Жаңалықтар
Триатлон-парктегі абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары 09.05.2026
Соңғы жылдары Триатлон-паркте абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайтын бірқатар жобалар іске асырылды.Мұнда спорт және балалар алаңдары салынды, жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару жүйелері орнатылды, рокарийлер жасалды, шамамен 17 мың шаршы метр көгал төселді, 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.Бүгінгі көшпелі кеңес барысында коммерциялық және қызметтік үй-жайлар қарастырылған кіреберіс құрылысының аяқталуы, сондай-ақ суару жүйесі бойынша жұмыстарды аяқтау мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жүгіру және веложолдарды ретке келтіру, жолақ сызу және ескерту белгілерін орнату қажет. Қазіргі уақытта бұл жолдарды спортшылар мен кішкентай балалары бар отбасылар қатар пайдаланып, кейбір жағдайларда жарақат алу қаупін туындатады. Сондай-ақ, демалушыларға кедергі келтіретін автокөлік прокаты мен өзге де аттракциондарды орналастыруға жол бермеу тапсырылды.Өткен жылы мұнда 10 мың қызғалдақ баданасы отырғызылған болатын, бүгінде олар гүлдеп тұр. Тұрғындар үшін арнайы фотозона ұйымдастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарын Триатлон-паркке келіп, көктемгі гүлденуді тамашалауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1216669?lang=kk
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Корея Республикасында таныстырылды 09.05.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов бастаған қазақстандық делегацияның сапары аясында Корея Республикасының астанасында «Корея бизнесі үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Талқылауларға энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, қаржы және технология салаларын ұсынатын шамамен 50 жетекші кореялық компания қатысты.Қазақстан Корея Республикасындағы Елшісі Әсет Исенәлі Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігінің үдемелі дамуын және Оңтүстік Корея бизнесінің Қазақстан экономикасына деген қызығушылығының артуда екенін атап өтті.ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Орталық Азиядағы ең ірі экономика, маңызды көлік және логистикалық хаб және ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар үшін сенімді платформа ретіндегі Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарына тоқталды.Кореялық серіктестерге энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіптік кешен, көлік инфрақұрылымы, логистика және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ұсынылды. Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік бағыт ретінде маңыздылығы артып келе жатқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын (орта дәліз) дамытуға ерекше назар аударылды.Қатысушылар Қазақстанның арнайы экономикалық және индустриялық аймақтары ұсынатын мүмкіндіктерге, инвесторларға арналған қазіргі үкіметтік қолдау шараларына және «бір терезе» қағидатына негізделген жобаларды қолдау тетіктеріне назар аударды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы әкімдігінің, «Бәйтерек» зерттеу холдингі» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Almaty Invest» және «Қорқыт Ата» АЭА басқару компаниясының өкілдері баяндамалар жасады. Баяндамаларда инфрақұрылымдық бастамалар, өндірісті оқшаулау жобалары және кореялық капиталмен жоғары технологиялық өндіріс жобаларын бірлесіп жүзеге асыру перспективалары талқыланды.Іс-шара барысында «Alatau City» жобасы бөлек ұсынылды. Қазақстандық тарап заманауи қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін озық кореялық технологиялар мен инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін және жаңа даму орталығының индустриялық-инновациялық әлеуетін атап өтті.Жобаның Қазақстан Республикасының қабылданған «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді, ол бизнес жүргізу үшін ерекше жағдайларды, жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді және шетелдік инвесторлар үшін тұрақты және болжамды реттеуші ортаны қамтамасыз етеді. Талқылауларға «KIND», «Korea Eximbank», «Doosan Enerbility», «KNOC», «Shinhan Securities», «BNK Financial Group» және басқа да жетекші оңтүстік кореялық корпорациялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.Дөңгелек үстел аясында қазіргі және әлеуетті инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Тараптар нақты жобаларды, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1216659?lang=kk
Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылды 09.05.2026
Қызмет пен өнер үндестігі: Павлодарда ҚАЖ жүйесіндегі алғашқы хор құрылдыПавлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының бастамасымен өңірде ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды — ҚАЖ жүйесінде алғаш рет ведомстволық хор құрылды.Жаңа ұжым әртүрлі бөлімдерден жиналған 50 қызметкерді біріктірді. Қызметтік міндеттеріне қарамастан, олар өнер мен шығармашылыққа уақыт тауып, ортақ мақсат жолында бас қосты. Репетициялар аптасына екі рет өткізіліп, ұжым өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл бастама қызметкерлердің бірлігін нығайтып, эмоционалдық серпіліс пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етуде.Хордың қалыптасуында оның көркемдік жетекшісі — Анишева Гульжан Магауяновна ерекше рөл атқарады. Ол — кәсіби хормейстер, Торайғыров университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының хор жетекшісі. Оның жетекшілігімен қатысушылар вокалдық шеберлікті меңгеріп, репертуар мен сахна мәдениеті бағытында жұмыс жүргізуде.Хордың алғашқы өнер көрсетуі 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара аясында өтеді. Бұл қатысушылар үшін маңызды кезең әрі бірлескен еңбектің нәтижесін көрсетуге үлкен мүмкіндік болмақ.Хордың құрылуы — ҚАЖ жүйесіндегі мәдени ортаны дамытуға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өнердің адамдарды біріктіріп, рухани жігерді нығайта алатынының жарқын үлгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1216694?lang=kk
Парламент сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады 09.05.2026
2026 жылғы 8 мамырдағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.Түзетулер жобасын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Оның айтуынша, құжат сайлау науқаны барысында белгілі болған мәселелерді ескере отырып, сайлау заңнамасын жетілдіру үшін әзірленген.Түзетулер арқылы әкімдерді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселесін реттеу, кандидатты ұсыну тәртібін нақтылау, сондай-ақ бір адамның бірнеше сайлау науқанына бір мезгілде қатысуын болдырмау ұсынылған.Бұдан басқа, онлайн-кеңістікте сайлау алдында үгіт жүргізу, партиялық интернет-ресурстар мен әлеуметтік желіні пайдалану нормалары бар. Кандидаттардың сенімді тұлғаларына қойылатын талап, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланған.Түзетулер бойынша вахталық жұмыс орындарында және арнайы уақытша оқшаулау мекемелерінде сайлау учаскесін құру мүмкіндігі қарастырылады.Серік Жұманғариннің айтуынша, ұсынылған нормаларды қабылдау сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және рәсімдердің сақталуына мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1216734?lang=kk
ҚАЖ Департаментінің 16 жас қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады 09.05.2026
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Салтанатты бөлім барысында 20-дан астам ардагердің, қызметкерлердің, олардың ата-аналары мен шақырылған қонақтардың еңбегі ерекше атап өтілді. Оларға қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін медальдар, «ҚАЖ үздігі» төсбелгілері, Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін марапаттар, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталып, бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді.Іс-шара барысында жас қызметкерлерге ерекше назар аударылды. Мереке қарсаңында 16 жас қызметкер ант қабылдап, адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және мемлекет пен қоғам мүддесін абыроймен қорғауға салтанатты түрде ант берді.Осындай іс-шараларды өткізу ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қызмет беделін арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бойында патриотизм мен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1216783?lang=kk
Өскеменде дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды 09.05.2026
2026 жылғы 24 сәуірде Өскемен қаласында құқық қорғау органдары, әуе компаниялары, әуежай және кеден маңы инфрақұрылымы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқауы және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің дербес деректер мен өзге де сезімтал ақпараттың таралу тәуекелдерін азайту жөніндегі ұсынымдары талқыланды.Қатысушыларға дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама талаптары, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту шаралары және анықталған бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.Кездесу қорытындысы бойынша ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1216802?lang=kk
Астанадағы әскери колледжде «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты акция өтті 09.05.2026
Кеңес Одағының батыры, тұңғыш қорғаныс министрі, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру аясында прокуратура органдары әскери ведомстволармен бірлесіп «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты республикалық профилактикалық акция ұйымдастырылды. Оған Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері, колледждің жеке құрамы мен кадеттер, жас сарбаздықтар қатысты.Бұл бастама әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, әскери ортада заң талаптары мен тәртіпті сақтауды нығайтуға бағытталған.Іс-шара армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Одан бөлек қонақтар колледж музейін аралап, оқу орнының тарихымен және көрнекті қолбасшының өмір жолымен танысты. Делегация спорт кешенін, оқу павильондарын, кітапхананы, психологиялық қызметті, жатақхананы және асхананы көріп, курсанттардың тұрмыс жағдайы мен оқу үдерісіне жасалған мүмкіндіктерге баға берді.Бағдарлама аясында кадеттермен және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерімен ашық форматта кездесу өтті. Сұхбат барысында әскери қызметтің маңызы, құқықтық сауаттылықты арттыру, әскери ортада заң талаптары мен тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.Кездесу барысында әскери прокуратура органдарының ардагері әділет полковнигі Болат Тазабеков өз ойын ортаға салды.– Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – жас сарбаздарға заң талаптарын түсіндіру ғана емес, олардың бойында жауапкершілік пен тәртіпке деген берік көзқарас қалыптастыру. Әскери қызметте заңды сақтау – әрбір жауынгердің абыройлы міндеті, – деді өз сөзінде.Қонақтар сарбаздарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіпті нығайту жөнінде нақты ұсыныстарын жеткізді.– Осындай кездесулер біз үшін өте маңызды. Біз әскери дайындықты ғана емес, сонымен қатар өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді тереңірек түсінеміз. Бұл болашақта саналы әрі жауапты әскери қызметші болуға ықпал етеді, – деді 3-ші оқу ротасының кадеті Әмзехан Сәтжан.Іс-шара соңында «Ұлан сазы» ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталығы балалар студиясының бишілері өнер көрсетіп, қатысушыларға патриоттық рух сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216803?lang=kk
Абай облысы жасөспірімдері әйелдер колониясындағы сотталғандармен кездесті 09.05.2026
Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың (қылмыстық-атқару жүйесі) әйелдер колониясында Шуақ кентіндегі орта мектептің 11-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Профилактикалық іс-шараға жиырмаға жуық мектеп оқушысы, сондай-ақ Жарма ауданы прокуратурасының, білім бөлімі мен Шуақ кентіндегі орта мектептің өкілдері қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің өз өмірі мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.Іс-шара барысында оқушылар сотталғандардың ұсталатын жағдайларын өз көздерімен көріп, мекеменің тұрғын бөлмелері мен өндірістік учаскелерін аралады. Ерекше назар сотталған әйелдермен тікелей әңгімелесуге аударылды. Олар жасөспірімдерге өз тағдырлары мен бостандықтан айырылуға алып келген қателіктері туралы ашық айтып берді.Сотталғандар қылмыс жолы көбіне дұрыс емес ортаны таңдаудан, «жеңіл ақшаға» ұмтылудан және зиянды әдеттерге берілуден басталатынын атап өтті. Олар нағыз дос ешқашан алкоголь, есірткі немесе темекі ұсынбайтынын, ал күш қолдану мен агрессия құрмет әкелмей, керісінше өмірді құртып, жақындарыңа қайғы әкелетінін ескертті.Іс-шара аясында оқушыларға есірткі заттарын заңсыз айналымға жібергені үшін 10 жылға сотталған 37 жастағы әйелдің өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Әйел өз өмір салты мен ортаны дұрыс таңдамаудың қалай қайғылы салдарға әкелгенін шынайы баяндады.— Мен дұрыс емес ортаға түсіп, өз өмірімді біртіндеп қалай құртып алғанымды байқамай қалдым. Бүгін мен нақты түсіндім: оқу керек, даму керек, мақсат қою керек және жақсылыққа ұмтылу керек. Тек сонда ғана болашағыңды құрып, жаман ортаның ықпалына түспеуге болады, — деді сотталған әйел.— Мұндай іс-шаралар қылмыстың алдын алуда өте маңызды рөл атқарады. Біз жастарға нақты мысалдар арқылы заңды бұзудың қандай салдарға әкелетінін көрсетіп, бостандықтың, білімнің және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің құндылығын түсінуге көмектескіміз келеді, — деп атап өтті тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Индира Смакова.— Бүгінгі кездесу маған өте қатты әсер етті. Біз сотталған әйелдердің шынайы өмір тарихтарын естігенде, жастық шақта жасалған кез келген қате адамның тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін түсіндім. Бұрын көп нәрсе алыс әрі шынайы емес сияқты көрінетін, ал бүгін мұның бәрі қате таңдау жасаған кез келген адамның басына түсуі мүмкін екенін ұқтым. Осындай кездесулер болашақ туралы терең ойлануға, бостандықты, ата-ананы және бізде бар мүмкіндіктерді бағалауға, жаман ортаға ермеуге көмектеседі. Мен бұл күнді ұзақ уақыт ұмытпаймын, — деп әсерімен бөлісті 11-сынып оқушысы.Мұндай ашық есік күндері жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға, өз әрекеттерінің салдары туралы ойлануға және дұрыс өмірлік жолды таңдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216834?lang=kk
Финляндияда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің рухына тағзым етілді 09.05.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 8 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов Ханко қаласында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Өз сөзінде қазақ дипломат Қазақстан халқының Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан зор үлесін атап өтіп, майданда ерлік пен жанқиярлық танытқан жүздеген мың қазақстандықтардың батырлығын, сондай-ақ армияны қолдауда және соғыстың аяқталуын жақындатуда маңызды рөл атқарған тыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.Қаза тапқандардың ерлігіне құрмет көрсету және тарихи жадты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осындай еске алу шаралары халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және тарихи шындықты келер ұрпаққа жеткізуге ықпал ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1216855?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ максималды қауіпсіздік мекемесінде үстел теннисінен турнир өтті. 09.05.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Спорттық жарыстарға қырықтан астам сотталушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін және салауатты өмір салтына деген ұмтылысын көрсетті. Турнир спорттық толқу, адал күрес және өзара құрмет атмосферасында өтті. Төрешілікті Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері жүзеге асырды, бұл жарыстарды өткізудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етті. - Біз үшін мұндай жарыстар — бұл өз күшімізді сынап қана қоймай, қолдауды, қарым-қатынасты және спорттық рухты сезіну мүмкіндігі. Біз дамуға және уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік бергенімізге ризамыз, - деп бөлісті сотталған. - Спорттық турнирлер сотталғандармен тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Олар физикалық және психологиялық денсаулықты нығайтуға, тәртіпті қалыптастыруға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуға ықпал етеді. Мұндай іс - шаралар жазасын өтеп жатқан адамдарға өз энергиясын оң бағытқа бағыттауға және қоғамға оралуға дайындалуға көмектеседі, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Қалелов. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушылар ұйымның жоғары деңгейін атап өтіп, осындай спорттық іс-шараларға одан әрі қатысуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216860?lang=kk
«KEDEN» және ЭПЖ ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы жетілдірілді 09.05.2026
Мемлекеттік кірістер комитеті Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп «KEDEN» ақпараттық жүйесі мен «Электрондық паспорттар жүйесі» (ЭПЖ) ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жетілдіру жұмыстарын аяқтады. Аталған жұмыстар көлік құралының электрондық паспортын (КҚЭП) алу рәсімін жеңілдетуге және автокөлікті рәсімдеу кезінде азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға бағытталған. Жетілдіру жұмыстарына азаматтардан келіп түскен өтініштер негіз болды. Атап айтқанда, электрондық паспорттар жүйесінде кейбір автокөліктердің кедендік рәсімдеуден өткені туралы мәліметтердің болмауы салдарынан, жекелеген жағдайларда КҚЭП рәсімдеу мерзімі ұзарып немесе қосымша жүгінуді талап еткен. Осы мәселені шешу мақсатында екі ведомствоның мамандары ақпараттық жүйелер арасындағы деректерді тексеру және алмасу алгоритмдерін жетілдірді. Нәтижесінде мәліметтерді неғұрлым нақты, тұрақты әрі жедел беру қамтамасыз етілді. Енді көлік құралы кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін оны шығару туралы ақпарат «KEDEN» жүйесінен ЭПЖ жүйесіне автоматты түрде және іс жүзінде бірден жіберіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік рәсімдеуден өткен көлік құралдары туралы мәліметтердің болуын «KEDEN» ресми ақпараттық ресурсында тексеруге болады:https://keden.kgd.gov.kz/?vinCustomsCheck=true Қабылданған шаралар деректерді өңдеу мерзімін қысқартуға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және КҚЭП алу рәсімін азаматтар үшін барынша ыңғайлы әрі ашық етуге мүмкіндік береді. КҚЭП рәсімдеу барысында сұрақтар туындаған жағдайда, «ЭПЖ» ақпараттық жүйесінің техникалық қолдау қызметіне хабарласуға кеңес береміз. Байланыс деректері келесі сайтта орналастырылған:https://pts.gov.kz/main.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1216862?lang=kk
Семей ҚАЖ орта қауіпсіздік мекемесіне екі килограмнан астам марихуана тасымалдау Әрекеті тоқтатылды. 09.05.2026
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде есірткі тасымалдау әрекетінің алдын алды. Жасырын патрульдеу барысында мекеме қызметкерлері Абай облысы бойынша полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Семей қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам мекеменің негізгі қоршауынан таспамен оралған тоғыз конволюцияны лақтыруға тырысты. Оның ішінде белгілі бір иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болды. Оқиға орнында күдіктілер мекеме аумағына келген көлік жүргізушісі де ұсталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана болып табылады, оның жалпы салмағы екі килограмнан асты. - Тыйым салынған заттарды мекемелердің аумағына беру әрекеттері басым қауіптердің бірі болып қала береді. Біздің қызметкерлердің үйлесімді жұмысының және полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимылының арқасында мұндай қылмыстар уақтылы тоқтатылады. Бұл қызметкерлердің де, сотталғандардың да қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, - деп атап өтті мекеменің жедел бөлімінің бастығы Сұңғат Абраев. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын заңсыз жібергені не өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216888?lang=kk
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында «Допинг» ЖПІ аясында режим мен қауіпсіздік шаралары күшейтілді 09.05.2026
Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясында «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында белгіленген режимді нығайтуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тінту және алдын алу шаралары жүргізілді. Іс-шараларға мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Жарма аудандық полиция бөлімінің кинологиялық қызметімен бірлесіп қатысты. Негізгі мақсат — мекеме аумағына тыйым салынған заттар мен бұйымдардың заңсыз жеткізілуінің алдын алу және жолын кесу. Бақылау-көлік өткізу пункті арқылы кіретін автокөліктерді тексеруге, сондай-ақ сотталғандарға мамандандырылған көлікпен келіп түсетін сәлемдемелер мен бандерольдерді қарауға ерекше назар аударылды. Барлық іс-шаралар қолданыстағы заңнама талаптарына және ішкі тәртіп ережелеріне қатаң сәйкес өткізілді. Кинологтар Лайка есімді қызметтік итпен бірге мекеме қызметкерлерімен бірлесіп қырықтан астам пошта жөнелтілімін тыйым салынған заттар мен бұйымдарды анықтау мақсатында тексерді. Қызметтік иттерді пайдалану тексеру тиімділігін едәуір арттырып, мұқият жасырылған тыйым салынған заттарды жедел анықтауға мүмкіндік береді. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде тыйым салынған заттар анықталған жоқ. Бұл қабылданып жатқан алдын алу шараларының нәтижелілігін және тартылған қызметтердің үйлесімді жұмысын көрсетеді. — Аталған іс-шаралар тыйым салынған заттарды заңсыз алып өту мен жеткізу әрекеттерінің алдын алып, мекемедегі жедел жағдайдың тұрақтылығын сақтауға және сотталғандар арасындағы тәртіпті нығайтуға ықпал етеді, — деп атап өтті жедел бөлімнің бастығы Дария Аписарова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1216910?lang=kk
Ашық есік күні өтті 09.05.2026
Көкшетау қаласындағы «KOKSHE MALL» сауда ойын сауық орталығында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.Іс-шараға Көкшетау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Ақмола облысы бойынша Әділет департаментінің, адвокаттар, нотариустер және жеке сот орындаушылары қатысты.Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды және өздерін қызықтырған сұрақтарға білікті мамандардан көмек алу мүмкіндігіне ие болды.Іс-шара халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар мемлекеттік органдармен ашық өзара іс-қимыл форматын жоғары бағалады.Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде. «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1216921?lang=kk
Ардагерге құрмет, ерлікке тағзым 09.05.2026
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Майдангерлердің ұрпақ алдындағы ерлігі мен еңбегі қандай құрметке де лайықты.Бүгінде аймағымыздағы ардагерлердің барлығы ғасыр жасағандар.Жерлес жауынгерлер қатарында ақын, ұстаз, журналист Қасымхан Алдабергенов бар. Ол Украина майдандарында шайқасып, Венгрия, Австрия және Чехословакияны азат етуге қатысқан. Бейбіт күнде білім, мәдениет, руханият салаларының дамуына зор үлес қосты.Украина майданы құрамында жауынгерлік жолдан өткен Ділдәбек Нұрышев те – ортамыздағы мақтанышымыз. Ол Одер өзеніндегі ауыр шайқастарға қатысып, Польша жерін азат етуге атсалысқан. Соғыстан кейін аймақтың дамуына еңбек сіңіріп, өнегелі әулет қалыптастырды.Майдан даласында танк командирі болған Михаил Подоляков Курск шайқасы мен Украина жерін азат ету операцияларына қатысты. Елге оралып, ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте еңбек етті, ардагерлер ұйымының жетекшілерінің бірі болды.Аймақ басшысы майдангерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тілеп, олардың табандылығы мен Отанға деген адалдығы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1216932?lang=kk
Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Астанадағы жалғыз соғыс ардагерін мерекемен құттықтады 09.05.2026
«Ардагерлерге тағзым» республикалық акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанадағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевті Жеңіс күнімен құттықтады.Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев майдангерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат, естелік сыйлық және соғыс жылдарындағы ауыр күндер мен майдандас достарын еске түсіретін далалық ас үлесін табыс етті.– Сіздің өмір жолыңыз бен теңдессіз ерлігіңіз біз үшін үлгі-өнеге. Сіз қазіргі Қазақстан армиясындағы әрбір сарбаз бен офицер үшін шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісісіз, – деп атап өтті генерал-майор М. Көшекбаев.Соғыс ардагеріне Қорғаныс министрлігі арнайы парад ұйымдастырды. Орталық әскери оркестрдің салтанатты маршының сүйемелдеуімен құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің кадеттері сап түзеп өтті. Ал Ұлттық әскери-патриоттық орталық Орталық ансамблінің әншілері майдангерге соғыс жылдарындағы танымал әндерді орындап берді.Құттықтауларды жылы қабылдаған ардагер көрсетілген құрмет пен ықылас үшін шынайы ризашылығын білдірді. Кездесу соңында Рзағұл Байкешев халық дәстүрімен әскери қызметшілерге батасын беріп, қызметтеріне табыс және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуін тіледі.Рзағұл Байкешев 1923 жылғы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін совхозда қарапайым жұмысшы болып еңбек етті.1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Кеңес армиясы құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға және Великие Луки қаласы маңындағы шабуылдау операциясына қатысты. Майдан жолы оны Польша, Румыния және Венгрия арқылы алып өткен. Соғысты ефрейтор шенімен аяқтап, елге оралған.Рзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жуков медалімен және көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.Соғыстан кейін Ақмола облысының Рождественка ауылында экспедитор болып еңбек етті. 1983 жылы зейнетке шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216933?lang=kk
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН 09.05.2026
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ 9 мамырда сағат 10.00-де орталық алаңыңда Әйет ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетінін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1216964?lang=kk
«Елорда ұйымдары Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын белсенді қолдады 09.05.2026
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елорда ұйымдары бастаманы белсенді қолдап, аумақтарды абаттандыру және тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. «Астана даму орталығы» нысандарында 90 мың шаршы метрден астам аумақ тазартылып, шамамен 2,5 тонна қоқыс шығарылды, сондай-ақ 1000-ға жуық көшет отырғызылды.Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы Astana Invest қолдауымен 140 кәсіпорынның 1000-нан астам қызметкері №1 Индустриялық парк аумағын тазалау жұмыстарына қатысты. Жұмыс барысында 400-ден астам қап қоқыс шығарылды, шамамен 1000 ағаш отырғызылды. Экологиялық бастамаға елорданың туристік секторы да қосылды: 14 қонақүйдің 300-ден астам қызметкері «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, іргелес аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және таза, жайлы қалалық ортаны дамытуға ықпал етеді. #ТазаҚазақстан #Астана #ТазаОрта #ТазаАула #Экология https://www.instagram.com/p/DX_wbHsA2Bl/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1216970?lang=kk
Мыңнан астам теңіз жаяу әскері Отан қорғаушы күніне орай 10 шақырымға жүгірді 09.05.2026
Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері төл мерекелеріне орай ұйымшылдық пен төзімділікті паш еткен патриоттық акция ұйымдастырды. Жүгіру басталар алдында бригада командирі гвардия подполковнигі Азамат Сүлейменов жеке құрамға бастамалары үшін алғыс айтып, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бөлімшелер жүгіріске әскер тектерінің туларын көтеріп шықты. Теңіз жаяу әскерлерінің легі 10 шақырымдық қашықтықты сенімді еңсеріп, жоғары дене дайындығы мен ұйымшылдық көрсете алды. Бәрінен бұрын 4 жастағы Бек Әлиұлы көрермен назарын өзіне аударды. Жуырда ғана теңіз жаяу әскері қатарына символикалық қабылдау рәсімінен өткен ол әскери қызметшілермен бірге жүгіруге қатысты. Жас патриот қашықтықтың едәуір бөлігін өздігінен жүгіріп өтті. Офицерлер мен сержанттар оған қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырды. Ал ең қиын тұстарда оны көтеріп алып жүрді. Бектің төзімділігі, табандылығы және теңіз жаяу әскерлерімен бірге қашықтықты толық өтуге деген шынайы талпынысы ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен жауынгерлік бауырластық дәстүрлеріне адалдықтың жарқын символына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216972?lang=kk
Қазақстан Женевада Халықаралық электр байланысы одағы Кеңесінің отырысына қатысуда 09.05.2026
Женева, 2026 жылғы 30 сәуір – Женева қаласында Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) Кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтуде. Кеңес – 48 мүше мемлекеттен тұратын ұйымның негізгі басқарушы органы.Отырыс барысында ХЭО қызметінің стратегиялық және қаржылық мәселелері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, киберқауіпсіздікті нығайту, цифрлық алшақтықты қысқарту, сондай-ақ 2026 жылғы ХЭО Өкілетті конференциясына дайындық мәселелері қарастырылуда.Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев басқаруымен Қазақстан Республикасының делегациясы және Женевадағы ДСҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев қатысуда.Қазіргі уақытта Қазақстан Кеңес жұмысына бақылаушы мәртебесінде қатысуда және 2027–2030 жылдар кезеңіне ХЭО Кеңесінің құрамына сайлану үшін өз кандидатурасын ұсынды.Өз сөзінде Д. Мұсалиев Қазақстанның ХЭО трансформациясына, жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бейілділігін атап өтті, сондай-ақ ұйым қызметіне мемлекеттердің неғұрлым инклюзивті және теңгерімді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол ХЭО-ның өңірлік қатысуының цифрлық алшақтықты қысқартудағы рөлін ерекше атап өтіп, Қазақстанның Одақ қызметіне және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді түрде үлес қосуға дайын екенін растады.Кеңес аясында Қазақстан делегациясы бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, олардың барысында ынтымақтастық перспективалары мен ХЭО органдарына алдағы сайлау шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1216991?lang=kk