Жаңалықтар
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты 06.05.2026
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен - 34,1 млрд теңге болды.Ал ИПБ инвестициялық қызметінің қорытындысы бойынша 2026ж. есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 01.04.2026 ж. 1,56 млрд теңгені құрады.Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 478,77 теңгеге дейін төмендеді.Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 970,03% инфляция кезінде 1 184,74% құрады.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,54 трлн теңге болды. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 40,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (www.enpf.kz). БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-aksuat/press/news/details/1223401?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салықтар саласымен таныстыру мақсатында - балалар шығармашылығы конкурсы ұйымдастырылды 06.05.2026
🔰 2026ж. 5 мамырында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының фойесінде Департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдықалыптастыру және салықтар саласымен таныстыру» атты қалалық сурет байқауы өтті.Байқаудың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салық мәдениетін арттыру, жас ұрпақтың адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын түсінуін дамыту, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зиянын көркем шығармашылық арқылы жеткізу.Байқауға қала мектептерінің 7-10 сыныптағы 12 мектептің оқушылары мен шығармашылық студия тәрбиеленушілері 20 оқушы қатысып, өз туындылары арқылы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдарын, салық төлеудің маңыздылығын көркем бейнеледі. Қатысушылардың жұмыстарында адал еңбек, заңға бағыну, ашықтық пен жауапкершілік тақырыптары кеңінен көрініс тапты.Байқаудың нәтижесімен үздік жұмыстар анықталып, тиісті дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай байқаулар жас буынның бойында адалдық, әділдік және заңға құрмет сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможняЖамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1215417?lang=kk
ҚР СІМ басшысының орынбасары Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасына қатысты 06.05.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров 2026 жылғы инвесторлардың жылдық кездесуіне қатысты.Іс-шараға Орталық Азиядағы инвестициялық ахуалдың болашағын талқылау үшін жетекші институционалдық инвесторлар, активтерді басқарушылар және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.Пленарлық отырыстағы сөзінде Ә.Қуантыров еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды және халықаралық бизнес қауымдастығымен екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі.Былтырдың өзінде шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 20,5 миллиард долларға жетті. ЮНКТАД бағалауы бойынша, Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың ең ірі бағыты.Ә.Қуантыров елдің негізгі артықшылықтарын, соның ішінде Қазақстанда 13 халықаралық көлік дәлізінің орналасуын және озық цифрлық логистикалық шешімдерді енгізу туралы баяндады. Ол елдің кең табиғи ресурстық базасын, сондай-ақ ауылшаруашылық әлеуетін атап өтті.«Үкімет инвестициялық жобаларға, соның ішінде қаржылық және қаржылық емес шараларға кешенді қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа құрал – үкіметпен тікелей жасалуы мүмкін инвестициялық келісім пайда болды», – деп атап өтті Министрдің орынбасары.Форум аясында Әлібек Қуантыров жетекші халықаралық инвестициялық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.BlackRock өкілдерімен компанияның Қазақстанның цифрлық және дәстүрлі активтер нарықтарына шығу перспективалары талқыланды.B Capital компаниясының бас серіктесі Тимур Ақажановпен кездесу барысында аймақтағы венчурлық және жеке капиталды дамыту мәселелері талқыланды.Investindustrial компаниясының серіктесі және Таяу Шығыс және Азия бөлімінің басшысы Эмануэла Чисинимен экспортқа бағдарланған өндірісті құру және Қазақстанның жаһандық құндылықтар тізбегіне интеграциялану мүмкіндіктері талқыланды.Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасын өткізу Қазақстанның әлемдік капитал нарықтарына интеграциялану және елдің инвестициялық имиджін нығайту жөніндегі дәйекті саясатын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1215358?lang=kk
«Береке» шағын ауданында ірі жобалар жүзеге асуда 06.05.2026
Береке шағын ауданы – қаладағы ең қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың бірі. Бүгінде мұнда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары күшейтілуде.Жұмыс сапары барысында халықаралық брендке тиесілі Novotel қонақүйінің құрылыс барысы қаралды. Жоба 7 қабатты, 120 нөмірлі қонақүйді қамтиды. Сонымен қатар, онда конференц-залдар мен мейрамхана қарастырылған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды, құрылыс толықтай инвестор қаражаты есебінен жүргізілуде.Сапар аясында жол инфрақұрылымын дамыту мәселелері де талқыланды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру мақсатында Kostanay Plaza автотұрақтары мен Тобол Арена арасын байланыстыратын жерасты жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланған. Бұл жоба қосымша 500-ден астам автотұрақ орнын құруға мүмкіндік береді.Айта кетейік, екі жыл бұрын аталған шағын ауданның құрылысы уақытша тоқтатылып, жол желісінің жобасы қайта қаралған болатын. Биылғы жылдың сәуір айынан бастап жұмыстар жаңартылған схема бойынша қайта басталды.Жаңа жоспарға сәйкес, көшелердің ені 7 метрге дейін, ал кейбір учаскелерде 14 метрге дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, «Комфортты мектепке» апаратын кірме жолдар салу және Kostanay Plaza мен Тобол Арена арасындағы көлік қозғалысын қайта ұйымдастыру көзделген.Алдағы жоспарлар қатарында Камшат Дөненбаева көшесін кеңейту және айналма жолдар салу бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1215558?lang=kk
Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған маркетинг және жарнама бойынша семинар өтті 06.05.2026
Іс-шараны Ақмола облысының туризм басқармасы ұйымдастырып, оның мақсаты – туристік қызметтерді ілгерілетудің тиімділігін арттыру және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.Семинар барысында қатысушылар маркетингтің заманауи құралдарын, тиімді жарнама арналары мен мақсатты аудиториямен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырды. Сонымен қатар цифрлық ортадағы жарнама ерекшеліктері, тартымды контент жасау, әлеуметтік желілерде ілгерілету және туристік нысандардың оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Практикалық бөлімде нақты кейстер талданып, қатысушылардың қазіргі маркетингтік стратегияларына сараптама жасалып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.Семинарға орналастыру орындары, туроператорлар, экскурсиялық компаниялар және туризм саласының басқа да өкілдерін қоса алғанда 80-нен астам адам қатысты.Мұндай іс-шаралар өңірдің туристік саласын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және бизнеске заманауи маркетингтік шешімдерді енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215560?lang=kk
Ақмола облысы RES 2026 EXPO экологиялық саммитіне қатысты 06.05.2026
Бұл – табиғатты сақтау және климаттың өзгеруіне қарсы тұру жолдары талқыланатын ірі халықаралық кездесу.Саммитке әртүрлі елдердің өкілдері, сарапшылар, бизнес және мемлекеттік органдар жиналып, тек пікір алмасып қана қоймай, нақты шешімдер іздейді: ауаны қалай таза етуге болады, суды қалай қауіпсіз етуге болады, адамдардың өмірін қалай жайлырақ етуге болады деген сұрақтарға жауап іздейді.Мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені экологиялық мәселелер шекара танымайды. Сондықтан тиімді шешімдерді елдер тек бірлесе отырып таба алады.Ақмола облысы үшін бұл – өз тәжірибесін көрсетуге, үздік тәжірибелерді үйренуге және табиғат пен болашаққа жанашырлықпен өңірді дамытуға үлкен мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215567?lang=kk
Көкшетауда жаңа қонақүй құрылысы басталады 06.05.2026
Көкшетауда болашақ Wyndham қонақүйінің іргетасына уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Бұл нысан қаланың қалыптасып келе жатқан іскерлік және туристік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады. Жоба өңір басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып, Ақмола облысының инвестициялық әлеуетін дамытуға бағытталған.Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, Raise Capital ЖШС құрылтайшысы Амангелді Әкімовтың мәліметінше, болашақ 9 қабатты қонақүй тұжырымдамаға сәйкес 54 нөмірден, мейрамханадан, конференц-залдан, SPA-аймақтан, фитнес-орталықтан, автотұрақтан және электр көліктеріне арналған қуаттау станциясынан тұрады.Құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2027 жылға жоспарланған. Сонымен қатар инвесторлар жұмысты жеделдетіп, нысанды жазғы туристік маусымға дейін пайдалануға беруді көздеп отыр.«Бұл жобаны тек қонақүй құрылысы ретінде ғана емес, Көкшетау қаласы мен жалпы өңірдің туристік, іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық актив ретінде қарастыру қажет», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Өңір басшысына сондай-ақ «Жаңа жағалау-2» жағалауының жобасы таныстырылды. Мұнда қоғамдық жағажай ұйымдастыру жұмыстары басталған. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев плитка мен құм үлгілерін көрсетіп, шамамен 10 мың шаршы метр брусчатканы ауыстыру жоспарланып отырғанын айтты. Жағажай құтқару станциясымен, санитарлық аймақтармен, медициналық пунктпен, душ кабиналарымен және шезлонгтармен жабдықталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215575?lang=kk
Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған цифрландыру бойынша семинар өтуде 06.05.2026
Ақмола облысында өңірлік туризм басқармасының ұйымдастыруымен туристік бизнес өкілдеріне арналған практикалық семинар өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы – саланы цифрландыру және туристік қызметтерді ілгерілетудің заманауи құралдарын пайдалану.Семинар барысында қатысушыларға туристердің демалыс бағытын таңдау кезіндегі мінез-құлқындағы негізгі өзгерістер, сұранысты қалыптастырудағы цифрлық платформалардың рөлі, сондай-ақ бизнестің онлайн ортада (іздеу жүйелері, әлеуметтік желілер, картографиялық сервистер) дұрыс ұсынылуының маңыздылығы түсіндірілді.Сонымен қатар туристік нысандардың цифрлық ізі талданып, клиенттерді жоғалту нүктелері анықталды және интернеттегі көрінімді арттырудың практикалық құралдары қарастырылды. Сарапшылар онлайн-коммуникацияны жақсарту және пікірлермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.Іс-шараға орналастыру орындарының өкілдері, туроператорлар, экскурсиялық компаниялар және өңірдің туризм саласының басқа да қатысушылары қатысты.Жалпы семинарға туристік бизнес саласының 70-тен астам өкілі қатысты.Осындай іс-шаралар өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, туризм саласын дамытуға және бизнесті заманауи цифрлық талаптарға бейімдеуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215589?lang=kk
Балама бағыттар. Бурабай ұлттық табиғи паркі аумағынан қалай тез әрі ыңғайлы шығуға болады 06.05.2026
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жыл сайын бір миллионнан астам келушіні қабылдайды. Маусым қызған кезде автокөлік ағыны бірнеше есе артып, Бурабай кентіндегі екінші бақылау-өткізу пунктінде кезек пайда болуы мүмкін. Бұл жүйедегі ақау немесе кіруге шектеу емес, елдегі ең танымал туристік бағыттардың біріне деген жоғары сұраныстың нәтижесі.Осыған байланысты келушілерге уақытты үнемдеу және БӨП-2 жүктемесін азайту үшін шығу бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.«Парк әкімшілігі келушілерден жүктемені ескеріп, шығу бағытын алдын ала таңдауды сұрайды. Аумақтан күтусіз әрі жылдам шығуға мүмкіндік беретін бірнеше балама бағыт бар», — деді директордың орынбасары Венера Нугманова.Бірінші бақылау-өткізу пункті «Астана – Көкшетау» тасжолына шығарады және елордаға немесе солтүстік бағытқа бет алғандар үшін қолайлы. Үшінші бақылау-өткізу пункті Щучинск қаласы арқылы өтеді және курорттық аймақтағы көлік ағынын тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Төртінші бақылау-өткізу пункті «Балдәурен» балалар орталығы арқылы орналасқан және негізгі шығу нүктесіндегі жүктемені азайтуға ықпал етеді.Аталған бағыттарды пайдалану жолға кететін уақытты қысқартып, ұлттық парк инфрақұрылымына түсетін салмақты азайтады.Келушілерге қолайлылық үшін кіру төлемінің бірнеше тәсілі қарастырылған: Kaspi.kz және Halyk қосымшалары арқылы, халықаралық төлем жүйелерінің карталарымен және қолма-қол төлеуге болады. Бұл кіру және шығу кезінде кідірістердің алдын алуға көмектеседі.«Бурабай» ұлттық паркі тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар табиғи тепе-теңдікті сақтауға ерекше мән берілетін аумақ болып қала береді.«Бағытты дұрыс таңдау әр келушінің сапарын жайлы етеді және бүкіл жүйенің артық жүктемесіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», — деп атап өтті парк өкілдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215599?lang=kk
Қазақстан мен Бразилия мал шаруашылығы саласында серіктестік орнатуда 06.05.2026
Рибейрао-Прету қ., 2026 жылғы 29 сәуір – 3 мамыр – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин бастаған қазақстандық делегация Бразилияға жұмыс сапарымен барды.Сапардың негізгі мақсаты – екі ел арасында мал шаруашылығы саласында серіктестік орнату, Қазақстанда «Ангус», «Герефорд» ірі қара тұқымдарын өсіру бойынша тәжірибемен алмасу, генетика мен эмбриондарды бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ Бразилиядан елімізге тірі мал экспортын жолға қою болды. Сондай-ақ, делегация Рибейрао-Прету қаласында өткен Латын Америкасындағы ең ірі агроөнеркәсіптік «Agrishow 2026» көрмесіне қатысты.Агрокөрме аясында Қазақстан Елшілігінің қатысуымен және ұйымдастырушылық қолдауымен делегация құрамында келген қазақстандық агроөнеркәсіптік компаниялардың өкілдері бразилиялық серіктестермен мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және тірі мал экспортын дамыту мәселелері бойынша сараптамалық келіссөздер жүргізді.Жалпы, сапар барысында қазақстандық делегация Бразилияның бес қаласында (Убераба, Уберландия, Сан-Жозе-ду-Риу-Прету, Барретус және Итапетинингада) болып, онда бірқатар екіжақты кездесулер, таныстырылымдар өткізді және «Agropecuaria 3G», «Halim Laboratory», «TRULAND» және өзге да бразилиялық компаниялардың агроөнеркәсіптік кешендерін аралады.Убераба қаласында Аманғали Бердалин «Зебу» және «Ангус» тұқымдарын өсіру бойынша Бразилия қауымдастығының («ABCZ») басшылығымен кездесу өткізді, сондай-ақ «Ottoman Negócios» компаниясының бордақылау алаңымен танысты. Келіссөздер күн тәртібінде Қазақстанда зебу тұқымының эмбриондарын өсіруге арналған зертхана құру жобасын іске асыру мәселелері де қаралды. Сапар қорытындысы бойынша екі ел арасында мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімді әзірлеу және оған қол қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтама: Бразилиядағы мал шаруашылығы – елдің агроөнеркәсіптік кешенінің негізін құрайтын жоғары дамыған сала. Ел, мал басы саны мен ет өнімдерін экспорттау көлемі бойынша әлемде жетекші орындардың бірін иеленіп, кең ауқымды жайылымдық шаруашылықтың арқасында әлемдік нарықтың елеулі үлесін қамтамасыз етеді. «Agrishow 2026»-ға – жыл сайын шамамен 800 компания қатысып, 200 мыңнан астам келуші жиналатын Латын Америкасындағы ең ірі ауыл шаруашылығы технологияларының көрмесі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1215649?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт дипломатиялық диалогты нығайтуда 06.05.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Әділ Ахмед Сүләйман Әл-Ғұнайманмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады.Екі ел арасындағы өзара сапарларды жандандыру, іскер топтар арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бейінді мекемелер желісі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, тараптар өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты және Қазақстан мен Кувейт арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 11 қаңтарда орнатылды. Осы уақыт ішінде екі ел орнықты саяси өзара іс-қимыл қалыптастырып, инвестициялар, экономика, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1215654?lang=kk
«Ұлы жеңіске тағзым» атты кітап көрмесі 06.05.2026
Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы жеңіске тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырылды. Аталған көрменің негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлығын ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Көрме аясында соғыс тақырыбын арқау еткен көркем әдебиеттер, деректі еңбектер, естеліктер мен тарихи басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, көрмемен жақын танысты. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы № 4 мектеп, № 10 және №125 high school оқушылары келді. Кітапхана қызметкерлері келушілерге ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталды. Әсіресе, соғыс жылдарындағы майдангерлердің өмір жолы, олардың көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы туралы мәліметтер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Көрме барысында оқырмандар халқымыздың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер туралы тың деректер алып, бейбіт өмірдің қадірін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батыр бабаларымыздың Отан үшін жасаған жанқиярлық ерліктеріне тағзым етіп, олардың рухына құрмет көрсетті. Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1215675?lang=kk
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен! 06.05.2026
Бұл мереке – барлық жауынгерлерінің ерліктері мен қаһармандығы үшін ерекше алғыс, Отанымызды қорғап, оның гүлденуі жолында еңбек етіп жүргендердің барлығына алғыстың белгісі.Отан қорғаушы – халқына жанымен де, ісімен де қызмет ететін адам.Мемлекеттік кірістер департаментінің нәзік жандар ер ұжымға алдағы уақытта жұмыстарына табыс тілеп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін күзететін абыроймен атқара беруіне тілектестік білдірді.Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1215680?lang=kk
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Аргентинаға сапар жасады 06.05.2026
Буэнос-Айрес қ., 2026 жылғы 4–5 мамыр – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі А.Бердалин бастаған қазақстандық делегация ірі қазақстандық агрокомпаниялар өкілдерімен бірге Аргентинаға сапар жасады.ҚР-дың Бразилиядағы Елшілігі мен ҚР-дың Аргентинадағы Құрметті консулы С.Делуканың қолдауымен делегация үшін аргентиналық агрокомпаниялармен және мал шаруашылығы саласындағы қауымдастықтармен келіссөздер ұйымдастырылды.Сапар барысында қазақстандық делегация үш ірі агрокомпанияның басшылығымен кездесулер өткізіп, олардың қожалықтарын аралады, сондай-ақ «Ангус» ірі қара мал тұқымын өсіру және жеткізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша мазмұнды келіссөздер жүргізді.Ағымдағы жылдың 5 мамырда ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аргентина Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аугустин Родригес, «Ангус» тұқымын өсірушілер қауымдастығының Президенті және алты ірі агрокомпания өкілдерімен бірлескен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында асыл тұқымды мал өсіру, эмбрион жеткізу, тәжірибе алмасу және осы ірі қара мал тұқымының генетикасын дамыту мәселелері талқыланды.Тараптар, екіжақты аграрлық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын жоғары бағалап, оны дамытуға, оның ішінде бірлескен іс-шаралар мен сапарлар ұйымдастыру арқылы жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1215688?lang=kk
Халықаралық орталық пен Словенияның GPOC орталығы серіктестік меморандумына қол қойды 06.05.2026
Астана, 2026 жылғы 30 сәуір - Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы мен Словенияның Жаһандық бейбіт бастамалар орталығы (GPOC) бейнеконференция арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалап, бейбітшілікке бағытталған бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға жол ашады деп жоспарлануда.Халықаралық орталықтың Басқарма Төрағасы Гүлсана Қожабай өз сөзінде Словения тарапын алдағы Еңбек күні мерекесімен құттықтап, Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаевқа серіктестікті орнатуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол Съезд идеясының негізі - Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанды «жақындастыратын жер» деп атаған сөздері себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ Халықаралық орталық басшысы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне дайындық барысы туралы айтып, бүгінде Халықаралық орталық сараптамалық бағытты белсенді дамытып, рухани құндылықтарды практикалық шешімдерге айналдырып отырғанын жеткізді.Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев конфессияаралық диалог Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыты екенін және оның көпвекторлы саясатының айқын көрінісі екенін атап өтті. Ол Қазақстан мен Словенияның талдамалық құрылымдары арасындағы сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі күшейтудің маңыздылығын қолдады.GPOC тарапынан Марибор қаласындағы «Alma Mater Europaea» университетінің ректоры (Тараздағы Шерхан Мұртаза атындағы университеттің серіктесі), Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының мүшесі, GPOC директоры профессор Людвик Топлак сөз сөйледі. Ол Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған бейбіт саясатына жоғары баға беріп, екі ұйым арасындағы ерекше синергияны атап өтті. Сонымен қатар, әлемде геосаяси қайшылықтар күшейіп отырған қазіргі кезеңде гуманитарлық және экологиялық салалардағы орталықтардың бірлескен күш-жігері ерекше маңызға ие екенін айтты.Өз кезегінде Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының вице-президенті әрі GPOC Төрағасы Донато Кинигер-Пассингли бейбітшілікке жету жолы шығармашылық пен шыдамдылықты талап ететінін атап өтті. Ол GPOC-тың БҰҰ-мен өзара әріптестігі туралы айтып, Халықаралық орталықты негізгі серіктес ретінде атады және қол қойылған меморандум екі ұйымның ресурстарын жұмылдыруға, бірлескен қызметті дамытуға негіз болатынын жеткізді. Оның айтуынша, бейбітшілік - бұл адамдар жасайтын өнер мен сәулет секілді құндылық, ал қазіргі серіктестік GPOC-тың зерттеу қызметіне діни және мәдени аспектілерді интеграциялауға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар бірқатар жобаларды талқылап, ортақ мақсаттарды ілгерілету үшін бір-бірінің диалог алаңдарын белсенді пайдалануға түбегейлі түрде келісім білдірді. Гүлсана Қожабай Словения тарапын 2026 жылдың қазан айында Астанада өтетін екінші кеңейтілген сараптамалық дөңгелек үстелге қатысуға шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1215837?lang=kk
Парызға адалдық пен жан жылуы: Ғалия Темірбекқызы Сембаеваны зейнеткерлікке шығарып салу 06.05.2026
Бүгін біздің ұжымда ерекше күн – ол қимастық сезім мен зор шынайы алғысқа толы. Біз камералдық мониторинг басқармасының басшысы Ғалия Темірбекқызы Сембаеваны құрметті демалысқа шығарып салып отырмыз.Оның еңбек жолы – бұл жай ғана лауазымдар тізімі емес, бұл 40 жылдан астам уақытқа созылған, дерлік толығымен мемлекеттік қызметке арналған тұтас бір дәуір.Павлодар есеп-экономикалық техникумында және Целиноград ауыл шаруашылығы институтында тамаша білім алып, ол мамандықтағы алғашқы қадамдарын 1983 жылы Лебяжье ауылында аға экономист болып жұмыс істеуден бастады. Еліміз үшін ауқымды экономикалық өзгерістер болған қиын жылдары ол аумақтық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде еңбек етіп, сол уақыттағы ең күрделі процестерді мінсіз атқарып шықты.2002 жылдан бастап Ғалия Темірбекқызының кәсіби тағдыры салық жүйесімен тығыз байланысты. Ол біздің өңірдегі заманауи салықтық әкімшілендірудің қалыптасуының бастауында тұрды деп асыра айтқандық емес. Акциздер, халықаралық салық салу, салық төлеушілермен жұмыс, Павлодар ауданы бойынша Салық комитетіндегі маңызды бөлімдерге басшылық ету – осы учаскелердің әрқайсысында ол өзін жоғары санатты маман ретінде көрсете білді.Бұл орасан зор, бірегей тәжірибе оның Департаменттегі жұмысының берік іргетасына айналды. 2015 жылдан бастап ол камералдық бақылау басқармасын басқарды, ал 2019 жылдан бастап камералдық мониторинг басқармасының тұрақты басшысы болды.Ғалия Темірбекқызының көпжылғы адал еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» атағымен, Қаржы министрлігінің 100 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен және басқа да көптеген марапаттармен атап өтілді.Бірақ біздің ұжым үшін оның басты марапаты – біздің терең құрметіміз бен сүйіспеншілігіміз. Ғалия Темірбекқызы біз үшін әрқашан жұмыстағы мызғымас, берік қағидаттар мен өмірдегі шексіз мейірімді, жанашыр жүректің таңғажайып үйлесіміндей адам болды және солай болып қала береді. Одан кез келген уақытта ақыл-кеңес сұрап баруға болатын – ол қолдаудың нақты сөздерін тауып, бағыт-бағдар сілтеп, мәселені шешудің дұрыс әдісін нұсқап, команданы жай ғана шабыттандыра білетін.Күшті әйелдің жетістіктерінің артында әрқашан сенімді тыл – оның отбасы тұратынын білеміз. Ол жұбайымен бірге Даниял мен Қуаныш есімді екі тамаша ұл тәрбиелеп өсірді. Ал бүгінде оның басты қуанышы мен көз қуанышы төрт жасар немересі Аиша болып отыр.Құрметті Ғалия Темірбекқызы! Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы сізге еңбегіңіз үшін, мыңдаған дана шешімдеріңіз, көрсеткен үлгіңіз бен барлық шәкірттеріңіз үшін зор адами алғысын білдіреді.Біз шын жүректен өміріңіздің осы бір жаңа, тамаша кезеңі тек жағымды бейнетпен, немереңіздің шат күлкісімен, отбасылық кештердің жылуымен және нағыз лайықты демалыспен ұласуын тілейміз!Терең құрметпен және ізгі ниетпен,Павлодар облысы бойынша МКД ұжымы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215742?lang=kk
KazAID менеджері NGS мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді 06.05.2026
2026 жылғы 30 сәуірде NGS жекеменшік мектебінде «KONNECT түлектерінің жергілікті балаларға арналған ментор-менті алмасу бағдарламасы» аясында менторлық сессия өтті.Іс-шараның спикері – KOICA бағдарламасының түлегі әрі KazAID компаниясының менеджері К. Шаймерденова болды. Кездесу барысында ол өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, агенттіктегі қазіргі жұмысы туралы айтып, KazAID-тің негізгі қызмет бағыттарын таныстырды. Атап айтқанда, даму ресми көмегі (ДРК) қағидаларына және Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық аясындағы рөліне ерекше назар аударылды.Студенттер халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу перспективаларымен танысып, сұрақтар қойып, кәсіби даму бойынша практикалық кеңестер алды. Кездесу студенттердің көкжиегін кеңейту және білім беру мен мансаптық бастамаларға белсенді қатысуға деген мотивациясын арттыру тұрғысынан маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1215752?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 06.05.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру рәсімін біріздендіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес өткізіледі.Өткізілетін күні: 2026 жылғы 12 мамыр.Өткізілетін орны: Павлодар қ., Астана көшесі, 57, 308-кабинет.Анықтама телефоны: 8 (7182) 53-53-51. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215754?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі Отан қорғаушылар! 06.05.2026
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке ерлік, абырой және Отанға адалдықтың символы болып қала береді. Ол ел қауіпсіздігін күзетіп, оның дамуы жолында еңбек етіп, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген барша азаматтарды біріктіреді.Оның маңызын мемлекетіміздің жаңғыруы мен дамуы бағыты айқындай түседі. Қазақстан Республикасының қабылданған Конституциясы адам құқықтарының басымдығын, әділдікті және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін бекітті. Бұл қағидаттар Отан қорғаушылардың мұраттарымен — халыққа қызмет ету, борышқа адалдық және елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне ұмтылумен тығыз байланысты. Олар ел тарихының ең күрделі кезеңдерінде Отанға адалдығын дәлелдеген ұрпақтар арқылы қалыптасты.Біз ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, жергілікті қақтығыстарға қатысушыларды, техногендік апаттардың салдарын жоюға атсалысқан азаматтарды және Отанға қызмет еткен барша жандарды алғыс сезіммен еске аламыз. Олардың ерлігі — бүгініміз бен болашағымыздың берік негізі, ал тәжірибе мен жауапкершілік сабақтастығы мемлекетті нығайтып, оның дамуына бағыт береді.Бүгінде бұл дәстүрлер нақты істер арқылы жалғасын табуда — қоғамға пайда келтіру, адал еңбек ету және елді дамытуға ұмтылу арқылы. Жас ұрпақ өткенге сүйене отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын заманауи мазмұнмен толықтыруда.Қадірлі жерлестер!Осы мереке әрқайсымыздың жүрегімізде бірлік сезімін, елге деген мақтаныш пен ертеңгі күнге сенімді нығайта түссін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1215768?lang=kk
Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз. Тақырыбы: «Мобильді аударымдар» 06.05.2026
1-сұрақ: Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?Жауап: Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.2-сұрақ: Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?Жауап: Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.3-сұрақ: Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?Жауап: Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.Екінші кезең – бақылау шаралары.Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.4-сұрақ: Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған жағдайда салық төлеуші қандай әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс?Жауап: Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге жолданатын хабарлама (извещение) ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.Жеке тұлға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.Хабарлама (уведомление) жолданған жағдайда, Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеуші белгіленген мерзімде:анықталған сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда бұзушылықтарды салық есептілігін ұсыну арқылы жоюға;келіспеген жағдайда сәйкессіздіктердің себептерін көрсете отырып, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып жазбаша түсіндірме ұсынуға міндетті.Түсіндірме ұсынылмаған немесе ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.5-сұрақ: Мобильді аударымдарға салық салына ма?Жауап: Мобильді аударымдардың өзі салық салу объектісі болып табылмайды. Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаның табыстары салық салуға жатады.Егер аударым табыс болып табылса (мысалы, тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлем), онда оған салық салынады.6-сұрақ: Қандай жағдайларда аударымдар бойынша қызмет кәсіпкерлік қызмет ретінде танылуы мүмкін?Жауап: Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік – бұл азаматтардың тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету арқылы таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатқа ие болып, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін төлеммен байланысты болса, мұндай түсімдер кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде танылуы мүмкін.7-сұрақ: Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?Жауап: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, егер әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.8-сұрақ: Аударымдарды талдау үшін іріктеу салық органдарымен қалай жүзеге асырылады?Жауап: Іріктеу және белгіленген критерийлерге сәйкестікті анықтау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес екінші деңгейдегі банктермен жүзеге асырылады.Критерийлер бір мезгілде орындалған жағдайда (үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан қаражат түсуі және сомасы 1 020 000 теңгеде043D асуы) банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.9-сұрақ: Туыстар арасындағы аударымдар салық салуға жата ма?Жауап: Жоқ, салық салуға жатпайды. Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), мұндай түсімдер жеке тұлғаның салық салынатын табыстарының құрамына кірмейді.10-сұрақ: Егер ақша туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде аударылса ше?Жауап:Мұндай аударымдар сыйға тарту болып табылады және жеке сипатқа ие.Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), олар салық салынатын табысқа жатпайды.11-сұрақ: Егер ата-аналар мектепке немесе балабақшаға ақша жинаса ше?Жауап: Мұндай түсімдер табыс ретінде танылмайды. Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), бұл сомалар жеке тұлғаның салық салынатын табыстарына жатпайды.12-сұрақ: Жеке аударымдарды декларациялау қажет пе?Жауап: Салық кодексінің 405-бабына сәйкес, жеке аударымдар жеке тұлғаның салық салынатын табысына жатпайды.13-сұрақ: Салық автоматты түрде есептеледі ме?Жауап: Жоқ. Салық органдары талдау жүргізеді және негіз болған жағдайда Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде хабарлама жібереді.14-сұрақ: Жеке шотты кәсіпкерлік үшін пайдалануға бола ма?Жауап: Жоқ. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер қызмет жүргізу үшін банктік шот ашуға міндетті.Бұдан бөлек, Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, барлық есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілуі тиіс.БКМ қолданбаған жағдайда ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес ескертуден қайталап бұзңан үшін 15 АЕК-ке дейін жауапкершілік көзделген.15-сұрақ: Егер маған балаларымнан немесе туыстарымнан тұрақты түрде ақша түссе, салық салына ма?Жауап: Жоқ. Мұндай аударымдар жеке (отбасылық) сипатқа ие және кәсіпкерлік табыс болып табылмайды.Бұл ретте іріктеу өлшемшарттарының бірі – әртүрлі 100 және одан да көп тұлғадан аударымдардың түсуі.Сондықтан отбасы мүшелерінен түсетін аударымдар бұл критерийге жатпайды.16-сұрақ: Егер тексеру нәтижесінде хабарлама жіберілсе, ол қайда түседі?Жауап: Хабарлама салық төлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Қосымша түрде ол eGov порталында да қолжетімді болуы мүмкін.17-сұрақ: Хабарлама алған жағдайда салық органына бару қажет пе?Жауап: Жоқ. Жауапты салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беруге болады. Жауап электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады және заңды күшке ие.18-сұрақ: Хабарламаны орындау мерзімі қандай?Жауап: Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Осы мерзім ішінде салық төлеуш түсініктеме беруі, немесе салықтық есептілікті (декларацияны) тапсыруы тиіс.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215780?lang=kk