Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салықтар саласымен таныстыру мақсатында - балалар шығармашылығы конкурсы ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салықтар саласымен таныстыру мақсатында - балалар шығармашылығы конкурсы ұйымдастырылды

06.05.2026 18:58:55 143

🔰 2026ж. 5 мамырында «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының фойесінде Департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдықалыптастыру және салықтар саласымен таныстыру» атты қалалық сурет байқауы өтті.

Байқаудың  басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салық мәдениетін арттыру, жас ұрпақтың адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын түсінуін дамыту, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зиянын көркем шығармашылық арқылы жеткізу.

Байқауға қала мектептерінің 7-10 сыныптағы 12 мектептің оқушылары мен шығармашылық студия тәрбиеленушілері 20 оқушы қатысып, өз туындылары арқылы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдарын, салық төлеудің маңыздылығын көркем бейнеледі. Қатысушылардың жұмыстарында адал еңбек, заңға бағыну, ашықтық пен жауапкершілік тақырыптары кеңінен көрініс тапты.

Байқаудың нәтижесімен үздік жұмыстар анықталып, тиісті дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. 

Мұндай байқаулар жас буынның бойында адалдық, әділдік және заңға құрмет сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1215417?lang=kk