Жаңалықтар
«Халық қатысатын Бюджет» 12.05.2026
Дауыс беру қорытындысы бойынша «Халық қатысатын Бюджет» жобасы аясында Курчатов қаласы әкімдігінің сараптамалық кеңесі «Орталық субұрқақты орнату» жобасын іске асыру туралы шешім қабылдады. Курчатов қаласы әкімдігінің сараптамалық кеңесінің бекітілген ережелеріне сәйкес 2026 жылғы 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында «Халық қатысатын Бюджет» жобасы бойынша қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстар қабылданды. Барлығы 3 жобалық ұсыныс түсті.Бағалау және алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша дауыс беруге келесі жобалар жіберілді:«Қобыз және домбыра» ұлттық үлгідегі Шағын архитектуралық үлгі орнату» - 0 дауыс;«Орталық субұрқақты орнату» - 22 дауыс.Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша жобаны іске асыру туралы сараптамалық кеңес мүшелері бірауыздан шешім қабылдады:Абай көшесіндегі «Орталық субұрқақты орнату».Жоба авторы-Рахимжанова Ж. Ж. «Халық қатысатын Бюджет» жобасына белсенді қатысқаны және қалалық ортаның дамуына қосқан үлесі үшін қала тұрғындарына алғыс айтамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1218196?lang=kk
Қазақстан Таяу Шығыстағы жетекші азық-түлік компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда 12.05.2026
Рияд, 2026 жылғы 11 мамыр – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Almarai» компаниясының Бас атқарушы директоры Фауаз Әл-Джассермен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыру, өндірістерді оқшаулау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін жеткізуді кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қазақстан Елшісі астық дақылдарын, ет және сүт өнімдерін өндіруді қоса алғанда, елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы елеулі әлеуетін атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тараптың озық технологиялар мен инвестицияларды тартуға мүдделілігін білдірді.Өз кезегінде, компанияның басшылығы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының жоғары әлеуетін атап өтіп, елдің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылық танытты.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын пысықтауға келісті.«Almarai» – 1977 жылы Сауд Арабиясында құрылған Таяу Шығыстағы ең ірі азық-түлік компаниясы. Компания сүт өнімдерін, шырындарды, нан-тоқаш өнімдерін және балалар тағамын өндіреді. «Almarai» өңірдегі тамақ өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі болып саналады және заманауи агротехнологиялар мен азық-түлік қауіпсіздігіне белсенді инвестиция салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1218201?lang=kk
Өңіріміздің тағы бір елді мекені көгілдір отынына қосылды 12.05.2026
Әулиекөл ауданы Диев ауылының 2 мыңға жуық тұрғыны табиғи газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды.Аудан орталығындағы автоматтандырылған газ тарату станциясынан Диев ауылына дейінгі газ құбырын тарту жобасы 2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың қазан айына дейін жүзеге асырылды.«Бүгін Диев тұрғындары үшін маңызды күн. Біз үйлерге көгілдір отын беріп отырмыз. Бұл тек инфрақұрылымдық жоба ғана емес, адамдардың өмір сапасын жақсартуға жасалған үлкен қадам», – деді салтанатты рәсімде Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.Құрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны жергілікті бюджет есебінен 2 млрд теңгені құрады. Жалпы ұзындығы 56,3 шақырым газ құбыры салынды.Газ қысымын жоғары деңгейден төмен деңгейге түсіру үшін төрт блокты газ реттеу пункті орнатылды.Елді мекенге көгілдір отын тарату аясында Диев ауылындағы газ тарату желілерін салу жобасы да жүзеге асырылып, ол 2025 жылдың қазан айында аяқталды.Газ тарату желілерін салу жобасының жалпы сметалық құны 535,625 млн теңгені құрады. 17,4 шақырым газ құбыры тартылды.«Ауыл ақсақалдары атынан және өз атымнан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, облыс басшылығына және осы ауқымды жобаны жүзеге асырған барлық мамандарға шынайы алғысымды білдіремін. Осындай қамқорлықтың нәтижесін көру – үлкен қуаныш. Табиғи газ келіп, әр шаңырақта жылу мен береке орнасын», – деді ауыл ақсақалы Қабыл Құсайынов.Осылайша, аудандағы газдандыру деңгейі 51,8%-ға дейін өсіп отыр.Қазіргі таңда ауданда тағы 3 жоба іске асырылу және әзірлеу сатысында. Олар: Құсмұрын (бірінші кезек), Новонежин және Тимофеев ауылдарындағы газ тарату желілерінің құрылысы.Қостанай облысындағы 501 елді мекеннің 87-сі табиғи газбен қамтамасыз етілген.Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 5,1 мың шақырымды құрайды. Оның 4,3 мың шақырымы – тарату желілері, ал 819,7 шақырымы – магистральдық газ құбырлары.Соңғы үш жылда (2023–2025 жылдары) шамамен 8 мың адам газ желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. 2025 жылы облыстың газдандыру деңгейі 60,4%-ға жетті.Диев ауылындағы жобаның жүзеге асуы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, тұрғын үй құрылысы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1218251?lang=kk
ТМД мемлекеттері салық қызметінің халықаралық жастар форумы 12.05.2026
2026 жылғы 12 мамырда Шымкент қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттері салық қызметінің халықаралық жастардың форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды іс-шарада Достастық елдерінің салық әкімшіліктерінің өкілдері, жас мамандар, салалық сарапшылар мен бейінді мемлекеттік орган басшылары бас қосты. Форум қатысушыларына арнап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов құттықтау сөз сөйледі. Ержан Біржанов өз сөзінде қазіргі заманғы салық қызметі тек тиімді әкімшілендіру ғана емес, сонымен қатар сенімге, қолайлылыққа және клиентке бағдарланған тәсілге негізделген сервистік экожүйе екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік сервистерді дамыту мен цифрлық трансформацияда жас буынның рөліне ерекше назар аударылды. «Мемлекет пен азамат арасындағы шекараны түбегейлі жоятын, салық қызметін сенімді цифрлық көмекшіге айналдыратын – дәл осы жас көшбасшылар», – деді Е. Біржанов. Бақытжан Слямов өз сөзінде ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын, институционалдық жадыны сақтауды және Достастық елдерінің салық әкімшіліктері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуды атап өтті. «Бүгінде салық қызметі – ең жоғары технологиялы мемлекеттік экожүйелердің бірі. Біз мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыра отырып, Big Data, жасанды интеллект және блокчейн технологияларымен жұмыс істейміз», – деді Б. Слямов. Үш күн бойы форумға қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы IT-шешімдерді енгізуді, жасанды интеллект технологияларын қолдануды, клиентке бағдарланған тәсілдерді дамыту, сондай-ақ жастардың мемлекеттік институттарды трансформациялаудағы рөлін талқылайды. Халықаралық жастар форумы ашық диалог, үздік практикамен алмасу, жаңа бастамалар әзірлеу және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған тиімді алаң болмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1218269?lang=kk
Аңдатпа. KEDEN» АЖ жұмысына қатысты проблемалық мәселелерді және басқа да мәселелерді талқылау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен дөңгелек үстел өткізіледі 12.05.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылар !Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 13 мамырда сағат 11.00-де Департаменттің мәжіліс залында «KEDEN» ақпараттық жүйесіне қатысты мәселелерді талқылау, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін туындайтын проблемалық мәселелерді жүйелендіру, «KEDEN» жүйесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және басқа да мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1218273?lang=kk
Темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау 12.05.2026
Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қостанай облысының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков «Jastar MED» Жастар денсалығы орталығының басшысы А.Садвокасовамен бірлесіп, темекі шегудің алдын алу және саламатты өмір салтын насихаттау тақырыбында семинар өткізді.Семинарға облыс әкімі аппаратының және облыстық басқармалардың қызметшілері қатысты. Қатысушылар кеңес алды, презентациямен таныстырылды және оларға ақпараттық буклеттер таратылды.Спикер темекі шегудің, электрондық сигареттер (вейптер) олардың компоненттерінің – никотин, шайыр және көміртегі тотығының адам организіміне, айналадағы ортаға, соның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларға әсері туралы пікірімен бөлісті. Астма және хроникалық бронхитпен ауру мүмкіндігі күшейеді. Адамның асқазан-ішек органдары, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйелеріне зиян тиеді. Ерлердің жыныстық функциясы мен әйелдердің репродуктивті функциясы әлсірейді. Сонымен қатар спикер «жеңіл» сигареттер туралы мифтерді жоққа шығарды .Кездесу барысында қызметшілер холестерин, қант денгейін, артериалдық қысымды өлшеу мақсатында экспресс-тесттерді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1218121?lang=kk
Маркетплейстер «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды ілгерілетуге міндеттеледі 12.05.2026
«Қазақстанда жасалған» таңбасына қойылатын талаптар енді тек сауда желілеріне ғана емес, онлайн-платформаларға да қолданылмақ. ҚР Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарларды офлайн-бөлшек саудада да, электронды коммерцияда да ілгерілету талаптарын күшейтіп жатыр. Маркетплейстер үшін қазақстандық өнімдерді іздеу нәтижелерінде басым көрсету және «Қазақстанда жасалған» арнайы бөлімдерін құру бойынша міндетті тетіктер енгізіледі. Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер пакеті мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтуде. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айжан Бижанова «Сауда желілерінде «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде мәлімдеді.Жаңа талаптар отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сауда нысандарында қазақстандық тауарлардың үлесі кемінде 30 пайыз болуы тиіс. Бұдан бөлек, «Даму» қорының қолдау бағдарламалары аясында сөре кеңістігінің тағы 20 пайызына дейін отандық өнімге бөлінуі мүмкін. Осылайша, қазақстандық тауарлар дүкен ассортиментінің жартысына дейін қамтуға мүмкіндік алады.«Сонымен қатар, тұтынушының отандық өнімді көруі де маңызды. Сондықтан заңнама тек сандық көрсеткіштерге ғана емес, тауарды орналастыру сапасына да талап қояды. Отандық өндірушілердің өнімі сатып алушының көз деңгейінде, қолжетімді жерде орналасуы тиіс. Бұл — «алтын сөре». Сатып алушы ең алдымен дәл осы сөредегі тауарға назар аударады. Қазақстандық өндіруші мұндай орынға лайық деп есептеймін», - деді Айжан Бижанова.Мұндай тәсілдердің тиімділігін Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық жүргізген эксперимент нәтижелері де көрсетті. Magnum сауда желісімен бірлесіп, зерттеушілер қазақстандық ірімшіктерді ілгерілетуге арналған мінез-құлықтық құралдарды сынақтан өткізді. Жоба мінез-құлық ғылымы саласына маманданған британдық Behavioural Insights Team компаниясының әдіснамалық қолдауымен жүзеге асырылды.Дүкендерде баннерлер, сөре бөлгіштері, стикерлер, сөре ленталары және «Қазақстанда жасалған» таңбасына назар аудартатын аудиохабарламалар қолданылды. Эксперимент төрт апта бойы нақты сатып алу ортасында жүргізілді.Нәтиже халықаралық көрсеткіштерден жоғары болды. Пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан. Салыстырмалы түрде алғанда, әлемдік тәжірибеде мұндай мінез-құлықтық құралдардың орташа әсері шамамен 8 пайызды құрайды.«Біз мінез-құлықтық құралдарды қазақстандық жағдайда ірімшік мысалында сынап көруді жөн көрдік. Ірімшік негізгі азық-түлік тауарларының қатарына жатады, алайда бұл сегментте импорт үлесі жоғары — 47 пайыз. Эксперименттің небәрі төрт аптасында пилоттық дүкендердегі қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға өсті. Бұл — өте жоғары көрсеткіш. Эксперимент нәтижесі қазақстандықтардың “экономикалық патриотизмге” дайын екенін көрсетті. Ол үшін тұтынушыға дүкенде таңдау жасауға көмектесу қажет, яғни өнімді танымал әрі көзге көрінетін ету керек», - деді Ұлттық аналитикалық орталықтың Мемлекеттік басқару және мінез-құлықтық мемлекеттік саясат орталығының директоры Салтанат Джаненова.Министрлік талаптардың сақталуына бақылауды да күшейтпек. Заңнама талаптарының бұзылуы туралы шағымдар жоспардан тыс тексерулер жүргізуге негіз бола алады. Отандық тауарлардың сауда желілеріне қолжетімділігін шектеу, нұсқамаларды орындамау және жеткізушілермен жұмыс талаптарын бұзу фактілері үшін айыппұл қарастырылған.Сонымен қатар, Сауда және интеграция министрлігі жаңа заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Атап айтқанда, «өнімсіз делдал» ұғымын енгізу, сауда кедергілеріне бақылауды күшейту және бос сауда орындары болған жағдайда отандық өндірушілерге сауда алаңдарына қолжетімділік беруді міндеттеу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1218105?lang=kk
Қазақстан мен Словения туризм саласындағы серіктестікті жандандыруда 12.05.2026
Любляна, 2026 жылғы 12 мамыр – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Slovenian Tourist Board Бас директоры Майя Пак Олаймен туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Қазақстанның туристік әлеуетін еуропалық бағытта насихаттауға, екі елдің туристік компаниялары арасындағы байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ іскерлік және іс-шара туризмін дамытуға ерекше назар аударылды.Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Қазақстанның туризм индустриясын қолдау шараларын, соның ішінде инфрақұрылымды дамытуды, экологиялық, мәдени және этнотуризмді насихаттауды, сондай-ақ Орталық Азияның ең ірі туристік көрмесі - Алматыда өтетін Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесін (KITF) қоса алғанда, халықаралық бейіндік көрмелерді өткізуді таныстырды. KITF жыл сайын әлемнің ондаған елінен жүздеген компаниялар мен туризм индустриясының өкілдерін біріктіретіні және халықаралық диалог пен жаңа туристік бағыттарды насихаттау үшін маңызды алаң ретінде қызмет ететіні атап өтілді.Қазақстанның Елшісі тәжірибе алмасуды жандандыру, туристік өнімдерді бірлесіп насихаттау және сала өкілдері арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында Kazakh Tourism мен Slovenian Tourist Board арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ынтымақтастық перспективаларын талқылау және Қазақстандағы туристік мүмкіндіктерді таныстыру үшін Рогашка-Слатинада словениялық туристік компаниялардың қатысуымен іскерлік таңғы ас өткізу бастамасы көтерілді.Өз кезегінде Майя Пак Олай қазақстандық тараптың бастамаларын қолдап, екі елдің туристік ұйымдары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға қызығушылық танытты. Slovenian Tourist Board Словенияны тұрақты, экологиялық және жоғары сапалы туристік бағыт ретінде насихаттаумен айналысатыны, «жасыл» және бутик туризмін дамытуға ерекше назар аударатыны атап өтілді.Тараптар Қазақстан мен Словения арасындағы туристік алмасуды кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Словениядағы шетелдік туристердің көпшілігі Еуропалық Одақ елдерінен келген қонақтар екені және елдің өзі табиғи, сауықтыру және мәдени туризмді белсенді насихаттаудың арқасында жыл сайын шамамен 6 миллион турист қабылдайтыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1218005?lang=kk
Қазақстанда алғаш рет: AlmaU студенті Dual Award бағдарламасы бойынша ACCA халықаралық дипломының иегері атанды 12.05.2026
Almaty Management University (AlmaU) студенті Дарина Жанысбай ҚР ЖОО-дарының аккредиттелген бағдарламалары арасында Dual Award бағдарламасы бойынша ACCA-ның «Қаржы және бизнесті басқару» дипломының алғашқы иегері атанды. Бұл – бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы ең беделді кәсіби жетістіктердің бірі.ACCA біліктілігін алу осы саладағы кәсіби дамудың ең күрделі кезеңдерінің бірі болып саналады. ACCA қауымдастығы (Association of Chartered Certified Accountants) әлемнің 180-нен астам елінің мамандарын біріктіреді, ал оның дипломдары жетекші халықаралық компаниялар мен аудиторлық ұйымдар тарапынан мойындалады.Дарина AlmaU университетінің School of Digital Technologies and Economics мектебінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті және халықаралық кәсіби стандарттарға сай жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.«Мен үшін ACCA дипломы – оған қаншалықты еңбекпен қол жеткізгенімді және өз мүмкіндіктерімді еске салатын маңызды жетістік. Ең алдымен, өзіме үлкен жүктемеге төтеп бере алатынымды және алға жылжи алатынымды дәлелдедім. Сонымен қатар, үш жыл оқу барысында екі диплом алу – кәсіби жолымның жақсы бастауы. Бұл емтихандар мен үшін үлкен сынақ болды әрі көптеген күрделі міндеттерді орындай алатыныма сенім берді», – деп бөлісті Дарина Жанысбай.Даринаның жетістіктері қатарында: ACCA халықаралық «Қаржы және бизнесті басқару» дипломы; «Қаржылық менеджмент» пәні бойынша ACCA сертификаты; ACCA «Қаржылық есептілік» емтиханы бойынша Қазақстанда 66 балл нәтижесімен 1-орын.AlmaU университетінде оқыту тәжірибеге бағытталған тәсіл мен халықаралық кәсіби стандарттарды білім беру процесіне интеграциялау негізінде жүзеге асырылады. Студенттер теориялық білім алып қана қоймай, оқу барысында халықаралық емтихандарды тапсыру арқылы бухгалтерлік есеп аудит және қаржы индустриясының нақты талаптарына дайындалады.Бұл жетістік халықаралық стандарттар мен жаһандық кәсіби ортаға бағытталған қазақстандық мамандардың жаңа буынының қалыптасуын айқын көрсетеді.
Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсім төрт айда 9,9%-ға жеделдеді 12.05.2026
Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде.ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады.Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%).Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді.Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды. Онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті.Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады.Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанмен (92,7%), оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (88,6%). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді.Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:құрылыс-114,5%;көлік және қоймалау – 112%;өңдеу - 109,9%;сауда – 105,1%;ауыл шаруашылығы-103,6%Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1217363?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1217963?lang=kk
Өткен жексенбіде Қазақстан ең шуақты мереке — Аналар күнін атап өтті. Ал бүгін, 12 мамырда, аудандық Мәдениет үйінде бізге өмір мен шексіз махаббат сыйлаған жандарға арналған мерекелік кеш өтті. 12.05.2026
Кездесудің басты оқиғасы салтанатты марапаттау рәсімі болды. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ибраев қонақтарға жылы лебізін білдіріп, аналарға даналығы мен жан жомарттығы үшін алғыс айтты.Бала тәрбиесіне қосқан зор үлесі, отбасылық құндылықтарды сақтағаны және аудан өміріне белсене араласқаны үшін аналар Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл марапаттар — осы құрметті атқа ие болған әрбір әйел затына деген шексіз ризашылықтың бір парасы ғана.Көктем мен нәзіктікке толы атмосфераны Мәдениет үйінің қызметкерлері одан ары жандандыра түсті. Шығармашылық ұжым арнайы бағдарлама дайындап, сахна төрінен жүрекжарды әндер мен ізгі тілектер төгілді.Бұл күн жақындарымызды қадірлеудің және бізді әрқашан күтіп жүретін жандарға «рақмет» айтудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1217883?lang=kk
Қазақстан мен Индонезия сауда, логистика және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 12.05.2026
2026 жылғы 11 мамырда Астанада Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ал Индонезия делегациясын Индонезияның Экономикалық істер жөніндегі үйлестіруші министрі Аирлангга Хартарто басқарды.Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының, «Атамекен» ҰКП-ның, дипломатиялық миссиялар мен бизнес өкілдері қатысты.Тараптар сауда, өзара инвестициялар, көлік және логистика, энергетика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, стандарттау және туризм салаларын одан әрі дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының екінші отырысының хаттамасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1217884?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысында балық өнімін қайта өңдеу кешені салынуда. 12.05.2026
Балық өнімдерін өңдеу кешенін Шығыс Қазақстан облысында салуда. Зайсан көлінде балық жасөспірімдерін өсіру зауыты да болады. Жобаны шетелдік серіктестердің қатысуымен жүзеге асыру жоспарлануда. Жаңа өндірістік кешен жоғары қосылған құнды өнімдер шығаруды ұйымдастырады, ішкі нарықты сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді және аймақтың экспорттық әлеуетін кеңейтеді. Ақпарат kapital.kz ресми Instagram-аккаунтынан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1217913?lang=kk
Францияда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді 12.05.2026
Валлеруа, 2026 жылғы 6 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мёрт-и-Мозель департаментінде Францияны азат ету жолында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді. Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, Страсбург қаласындағы Бас консул Анель Бақытбекқызы, Валлеруа коммунасының мэрі Кристиан Ламорлэт, мемориалдық кешен басшылығы мен жергілікті тұрғындар сарбаздар жерленген орындарға барып, гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Сонымен қатар, қазақстандық делегация Мец-Шамбьер ұлттық әскери некрополі аумағында жерленген әскери тұтқындардың, соның ішінде департаменттік мұрағаттар арқылы есімдері анықталған Қазақстаннан шыққан азаматтардың қабірлеріне тағзым етті.Сондай-ақ, Қазақстан Елшілігі жанындағы Әскери атташе аппаратының қызметкерлері Кеңес сарбаздарына арналған Нуайе Сэн Мартэн мемориалында өткен гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Бұл жерде француз Қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасқан 4643 Қызыл армия жауынгері жерленген.Тағзым рәсімдері барысында қазақстандық дипломаттар француз жергілікті билігі мен тұрғындарына қаза тапқан сарбаздардың жерленген орындарын ұқыпты күтіп, олардың ерлігі мен жанқиярлығын ұмыттырмай сақтап келе жатқандары үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.Өз кезегінде француз тарапы қазақстандықтардың Францияны азат ету жолындағы тарихи үлесін атап өтіп, олардың қайсарлығы мен құрбандығы туралы естелікті келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына назар аударды.Валлеруа коммунасындағы Кеңес сарбаздарына арналған мемориал 1971 жылы тұрғызылған. Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен 2018 жылы мұнда жерленген қазақстандық жауынгерлер — Зейнолла Әлімғазиев, Қоныспек Жақиянов, Мысахан (Нишан) Тұрғамбаев және Есен (Исин) Жұмағұловтың қабірлері анықталды. Кейінірек Шығыс Қазақстаннан шыққан Николай Михайлович Щеглов пен Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Александр Иванович Кособоковтың жерленген орындары да нақтыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1217847?lang=kk
Қазақстан мен Франция арасындағы білім және мәдени байланыстар талқыланды 12.05.2026
Мец, 2026 жылғы 11 мамыр – Қазақстанның Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Францияның Үлкен Шығыс аймағына жасаған жұмыс сапары барысында өңір басшысы Франк Леруа, Мец қаласының мэрі Франсуа Гросдидье, сондай-ақ оның орынбасарлары мен кеңесшілерімен кездесті.Сұхбат барысында мәдениет және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл ретте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «Халықаралық құқық» бағыты бойынша Лотарингия университеті филиалының ашылуы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жарқын көрінісі әрі соңғы жылдардағы ең маңызды білім беру жобаларының бірі екені атап өтілді.Тараптар алдағы уақытта Қазақстан мен Лотарингия өңірі арасында мәдени байланыстарды жандандыру, Мец қаласында қазақстандық шығармашылық ұжымдардың өнерін таныстыру перспективаларын талқылады.Сонымен қатар, инвестициялар тарту, өңіраралық байланыстарды нығайту және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша өзара қызығушылық білдірілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттардағы серіктестікті одан әрі дамытуға уағдаласты.Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Францияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Лотарингия университетінің филиалы 2024 жылдың мамыр айында ашылды. Қазіргі таңда филиалда халықаралық құқық бойынша бакалавриат және магистратураның қос дипломды бағдарламалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, шетел тілі мұғалімдерін даярлау, халықаралық қатынастар мен дипломатия, менеджмент, қаржы және маркетинг бағыттарын қамтитын алты білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарламаларға 95 нысаналы грант бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1217854?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ІЖӨ 17 МЫҢ ДОЛЛАРДАН АСТЫ 12.05.2026
Халықаралық валюта қоры сәуір айына арналған әлемдік экономикалық шолуды жариялады. Шолуда жаһандық экономикаға қатысты маңызды көрсеткіштер қамтылған. Соның ішінде Қазақстандағы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі назар аудартып отыр.Жан басына шаққандағы ІЖӨ – елдегі экономикалық даму мен халық әл-ауқатының орташа деңгейін көрсететін негізгі индикаторлардың бірі. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде өндірілген барлық тауар мен қызметтің жалпы құнын халық санына бөлу арқылы есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, ел экономикасында өндірілген өнімнің ақшалай көлемі бір адамға шаққанда қанша үлеске тиесілі екенін көрсетеді.Мұндай тәсіл мемлекеттердің өмір сүру деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Яғни, мұнда халық саны емес, экономиканың тиімділігі мен сапасы назарға алынады.Халықаралық валюта қорының жаңартылған дерегіне сәйкес, Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 500 АҚШ долларына жеткен. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылы дәл осы көрсеткіш 14 770 доллар болған. Осылайша, қысқа уақыт ішінде өсім шамамен 20%-ды құрап отыр.Бұл халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасындағы сапалы өзгерістерді байқап отырғанын аңғартады. Ал аймақтағы көрші елдердің 2026 жылғы сәуірдегі көрсеткіштері мынадай: Өзбекстан – 4 660 доллар; Қырғызстан – 3 200 доллар; Тәжікстан – 1 940 доллар.Ұсынылған көрсеткіштерге қарағанда, Қазақстан ішкі жалпы өнім көлемі бойынша да, жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі бойынша да аймақтағы көшбасшы орнын сақтап отыр. Бұл деректер ел экономикасының сапалы даму бағытын нақты көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша, экономикалық өсім жүйелі әрі тұрақты сипат алып келеді. Ішкі жалпы өнім үлесінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан.Әлемдегі тұрақсыз жағдайға қарамастан, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің төмендемеуі де осының айғағы.
"Алтын алқа" және "Күміс алқа" мемлекеттік наградалары табысталды. 12.05.2026
Батыр ауылдық округі әкімі Сауыт Нұрғалиұлы Айтбаев ҚР Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі N1223 Жарлығына сәйкес, көп балалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1217645?lang=kk
Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды 12.05.2026
2026 жылғы 13 мамырда ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау мақсатында онлайн форматта «Qosyl» платформасында (https://meet.qosyl.kz/meeting?room=945809145850) облыстық семинар өтті.Семинарға ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 210 педагог онлайн форматта тәжірибе таратып, 11 ауданнан 120 мектеп педагогтері онлайн форматта «Qosyl» платформасында тыңдаушы ретінде қатысты.Семинар жұмысы келесі 4 секция бойынша жүргізілді:Қоғамдық-гуманитарлық бағыт.Ғылыми-жаратылыстану, физика-математикалық, эстетикалық пәндер бағыты және педагогика-психология саласы.Бастауыш сынып, мектепке дейінгі білім беру бағыты.Білім берудегі менеджмент бағыты.Семинар аясында педагогтер авторлық бағдарламалар негізінде инновациялық әдістерді қолдануда іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жиынға барлығы 330 педагог қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырды.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, мұндай әдістемелік алаңдардың ұстаздардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1220041?lang=kk
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді 12.05.2026
Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде.Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.Мысалы, алаяқтар қызметті «әр екі жыл сайын растау қажет» деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.Азаматтарды сақ болуға шақырамыз:- белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;- SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;- ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1217695?lang=kk
Қазақстандық ШОБ өндірушілері Ulttyq ónim – 2026 ірі көрмелерінің бірінде бас қосады 12.05.2026
2026 жылғы 22-24 мамыр күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің дәстүрлі Ulttyq ónim көрмесі тоғызыншы рет өтеді.Ulttyq Ónim – мемлекеттен қолдау алған қазақстандық компаниялардың өнімдері мен қызметтерін насихаттауға арналған ең ірі көрме алаңы. Мұнда қазақстандық өндірушілер, инвесторлар, мемлекеттік және қаржы институттар басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бас қосады.Көрмені ұйымдастырушы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы). Іс-шара Қазақстан Үкіметінің, Ұлттық экономика министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ulttyq Ónim Қазақстандағы шағын және орта бизнестің әлеуетін көрсететін негізгі алаңдардың бірі ретінде танылып келеді.Көрме аясында компаниялар тамақ, жеңіл, ауыр және химия өнеркәсібі, жиһаз және құрылыс өндірісі, крафт индустрия және экономиканың басқа да салаларындағы өнімдер мен қызметтерін ұсынады. Жобаның басты мақсаты – отандық бизнесті қолдау, кооперацияны дамыту, жаңа серіктестер табу және қазақстандық өнімдердің өткізу нарығын кеңейту.2026 жыл көрме тарихындағы ең ауқымдысы болмақ. Оған 600-ден астам компания қатысады. Бұл – былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Экспозиция аумағы мен салалар да айтарлықтай кеңейді. Мысалы биыл «Қызмет көрсету» санатындағы кәсіпкерлер де қатысады.Көрмеде өндіріске ерекше назар аударылады, сонымен қатар өңірлерден қатысушылар саны артып келеді. Келушілер үшін live-аймақтар мен интерактивті форматтар ұйымдастырылып, нақты өндірістік процестерді көруге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар бизнесте – процестерді автоматтандырудан бастап бизнес-жоспарларды генерациялауға дейін жасанды интеллект қолдану бойынша шеберлік сабақтары өтеді.Ulttyq ónim – 2026 іскери бағдарламасы жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылардың, банк топ-менеджерлерінің және бизнес өкілдерінің қатысуымен өтетін панельдік сессияларды қамтиды. Негізгі тақырыптар – кәсіпкерлікті дамыту, қаржы алуға мүмкіндік беретін кепілдік құралдары, цифрландыру және жасанды интеллект енгізу.Сонымен қатар көрме аясында B2B кездесулер, отандық киімдер топтамасынан сән көрсетілімі, танымал блогерлер мен әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама, «Халық таңдауы» онлайн-конкурсы және құнды сыйлықтар тігілген ұтыс ойыны ұйымдастырылады. Келушілер отандық өнімдерді тікелей, өндіруші бағасымен сатып ала алады.Көрмеге кіру тегін. Қатысу үшін көрме ғимаратына кіре берісте немесе көрменің ресми сайтында (https://ulttyqonim.kz/) онлайн тіркеу өту қажет.Астана тұрғындары мен қонақтарын көрмеге келіп, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз!Өтетін орны: EXPO халықаралық көрме орталығы (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1)Ашылу салтанаты: 22 мамыр, сағат 09:00Жұмыс уақыты: 22–23-24 мамыр, 08:00-18:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1217535?lang=kk