Жаңалықтар
СӘИЖ СТК-дағы салық төлеушілерге арналған жаңа функционал 14.05.2026
Құрметті салық төлеушілер!Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ұсынылуға жататын салық есептілігі нысандарын көрсетуге мүмкіндік беретін функционал іске қосылды.Салық төлеушілерге (жеке тұлғаларды қоспағанда) «Ұсынылатын СЕН» сервисінде ұсынылуға жататын салық есептілігі нысандарын көрсету қажет.Салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде кезекті/алғашқы салық есептілігі ұсынылмаған жағдайда, ұсыну мерзімі өткеннен кейін салық органдарының ақпараттық жүйесі нөлдік көрсеткіштермен автоматты салық есептілігін қалыптастырады.Бұл ретте, салық төлеушіде салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған жағдайда, автоматты салық есептілігіне қосымша салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.Автоматты салық есептілігін қалыптастыру 2026 жылдың бірінші салық кезеңінен басталады.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ жаңа Салық төлеуші кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту қажет.Сұрақтар туындаған жағдайда knpsd@ecc.kz қолдау қызметінің электрондық поштасына хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1219598?lang=kk
«Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» атты республикалық конференция 14.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Шахмат Федерациясымен бірлесе отырып Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы орта мектеп базасында «Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» тақырыбында республикалық конференция өткізді.Негізгі мақсат — мектеп бағдарламасына шахматты енгізу бойынша аралық нәтижелерді талқылау және оқушылардың:– сыни ойлауын;– логикалық қабілетін;– эмоционалды интеллектін дамыту әдістерін қарастыру.Конференцияның басты ерекшелігі — практика мен нақты тәжірибе.Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, шахматты оқу үдерісіне енгізу жолдарын талқылады.Сонымен қатар:педагогтерді даярлау және қайта даярлау бағдарламалары таныстырылды;шахматтың STEM пәндеріне әсері ғылыми тұрғыда талқыланды.Бұл конференция теориядан гөрі нақты практикаға бағытталған алаңға айналып, шахматты білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын көрсетті.Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар өз мектептерінде «Шахмат негіздері» бағдарламасын енгізуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1219556?lang=kk
Әдіскерлер «InterPress Distribution» компаниясының тренерімен кездесті 14.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, ағылшын тілі пәні әдіскерлеріне және кітап қорына жауапты мамандарға арналған облыстық семинар өткізді.Іс-шараның мақсаты – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және ағылшын тілін оқыту саласындағы заманауи инновациялық тәсілдермен таныстыру.Семинар аясында «InterPress Distribution» компаниясының тренері Сиримбетов Нуржан Маралұлы ағылшын тілін оқытуда теория мен тәжірибені үйлесімді ұштастырудың заманауи тәсілдері, тиімді білім беру әдістемелері мен педагогикалық тәжірибелерімен таныстырды.Іс-шара барысында қатысушылар оқытудың интерактивті әдістері, арнайы цифрлық құралдар, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи білім беру платформалары және ресурстарымен танысты. Семинар кәсіби тәжірибе алмасу атмосферасында өтті.Семинар қорытындысы бойынша қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар берілді.Іс-шараға облыстық аудандық және қалалық ағылшын тілі пәнінен 30-ға жуық әдіскерлер қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1219565?lang=kk
Арқалықта «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы өтті 14.05.2026
Арқалық қаласында «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шараны Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті ұйымдастырды. Форумға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, департамент басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Қалалық мәдениет сарайында өткен форумның салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, қатысушыларға университеттің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін қамтыған арнайы бейнебаян ұсынылды.Форумның ашылуында Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Ташимов, ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан және университет ректоры Талғат Ещжанов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының қоғамдағы маңызына тоқталды.Пленарлық мәжіліс барысында экологиялық мәдениет, жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық жауапкершілік тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасалды.Форумға қатысушылардың бірі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Нұғыманов мұндай тағылымдық шаралардың жастар тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап өтті.Форум аясында ғылым, білім және қоғамдық бастамаларға белсенді үлес қосқан қатысушылар Арқалық қаласы әкімінің және университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.Сонымен қатар белгілі қолөнер шебері, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдаұлы жастарға ақ батасын беріп, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесі жөнінде тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.Пленарлық мәжілістен кейін форум қонақтары университеттің жаңа оқу корпусын аралап, білім ордасының материалдық-техникалық базасымен және инфрақұрылымымен танысты.«Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қоғамдық алаңдардың бірі болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1219545?lang=kk
Қазақстан ДЗМҰ-нің халықаралық симпозиумында «Бейбітшілік жолы» атты Бейбітшілік кілемін таныстырды 14.05.2026
Женева, 2026 жылғы 11 мамыр – Дүниежузілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде «Әйелдер және зияткерлік меншік» Халықаралық симпозиумы аясында Қазақстан Республикасының «Бейбітшілік жолы» атты Бейбітшілік кілемі мәдени жобасының тұсаукесері өтті. Симпозиум дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жиналған әйел-лидерлерді, сарапшылар мен жаңашылдарды топтастырды.Ырза Тұрсынзада басқаратын «Алтын Орда» Халықаралық қолөнершілер академиясы жүзеге асырып жатқан жобаны Қазақстан Республикасының ДСҰ және басқа халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев таныстырды.Симпозиум инновациялар, зияткерлік меншік және шығармашылық экономика саласындағы әйелдердің рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар әйел-өнертапқыштар мен кәсіпкерлерді қолдау, инклюзивті саясатты дамыту және білім мен технологияларға қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.Бейбітшілік кілемінің тұсаукесері ерекше қызығушылық тудырды. Тұрақты өкіл Қ. Төребаев өз сөзінде бұл жай ғана өнер туындысы емес, мәдениеттер мен халықтардың бірлігінің символы екенін атап өтті. Бүгінде кілемнің ұзындығы 70 метрден асып, түкпір-түкпірдегі шеберлердің қатысуы арқасында өсе беруде. Оның әр фрагменті түрлі халықтардың бірегей дәстүрлері мен тарихын бейнелейді.«Бейбітшілік жолы» атты Бейбітшілік кілемі – бейбітшіліктің, өзара түсіністіктің және мәдени әралуандықтың рәмізі. Ол адамдарды өнер арқылы біріктіреді», – деп атап өтті Тұрақты өкіл.ДЗМҰ-ның инновациялар дамытуға және әйелдерді қолдауға қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде кілемнің жаңа фрагменттерінің бірі осы ұйымға арналатын болады.Жобаның тұсаукесері симпозиум күн тәртібін органикалық толықтырып, заманауи білім экономикасын қалыптастырудағы әйелдердің маңызды рөлін айқындады. Зияткерлік меншік саласындағы әйелдерді қолдау тұрақты даму мен тең мүмкіндіктердің маңызды факторы ретінде қарастырылады.Қазақстан зияткерлік меншік, мәдениет және шығармашылық индустриялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға берілгендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1219496?lang=kk
“Сыбайлас жемқорлықты жою - құқықтық мемлекеттің басты мақсаты” тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. 14.05.2026
СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік бөлімімен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Азаматтық хал актілері басқармасы бөлімінің қызметкерлерімен “Сыбайлас жемқорлықты жою - құқықтық мемлекеттің басты мақсаты” тақырыбында дөнгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстел барысында аталған іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері мен тәсілдері түсіндірілді.Дөнгелек үстел қатысушылар барлық сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1219501?lang=kk
Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды 14.05.2026
Қазақстанның Мароккодағы Елшісі және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) жанындағы Тұрақты өкілі Сәулекүл Сайлауқызы 2026 жылғы 6 мамырда Рабат қаласындағы Ұйымның штаб-пәтерінде өткен ИСЕСКО Атқарушы кеңесінің 46-шы сессиясына қатысты.Іс-шара ұйымның 53 мүше мемлекетінен 44 өкілдің қатысуымен гибридтік форматта өтті. Отырыстарда ИСЕСКО секторларының, бөлімшелерінің және мамандандырылған орталықтарының қызмет есептері қаралып, Тұрақты даму мақсаттарын ИСЕСКО-ның институционалдық құрылымына интеграциялауды көздейтін Ұйымның 2026-2029 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары талқыланды.ИСЕСКО Бас директоры Сәлім Әл-Мәлік Ұйымның жүйелі жаңару мен жаңғыру бағытын атап өтіп, әртүрлі салаларда алынған он беске жуық халықаралық аккредитация мен сертификат туралы мәлімет берді. Сондай-ақ ол 2030 жылдан кейінгі кезеңге бағдарланған ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды да белгіледі.Қазақстан тарапы, өз кезегінде, күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, ислам әлеміндегі білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі елдің ұстанымын білдірді.Сонымен қатар, Түрікменстанды бақылаушы мемлекет мәртебесінде Ұйымға қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Атқарушы кеңесінің жаңа төрағасының, Бюро мүшелерінің және Қаржылық бақылау комитетінің сайлауы өтті.Сессия қорытындысы бойынша Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл Ұйымға мүше мемлекеттерінің қазақ тарапына деген жоғары сенімін көрсетеді және білім, ғылым мен мәдениет саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы Астананың белсенді рөлін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1219454?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда 13.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Конго Демократиялық Республикасы Сауда министрлігі өкілдерінің арасында онлайн форматта дөңгелек үстелі болып өтті. Іс-шара КДР Президенті Жоғары Мәртебелі Феликс Чисекедидің 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында ұйымдастырылды.Дөңгелек үстелге қатысушылар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға серпін беру үшін мемлекеттік органдар деңгейіндегі алғашқы кездесуді өткізудің маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында көлік логистикасы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ энергетика және өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.Келіссөздердің нәтижесінде тараптар консультацияларды жалғастыру, Конго делегациясының Астанаға ресми сапарын ұйымдастыру және олардың Қазақстанда өткізілетін халықаралық форумдар шеңберіндегі іс-шараларға қатысуы туралы келісімдерге қол жеткізілді.Кездесуге қатысушылар тауар айналымын одан әрі арттыруға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1219450?lang=kk
«Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өтті 13.05.2026
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында түркі әлемінің рухани көшбасшысы, ойшыл, ақын Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өткізілді.Іс-шара барысында «Руханият шамы – Ясауи әлемі» атты кітап көрмесіне таныстырылым жасалып, «Ясауи мұрасы – мәңгілік тәрбие негізі» атты бейнекөрсетілім ұсынылды. №27 орта мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мұқсипа Аяжан Нұрхатқызы, Авиценна колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамович Ясауи ілімінің тәрбиелік маңызы туралы мазмұнды баяндама жасап, студенттерге өз ой-пікірлерін бөлісті. Шараға Талдықорған қаласының Авиценна медициналық колледжінің студенттері қатысты.Сондай-ақ, «Ой сергіту: Даналыққа бір қадам» сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.Дәріс соңында қатысушыларға адамгершілік, имандылық, адалдық секілді асыл қасиеттерді дәріптеудің маңызы айтылып, шара әсерлі қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1219224?lang=kk
2026 жылғы 16 қаңтарда ҚР қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойылды. 13.05.2026
2026 жылғы 16 қаңтарда ҚР қаржы нарығын, байланыс саласын және банкроттықты реттеу мен дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойылды.Аталған Заң ҚР «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізуді көздейді.Не өзгерді және қандай рәсімдер бар👇Заң 3 рәсімді қарастырады:🔹 соттан тыс банкроттық🔹 сот арқылы банкроттық🔹 төлем қабілеттілігін қалпына келтіру🧾 Соттан тыс банкроттықӨтініш eGov порталы немесе eGov mobile арқылы беріледі. Өтініштерді мемлекеттік кірістер органдары қарайды.Тек келесі берешектер бойынша қолданылады:🏦 банктер💳 микроқаржы ұйымдары📞 коллекторларШарттары:✔️ қарыз 1600 АЕК-тен аспайды (≈ 6,9 млн ₸)✔️ 12 айдан астам төленбеген✔️ тіркелген мүліктің болмауыЕрекше жағдайлар:🔸 6 ай АӘК алсаңыз — төлемеу мерзімі есепке алынбайды🔸 қарыз 5 жылдан астам төленбесе — шарттар қолданылмайды📌 Маңызды:— ломбардтар бұл рәсімге кірмейді— егер қарыз 5 жылдан асса — рәсім небәрі 1 айда аяқталуы мүмкін⚖️ Сот арқылы банкроттықӨтініш тұрғылықты жер бойынша сотқа беріледі.Келесі берешектерден басқа барлық қарыздарға қолданылады:❌ алименттер❌ өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян❌ қылмыстық залал❌ бюджетке төленетін кейбір төлемдерШарттары:✔️ қарыз 1600 АЕК-тен жоғары✔️ 12 айдан астам төленбеген✔️ мүліктің болуы немесе болмауы📌 Егер мүлік болмаса — қарыз сомасы маңызды емесНені білу керек:💼 мүлік аукционда сатылады🏠 жалғыз баспана:— кепілде болса → алынуы мүмкін— кепілде болмаса → алынбайды👤 қаржы басқарушысы тағайындалады (≈ айына 1 ЕТЖ)⏳ мерзімі: 6 ай (+ тағы 6 айға ұзартылуы мүмкін)Шектеулер:🚫 несие алуға болмайды🚫 мүлікті сатуға болмайды🌍 шетелге шығуға тыйым салынады🔚 Банкроттықтың салдары:❌ 5 жыл несие алуға болмайды🔁 қайта банкрот болу — 7 жылдан кейін👀 3 жыл мүлікке бақылау жүргізіледі🔄 Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруӨтініш сотқа беріледі.Шарты:✔️ қарыз мүлік құнынан аспайды немесе тұрақты табыс барНе істеуге болады:🏠 мүліктің бір бөлігін сату🏢 мүлікті жалға беру🔄 тұрғын үйді арзаныраққа ауыстыруАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1219234?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау нәтижелері 13.05.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылдың екінші жартыжылдығы кезең мен 2026 жылдың өткен кезеңіне департаменттің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытыңдысына жария талқылау жүргізілді.Жария талқылаудың қатысушылары: https://astana.kgd.gov.kz/ru, https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana, «Табысты бухгалтерлер клубы» қоғамдастығының өкілі Сандугаш Тулегенова.Жария талқылаудың нәтижесі: ескертулер, ұсыныстар және түсініктемелер жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1219237?lang=kk
Әскери-техникалық мектептің 250-ге жуық курсанты жүргізуші куәлігін алды 13.05.2026
2026 жылдың бірінші кезеңіндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК филиалдарында мамандар даярлаудың нәтижелері осындай.Аттестаттау қорытындысы бойынша оқытудан кейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 248 адам «В», «С» және «С1» кіші санаттағы жүргізуші куәліктерін алды. Бұл оқытылғандардың жалпы санының 95% құрайды.Әскери-техникалық мектептер оқытушыларының үйлесімді және әдістемелік жұмысымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.Корпорация қызметкерлері тарапынан уақтылы және кәсіби қолдаудың арқасында болашақ Отан қорғаушылардың жүргізуші куәліктерін алу үшін емтихан тапсыру рәсімдерінің өзара тиімді іс-әрекеті мен жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.Мемлекеттік корпорация өкілдерімен кездесуде Әскери-техникалық мектеп басшылығы Қарулы күштерге мамандар даярлау ісіне қосқан зор үлесі мен өзара тығыз іс-қимылы үшін ерекше ризашылығын білдірді.2026 жылдың бірінші кезеңінде әскери-техникалық мамандарды даярлау нәтижелері бойынша Әскери-техникалық мектептердің 13 филиалы арасында рейтингте Талдықорған филиалы көш бастады. Екінші орында – Өскемен, үшінші орында – Қарағанды филиалы алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219238?lang=kk
Кеден бекетінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді 13.05.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Т. Нұрлыбеков мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1219246?lang=kk
Алматы облысының әкімі Үкімет басшысына «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады 13.05.2026
Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді. Жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, өңірде экологиялық бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Өңірде 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға 271,1 мың адам қатысып, 6,4 мың тонна қоқыс жиналған. Облыстағы жалпы 8,8 мың кәсіпорын мен бизнес субъектілері үшін өз аумақтарын күтіп ұстау және тазарту жұмыстары бойынша кесте бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.– «Тазалық күндері» деп жарияланған мерекелік демалыс күндері өңірдегі демалыс орындарында, саябақтар мен аулаларда 70 мың адамның қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1,4 мың тонна қоқыс жиналып, 20 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Сондай-ақ акциялар аясында 98,1 мың түп ағаш егілді. Бұл ретте, жыл сайын қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстары қолға алынған. Биыл 15 тонна тұқым жиналып, елді мекендерде отырғызу кезеңі басталды, – деді Марат Елеусізұлы. Сондай-ақ облыс басшысы экопарк құру жұмыстарына да тоқталды.Айтуынша, бүгінде облыс аумағында 69,5 мың гектар аумақты қамтитын 20 экопарк жұмыс істейді. Биыл аумағы 10 гектарды құрайтын «Барыс», сондай-ақ жеке инвестициялар есебінен 8,5 гектар жерге «Aykan Resort» және аумағы 5,5 гектар болатын «Tal Resort» экопарктері пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, 2027 жылы 4 гектар аумақты қамтитын «Көшпенділер» экопаркін іске қосу жоспарлануда.Облыс әкімінің мәлімдеуінше, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тазалықты сақтау үшін медиажоспар бекітілген. 2026 жылдың басынан әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жалпы 8,5 мыңнан аса ақпарат жарияланып, 129 баннер орнатылған. Сонымен қатар экологиялық білім беруді дамыту мақсатында бір мезетте өңірдегі 439 мектептің 360 мыңнан астам оқушысы «Болашақты бірге отырғызайық» акциясына қатысып, ағаш тұқымдарын септі. Бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналып, үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қазіргі таңда себілген тұқымның 60 пайыздан астамы өніп шығып, мектеп аулаларына отырғызылды.– Экологиялық волонтерлікті дамыту және жастарды қоғамдық бастамаларға тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері 8 мыңнан астам жастың қатысуымен 120-дан аса экологиялық іс-шара өткізілді. Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Ауыл айнасы» байқауын өткізу жоспарлануда. Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатылып, бүгінде телеграм-ботқа 1446 өтініш түссе, оның 1177-сі орындалды, 263-і қайтарылды, 6 өтініш – орындалу сатысында, – деді Марат Сұлтанғазиев. Сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру бағытында атқарылған жұмыстар жайын да баяндады. Мәселен, өткен жылы «Freedom Holding» компаниясының жеке қаражаты есебінен Қонаев қаласындағы №5 жағажайдың 1 шақырым аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ №6 және №7 коммуналдық жағажайлары және Қаскелең өзенінің бойында абаттандыру ісі қолға алынған. Биыл Кеген ауданындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Райымбек ауданындағы «Тас Төбе» жотасы және «Тұзкөл» көлінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Марат Сұлтанғазиев қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды да таныстырды.Өңірдегі «Kaz Rez» компаниясы – шина қалдықтарын толық цикл бойынша өңдейтін кәсіпорын. Жылына 30 мың тонна қалдықты өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлауда. Бұдан бөлек, Еңбекшіқазақ ауданында «Гуандун Сучунь» компаниясы қоқыс өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 2026 жылдың соңында іске қосылады. Сондай-ақ Қарасай ауданы Әйтей ауылында «Kaz Waste Conversion» компаниясы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын бастады. Сонымен қатар Іле ауданындағы «Food Waste» компаниясы тағам қалдықтарын өңдейтін кешен салуды көздеуде. Осы жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1219268?lang=kk
Сіздің тауардың заңдылығын анықтаудағы көмекшіңіз NAQTY ONIM 13.05.2026
Сатып алмас бұрын тауардың түпнұсқалығына көз жеткізу маңызды.Қазақстанда мұны NAQTY ÓNIM мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады — қаптамадағы Data Matrix немесе штрих-кодты сканерлеу жеткілікті.Әсіресе дәрі-дәрмек, алкоголь, темекі өнімдері және басқа да тауарларды тексеру маңызды. Қауіпсіздік — сатып алған өнімге мұқият қараудан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1219275?lang=kk
Бостандық ауданы әкімдігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті 13.05.2026
2026 жылғы 9 маусымда Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А.Қалдыбеков азаматтарды кезекті апталық қабылдауын өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары аумақтарды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, жолдар мен аула нысандарын жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті сұрақтарын көтерді.Қабылдау барысында тұрғындар ағаштарды санитарлық кесу және бұтау, бұталарды жою, іргелес аумақтарды тазалау, балалар алаңдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру мәселелері бойынша өтініштер білдірді. Сонымен қатар, жасыл желектерді көшіру және Казахфильм шағын ауданының санитарлық жағдайына қатысты мәселелер көтерілді. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша профильдік бөлімдерге көшпелі тексерулер ұйымдастырып, анықталған мәселелерді жою бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.Бірқатар өтініштер жол жабынының жай-күйіне, автотұрақтарды ұйымдастыруға және көшелерді жөндеуге қатысты болды. Тұрғындар аулаішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер маңында жаңбыр суының жиналуын болдырмау және аудан көшелерінің жекелеген учаскелеріне орташа жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді.Аталған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты қызметтерге тексеру жүргізіп, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша одан әрі шараларды айқындау тапсырылды.Бостандық ауданының әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қалалық ортаны дамыту мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.Еске саламыз, күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112 мекенжайында орналасқан. Қабылдау әр сейсенбі сайын өткізіледі. Қабылдауға жазылу телефоны: 394 38 90.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1240341?lang=ru
Бейнеу ауданындағы ХҚКО жаңа үлгіде қызмет көрсетеді 13.05.2026
2026 жылғы 15 мамырдан бастап Бейнеу ауданындағы Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан ХҚКО тұрғындарға жаңартылған форматта қызмет көрсетуді бастайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осыған орай бөлімнің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи қызмет көрсету аймақтары іске қосылды. Жаңғыртылған бөлімде мемлекеттік қызметтер заманауи үлгіде ұсынылады. Орталық бірнеше функционалды аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, әлеуметтік қызметтер аймағы, құжаттандыру аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және дайын нәтижелерді беру аймағы жұмыс істейді. Аймақтар келушілерге ыңғайлы болу үшін түрлі түсті ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен ерекшелендіріліп, айқын бөлінген. Сонымен қатар күту аймағы жаңартылып, келушілерге қолайлы жұмсақ орындықтар орнатылған.«Бұл — Маңғыстау облысындағы үшінші жаңғыртылған ХҚКО. Бұған дейін Мұнайлы ауданында және Жаңаөзен қаласында жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталықтары пайдалануға берілген болатын. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз», — деді Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айбек Мұзбаев. Айта кетейік, Бейнеу ауданында 70 мыңнан астам тұрғын тұрады. Жаңғыртылған бөлімге күніне шамамен 300-ге жуық тұрғын келеді деп күтілуде. Еске сала кетейік, жаңғыртылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-munayli/press/news/details/1221044?lang=kk
Әлемдегі ең ірі ислам банктерінің бірі Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін зерделеуде 13.05.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 13 мамыр – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Finance House (KFH) Директорлар кеңесінің төрағасы Хамад Әл-Марзукпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар инвестициялық, банк және сауда-экономикалық салалардағы қазақстандық-кувейттік ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақ Елшісі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп саласындағы, оның ішінде ет өнімдерін өндірудегі зор әлеуетін атап өтіп, еліміздің Кувейт Мемлекеті мен бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Осы тұрғыда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Кувейт нарығына жеткізу мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан аумағында агроөнеркәсіптік және мал шаруашылығы кәсіпорындарын құру бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Alatau City» жобасы туралы хабардар етті. Бұл жоба – инновациялық және инвестициялық инфрақұрылымы дамыған, жедел даму қағидаттарына негізделген заманауи цифрлық қала ретінде қалыптасып жатқан еліміздегі ең ірі урбанистикалық жобалардың бірі. Осыған байланысты қазақстандық тарап ағымдағы жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған бизнес-делегацияның Кувейт Мемлекетіне жұмыс сапарын ұйымдастыру жоспарлары туралы хабарлады. Сапар аясында «Alatau City» жобасын Кувейттің іскерлік және инвестициялық қауымдастығына таныстыру көзделуде.Кувейт тарапы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше қызығушылық білдіріп, қазақстандық компаниялармен өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастыру ниетін жеткізді. Сонымен қатар, Kuwait Finance House өкілдері банк секторындағы ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда Қазақстанда банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу рәсімдері мен талаптарын зерделеуге қызығушылық танытты.1977 жылы құрылған Kuwait Finance House (KFH) – Кувейт Мемлекетіндегі алғашқы ислам банкі және әлемдегі жетекші исламдық қаржы институттарының бірі. Құны шамамен 11,6 млрд АҚШ долларын құраған Ahli United Bank Group банкін сатып алғаннан кейін KFH активтері 140 млрд АҚШ долларынан асатын Кувейттегі ең ірі банкке айналды, ал нарықтық капитализациясы шамамен 47 млрд АҚШ долларын құрайды. Топ 12-ден астам елде, соның ішінде Түркияда қызмет жүргізеді. Түркиядағы негізгі активтерінің бірі – елдегі ең ірі ислам банктерінің бірі болып табылатын Kuveyt Türk Participation Bank. KFH исламдық облигациялар (сукук) нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі болып табылады және Таяу Шығыс, Еуропа мен Азия елдеріндегі инфрақұрылым, энергетика, жылжымайтын мүлік және исламдық инвестициялық банкинг салаларындағы ірі жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысады. 2026 жылы KFH Лондон қор биржасында 1 млрд АҚШ доллары көлемінде сукук орналастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1219172?lang=kk
Сұрақ – жауап 13.05.2026
Сұрақ: Экологиялық төлемдерден қандай салықтар мен төлемдер ұсталады?Жауап: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес, оның ішінде Семей және Өскемен қалаларында тұратын азаматтарға мынадай әлеуметтік кепілдіктер көзделген: - ай сайынғы қосымша еңбекақы – 1,5 АЕК;- жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы – күнтізбелік 10 күн. ҚР Салық кодексі мен Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, жеке тұлға өтініш пен растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынған жағдайда, көрсетілген экологиялық төлемдерден жеке табыс салығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды. Сондай-ақ аталған төлемдер әлеуметтік салық салу объектісіне жатпайды және олардан әлеуметтік аударымдар есептелмейді. Сонымен бірге, осы төлемдерден міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары ұсталады. Бұдан бөлек, «ҚР міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысының төлемдері мен ай сайынғы қосымша еңбекақы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін төлемдерге жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1262269?lang=ru
«Қазақстан-Армения: сарапшылар арасындағы диалог» дөңгелек үстелі 13.05.2026
Армения астанасында екі елдің талдау орталықтары, дипломатиялық корпус және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қазақ-армян сарапшылар кездесуі өтті. Қазақстан мен Арменияның сараптамалық өзара іс-қимылы аясындағы кезекті іс-шараны Қазақстан Елшілігі Армян саясаттанушылар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.Қазақ тарапынан талқылауға ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының, «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығының, «Астана» дипломатиялық клубының және басқа да талдамалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Армян тарапын Армян саясаттанушылар қауымдастығы, Армян орнықтылық және мемлекеттік басқару институты, Арменияның Қолданбалы саяси зерттеулер институты, «СПАРАПЕТ» Армян азаматтық бастамалар орталығы, сондай-ақ академиялық және қоғамдық-саяси орта өкілдері таныстырды.Пікір алмасу барысында қазақ-армян ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелері, сондай-ақ көлік-транзит өзара байланыстылығы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Пікірталастың жеке блогы Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаға арналды. Қазақ сарапшылары 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияның негізгі ережелері мен новеллаларын ұсынды, сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғырту тәсілдерін баяндады. Жаңартылған Ата заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының қазіргі кезеңін көрсететіні және мемлекеттің институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталғаны атап көрсетілді.Кездесу барысында Қазақстан мен Армения арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға деген өзара құрмет пен ұмтылысқа негізделген дәстүрлі достық және серіктестік негіздері атап өтілді. Жоғарғы деңгейдегі саяси диалогтың серпініне ерекше назар аударылды. Қатысушылар өзара тауар айналымының тұрақты өсуін белгілеп, екі елдің сауда байланыстарын одан әрі әртараптандыру, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті.Іс-шараның қорытындысы бойынша сараптамалық өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қазақстан мен Арменияның талдау орталықтары, ғылыми қоғамдастығы мен азаматтық қоғам институттары арасындағы тұрақты коммуникацияны дамытуға мүдделілік расталды. Мұндай алаңдар практикалық бастамаларды әзірлеуге және екіжақты серіктестікті нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1219154?lang=kk