Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Тәртіп пен тәрбие басты назарда: Қорғаныс министрінің орынбасары Гвардейск гарнизонында тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындады 06.04.2026
Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.Іс-шараны ашқан Қорғаныс министрінің орынбасары тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды айқындап, жүйелі тәсілді қамтамасыз ету, профилактикалық бағытты күшейту және лауазымды тұлғалардың әскери тәртіптің жай-күйі үшін жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігіне назар аударды.Сабақтар барысында әскери қызметшілерге психологиялық қолдау көрсету, эмоциялық күйзелістің алдын алу және дағдарыстық жағдайлардың профилактикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Проблемалық аспектілер қарастырылып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар әскерге шақырылғандармен, жас әскери қызметшілермен және динамикалық бақылау тобында тұрғандармен жұмыстың ерекшеліктері айқындалды.– Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп – жауынгерлік әзірліктің негізгі элементтерінің бірі. Бұл бағыт Қорғаныс министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Әрбір командир мен лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі тәртіп үшін жеке жауапты. Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға ортақ және мүлтіксіз сақталуға тиіс, – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Жиын аясында гарнизон бөлімшелері командирлерінің орынбасарларымен кеңес өткізіліп, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.Құрлық әскерлерінің оқу орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары әскери қызметшілермен және командалық құраммен кездесулер өткізді. Кездесу барысында әскери қызмет өткеру жағдайлары, жауынгерлік және кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ жеке құрамды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тәрбиелік және идеологиялық жұмыстың басым бағыттары айқындалып, оның ішінде профилактикалық жұмысты күшейту, тәрбие жұмысын жауынгерлік даярлық жүйесіне ықпалдастыру, лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру сұрақтары ерекше назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194380?lang=kk
munaily_kyzyltobe 1 нед. Қызылтөбе ауылдық округі бойынша көше жарық шамдарын жаңарту жұмыстары жүргізілді. 🛑Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 06.04.2026
munaily_kyzyltobe 1 нед.Қызылтөбе ауылдық округі бойынша көше жарық шамдарын жаңарту жұмыстары жүргізілді.🛑Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1194387?lang=kk
munaily_kyzyltobe 1 нед. 📌Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Бисенов "Жер учаскесінің мерзімін ұзарту бойынша" мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 06.04.2026
munaily_kyzyltobe 1 нед.📌Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Бисенов "Жер учаскесінің мерзімін ұзарту бойынша" мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1194397?lang=kk
munaily_kyzyltobe 1 нед. АНДАТПА: ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 📌ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Ақберген Ақерке Бәқдәулетқызы✅ ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ. УАКЫТЫ: 30 наурыз, CAFAT: 11:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ПАРАКШАЛАРЫНДА ӨТЕДІ✅ 06.04.2026
munaily_kyzyltobe 1 нед.АНДАТПА: ТІКЕЛЕЙ ЭФИР📌ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІАППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ Ақберген Ақерке Бәқдәулетқызы✅ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ.УАКЫТЫ: 30 наурыз, CAFAT: 11:00 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ҚЫЗЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ПАРАКШАЛАРЫНДА ӨТЕДІ✅   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1194406?lang=kk
🌿 “Таза - Қазақстан ақциясы” аясында ауылдық округ аумағында “Таза Мұнайлы” МКК-мен бірлесіп, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 06.04.2026
🌿 “Таза - Қазақстан ақциясы” аясында ауылдық округ аумағында “Таза Мұнайлы” МКК-мен бірлесіп, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1194341?lang=kk
АНОНС! 06.04.2026
2026 жылғы 17 сәуірде Астанада «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында конференция өтеді.      Шараны Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.      Күні: 17 сәуір 2026 жыл     Уақыты: 08:00 - 16:00     Орны: Астана қ., Radisson Astana қонақ үйі      Конференцияға тек АНК МҮШЕЛЕРІ МЕН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР- ШАҚЫРУ БОЙЫНША қатысады!  +7 727 325 35 45, annk@annk.kz телефоны бойынша      Тікелей трансляцияны www.annk.kz сайтында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz@salykgovkz YouTube арнасында көруге болады.      +7 7172 71 81 93 телефоны бойынша БАҚ-ты аккредиттеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1194331?lang=kk
Бақбақты ауылында кезекті сенбілік ұйымдастырылды 06.04.2026
Бақбақты ауылдық округінде кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл тазалығын сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сенбілік барысында ауыл көшелері тазартылып, қураған ағаштар кесіліп, артық бұтақтар жиналды. Сонымен қатар, жол жиегі мен қоғамдық орындардағы қоқыстар шығарылып, айнала ретке келтірілді.Бұл игі іске Туған жердің тазалығына өз үлестерімізді қосуға асығайық. Осындай шаралар ауылдың көркеюіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізеді.Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан ауылымыздың көркеюі үшін алдағы уақытта да осындай сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табады деп сенеміз. Бірлік бар жерде – тірлік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-bakbakty/press/news/details/1194318?lang=kk
Пәкістандық "TCS" компаниясы Қазақстанмен іскерлік байланыстарды кеңейтеді 06.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «TCS» компаниясының Негізін қалаушы және Төрағасы Халид Наваз Аванды және Бизнесті дамыту жөніндегі директор Ахмед Зафарды қабылдады.Х.Аван осы жылдың ақпан айында ҚР Президентінің Исламабадқа сапары барысында ұйымдастырылған бизнес-форум аясында өткен кездесулер мен келіссөздер туралы хабардар етті.Өз тарапынан Е.Қыстафин Пәкістан астанасында жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Сұхтабттастар көлік-логистика саласына және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударып, қолда бар елеулі ашылмаған әлеуетті атап өтті.TCS басшысы инвестициялар, қаржы, логистика, IT және өзара қызығушылық тудыратын басқа да бағыттар саласындағы қазақстандық компаниялармен өзара тиімді әріптестікті дамыту және кеңейту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.Осы тұрғыда пәкістандық кәсіпкер қазақстандық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін Астанаға бару ниеті туралы хабарлады.Елші Е. Қыстафин айтылған бастамаларға толық қолдау білдіріп, қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1194225?lang=kk
3 сәуір күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі нағыз өнер ордасына айналды. Мұнда «Алтын микрофон – 2026» XXII Халықаралық вокалистер конкурсының өңірлік іріктеу кезеңі өтті. 06.04.2026
​Сахна төрінде Рудный, Лисаковск қалаларынан, Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарынан және, әрине, Бейімбет Майлин ауданынан келген 7 мен 23 жас аралығындағы 27 мықты вокалист бақ сынасты.Дүбірлі дода екі кезеңнен тұрды. Қатысушылардың шеберлігін кәсіби қазылар алқасы бағалады. Өнерпаздарға қолдау білдіріп, мерекемен құттықтаған құрметті қонақтар: ​Қуаныш Жаркенов — Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы орталығының» көркемдік жетекшісі және Жанат Нұғманова — аудандық мәдениет бөлімінің басшысы.Ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болған жерлестерімізді мақтан тұтамыз:Дилара Мулдашева (Әйет ауылы) — 14–17 жас тобында 1-орын.​Набиев Ахмад (Тобыл кенті) — 7–10 жас тобында 2-орын.​ Алёна Шпак (Береговое ауылы) — 18–23 жас тобында 3-орын.​ Енді жеңімпаздарымыз 2026 жылдың мамыр айында өтетін облыстық іріктеу кезеңінде бақ сынайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1194249?lang=kk
🔹 Әкім қабылдауы 06.04.2026
Әкім қабылдауыАуыл әкімі Қадырбек Құдабайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар әлеуметтік, тұрмыстық және инфрақұрылымдық бағыттағы өзекті мәселелерін көтерді.Қабылдау барысында әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, бірқатары жауапты мекемелерге жолданып, бақылауға алынды.Ауыл әкімі тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды кезең-кезеңімен шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1194179?lang=kk
🔰Заңсыз аңшылық және қаскөйлік туралы хабарлама. 06.04.2026
🔹️2026 жылғы сәуірдің 3-ші жұлдызы күні, Жамбыл облысы Әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Сапсан" жедел қызметінің инспекторларымен және Жамбыл облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлескен іс- шаралар жүргізу барысында, Тараз қаласынан шамамен 60-70 шақырым жерде, Жамбыл ауданына қарасты, орман қоры деп саналатын,құмды алқапта, "Д" жерді мекенінінде мал бағумен отырған "Б" есімді уақытша жер пайдаланушының үйінің ішінен, сойылып тасталған қарақұйрық аңының етіне ұқсайтын 1(бір) дана ұша бөлшектері табылды. Тексеру барысында, малшы ретінде екі жылға жуық жалданып, осы үйде тұрып жатқан "К "есімді азамат анықталып, жоғарыда аталған қылмысқа қатыстылығын мойындады.🔹️Ол өз түсінігінде екі -үш күн бұрын, жылқы іздеп жүріп, мотокөлікпен қарақұйрық аңын қуып жүріп, құлатып, оны сол жерде сойып, үйге алып келгенін, басы мен терісін қапқа салып, екі шақырым жерде далада тастап кеткенін айтты. Осыған қосымша өз еркімен құжатсыз сақтап,қолданып жүрген 16-шы калибрлі мылтығын, екі патронымен берді. 🔹️Мекеме инспекторларымен, алгоритм бойынша, Жамбыл аудандық полиция бөліміне хабарланып, олардың жіберген жедел -тергеу тобымен ,тиісті шұғыл- тездету, құжаттау іс шаралары жүргізілді. Күдікті азамат өз еркімен құмның арасынан аңның бас- терілерін жедел тергеу тобына көрсетіп, ол құжатталды. Бүгінгі таңда, Жамбыл аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК -нің 337- бабы 4-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалуда. Тиісті сараптамалар тағайындалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1194187?lang=kk
Ұлттық ұланның 4 спортшысы қоян-қолтық ұрыс түрлерінен ел чемпионы атанды 06.04.2026
Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстың «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 300-ден астам үміткер бақ сынаған сайыста Ұлттық ұланның «Burkit TEAM» спорт командасының спортшылары  4 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. Ерлер арасында абсолютті салмақ дәрежесінде 5572 әскери бөлімінің қызметшісі Али Мұсақұлов чемпион атанса, абсолютті салмақта әйелдер арасында сайысқан 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Гүлназ Мұрат күміс иеленді.Сонымен қатар қыздар арасында 58 келі салмақта сынға түскен 5572 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Әйгерім Төрехан жеңіс тұғырынан көрінді. Осы жеңісінен кейін ол жекпе-жек ұрыстан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды.67 келіде өнер көрсеткен 5518 әскери бөлімінің әскери қызметші Манарбек Асембай екінші орыннан көрінсе, 80 келіде кілемге шыққан 3502 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Дархан Дәулет алтыннан алқа тағынды.97 келіде сынға түскен 5572 әскери бөлімінің қызметшісі Абылай Шәкірбеков те ел чемпионы атанды.Бұдан бөлек, абсолютті 73 келі салмаққа дейінгілер арасында күш сынасқан Ұлттық ұлан академиясының курсанты Байбол Қуанышов қола жүлдеге қол жеткізді.Айта кетейік, біріншілікте жеңіске жеткен ұландықтар 2026 жылы өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.  ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1194191?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы шахмат ынтымақтастығын дамыту туралы 06.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 3 сәуір - Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин шахмат федерациясының президенті Ханиф Куреши мырзаны қабылдады. Ол Қазақстан шахмат Федерациясымен ынтымақтастық шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.Х.Куреши мырза Қазақстан тарапының Пәкістандағы шахматты дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ осы жылы 6-11 сәуір аралығында Алматы қаласында өтетін алдағы Әлем чемпионатына қатысу үшін пәкістандық шахматшылар делегациясын жіберу ниеті туралы хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1194192?lang=kk
Ұлттық ұланда «BOOKGUARD» әдеби челленджі басталды 06.04.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Түркістан қаласындағы 5574 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «BOOKGUARD» әдеби челленджі бастау алды. Әскери қызметшілер челлендж эстафетасын құқықтық тәртіп әскерлерінің өзге де бөлімдеріндегі қаруластарына жолдады.Жоба аясында ұландықтарға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жеке қызығушылықтары мен моральдық-психологиялық жай-күйін ескере отырып, кемінде үш кітап оқу ұсынылады.Сонымен қатар Ұлттық ұланның ақпараттық порталында аудиокітаптар бөлімі ашылып, кітаптарға қолжетімділік ыңғайлы форматта қамтамасыз етілді. Соның нәтижесінде бөлімшелерде кітап оқуға тұрақты түрде қызығушылық танытатын әскери қызметшілер санының артқаны байқалады.Жобаның негізгі алаңы ретінде Түркістандағы «Фараб» кітапханасының №6 жылжымалы пункті базасында жұмыс істейтін 5574 әскери бөлімінің кітапханасы белгіленді. Қазіргі уақытта мұнда 100-ден астам тұрақты оқырман тіркелген. Бұл жеке құрамның кітап оқуға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.Кітап қоры 1130 дананы құрайды. Оның құрамына көркем әдебиет, тарихи, әскери-патриоттық және ғылыми-көпшілік еңбектер, сондай-ақ мерзімді басылымдар енген. Әскери қызметшілер өздеріне қажетті кітаптарды таңдап, білім көкжиегін кеңейте алады.Оқырмандық белсенділікті арттыру мақсатында ынталандыру жүйесі де енгізілген. Әскери қызметшілер «Айдың үздік оқырманы», «Оқу көшбасшысы», «Кітапхана белсендісі» және «Жылдың үздік оқырманы» номинациялары бойынша сынға түседі.Жыл қорытындысы бойынша үздік оқырмандар оқыған кітаптарын комиссия алдында талқылап, арнайы төсбелгімен марапатталады. Сондай-ақ олардың фотосуреттері арнайы стендке орналастырылады.«BOOKGUARD» жобасы Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың зияткерлік және тұлғалық дамуына ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1194199?lang=kk
2026 жылғы 17 сәуірде Астанада «Жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіру» тақырыбында конференция өтеді 06.04.2026
Шараны Жаңа Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.Күні: 17 сәуір 2026 жылУақыты: 08:00 - 16:00Орны: Астана қ., Radisson Astana қонақ үйіКонференцияға тек АНК МҮШЕЛЕРІ МЕН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР- ШАҚЫРУ БОЙЫНША қатысады!  +7 727 325 35 45, annk@annk.kz телефоны бойыншаТікелей трансляцияны www.annk.kz сайтында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz@salykgovkz YouTube арнасында көруге болады.+7 7172 71 81 93 телефоны бойынша БАҚ-ты аккредиттеу.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1194202?lang=kk
Пәкістан бизнесінің өкілдері Қазақстанмен сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге қызығұшылық білдіруде 06.04.2026
Исламабад, 2026 жылғы 2 сәуір –Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан бизнес топтарының жетекші өкілдерін «Уэл Коннект ЛТД» компаниясының СЕО Хабил Ахмед Хан мырзаны және Усман Шаухат мырза бастаған Равалпинди қ. Сауда-Өнеркәсіп палатасының делегациясын қабылдады.Елші пәкістандық бизнесмендерді екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарының қорытындылары, оның ішінде Қазақстан-Пәкістан Бизнес форумы туралы хабардар етті.«Уэл Коннект ЛТД» СЕО-мен сұхбат аясында,Х.А.Хан Қазақстанмен инвестиция және қаржы, энергетика, білім беру және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады, соңдай-ақ Қазақстан мен Пәкістан аумағында іске асыруға жоспарланған бірлескен жобаларды егжей-тегжейлі талқылау өтті.Равалпинди қ. Сауда-Өнеркәсіп палатасының делегациясымен кездесу барысында Е.Қыстафин перспективалы жобалар, бизнесті жүргізу мүмкіндіктері мен Қазақстанның экономикалық әлеуеті, экономиканың негізгі салалары және олардың көрсеткіштері, өткен және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Елші Равалпинди қ. бизнесмендерін жақын арада Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен танысу және тікелей байланыс орнату үшін Қазақстанға келуге шақырды.Өз тарапынан У.Шаухат халықаралық құқыққа сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды қолайлы реттеу мен қорғаудың практикалық мүмкіндіктері бар Астана халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстанның басқа да қаржы институттарының әлеуетін зерттеуге қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша Равалпинди қ.Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшылығы ағымдағы жылы бизнес-делегация құрамында Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1194208?lang=kk
Памятка по болезни Ньюкасла (псевдочума птиц) 06.04.2026
Ньюкасл  ауруы  (құстардың  псевдоплазмасы  немесе  азиялық  құс  обасы) – құстардың – негізінен  тауықтардың – пневмониямен, энцефалитпен  және  ішкі  ағзалардың  көп  нүктелі  геморрагиялық  зақымдануымен  сипатталатын  өте  жұқпалы  вирустық  ауру.Адамның  ауру  құстармен  байланысы  жеңіл  конъюнктивит  пен  тұмауға  ұқсас  белгілерді  тудыруы  мүмкін,  бірақ  Ньюкасл  вирусы  адам  денсаулығына  ешқандай  қауіп  төндірмейді.БЕЛГІЛЕРІ: дене  қызуының  көтерілуі, тәбеттің  төмендеуі, депрессия,  әрекетсіздік, конъюнктивит.  Тыныс  алу жуйесінің  зақымдануы – жөтел, түшкіру, қышқыл  дыбыстар,  саңылаусыз  немесе  толық  ашылған  тұмсықпен  тыныс  алу.  Орталық  жүйке  жүйесінің  бұзылуы – тұрақсыз  жүру, шеңбер  бойымен  қозғалуға  бейімділік,  дене  бөліктерінің  салдануы.  Кейбір  жағдайларда  диарея,  оның  ішінде  қанның  қоспасы  болуы  мүмкін.Гүлденген  аудандарда  Ньюкаслдың  алдын  алу  бойынша  ұсыныстар.1.Құстардың синонтропты (торғайлар, қарғалар, көгершңндер) және  жабайы  қоныс  аударатын  құстармен  байланысын  болдырмаңыз;2.Жеке шаруашылықтардағы  құс  етін  жабық  режимде  өз  аулаларында  ұстаңыз;3.Жабайы және  синантропты  құстарға  тәжірибе  жасау  арқылы  оның  ластануына  жол  бермеу  үшін  азықты  жабық  жерде  оқшауланған  сақтауды  қамтамасыз  ету;4.Жас құстарды  және  инкубациялық  жұмыртқаларды  сатып  алу  базарларда  және  рұқсат  етілмеген  сауда  орындарында  тірі  құстарды  сатып  алмау  үшін  қауіпсіз  көздерден  жүзеге  асырылуы  керек;5.Жануарлар мен  құстарды  ұстауға  арналған  аумақтар  мен  ғимараттарды  таза  ұстау;  мезгіл-мезгіл (аптасына  2-3 рет) барлық  үй-жайлар  мен  аумақтарды  дезинфекциялауды,  алдын  ала  инвентарларды  (қасықтар,  сыпырғыштар, ванналар) дезинфекциялау  құралдарымен  мұқият  өңдеу;6.Құс күтініне  арналған  жабдықты  үй  ішінде  сақтаңыз;7.Сипатталған белгілері  бар  құс  ауруы  пайда  болған  немесе  құс  кенеттен  өлген  жағдайда,  олардың  тіршілік  әрекетінен  және  өңдеуден  алынған  қалдықтарды  полигонға  тастамаңыз;8.Егер сіз  құс  ауруына  күдіктенсеңіз, ветеринармен  хабарласыңыз.«ҚР  АШМ  ВБжҚК  Меңдіқара  ААИ»ММ   Боровское  ауылы,  Алтынсарин  көшесі  83,  тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1194132?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облысындағы әскери-патриоттық акциясы бес жарым мың адамды қамтыды 06.04.2026
Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Қызылорда облысының елді мекендеріндегі әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы ауқымды жұмыстарын аяқтады. Іс-шараларға  мектеп оқушыларын, студенттер мен жұмысшы жастарды қосқанда бес жарым мыңдай адам қатысты.Шиелі ауданында қорғаныс ведомствосының офицерлері Ыбырай Алтынсарин атындағы № 219 және № 47 орта мектептердің белсенділерімен кездесті. Ыбырай мектебінде биылғы түлектердің бесеуі еліміздің әскери жоғары оқу орындарына түсуге шешім қабылдаған екен. Жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, әскери қызметшілерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтылды.– Бұл кездесу мен үшін өте пайдалы болды. Қажетті ақпараттың бәрін алдым. Ағам Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқиды. Мен де соның жолын қуғым келеді, – деді № 219 мектептің 11-сынып оқушысы Дәурен Абаев.Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылындағы кездесу интерактивті форматта өтті. Оқушылар әскери қызметтің артықшылықтары туралы сұрақтарына нақты жауап алды. Мектеп ауласында ұйымдастырылған көрме де ерекше қызығушылық тудырды. Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Алматы филиалының Жауынгерлік даңқ музейі Ұлы Отан соғысына қатысқан қызылордалықтарға арналған экспонаттарды ұсынды. Қару-жарақ көрмесі де оқушылардың назарын аударып, заманауи әскери жабдықтармен танысуға мүмкіндік берді.Іс-шаралар Жалағаш ауданындағы Оқушылар сарайы мен «Руханият» орталығында да өтті. Жастармен жүздесу әскери мамандыққа деген қызығушылықты көрсетті. Бұл жерде де әскери қызметті таңдауға ниеттілер саны көп болды.Кездесулер барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне, білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды. Іс-шараларды Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы сүйемелдеп отырды. Патриоттық әндер мен хореографиялық қойылымдар ерекше атмосфера қалыптастырып, елге деген мақтаныш сезімін арттырып, жастардың әскери қызметке қызығушылығын күшейтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1194121?lang=kk
Алматы облысының 29 дәрігері шетелде кәсіби біліктілігін арттырды 06.04.2026
Алматы облысының денсаулық сақтау саласының мамандары Ресей мен Беларусьтегі жетекші медициналық орталықтар мен оқу орындарында кәсіби тәжірибесін жетілдірді. Биыл облыстық медициналық ұйымдардан 29 дәрігер шетелдік озық тәжірибе мен жаңа технологияларды меңгеру мақсатында іс‑сапарға жіберілді.Дәрігерлер Санкт‑Петербургтегі В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Санкт‑Петербург мемлекеттік педиатриялық медицина университеті және Беларусьтегі «Мать и дитя» республикалық ғылыми‑тәжірибелік орталығы сияқты жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарда білімдерін арттырды. Олар балалардағы онкологиялық және гематологиялық аурулардың ерте белгілері, ерте даму және араласу, жедел кардиология, сондай-ақ хирургиялық ауруларды емдеудегі аз инвазивті технологиялар бағыттары бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов: «Дәрігерлердің шетелдік тәжірибеден өтуі өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Алынған білім мен тәжірибені әрбір аудан мен қалада тиімді қолданамыз, бұл әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар науқастар үшін өте маңызды», — деді.Барлық іс‑сапарлар облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, дәрігерлер алған білімін тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен жаңа емдеу әдістерін енгізу үшін қолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1194106?lang=kk
Ұлы Дала мұрасы Тбилиси қаласының орталығында ұсынылды 06.04.2026
Тбилиси, 3 сәуір – Грузин ұлттық мұрайжайының ғимаратында «Грузиядағы қыпшақтар» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме қыпшақ халқының тарихи мұрасы мен оның грузин мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесіне арналған.Көрме Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қатысуымен ұйымдастырылып, келушілер назарына Грузия аумағындағы қыпшақтардың болуы көрсететін бірегей артефактілерді ұсынады.Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин қатысты. Өз сөзінде Елші қыпшақтардың Еуразияның кең аумағын мекендеп, қуатты мемлекеттік бірлестік құрғанын атап өтті. Сондай-ақ олардың Үндістан, Қытай, Мысыр, Византия, Ресей, Хорезм және басқа да елдердің дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді.Сонымен қатар, қыпшақтар мен Грузия арасындағы тарихи байланыстарға ерекше назар аударылды. Давид IV Құрылысшы билігі кезеңінде Грузияға қыпшақ отбасыларының едәуір бөлігі қоныс аударып, Дидгори шайқасында маңызды рөл атқарғаны айтылды. Бұл жеңіс Грузияның Кавказдағы үстем күш ретінде қалыптасуына және оның «Алтын ғасырының» басталуына негіз болды.Қорытындысында Қазақстан мен Грузияның ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту ортақ тарихи мұраны терең зерттеу үшін маңызды екені атап өтілді.Көрме Грузияда сақталған қыпшақ мұрасының бір бөлігін көрсетеді және ү.ж. 10 мамырына дейін келушілер үшін ашық болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1194100?lang=kk