Жаңалықтар
Жыл басынан бері Ұлттық ұлан жауынгерлері ұстаған құқық бұзушылардың саны - 3357 27.04.2026
2026 жылдың І тоқсанында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 3357 құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Олардың 71-і қылмыс белгілері бар тұлғалар.Ұландықтар күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Үш ай ішінде олар патрульдік қызмет бойынша 839 жауынгерлік тапсырманы орындап, республика бойынша 99 қоғамдық-саяси және бұқаралық іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етті.Қызмет барысында заңсыз айналымнан 28 бірлік суық және атыс қаруы тәркіленіп, есірткі заттарын тәркілеу бойынша 10 дерек тіркелді.Сонымен қатар Ұлттық ұлан бөлімшелері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету және сотталғандарды айдауылдау міндеттерін орындайды. Қазіргі таңда 39 ҚАЖ мекемесі мен бір өндірістік нысан күзетте. Айдауылдау 35 бағыт бойынша жүзеге асырылып, түрлі деңгейдегі сот отырыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды өткізудің 61 әрекетінің жолы кесілді. Нәтижесінде 29 ұялы телефон, 10 SIM-карта, сондай-ақ жалпы салмағы 101,28 грамм есірткі заттары тәркіленді.Сонымен қатар үш ай ішінде 60 жоспарлы теміржол, 143 автожол, 378 қарсы алу, 672 сот және 6 ерекше айдауыл ұйымдастырылды. Айдауылдау барысында шамамен 19 мың сотталған және қамаудағы адам тасымалданды.Айта кету керек, Ұлттық ұланның жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Күн сайын бұл міндетке 8 мыңнан астам ұландық жұмылдырылады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОК ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209297?lang=kk
2026 жылға салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: салық төлеушілер нені білуі маңызды 27.04.2026
2026 жылға салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: салық төлеушілер нені білуі маңыздыПавлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеудің негізгі мерзімдері туралы еске салады. Салық міндеттемелерін уақтылы орындау өсімпұл есептеуді және әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.Ай сайынғы төлемдер20-сынан кешіктірмей:- Акциздер (400.00-нысан);- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан).25-інен кешіктірмей:- Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы (КТС) (101.03, 101.04-нысандар);- КТС бойынша аванстық төлемдер (101.02-нысан);- Жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық (200.00-нысан);- Бейрезиденттердің табыстарынан алынатын ЖТС (200.02-нысан);- Арнаулы салық режимдері бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер (910.00, 920.00-нысандар).Тоқсандық төлемдерТөлеу мерзімдері жылына төрт рет келеді: 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей. Оларға мыналар жатады:- Қосылған құн салығы (ҚҚС) (300.00-нысан); Ойын бизнесі салығы (710.00-нысан);- Мүлік салығы (ағымдағы төлемдер) (701.01-нысан);- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (851.00-нысан);- Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (860.00-нысан);- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (870.00-нысан);- Цифрлық майнинг үшін төлемақы (880.00-нысан);- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы және жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де төлемдері (590.00-нысан);- Міндетті аударымдар мен төлемдер (641.00-нысан);- Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша төлемдер (500.00-нысан);- Салық міндеттемелерін заттай нысанда орындау (531.00-нысан).Жылдық салықтар және өзге де мерзімдерәуірден кешіктірмей:- КТС (100.00, 110.00, 150.00-нысандар);-Бейрезиденттердің төлем көзінен алынатын КТС (101.04-нысан);- Кәсіпкерлік қызмет бойынша ЖТС (220.00-нысан);- Көлік, жер және мүлік салығы (700.00-нысан);- Жер қойнауын пайдалануға балама салық (600.00-нысан);- Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және заттай нысандағы міндеттемелер (531.00, 590.00-нысандар).ілдеден кешіктірмей:- Бейрезидент-жеке тұлғаның ЖТС-і (270.00-нысан).ыркүйектен кешіктірмей:- Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан).қазаннан кешіктірмей:- Жеке тұлғалардың мүлік салығы.Арнаулы салық режимдері (АСР)- Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР (910.00-нысан): төлем 2026 жылғы 25 тамыздан және 2027 жылғы 25 ақпаннан кешіктірілмей жүргізіледі.- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (920.00-нысан): төлем 2026 жылғы 10 қарашадан және 2027 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей жүргізіледі.Қол қою бонусыТөлем мынадай мерзімдерде жүргізіледі:- Конкурс жеңімпазы деп танылған немесе келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде;- Лицензия берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінд;е- Жер қойнауын пайдалану келісімшартына өзгерістер енгізілген кезде 20 жұмыс күні ішінде;- Жер асты суларын өндіруге рұқсат алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде.Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындауды алдын ала жоспарлауды және төлемдерді уақтылы жүргізуді ұсынады. Мерзімдерге мұқият болыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1209304?lang=kk
Қырағылық үшін: Семейде Ұлттық ұлан жауынгерлері балаға қатысты төтенше жағдайдың алдын алғаны үшін марапатталды 27.04.2026
Семей қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кәмелетке толмаған баланың өмірін арашалап қалу кезінде көрсеткен қырағылығы мен батыл әрекеттері үшін көтермеленді.Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Әуезов даңғылы бойында патрульдеу кезінде әскери жасақ үшінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінің жанында ересектердің қарауынсыз тұрған баланы дер кезінде байқайды. Қауіп деңгейін бағалаған әскери қызметшілер жедел түрде терезе тұсына орналасып, құлап кетуді болдырмау үшін жедел әрекет етті.Ата-аналары мен полиция қызметкерлері келгенге дейін баланың қауіпсіздігі патруль күшімен қамтамасыз етілді. Ұландықтардың кәсібилігі мен үйлесімді іс-қимылының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.- Біз жылдам әрекет еттік, себебі әр секунд маңызды екенін түсіндік. Ең бастысы - қайғылы жағдайға жол бермеу болды. Біздің қызметімізге осындай жоғары баға берілгені мен үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш, - деді ефрейтор Бексұлтан Темірбеков.Көрсеткен ерлігі үшін әскери жасақ бастығы ефрейтор Дәулет Сейдалы, сондай-ақ патрульдеушілер ефрейтор Бексұлтан Темірбеков пен қатардағы Али Сағымбаев Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.Сонымен қатар ефрейтор Дәулет Сейдалы «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының атынан көтермеленді.Ефрейтор Бексұлтан Темірбеков пен қатардағы Али Сағымбаев әскери бөлім командирінің шешімімен 10 тәулік мерзімге қысқа мерзімді демалысқа жіберілді. Сондай-ақ әскери қызметшілерге қол сағаттар табысталды.Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің төтенше жағдайларда әрекет етуге жоғары дайындығын, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бар күшін салатынын айқын көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209306?lang=kk
«Айбалта-2026» оқу-жаттығуы: дронға қарсы іс-әрекет пен әскерлердің үйлесімді қимылы назарда 27.04.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Гвардейск гарнизонына барып, «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық барысын тексерді.Ол «Мәтібұлақ» полигонында алдағы практикалық іс-қимылдардың жоспарын зерделеп, бөлімшелердің міндеттерін айқындады. Оларды орындау кезеңдерін нақтылап, күш-құралдарды бөлу мәселелерін пысықтады. Қазіргі заманғы соққы беру тәсілдерін және қару-жарақ пен әскери техниканы кешенді қолдануды ескере отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа элементтеріне ерекше назар аударылды.Оқу-жаттығулардың негізгі бағыты әуе нысандарына қарсы іс-қимылға, соның ішінде ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды анықтау және жоюға арналады.– Бөлімшелердің үйлесімді әрекеті, басқарудың тұрақтылығы, атыс дәлдігі, сондай-ақ әуе қаупін жедел анықтап, бейтараптандыру назарда, – деп атап өтті Бас штаб бастығы.Жұмыс сапары барысында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров гарнизондағы әскери бөлімдердің жауынгерлік машиналар парктеріндегі қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін де тексерді. Ол бөлімшелердің тиімділігі техниканың жарамдылығына, пайдалану ережелерінің сақталуына және уақтылы техникалық қызмет көрсетуге тікелей байланысты екенін атап өтті.Бұдан өзге ол гарнизонның әскери бөлімдерінде жас толықтырудың бейімделуі мен жауынгерлік дайындығын ұйымдастырумен танысып, олардың моральдық-психологиялық жағдайы мен оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын бағалады.Бас штаб бастығы сарбаздарға саналы түрде әскери қызметті таңдағаны үшін, сондай-ақ олардың ата-аналарына тәрбие мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Мысал ретінде ол Жирновтар отбасын атап өтіп, бір мезетте артиллериялық бригадаға үш ұлын әскерге шығарып салғанын айтты. Бұл оқиға ұрпақтар сабақтастығы мен Отанға қызмет ету дәстүрлеріне адалдықтың айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1209312?lang=kk
2026 жылғы 1 сәуірден бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі енгізілді 27.04.2026
2026 жылғы 1 сәуірден бастап банктер салық органдарына жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді бере бастады. Бұл шара қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған.Қандай аударымдар бақылауға жатады?Барлық аударымдар емес, тек келесі шарттар бір уақытта орындалған жағдайда ғана тексеруге жатады:- 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан қаражат түсуі;- қатарынан 3 ай бойы тұрақты түрде аударымдар алу;- жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.Назар аударыңыз. Тек осы аталған барлық шарттар сақталған кезде ғана тексеру жүргізіледі.Тексеру қалай жүргізіледі?Бұл өзгерістер шоттардың автоматты түрде бұғатталуын білдірмейтінін білу маңызды. Тексеру рәсімі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:Камералдық бақылау (қашықтықтан талдау) жүргізіледі;Салық төлеушіге ресми хабарлама жіберіледі;30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруге, қаражат көзін растауға, қажет болған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беріледі.Егер аударымдар жеке сипатта болсаЕгер қаражат мынадай мақсаттарда түссе, аударымдарға салық салынбайды:- туыстарынан көмек ретінде;- медициналық емделуге;- қарызды қайтару есебіне;- сыйлық ретінде немесе жеке қажеттіліктерге. Қажет болған жағдайда бұл фактілерді тиісті құжаттармен немесе түсініктемелермен растауға болады.Бақылаудың негізгі мақсатыБасты міндет – жасырын (тіркелмеген) кәсіпкерлік қызметті анықтау. Мысалы, тауарларды жүйелі түрде сату немесе Жеке кәсіпкерді (ЖК) тіркеусіз қызметтер көрсету, сондай-ақ салық төлемей үнемі табыс алу.Азаматтар үшін не маңызды- Жеке тұлғалар арасындағы жеке мақсаттардағы аударымдар заңды болып табылады және оларға салық салынбайды;- Бақылау барлық азаматтарға емес, жасырын бизнес жүргізетін тұлғаларға бағытталған;- Егер сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыспасаңыз – алаңдауға ешқандай негіз жоқ.Мобильді аударымдарды бақылау – бұл азаматтардың барлық қаржылық операцияларын жаппай бақылау емес, заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару құралы.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1209322?lang=kk
Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады 27.04.2026
Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады 2026 жылғы 23 сәуірде Бас Прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС өкілдерін қабылдады.Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.Инвесторлардың пікірлерімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:https://www.linkedin.com/posts/american-chamber-of-commerce-in-kazakhstan_the-prosecutor-general-of-the-republic-of-activity-7453473040505401345-5Dyz?utm_source=li_share&utm_content=feedcontent&utm_medium=g_mb_web&utm_campaign=copyhttps://www.instagram.com/p/DXjB9vbAPW8/?img_index=4&igsh=ejd3ZnI5Z3N5M2o0
Салық есептілігі бойынша жаңа ережелер. 27.04.2026
2026 жылдан бастап, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілікті кері қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын ұсынылған салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтерді өзгерту және (немесе) толықтыру қосымша салықтық есептілікті және (немесе) хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну арқылы жүзеге асырылады.Салықтық есептілік толтырылуының толықтығы мен дұрыстығына форматтық-логикалық бақылаудан өтеді.Салықтық есептіліктің ұсынылған болып танылуының міндетті шарты-форматтық-логикалық бақылау нәтижесінде оған «Құжат қабылданды» мәртебесінің берілуі.Бастапқы немесе кезекті салықтық есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін, салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар салықтық есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Салық органының ақпараттық жүйесі автоматты түрде қалыптастырылған есептілікпен бірдей салық кезеңі және сол салық түрі (бюджетке төлем) бойынша салықтық есептілікті қабылдамайды. Ерекшелік ретінде тек қосымша салықтық есептілік, сондай-ақ Салық кодексінде белгіленген мерзім шегінде қағаз жеткізгіште ұсынылған есептілік қабылданады.Қағаз жеткізгіште ұсынылған бастапқы немесе кезекті салықтық есептілік ақпараттық жүйеге енгізіліп, оған «Құжат қабылданды» мәртебесі берілгеннен кейін, осы салық кезеңі үшін автоматты түрде қалыптастырылған есептілік күшін жояды.Егер салық төлеушіде салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты, есептілікте көрсетілуге тиіс объектілер болған жағдайда, ол автоматты түрде қалыптастырылған есептілікке қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.Салық есептілігі бойынша жаңа ережелер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1209196?lang=kk
Этика және сервис — қазіргі заманғы салық және кеден қызметтерінің негізі 27.04.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – этика жөніндегі уәкіл Ертуған Өтегеновпен сұхбат Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызметтік этика мәселелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және салық органдарының жұмысына азаматтар мен бизнестің сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.Этика жөніндегі уәкілдің рөлі, Мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы біз Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – этика жөніндегі уәкіл Ертуған Кенесұлы Өтегеновпен әңгімелестік. — Ертуған Кенесұлы, этика жөніндегі уәкіл ретіндегі міндеттеріңіз неде? Департамент басшысының орынбасары және этика жөніндегі уәкіл ретінде мен қызметтік этика нормаларын сақтауды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этика кодексінің талаптарына жауап беремін.Біз қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, азаматтар мен әріптестердің өтініштерін қарастырамыз, жоғары этикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған оқыту семинарлары мен іс-шараларды ұйымдастырамыз. Басты міндет — әрбір қызметкердің түсінуі: адалдық, әділдік және ашықтық — бұл заңның талаптары ғана емес, салық төлеушілермен тиімді және сенімді жұмыстың негізі. — Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері Этика кодексінің қандай негізгі принциптерін сақтауы тиіс? Негізгі принциптер — адалдық, әділдік, заңдылық, әділеттілік, ашықтық және азаматтарға құрметпен қарау. Қызметкер лауазымдық жағдайын жеке мақсаттар үшін пайдалануға, сыйлықтар қабылдауға, мүдделер қақтығысына жол беруге немесе құпия ақпаратты жариялауға құқығы жоқ.Біз бұл нормалар ведомствоның ішкі мәдениетіне айналуы үшін тұрақты оқыту жұмыстарын жүргіземіз. Жас мамандарға ерекше көңіл бөлеміз — қызметтің алғашқы күнінен бастап дұрыс құндылықтарды қалыптастыру маңызды. — Этикалық мәселелер бойынша өтініштер қаншалықты жиі түседі? Ең жиі кездесетін проблемалар қандай? Өтініштер тұрақты негізде түседі — азаматтар мен кәсіпкерлерден де, қызметкерлердің өзінен де. Көбінесе адамдар қарым-қатынас мәдениетіне, мүмкін созбалық жағдайларға немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі дұрыс емес мінез-құлқына шағымданады.Әрбір өтінішті біз жедел, объективті және заңнамаға сәйкес қарастырамыз. Көп жағдайда түсіндіру жұмыстары жеткілікті болады. Бұзушылық фактілері расталған кезде ақпарат тиісті органдарға шаралар қабылдау үшін жіберіледі. — Департамент этика және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу үшін қандай шаралар қабылдайды? Біз жүйелі профилактикалық жұмыс жүргіземіз: облыстың барлық басқармаларының ұжымдарында, соның ішінде Ақтау, Жаңаөзен және аудандық бөлімшелерде семинарлар мен кездесулер өткіземіз. Күнделікті және онлайн форматта оқыту белсенді қолданылады.Этика жөніндегі уәкіл қызметкерлерді аттестациялауға, бос лауазымдарға конкурс өткізуге және қызметтік тергеулерге қатысады. Маңызды бағыт — орта буын басшыларымен жұмыс, олардың өздері этикалық мінез-құлықтың үлгісі болуы үшін. — Азаматтар мен кәсіпкерлер этика мәселелері бойынша сізге қалай жүгіне алады? Бірнеше ыңғайлы тәсілмен жүгінуге болады:- Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында жеке (Ақтау қаласы, 31Б шағын ауданы, 35-ші ғимарат);- Сенім телефоны арқылы: 8 (7292) 30-13-10;- Азаматтардың өтініштері үшін ғимаратта орнатылған жәшік арқылы.Барлық өтініштер құпия сақталып, заңнамада белгіленген мерзімде қарастырылады. — Маңғыстау облысының салық төлеушілеріне не айтқыңыз келеді? Мемлекеттік кірістер органдары бүгін тотальды бақылау моделінен бизнес пен азаматтарды сервистік сүйемелдеуге белсенді көшуде. Біз диалогқа ашықпыз және әрбір өзара әрекеттестік сыпайы, ашық және кәсіби болуы үшін ұмтыламыз.Егер қызметкердің дұрыс емес мінез-құлқына тап болсаңыз — үндемеңіз, хабарлаңыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз салық және кеден қызметтеріне деген сенімнің жоғары деңгейін сақтай аламыз. Ведомство ішіндегі этикалық мәдениет неғұрлым жоғары болса, адал бизнес пен азаматтар үшін жағдайлар соғұрлым қолайлы болады. — Сұхбат үшін рахмет, Ертуған Кенесұлы. Ертуған Кенесұлы Өтегенов 1976 жылғы 30 шілдеде Қызылорда облысында туған. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық лауазымдар атқарған, оның ішінде Аудит басқармасының басшысы болған. 2025 жылдың мамырынан бастап — Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, этика жөніндегі уәкіл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1209215?lang=kk
Аймақ тұрғындары 12 мың көшет отырғызды 27.04.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысының тұрғындары да атсалысып, 12 мың көшет отырғызды.Экологиялық бағдарлама жүзеге асырылған 2024 жылдан бері аймағымызда 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды, 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды, 1 250-ден астам апатты және қараусыз нысан сүрілді, 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды.Бүгінгі күнге дейін санитарлық тазалық және абаттандыру шараларына 105 мың тұрғын, 1,9 мың кәсіпорын қатысып, 3,5 мың техника жұмылдырылды. 1,3 мың гектар аумақ, оның ішінде 19 мың аула тазартылып, 50 мың тонна қоқыс шығарылды.Соңғы үш жылда облыс бойынша 94 парк пен сквер салынып, абаттандырылды, 420 балалар мен спорт алаңы орнатылды. Сондай-ақ 200-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді.«2026 жылы облысты абаттандыруға 77,3 мың көшет отырғызу, 63 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін жаңарту, 31 жаңа балалар ойын алаңын орнату, апатты тұрғын үйлерді бұзу, 80 саябақ пен қоғамдық демалыс аймағын жақсарту жұмыстары жоспарланған. Қостанай ауданында 43,8 га аумақта велосаябақ және Қостанай қаласында 40 га аумақта экосаябақ салынады», – деді Қостанай обдлысының әкімі Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1209230?lang=kk
Қостанай облысы ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің экспортын арттыруда 27.04.2026
2025 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстан бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің өңделген өнімдерінің экспорты 8,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қостанай облысының үлесі – 2,2 млн тонна немесе 27,2%.Өңірдегі осындай экспортқа бағытталған кәсіпорындардың бірі – бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеумен айналысатын Kaizen ЖШС. Кәсіпорын екі жыл бұрын іске қосылған. Қазіргі таңда түркиялық Arbel холдингімен макарон өнімдерін шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар компания жылына 200 мың тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін салуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өндірістік қуаты жылына 400 мың тоннаға дейін жетеді.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, Kaizen ЖШС Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында іске қосылған.Кәсіпорын түркиялық Arbel халықаралық холдингінің инвестициясы есебінен салынған. Мұнда 70 жұмыс орны құрылған. Өндірісте төрт түрлі дақыл өңделеді: бұршақ, ноқат, жасыл және қызыл жасымық.Бүгінде кәсіпорын солтүстік өңір үшін бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу саласындағы технологиялық жабдықталу деңгейі мен өндірістік үдерістерді ұйымдастыру тұрғысынан бірегей болып саналады. Өндіріс жоғары қосылған құны бар, сапа мен қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін өнім шығаруға бағытталған.Кәсіпорынның технологиялық базасы заманауи, жоғары өнімді жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл өндірістік үдерістерді автоматтандырудың жоғары деңгейін, өнім сапасының тұрақтылығын және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.Өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да шығарылады. Экспорт географиясы Түркия Республикасын, Алжир Халық Демократиялық Республикасын, Ауғанстан Ислам Республикасын, сондай-ақ бірқатар Еуропа елдерін қамтиды. Өткен жылы кәсіпорын 180 мың тонна өнім өндіріп, экспорттаған.Саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпорын макарон өнімдерін шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды бастады. Жаңа өндірісте қосымша 60 жұмыс орны ашылады.Сонымен қатар компания жылына 200 мың тонна бидай өңдейтін диірмен кешенін салуды жоспарлап отыр.«Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықты отандық өңделген өніммен қамтамасыз етуге, импорттық макарон өнімдеріне тәуелділікті азайтуға, сондай-ақ кәсіпорынның экспорттық әлеуетін арттырып, жақын шетел нарықтарына шығуына мүмкіндік береді», – деді Құмар Ақсақалов.Жалпы алғанда, Kaizen ЖШС қызметі ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу деңгейін арттыру және экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттерге толық сәйкес келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1209242?lang=kk
Ұландық тума талант 11 аспаптың құлағында ойнайды 27.04.2026
Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде қатардағы Рамзат Азизұлы мерзімді әскери қызметін өтеп жүр. Ол 11 музыкалық аспапта еркін ойнайды.Ұландық домбыра, шертер, гитара және бас-гитарада сенімді өнер көрсетеді. Сонымен қатар кахон, дарбука, дабыл, тұяқтас сынды ұрмалы және басқа да ұлттық аспаптарды меңгерген. Жан-жақты сарбаз түрлі музыкалық композицияларды фортепиано, сазсырнай, шаңқобызбен де нақышына келтіре орындайды.21 жастағы Рамзат Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол музыкамен бала кезінен айналысады. Алғашқы домбыра сабағын төрт жасында ата-анасынан алған. Отбасында өнерге жақын жандар көп. Ата-анасы музыка пәнінің мұғалімі болса, ағасы прима-домбырада, әпкесі прима-қобызда керемет ойнайды.Қатардағы Азизұлы кәсіби білімін елордадағы «Шабыт» колледжінде «бас домбыра» мамандығы бойынша алған. Бұл аспапты меңгеру үлкен дайындықты талап етеді.Әскерге шақырылғанға дейін Рамзат Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония жанындағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің құрамында өнер көрсеткен. Музыкант ретінде телевизиялық жобаларға да қатысқан.Ал әскерде оның музыкалық қабілеті қызметтің алғашқы күндерінен бастап қолдау тапты. Бөлімшеде қабілетін шыңдауға барлық жағдай жасалып, музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілген. Соның арқасында ол өз шеберлігін жетілдіруді жалғастырып келеді. Бүгінде ұландық әскери бөлімнің мәдени іс-шараларына белсенді қатысады.Қазіргі уақытта ол Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда. Туристерге толы түркі әлемінің астанасындағы әскери қызмет үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Ұландықтың айтуынша, музыка ішкі тепе-теңдікті сақтауға және қырағылықты арттыруға көмектеседі, бұл жауынгерлік міндеттерді сапалы орындауда маңызды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209277?lang=kk
Ұлттық ұлан Наурыз мерекесін атап өтті 27.04.2026
Астана қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері Наурыз мейрамы мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Бас қолбасшылықтың бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында әскери бөлімдер киіз үй тігіп, ұлттық рухты ұлықтаған мазмұнды көріністер ұсынды.Мерекелік алаңда тігілген әрбір киіз үй қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға арналды. Әскери қызметшілер ұлттық тағамдар әзірлеп, қонақтарға дәм ұсынып, халқымыздың қонақжайлық дәстүрін көрсетті.Сонымен қатар, әр бөлім өз киіз үйінде түрлі рәсімдер мен ұлттық ойындарды ұйымдастырып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.Іс-шара аясында киіз үйлер арасында арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталды. Атап айтқанда, “Ең үздік салт-дәстүр”, “Ең көркем киіз үй”, “Ең өнерлі ауыл”, “Ең қонақжай киіз үй”, “Ең дәмді наурыз көже” номинациялары бойынша үздік шыққан бөлімдер марапатталды. Бұл байқау әскери қызметшілердің шығармашылығын шыңдап, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға зор ықпал етті.Аталған мереке Ұлттық ұлан сарбаздары үшін тек думанды шара ғана емес, сонымен қатар ел бірлігін нығайтатын, рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды басқосу болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1209287?lang=kk
Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша диалог алаңы 27.04.2026
Шелек ауылдық округінде құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, ауыл тұрғындары және әкімдік өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері жан-жақты қарастырды. Диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Атап айтқанда, жер қатынастары, әлеуметтік көмек алу тәртібі, отбасылық құқық, еңбек даулары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1209160?lang=kk
Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы ӨЭС алаңында талқыланды 27.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымында Халықаралық су ұйымын (ХСҰ) құру мәселесі бойынша халықаралық консультациялардың алғашқы раунды өтті.Іс-шараға мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми және сарапшы қауымдастықтың жоғары деңгейлі өкілдері қатысты.Консультациялардың ашылуында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың атынан сөз сөйлеген ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су күн тәртібін тиімді іске асыру мақсатында БҰҰ-ның тиісті мандаттарын шоғырландыру жөніндегі бастамасының негізгі мақсаттарын атап өтті.БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және су мәселелері жөніндегі орынбасары Л.Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының су ресурстары жөніндегі арнайы өкілі Р.Марсуди (бейнеүндеу арқылы), БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Т.Молчан, сондай-ақ, ЮНЕСКО, UN Water және БҰҰ-ның басқа да мамандандырылған мекемелерінің өкілдері ХСҰ құру мәселесі бойынша өз көзқарастарымен бөлісті.Елдік ұстанымдар мен ұсыныстарды Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі, COP29 Президенті М. Бабаев, Өзбекстанның су ресурстары министрі Ш. Хамраев, Сербияның қоршаған ортаны қорғау министрі С. Павков, бірқатар елдердің бейінді министрліктері басшыларының орынбасарлары мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өзге де өкілдері ұсынды.Жалпы алғанда, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және ғылыми қауымдастық өкілдері ҚР Президентінің ХСҰ құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Қатысушылар су саласындағы жаһандық басқару жүйесін жетілдірудің өзектілігін ескере отырып, оның уақтылығы мен орындылығын атап өтті.Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері ХСҰ құру бойынша алдағы талқылауларға сындарлы түрде қатысуға дайын екендіктерін растады.Өз кезегінде Консультациялар модераторы, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Сүлейменова қатысушыларға келіссөздер үдерісін бастауға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның аталған бастаманы барлық халықаралық алаңдарда ілгерілетуді жалғастыратынын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1209178?lang=kk
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтеді 27.04.2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтедіҚала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».Акция Шымкент қаласында «Арбат» демалыс аймағы (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2026 жылы 30 сәуірде сағат 16.00-де басталады.Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.
Тексеріс барысында Алматыдағы көтерме базарда 9 делдал анықталды 27.04.2026
Премьер-Министр Олжас Бектенов тапсырмасына сай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімсіз делдалдарды жою мақсатында, биылғы жылдың 25 сәуірінде Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Мемлекеттік кірістер департаментімен, Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен және қала аудандары әкімдерінің аппараттарымен бірлесіп, қаланың ең ірі көтерме базары «Барыс-4»-те кезекті мониторинг жүргізді.Жүргізілген мониторинг аясында Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті базардағы көтерме саудамен айналысатын делдалдарды талдады. Кешенді іс-шаралар қорытындысы бойынша қазіргі уақытта 9 делдал анықталды.Сонымен қатар, өңірлік комиссия аясында Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты хронометраждық тексерулер жүргізуде.Бұдан бөлек, Департамент тарапынан кәсіпкерлер мен сауда нарығының әкімшілігіне сауда заңнамасының талаптарын түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесін сақтау, сондай-ақ тауарларды нақты рәсімделген және тұтынушыларға қолжетімді түрде орналастырылған баға белгілерімен сату мәселелеріне ерекше назар аударылды.Аталған мәселе тұрақты бақылауда, анықталған барлық делдалдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты материалдар өңірлік комиссия отырысында қарауға жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1209114?lang=kk
Заң сабақтары: Қостанай облысында оқушылар мен студенттердің құқықтық мәдениеті қалай қалыптасуда 27.04.2026
Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік сабақтар бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бастама өскелең ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.Жоба аясында облыстың мектептері мен колледждері қамтылып, оған прокуратура және полиция органдарының қызметкерлері, сондай-ақ сала ардагерлері тәлімгер ретінде белсенді түрде тартылуда. Бұл өз кезегінде жастарға тәжірибелік білім беріп, құқықтық мәселелерді нақты мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік береді.Бағдарлама шеңберінде оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған сабақтар өткізіліп, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, нашақорлық пен құмар ойындарға тәуелділік қаупі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлық мәселелері жан-жақты түсіндіріледі. Сабақтар интерактивті форматта ұйымдастырылып, тренингтер мен практикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.Осы бағыттағы кезекті іс-шара Қостанай қаласындағы №8 орта мектепте өтті. Кездесу барысында оқушылармен ашық диалог орнатылып, құқықтық нормаларды сақтау, жеке жауапкершілік және заңға құрмет тақырыптары кеңінен талқыланды.Аталған жоба – жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, заңға құрметті қалыптастыруға және олардың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды бастамалардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1209045?lang=kk
СӘИЖ СТК - де камералдық бақылау хабарламаларымен жұмыс жүргізу 27.04.2026
⚜️Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау хабарламаларын орындау тәртібі туралы хабарлайды.📌 Камералдық бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, салық төлеушіге (көлденең мониторингке қатысушыларды қоспағанда) сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.✅ Хабарлама қашан орындалды деп есептеледі.1. Егер сіз сәйкессіздіктермен келіссеңіз,Бұзушылықтарды келесі тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі арқылы жою қажет:✅ тиісті кезең үшін түзетілген салық есептілігін тапсыру;✅ бұрын қайтарылған ҚҚС-ты бюджетке қайтару және өсімпұл төлеу (алған күннен бастап қайтарған күнге дейін әр күн үшін);өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін:✅ деректерді арнайы мобильді қосымшада көрсету;✅ немесе салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу;✅ қажет болған жағдайда — басқа салық режиміне көшу үшін әрекеттер жасау (ҚР Салық кодексінің 716-бабына сәйкес).2. Егер сіз келіспесеңізСіз міндеттісіз:✅ салық органына сәйкессіздіктердің себептері туралы түсіндірме жіберу;❗️маңызды: түсіндірмеде салық заңнамасының бұзылғанын көрсетуге болмайды.💻 Түсіндірмені қалай жіберуге болады:Түсіндірме СӘИЖ СТК жүйесі арқылы беріледі, ол үшін:☑️ басты бетке кіру;☑️ «Кіріс құжаттар» бөліміне өту;☑️ «Барлығын көру» батырмасын басу;☑️ қажетті хабарламаны табу.Хабарламаны ашқаннан кейін:🔎 ашылған терезеде хабарламаның өзі және «Мемлекеттік кірістер органдары құжатын орындау» бөлімі көрсетіледі.📍 Осы бөлімде:📌 түсіндірме өрісін толтыру (сәйкессіздіктердің себептерін сипаттау немесе қандай шаралар қабылданғанын көрсету);📌 растайтын құжаттарды тіркеу (бар болса).Барлығын толтырғаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңызАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1233559?lang=ru
Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады 27.04.2026
Абу-Даби, 2026 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екі ел арасындағы дәстүрлі бауырластық қарым-қатынастарды атап өтті.«БАӘ Қазақстанның араб әлеміндегі стратегиялық серіктесі болып табылады және екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық негізгі салаларда дәйекті нығайып келеді», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.Екі ел басшылығы арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.Тараптар энергетика, көлік, инфрақұрылым, инновациялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.«Экономикалық ынтымақтастық әрқашан біздің серіктестігіміздің берік негізі болды. Бүгінде БАӘ өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады және біз жаңа бірлескен жобаларды ілгерілетуге мүдделіміз», - деп атап өтті ҚР СІМ басшысы.Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Е.Көшербаев өңірдегі қазіргі ахуал тұрғысынан Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріне қолдауы мен ынтымақтастығын растап, ушығудың алдын алудың және барлық қақтығыстарды халықаралық құқық қағидаттарына негізделген саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ҚР СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан БАӘ Президентіне 2026 жылдың 28-29 мамырында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатысуға ресми шақыруды табыс етті.Өз кезегінде шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян қазақ тарапына қолдау білдіргені үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық күш-жігерді ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның сындарлы ұстанымын жоғары бағалады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, іс жүзіндегі іс-қимылды кеңейтуге және екіжақты және көпжақты форматтарда тығыз үйлестіруді жалғастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1209075?lang=kk
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы. 27.04.2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні аясында еліміз бойынша «Мен оқыған 10 кітап» акциясы жарияланды. Мақсаты – қоғамда жаппай кітап оқу үрдісін арттыру үшін әр азаматтың кітап оқуына ықпал ету. Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында бұл акцияға Бастаушы ауылдық кітапханасы қолдап тұрақты оқырманы туралы айта кетуді жөн көрдім, Бастаушы ауылдың тумасы, Ержанова Күлбағи апамыз 84 жаста болса да, кітапты сүйіп оқиды және көпеген кітаптарды оқыған. Осы жылдың басынан оқыған кітаптары туралы айта кетсек Қабдеш Жұмаділовтың он екі томдық кітабын оқыды және «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» атты екі томдық кітабын оқып өскелен ұрпаққа тәрбиелік мәні бар екенің және туған елін, жерін қастерлеу мақсатында мазмұның айтты, оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1208817?lang=kk