Жаңалықтар
500-ден астам теңіз жаяу әскері танк сынағы даярлығынан өтті 13.05.2026
«Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының 542 мерзімді әскери қызметшісі жас жауынгер курсындағы негізгі кезеңдердің бірі – танк сынағы даярлығы мен кедергілер жолағынан өтті.Әскери бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар жалпыәскери жарғыларды оқып-үйренуге, саптық және дене дайындығына, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану дағдыларын меңгеруге кірісті.Теориялық дайындықтан соң теңіз жаяу әскерлері тактикалық алаңда практикалық тапсырмаларды орындауға көшті. Жауынгерлік жағдайға барынша жақын ортада әскери қызметшілер жертасаға орналасып, бос оқтармен атысып, оқу гранаталарын лақтырып, сауытты техниканың көмегімен шартты қарсыласқа қарсы тактикалық маневрлер орындады.– Негізгі назар әскери қызметшілерді шартты қарсыластың танк бөлімшелеріне қарсы іс-қимыл жасауға практикалық тұрғыда дайындауға және жеке құрамның психологиялық төзімділігін қалыптастыруға аударылды. Қойылған барлық мақсат толық көлемде орындалды, жауынгерлер танк сынағы даярлығынан сәтті өтіп, кедергілер жолағын еңсерді, – деді Жас сарбаздарды даярлау жиынының бастығы подполковник Жеңіс Ахметқалиев.Оның айтуынша, танкпен сынақ даярлығы – жас сарбаздардың төзімділігін, өз күшіне сенімділігін және күрделі жағдайда әрекет етуге дайындығын қалыптастратын маңызды дайындық кезеңдерінің бірі.– Танк жертасаның дәл үстінен өткен сәтте қатты толқу мен зор жауапкершілікті сезінесің. Бірақ дәл осындай сәттерде сабыр сақтауды үйреніп, жауынгерлік тәжірибе жинайсың. Командирлер мен жолдастарымның қолдауының арқасында қорқынышты жеңіп, өз күшіме деген сенімімді арттырдым, – деді Ақмола облысынан шақырылған гвардия қатардағы жауынгері Нұрлан Борамбай. Практикалық сабақтар жас сарбаздарды әскери қызмет жағдайына моральдық-психологиялық тұрғыдан бейімдеуге бағытталды. Жас жауынгер курсынан кейін 23 мамыр күні теңіз жаяу әскерлері Әкери ант қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1218595?lang=kk
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы 13.05.2026
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдыАталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді айқындайды. Сонымен қатар ол адами капиталды дамытуда жасанды интеллект негізінде заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.Оқу-ағарту министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2026–2029 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Аталған жоспар мектептердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуды, оқушылардың нақты қажеттілігіне бейімделген оқыту тетіктерін енгізуді, педагог кадрларды даярлау мен білім алушылардың дербес деректерін қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді көздейді.Жарлықта шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мектептерді заманауи техникалық құралдармен және сапалы цифрлық білім беру ресурсымен қамтамасыз ету қарастырылған. Бастапқы кезеңде пилоттық жоба аясында тиімді шешімдерді кезең-кезеңімен енгізе отырып, еліміздегі 2600-ден астам шағын жинақты мектептің шамамен 500-ін қамту жоспарланды.Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын бекіту көзделген. Бұл стандарттар білім беру контентін әзірлеу және бейімдеу, оқу нәтижелерін бағалау, академиялық адалдықты қамтамасыз ету және жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелерін қамтиды.Бұған қоса педагогтердің біліктілігін арттыру мен цифрлық құзыреттерін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл ретте жасанды интеллект технологияларын қолдану педагогті алмастыруды көздемейді, өз кезегінде педагогтің кәсіби рөлін күшейтуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмысты кеңейтуге бағытталған қосымша құрал ретінде қарастырылады.Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі білім алушылардың дербес деректерін қорғау шараларын күшейту және білім беру мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды жүргізетін болады.Жасанды интеллект технологияларын қолдану педагогті алмастыруды көздемейді, өз кезегінде педагогтің кәсіби рөлін күшейтуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және оқушылармен жеке жұмысты кеңейтуге бағытталған қосымша құрал ретінде қарастырылады.Жарлықты іске асыру адами капиталды дамытуға және цифрлық экономика талаптарына сай жаңа буынды даярлауға бағытталған заманауи әрі бәсекеге қабілетті орта білім беру жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1219490?lang=kk
Қостанайда көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда 13.05.2026
Қостанай қаласында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған шаралар қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру және тұрғын үй қорының пайдалану мерзімін ұзарту мақсатында жүргізілуде.Жөндеу барысында ғимараттардың қасбеттері жаңартылып, сырлау және қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар шатыр жабындарын жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, олардың техникалық жағдайын нығайтуға мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар қаланың көркін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.Дереккөз: https://www.instagram.com/reel/DX4e3pIsN7X/?Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1218582?lang=kk
Кения Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдайды 13.05.2026
Найроби, 2026 жылғы 12 мамыр – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, Найробидегі БҰҰ кеңсесіндегі Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Су, санитария және ирригация министрі Эрик Мугаа мырзамен кездесті.Кездесу барысында тараптар су ресурстары саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Сонымен қатар, Елші Б.Садықов контр-әріптесті ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мәселелерін шешудегі Қазақстанның тәсілдері мен тәжірибесі, «2024-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының су ресурстарын пайдалану және басқару тұжырымдамасы» мен «Су кодексінің» қабылдануы туралы хабардар етті.Сондай-ақ, 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің нәтижелері мен БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын (ХСУ) құру туралы ҚР бастамасы жөніндегі ақпарат берілді. Кениялық тарап Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы өзекті мәселелерді ілгерілету бойынша күш-жігерін жоғары бағалап, ХСУ бастамасын жүзеге асыру мәселесіне оң көзқараспен қарайтынын және оған барынша қолдау көрсетуге дайындығын мәлімдеді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісіп, ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен шараларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1218445?lang=kk
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды 13.05.2026
Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1218446?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург технологиялар, авиация және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 13.05.2026
Люксембург, 2026 жылғы 11 мамыр – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия және Люксембургтегі Елшісі Роман Василенко цифрлық технологиялар, авиациялық логистика және инновациялар салаларындағы жетекші люксембургтік және халықаралық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.Келіссөздердің негізгі тақырыптары бірлескен жоғары технологиялық жобаларды іске асыру, көлік-логистикалық өзара байланыстылықты дамыту және Қазақстан мен Люксембург арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері болды.«SES» компаниясының штаб-пәтерінде Елші Р.Василенко компанияның бас директоры Адель Аль-Салехпен кездесті. Тараптар Еуропалық одақтың «Team Europe Initiative on Digital Connectivity in Central Asia» жобасын іске асыру, Қазақстандағы спутниктік байланысты дамыту, сондай-ақ ұлттық ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту жобаларына люксембургтік тараптың қатысу перспективаларын талқылады.«Cargolux» компаниясында Елші Р.Василенко компания президенті Ричард Форсонмен және қаржы директоры Максим Штрауспен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында авиакомпанияның Қазақстандағы қызметін қайта бастау перспективалары, сондай-ақ Қазақстанды өңірлік авиациялық жүк хабы ретінде дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруға «Cargolux»-тың қатысуы талқыланды.Жаһандық транзиттік бағыттардың өзгеруі және Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі көлік дәліздерінің бірі ретіндегі рөлінің артуына ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда халықаралық логистикалық тізбектердің трансформациясы жағдайында Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы атап өтілді. Сапар аясында сондай-ақ «Hydrosat» компаниясының президенті және тең құрылтайшысы Ройс Далбимен кездесу өтті.Тараптар су ресурстарын спутниктік мониторингтеу, цифрлық ауыл шаруашылығы және климаттық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-пен бірлескен жобаларды талқылады. Кездесулер барысында 2005 жылдан бері Люксембургтен Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жиынтық жалпы ағыны 3,8 млрд АҚШ долларынан асқаны атап өтілді.Бұл люксембургтік қаржы және технологиялық құрылымдардың қазақстандық нарыққа деген тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Сапар қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Люксембург арасындағы инвестициялық, технологиялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1218452?lang=kk
Қазақстанның Елшісі Скопьеде өткен дипломатиялық теннис турниріне қатысты 13.05.2026
Скопье, 2026 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Республикасы Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігінің күні мен Еуропа күніне орай Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің эгидасымен өткен «Бизнес дипломатиямен кездеседі» атты дипломатиялық теннис турниріне қатысты.Іс-шараға Босния және Герцеговина, Испания, Қазақстан елшілері, сондай-ақ АҚШ, Словакия, Швейцария елшіліктерінің өкілдері қатысты.Турнирдің символикасын атап өте келе, дипломатиялық корпус пен іскерлік орта өкілдерін біріктірген дипломатиялық теннис турнирі бейресми қарым-қатынас жасау және кәсіби байланыстарды нығайту үшін тиімді алаңға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1218458?lang=kk
Қазақстан мен Люксембург саяси диалог пен гуманитарлық байланыстарды нығайтуда 13.05.2026
Люксембург, 2026 жылғы 12 мамыр – Люксембург Ұлы Герцогтігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі Роман Василенко Люксембургтің мемлекеттік құрылымдары, парламенті, академиялық ортасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, Еуропалық одақпен өзара іс-қимылды, парламентаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Люксембургтің Сыртқы және еуропалық істер министрлігінде Елші Р.Василенко Люксембург СІМ Саяси директорының орынбасары Жиль Бауэрмен кездесті. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі дамыту және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы сыртқы істер министрліктері консультацияларын өткізу мәселелері қаралды.Қазақстан тарапы елде жүзеге асырылып жатқан саяси және конституциялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы ақпарат берді.Люксембург Парламентінде Сыртқы және еуропалық істер комитетінің төрағасы Густи Грааспен кездесу өтті. Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде сапарлар алмасу және парламенттік достық топтары арасындағы байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.Люксембург университетінде Елші халықаралық қатынастар жөніндегі проректор профессор Мари-Элен Жобинмен кездесті. Академиялық ынтымақтастықты, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен академиялық ұтқырлықты кеңейту перспективалары талқыланды.Сонымен қатар, Елші Р.Василенко люксембургтік БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізіп, Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, ЕО-мен ынтымақтастық және елдің сыртқы саяси басымдықтары туралы баяндады.Сапар қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты, парламентаралық байланыстарды, сондай-ақ білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1218463?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады 13.05.2026
Астана, 2026 жылғы 12 мамыр - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) Атқарушы директоры Диене Кейтамен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге арналған әмбебап алаң ретіндегі БҰҰ-ның бірізді қолдаушысы болып табылады және көпжақты диалогты кешенді реформалауға бағытталған «UN80» бастамасын іске асыруға белсенді қатысуда.Осы тұрғыда Министр Қазақстан Үкіметі мен ЮНФПА арасындағы ана мен сәби өлімін төмендету, жастар денсаулық орталықтарын дамыту және демография мен халық мәселелері бойынша кешенді зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты оң бағалады.Е.Көшербаевтың айтуынша, денсаулық сақтау, жастар саясаты және гендерлік теңдік мәселелері ЮНФПА-мен өңірлік диалогтың маңызды бағыттарының біріне айналуы тиіс.Осы ретте Министр Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының алаңын ЮНФПА-ның өңірдегі қатысуын кеңейту үшін белсенді пайдалануға шақырды.Өз кезегінде, Д.Кейта БҰҰ Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілету, әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жүйелі реформаларын жоғары бағалайтынын атап өтті.Сондай-ақ, ол Қазақстанның денсаулық сақтау, жастар және отбасы саясатын дамыту, сондай-ақ ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету салаларында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ұйымның Алматы қаласында демографиялық орнықтылық мәселелері бойынша ЮНФПА-ның Орталық Азия хабын ашу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Аталған хаб өңірдегі демографиялық даму мәселелерін жинақтау, талдау және зерттеу жөніндегі орталыққа айналады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1218504?lang=kk
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды 13.05.2026
Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1221202?lang=kk
Қазақстан Елшілігі Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шараларына қатысты 12.05.2026
2026 жылғы 8-9 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Елшілігінің дипломаттары Братислава қаласында фашизмді жеңудің 81 жылдығына арналған еске алу іс-шараларына қатысты.Славин мемориалдық кешенінде Словакия мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус және Братислава жұртшылығы Словакияны азат ету жолындағы шайқастарда қаза тапқан кеңес жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.2026 жылғы 10 мамырда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Ж.Сағынова Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында антифашистік қозғалыс пен Словакия ұлттық көтерілісінің маңызды орталықтарының бірі болған Липтовски-Микулаш қаласында өткен салтанатты еске алу рәсіміне қатысты.Іс-шараға Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Премьер-министр Роберт Фицо, Ұлттық кеңес төрағасы Рихард Раши, дипломатиялық корпус өкілдері мен соғыс ардагерлері қатысты. Қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Гай-Ницово мемориалына гүл шоқтарын қойды.Анықтама: Славин мемориалдық кешені Еуропадағы ең ірі мемориалдардың бірі әрі Словакиядағы кеңес жауынгерлеріне арналған басты мемориал болып табылады. Кешен 1960 жылы 1945 жылдың көктемінде Словакияны азат ету кезінде қаза тапқан Қызыл Армияның 6845 сарбазы мен офицері жерленген орында ашылды.Гай-Ницово мемориалы - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаланы азат ету барысында қаза тапқан 4563 кеңес және чехословак жауынгерінің рухына арналған тарихи мемориалдық кешен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1218422?lang=kk
СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА 12.05.2026
СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДАШымкент қаласының Сәуле шағынауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның нәтижесінде 950 үй тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, ауданда заманауи инженерлік инфрақұрылым қалыптастырылады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның мердігері – «ЭнергоСетьСтрой» ЖШС. Жалпы, 6 трансформаторлық қосалқы станция орнату көзделген, оның ішінде қуаты 250 кВА 1 трансформатор, қуаты 400 кВА 4 трансформатор және қуаты 630 кВА 1 трансформатор бар. Сонымен қатар, кернеуі 10 кВ 15,4 шақырым кабель желісі және кернеуі 0,4 кВ 19,6 шақырым кабель желісі тартылады. Қазіргі таңда 446 бағана орнатылып, траншея қазылуда. Сондай-ақ, кернеуі 10 кВ 15,4 шақырым кабель желісі және кернеуі 0,4 кВ 13,5 шақырым кабель желісі төселді. Бұған қоса 1 тарату пункті орнатылып, 5 трансформаторлық қосалқы станция орнатылуда. Құрылыс-монтаж жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, 85 пайызы аяқталды. Жобаны 2026 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1218393?lang=kk
Солтүстік Македония Үкіметінде ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды 12.05.2026
Скопье, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Премьер-министрі Кеңсе Басшысы Игорь Янушевпен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың үдемелі дамуына ризашылық білдірді.Атап айтқанда, 2025 жылы Президент Гордана Силяновска-Давкованың, сондай-ақ Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің Астанаға жұмыс сапарлары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бергені атап өтілді.Осыған байланысты тараптар биылғы жылдың сәуір айында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясының және Скопьеде өткен Қазақстан-Македония бизнес-форумының табысты өткізілуін құптады.Бұдан басқа, әңгіме барысында жаңадан құрылған Қазақстан-Македония іскерлік кеңесі шеңберінде өзара сауда мен инвестицияларды арттыру жолдары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1218400?lang=kk
Қазақстан мен Латвия сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда 12.05.2026
Рига, 2026 жылғы 12 мамыр - Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов Қазақстан Республикасымен іскерлік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі бірқатар ірі латвиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.Іс-шара барысында 2026 жылғы мамыр айының үшінші онкүндігінде Латвия делегациясының Қазақстан Республикасына жоспарланған сапары, оның ішінде В2В форматындағы кездесулер, «Латвия – Қазақстан 2026» бизнес-форумының күн тәртібі және басқа да іс-шаралар талқыланды. Тараптардың көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсібі, IT, жасанды интеллект, сондай-ақ «жасыл» экономика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталғаны атап өтілді.Қазақстандық дипломат жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Саяси жүйені ауқымды жаңғыртумен қатар, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған кең көлемді экономикалық реформалар жүзеге асырылатыны айтылды. Осыған байланысты ол латвиялық бизнес өкілдерін қолданыстағы тетіктер арқылы да, жаңа өзара іс-қимыл форматтарын қалыптастыру жолымен де екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды белсенді түрде нығайтуға шақырды.Тараптар қазақстандық-латвиялық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беру мақсатында тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1218371?lang=kk
Қазақстан мен Наровал университеті білім беру және конфессияаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді 12.05.2026
Исламабад, 2026 жылғы 12 мамыр – Ержан Қыстафин Наровал университетінің вице-канцлері, проф. д-р Мұхаммад Зиа уль-Хақпен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал бастамашылық еткен және биылғы 5-6 мамыр күндері Наровал университетінде өткен ІІ Наровал бейбітшілік диалогының табысты өтуімен вице-канцлерді құттықтады.Өз кезегінде вице-канцлер Мұхаммад Зиа уль-Хақ Елшіге іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гульсана Кожабай бастаған қазақстандық делегацияның белсенді рөлін ерекше атап өтті.Сонымен қатар, кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар академиялық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Пәкістанның оқу орындары басшыларының өзара сапарларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.Кездесу қорытындысы бойынша биыл Пәкістан делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1218383?lang=kk
Тек қолма-қол ақшамен төлеу: сатушылардың мұндай талаптары заңды ма? 12.05.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті: жекелеген кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартатын және сатылған тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін тек қана қолма-қол ақшамен төлеуді талап ететін жағдайлар тіркелетінін хабарлайды.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес (2026 жылға арналған қолданыстағы редакцияда) төлемдер түрлі тәсілдермен: банк картасымен, QR-төлеммен немесе қолма-қол ақшамен жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпкерлер аталған төлемнің барлық нысандарын тең қабылдауға міндетті.Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 194 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген:- бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту;- ал қайталап заң бұзғаны үшін — шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК (173 000 теңге) мөлшерінде айыппұл (орта кәсіпкерлік үшін — 60 АЕК, ірі кәсіпкер үшін – 100 АЕК).Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер сатып алушыға фискалдық чек беруге міндетті. Фискалдық чекті беруден бас тарту әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдаудан бас тартқан кезде қайда жүгінуге болады? Мұндай фактілер туралы Мемлекеттік кіріс органдарына хабарлаңыз. eOtinish сервисі арқылы өтініш беріңіз (міндетті түрде растайтын құжаттарды қоса беріңіз: фото, видео, чектер, айғақтар және т.б.) немесе аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына қолма-қол хабарласыңыз.Заңнама талаптарын сақтау тұтынушылардың құқықтарын қорғайды және елдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуына ықпал етеді. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді заң нормаларын мүлтіксіз орындауға шақырады және мынаны еске салады: ыңғайлы және қауіпсіз қолма-қол ақшасыз төлемдер – бұл сатып алушының уақыты мен құқығының талабы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1218342?lang=kk
Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі 12.05.2026
Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі (бұдан әрі - ҚАМО)ММЖД немесе ЖОО мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - веб-порталында) ҚАМО теңгеріміне беруге ұсынылатын тәркіленген мүлік туралы хабарламаны өтінімдерді ашу күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын жариялайды.ҚАМО аталған мүлікке қажеттілік болған жағдайды веб-портал арқылы мүліктің атауын, қажетті санын, оны берудің қажеттілігін негіздемесін көрсете отырып өтінім береді және тиісті саладағы уәкілетті орган қорытындысының электрондық (сканерленген) көшірмесін қоса тіркейді, онда мүлікті берудің экономикалық орындылығының мынадай өлшемшарттарғы көрсетіледі;- мүлікке белгіленген табиғи нормалар шегіндегі қажеттілік;- мүлікті нысаналы пайдалану және өндірістік қажеттіліктің болуы;- мүлікті күтіп-ұстау мен пайдалануды қаржылық қамтамасыз ету.Өтініштерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыт басталғаннан кейін веб-портал арқылы олар автоматты түрде ашылады.Өтініштер және оларға қоса берілген құжаттар ММЖД немесе ЖОО комиссиясымен олардың жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады және олар бойынша ММЖД немесе ЖАО комиссиясы хаттамамен рәсімделетін шешім қабылдайды.Бірнеше өтініш болған жағдайда жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген және өтінішті бірінші болып берген ҚАМО -ға басымдық беріледі. Егер оның қажеттілігі қанағаттандырылғаннан кейін мүліктің артығы қалса, онда ол келесі өтініш берушілерге ұсынылады.Комиссияның оң шешімі болған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ММЖК/ММЖД немесе ЖОО ҚАМО теңгеріміне мүлікті бекіту/беру туралы шешім қабылдайды, содан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ол қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1218302?lang=kk
«Татулық – тұрақтылық кепілі» 12.05.2026
1 мамыр күні «Жастар» АМҮ- де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық – тұрақтылық кепілі» атты мерекелік іс-шара өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1218162?lang=kk
6 мамыр күні «Жастар» аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты мерекелік концерт өтті. 12.05.2026
6 мамыр күні «Жастар» аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты мерекелік концерт өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1218170?lang=kk
«Менің елімнің тағдырындағы соғыс» 12.05.2026
6-мамыр күні Федоров аудандық орталық кітапханасында «Менің елімнің тағдырындағы соғыс» еске алу кеші өтті. Іс-шараға (ФАШК) студенттері мен Федоров ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.Жиналған қауымның алдында ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Х. Қуржаева құттықтау сөз сөйледі.Кітапханашылар баяндаманы бейнероликтермен сүйемелдей отырып, Қазақстан мен Қостанай облысының Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері-федоровтықтар туралы айтып берді. Г. М. Кравцов, Н. К. Лобач, М. Л. Клюка және Н. В. Люлюкке ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1218179?lang=kk