Триатлон-парктегі абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары

Триатлон-парктегі абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары

09.05.2026 15:56:52 90

Соңғы жылдары Триатлон-паркте абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша жалпы құны шамамен 5 млрд теңгені құрайтын бірқатар жобалар іске асырылды.

Мұнда спорт және балалар алаңдары салынды, жарықтандыру, бейнебақылау, дыбыстау және суару жүйелері орнатылды, рокарийлер жасалды, шамамен 17 мың шаршы метр көгал төселді, 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Бүгінгі көшпелі кеңес барысында коммерциялық және қызметтік үй-жайлар қарастырылған кіреберіс құрылысының аяқталуы, сондай-ақ суару жүйесі бойынша жұмыстарды аяқтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жүгіру және веложолдарды ретке келтіру, жолақ сызу және ескерту белгілерін орнату қажет. Қазіргі уақытта бұл жолдарды спортшылар мен кішкентай балалары бар отбасылар қатар пайдаланып, кейбір жағдайларда жарақат алу қаупін туындатады. Сондай-ақ, демалушыларға кедергі келтіретін автокөлік прокаты мен өзге де аттракциондарды орналастыруға жол бермеу тапсырылды.

Өткен жылы мұнда 10 мың қызғалдақ баданасы отырғызылған болатын, бүгінде олар гүлдеп тұр. Тұрғындар үшін арнайы фотозона ұйымдастырылған. Қала тұрғындары мен қонақтарын Триатлон-паркке келіп, көктемгі гүлденуді тамашалауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1216669?lang=kk