Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған маркетинг және жарнама бойынша семинар өтті

Ақмола облысында туризм саласы өкілдеріне арналған маркетинг және жарнама бойынша семинар өтті

06.05.2026 18:58:27 149

Іс-шараны Ақмола облысының туризм басқармасы ұйымдастырып, оның мақсаты – туристік қызметтерді ілгерілетудің тиімділігін арттыру және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.

Семинар барысында қатысушылар маркетингтің заманауи құралдарын, тиімді жарнама арналары мен мақсатты аудиториямен жұмыс істеу тәсілдерін қарастырды. Сонымен қатар цифрлық ортадағы жарнама ерекшеліктері, тартымды контент жасау, әлеуметтік желілерде ілгерілету және туристік нысандардың оң имиджін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Практикалық бөлімде нақты кейстер талданып, қатысушылардың қазіргі маркетингтік стратегияларына сараптама жасалып, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Семинарға орналастыру орындары, туроператорлар, экскурсиялық компаниялар және туризм саласының басқа да өкілдерін қоса алғанда 80-нен астам адам қатысты.

Мұндай іс-шаралар өңірдің туристік саласын дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және бизнеске заманауи маркетингтік шешімдерді енгізуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1215560?lang=kk