Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесте апелляциялық комиссиялардың жұмыс қорытындылары мен бағалау қызметіне қатысты заң жобасы талқыланды 14.05.2026
ҚР Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысында апелляциялық бөлімшелердің қызметі мен «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларды жетілдіру мәселелері пысықталды. Отырысқа қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ министрлікке қарасты құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.Оның барысында Ішкі мемлекеттік аудит апелляциясы департаментінің 2025 жылдағы қызмет нәтижелері қаралды. Айталық, былтыр 100 отырыс өткізіліп, камералды бақылауға байланысты 621 қарсылық және аудиторлық есептерге қатысты 139 қарсылық берілді.Комиссия жұмысының басты назары аудит нысандарының өтініштері мен қарсы шағымдарды объективті және ашық қарауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот дауларының санын азайтуға бағытталғанын айта кеткен орынды. Жыл қорытындысы бойынша даулы мәселелердің дені сотқа дейінгі кезеңде реттеліп, бұл 229 жағдайда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Бұған қоса апелляциялық қарау процестерін цифрландыру, апелляциялық комиссияның құзыреттерін жетілдіру мен ішкі мемлекеттік аудиттің сапасын арттыру шаралары талқыланды.Апелляциялық департамент директоры 2024-2025 және 2026 жылдың 1 тоқсанындағы салық және кеден дауларына қатысты жұмыс қорытындыларын таныстырды. Мәселен, ашықтықты нығайту мақсатында Қаржы министрлігінің ресми сайтында 1 116 шешім, сондай-ақ «Қазақстандағы салықтар» бизнес қауымдастығының интернет-ресурстарында, «Учет KZ», «Параграф» ақпараттық жүйесінде және Қазақстандық кеден брокерлері (өкілдері) қауымдастығында 732 шешім орналастырылды. Ал отырыстарда салық төлеушілердің 377 өкілі мен СЭҚ қатысушылары тікелей өздері болған.Қолға алынған кешенді шаралар аясында мәмілелерді салықтық тексерулер үшін дәрменсіз деп тануға байланысты өлшемшарттардың тізбесі әзірленді. Бұдан басқа салық және кеден тексерулерін жүргізу кезінде жіберілген кемшіліктер үшін 35 лауазымды тұлға, оның ішінде тексеру жүргізген 19 маман, басқармалардың 5 басшысы және бөлімдердің 11 басшысы жауапқа тартылды. Одан бөлек заңнамадағы кереғарлықтың алдын алуды көздейтін ҚҚС қайтару ережелері мен тұтастай ҚҚС қайтару мәселелеріне қатысты Салық кодексіне енгізілген өзгерістер де қаралғанын атап өткен жөн.Сонымен қатар «Бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы да таныстырылды. Заң жобасы кедергісіз, тәркілеусіз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарттарсыз қызметтердің бірыңғай нарығының жұмысын қамтамасыз ететін жалпы тәсілдер нормаларын имплементациялауға, сондай-ақ бағалау қызметі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.Маңызды құжат заңнаманы жақсартуға бағытталған құқық қолдану практикасына сәйкестендіруді қамтамасыз ететін нормаларды нақтылау мен оңтайландыру бөлігіндегі басқа да түзетулерді қамтиды.Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығына байланысты түзетулерді қабылдау отандық бағалаушылардың халықаралық нарыққа шығуына, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеңістігінде кәсіби қызмет мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ отандық мамандардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1220464?lang=kk
Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өтті 14.05.2026
Шымкент қаласының полиция департаментінде «Ұрпақтар сабақтастығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір буын міндеті» тақырыбында тағылымдық әрі тәжірибелік кездесу өтті.Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін айқындау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызметке жаңадан келген жас мамандардың бойында адалдық, жауапкершілік және кәсіби әдеп қағидаларын қалыптастыру болды.Кездесуге ішкі істер органдарының ардагерлері, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының басшылары арнайы шақырылып, жас полиция қызметкерлері, оқу орталығының тыңдаушылары және «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары қатысты.Жиын барысында жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау тәжірибесі және оларды болдырмау жолдары талқыланды. Қоғам сенімін арттырудағы ашықтық пен әділдіктің маңызы атап өтіліп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты қызметтің басты бағдары екені жеткізілді.Ардагерлер жас қызметкерлермен тәжірибе алмасып, кәсіби жолдағы адал қызмет пен Отан алдындағы жауапкершіліктің маңызына тоқталды.Іс-шара аясында жас мамандар да сөз сөйлеп, ішкі істер органдарындағы алғашқы қадамдары, тәжірибе жинақтау мен тәлімгерліктің рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.Кездесу соңында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
«ТӘРТІП – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ 14.05.2026
 «Тұран» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында кездесу өтті.Кездесуге Әл-Фараби аудан прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлім прокуроры Нұрдаулет Ақылбекұлы Алжан, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері полиция капитандары Бахытжан Турсунбаевич Бекбаев пен Ердаулет Қанатұлы Ералиев, сондай-ақ Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр қатысты.Кездесу барысында жастарға интернет алаяқтық, киберқауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Түркияда Қазақстан салған мектептің салтанатты ашылуы 14.05.2026
2026 жылғы 14 мамырда Астана қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда Қазақстанның демеуімен салған Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектепті салтанатты түрде ашты. Жаңа білім ордасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сай 2023 жылғы ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Нұрдағы кентінде бой көтерген.Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржылай қолдауымен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі жүзеге асырды.Бұл жоба Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырлас байланыстардың тағы бір жарқын дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1220209?lang=kk
Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға 39 млрд теңге инвестиция тартылады 14.05.2026
Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның директоры Шен Яшар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім Астана қаласында өткен «Қазақстан – Түркия» бизнес-форумы аясында жасалды. Келіссөз негізінде аталған фармацевтикалық зауытты кеңейту үшін қажетті іс-шаралар айқындалды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндіретін түркиялық компания Іле ауданында орналасқан. Зауытта жылына 24 млн дана дәрі-дәрмек өндіріледі. Қазірдің өзінде 250 адам тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі келісім барысында жобаны одан әрі дамыту мәселесі пысықталды. Яғни, 2026-2032 жылдар аралығындағы инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде, 8,85 млрд теңге қатты дәрі-дәрмек өндірісін жаңғыртуға, 30,15 млрд теңге инновациялық биотехнологиялық дәрілерді шығаратын модульдік блок құрылысына жұмсалады. Жылына 300 млн қатты және 1,5 млн биотехнологиялық дәрі өндірілмек. Бұл онкология, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек және психоневрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.Жоба негізгі капиталға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық құрылғыларды дамытып, мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.Айта кетейік, 2022-2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия елі арасында 53 кездесу өткізілді. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника өндірісі, кондитерлік және фармацевтикалық өнім өндіру салалары бойынша құны 97,9 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып, 2 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Kucukler Holding», «Якар», «Хамле Компани ЛТД», «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ «MES Story Invest» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылу сатысында.Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жетті. Импорт көлемі 222,8 млн АҚШ долларын, ал экспорт 7,9 млн АҚШ долларын құраған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1220166?lang=kk
2025-2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шараларға қойылатын талаптар 14.05.2026
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы оқу жылының аяқталуына байланысты тәрбиеленушілер мен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайту мақсатында төмендегі талаптарды хабарлайды.Оқу жылының аяқталуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кештер, банкеттер, автокортеждер, таңды қарсы алу шаралары, алау жанында өткізілетін іс-шаралар, мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, асханаларда, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізілетін салтанатты іс-шаралар нысандарында бітіру іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.Мектепке дейінгі ұйымдарды бітіруге арналған, аттестаттарды, білім туралы дипломдарды табыстаудың салтанатты рәсімдерін тек мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қабырғаларында ғана өткізу керек, сондай-ақ білім алушылардан, тәрбиеленушілерден, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақшалай қаражат жинауға тыйым салынады.Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге, сондай-ақ қаражат жинауға тыйым салынады.Мектептерде емтихан тапсыру кезінде ата-аналар тарапынан дастархан жаюға қатаң тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1220059?lang=kk
Құрметті оқырмандар! 14.05.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша онлайн-семинарлар өткізуде. Алғашқы семинар тақырыбы — арнайы салық режимдері, олардың артықшылықтары мен ерекшеліктері. Келесі семинарға сілтеме алу үшін Direct-ке жазыңыздар немесе пікір қалдырыңыздар.https://www.instagram.com/astana_mkd_dgd_astana/reel/DYTk_G5IFbR/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1220069?lang=kk
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және пайдаланылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелге шақырады 14.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.Дөңгелек үстел аясында қатысушылар кедендік әкімшілендіруге, тауарларды рәсімдеу тәртібіне және ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты мәселелерді қарастырды.Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері келіп түскен ұсыныстарды одан әрі пысықтау және жұмысты жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін тіркеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1220103?lang=kk
Қазақстан мен Ұлыбритания сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады 14.05.2026
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың Ұлыбританияның Шығыс Еуропа және Орталық Азия жөніндегі сауда комиссары Дэвид Ридпен кездесуі өтті.Кездесу барысында қазақ-британ сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігін одан әрі нығайту перспективалары, сондай-ақ Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы отырысы күн тәртібінің басым бағыттары талқыланды.Екіжақты сауданың оң серпіні және оны одан әрі арттырудың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан Ұлыбританияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі екені атап көрсетілді: Ұлыбританияның өңір елдерімен шамамен 5 млрд фунт стерлинг көлеміндегі саудасының 2,7 млрд фунт стерлингке жуығы Қазақстанға тиесілі.Маңызды пайдалы қазбалар, энергетика, инфрақұрылым, көлік және логистика, қаржылық қызметтер, цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстанның стратегиялық орналасуын және Еуропа мен Азия арасындағы орнықты жеткізу тізбектерін қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы ынтымақтастық әлеуеті жеке атап өтілді.Сонымен қатар Қазақстандағы инфрақұрылымдық, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру үшін британдық тәжірибе мен қаржылық құралдарды тарту мүмкіндіктері қарастырылды. Осы тұрғыда ратификацияланған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім нақты өзара тиімді жобаларды ілгерілетуге, институционалдық өзара іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға қолайлы негіз қалыптастыратыны атап өтілді.Кездесу барысында гуманитарлық және білім беру салаларындағы байланыстардың жандануы, соның ішінде Қазақстанда британдық университеттердің қатысуының кеңеюі атап өтілді. Білім беру, кадрлар даярлау және инновациялық экожүйені дамыту ұзақ мерзімді экономикалық әріптестіктің маңызды элементтері ретінде белгіленді.Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-британ стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдетуге, өзара сауданы кеңейтуге және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайындық расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1220051?lang=kk
Көктемгі Триатлон-парк: мыңдаған қызғалдақ саябаққа ерекше көрік берді 14.05.2026
Триатлон-парк бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып келеді. Жыл сайын қоғамдық кеңістіктің инфрақұрылымы жаңарып, саябақ серуендеуге, спортпен айналысуға және отбасылық демалыс өткізуге қолайлы заманауи орын ретінде дамып келеді.Биыл көктемде саябаққа ерекше сән мен көңіл күй сыйлаған — алқызыл қызғалдақтар. Өткен жылдың күзінде парк аумағына шамамен 10 мың түп қызғалдақ баданасы отырғызылған болатын. Бүгінде сол еңбектің нәтижесі көз қуантады: түрлі түсті гүлдер қоғамдық кеңістіктің орталық бөлігін әсем безендіріп, көктемнің жарқын атмосферасын қалыптастырды.Қала тұрғындары гүлге көмкерілген аллеяларда серуендеп, таза ауада демалып, естелік суреттер түсіруде. Әсіресе бұл орын балаларымен келген отбасылар, жастар және белсенді өмір салтын ұстанатын тұрғындар арасында ерекше танымал.Қостанай қаласында жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістіктерді дамыту — қаланы көркейту бағытындағы маңызды міндеттердің бірі. Осындай демалыс орындары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, облыс орталығының заманауи келбетін қалыптастыруға да ықпал етеді.Бүгінде Триатлон-парк тек спортпен айналысатын немесе серуендейтін орын ғана емес, табиғаттың әсемдігін сезініп, жақындармен уақыт өткізуге мүмкіндік беретін ерекше қоғамдық кеңістікке айналды.Қала тұрғындары мен қонақтарын көктемгі Қостанайдың ерекше атмосферасын сезініп, қызғалдаққа көмкерілген саябақтың сұлулығын тамашалауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1220007?lang=kk
Мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті 14.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерді адал орындау, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау бөлігіндегі негізгі талаптар қарастырылды. Заңдылық қағидаттарын сақтау, мемлекеттік мүдделердің басымдығы, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі нормаларын сақтау, тексерулер жүргізу және іссапарлар кезіндегі мінез-құлық мәдениетіне қатысты талаптар қосымша түсіндірілді. Сонымен бірге қызметкерлерге кемсітушілікке жол бермеу, еңбек тәртібі мен жұмыс режимін сақтау, құмар ойындарға қатысуға және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуға тыйым салу туралы еске салынды.Іс-шара аясында әрбір мемлекеттік қызметшінің адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидаттарын сақтау жөніндегі жеке жауапкершілігінің маңыздылығына назар аударылды. Қосымша ретінде адалдық, ар-ождан және қоғамға қызмет ету туралы белгілі ойшылдардың өнегелі бағдарлары мен нақыл сөздері келтірілді.Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі нығайту, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1220009?lang=kk
Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жөнелтті 14.05.2026
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сай, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Иран Ислам Республикасына темір жол арқылы тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер тиелген 30 вагон гуманитарлық жүк жөнелтті.Гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына беріледі.Қазақстан халқынан достас Иран халқына берілетін гуманитарлық көмек - жақын көршілік қарым-қатынастарды нығайту және өзара қолдауды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1219988?lang=kk
Халықаралық отбасы күні мен Қазақстандағы Аналар күніне орай аймақтың практик-психологтарымен бірлесіп, «Үйлесімді балалық шаққа бірге» атты ата-аналарға арналған фестиваль 14.05.2026
13 мамыр күні ШҚО Білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ Халықаралық отбасы күні мен Қазақстандағы Аналар күніне орай аймақтың практик-психологтарымен бірлесіп, «Үйлесімді балалық шаққа бірге» атты ата-аналарға арналған фестиваль өткізді.Фестиваль ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ашық диалог, өзара қолдау және тиімді шешімдер іздеу алаңына айналды. Шара барысында қатысушылар пайдалы мағлұматтар алып қана қоймай, бала тәрбиесіне, эмоционалдық саулық пен отбасылық қарым-қатынас мәселелеріне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік алды.«PRO-родительство: ЗЕРКАЛО», «Ресурс для неидеальной мамы», «Баламен тілдесу сырлары» және «Эмоциялық тұрақтылық» фестиваль алаңдарында ата-аналар баласын тыңдай білуді, өз сезімдерін түсінуді және отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуды үйренді.Ата-аналардың эмоционалдық жай-күйіне, баланы қолдау дағдыларын дамытуға, отбасындағы жылы атмосфераны қалыптастыруға және ананың ішкі ресурсын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Тәжірибелік жаттығулар мен тренинг элементтері қатысушыларға «жанды» қарым-қатынастың, эмпатия мен өзара түсіністіктің құндылығын сезінуге көмектесті.Фестиваль қатысушыларға тек тәжірибелік құралдар ғана емес, сонымен қатар қолдау сезімін, шабыт және бақытты балалық шақ — қамқорлықтан, сүйіспеншілік пен саналы ата-ана болудан басталатынына деген сенімділік сыйлады. Іс-шараға 54 ата-ана қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1219997?lang=kk
Облыстық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу рындарының студенттері арасындағы «New Generation» IT-фестивалінің қорытындысы 14.05.2026
2026 жылғы 14 мамырда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «New Generation» IT-фестивалі өтті.Көрмеде білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологиялар таныстырылып, талқыланды, қатысушылар IT-жобаларды әзірлеу бойынша тәжірибе алмасты.Қатысушылар өз жұмыстарын «Maker Fest», «Junior Skills», «Robotime», «ClusterPro» атты 4 сектор бойынша таныстырды.Салтанатты бөлімде көрме қатысушыларына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. құттықтау сөз сөйледі.«SKILLS FOR GEEKS 2026» облыстық чемпионатының жеңімпаздарын ШҚО әкімінің орынбасары Нұрғалиев Е.Ж. марапаттады. ІІІ орын алған Глубокое ауданының командасы (10+) мен Зайсан ауданының командасы (14+) қола медальдар жиынтығымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтар – смарт-сағаттармен марапатталды. ІІ орын алған Өскемен қаласының командалары (10+ және 14+) күміс медальдар жиынтығын, кубоктар мен бағалы сыйлықтар – құлаққаптарды иеленді. Ал Риддер қаласының құрама командасы (10+) мен Шемонаиха ауданының командасы (14+) чемпионат жеңімпазы атанып, алтын медальдар жиынтығы мен бағалы сыйлықтар – ақылды колонкаларға ие болды.Облыс педагогтері арасындағы «IT-Ūstaz 2026» байқауының жеңімпаздарын Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Куат Барысович құттықтады. ІІІ орын үшін ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Сагандыкова Жанна Толегеновна сымсыз құлаққап табысталды. ІІ орын иегері – ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытнопольская орта мектебі» КММ мұғалімі Самойлов Иван Вячеславович ноутбукпен марапатталды. Ал байқау жеңімпазы – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Әлкенова Мөлдір Сайлаубекқызына бағалы сыйлық – моноблок табысталды.Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT-жобаларды анықтады, ал «Көрермен көзайымы» жүлдесі фестиваль қонақтарының онлайн-дауыс беруі арқылы белгіленді.Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Окасов Куат Барысович фестиваль жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтарға сертификаттарды салтанатты түрде табыстады. Байқау жеңімпаздары:Гран-при – «Ақылды электр тоғы: материалдың электр өткізгіштігі негізінде интерактивті ашық хаттар мен мультисенсорлық білім жинағын жасау» жобасы, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Буньков Егор, сыйлық – ноутбук.І орын – «Ақылды ауыл: ауылдық жерлерге арналған инновациялық шешімдер» жобасы, Тарбағатай ауданы, «Абай атындағы орта мектеп» КММ, Бауыржанова Қымбат, Ташенов Ералы, сыйлық – планшет.ІІ орын – «CubeSat шағын жерсеріктер моделін жасау: KAZ-FireWatch AI» жобасы, Зайсан ауданы, «Кеңсай орта мектебі» КММ, Жүнісбекова Перизат, Саянқызы Инабат, сыйлық – смартфон.ІІІ орын – «Биомаркерлер мен жасанды интеллект технологияларына негізделген II типті қант диабетін ерте диагностикалаудың цифрлық жүйесі» жобасы, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, Кондрашов Кирилл, Барамбаев Алихан, сыйлық – құлаққап.«Көрермен көзайымы» жүлдесін «Оқушылардың кітап оқуын бақылаудың интеллектуалды жүйесін әзірлеу» жобасы жеңіп алды. Жоба авторы – Алтай ауданы, «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ оқушысы Лапина Анастасия. Сыйлық – портативті колонка.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!! Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1220000?lang=kk
Алматыда тұрмыстық газ есептегіштерін тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталды 14.05.2026
Алматы қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті Алматы қаласындағы «AKTOBE GAZ INNOVATION» ЖШС-нің Алматы филиалының салыстырып тексеру зертханасына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Аталған жоспардан тыс тексеру жеке тұлғаның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ метрология саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау мәселесі бойынша жолданған өтініші негізінде жүргізілді.Тексеру барысында СТ РК 2.13-2013 «Тұрмыстық газ есептегіштері. Салыстырып тексеру әдістері мен құралдары» стандартының 9.1-тармағының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін белгілеу және салыстырып тексеру сертификатының нысаны қағидаларының 21-тармағының талаптары бұзылғаны анықталды.Тексеру нәтижелері бойынша «AKTOBE GAZ INNOVATION» ЖШС-нің Алматы филиалына 2025 жылғы 29 қаңтардағы № FR-07-56929 қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаның күшін жою жөнінде нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 415-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.Құқық бұзушының кінәсін мойындауына байланысты оған 843 375 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, қызметі алты ай мерзімге тоқтатылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленді.Департамент Заң талаптарын еске салады: тізілімге енгізілмеген және салыстырып тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдалану Заң бұзушылық болып табылады.Осындай Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға техникалық реттеу және метрология жөніндегі аумақтық органдарға жүгінуге кеңес беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1219947?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысының өндірістік әлеуетімен танысты 14.05.2026
Жұмыс сапары аясында Айдар Ахметбекұлы өңір кәсіпкерлерімен кездесіп, бірқатар өндіріс орындарын аралады, сондай-ақ «Ауыл Береке Көтерме» орталығының жұмысымен танысты.Кездесу барысында сауда саласын дамыту, отандық өнім өндірушілерін қолдау, цифрлық шешімдерді енгізу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.Вице-министр «Сәуле» кондитер фабрикасы» ЖШС, «Полиэтилен Агро» ЖШС және «Rano comfort service» ЖШС кәсіпорындарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысты. Аталған кәсіпорындар ішкі нарықты өніммен қамтып қана қоймай, өз тауарларын шетел нарығына да экспорттап келеді.Сапар қорытындысында вице-министр Жамбыл облысында өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқанын әрі өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтті.Бүгінде аймақта жүзеге асып жатқан жобалар нақты нәтиже беруде: экспортқа бағытталған өнім түрлері артып, жергілікті өндірушілердің ТМД және алыс шетел нарықтарындағы бәсекеге қабілеті күшейіп, жаңа жұмыс орындары құрылуда.Министрлік алдағы уақытта да мұндай бастамалардың ауқымын кеңейтуге қолдау көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1219950?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына Алматының бір жарым мыңнан астам оқушысы қатысты 14.05.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бір жарым мыңнан астам оқушы мен жастардың қатысуымен ауқымды патриоттық акция өткізді.Кездесулер Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінде, №48 лицейде және Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалында өтті. Іс-шараларға қалалық білім басқармасының өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, педагогтер және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Қорғаныс ведомствосының өкілдері оқушыларға әскерге шақыру және әскери қызмет өткеру шарттары, мерзімді қызмет сарбаздарына берілетін жеңілдіктер, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен армиялық мансаптың мүмкіндіктері туралы айтып берді.Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі полковник Даулет Бейсековтің айтуынша, бүгінде әскери қызмет жастарға кәсіби және тұлғалық дамуға кең мүмкіндік береді.– Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру жеңілдіктері қарастырылған. Ал жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер мемлекеттік грант есебінен тегін жоғары білім ала алады, – деп атап өтті ол.Акция қатысушылары Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейіне ерекше назар аударды. Мұнда аты аңызға айналған қолбасшыға арналған музей жұмыс істейді және робототехника бағыты қарқынды дамып келеді. 5–8 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру және түрлі механизмдердің жұмыс істеу қағидаларын меңгеруде.Оқу орнында «Жас сарбаз» сыныбы да жұмыс істейді. 7-сынып оқушысы Алина Серіктің айтуынша, әскери-патриоттық сыныпта оқу оны тәртіпті әрі жауапты болуға үйреткен.Оқушылар үшін Армия үйінде қару-жарақ пен әскери киімдердің көрмесі ұйымдастырылып, Жауынгерлік даңқ музейіне экскурсия өткізілді. Музей басшысы Алуа Байкадамова мұндай іс-шаралардың жастардың патриоттық тәрбиесіне және тарихи жадыны сақтауға қосатын үлесін атап өтті.Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғашқы әскери дайындық пәнінің бірқатар оқытушылары Қорғаныс министрлігі басшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.Акция Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы алдағы уақытта Қонаев және Талғар қалаларында жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219798?lang=kk
Микро және шағын бизнес 2026 жылы да салықтық қолдауға ие болады 14.05.2026
      Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендету және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылы микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салықтық әкімшілендіруді оңайлату шараларын жалғастыру туралы шешім қабылдады.      Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде төленбеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаcына, оның ішінде аванстық және ағымдағы төлемдер бойынша өсімпұл есептелмейді.     Бұл ретте аталған шара төлем көзінен ұсталатын салықтарға, импортталатын акцизделетін тауарларға салынатын акциздерге, импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығына, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге қолданылмайды.     Жоғарыда көрсетілген салық кезеңі бойынша өсімпұл есептеу 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кейін мынадай:хабарлама негізінде ұсынылған есептілікті қоса алғанда, қосымша салықтық есептілік ұсынылған;салықтық әкімшілендіру нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары салықтар мен төлемдер сомасын есептеген немесе қайта қараған жағдайда жүзеге асырылатынын атап өту қажет.     Қабылданған шара салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ сенім мен ашықтық негізінде мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1219833?lang=kk
Алматы облысында балық зауыты ашылды 14.05.2026
Алматы облысының Жамбыл ауданында «Kargaly Fish» балық шаруашылығы іске қосылды. Бұл кәсіпорында жылына 200 тоннаға дейін ханбалық (форель) және бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі. Жобаның жалпы құны – 450 миллион теңге. Шаруашылықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Кешеннің ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа нысан өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бірі екенін атап өтті.«Үкімет қаулысымен бекітілген 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір облыста тауарлы балық өсірумен 53 шаруашылық айналысады. Олардың жалпы өндірістік қуаты – 11 мың тонна. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығы жыл сайын артып келеді», – деді ол.Кәсіпорында тұйық сумен жабдықтау қондырғысы орнатылған. Көпсатылы сүзгіден өткізу, озондау және ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру жүйелері енгізілген. Бұл аурулардың алдын алып, экологиялық таза әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Яғни су сапасы, оттегі мөлшері, температура мен санитарлық жағдай тұрақты бақылауда болады.Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балық өсіру саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізіліп, акваөсіруді дамыту үшін арнайы субсидия қарастырылған. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері кеңейтілуде. Өткен жылы бұл салаға жергілікті бюджеттен 380 миллион теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. Ал биыл 315 миллион теңге қаржы қарастырылған.Жаңа кешен – Алматы облысында балық өсіру ісінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Бұл жоба өңір экономикасын ілгерілетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отандық балық өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1219692?lang=kk
Қазақстан Республикасында бейрезидент заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі туралы 14.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезиденттердің кірістеріне салық салу тәртібін туралы хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 221–бабы 2–тармағына сәйкес, бейрезиденттер Қазақстандағы көздерден алынған кірістер бойынша салықтарды салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеуге міндетті.Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістерге жатқызылатын бейрезиденттердің кірістерінің тізбесі Салық кодексінің 679–бабында айқындалған.Егер бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан аумағындағы қызметі тұрақты мекеме құруға алып келмесе, мұндай кірістерге салық салу Салық кодексінің 72–тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.Салық кодексінің 683–бабына сәйкес, мұндай бейрезиденттердің кірістері шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығына жатады.Салықты есептеуді, ұстап қалуды және аударуды салық агенті Салық кодексінің 682–бабында көзделген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүзеге асырады.Салықты ұстап қалу мынадай мерзімдерде жүргізіледі:– есептелген және нақты төленген кірістер бойынша – кіріс төленген күннен кешіктірмей;– есептелген, бірақ төленбеген және шегерімдерге жатқызылған кірістер бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімінен кешіктірмей.Салық агенті ұсталған салықты мынадай мерзімдерде аударуға міндетті:– есептелген және төленген кірістер бойынша – төлем жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей;– есептелген, бірақ төленбеген және шегерімдерге жатқызылған кірістер бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей;– аванс, яғни алдын ала төлем төленген кезде – аванс сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есептелген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей;– тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған немесе қызметтер көрсетілген кезде – тиісті міндеттемелер сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есептелген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 25 күннен кешіктірмей.Салық кодексінің 679–бабы 1–тармағының 39) тармақшасында көзделген кірістердің жекелеген түрлері бойынша Салық кодексінің 684–бабында белгіленген арнайы төлеу мерзімдері қолданылады.Салық агенті бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп–қисапты мынадай мерзімдерде табыс етуге міндетті:– I, II және III тоқсандар үшін – есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15–күнінен кешіктірмей;– IV тоқсан үшін – есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер орналасқан жері бойынша Салық кодексінің 359–бабында көзделген мерзімдерде корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1220500?lang=kk