Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайланды
21.05.2026 09:08:08 69
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының жаңа әкімі сайланды
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №10 шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылының әкімі болып сайланған Табанбаев Казбек Аманжолұлын тіркеді.
Табанбаев Казбек Аманжолұлы - 1994 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылында тұрады.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1224698?lang=ru