СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

12.05.2026 19:59:55 229

Шымкент қаласының Сәуле шағынауданында жүзеге асырылып жатқан жобаның нәтижесінде 950 үй тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, ауданда заманауи инженерлік инфрақұрылым қалыптастырылады. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаның мердігері – «ЭнергоСетьСтрой» ЖШС. Жалпы, 6 трансформаторлық қосалқы станция орнату көзделген, оның ішінде қуаты 250 кВА 1 трансформатор, қуаты 400 кВА 4 трансформатор және қуаты 630 кВА 1 трансформатор бар. Сонымен қатар, кернеуі 10 кВ 15,4 шақырым кабель желісі және кернеуі 0,4 кВ 19,6 шақырым кабель желісі тартылады. Қазіргі таңда 446 бағана орнатылып, траншея қазылуда. Сондай-ақ, кернеуі 10 кВ 15,4 шақырым кабель желісі және кернеуі 0,4 кВ 13,5 шақырым кабель желісі төселді. Бұған қоса 1 тарату пункті орнатылып, 5 трансформаторлық қосалқы станция орнатылуда. Құрылыс-монтаж жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, 85 пайызы аяқталды. Жобаны 2026 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1218393?lang=kk