Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 06.05.2026
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру рәсімін біріздендіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес өткізіледі.Өткізілетін күні: 2026 жылғы 12 мамыр.Өткізілетін орны: Павлодар қ., Астана көшесі, 57, 308-кабинет.Анықтама телефоны: 8 (7182) 53-53-51.        Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215754?lang=kk
Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі Отан қорғаушылар! 06.05.2026
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке ерлік, абырой және Отанға адалдықтың символы болып қала береді. Ол ел қауіпсіздігін күзетіп, оның дамуы жолында еңбек етіп, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген барша азаматтарды біріктіреді.Оның маңызын мемлекетіміздің жаңғыруы мен дамуы бағыты айқындай түседі. Қазақстан Республикасының қабылданған Конституциясы адам құқықтарының басымдығын, әділдікті және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін бекітті. Бұл қағидаттар Отан қорғаушылардың мұраттарымен — халыққа қызмет ету, борышқа адалдық және елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне ұмтылумен тығыз байланысты. Олар ел тарихының ең күрделі кезеңдерінде Отанға адалдығын дәлелдеген ұрпақтар арқылы қалыптасты.Біз ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, жергілікті қақтығыстарға қатысушыларды, техногендік апаттардың салдарын жоюға атсалысқан азаматтарды және Отанға қызмет еткен барша жандарды алғыс сезіммен еске аламыз. Олардың ерлігі — бүгініміз бен болашағымыздың берік негізі, ал тәжірибе мен жауапкершілік сабақтастығы мемлекетті нығайтып, оның дамуына бағыт береді.Бүгінде бұл дәстүрлер нақты істер арқылы жалғасын табуда — қоғамға пайда келтіру, адал еңбек ету және елді дамытуға ұмтылу арқылы. Жас ұрпақ өткенге сүйене отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын заманауи мазмұнмен толықтыруда.Қадірлі жерлестер!Осы мереке әрқайсымыздың жүрегімізде бірлік сезімін, елге деген мақтаныш пен ертеңгі күнге сенімді нығайта түссін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1215768?lang=kk
Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз. Тақырыбы: «Мобильді аударымдар» 06.05.2026
1-сұрақ: Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады?Жауап: Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.Мұндай мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына 100-ден астам әртүрлі тұлғадан ақша алса және олардың жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, банктер бұл туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.2-сұрақ: Жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, оның аударымдары туралы мәліметтер салық органдарына беріле ме?Жауап: Иә, белгіленген критерийлерге сәйкес келетін барлық жеке тұлғалар бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылады.Бұл ретте жеке тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегені ескерілмейді, себебі бақылау кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шоттарына түскен ақша қаражаттарына қатысты жүргізіледі.3-сұрақ: Банктерден ақпарат алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары қандай шаралар қолданады?Жауап: Екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алынғаннан кейін мемлекеттік кірістер органдары іс-шараларды екі кезеңде жүзеге асырады.Бірінші кезең – салық төлеушіні хабардар ету.Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық органдары салық төлеушіні табыс алу белгілерінің бар екендігі туралы хабардар етеді.Осы мақсатта салық төлеушіге хабарлама (извещение) жіберіледі, ол ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.Екінші кезең – бақылау шаралары.Бұдан әрі, негіздер болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінде көзделген тәртіппен камералдық бақылау жүргізеді.Камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама (уведомление) жолданады.Хабарламаны орындау оны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.4-сұрақ: Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған жағдайда салық төлеуші қандай әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс?Жауап: Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге жолданатын хабарлама (извещение) ақпараттық сипатқа ие және жауап беруді талап етпейді.Жеке тұлға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.Хабарлама (уведомление) жолданған жағдайда, Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеуші белгіленген мерзімде:анықталған сәйкессіздіктермен келіскен жағдайда бұзушылықтарды салық есептілігін ұсыну арқылы жоюға;келіспеген жағдайда сәйкессіздіктердің себептерін көрсете отырып, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып жазбаша түсіндірме ұсынуға міндетті.Түсіндірме ұсынылмаған немесе ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.5-сұрақ: Мобильді аударымдарға салық салына ма?Жауап: Мобильді аударымдардың өзі салық салу объектісі болып табылмайды. Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғаның табыстары салық салуға жатады.Егер аударым табыс болып табылса (мысалы, тауар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлем), онда оған салық салынады.6-сұрақ: Қандай жағдайларда аударымдар бойынша қызмет кәсіпкерлік қызмет ретінде танылуы мүмкін?Жауап: Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабы 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік – бұл азаматтардың тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету арқылы таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатқа ие болып, тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін төлеммен байланысты болса, мұндай түсімдер кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс ретінде танылуы мүмкін.7-сұрақ: Тіркеусіз кәсіпкерлік қызмет үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?Жауап: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес, егер әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.8-сұрақ: Аударымдарды талдау үшін іріктеу салық органдарымен қалай жүзеге асырылады?Жауап: Іріктеу және белгіленген критерийлерге сәйкестікті анықтау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес екінші деңгейдегі банктермен жүзеге асырылады.Критерийлер бір мезгілде орындалған жағдайда (үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан қаражат түсуі және сомасы 1 020 000 теңгеде043D асуы) банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.9-сұрақ: Туыстар арасындағы аударымдар салық салуға жата ма?Жауап: Жоқ, салық салуға жатпайды. Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), мұндай түсімдер жеке тұлғаның салық салынатын табыстарының құрамына кірмейді.10-сұрақ: Егер ақша туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде аударылса ше?Жауап:Мұндай аударымдар сыйға тарту болып табылады және жеке сипатқа ие.Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), олар салық салынатын табысқа жатпайды.11-сұрақ: Егер ата-аналар мектепке немесе балабақшаға ақша жинаса ше?Жауап: Мұндай түсімдер табыс ретінде танылмайды. Салық кодексінің 405-бабына сәйкес (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы редакция), бұл сомалар жеке тұлғаның салық салынатын табыстарына жатпайды.12-сұрақ: Жеке аударымдарды декларациялау қажет пе?Жауап: Салық кодексінің 405-бабына сәйкес, жеке аударымдар жеке тұлғаның салық салынатын табысына жатпайды.13-сұрақ: Салық автоматты түрде есептеледі ме?Жауап: Жоқ. Салық органдары талдау жүргізеді және негіз болған жағдайда Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде хабарлама жібереді.14-сұрақ: Жеке шотты кәсіпкерлік үшін пайдалануға бола ма?Жауап: Жоқ. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер қызмет жүргізу үшін банктік шот ашуға міндетті.Бұдан бөлек, Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, барлық есеп айырысулар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, немесе арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілуі тиіс.БКМ қолданбаған жағдайда ӘҚБтК-нің 284-бабына сәйкес ескертуден қайталап бұзңан үшін 15 АЕК-ке дейін жауапкершілік көзделген.15-сұрақ: Егер маған балаларымнан немесе туыстарымнан тұрақты түрде ақша түссе, салық салына ма?Жауап: Жоқ. Мұндай аударымдар жеке (отбасылық) сипатқа ие және кәсіпкерлік табыс болып табылмайды.Бұл ретте іріктеу өлшемшарттарының бірі – әртүрлі 100 және одан да көп тұлғадан аударымдардың түсуі.Сондықтан отбасы мүшелерінен түсетін аударымдар бұл критерийге жатпайды.16-сұрақ: Егер тексеру нәтижесінде хабарлама жіберілсе, ол қайда түседі?Жауап: Хабарлама салық төлеушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Қосымша түрде ол eGov порталында да қолжетімді болуы мүмкін.17-сұрақ: Хабарлама алған жағдайда салық органына бару қажет пе?Жауап: Жоқ. Жауапты салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы электронды түрде беруге болады. Жауап электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) расталады және заңды күшке ие.18-сұрақ: Хабарламаны орындау мерзімі қандай?Жауап: Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Осы мерзім ішінде салық төлеуш түсініктеме беруі, немесе салықтық есептілікті (декларацияны) тапсыруы тиіс.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1215780?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Астанада ескерткіштер аумағында тазалық жұмысы жүріп жатыр 06.05.2026
Астанада республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ескерткіштер аумағын тазалау және абаттандыру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бірлескен музейлер дирекциясының қызметкерлері Дина Нұрпейісова ескерткішінің аумағында тазалық жүргізді. Іс-шара барысында ескерткіш маңы тазартылып, аумағы ретке келтірілді.Бұл жұмыс қоғамдық кеңістіктерді таза ұстауға, мәдени мұраға құрметпен қарауға және қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған.Бірлескен музейлер дирекциясының ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қуаныш Күлештің айтуынша, тазалық мәдениеті әрбір азаматтың өзі өмір сүріп отырған ортаға жауапкершілікпен қарауынан басталады.«Ел тазалығы – ұлт мәдениетінің айнасы. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет», – деді ол.«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарды таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Мәдени мұраны сақтау және оның айналасын таза ұстау – ұлттық құндылықтарға құрметтің маңызды көрінісі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan 
«Таза Қазақстан»: Астанада мерекелік концерт пен көрме өтті 06.05.2026
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында және Сарыарқа ауданының құрылғанына 28 жыл толуына орай № 1 өнер мектебінің қатысуымен мерекелік концерт пен көрме өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауданның мерейтойына арналған іс-шарада өнер мектебінің дарынды шәкірттері сахна төрінде ән мен биден шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жас суретшілер өздерінің таңдаулы туындыларынан арнайы көрме ұйымдастырып, ауданның көркем келбетін өз көзқарастарымен бейнеледі.«Таза Қазақстан — бұл тек табиғатты аялау немесе экологиялық акция емес. Ең алдымен, сананың тазалығы, білімділік пен өнердің биігі. Біз келешек ұрпақты тек тазалыққа ғана емес, жасампаздыққа, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі шара жастардың бойындағы осы құндылықтардың көрінісі», — деп атап өтті Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Аяулым Адешова.#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan 
AlmaU Management Conference: AI, ESG және BANI дәуіріндегі басқарудың жаңа модельдері 06.05.2026
2026 жылғы 5 мамырда Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында I Халықаралық «AlmaU Management Conference » конференциясы өтті. Іс-шара қазіргі заманғы менеджменттің өзгеру үрдістерін талқылауғаакадемиялық қауымдастық өкілдерін, бизнес басшыларын және пікір көшбасшыларын жинады. Конференция сарапшыларды басты сын-қатерлер - жасанды интеллектті енгізу, ESG бағытының дамуы және BANI ортасында көшбасшылықтың жаңа модельдерін қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін біріктірді. Қатысушылар басқару тәсілдерінің трансформациясы мен болашақ көшбасшылардың негізгі құзыреттерін қарастырды. AlmaU ректоры Тимур Булдыбаев іс-шараның ашылу салтанатында:«AlmaU үшін бұл конференция - білім, зерттеу және кәсіпкерлік рухының синергиясы арқылы қоғамды өзгертуге бағытталған миссиямыздың көрінісі. Біз жай ғана білім беру кеңістігін емес, жаңа идеялар, шешімдер мен мағыналар қалыптасатын интеллектуалдық экожүйе құруға ұмтыламыз», - деп атап өтті.Конференция модератор ретінде PMI Kazakhstan Chapter президенті Азамат Тоимбетов тағайындалған пленарлық сессиямен жалғасты. Сессия барысында технологиялардың, құндылықтардың және адами капиталдың қазіргі менеджменттегі рөлін түсінуге арналған түрлі тұжырымдамалық көзқарастар ұсынылды.Эквадор Халықаралық университетінің (Кито) қызметкері, іскерлік әкімшілік және менеджмент саласындағы философия докторы, қолданбалы жасанды интеллект магистрі María Stefanie Vásquez Peñafiel өз баяндамасында:«Біз әрбір шешім қабылдағанда, әсіресе жасанды интеллектке сүйенгенде, этика мен жауапкершілікті ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда көптеген зерттеулер дәлелі бойынша, ChatGPT, DeepSeek немесе Gemini сияқты құралдарды пайдаланғанда «галлюцинация» деп аталатын қателіктер кездесу ықтималдығы жоғары. Кейбір жағдайларда олардың деңгейі 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан AI көмегімен алынған нәтижелерді үнемі қайта тексеру өте маңызды», - деді.Тақырыпты геосаяси ойшыл, бестселлер авторы, Джон фон Нейман атындағы Университеттің экс-президенті, AUAP елшісі Norbert Csizmadia жалғастырды. Ол «көгілдір аймақтар» тұжырымдамасы - ұзақ мерзімді дамуға бағытталған білім беру экожүйелерімен таныстырды:«Бүгін біз болашақ бағытының өзіндік формуласын іздеп жатырмыз. Әр елдің өзіндік интеллектуалдық даму көзі бар. Бірінші элемент - көзқарас. Екіншісі - осы көзқарасты қолдайтын берік құндылықтар. Үшіншісі - дәстүрлі мен заманауидің "ақылды үйлесімі". Төртіншісі - жаңа технологиялар арқылы бейімделу мен өтемақы. Бесіншісі - білім. Алтыншысы - таланттарды дамыту арқылы қалыптасатын болашақ. Қарапайым тілмен айтқанда, ертеңгі күннің фокусын үш сөзбен білдіруге болады: табиғат, мәдениет және болашақ. Ал болашақ - бұл таланттар, білім, технологиялар және капиталдың тиімді үйлесімі. Мен Орталық Азия жаһандық дамудың келесі маңызды кезеңіне айналады деп сенімдімін. Осы тұрғыдан Қазақстанның бірегей артықшылықтары бар: бай мәдениет, мықты табиғи база, талантты адамдар және бірлесіп жұмыс істей алатын университеттер. Болашақты талантты тұлқалардың қолында және Қазақстан осы бағытта алға жылжып келеді».Өз кезегінде, Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту Qaz.AI қауымдастығының төраға орынбасары Анар Тулеубаева болашақ басшылардың деректерді бизнес-құндылыққа қалай айналдыратынын баяндады:«Болашақ басқарушылар - деректерді, құндылықтарды және сандардың артындағы нақты адамдарды бір мезгілде назарда ұстайтын мамаңдар. Мұндай басқарушылар үшін AI бәсекелес те, сиқырлы жәшік та емес.Ол шешімдерді нақтылауға болатын рефлексиялық серіктес».Пленарлық сессияда менеджмент мектебінің Senior Lecture, Білім және i5, PRME Chapter Eurasia вице-төрағасы Aurora Diaz-Soloaga, Э. ғ. к., AlmaU Президентінің кеңесшісі, ҚР Ұлттық Банкінің  экс-төрағасы Қадыржан Дамитов, Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, PhD, ҚБТУ профессоры Каиржан Абдыхалыков,  Freedom Holding Corp ESG-бағытының атқарушы директоры Айнур Тулегенова және «Қазгипронефтетранс» инжинирингтік компаниясының бас директоры, бизнес-информатика магистрі, Harvard Business School және University of Oxford түлегі Александра Бекишева  қатысты.Бірінші талқылау секциясы жасанды интеллект және бизнестің цифрлық трансформациясы тақырып аясында өтті. Модератор ретінде BCC HUB жүйелік талдаушысы Алина Ерошкина болды. Секция аясында қатысушылар AI-дің дайындалуына бизнес-үдерістерге әсерін, мамандықтардың өзгеруін және технологиялардың мемлекеттік басқаруда қолданылуын талқылады.Қатысушылар:Диас Кумарбеков, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы, ҚБТУ аға оқытушысы, AI-дің стратегиялық талдау мен шешім қабылдаудағы рөлін баяндады;Анар Тулеубаева, Qaz.AI төраға орынбасары;Алуа Мусралина, UMAIA CEO, ML/DL инженері, ex-Daimler және Audi;Еркин Тикенов, Incide Travel CEO, туризм саласының сарапшысы;Мухтар Лекер, Ezapp Logistic Technologies серіктес негізін қалаушысы.Екінші талқылау секциясы ESG және корпоративтік басқару мәселесіне арналды. Қатысушылар корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктен ESG модельдеріне көшуді, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын бизнес-үдерістерге интеграциялауды қарастырды.Қатысушылар:Ирина Горбачева, Sustainability Solutions директоры - ESG арқылы бизнесті трансформациялау туралы әңгімеледі;Зікрия Нұрсұлтан, Freedom Holding Corp. Senior ESG Manager - ESG-ні тәуекелдерді басқару жүйесіне интеграциялау тәжірибесімен бөлісті;Рафис Абазов, Халықаралық жасыл және тұрақты даму институтының директоры, ҚазҰАИУ проректоры;Лариса Когутенко, ЮНЕСКО өкілі;Жания Хайбуллина, AlmaU Тұрақты даму орталығының директоры.Үшінші талқылау секциясында BANI ортасындағы басқару және көшбасшылық, тұрақсыздық жағдайындағы басқару тәсілдері мен көшбасшыларға қойылатын жаңа талаптар талқыланды. Спикерлер қатарында KRIDA фитнес-клубының CEO -сы Валихан Тен, тұрақсыз ортада командаларды басқару тәжірибесімен бөлісті және Гульшат Садықова, Starbucks HR-директоры - VUCA-дан BANI және SHIVA-ға дейінгі басқару модельдерінің эволюциясына тоқтады. Конференцияда практикалық воркшоптар да өтті. Қатысушылар Иван Ряпосовтың жетекшілігімен Urban data Workshop, урбанистика институтының Professor of Practice жұмысына қатысты, онда AI және бейне аналитика қалалық ұтқырлықты талдау және қалалық ортаны жобалау үшін қолданылады.Сонымен қатар, AlmaU нейромаркетинг зертханасының басшысы Акдана Абужалитова және AlmaU Менеджмент мектебінің аға оқытушысы Александра Панкратова әзірлеген заманауи нейромаркетинг құралдарына арналған Neuro-Tools Workshop өтті. Конференция қазіргі заманғы менеджменттің трансформациясын талқылауға арналған маңызды алаңға айналып, академиялық зерттеулерді, бизнестің практикалық тәжірибесін және технологиялық көзқарастарды біріктірді. Ұсынылған талқылаулар мен воркшоптар қатысушыларға тәжірибе алмасуға ғана емес, технологиялар, тұрақты даму және адами капиталдың синтезіне негізделген жаңа басқару модельдері туралы тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.Іс-шараның нәтижесі - ғылым мен практика арасындағы диалогтың нығаюы, сондай-ақ жаһандық белгісіздік пен технологиялық өзгерістер жағдайында басқару ойының негізгі даму бағыттарының айқындалуы болды.
ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА 06.05.2026
Шымкент қаласында туризм саласын дамыту және туристерге қолайлы орта қалыптастыру бағытында 2026 жылы бірқатар нақты жобалар жүзеге асырылды.Атап айтқанда, қалада туристік ақпараттық дүңгіршектер жұмыс істеуде. Олар теміржол вокзалында, әуежайда, Арбат жаяу жүргіншілер аймағында, Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде және Сайрамдағы Ибрагим ата кесенесінде орналасқан. Бұл бастама келушілерге қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық бұрыштары Самарқанд, Алматы, Өскемен қалаларында және Бурабай курорттық аумағында ашылып, өз жұмысын жүргізуде. Бұл өз кезегінде Шымкенттің туристік әлеуетін өңіраралық деңгейде ілгерілетуге ықпал етуде.Туристік индустрия өкілдерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында гид-экскурсоводтар, қонақ үй бизнесі әкімшілері және мейрамхана қызметкерлері арасында семинар-тренинг ұйымдастырылып, оған 90 маман қатысты.Бұдан бөлек, 90 туристік сала маманына арналған біліктілікті арттыру семинарларын өткізу жоспарланып отыр.Жалпы, аталған шаралар Шымкент қаласының туристік тартымдылығын арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ТҰРАН АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 06.05.2026
2026 жылы Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жалпы жер көлемі 36 300 гектарды құрайтын ауданда бүгінде 22 шағын аудандағы 39 357 жеке тұрғын үй мен 548 көпқабатты тұрғын үйде 232,7 мың тұрғын өмір сүруде. Аумақта 1 229 көше және 293 әлеуметтік нысан орналасқан.Инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіштері кезең-кезеңімен жақсарып келеді. Атап айтқанда, аудан толықтай, яғни 100 пайыз ауыз сумен және электр жарығымен қамтамасыз етілген. Табиғи газбен қамту деңгейі 86,4 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 19 шағын аудан табиғи газға қосылған. Айкөл шағын ауданы газбен қамтылмаған болса, Жаңаталап шағын ауданы мен жаңа құрылыс аумақтары жартылай қамтылған. Жалпы қамтылмаған аумақ үлесі 13,6 пайызды құрайды. Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша 2027 жылы аудан толықтай табиғи газбен қамтылады.Кәріз жүйесімен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде. Қазіргі таңда 13 шағын аудан кәріз жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 59,1 пайызды құрап отыр. Ал 9 шағын аудан, яғни 40,9 пайызы кәріз жүйесімен қамтылмаған. Осы бағытта Табынбаев, Айменов, Үсенов, Алтынсақа, Қастеев, Мелдіқожаев және Бүркітбаев көшелерінде, сондай-ақ Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар 2026–2027 жылдары жүргізіледі. Сонымен қатар, 112 орамда кәріз жүйесінің жобасын әзірлеуге қаржы қарастырылып, биыл жобалау жұмыстары аяқталып, 2027–2028 жылдары құрылыс жүргізу жоспарлануда.Жол инфрақұрылымы толықтай реттелген. Аудандағы 1 229 көше 570,4 шақырымды құрайды және 100 пайыз асфальтталған. 2026 жылы 80 көшеде, жалпы ұзындығы 47,2 шақырым болатын жол жамылғыларын реттеу ұсынылып, қазіргі таңда 25 көшеде тиісті жұмыстар атқарылуда. Жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылы 24 көшеде 21,8 шақырым аяқ жол салу жоспарланған.Сонымен қатар, аудан аумағында ирригациялық жүйелерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 40 көшеде жалпы ұзындығы 21,235 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйе орнату жоспарланған. Аудандағы көшелер толықтай жарықтандырылған. «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жарықшамдардың тұрақты әрі уақтылы жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.Толығырақ: https://youtube.com/live/AUy0rwDkK_w?feature=share#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Шымкент қаласы, №98 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына арналған профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді. 06.05.2026
«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларға құқықтық тәртіптің маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында “Дроп, интернет алаяқтық, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында және қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен қамтылды.Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.#заңментәртіп
Құрметті әріптестер, ер азаматтар! 06.05.2026
Құрметті әріптестер, ер азаматтар!Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауды абыройлы міндет санаған азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі. Отанға деген адалдық, жауапкершілік пен ерлік – әрбір ер азаматтың бойындағы асыл қасиеттер.Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1215130?lang=kk
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне 20 миллион теңге берілді 06.05.2026
Алматы облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы әлеуметтік төлем берілді. Яғни, әр ардагерге 10 мың АҚШ долларынан тиесілі – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі.Өңірде сұм соғысты көзбен көрген 4 майдангер бар. Олардың ең үлкені – 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев. Іле ауданының тұрғыны 1942 жылы соғысқа аттанып, Сталинград шайқасына қатысқан. Ал, Ұйғыр ауданының 102 жастағы тұрғыны Алим Кебиров Белорусь шайқасында Белгород қаласын азат етуге қатысып, жараланған. Соған қарамастан 1943 жылы майдан даласына қайта оралып, Украина жерінде соғысқан. Еңбекшіқазақ ауданында тұратын Солтанбай Жарықбасов қазір 101 жаста. Алматы облысындағы тағы бір ардагер –  Федор Ковалевтың жасы 98-де. Жамбыл ауданында тұратын батыр тұлға 1945 жылы Жапон соғысына да қатысқан.Отан үшін отқа түскен ардагерлерге Алматы облысы әкімдігі тарапынан жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Олардың тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ денсаулығын  жақсартуға бағытталған шаралар да мемлекет назарында. Батырлар жылда шипажайда ем алады және үнемі дәрігерлердің бақылауында.Бұдан бөлек, облыстағы 2 038 тыл еңбеккерінің әрқайсысына әкімдік тарапынан 64 875 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, Ленинград қаласының қоршауы кезінде еңбек еткен және тиісті марапаттарға ие болған өңірдегі 2 азаматқа 86 500 теңгеден біржолғы төлем қарастырылған.Зұлмат жылдары фашистік концлагерьлерде, геттоларда және өзге де мәжбүрлі ұстау орындарында болған азаматтарға да 64 875 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1215144?lang=kk
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Түркия Республикасына барды 06.05.2026
Сапар барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде оқып жатқан қазақстандық курсанттар және тыңдаушылармен кездесті.Сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Түркия Республикасында өтіп жатқан «SAHA EXPO-2026» қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне барды.Көрме аясында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Түркия Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы армия генералы Сельчук Байрактароглу және басқа да лауазымды тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1215159?lang=kk
Парламенттік дипломатия – Қазақстан-Пәкістан қатынастарын нығайтудың негізгі кілті 06.05.2026
Исламабад, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Парламенті Сенатының Спикері Сайд Юсуф Реза Гилани мырзамен кездесті.Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде саяси және парламенттік диалогты дамыту, аймақтық қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық және аймақтық байланыстылықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.Кездесу барысында Сенат Спикері Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының дамуының динамикасын жоғары бағалады. С.Гилани мырза Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарына ерекше назар аударып, оның тарихи маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Пәкістан тарапының екіжақты өзара әрекеттестікті әрі қарай кеңейту және нығайтуға ниет білдіргенін жеткізді.Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде аймақтық қауіпсіздік, аймақтық байланыстылық пен логистикалық маршруттарды дамыту мәселелері белгіленді. Осы контексте Спикер екіжақты сауданы кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол халық арасындағы байланыстарды (people-to-people), туризмді дамыту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты. Жалпы, екі ел арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі атап өтілді.Парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтіп, С.Гилани мырза екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы институционалдық байланыстарды нығайту қажеттігін айтты. Ол жоғары деңгейдегі тұрақты алмасулардың, соның ішінде парламенттік достық топтары арқылы кездесулердің маңызды екенін атап өтті.Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин Сенат Спикеріне Қазақстан-Пәкістан екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге көрсеткен жеке қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Елші сондай-ақ Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шарифтің Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың биыл Астанаға сапарына шақыруын қабылдағанын жеткізді. Осыған байланысты болашақ сапардың мазмұндық дайындығы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды.Елші сондай-ақ Үкіметаралық комиссия және бірлескен жұмыс топтары аясындағы жұмыс туралы баяндады. Парламентаралық ынтымақтастық туралы айта отырып, ол 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың сапарын, сондай-ақ Пәкістан Парламентін Қазақстанға шақыру туралы Қазақстан тарапынан жасалған ұсынысты еске салды.Е.Қыстафин сонымен қатар 2026 жылғы 15 наурызда өткен конституциялық референдумның нәтижелері туралы хабарлап, елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның негізгі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, ол Вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстан Парламентін екі палаталық жүйеден бір палаталық жүйеге реформалау жоспарлары туралы тоқталды.Өз кезегінде Сенат Спикері С.Гилани мырза Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатты жоғары бағалап, осы бастамаларды халықтың кең қолдауына ие екенін атап өтті.Кездесудің соңында Спикер Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін әрі қарай қолдау көрсетіп, күш салуға ниетті екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1215134?lang=kk
Қазақстан Елшісі Бария Университетінде дәріс оқыды 06.05.2026
Исламабад, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин елорданың жетекші жоғары оқу орындарының бірі  - Бария Университетіне барып, университет ректоры Абид Хамид-пен кездесу өткізді, сондай-ақ студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына дәріс оқыды.Жоғары оқу орнының басшылығымен өткен кездесуде білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан университеттерімен тікелей байланыстар орнату мәселелері талқыланды. А. Хамид үлкен қызығушылық танытып, байланыстарды нығайту мақсатында Қазақстанға делегация жіберу ниетін білдірді.Дәріс Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қатынастарды дамытудың өзекті мәселелеріне, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылғы 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларына, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі бағыттарына арналды.Өз сөзінде Елші Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты баяндап, саяси диалогтың қарқынды дамуын, сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюін және мәдени-гуманитарлық байланыстардың екіжақты әрі өңірлік форматтарда нығаюын атап өтті.2003 жылдан бері алғаш рет жүзеге асқан Мемлекет басшысының Пәкістанға сапарына ерекше назар аударылды. Сапар қорытындысы бойынша Стратегиялық әріптестік орнату туралы Бірлескен декларацияға қол қойылып, 70-тен астам екіжақты келісімдер мен меморандумдар жасалды.Дәрістің жеке бөлімінде Қазақстандағы саяси реформаларды іске асыру мәселелері қарастырылып, ағымдағы жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Конституцияның жаңа редакциясы қабылданғаны атап өтілді. Елші елдің саяси жүйесін жаңғырту, Парламенттің рөлін күшейту, адам құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту және мемлекеттік басқарудың неғұрлым ашық әрі есеп беретін моделін қалыптастыру үдерісі туралы айтты.Сондай-ақ Елші өңірлік өзара іс-қимылдың артып келе жатқан маңызын атап өтіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, орнықты даму, көлік байланыстылығын дамыту және жаңа экономикалық бастамаларды іске асыру бағытындағы бірлескен күш-жігердің қажеттілігін ерекше атап өтті.Сонымен қатар Елші университеттің BUTV телеарнасына сұхбат беріп, онда екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын қосымша баяндап, мәдени-гуманитарлық өлшемге ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1215096?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан іскерлік байланыстарды арттыруға ниетті 06.05.2026
Исламабад, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің жаңадан тағайындалған тең төрағасы Мұхаммед Араб Құрейшіні қабылдады.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйін, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарының, оның ішінде Қазақстан-Пәкістан бизнес форумының қорытындыларын талқылады.М.А.Курейши пәкістандық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілердің мүдделілігін атап өтіп, іскерлік байланыстарды одан әрі арттыру және сауда және инвестициялық әріптестікті әртараптандыру үшін қолда бар зор әлеуетті атап өтті.Тараптар В2В форматындағы іс-шараларды тұрақты өткізу мақсатында одан әрі практикалық қадамдарды талқылады, Пәкістанның жетекші индустриялық орталықтарының Сауда-өнеркәсіп палаталары мен Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы делегацияларының Қазақстанға сапарларын ұйымдастыруға келісті.Жаңадан тағайындалған тең төраға Қазақстан-Пәкістан Іскерлік кеңесінің қызметін одан әрі жандандыру жөніндегі өз идеяларымен және жоспарларымен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша жақын арада Іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1215112?lang=kk
Түменбай ауылының тұрғындарымен кездесу өтті 06.05.2026
Жиын барысында Кеген ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайы және ауданымыздың дамыту жолындағы атқарылып жатқан жұмыстарғатоқталып өтті.Сондай - ақ, аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың тарапынан түскен сауалдарға жауап беріп, өзекті мәселелерге тоқталды. https://www.instagram.com/reel/DX-yXVaIA7y/?igsh=MW5pd29ldjFhcnM5aw==Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1214979?lang=kk
Қазақстанда такси қауіпсіздігін бақылау күшейтілуде: хабарламаларға автомобиль туралы дерек қосылады 06.05.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді. Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті. Сонымен қатар, жаңартылған нысанда көлік құралы ауыстырылғанда және жаңадан көлік қосылғанда, яғни автопаркті жаңарту кезінде өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.Бұрынғы тәртіп бойынша, тасымалдаушы белгілі бір көлік құралына байланбайтын. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын.Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсететін мәліметпен толықтырылды.Бұл шара жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел сәйкестендіруге, сондай-ақ нарыққа заңсыз қатысушылардың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді.Анықтама:Өзгерістер «Мемлекеттік органдардың хабарламалар нысандарын және хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа енгізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214973?lang=kk
Колумбия университетінде Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары талқыланды 06.05.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 30 сәуір – Колумбия университетінде пластикалық қалдықтарды азайту, дөңгелек экономиканы дамыту және Қазақстанның экологиялық міндеттемелері мен экономикалық басымдықтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету саласындағы практикалық шешімдерді іздеуге арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараны Колумбия университетінің профессоры Бейжан Ян, ҚР Мұнай-газ химиясы қауымдастығының атқарушы директоры Гайни Сейтенова және Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының меңгерушісі профессор Эльдар Көпішевтің академиялық қолдауымен қазақстандық студенттер ұйымдастырды. Пікірталас академиялық қауымдастық өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктірді.Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында өткен RES 2026 Өңірлік экологиялық саммитінің қорытындылары және оның нәтижесінде қабылданған «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясы болды. Аталған құжат өңір елдерінің тұрақты даму, пластик ластанумен күрес, қалдықтарды басқару және халықаралық алаңдарда үйлестірілген экологиялық күн тәртібін ілгерілету салаларында бірлескен іс-қимылға дайын екенін бекітті.Қатысушылар Қазақстан экономикасының құрылымын ескеретін теңгерімді тәсілдің маңыздылығына ерекше назар аударды, онда мұнай-химия секторы өнеркәсіптік және инвестициялық дамудың маңызды элементі болып қала береді.Қатысушыларға Колумбия университетінің (Columbia Climate School) климат мектебінің деканы Алексис Абрамсон және ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Рауан Тлеулин өз сөздерімен жүгінді.«Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит Орталық Азия елдерінің экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін айқын көрсетті. RES 2026 декларациясы өңір мемлекеттерінің тұрақты даму мәселелеріне, оның ішінде пластик ластанумен күрес, айналмалы экономиканы дамыту және практикалық экологиялық шешімдерді ілгерілетуге қатысты ортақ ұстанымын бекітті. Бүгінде бұл уағдаластықтардың тек саяси диалог деңгейінде ғана емес, мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы нақты өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылуы аса маңызды», – деп атап өтті Рауан Тлеулин.Сараптамалық талқылау барысында профессор Бейжан Ян RES 2026 декларативті Экологиялық күн тәртібінен қолданбалы шешімдерге көшу үшін маңызды бағдар бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Астанадағы саммиттің қорытындысы экологиялық тұрақтылықты экономикалық тұрақтылықпен, технологиялық дамумен және өнеркәсіптік саясатпен тығыз байланыста қарастыру керектігін растады.Г. Сейтенова Қазақстанда пластик қалдықтарын басқаруға жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті. Бұл ретте реттеуді жетілдіру, қайта өңдеу қуаттарын дамыту және айналмалы экономика саласында технологиялық шешімдерді енгізу маңызды.Қатысушылар RES 2026 шеңберінде қол жеткізілген келісімдерді практикалық тұрғыда іске асыру өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, Орталық Азияның тұрақты әрі экономикалық тұрғыдан теңгерімді даму моделіне көшуіне жаңа серпін беретінін атап өтті. Анықтама: Анықтама: Колумбия университеті – Айви Лигасына кіретін және ғылымның, экономиканың және халықаралық саясаттың дамуына елеулі үлес қосатын АҚШ-тың жетекші әлемдік зерттеу және білім беру орталықтарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1214939?lang=kk
Қазақстан және Польша сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 06.05.2026
Астана, 2026 жылғы 5 мамыр – Поляк тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Польша Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара құрметке, сенімге және сындарлы диалогқа негізделген қазақ-поляк қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.Тараптар тұрақты саяси байланыстарды одан әрі қолдауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ көлік және ауыл шаруашылығы сияқты перспективалы салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.Сұхбат қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Варшава арасындағы екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайту бағытында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1214942?lang=kk
Бизнеске қойылатын Міндетті талаптар тізілімінің ЖИ жүйесі таныстырылды 06.05.2026
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Міндетті талаптар тізілімін енгізу мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.Тізілімді енгізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы шағын және орта бизнесті жүйелі түрде дамыту мен кәсіпкерлердің әкімшілік жүктемесін азайту қажеттігі туралы тапсырмасын орындау үшін жүзеге асырылып отыр.Кеңестегі басты оқиға – Әділет министрлігінің Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп әзірлеген ЖИ жүйесінің тұсаукесері. Цифрлық шешім арқылы бизнеске қойылатын талап үш көзден: заңнамадан, тексеру парағынан және рұқсат беру құжатынан автоматты түрде алынады. Жүйе нақты уақыт режимінде қайталануды, қарама-қайшылық пен жөнсіз реттеуді анықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай деректер тобынан тұрады.Әзірлеушілердің айтуынша, экология, көлік пен жерді пайдалану саласындағы пилоттық тестілеу шеңберінде алгоритмнің дәлдігі 93-95%-ға жетті. Бүгінгі таңда жүйеге заңнан 67 мыңдай, тексеру парағынан 64 мың талап жүктелген.Жұмыс 12 басым бағыт бойынша жүргізілуде. Реттеудің ең үлкен көлемі, шамамен 14 мың талап, денсаулық сақтау саласында тіркелді.Жүйені енгізу арқылы жасырын нормалар мен түсініксіз түсіндірулер жойылып, кәсіпкерлер қызметті іске қосу мен жүзеге асыру талаптарының нақты тізбесімен бизнесті жүргізудің «дайын сценарийін» ала алады.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Міндетті талаптар тізілімін енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылған Бизнеске қойылатын талаптарды тексеру жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысы жалғасуда. Жобалық кеңсенің жұмысы шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнестің және сарапшылардың қатысуымен нормаларды әдіснамалық сүйемелдеуді және практикалық пысықтауды қамтамасыз етті. Тексеру тәсілі барынша нәтижелі: қаралған 180 талаптың 50-і мемлекеттік органдардың қолдауына ие болды. Бұл қайталанатын және маңызы жоқ нормаларды алып тастауға мүмкіндік береді.Қазақстан кәсіпкерлер форумы төрағасының орынбасары Гүлнар Қуанғанова Жобалық кеңсенің жұмысы нормалардың қайталануын жоюға және нақтылауға бағытталғанын атап өтті.«Екі ай бойы қауырт жұмыс жүргізілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке ерекше назар аударылып, түрлі ведомствоның түрлі талаптарын бірыңғай құжатқа шоғырландыру ұсынылды», — деді ол.Бұл ретте азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатысты нормалар қайта қарауға жатпайтыны белгілі.Кеңес қорытындысында Серік Жұманғарин мемлекеттік органдарға екі апта ішінде «Атамекен» ҰКП базасында ЖИ жүйесін верификациялау мен «оқытуға» салалық сарапшыларды қатыстыруды тапсырды.«Бізде деректер базасы заңға тәуелді актілерге дейін цифрландырылған. Жүйе алгоритм бойынша талаптарды тауып алады. Болашақта процесс автоматты түрде жүруі үшін машинаны үйрету керек. Бұл басым міндет. Оқу кезеңі аяқталысымен, жүйе барлық деректер тобын өз бақылауына алады», — деп атап өтті вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214946?lang=kk