Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуда

13.05.2026 20:43:33 169

2026 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Конго Демократиялық Республикасы Сауда министрлігі өкілдерінің арасында онлайн форматта дөңгелек үстелі болып өтті. Іс-шара КДР Президенті Жоғары Мәртебелі Феликс Чисекедидің 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарға серпін беру үшін мемлекеттік органдар деңгейіндегі алғашқы кездесуді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында көлік логистикасы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ энергетика және өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар консультацияларды жалғастыру, Конго делегациясының Астанаға ресми сапарын ұйымдастыру және олардың Қазақстанда өткізілетін халықаралық форумдар шеңберіндегі іс-шараларға қатысуы туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Кездесуге қатысушылар тауар айналымын одан әрі арттыруға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1219450?lang=kk