Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

АНОНС «Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі 27.04.2026
Өтетін күні: 2 мамыр, 2026 жылӨтетін орны: Сарқан ауданы, Тополевка ауылы, «Жоңғар-Алатау» МҰТП2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысында көктемнің ең әсерлі табиғи оқиғаларының бірі – «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді. Бұл – сирек кездесетін ерекше табиғи құбылысқа арналған маңызды шара.Іс-шара «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Сарқан ауданы Тополевка ауылының көркем маңында ұйымдастырылады. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы жерде жер шарындағы Сиверс жабайы алмасының ең ірі тоғайлары орналасқан. Ол – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі. Ғалымдардың бағалауынша, осы бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48%-ы Жетісу өңірінде шоғырланған.Жылына бір-ақ рет, көктемнің бірнеше аптасы ішінде тау беткейлері нәзік ақ және қызғылт гүлге оранып, алқаптарды нағыз көркем табиғи көрініске айналдырады. Осы кезеңде мыңдаған туристер, фотографтар мен саяхатшылар өңірге келіп, сирек табиғи құбылысты тамашалап, оның тарихымен танысып, фестиваль атмосферасын сезінеді.Фестиваль туризм саласының өкілдерін, экологтарды, ғалымдарды, БАҚ өкілдерін, тревел-блогерлерді, қолөнершілерді, мәдениет қайраткерлерін, сондай-ақ студенттер мен табиғат сүйер қауымды біріктіреді. Бұл шара экотуризмді дамытуға, табиғи мұраны сақтауға және өңірді халықаралық деңгейде танытуға арналған алаң болмақ.Іс-шара Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген, бұл оның маңыздылығы мен туристік тартымдылығын айқындайды.Биылғы фестиваль қонақтары үшін ерекше атмосфера ұсынылады. Хедлайнерлер – Bayansulu және Қуандық Рахым сахнаға шығып, гүлдеген таулар аясында жарқын концерттік бағдарлама ұсынады.Фестиваль бағдарламасы:Сиверс алмасының гүлдеген бау-бақшаларының панорамалық көріністері;Plein air форматындағы суретшілер байқауы;Мәдени іс-шаралар;Ұлттық спорт ойындары;Қолөнер көрмелері және шеберлік сабақтары;Концерттік және ойын-сауық бағдарламалар.«Сиверс алмасының гүлденуі» фестивалі – Қазақстанның ең әсем табиғи құбылыстарының бірін тамашалап, таулар мен таза ауа аясында өткізуге, ұлттық мәдениетпен жақынырақ танысуға және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.Жетісу сіздерді табиғаттың аңызына шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1208822?lang=kk
Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы 27.04.2026
🔰Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 34 «Жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібіне және жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің қабылданғанын хабарлайды.Аталған шешімге сәйкес:🗓️ 2026 жылғы 19 сәуірден бастап (ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң — 19.03.2026 ж.) жеке тұлғалар келесі тауарларды әкелу кезінде жолаушылар кедендік декларациясында IMEI-кодтарды міндетті түрде көрсету енгізіледі:✔️смартфондар;✔️ ұялы байланысқа арналған телефон аппараттары;✔️ ұялы байланыс функциясы бар планшеттер.📍IMEI-код декларацияның тиісті бағанында көрсетілуі қажет.📄 Шешімнің мекенжай түрлерінің кодтарын көрсетуге қатысты өзге ережелері 2027 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.🔄 Аталған өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде ескерулеріңізді сұраймыз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1208839?lang=kk
Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды 27.04.2026
Алматы қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында өткен Х Халықаралық математика олимпиадасы өз мәресіне жетті.Зияткерлік додаға алты елдің өкілдері қатысты: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан. Олимпиада үш кезеңнен тұрды және математиканың әртүрлі бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтыды. Бұл қатысушылардың дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді.Жалпы командалық есеп бойынша үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленсе, екінші орын Қазақстан курсанттарына бұйырды, ал бірінші орынды Ресей командасы жеңіп алды.Жеке біріншілікте үздік нәтижені Владислав Молофеев (Ресей), Нуралибек Өзбеков (Өзбекстан), Ислам Ермеков (Қазақстан) көрсетті.Жеңімпаздар ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасының ауыспалы кубогымен, сондай-ақ медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов олимпиаданың маңызды нәтижелерінің бірі — Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы кәсіби және достық байланыстардың нығаюы екенін атап өтті.– Мұндай іс-шаралар тек кәсіби құзыреттерді ғана емес, болашақ офицерлер арасындағы әріптестік рухты да қалыптастырады. Алған білім мен тәжірибе олардың алдағы қызметінде міндетті түрде қажет болады деп сенемін, – деді ол.Зияткерлік сайыстардан бөлек, қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-ағартушылық бағдарлама ұйымдастырылды. Қонақтар Қазақстанның тарихымен, қазіргі жетістіктерімен және қазақ халқының қонақжай дәстүрлерімен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1208843?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ 2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады 27.04.2026
 «БЖЗҚ» АҚ  2026 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 811,26 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 760,59 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 948,86 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 101,81 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 сәуірде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,74%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,26%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,58%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,42%, ҚРҰБ депозиттері – 2,09%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,42%, МҚҰ – 1,14%.Активтердің 35,23%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,09%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,91%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 549,32 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 94,12 млрд теңгені, өзге кірістер 0,48 млрд теңгені құрады. Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы сәуірден бастап 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,49 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,74%-ды құрады.2026 жылғы 1 сәуірдегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 93,84%, ҚРҰБ депозиттері – 6,15%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 30,65 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 3,45 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы сәуірден бастап 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 104,22 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,52%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 101,81 млрд теңге.2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 16,33 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 24,63%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 16,80%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,49%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,00%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,64%, РЕПО – 6,48%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,29%, МҚҰ – 3,33%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,90%.Атап кетейік, портфельдің 56,12% теңгемен, 42,86% АҚШ долларымен, 1,02% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,62%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 7,55 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 22,93%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 11,44%, ҚРҰБ ноттары – 15,96%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,68%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,79%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,15%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,53%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 2,07%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,95%-на, АҚШ долларымен 36,05%-на тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,54%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 13,08 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,54%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,71%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,12%, РЕПО – 11,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,25%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,45%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,93%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 66,59%-ын, АҚШ долларымен 33,41%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,01%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 7,19 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 21,35%, РЕПО – 16,62%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 14,45%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 14,29%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 9,10%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 5,98%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 4,93%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,26%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,08% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 70,71%-ы, АҚШ долларында 29,29%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,80%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.04.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 57,66 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 17,23%, ҚР ЕДБ облигациялары – 14,96%, ҚРҰБ ноттары – 12,62%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,81%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 8,08%, МҚҰ – 6,95%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,74%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,36%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 4,33%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,28%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,70%, АҚШ долларында – 31,30% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы сәуірден 2026 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,98%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ИПБ қызметін Ki композиттік индекстері негізінде бағалау жүйесі енгізілді. Композиттік индекс – бұл жаһандық экономикалық тенденцияларды, сондай-ақ капитал нарығындағы жағдайларды ескере отырып, ИПБ жұмысының нәтижелерін объективті бағалауды қамтамасыз ететін ұлттық және әлемдік қор нарықтарының индекстерін қамтитын бенчмарк түрі. 2026 жылдан бастап ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті тәуекел деңгейі, кірістілігі және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдауды көздейтін жаңа тәсіл негізінде жүзеге асырады. Егер зейнетақы активтерінің кірістілігі белгіленген ең төменгі деңгейден (композиттік бенчмарктан) төмен болған жағдайда, ИПБ теріс айырма сомасын меншікті капитал есебінен өтеуге тиіс. Осылайша, жеке басқарушылар жинақтардың сақталуын меншікті капиталмен қамтамасыз етуге жауапты. Айта кету керек, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға беру мүмкіндігі пайда болған 2021 жылдан бастап барлық басқарушы компаниялар белгіленген нормативтерді сақтады, осыған байланысты белгіленген айырмашылықты өтеу қажеттілігі туындаған жоқ.  ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы жинақтар төлемдерге құқық алған кезде инфляция деңгейінен төмен болмайтын деңгейде сақталу мемлекеттік кепілдігімен қорғалады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1213287?lang=kk
ИКАО Өңірлік экологиялық саммит жұмысына қатысты 27.04.2026
2026 жылғы 23 сәуір, Астана. Монреаль қаласындағы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ИКАО-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі департаментінің басшысы Тетцуя Танака мырза 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында өткен Өңірлік экологиялық саммит аясындағы «Regional Knowledge Exchange on Carbon Pricing and ETS Reform» панельдік сессиясында онлайн форматта спикер ретінде сөз сөйледі.Өз сөзінде Т. Танака мырза ИКАО-ның стратегиялық мақсаттарына шолу жасап, авиация саласында 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.Ол экологиялық күн тәртібінің өзектілігін және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ерекше атап өтті. Қазіргі таңда авиация жаһандық шығарындылардың шамамен 2%-ын құрайтыны, ал авиациялық шығарындыларды реттеудің күрделілігі олардың трансшекаралық сипатымен байланысты екені айтылды.Сонымен қатар, CORSIA (Carbon Offsetting and Reduction Scheme for International Aviation) – ИКАО әзірлеген халықаралық азаматтық авиациядағы көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесіне қатысудың маңызына назар аударылды.Т. Танака мырза тұрақты авиациялық отын (SAF) мәселесіне тоқталып, оны жаһандық деңгейде енгізу үшін шамамен 3,3 трлн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет болатынын атап өтті.Т. Танака мырзаның баяндамасы қатысушылар мен мүдделі тараптар арасында үлкен қызығушылық тудырып, тұрақты авиацияны дамыту мәселелеріне қосымша назар аударуға ықпал етті.ИКАО-ның Саммитке қатысуы пікірталастар мазмұнын байытып, авиацияның тұрақты дамуы, көміртегі бағасын белгілеу және шығарындылар саудасы жүйелерін енгізу бойынша диалогты нығайтты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1208807?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары Еуропадағы сарапшылық конференцияда таныстырылды 27.04.2026
Шантийи, 2026 ж. 24 -26 сәуір  - Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Елшісі Роман Василенко шақырылған спикер ретінде Франция халықаралық қатынастар институты (IFRI) ұйымдастырған «Фрагментация мен өзара тәуелділік арасында: жаһандық басқаруды қайта пайымдау» тақырыбындағы 18-ші жыл сайынғы «Әлемдік саясат конференциясының» (World Policy Conference) жұмысына қатысты.«Еуропалық Одақ стратегиялық әріптес ретінде: Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия көзқарасы» атты сессияда сөз сөйлеген қазақстандық дипломат Еуроодақтың еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретіндегі тартымдылығын атап өтіп, жалпы алғанда Еуропалық Одақтың Орталық Азиямен өзара іс-қимылды кеңейтуге өсіп келе жатқан бейілділігін көрсетті. Осы тұрғыда ол 2025 жылғы 3-4 сәуірде Самарқандта өткен тарихтағы алғашқы «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің табысты өткенін еске салды, оның қорытындысы бойынша екі өңір арасындағы ынтымақтастықты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.Қазақстан көзқарасы тұрғысынан Еуроодақтың «Global Gateway» бастамасы мен Қытайдың «Белдеу және жол» жобасының өзара толықтырушы сипатын атап өткен ҚР Елшісі Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік және логистика (ең алдымен, Транскаспий халықаралық көлік бағытын немесе «Орта дәлізді» кеңейту), аса маңызды шикізат материалдары, дәстүрлі және «жасыл» энергетика, зерттеулер мен инновациялар салаларындағы ынтымақтастықтың серпінді дамуы мен зор перспективаларын атап өтті.Қазақстан ұлттық мүдделерді ескеретін теңгерімді әрі прагматикалық сыртқы саясатты жүзеге асыра отырып, Еуропалық Одақпен басым әріптестердің бірі ретінде стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екені атап көрсетілді.«Біздің қатынастарымыздың даму жолы орасан зор болды. Бұған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жан-жақты келісімнің жасалуы, елімізде 4 мыңнан астам еуропалық компанияның қызметі, Еуропалық Одақтан экономикамызға 200 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция тартылуы, сондай-ақ көшбасшыларымыз арасындағы ашық әрі сындарлы диалогтың сақталуы дәлел бола алады. Ынтымақтастығымыздың одан арғы табысының кепілі – өзара құрмет пен өзара тиімділік негізінде басым салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі уағдаластықтарды тиімді әрі жедел түрде іс жүзінде іске асыру», – деп атап өтті Елші.Осы тұрғыда Р. Василенко Қазақстан халқының жаңа Конституцияны қабылдауы халықаралық қоғамдастыққа, соның ішінде Еуропалық Одаққа, еліміздің өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге ден қоюда, сондай-ақ болашақ күн тәртібін қалыптастыруда тұрақты, өзіне сенімді және болжамды серіктес ретінде сындарлы өзара іс-қимылға бейілділігі туралы айқын белгі жолдайтынын атап өтті.Сессияға сондай-ақ Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Лаша Дарсалия, Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваган Костанян және Гарвард университеті жанындағы Белфер орталығының аға ғылыми қызметкері Дмитро Кулеба (Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі) қатысты.Пікірталасқа қатысушылар геосаяси күйзелістер жағдайындағы Еуропалық Одақтың қазіргі трансформациясын, трансатлантикалық қатынастар эволюциясын және Еуропаның әлемдегі өзгеріп жатқан рөлін талқылады. Еуропалық Одақтың халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.Жалпы алғанда, конференцияға Еуропа, Азия және Солтүстік Американың жетекші талдау орталықтары мен жеке компанияларының басшыларымен қатар Сербия Президенті Александр Вучич, Руанда Президенті Поль Кагамэ, Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларше, Румыния, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Кот-д’Ивуар және басқа да елдер үкіметтерінің өкілдері қатысты.Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мен әлеуетін нығайтуда, сондай-ақ халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасын қалыптастыруда әртүрлі құрлықтардағы «орта державалардың» рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстанды қоса алғанда, мұндай мемлекеттердің белсенді тартылуы мен өзара іс-қимылы жаһандық қайшылықтарды шешуге және әлемдік прогреске қол жеткізуге елеулі үлес қоса алатыны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1208786?lang=kk
Республикалық «Бес асыл» ұлттық өнер сайысында маңғыстаулық ақындар жеңіске жетті 26.04.2026
Бүгін, 26 сәуір күні Жаңаөзен қаласында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласының өнерпаздары арасында республикалық «Бес асыл» командалық ұлттық өнер сайысы өтті. Мәдени шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов қатысты.Ауқымды мәдени іс-шара Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының бастамасымен және Маңғыстау облысы әкімдігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды.Сайыс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айқындалған ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі өнерді дамыту және өңіраралық мәдени байланыстарды нығайту мақсатында өткізілді.Сайыстың негізгі мақсаты – айтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдерінің шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және жастарды ұлттық өнерге баулу.Байқау аясында қатысушылар сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы секілді дәстүрлі айтыс түрлері бойынша өнер көрсетті. Сонымен қатар күй, жыр, терме және дәстүрлі ән жанрлары қамтылды.Командалық форматта өткен сайысқа әр өңірден бір жетекші, төрт айтыскер ақын, сондай-ақ термеші, жыршы, дәстүрлі әнші, күйші және таныстырушы қатысты. Қатысушылардың өнері суырыпсалмалық шеберлігі, мазмұн тереңдігі, ұлттық дәстүрді сақтау деңгейі және сахналық мәдениеті бойынша бағаланды.Өнерпаздардың өнерін мәдениет және өнер саласының танымал қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы саралады. Олардың қатарында айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман, жыршы-ғалым Берік Жүсіпов, ақын Сарин Қалқаман, күйші-зерттеуші Мұрат Әбуғазы, әнші Серік Оспанов, ақын-журналист Жанарбек Әшімжанов және ақын, сарапшы Көпбосын Өміржан бар. Кешті ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай жүргізді.Іс-шара қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының айтыскерлері жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Екі команданың айтыскерлері де арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және ұйымдастырушылар тағайындаған жүлделермен марапатталды.Аталған жоба ұлттық өнерді жаңғыртуға, жас таланттарды қолдауға және өңірлер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға бағытталған маңызды бастама болып саналады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1208776?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар бизнесінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді 26.04.2026
Доха, 2026 жылғы 26 сәуір – Қатар Мемлекетіне сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Power International Holding» және «Milaha» катарлық компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.«Power International Holding» компаниясының басшысы Мутаз Әл-Хаятпен келіссөздер барысында энергетика және телекоммуникация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Газды қайта өңдеу, тасымалдау және электр энергиясын өндіру Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары екені аталып өтті. Е.Көшербаев бұл салалардағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынына назар аударды.«Milaha» компаниясының бас директоры Фахад Саад Әл-Кахтанимен кездесу аясында тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде мультимодальды тасымалдарды дамытуды, порт инфрақұрылымына қолжетімділікті кеңейтуді және Каспий теңізіндегі қазақстандық порттар арқылы жүк транзитін ұлғайтуды талқылады. Министр Қазақстанның трансконтиненталдық сауда-логистикалық хаб ретіндегі маңызды рөлін, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтудағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) маңызын атап өтті.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жандандыруға ниетті екендіктерін растап, перспективалы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша диалогты одан әрі дамытуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1215306?lang=kk
100 мыңнан астам қостанайлық «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты 26.04.2026
Қостанай облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуымен өткен ауқымды республикалық экологиялық акцияға телемост форматында қосылды. Бұл бастама елдің заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылуда.Тікелей қосылым барысында Мемлекет басшысы жобаның стратегиялық маңызын айқындап, оның қос бағыттылығын атап өтті — аумақтарды практикалық тұрғыда абаттандыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Президенттің айтуынша, елді мекендерді көгалдандыру — ұлт денсаулығына және тұрақты болашаққа бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция.Өңірдегі акцияның орталық алаңы Қостанай қаласындағы Триатлон-парк болды — бұл қалалық ортадағы тартымды нүктелердің бірі ретінде экологиялық бастаманың кең қоғамдық ауқым алуына мүмкіндік берді. Мұнда ағаш отырғызу жұмыстарына билік өкілдері, бизнес қауымдастығы, еріктілер қозғалысы және қала тұрғындары қатысты. Жұмыстарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарды. Қатысушылар қатарында өнеркәсіп секторының өкілдері, соның ішінде автомобиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері болды.«Президент тапсырмасы бойынша біз өңірде тек акция өткізумен шектелмей, жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. «Таза Қазақстан» біз үшін — нақты нәтиже: таза көшелер, жаңа ағаштар, абаттандырылған аулалар. Біз Қостанай облысының тұрғындары бұл өзгерістерді күн сайын көріп, өздері де осы үдерістің бір бөлігіне айналғанын қалаймыз», — деп атап өтті өңір басшысы.Облыс тұрғындары экологиялық бастамаларды қолдап, нақты өзгерістерді атап өтуде.«Қала шынымен де таза әрі жайлы болып келеді. Жұмыс бір реттік емес, тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын көруге болады: жаңа ағаштар отырғызылып, аулалар абаттандырылуда. Біз де жасалып жатқан дүниеге ұқыпты қарауымыз керек», — деді Қостанай қаласының тұрғыны Дана Тоқжанова.Акцияның символдық әрі практикалық нәтижесі ретінде бір күннің ішінде шамамен 12 мың ағаш отырғызылды. Сонымен қатар өңір деңгейінде негізгі басымдық тек отырғызу көлеміне ғана емес, жасыл желектерге жүйелі күтім жасауды қамтамасыз етуге де беріліп отыр.Жалпы алғанда, өңірдегі экологиялық трансформация нақты нәтижелер көрсетуде. 2024–2025 жылдары салалық жобаларды іске асыруға 40,3 млрд теңге бағытталды. Осы кезеңде 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы салынды, 600-ге жуық заңсыз қоқыс орындары жойылып, 1 250-ден астам апатты нысан бұзылды. Сонымен қатар 277 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 1,3 мың гектар аумақ тазартылып, шамамен 50 мың тонна қалдық шығарылды.Сапалы қалалық ортаның маңызды элементі ретінде қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше назар аударылуда. Бүгінде өңірде 80 осындай нысан қалыптасқан, ал 2026 жылы тағы 25 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда қосымша 94 парк пен сквер салынды, бұл тұрғындардың демалыс және бос уақыт инфрақұрылымын едәуір кеңейтті.Кешенді жаңғырту тұрғын үй қорын да қамтыды. Облыста 180 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөнделді. Алдағы жоспарларда тағы 77 мың көшет отырғызу, 63 тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу, 31 жаңа балалар және спорт алаңын орнату, сондай-ақ ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстарын жалғастыру көзделген.Халық пен бизнестің жоғары белсенділігі қалыптасып келе жатқан экологиялық мәдениеттің тұрақтылығын көрсетеді: санитарлық іс-шараларға 105 мыңнан астам адам және шамамен 1,9 мың кәсіпорын қатысты.Осылайша, Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру жекелеген акциялар шеңберінен шығып, аумақты дамытудың жүйелі тәсіліне айналуда. Бұл тек экологиялық өзгерістер ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаны жаңғырту, өмір сапасын арттыру және өңірдің ұзақ мерзімді инвестициялық тартымдылығын нығайтуға бағытталған кешенді үрдіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1208764?lang=kk
Қазақстан мен Қатар cыртқы істер министрлері өзара ынтымақтастықтың күн тәртібін талқылады 26.04.2026
Доха, 2026 жылғы 26 сәуір – Қатар Мемлекетіне ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қатар Мемлекетінің Премьер-Министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-қатар стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың одан әрі нығайтылуы, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңейтілуі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардың тереңдетілуіне ерекше назар аударды.Жоғары және биік деңгейлердегі белсенді саяси диалог екіжақты қатынастарды ілгерілету мен қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асыруда маңызды рөл атқаратыны аталып өтті.Инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар энергетика, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және өзара қызығушылық тудыратын өзге де басым салалардағы бірлескен жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті.«Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі жақын да сенімді әріптесі болып табылады. Біз қалыптасқан саяси диалог деңгейін, өзара сенім ахуалын және екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын жоғары бағалаймыз», – деп атап өтті Е.Көшербаев.Өз кезегінде, шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қазақстан мен Қатар арасындағы қатынастардың даму қарқынын жоғары бағалап, Доханың стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды ілгерілетуге деген бейілділігін растады.Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Қатарда өткен Қазақстанның мәдениеті күндері екі ел халықтары арасындағы түсіністікті нығайтуға және олардың өзара жақындасуына маңызды үлес қосқаны қанағаттанушылықпен аталып өтті.Келіссөздер барысында тараптар туристік ағындардың өскенін атап өтіп, Қазақстан мен Қатар арасындағы тікелей әуе қатынасын одан әрі дамыту маңыздылығына тоқталды.Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, ең алдымен Таяу Шығыстағы ағымдағы жағдай контексінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Е.Көшербаев Қазақстанның барлық қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысы негізінде тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу жөніндегі ұстанымының өзгермейтінін атап өтті.Осы тұрғыда Министр өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған бейбіт диалогты ілгерілету жөніндегі Катар басшылығының күш-жігерін Қазақстан тарапы құптайтынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Түркістан қаласында бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екеніне назар аударды.Сұхбаттастар БҰҰ, ИЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, жаһандық және өңірлік күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдарының жақындығын растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақ-қатар көпқырлы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, бірлескен жобаларды іске асыруға және екіжақты қатынастарға жаңа серпін беруге деген өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1215312?lang=kk
Өскеменнің көтерме базарында көкөніс бағасын негізсіз өсіру фактілері анықталды 26.04.2026
«Дина» көтерме базарына жүргізілген кешенді мониторинг нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргені анықталды. Электрондық шот-фактураларға (ЭШФ) жүргізілген талдау сәбіз, картоп және қырыққабатқа қосылған үстеме бағаның рұқсат етілген нормадан бірнеше есе асып кеткенін көрсетті.Сәбіз: Павлодар облысының шаруа қожалықтарынан 170 теңге/кг бағасымен сатып алынып, кейін басқа кәсіпкерлерге 35%-ға дейінгі үстемемен (230 теңгеге дейін) қайта сатылған.Картоп: Ақпан айында Абай облысынан 150 теңге/кг бағасымен 30 тоннадан астам өнім сатып алынған. Наурыз айында бұл картоп Өскеменде 250-ден 280 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Нақты үстеме баға 70%-дан 86%-ға дейін жеткен.Қырыққабат: Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 130 теңге/кг бағамен сатып алынып, 200–220 теңгеден өткізілген. Үстеме баға 53%-дан 69%-ға дейін құраған.Аталған көкөністер кейіннен қосымша үстеме бағамен қаланың «үй маңындағы» дүкендерінде халыққа сатылған.Бұл фактілер бойынша материалдар Өңірлік комиссия отырысында қаралды. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалуда. Заң бұзушылық расталған жағдайда кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көкөніс бағасын төмендету туралы нұсқама беріледі.ШҚО бойынша Сауда департаменті ескертеді: заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қосылатын шекті сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1208750?lang=kk
Арман Шаққалиев бастаған Сауда және интеграция министрлігі қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты 26.04.2026
ҚР Сауда және интеграграция министрі Арман Шаққалиев бастаған ведомства қызметкерлері, министрлікке бағынысты ұйым басшылары мен қызметкерлері 25 сәуірде өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты.Акцияға 200-ге жуық қызметкер ат салысты. Министрлік өкілдері Түркістан көшесінің Орынбор және Сығанақ көшелерімен қиылысар аралығына дейінгі белгіленген орынның қоқысын тазалады. «Таза Қазақстан» - бұл әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Тазалық – әрқайсысымыз үшін міндетті норма болуы қажет. Сондай-ақ өзіміз өмір сүріп отырған қаланың таза әрі жайлы болуы өзімізге байланысты», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. #TazaQazaqstanАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1208749?lang=kk
Мемлекет басшысы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды 26.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама. Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.Тағы бір білім беру алаңы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.Бұдан бөлек, Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1219495?lang=kk
Alem.ai – Орталық Азиядағы жасанды интеллекттің жаңа орталығы 26.04.2026
24 сәуірде Мемлекет басшысы Астанадағы Alem.ai орталығына барып, Цифрландыру және ЖИ жылы аясында бірқатар негізгі жобаларға бастау берді.«Alem.ai» (http://Alem.ai/) – сегіз қабатта орналасқан толыққанды экожүйе, мұнда білім беру, ғылым, кәсіпкерлік пен мемлекеттік басқару біріктірілген. Мұнда барлық ниет білдірушілерге арналған ашық кеңістік, жасөспірімдерге арналған креативті технологиялар орталығы, ЖИ мектебі, стартаптарға арналған кампус, зерттеу зертханалары және тіпті елді ақылды басқаруға арналған«AI-Driven Government» ситуациялық орталығы бар.Бұл Орталық «идеялар мен инновациялар фабрикасына» айналуы тиіс. «Alem.ai» жыл сайын 10 мың адамды оқытуға және 100-ге дейін ЖИ-стартапты іске қосуға есептелген. Мемлекет басшысы «alem.ai (http://alem.ai/) battle» ұлттық байқауының (байқау қазақстандық стартаптар арасында өткізілді) және мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup жарысының жеңімпаздарын марапаттады.Орталықты құру – Президенттің дәйекті түрде жүзеге асырып отырған стратегиясының бір бөлігі: ЖИ дәуірі туралы Жолдаудан бастап, инфрақұрылым мен кадрлар бойынша нақты тапсырмаларға дейін. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы технологиялық хаб ретінде позициясын нығайтып, цифрлық дәуірдегі жаһандық бәсекеге дайындалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1208738?lang=kk
Қазақстанның жасөспірімдер шахмат құрамасы әлем чемпионатында рекордтық медаль санын жеңіп алды 26.04.2026
2026 жылғы 20 сәуір, Врнячка-Баня қаласы - Қазақстанның  Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Врнячка-Баня қаласында жұмыс сапарымен болып, жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионаты (FIDE) аясында өткен іс-шараға қатысты.Елші Қазақстанның жасөспірімдер шахмат құрамасымен кездесіп, жас спортшыларға қолдау білдірді. Ол әр ойыншының елдің спорттық держава ретіндегі имиджі мен беделін арттыруға қосқан үлесін атап өтіп, зияткерлік спортты дамытудың маңыздылығын ерекше айтты.Жарыстың ашылуына орай Елші символикалық алғашқы жүрісті жасап, турнир ойындарының басталуына белгі берді.Сапар аясында Сербия шахмат федерациясының президенті Андрей Йоргичпен кездесу өтті. Тараптар спортты дамыту мақсатында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. А. Йоргич болашақта Қазақстан мен Сербия арасында командалық кездесулер ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.Командалардың өзара сапарлары Қазақстан мен Сербия арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 21 медаль, оның ішінде 9 алтын медаль жеңіп алып, айтарлықтай жетістікке жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1208733?lang=kk
Астанада Орталық Азиядағы алғашқы TUMO Astana креативті технологиялар орталығы ашылды 26.04.2026
✔️ Мемлекет басшысы Alem.ai орталығына барып, жасанды интеллект, цифрлық экономика және елдің заманауи білім беру экожүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамалармен танысты.▪️ Alem.ai орталығы ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары мен стартап-бастамалар үшін платформа болып табылады, сондай-ақ ЖИ саласындағы қолданбалы шешімдерді енгізумен айналысады. Іске асырылып жатқан жобалар жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқаруға, бизнеске және күнделікті өмірге енгізуге бағытталған, бұл Қазақстанның технологиялық дамыған әрі бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру стратегиялық бағытына сәйкес келеді.➤ Сапар барысында білім беру бастамаларына ерекше назар аударылды, оның ішінде әртүрлі жас санаттарына арналған заманауи оқу платформаларын дамыту маңызды орын алады.▪️ Осындай жобалардың бірі - TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Арменияда құрылған және халықаралық деңгейде сәтті дамып келе жатқан TUMO жобасы 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге бағытталған және заманауи цифрлық әрі креативті дағдыларды тегін меңгеруге бірегей мүмкіндік береді.Оқу бағдарламасы 11 бағытты қамтиды, соның ішінде:➤ генеративті жасанды интеллект;➤ бағдарламалау;➤ ойын әзірлеу;➤ анимация және 3D модельдеу;➤ робототехника;➤ кино және цифрлық музыка.TUMO-ның халықаралық деңгейде тиімділігін дәлелдеген моделі өзіндік оқытуды практикалық зертханалармен ұштастыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде жастарда болашаққа қажетті қолданбалы дағдылар қалыптасады.▪️ Тағы бір маңызды бағыт - ересектерге арналған білім беру жүйесі. Президент тапсырмасы бойынша Astana Hub базасында Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылып, ол бүкіл ел бойынша кеңейтілуде. Телемост форматында Қазақстанның 14 өңірінде мектеп желісін іске қосу басталды, мұнда оқу тегін әрі 18 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді болады.▪️ Сапар барысында сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды, оның ішінде бірыңғай AI-платформа негізінде қалалық ортаны басқарудың кешенді жүйесі - «Astana Smart City» жобасының іске қосылуы, сондай-ақ Alem.ai базасында ЖИ саласындағы зерттеу университетін құру тұжырымдамасы ұсынылды.✨ Осылайша, Қазақстанда TUMO креативті технологиялар орталығын дамыту жаңа буын кадрларын даярлау экожүйесінің маңызды бөлігіне айналуда, креативті білім беруді, технологияларды және практикалық дағдыларды біріктіреді. Жоба жастардың заманауи білімге қолжетімділігін кеңейтіп қана қоймай, елдің жаһандық цифрлық күн тәртібіндегі позициясын нығайтады.https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-alemai-halykaralyk-zhasandy-intellekt-ortalygyna-bardy-2434652 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1210899?lang=kk
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында 90-нан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетті 26.04.2026
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бөлінуді қадағалау күштері» миссиясы құрамында қызмет атқарып жүрген қазақстандық бітімгерлік контингент әскери қызметшілері Сирия Араб Қызыл ай ұйымының өкілдерімен бірлесіп гуманитарлық акция ұйымдастырды.Сирияның оңтүстік-батысындағы Кунейтра провинциясындағы Трунжа елдімекенінде олар бейбіт тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету үшін далалық лагерь құрды. Әсіресе балаларға, қарттарға және әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылды.Әскери дәрігерлер медициналық тексерулер жүргізіп, кеңес беріп, мұқтаж тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектерді таратты. Көмекке жүгінген науқастар арасында жиі кездесетін диагноздар: жедел респираторлық аурулар, тірек-қимыл жүйесі аурулары, артериялық гипертензия және қант диабеті.Аталған акция Қазақстанның бітімгерлік қызметтегі белсенді рөлін айқындап, елдің халықаралық беделін нығайтуға және азаматтық соғыс салдарынан гуманитарлық дағдарысқа ұшыраған жергілікті тұрғындардың сенімін арттыруға ықпал етті.Қазақстандық бітімгерлер барлығы 93 науқасқа медициналық тексеру жүргізіп, жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілігін және жергілікті халықтың қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге әзірлігін көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1208737?lang=kk
Мемлекет басшысы «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығына барды 26.04.2026
Астана, 2026 ж. 24 сәуір - Орталық ғылыми зерттеулер жүргізуге, білім беру бағдарламаларын іске асыруға, стартап бастамаларды дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект саласында қолданбалы шешімдер әзірлеуге кең мүмкіндіктер ұсынады. Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологияларын мемлекеттік секторға, бизнеске және күнделікті өмірге енгізуге бағытталған. Жалпы алғанда, Орталықтың қызметі Мемлекет басшысының технологиялық тұрғыдан дамыған, заманауи және бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытын іске асыруға қолдау көрсетуге арналған.Сапар барысында Мемлекет басшысы "Astana Smart City" жобасын іске қосты - бұл жаңа буындағы зияткерлік қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған негізгі бастама. Таныстырылым аясында "Presight" компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала деректері мен жүйелерін нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай жасанды интеллект платформасын, сондай-ақ оны басқару тиімділігін арттырудағы практикалық қолданылуын көрсетті.Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ бірқатар білім беру бастамаларының іске қосылуына қатысты. Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы "Astana Hub" базасында "Tomorrow School" жасанды интеллект мектебі құрылды, оның табысты моделі бүгінде бүкіл ел бойынша кеңейтілуде. Телемост форматында Мемлекет басшысы "Tomorrow School" филиалдарының 14 өңірдегі желісін іске қосты. Оқу тегін болады және 18 жастан асқан барлық азаматтарға, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласында алғашқы қадам жасап жатқан адамдарға қолжетімді.Тағы бір білім беру платформасы - "TUMO Astana" креативті технологиялар орталығы - цифрлық және шығармашылық дағдыларды дамытуға ниетті 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Оқыту 11 техникалық және креативті бағыт бойынша жүргізіледі, оның ішінде генеративті ЖИ, бағдарламалау, ойын әзірлеу, анимация, 3D модельдеу, робототехника, киноөндіріс және цифрлық музыка бар.Президентке жасанды интеллект саласындағы зерттеу университетін құру тұжырымдамасы да таныстырылды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтуынша, университет Alem.ai базасында құрылатын болады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM және Astana Hub ресурстарын қамтитын ұлттық ЖИ инфрақұрылымына қол жеткізе алады. Оқу бағдарламаларын бастау 2026 жылғы 1 қыркүйекке жоспарланған.Интерактивті форматта Қасым-Жомарт Тоқаев «Games of the Future 2026» халықаралық турниріне кері санақты бастады. Бұл бірегей фиджитал жарыс Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесі арқылы жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы криптовалюталық төлем таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1208785?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды 25.04.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI экожүйесін дамытуға арналған негізі алаң саналатын Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады.Іске асырылып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді.Жалпы, Орталық Мемлекет басшысының Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған.Президент Орталықты аралау барысында Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Бұл – интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын маңызды бастама. Presight.AI компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай АІ-платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.Тағы бір білім беру алаңы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.Бұдан бөлек, Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды.Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады. Студенттер alem.cloud, AlemLLM секілді ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын және Astana Hub ресурсын пайдалана алады. Оқу үдерісін биыл 1 қыркүйектен бастау жоспарланып отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты. Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1208663?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ 25.04.2026
Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында республикалық экологиялық акция ұйымдастырылып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен телекөпір өтті.Тікелей эфир барысында еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жұмыстар таныстырылды. Мемлекет басшысы табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, өткен жылы республика бойынша 1200-ге жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, 1 миллион гектардан астам аумақ тазартылып, 4 миллионға жуық ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, игі бастамаға 800 мыңға жуық ерікті жастар қатысқан.Президент өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке баулу қажеттігін ерекше атап өтіп, Оқу-ағарту министрлігіне «жасыл сабақтар» жобасын енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында табиғатты қорғау, су мен энергияны үнемдеу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігіне назар аударды.Республикалық акция аясында Шымкент қаласының тұрғындары да белсенділік танытты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековбастаған жұртшылық А.Асқаров атындағы Дендросаябақ аумағынан тікелей эфирге қосылды.Аталған аумақта өткен жалпы қалалық акцияға 2000-нан астам адам, оның ішінде жастар, еріктілер, эко-белсенділер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және қоғам өкілдері қатысты. Іс-шара барысында дендросаябақ аумағы тазартылды. Жұмыстарға 72 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, жиналған қалдықтар толықтай шығарылды.Жалпы қала бойынша өткен сенбілікке 55 мыңға жуық тұрғын қатысып, 352 бірлік арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 401 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті егілді.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы бастау алғаннан бері Шымкентқаласында кең қолдау тауып келеді. Бүгінгі таңда экологиялық акцияларға 660 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 152 мың түп ағаш көшеті мен 1,6 миллион қызғалдақ егілді.Сонымен қатар, қалада экологиялық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы қоқыс полигоны орнында аумағы 45 гектарды құрайтын заманауи ЭкоПарк құрылысы жүргізілуде. Қаланың көркін арттыру мақсатында өткен жылы 46 гүлзар ашылып, 15 жаңа субұрқақ іске қосылды. «Қошқар ата» өзені арнасын тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, жағалауы абаттандырылуда.Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бағытында да нақты шаралар қолға алынған. Қазіргі таңда қалада тәулігіне 1000 тонна қалдық өңдеуге қауқарлы зауыттың құрылысы жүргізілуде.Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қаланың көркеюіне оң әсер етуде.