Қазақстан Елшілігі Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шараларына қатысты

Қазақстан Елшілігі Жеңіс күніне арналған еске алу іс-шараларына қатысты

12.05.2026 20:21:48 231

2026 жылғы 8-9 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Елшілігінің дипломаттары Братислава қаласында фашизмді жеңудің 81 жылдығына арналған еске алу іс-шараларына қатысты.

Славин мемориалдық кешенінде Словакия мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус және Братислава жұртшылығы Словакияны азат ету жолындағы шайқастарда қаза тапқан кеңес жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

2026 жылғы 10 мамырда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Ж.Сағынова Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында антифашистік қозғалыс пен Словакия ұлттық көтерілісінің маңызды орталықтарының бірі болған Липтовски-Микулаш қаласында өткен салтанатты еске алу рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Премьер-министр Роберт Фицо, Ұлттық кеңес төрағасы Рихард Раши, дипломатиялық корпус өкілдері мен соғыс ардагерлері қатысты. Қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, Гай-Ницово мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Анықтама: Славин мемориалдық кешені Еуропадағы ең ірі мемориалдардың бірі әрі Словакиядағы кеңес жауынгерлеріне арналған басты мемориал болып табылады. Кешен 1960 жылы 1945 жылдың көктемінде Словакияны азат ету кезінде қаза тапқан Қызыл Армияның 6845 сарбазы мен офицері жерленген орында ашылды.

Гай-Ницово мемориалы - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаланы азат ету барысында қаза тапқан 4563 кеңес және чехословак жауынгерінің рухына арналған тарихи мемориалдық кешен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1218422?lang=kk