Финляндияда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің рухына тағзым етілді
09.05.2026 15:56:22 44
Хельсинки, 2026 жылғы 8 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов Ханко қаласында орналасқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Өз сөзінде қазақ дипломат Қазақстан халқының Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан зор үлесін атап өтіп, майданда ерлік пен жанқиярлық танытқан жүздеген мың қазақстандықтардың батырлығын, сондай-ақ армияны қолдауда және соғыстың аяқталуын жақындатуда маңызды рөл атқарған тыл еңбеккерлерінің еңбегін ерекше атап өтті.
Қаза тапқандардың ерлігіне құрмет көрсету және тарихи жадты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осындай еске алу шаралары халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және тарихи шындықты келер ұрпаққа жеткізуге ықпал ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1216855?lang=kk