации и внедрения искусственного интеллекта, что полностью соответствует тематике Неформального саммита ОТГ в Туркестане. Такой подход позволяет гармонично сочетать богатое историческое наследие тюркских народов с современными глобальными трендами и ценностями открытого мира.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1224776?lang=ru
Мемлекет басшысының қатысуымен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумның ашылуы өтті 21.05.2026
19 мамыр күні, Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу рәсімі өтті.19-20 мамыр аралығында ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан ауқымды халықаралық форум Жошы ұлысының тарихи мұрасын және оның Орталық Еуразия кеңістігіндегі өркениеттік үдерістердің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты зерделеу мақсатында отандық және шетелдік жетекші ғалымдарды, сарапшылар мен халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді.Симпозиумның мақсаты – Қазақстан Республикасын Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық ретінде таныту, сондай-ақ Жошы ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасын кешенді пәнаралық талдау арқылы Орталық Еуразия өркениеттерін зерттеу саласындағы елдің ғылыми әлеуетін көрсету және оның Еуразиядағы қазіргі интеграциялық үдерістер үшін маңызын айқындау.Симпозиум аясында Алтын Орданың дала өркениетінің моделі ретіндегі мұрасына арналған тақырыптық көрме де ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.Көрменің құрылымы бірнеше негізгі тақырыптық бөлімдерді қамтиды: мемлекет және билік, дала сәні мен киім үлгілері, әскери іс, дала және қала өркениеттерінің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер. Ерекше назар 70 археологиялық және сәулет ескерткішін қамтитын интерактивті картаға аударылған. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылған.Көрменің негізгі жәдігерлерінің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалары туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» қолжазбасы. Сонымен қатар Каталон атласы, хандардың генеалогиясы, теңгелер, жазба деректер және тұрмыстық бұйымдар қойылған. Жазба мұралар қатарында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат және 21 қолжазба бар. Олар түпнұсқа, факсимильді көшірме және электронды нұсқаларда ұсынылған.Экспозиция Қазақстан аумағындағы маңызды археологиялық ескерткіштердің материалдары негізінде жасақталған. Олардың қатарында көне Сарайшық, Сығанақ, Баршынкент қалалары және тарихи маңызы зор өзге де нысандар бар. Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және оны зерттеуге деген ғылыми қызығушылықты арттыру.Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізді. Ашылу рәсіміне ЮНЕСКО хатшылығының өкілдері, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Моңғолия, Украина, Мажарстан, Болгария, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және басқа да мемлекеттердің өкілдері қатысты.Форумға әлемнің 20-дан астам елінен келген 120 шетелдік зерттеушіні қоса алғанда 300-ден астам ғалым мен сарапшы қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген Саясат Нұрбек Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумның тарихи ғылымды дамыту мен тарихи өткенді жаңаша пайымдауда стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.«Бүгін біз тек өткенді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттілік, бірегейлік және Қазақстанның Еуразия тарихындағы орнын түсінудің негіздерін талқылап отырмыз. Тарихты қазіргі заман тұрғысынан қайта зерделеу жағдайында Алтын Орда Ұлы даланың саяси және мәдени дәстүрінің қалыптасуындағы маңызды кезең ретінде айрықша мәнге ие», - деді министр.Оның айтуынша, Алтын Орда Шығыс пен Батыс арасындағы өзара ықпалдастықты, идеялар, технологиялар мен мәдени тәжірибелер алмасуын қамтамасыз еткен еуразиялық интеграцияның бірегей үлгісі болды. Ал оның тарихы көшпелі және отырықшы өркениеттер синтезінің көрінісі саналады.«Қазақстан үшін Алтын Орданы зерттеу тек академиялық міндет емес. Бұл – тарихи сабақтастық мәселесі. Қазақстан өзін Жошы ұлысының мұрагерлерінің бірі ретінде санайды. Дәл осы кеңістікте кейін Қазақ хандығында жалғасын тапқан мемлекеттілік пен этногенездің негіздері қалыптасты», - деді Саясат Нұрбек.Симпозиумда сондай-ақ ЮНЕСКО-ның мәдениет жөніндегі Бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Элунду Лазар, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Ирада Аюпова, «La France s’engage» қорының президенті Одрэ Азуле, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Содносамбуу Дэмбэрэл, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті Шавкат Аюпов, сондай-ақ Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ш. Маржани атындағы Тарих институтының М.А. Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев құттықтау сөз сөйледі.Симпозиум барысында Алтын Орданың этносаяси тарихы, оның мұрасының қазіргі заманғы маңызы, болашақ зерттеу бағыттары, материалдық және рухани мәдени мұра, жазба және ауызша дереккөздер, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттік ықпалдастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.Форум аясында Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын пәнаралық зерттеуге, археологиялық жаңалықтарға, тарихи жады мен бірегейлікті қалыптастыру мәселелеріне арналған мамандандырылған ғылыми секциялар өтеді.Халықаралық форумның маңызды қорытындыларының бірі – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, зерттеу бастамаларын біріктіруге және түрлі елдердің ғылыми орталықтары мен сарапшылық қауымдастықтары арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясының қабылдануы болды.Симпозиумның мәдени бағдарламасы Ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасының байлығын және Еуразия кеңістігіндегі рухани дәстүрлер сабақтастығын танытатын «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасын қамтиды.Қазақстанда халықаралық симпозиумның өтуі елдің Орталық Азия тарихы мен мұрасын зерттейтін жетекші орталықтардың бірі ретіндегі халықаралық беделін одан әрі нығайтуға, ғылыми диалогты кеңейтуге және еуразиялық өркениеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарған тарихи үдерістерді объективті зерделеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1225619?lang=ru
Вильнюсте ІІІ халықаралық балалар тоғызқұмалақ турнирі өтті 21.05.2026
Вильнюс, 2026 жылғы 19–20 мамыр – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің, Литва және Латвия тоғызқұмалақ федерацияларының, сондай-ақ Вильнюстегі «Сантарос» гимназиясының қолдауымен Литва астанасында ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген дәстүрлі қазақтың зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы мен ІІІ халықаралық балалар турнирі өтті.19 мамыр күні «Сантарос» гимназиясында латвиялық оқушылар шеберлік сабағын өткізіп, оның барысында литвалық оқушылар ойынның негізгі қағидаларымен және ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Негізгі турнир 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігінде өтті.Турнир 2024 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және қазақ халқының ұлттық зияткерлік мұрасын насихаттауға, мәдениетаралық диалогты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Балтық елдері арасындағы білім беру және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған.Жарысқа Литва мен Латвиядан 30 астам оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын көрсетті.Турнир жеңімпаздары мен қатысушылары Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Еуропалық кеңістікте тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтың жыл сайын артуы Қазақстан, Литва және Латвия арасындағы мәдени-гуманитарлық және жастар ынтымақтастығының айрықша белгісіне айналуда.Елшілік Латвия тоғызқұмалақ федерациясының президенті Л. Азимоваға, Литва тоғызқұмалақ федерациясының президенті А. Жандариске, сондай-ақ «Сантарос» гимназиясының әкімшілігіне турнирді ұйымдастыруға және қазақтың зияткерлік ойынын Балтық елдерінде насихаттауға қосқан тұрақты үлесі үшін алғысын білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1224801?lang=ru
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты 21.05.2026
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Оған облыс басшылығы, сондай-ақ нысандарға жауапты салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.Нұрлыбек Нәлібаев алдымен PepsiCo Central Asia зауытында, «Алтын таға» ӨК» ЖШС‑нің өндіріс орнында, «Қайрат» индустриалды аймағында, «Almaty Insulation» ЖШС-да болды.PepsiCo Central Asia-ның Орталық Азиядағы жеңіл тағамдар (снектер) шығаратын ең ірі зауытының жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. 2024 жылы құрылысы басталған нысанның алғашқы кезеңі биыл пайдалануға беріліп, 14-16 мың тонна өнім шығарады деп күтілуде. Ал 2-ші кезең – толық қуатында 2026-2030 жылдары іске қосылады. Сол кездерде жылына 70 мың тоннаға жуық дайын өнім шығару үшін 210 мың тонна жергілікті картоп өңделетін болады. Агробағдарламаға Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарының шаруашылықтары тартылған. Инвестицияның жалпы көлемі – $370 млн. Жоба аясында 900 тұрақты жұмыс орны, ал қосалқы салаларда 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарына ұзындығы 1,6 шақырым болатын қосалқы жолдың құрылысы, «Gate-City» автоматтандырылған газ тарату стансасының техникалық жағдайы, «Көкпа 110 кВ» стансасының резервтік желісін қалпына келтіруге қатысты мәлімет берілді.«PepsiCo Central Asia экономиканы әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағыты бойынша маңызды орын алады. Оны уақтылы іске қосу үшін тиісті қолдау көрсетуге әзірміз»,- деді Нұрлыбек Нәлібаев.«Алтын Таға» өндірістік компаниясы» ЖШС темірбетон, металл бұйымдары, сэндвич-панелдер тағы да басқа құрылыс және өнеркәсіп материалдарын шығарады, сондай-ақ машинақұрастыру бағытын да дамытуда. Жалпы инвестиция көлемі 34 млрд теңге болса, оның бүгінде 13,5 млрд-ды игерілген. Жоба аясында 13 өндірістік нысанның құрылысы көзделген, оның ішінде жалпы ауданы 20 мың шаршы метр болатын 6 нысан пайдалануға берілді. Жобаларды аяқтау 2027-ші жылға белгіленіп отыр.Сапар барысында инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, машина жасау өнімдерін лицензиялау және сертификаттау, өнімді Отандық өндіріс тауарлары тізбесіне енгізу, қайта қаржыландыру мәселелері де айтылды.Бүгінгі таңда Алматы облысында жалпы ауданы 8 904,77 гектар болатын 21 индустриялық аймақ құрылған, олардың жиынтық инвестициялық портфелі – шамамен 1 трлн теңге. Қолданыстағы индустриялық аймақтарда 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық портфель «Қазбек бек», «Қайрат», «Шелек» және «Береке» индустриялық аймақтарында шоғырланған. Солардың бірі – «Қайрат» индустриялық аймағына барған Нұрлыбек Нәлібаевқа өнеркәсіптік аумақтардың дамуы туралы мәлімет берілді. «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Ербол Шоқаевтың хабарлауынша, электр және газбен қамтамасыз ету мәселелері әлі де толық шешімін таппай отыр. Одан бөлек электрмен уақытша қамту, теміржол инфрақұрылымын, жер телімдерін пайдалану, газ тапшылығы сияқты мәселелер бар.«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы 5 өңірлік индустриялық аймақтың инфрақұрылымын қаржыландыру, оның ішінде ұлттық даму институттары арқылы қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. Бұл жұмыс Үкіметтің тікелей бақылауында. Өңір әкімдігі Энергетика министрлігімен бірге елді мекендер мен индустриялық аймақтарды газдандырудың жаңартылған схемасын әзірлеп, қосымша электр қуатымен қамтамасыз ету жолдарын қарауға тиіс»,- деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Қайрат» индустриялық аймағына да барып, құрылыс материалдарын шығаратын «Аlmaty Insulation» ЖШС-нің өндірістік алаңын аралап көрді. Компания өнімдері ішкі нарықпен қатар, экспортқа да шығарылады. Мұнда салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 59,8 млрд теңге, сонымен қатар 240 тұрақты жұмыс орны құрылған. Жылдық өндіріс қуаты: 1,26 млн текше метр дайын өнім, оның ішінде тас мақта – 1 млн, экструзиялық полистирол – 0,26 млн текше метр. Кез келген құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын кәсіпорын 2024 жылы энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын сәтті жүзеге асырды.Бірінші вице-премьер құрылыс компаниялары отандық тауар өндірушілерден өнімдерді басымдықпен сатып алуы қажет екенін атап өтті.Мемлекет басшысының Алматы облысының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-Талғар», «Алматы-Бішкек» автожолының учаскесін кеңейту, «Кеген» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен және Үлкен Алматы айналма жолының мүмкіндіктерімен танысты.«Алматы-Талғар» автомобиль жолының 13-21 шақырым учаскесін кеңейту бойынша жұмыс жобасы аясында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны — 17,2 млрд теңге. Оның аясында жолды 4 жолаққа дейін кеңейту, бүкіл учаске бойына жарықтандыру жүйесін орнату, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, сондай-ақ жаяу өткелдерде заманауи бағдаршамдар орнату көзделген. Жобаны жүзеге асыру күре жолдың өткізу қабілетін арттыруға, көлік кептелістерін азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.«Кеген» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жобасы бүкіл еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаны жүзеге асыру шекара маңындағы аумақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыруға, туризмді, сыртқы сауданы және көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін береді.«Алматы–Бішкек» автомобиль жолының 19-27 шақырым учаскесін кеңейту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген және биыл 9 сәуірде мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жоба аясында күре жол 4-тен 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, екі көлік айрығы, тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, көшені жарықтандыру құрылғылары және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынады. Нәтижесінде көлік дәлізінің өткізу қабілетін арттыру, көлік жүктемесін азайту, қала маңындағы елді мекендердің Алматымен көлік байланысын жақсарту, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру қамтамасыз етіледі.Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына барды. ҮАААЖ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында елімізде жүзеге асырылған ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі әрі елдің көлік-логистикалық әлеуетінде елеулі орын алады. Жобаның толық іске қосылуы Алматы қаласындағы көлік жүктемесін едәуір төмендетуге, транзиттік ағындарды мегаполис аумағынан шығаруға, халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жүк тасымалы уақытын қысқартуға ықпал етеді.ҮАААЖ Алматы облысының Қарасай, Талғар және Іле аудандарының аумағы арқылы өтеді. Көлік құралдарының орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы шамамен – 85 000 автокөлік. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 66 шақырым, оның ішінде 6 жолақты бөлігі – 51,5 шақырым, 4 жолақты бөлігі – 14,5 шақырым.ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Алматы облысында жылу инфрақұрылымы, газбен қамту, Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жобаларымен де танысты. Қонаев қаласындағы «Жылу орталығы» коммуналдық кәсіпорнында оған ЖЭО-ның өндірістік қуаты, жылу желілерінің жай-күйі және Қонаев қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығы, Алматы агломерациясындағы елді мекендерді газбен қамту, жүзеге асырылған жобалар мен газ инфрақұрылымын кеңейту жоспарлары туралы айтты.Алматы агломерациясы құрамына Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандары, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларын қоса алғанда 188 елді мекен кіреді. 2022–2025 жылдары 22 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. 2026 жылы тағы 9 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр.Сондай-ақ Қонаев қаласының жылу инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаладағы орталық қазандық облыс орталығын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қазандықтың жобалық қуаты сағатына 192 Гкал болса, қолданыстағы қуаты – 178 Гкал. Қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 61 шақырымды құрайды, тозу деңгейі – шамамен 45%.Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін арнайы техника сатып алу және жылу желілерін күрделі жөндеу мәселелері қаралды.Бұл орайда, Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын, сондай-ақ халықты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстап отырғаны баса айтылды.Қонаев және Алатау қалаларын дамытудың перспективалық жобалары таныстырылды.Қонаев қаласын 2027 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары аясында инженерлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған 187 іс-шара жүзеге асырылуда. Қалада «Арна» қосалқы стансасы, жаңа кәріздік тазарту және инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Кейінгі жылдары қала экономикасына 397,6 млрд теңге инвестиция тартылды.Алатау қаласы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық жоба ретінде айқындалған. Қала заманауи Smart City қағидаттары және инновациялық технологиялар негізінде дамып келеді. 2024 жылы Алатау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Бүгінде арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 242 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдігіне инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру, халықты тұрақты коммуналдық қызметтермен қамту және қысқы маусымға сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1224804?lang=ru
Қазақстандағы конституциялық реформалар Италия Парламенті Сенатында талқыланды 21.05.2026
Рим, 2026 жылғы 20 мамыр – Елші Ерболат Сембаевтың Италия Парламенті Сенатының депутаты, «Алға, Италия» партиясының мүшесі Антонио Тревизимен кездесуі өтті. Оның барысында Қазақстан мен Италия қатынастарының қазіргі жай-күйі, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Елші Е.Сембаев Сенатор А.Тревизиді Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалармен таныстырып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жөнінде өткен референдумның нәтижелері туралы айтып берді. Сонымен бірге, осы жылғы маусым айының басында Италия Парламентінде жоспарланған Қазақстандағы конституциялық реформаларға арналған ауқымды іс-шараның жай-күйі талқыланды.Келіссөздер барысында Елші А.Тревизиді Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде хабардар етті. Өнеркәсіптік ынтымақтастық, өндірісті оқшаулау, жабдық жеткізу және екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.Өз кезегінде Италия Парламенті Сенатының депутаты А.Тревизи Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1224840?lang=ru
Брюссельдегі кездесуде аса маңызды шикізат материалдары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайындық расталды 21.05.2026
Брюссель, 2026 жылғы 20 мамыр – ЕО-ның Шикізат материалдары жөніндегі саммиті аясында бүгін Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Елшісі Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Ішкі нарық, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және шағын және орта бизнес жөніндегі Бас директорының орынбасары Валер Мутарльемен кездесу өткізді.Тараптар 2022 жылғы тиісті меморандум аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы аса маңызды шикізат материалдары, өнеркәсіптік кооперация және орнықты жеткізу тізбектері салаларындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету перспективаларын талқылады. В. Мутарлье Еуропалық Одақ үшін минералдық ресурстар саласында зор әлеуетке ие Қазақстанмен сенімді, әрі сындарлы әріптес ретінде ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті. Тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ортақ мүдделілігін растады.Тараптар бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыдан жедел іске асырудың, өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің, сондай-ақ жеке сектордың қатысуы мен инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта түрлі деңгейлерде өтетін бірлескен іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіптік әріптестікті кеңейтуге, жоғары қосылған құны бар жобаларды дамытуға және «Global Gateway» бастамасы аясындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыс байланыстары мен бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1224847?lang=ru
Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек «Emirates Group» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры, Дубай азаматтық авиация басқармасының президенті, «Dubai Holding» және «Dubai Airports» төрағасы шейх Ахмед бен Саид Әл Мактуммен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту әлеуетін, атап айтқанда авиация, көлік, логистика, туризм, инвестиция және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне жетіп, белсенді саяси диалог пен биік деңгейдегі тұрақты байланыстардың нәтижесінде қарқынды дамуда екені айтылды. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақ дипломаты шейх Ахмед бен Саидтың Дубайды әлемдегі ірі авиациялық, көлік және іскерлік хабтардың біріне айналдырудағы елеулі үлесіне тоқталды. Бұл тұрғыда, оның басшылығым «Emirates Group» жаһандық авиация саласындағы жетекші компаниялардың біріне, ал Дубай халықаралық әуежайы әлемдегі ең ірі авиациялық торап мәртебесіне айналғанына мән берді.Сонымен қатар, тараптар қазақстандық және әмірлік компаниялар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.Кездесудің соңында тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға өзара мүдделі екендерін растады.Анықтама: Emirates Group – әлемдегі ең ірі авиациялық топтардың бірі және штаб-пәтері Дубай қаласында орналасқан БАӘ-нің негізгі әуе тасымалдаушысы. Топ құрамына «Emirates Airline» әуе компаниясы кіреді. Компания 140-тан астам бағыт бойынша рейстер орындайды және Дубайдың жаһандық авиациялық әрі логистикалық хаб ретінде дамуына маңызды үлес қосады. Дубай халықаралық әуежайы (DXB) 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық жолаушылар тасымалы көлемі жөнінен әлемдегі ең жүктемесі жоғары әуежай мәртебесін сақтап, рекордтық 95,2 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Dubai Holding – Дубай әмірлігіндегі ең ірі инвестициялық және әртараптандырылған мемлекеттік холдингтердің бірі болып табылады. Оның құрамына жылжымайтын мүлік, туризм, қонақүй бизнесі, телекоммуникациялар, қаржы, технологиялар, логистика және басқа да салалардағы компаниялар мен жобалардың кең портфелі кіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1224851?lang=ru
Ұлы даладан «Kazakh-boo»-ға дейін: Брюссельде Еуропаның Қазақстанға деген қызығушылығы талқыланды 21.05.2026
Брюссель, 2026 жылғы 20 мамыр — Еуропа астанасының қақ ортасында тігілген қазақтың дәстүрлі киіз үйі бір кешке заманауи Қазақстан туралы сыр шертілетін ерекше мәдени алаңға айналды. Мұнда «Стереотипсіз Жібек жолы: Қазақстанға саяхаттың шынайы әсерлері» атты Shanyraq Dialogues пікірталас алаңының екінші кездесуі өтті.Бельгиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі ұйымдастырған іс-шараға Еуропалық одақ институттарының өкілдері, еуропалық БАҚ, туристік индустрия мамандары, блогерлер, мәдениет қайраткерлері және Қазақстан достары қатысты.Кездесуді ашқан Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бүгінде Қазақстанның Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды көпір ғана емес, сонымен қатар жаңа әсер іздейтін саяхатшылар үшін тартымды бағытқа айналып келе жатқанын атап өтті.«Еуропа Қазақстанды бүгінде тек заманауи мемлекет әрі Шығыс пен Батысты жалғайтын маңызды көпір ретінде ғана емес, Еуразия тарихында айрықша рөл атқарған Алтын Орда өркениетінің мұрагері ретінде де танып келеді. Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен халықаралық симпозиумдағы сөзінде осы тарихи сабақтастыққа ерекше тоқталды».Кештің модераторы — Travel Tomorrow басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы, сондай-ақ The Press Club Brussels Europe ұйымының президенті Антонио Бускардини болды.Оның айтуынша, жаппай туризм дәуірінен кейін адамдар табиғилық пен шынайы әсер сыйлайтын бағыттарды көбірек іздей бастаған. Қазақстан Еуропаның цифрлық кеңістігінде саяхат видеолары, ұлттық тағамдар, музыка және көшпелі мәдениет эстетикасы арқылы жиі көрініс тауып жүр. Әсіресе еуропалық жастар арасында бұл қызығушылықты әзілмен «Kazakh-boo» деп атап кеткендер де бар.Кештің негізгі спикерлері қатарында Қазақстанды өз көзімен көріп, ел туралы медиа жобалар жасаған саяхатшылар мен журналистер болды.Porschist журналының бас редакторы Свен Гуайо Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне жасаған сапарлары жайында айтып, елге арналған арнайы журналын таныстырды. Оның баяндамасы дала, тау бағыттары мен заманауи қалалар бейнеленген видеокадрлармен сүйемелденді.Көпшіліктің ерекше қызығушылығын бельгиялық саяхатшы Клод Бруирдің Қазақстанды велосипедпен кесіп өткені туралы әңгімесі тудырды. Ол елдің ауқымына, адамдардың ашықтығына және Қазақстанда адами қарым-қатынастың оңай орнайтынына таңғалғанын айтты.«Мені ең қатты әсерлендіргені — адамдардың қонақжайлығы. Жолда бейтаныс жандар жиі шайға шақырып, көмектесіп немесе жай ғана әңгімелескісі келіп тұрды. Еуропада мұндайды сирек кездестіресің», — деді ол.Қазақстанда түсірілген әйгілі Pékin Express тележобасының түсірілім барысы туралы продюсер Инга Чумакова да қызықты естеліктерімен бөлісті. Франкофондық аудиторияға кеңінен танымал бұл жобаның түсірілім тобы үшін Қазақстанның заманауи қалалары, табиғи көріністері мен адамдардың жылылығы үлкен жаңалық болған.Пікірталас барысында қатысушылар Астанада өткен Алтын Орда мұрасына арналған халықаралық симпозиумды да атап өтіп, Ұлы дала тарихына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын айтты. Бұл тарих Қазақстанның мәдени болмысы мен тарихи жадының ажырамас бөлігі ретінде бағаланды.Кездесуге қатысушылар мұндай бастамалар Қазақстан туралы Еуропадағы түсінікті кеңейтіп, елді заманауи туристік, мәдени және зияткерлік бағыт ретінде танытуға ықпал ететінін ерекше атап өтті.Shanyraq Dialogues — Қазақстан мен Еуропа арасындағы өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтуға арналған пікірталас алаңы. Мұнда саяси, экономикалық, мәдени және қоғамдық бағыттардағы өзекті үрдістер мен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып, тараптар арасында ашық әрі мазмұнды диалог қалыптасуына жағдай жасалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1224852?lang=ru
Қазақстанның Қытайға агроөнім экспорты 82,4%-ға артты 21.05.2026
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытай Халық Республикасының Азық-түлік және стратегиялық резервтер жөніндегі мемлекеттік басқармасының (NAFRA) басшысы Лю Хуаньсиньмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселелерін талқылады.Ермек Кенжеханұлы Қытай Қазақстанның аграрлық саладағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 36,8%-ға өсіп, 1,97 млрд АҚШ долларын құрады. Ал биылғы жылдың қаңтар–наурыз айларында бұл көрсеткіш 61,7%-ға артып, 697 млн долларға жетті.Былтыр Қытайға экспортталған агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің көлемі 35,3%-ға өсіп, 1,43 млрд АҚШ доллары болды. Негізінен мал азығы, өсімдік майлары, зығыр және күнбағыс тұқымдары, рапс майы экспортталды. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында экспорт көлемі 82,4%-ға артып, 550 млн долларды құрап отыр.Қазіргі уақытта екі ел арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің 34 түрін экспорттауға қатысты хаттамаларға қол қойылған. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 21 түрі және мал шаруашылығы өнімдерінің 13 түрі бар. Қытайға өнім тасымалдауға рұқсат етілген тізілімге 3601 кәсіпорын енгізілген.Өз кезегінде Лю Хуаньсинь екі ел арасындағы аграрлық ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтып, Қытай тарапы сапалы өнімдерді тұрақты жеткізуге қызығушылығы зор екенін жеткізді.«Қазақстан Қытай үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің тұрақты тізбектерін дамытуда маңызды серіктес саналады. Біз астық саудасы, логистика және қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сауданы кеңейтуге және бірлескен жобаларды қолдауға дайынбыз», — деді NAFRA басшысы.Кездесу барысында астық пен майлы дақылдарды ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы жеткізу мүмкіндіктеріне, логистикалық хабтар мен «құрғақ порттарды» құруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологияларымен алмасуға ерекше назар аударылды.Келіссөздер кезінде астық саудасындағы цифрлық құралдарды дамытуға айрықша назар аударылды. Қазақстан тарапы Қытайдың астық саудасына арналған цифрлық платформаны енгізу тәжірибесін зерделеуге ынталылық танытты.Кездесу соңында бірлескен қазақ-қытай астық сауда платформасын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Жоба «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Орталық Азия елдерінің іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл алаң Қытай тарапының қолданыстағы Ұлттық интернет-астық сауда платформасы негізінде құрылып, екі елдің бизнес өкілдеріне бәсекелі сауда-саттық пен тікелей келіссөздер арқылы мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.Негізгі өнім түрі соя мен басқа да майлы және май өндіруге арналған дақылдарға бағытталады.Сонымен қатар, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен NAFRA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы мен NAFRA жанындағы Астық саудасын үйлестіру орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1224873?lang=ru