Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өндіріп алу туралы 30.04.2026
Салық кодексінің нормаларына сәйкес жыл сайын 1 сәуірде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты өткен кезең үшін төлеу мерзімі аяқталады, яғни ағымдағы жылы – 2025 жыл үшін.Салық төленбеген жағдайда, Салық кодексіне сәйкес салық төлеушіге 20 жұмыс күні ішінде жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етіледі. Бұл ретте мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.Аталған хабарламаны орындау мерзімі – оны табыс еткен күннен кейінгі 30 жұмыс күні. Хабарлама орындалмаған жағдайда салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.Салық кодексінің 190-бабына сәйкес, егер жеке тұлға салық бұйрығын орындамаса, салық органы оны мәжбүрлеп орындату үшін Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес аумақтық әділет органдарына немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасына жібереді.Салық бұйрығын орындау барысында жеке сот орындаушылары (ЖСО) мүлікке тыйым салу, банктік шоттарды бұғаттау, жалақыдан ұстап қалу, елден шығуға шектеу қою, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығын шектеу сияқты шараларды қолдана алады.Сонымен қатар, атқарушылық іс-әрекеттер үшін ЖСО берешек сомасының қосымша 25%-ын өндіріп алатынын атап өткен жөн. Қосымша шығындар мен шектеу шараларын болдырмау үшін көлік құралдарының иелеріне салықтарды уақытылы төлеу ұсынылады.Бұдан бөлек, өңірде Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Әділет департаменті және Полиция департаменті арасындағы жыл сайынғы Меморандум аясында іс-шаралар жалғасатын болады. Рейдтік шаралар, үй-үйді аралау, жұмыс берушілермен жұмыс жүргізу, жалақыдан ұстап қалу жүзеге асырылады.Салық төлеушілерге қолайлылық үшін берешекті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурсы арқылы білуге болады. Төлемді Kaspi, Halyk және басқа да екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асыруға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1212355?lang=kk
Қазақстан-Таиланд серіктестігіне жаңа серпін: Бизнес-форум мен THAIFEX 2026 дайындықтары практикалық кезеңге шықты 30.04.2026
Бангкок, 2026 жылғы 30 сәуір – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Таиланд Сауда палатасы / Таиланд Сауда кеңесінің Вице-атқарушы директоры Пурисит Чангсирипунмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар қазақстан-таиланд сауда-экономикалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын, оның ішінде өзара сауданы кеңейту, инвестициялық өзара іс-қимылды ілгерілету, іскер топтар арасындағы байланыстарды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның тай бизнесінің Орталық Азия және ТМД нарықтарына шығуы үшін негізгі сауда-логистикалық хаб ретіндегі әлеуетін пайдалану мәселелерін талқылады.Қазақстандық дипломат 2026 жылғы мамыр айының соңында Бангкок қаласында THAIFEX – Anuga Asia 2026 халықаралық көрмесі аясында өткізу жоспарланып отырған Қазақстан–Таиланд бизнес-форумын ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Тараптар іс-шараның ықтимал құрылымын, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың, ұлттық даму институттарының, сауда-өнеркәсіптік бірлестіктердің және екі ел бизнес өкілдерінің қатысуын қарастырды.М.Баймұхан Форумның экспорттаушылар, импорттаушылар мен инвесторлар арасында тікелей байланыстар орнатуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, логистика, цифрлық технологиялар және басқа да басым секторлардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға арналған практикалық алаң ретіндегі маңызын атап өтті.Сондай-ақ тараптар қазақстандық делегация мен отандық өндірушілердің Азиядағы ең ірі азық-түлік және сауда көрмелерінің бірі саналатын THAIFEX – Anuga Bangkok 2026 көрмесіне қатысу мәселелерін жеке талқылады. Тай тарапы Қазақстанның тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылғы мамыр айына жоспарланған іс-шараларға қазақстандық делегацияның табысты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтама үшін: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты тауар айналымы шамамен 255,1 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8%-ға өсті және Қазақстанның Таиландтың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі ретіндегі мәртебесін сақтап қалды (өңірмен сауданың 70%-дан астамы). Қазақстан экспортының негізін мұнай және мұнай өнімдері, металдар, химия өнімдері және ауыл шаруашылығы шикізатының жекелеген түрлері құрайды, ал Таиландтан импорт негізінен қайта өңделген азық-түлік өнімдері, күріш, жемістер мен теңіз өнімдері, сондай-ақ автомобиль жасау, химия, электроника өнімдері мен тұтыну тауарларынан тұрады. Агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, логистика, цифрлық экономика, туризм және инвестициялық ынтымақтастық салаларында одан әрі өсудің елеулі әлеуеті сақталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1212345?lang=kk
Уақытша және банкроттық басқарушының өкілеттіктері 30.04.2026
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңына сәйкес банкроттық рәсімдерін тиімді жүргізуде уақытша және банкроттық басқарушылардың рөлі айқындалған.Уақытша басқарушы банкроттық туралы істі қарау кезеңінде қызмет атқарады (Заңның 88-бабы). Ол борышкер және оның мүлкі туралы ақпарат сұратуға, мәмілелерді анықтап, оларды даулауға, сондай-ақ кредиторлардан қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.Уақытша басқарушының негізгі міндеттері – борышкердің қаржылық жағдайына талдау жүргізу және сотқа оның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытынды ұсыну.Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін уақытша басқарушы банкроттық рәсімінің бастапқы кезеңін қамтамасыз етеді: банкроттық туралы ақпаратты жариялайды, кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады, мүлікке түгендеу жүргізеді, кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастырады және барлық құжаттар мен мүлікті банкроттық басқарушыға тапсырады.Банкроттық басқарушы борышкер банкрот деп танылғаннан кейін банкроттық рәсімін жүзеге асырады (Заңның 89-бабы). Ол құжаттар мен ақпаратты сұратуға, мәмілелер мен қайта ұйымдастыруды даулауға, кредиторлардың келісімімен қаржыландыру тартуға және қабылданған шешімдерге шағымдануға құқылы.Банкроттық басқарушының негізгі міндеттері – борышкердің мүлкі мен құжаттарын қабылдау, дебиторлық берешекті өндіріп алу, банкрот мүлкін сату, кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізу және белгіленген кезектілікпен кредиторлармен есеп айырысу.Сонымен қатар, ол субсидиарлық жауапкершілікке жататын тұлғаларды анықтайды, кредиторлар мен уәкілетті органды хабардар етеді және банкроттық рәсімін толық аяқтауды, оның ішінде банк шоттарын жабуды қамтамасыз етеді.Заңның 88 және 89-баптарында көзделген өкілеттіктерді нақты бөлу банкроттық рәсімдерін ашық, тиімді және кезең-кезеңімен жүргізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1212350?lang=kk
Бангкокта алғаш рет тай тілінде Қазақстан туралы туристік жолсілтеме таныстырылды 30.04.2026
Бангкок, 2026 жылғы 29 сәуір – Бангкок қаласында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «Kazakhstan Tourism Potential: Presentation & Guidebook Launch» атты кеңейтілген презентация мен дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Таиландтағы Елшісі М. Баймұхан туризм саласындағы Қазақстан-Таиланд қатынастарының тұрақты даму қарқынын атап өтті. Оның айтуынша, 2025-2026 жылдары Таиландқа барған қазақстандықтардың саны 175 мыңнан асып, бұл елдің туристік бағыт ретінде жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Сонымен қатар, тайлық туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді – осы кезеңде елімізге шамамен 10-15 мың Таиланд азаматы келген.«Туристік ағынның өсуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі – екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасының кеңеюі. Қазіргі уақытта Бангкок пен Алматы, Шымкент қалалары арасында, сондай-ақ Пхукет пен Астана, Алматы бағыттары бойынша аптасына 23 тікелей рейс жүзеге асырылады. Бұл рейстерді «Air Astana», «SCAT Airlines» және «AirAsia X» әуе компаниялары орындайды, бұл саяхатты барынша қолжетімді әрі ыңғайлы етеді», – деп атап өтті М. Баймұхан.Іс-шарада тай тілінде жарық көрген “Complete Travel Guide Kazakhstan” туристік жолсілтемесінің таныстырылымына ерекше назар аударылды. Бұл басылым тай аудиториясының Қазақстанның мәдени және табиғи әртүрлілігі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, “Air Astana” әуе компаниясының қолдауымен қатысушылар арасында Қазақстанға авиабилет ұтысқа тігілді.Іс-шара барысында Таиланд Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы Чакриенорратип Севикул Таиланд пен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетіне назар аударды. Сондай-ақ, ол бірлескен бастамаларды жандандыру туристік алмасуды кеңейтуге, мәдени байланыстарды тереңдетуге және екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.Бағдарлама аясында тай блогерлері мен «Kazakh-Thai Alliance» қауымдастығының өкілдері Қазақстанға жасаған сапарлары туралы тәжірибелерімен бөлісіп, танымал туристік бағыттар мен елдің ерекшеліктері туралы айтып өтті.Қазақстан мен Таиланд арасындағы туристік ынтымақтастық бүгінде елеулі жетістіктермен және тұрақты оң динамикамен сипатталады, бұл өзара қызығушылық пен сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар, тараптар жаңа ауқымды бастамаларды іске асыруға ниетті. Болашақта туристік бағыттарды кеңейту, инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру және қонақжайлылық саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстанда тай қонақүйлерін ашу және жаңа әуе бағыттарын іске қосу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1212310?lang=kk
Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тақырыбында 500-ге жуық колледж 30.04.2026
Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тақырыбында 500-ге жуық колледж студенттері мен академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерінің қатысуымен ауқымды профилактикалық кездесу өткізілді.Аталған іс-шараға прокуратура органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, өңір спортшылары, сондай-ақ сотталған азаматтар қатысты.Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың себептері мен салдары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, есірткі құралдарын заңсыз тарату, бұзақылық, дропперлік және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаның болашағына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.Іс-шара аясында жастарға қолданыстағы заңнама талаптарының мәні жеткізіліп, әрбір құқыққа қарсы әрекеттің құқықтық салдары, жеке жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы, сондай-ақ онлайн бейнебайланыс режимінде түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталғандармен сұхбат жүргізу арқылы түсіндірілді.Прокуратура органдары құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған осындай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.
Астанада әскери-патриоттық рухты көтеретін этно-мәдени іс-шара өтті 30.04.2026
Отан қорғаушысы күні қарсаңында Астанада әскери-патриоттық және мәдени іс-шара өтті. Оның мақсаты – қайта жаңғыртылған көне ұлттық музыкалық аспаптардың тарихи маңызын таныту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскери қызметтің беделін арттыру.Кездесу Астана қаласы Мәдениет басқармасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен “Жас сарбаз”әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.Шараға қоғам қайраткерлері, Халық қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері, Астана қаласы әкімдігінің және Қорғаныс істері департаментінің өкілдері қатысты.- Бүгінгі шарадан үлкен әсер алдық. Өнерпаз бауырларымызға рахмет, бұрынғы бабалар уақытына өтіп кеткендей әсерде болдық. Ежелден ерлердің ерлігі арқасында талай тарих тезінен аман өтіп келе жатқан халқымыздың, батыр бабаларымыздың сан ғасырлар бойы жауынгерлік жорықта, майдан даласында әр түрлі дыбыстық белгілер жіберіп, «жау келді», «дұшпан шегінді» белгілерін дабылдатып қолданған, алыс шалғайларда жүргенде туған елдің жылуын жүрегіне жеткізген, бұл күндері ұмыт бола бастаған сазды аспаптардың сан түрін қайта жаңғыртып, жаңа өмір сыйлаған ұжымға алғысымызды білдіреміз. Алда келе жатқан Отан қорғаушысы мерекесі құтты болсын. Ұрпақтар сабақтастығы жалғаса берсін, - деді «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» РҚБ төрағасы Халық қаhарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев.Іс-шара барысында қонақтар көне музыкалық аспаптарды қалпына келтіру шеберханасымен танысып, музей экспонаттарын тамашалады. Экспозицияда, әсіресе сирек кездесетін желбауыз, мес сырнай, уілдек, тастауық, дабыл, кепшік, керней, бұғышақ, нар дауылпаз, сондай-ақ сыбызғының алпыстан астам түрі және өзге де көне музыкалық аспаптар қамтылды.Кездесу этно-фольклорлық Жошы ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.- Ерекше атап өтетін жайт, музыканың орны әскери тәрбиеде өте маңызды күшке ие. Ол рух беріп, жігерлендіреді. Ата-бабаларымыз кезінде жаумен соғысқанда да, әр-түрлі музыкалық асапаптарды қолданып, жорыққа шыққан батырларды осылайша рухтандырып отырған, - деді «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов.Жошы этно-фольклорлық ансамблі сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы аспаптарында «Жолбарыстың жорытуы», «Ортеке» шығармаларын орындады. Музейде естілген көне керней дауысы ардагерлер мен жастарды ерекше әсерге бөледі. Ансамбль мүшесі 2-3 минут ішінде Ұлытау жерінің сазбалшығынан сырнай жасап, ардагерлерге сыйға тартты.- Ардагерлермен кездесуден біз үлкен тәрбие алып, ұлттық құндылықтарымыз туралы білімімізді тереңдете түстік, кездесу біз үшін тағылымды, әрі қызықты болды, - деді Жоғары медицина колледжінің 1 курс студенты Аянат Жақсылықова.Өнер атты жұмсақ күш пен әскери рух біріккен ерекше кездесу жастар есінде көпке сақталары анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1212293?lang=kk
Введен ауылдық округінің  және Буденный ауылдық округінің  тұрғындарымен кездесуі 30.04.2026
     2026 жылғы 14 мамырда   Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың тұрғындармен  кездесулері  өткізіледі:          Введен ауылдық округі, өткізілетін орны:  Введенка  ауылы, мектеп ғимараты, сағат 15:00;          Буденный ауылдық округі, өткізілетін орны: Буденновка ауылы, Мәдениет үйінің ғимараты, сағат 16:30.          Тұрғындрмен  кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде.  Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87  нөмірі бойынша  WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1212253?lang=kk
Орындарда тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша уақытша сақтау 30.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау:- уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;- көлік құралы алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын үй-жайларда немесе ашық алаңдарда болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;- алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында;- алушы немесе өздерінің габариттері салдарынан 165-баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша сақтау орындарда орналастыруға мүмкін болмайтын ірі габаритті тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға айқындаған орындарда көрсетілген тауарларды мұндай орындарда сақтау мүмкіндігін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1228465?lang=ru
Қазақстан Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығымен диалогты нығайтуда 30.04.2026
Рияд, 2026 жылғы 29 сәуір – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы басшысының м.а. Раад Әл-Баракатимен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударды.Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының араб әлеміндегі Қазақстанның маңызды әріптесі екенін атап өтіп, өзара тиімді бастамаларды ілгерілетуге және диалогты одан әрі тереңдетуге мүдделілік білдірді.Өз кезегінде, Орталық басшылығы қазақ тарапымен институционалдық өзара іс-қимылды дамыту және бірлескен жобаларды қолдау арқылы ынтымақтастықты жандандыруға дайын екенін растады.Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Сауд Арабиясының халықаралық стратегиялық әріптестіктер орталығы – 2017 жылы халықаралық стратегиялық ынтымақтастықты үйлестіру үшін құрылған мемлекеттік орган. Орталық өзге елдермен және халықаралық ұйымдармен саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларында әріптестіктерді дамыту және нығайтумен айналысады, сондай-ақ бірлескен жобалар мен келісімдерді үйлестіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1212167?lang=kk
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс. 30.04.2026
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.         Негізгі мақсат – оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру, сондай-ақ нақты адамның қажеттіліктеріне бағдарлану.         Ағымдағы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының құнын өтеу үшін берілетін кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.         Бұған дейін кепілдендірілген соманы анықтауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі — әлеуметтік қызметтер порталының деректері, тауарлардың мемлекеттік сатып алулары және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстары негізінде жүргізілді.         Жаңа әдістемеде кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректері мен электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.         Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда алаңдарының агрегацияланған деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде.         Болашақта цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде кепілдендірілген соманы адамның араласуынсыз (қолмен реттеусіз), автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді         Негізгі күтілетін әсерлер:         - ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу,         - адами фактор мен субъективтілікті болдырмау,         - әділ баға қалыптастыруды қамтамасыз ету,         - бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.         Бұл ретте, мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жоятынын атап өткен жөн.         Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге жұмсалады.            Босатылатын қаражат жүйені дамытуға бағытталады, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізу көзделген.         Қосымша ретінде, жаңа тәсілдер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи шешімдер пысықталатын және енгізілетін мамандандырылған алаң — Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылатынын хабарлаймыз.         Сондай-ақ биыл ғылыми орталық арқылы ОТҚ-ды қайтарудың пилоттық механизмі іске қосылады.         Ол тек қауіпсіз қайта пайдалануға болатын ОТҚ түрлеріне ғана қолданылады және жеке пайдаланылатын құралдарға (жөргектер, протездер және т.б.) қатысты емес.         Бұл механизм, мысалы, ОТҚ-ын жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік туындағанда (айталық, ОТҚ жеткізілуін күту кезінде) ұзақ процедураларды күтпестен, адамды қажетті құралмен жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.         Сонымен қатар, шешімдерді формальды мерзімдерге емес, ОТҚ-ның нақты жағдайы мен адамның жеке мұқтаждықтарына сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде.         Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушылардың мүдделерін қорғайды.         Осылайша, ТСР-ды қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері:ТСР қолжетімділігін арттыру, күту мерзімдерін қысқарту;бюджет қаражатын тиімдірек пайдалану;ресурстарды ұтымды пайдалану;ТСР пайдалану мерзімін ұзарту;ТСР-дың техникалық жай-күйі мен тиімділігін мониторингтеу жүйесін қалыптастыру;ТСР-мен қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.         Өзгерістердің негізгі мәні – қолжетімділікті арттыру, оңалту сапасын жақсарту, әлеуметтік қорғау жүйесінің ұтымдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1212114?lang=kk
Республиканский этап олимпиады CPFED Uzdik IT Ustaz 30.04.2026
«№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ информатика пәнінің мұғалімі Федоров Юрий Владимирович 2026 жылдың 27-28 сәуір күндері Astana IT University базасында өткен «Uzdik IT Ustaz» Республикалық олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі III орынды иеленді.Құттықтаймыз!!!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1212116?lang=kk
Үшсайыстан облыстық жарыстарға қатысу туралы 30.04.2026
2026 жылғы 3 сәуірде Қарағанды қаласында облыстық үшсайыс жарыстары өтті.Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданы білім бөлімінің «Тірек мектебі (ресурстық орталық) №12» КММ командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІІ жалпыкомандалық орынды иеленді.Бұл нәтиже – педагогтердің жүйелі жұмысы мен оқушылардың табанды дайындығының жемісі. Команда жарыс барысында тәртіптілік пен ұйымшылдық танытып, жоғары нәтижеге ұмтылысын көрсетті.Осакаров ауданының білім бөлімі жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1212125?lang=kk
Дәстүрден инновацияға: Ыбырай Алтынсарин идеялары негізінде білім беруді дамыту мәселелері талқыланды 30.04.2026
Қостанай облысында Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында ұлы ағартушы, педагог және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасы және ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараны Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Әдістемелік орталық ұйымдастырып, Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің қолдауымен өткізілді. Конференцияны тікелей ұйымдастыруды Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі жүзеге асырды.Ауқымды жиын еліміздің түкпір-түкпірінен келген 140-тан астам қатысушыны біріктірді. Олардың қатарында ғылым және білім саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, докторанттар, ғылыми қызметкерлер мен қоғам қайраткерлері бар.Конференция қазіргі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылауға және Ыбырай Алтынсариннің рухани-педагогикалық мұрасын заманауи талаптар тұрғысынан зерделеуге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар дәстүрлі құндылықтардың сабақтастығы мен білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.Пленарлық және секциялық отырыстар барысында ұлттық білім беру моделін қалыптастырудағы Алтынсарин идеяларының рөлі, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, педагогика ғылымының дамуы, сондай-ақ заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар отандық педагогиканың озық дәстүрлерін халықаралық тәжірибемен ұштастыру бағыттарына басымдық берілді.Конференция қорытындысы бойынша білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге, мамандар даярлау сапасын арттыруға және елдің ғылыми-білім беру әлеуетін дамытуға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби диалогты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және ұлттық құндылықтарға негізделген, инновациялық дамуға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1212050?lang=kk
Қызмет туралы 493-нысан бойынша мәліметтерді ұсыну туралы 30.04.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Жаңа Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес, сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар салық органы орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін электрондық түрде үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат береді.Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты ұсыну формасы және оны ұсыну тәртібі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №554 бұйрығымен бекітілген (Ережелер).Ережелерге сәйкес, 493-О «Қызметтер» формасын — «Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынатын үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат» ұсыну міндеттемесі ұйымдарға жүктелген.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, ұйымдар қатарына заңды тұлғалар жатады, ал жеке кәсіпкерлер осы категорияға кірмейді.Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде жүк тасымалы саласында қызмет көрсететіндер, 493-О «Қызметтер» формасын ұсынуға міндетті емес.ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1212079?lang=kk
Ұлттық ұландағы кадрлық өзгерістер: Бас қолбасшының орынбасары және өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары тағайындалды 30.04.2026
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ Ұлттық ұланында кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды. Дәлірек айтқанда, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, сондай-ақ «Орталық» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының жаңа қолбасшылары тағайындалды.Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша жаңа басшыларды жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков таныстырды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары лауазымына генерал-майор Бекайдар Қазкеев тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1991 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызмет жолында түрлі лауазымдарды абыроймен атқарған тәжірибелі офицер. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған.«Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нұрлан Мұхамедов тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1996 жылдан бері әскери қызмет атқарып келеді. Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарды атқарып, мол қолбасшылық және жедел басқару тәжірибесін жинақтаған. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының Жауынгерлік дайындық Бас басқармасын басқарған.«Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып полковник Нариман Акбаров тағайындалды. Ол ІІМ Ұлттық ұланы жүйесінде 1994 жылдан бері қызмет етеді. Қызмет барысында түрлі жауапты лауазымдарды атқарып, білікті әрі кәсіби басшы ретінде өзін көрсетті. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және бірқатар наградалармен марапатталған. 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.Тағайындау кезінде офицерлердің кәсіби тәжірибесі, жоғары даярлық деңгейі мен әскери қызметтегі еңбегі ескерілді.Жаңа басшыларды таныстыру барысында оларға қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетті одан әрі нығайту, жауынгерлік әзірлікті арттыру және құқықтық тәртіп әскерлеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындау бағытында нақты міндеттер қойылды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1212090?lang=kk
Цифрландыру іс жүзінде: Ұлттық ұланда «Ұсыныс алаңы» кері байланыс платформасы іске қосылды 30.04.2026
Мемлекет басшысы айқындаған цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту бағыты аясында құқықтық тәртіп әскерлерінде ішкі басқарудың заманауи тетіктері енгізілуде. Соның бірі – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ұсыныс алаңы» цифрлық платформасы.Платформа Ұлттық ұланның ақпараттық порталында орналастырылған және қызмет орны мен лауазымына қарамастан әрбір әскери қызметшіге құқықтық тәртіп әскерлерін дамытуға, қызметтік үдерістерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.Жобаның негізгі қағидаты – кері байланыс пен «еститін қолбасшылық» ұстанымы. Платформаға келіп түскен әрбір ұсыныс әскерді дамытуға бағытталған нақты құрал ретінде қарастырылады.Бүгінде платформа арқылы 155 ұсыныс келіп түсті. Оның 120-сы өзекті деп танылып, жұмысқа қабылданды. Бастамалар жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірлік, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар, тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыс, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттарды қамтиды.Келіп түскен ұсыныстар Бас қолбасшылықтың бейінді сарапшыларымен 15 күн ішінде қаралады. Ешбір бастама жауапсыз қалмайды, оның ішінде іске асыруға жатпайтын ұсыныстар да назардан тыс қалмайды. Мұндай жағдайда әскери қызметшіге себептері түсіндірілген сараптамалық қорытынды мен идеяны одан әрі пысықтауға қатысты ұсынымдар беріледі.«Ұсыныс алаңы» әскери қызметшілер бастамасының нақты нәтижеге ұласатынын көрсетуде. Әрбір ұсыныс назарға алынып, әскерді дамытуға бағытталған маңызды қадамға айналуы мүмкін. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1212098?lang=kk
«Бір шаңырақ астында» ашық есік күні өтті 30.04.2026
2026 жылдың 28 сәуірде Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік архиві Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеуге орай «Бір шаңырақ астында» ашық есік күні өтті. Аудан келушілерге және қонақтарға архив қоймалары бойынша экскурсия жүргізілді, онда ҚР ҰАҚ 24 мыңнан астам құжаттары сақталады. Қонақтарға ауданның еңбек сіңірген тұлғалары В. Левченко мен Е. Омарованың жеке құжаттарының фотокөрмесі ұсынылды. Сондай-ақ келушілерге ұлттық тағамдар: қазақ, орыс және корей тағамдарын таңдауға мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1211967?lang=kk
“Тасқарасу ауылдық округінің әкімінің аппараты” ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі 30.04.2026
Ұйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»       ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі  Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:         - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;         -мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;         -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;         -мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;         -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;         -көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;         -корсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесіМекен жайы: индексі 041813, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы,Тасқарасу ауылы, С.Сейфуллин  көшесі, №35.  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде 7 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»Жер учаскесін алуға кезекке қою         4.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру   -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуЖерді жалға беру мерзімін ұзартуЖер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеумен сатуПайдалануға берілгеннен кейін бұрын жалға алынған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруМемлекеттік қызмет көрсету нысаны          Аталған қызметтер электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде, мемлекеттік корпорация арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі.         Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін түрде көрсетіледі.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны           Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»         2.« Елді мекенде шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру   -көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;         3.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау   -мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;        Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс          Көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ, қызмет алушылармен тиісті өтімдерін қарап, қажетті құжаттарды толықтыру немесе спорттық атақтарды беру шарттарын түсіндіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізіліп отырады. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер          Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімдігінің сайты арқылы, Ұйғыр аудандық  газеті арқылы,  әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде округтің  https://www.instagram.com/tasqarasu_auyldyq_okrugi_?igsh=dnJyNXVvMzc5NWR3 инстаграм парақшасы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар           Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады. Ауыл ікімі  мен жауапты маман тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үдерісіне тартылған мамандармен түсіндіру шаралары, қызмет алушылармен, қарапайым халықпен жиналыстар, акциялар мен семинарлар өткізіліп отырады.           2025 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1439 қызмет көрсетілді. Атап айтқанда:Әр түрлі анықтамалар алу — 247;Дәрігерлік тіркелупе өтінім беру — 49;Мекен жай бойынша тіреуге — 78;Шекара белдеуіне кіруге рұқсат қағаз алу — 15;Онлайн түрде ЕЦҚ кілтін алу — 1050.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жыл бойы 2 түсіндірме іс-шарасы ұйымдастырылды.     Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат          Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдерінің, шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.         Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру туралы ұсыныстар түскен жоқ.  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижесіне сәйкес, Уйғыр ауданының «Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты»" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекемесі жұмысы  «жақсы» деп бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-taskarasu/press/news/details/1211977?lang=kk
Мемлекеттің баға бақылау жүйесіндегі жаңа тәсілдері 30.04.2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің негізгі басым бағыттарының бірі.Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік бақылауды қоса алғанда, кешенді шаралар іске асырылып жатыр.2026 жылдың басынан бастап ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді. Осыған байланысты бақылау шараларын күшейту қажеттілігі туындап отыр.Ағымдағы жылдың сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша, ӘМАТ-қа белгіленген шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2025 жыл бойы осы бап бойынша тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санының (2 913) шамамен 50 пайызына тең.Баға қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы жанданды. Ел бойынша барлығы 372 отырыс өткізіліп, 1 092 заң бұзушылық анықталды, 974 хаттама толтырылды, тауар өткізу тізбегінен 118 делдал шығарылды.Негізгі бағыттардың бірі – электрондық шот-фактураларды талдау. Жыл басынан бері сауда үстемесін асыру тәуекелі бар 2 361 жағдай анықталып, олар бойынша мәліметтер өңірлік бөлімшелерге егжей-тегжейлі қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.Айта кету керек, министрлік бақылау жүргізудің заманауи тәсілдерін енгізуде. Электрондық шот-фактураларды талдау барысында цифрлық құралдар, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары қолданылады. Бұл қысқа уақыт ішінде үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге және құқық бұзушылықтарды анықтау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Тиімсіз делдалдықты болдырмау үшін деректерді талдаудың жаңа әдістері қолданылады. Атап айтқанда, бір өңір шеңберінде үш және одан да көп көтерме буын қатысатын тізбектер, сондай-ақ бір күн ішінде жасалған төрт және одан көп буынды мәмілелер анықталады. Бұдан бөлек, мәміле қатысушыларының өзара байланысы да талданады. Анықталған барлық тәуекелдер өңірлік комиссиялардың қарауына жіберіледі. Олардың міндеті – сауда заңнамасының сақталуын бағалап, тиімсіз делдалдарды тізбектен шығару бойынша шаралар қабылдау.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мемлекеттік бақылау тетіктерін одан әрі жетілдіруді және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1211934?lang=kk
Тұрғын үй сертификаттары 30.04.2026
Қостанай қаласының тұрғындарына бастапқы жарнаның 90%-на дейін (бірақ 1,5 млн теңгеден аспайды) тұрғын үй сертификатын алу мүмкіндігі берілген.Бағдарлама әлеуметтік осал топтарға, сондай-ақ белгілі бір сала мамандарына арналған. Сертификатты бастапқы және қайталама нарықтан баспана сатып алу кезінде пайдалануға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1211906?lang=kk