Қазақстанның Елшісі Скопьеде өткен дипломатиялық теннис турниріне қатысты
13.05.2026 08:31:08 267
Скопье, 2026 жылғы 10 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Республикасы Сыртқы істер және сыртқы сауда министрлігінің күні мен Еуропа күніне орай Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің эгидасымен өткен «Бизнес дипломатиямен кездеседі» атты дипломатиялық теннис турниріне қатысты.
Іс-шараға Босния және Герцеговина, Испания, Қазақстан елшілері, сондай-ақ АҚШ, Словакия, Швейцария елшіліктерінің өкілдері қатысты.
Турнирдің символикасын атап өте келе, дипломатиялық корпус пен іскерлік орта өкілдерін біріктірген дипломатиялық теннис турнирі бейресми қарым-қатынас жасау және кәсіби байланыстарды нығайту үшін тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1218458?lang=kk