Жаңалықтар
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша, "Таза Мұнайлы" МКК-ны тарапынан күнделікті жүргізіп жатырған тазалық жұмыстары. 16.03.2026
Қызылтөбе ауылдық округі бойынша, "Таза Мұнайлы" МКК-ны тарапынан күнделікті жүргізіп жатырған тазалық жұмыстары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1182034?lang=kk
Цифрлық болашақ — әркімге: балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін VR-саяхат ұйымдастырылды 16.03.2026
«Игі істер күні» аясында Цифрландыру және архивтер басқармасы Мәдениет басқармасымен бірлесіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларды озық технологиялармен таныстыру арқылы олардың әлеуметтенуіне қолдау көрсету.Қатысушылар үшін виртуалды шындық (VR) мүмкіндіктерін паш ететін «Мейірімділік күні» атты арнайы бағдарлама дайындалды. Мамандандырылған интерактивті ойындардың көмегімен балалар виртуалды саяхат жасап, цифрлық сауаттылық негіздерін ойын форматында меңгерді. Кездесу соңында балаларға қажетті қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақ үшін жоғары технологиялар әлемінде тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1181745?lang=kk
Ташкентте өткен салық органдарының форумында Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикамен күресу тәжірибесін ұсынды 16.03.2026
12–13 наурыз күндері Ташкент қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдерінің салық органдары басшыларының III форумы өтті. Форумның негізгі тақырыбы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері болды. Іс-шара Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті бірлесіп ұйымдастырды. Форум аясында Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов қатысты. Ол өз баяндамасында Қазақстанның көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі тәжірибесі туралы жан-жақты баяндады. Сеилжан Ахметов бұл бағыттағы негізгі құралдар ретінде салықтық әкімшілендіруді кең ауқымды цифрландыруды және адал салық төлеушілер үшін барынша қолайлы әрі ашық жағдайлар жасауды атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1181748?lang=kk
14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні 16.03.2026
14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық деректердің дәлдігін сақтауға және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға үлес қосатын мамандардың кәсіби мерекесі.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жер кадастры бағыты бойынша қазақстандықтарға 68 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 487 мың қызметті құраған. Бұл жер қатынастары саласындағы қызметтерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік корпорация өкілдері «Жерге орналастыру және кадастр: заманауи тәсілдер мен цифрлық құралдар» тақырыбында өткен ғылыми семинарға қатысты. Іс-шара Жер ресурстары, сәулет және дизайн институтында өтті.Семинар барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жер кадастры департаментінің өкілдері «Жер кадастрындағы цифрлық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашылар цифрлық жер кадастрын дамыту және «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтты.Заманауи тәсілдер мен цифрлық құралдарды талқылау жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді дамытуға тікелей байланысты. Бүгінде Мемлекеттік корпорация азаматтарға жер кадастры саласы бойынша бірқатар қызмет көрсетеді. Олардың қатарында мемлекеттік жер кадастрынан мәлімет беру, жер учаскелеріне кадастрлық құжаттарды дайындау және жердің кадастрлық құнын анықтау қызметтері бар.Сонымен қатар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жалға алу мерзімін ұзарту және жер учаскелерін сатып алу қызметтері көрсетіледі. 2026 жылдан бастап бұл қызметтер автоматтандырылып, оларды алу үдерісі жеңілдетілді әрі қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды.«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру Мемлекеттік корпорацияның жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Біз қызмет көрсету процестерін тұрақты түрде жақсартып, бірқатар рәсімдерді автоматтандыру және жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл азаматтарға жер учаскелерін рәсімдеу мәселелерін жылдам әрі ыңғайлы шешуге мүмкіндік береді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.Сондай-ақ бүгін Мемлекеттік корпорацияда саланың қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жалпы ел бойынша 209 жер саласының мамандары марапатталды. Атап айтқанда, 21 маман «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісімен, 19 маман «Үздік жерге орналастырушы» құрмет дипломымен марапатталды, ал 75 маманға Мемлекеттік корпорацияның мерейтойлық медалі табысталды. Сонымен қатар сала өкілдеріне Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрінің атынан алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1182178?lang=kk
ШҚО-да салық режимдерін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды 16.03.2026
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 1 наурызда салық салу режимдерін таңдау бойынша өтпелі кезең аяқталды. Кәсіпкерлер жаңартылған салық заңнамасы аясында алдағы қызметін жүргізу форматын түпкілікті айқындады.2026 жылдың басынан бастап 1 наурыздағы жағдай бойынша өңірде 34 мыңнан астам салық төлеуші оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін таңдады. Бұл режим шағын және орта бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болып қала беруде.Аталған режим жылдық табысы 600 000 АЕК-ке дейін (шамамен 2,6 млрд теңге) болатын кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Оның негізгі артықшылықтары мыналар:қызметкерлер санына шектеу қойылмайды, бұл жұмыспен қамтуды заңдастыруға ықпал етеді;• КТС/ЖТС бірыңғай мөлшерлемесі — 4% (мәслихаттар мөлшерлемені 50%-ға дейін түзете алады);• ҚҚС пен әлеуметтік салық төлеуден босату;• декларацияны тапсыру және салық төлеу жылына екі рет жүзеге асырылады.Бұл шарттар бизнесті жүргізуді қарапайым әрі болжамды етеді.Сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимі қолданылады. Оны келесі талаптарды сақтаған жағдайда жеке тұлғалар пайдалана алады:айлық табыс 300 АЕК-ке дейін (шамамен 1,3 млн теңге);• жалдамалы жұмыскерлердің болмауы;• жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі;• рұқсат етілген 40 қызмет түрінің бірін жүзеге асыруы;• бұрын патент бойынша немесе арнайы мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.Аталған режимнің негізгі артықшылықтары:дара кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді;• жеке табыс салығын төлеуден босатылады;• табыстың 4% мөлшерінде бірыңғай әлеуметтік төлем төленеді, оған зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар кіреді.2026 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша облыс бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін 7192 адам таңдады. Бұл режим азаматтарға қызметін ресми түрде жүргізуге, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.Осылайша, 2026 жылғы 28 ақпанға дейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін түрлі арнайы салық режимдерін қолданған салық төлеушілердің 90%-дан астамы өз таңдауын жасады:73% — оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне өтті;• 17% — жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін таңдады.Өтпелі кезеңнің аяқталуы салық төлеушілердің неғұрлым ашық және өзекті құрылымын қалыптастыруға, сондай-ақ салық жүйесін бизнес пен азаматтар үшін түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1181775?lang=kk
Бурабай көлдері балық аулау әуесқойларын жылдың кез келген мезгілінде тартады 16.03.2026
Бурабай курорты көркем табиғаты мен таза ауасымен ғана емес, сонымен қатар балық аулауға арналған тамаша мүмкіндіктерімен де танымал. Тыныш әрі жайлы демалысты қалайтындар үшін мұнда ондаған көл бар, онда жылдың кез келген уақытында балық аулап, табиғат аясында уақыт өткізуге болады.Курорт аумағындағы көлдердің көпшілігінде балық бар, сондықтан тәжірибелі балықшылар да, жаңадан бастағандар да жақсы олжаға кенеліп, табиғатта демала алады. Бурабайда тіпті қысқы балық аулау фестивалі де өтеді, ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар мен қонақтарды жинайды.Балық аулау туризмінің дамуы Бурабай өңірін жылдың кез келген мезгілінде демалуға тартымды бағытқа айналдырып отыр — жазда көлдерде балық аулауға да, қыста мұз үстіндегі ерекше балық аулауға да мүмкіндік бар.Табиғаттың тыныштығын, таза ауаны және нағыз балық аулаудың қызығын сезіну үшін Бурабайға келіңіздер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1181789?lang=kk
Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу. 16.03.2026
2026 жылғы 11 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. Өскемен, Риддер қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы іс-шаралар талқыланды.Қойшинов Қ.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.Кеңес қорытындысы бойынша Қойшинов Қ.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1181804?lang=kk
Туберкулез – денсаулықты қалай сақтауға болады? 16.03.2026
Туберкулез – бұл туберкулез бактериялары ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру. Негізінен бұл ауру өкпені зақымдайды. Сирек жағдайларда ми мен оның қабықтарының, сүйектердің, буындардың, бүйректің, жыныс мүшелерінің, көздің, ішектің және басқа органдардың туберкулезі болуы мүмкін. Инфекция негізінен ауа тамшыларымен, науқас адамнан сау адамға тыныс алу жүйелері арқылы жұғады, ауа арқылы жұғатындықтан науқаспен тікелей байланыста болу міндетті емес, сіздің ауруды кез-келген жерде жұқтыруыңыз мүмкін.Туберкулез бактериялары туберкулезбен ауыратын адамдардың өкпесінде өсіп, көбейеді. Бұл жағдайда қабыну пайда болады, содан кейін тіндер бұзылады, ыдырау аймақтары, миллиондаған бактериялардан тұратын каверналар пайда болады. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде туберкулез бактериялары қоршаған ортаға шығады. Туберкулез бактериялары ауада бірнеше сағат бойы болуы мүмкін. Сондықтан туберкулез бактерияларын жұқтырудан ешкім қорғана алмайды, өйткені барлығымыз бір ауамен демаламыз. Егер туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс ұзақ және жиі болса жұқтыру қаупі артады. Егер адамның қорғаныс қабілеті жақсы болса, науқастармен байланыс ұзаққа созылмаса, адамның өкпесіне енген туберкулез бактериялары дене жасушаларымен жойылады және ауру пайда болмайды.Туберкулезбен барлық жастағылар ауырады, бірақ әсіресе денсаулығы нашар балалар мен ересектер үшін қауіпті. Туберкулезбен көбіне 20 жас пен 40 жас аралығындағы (50%), еңбекке қабілетті, бала туу жасындағылар көп ауырады.Аурудың қоздырғышы - туберкулез микобактериялары (Кох таяқшасы) қоршаған орта әсеріне төзімді, өзінің қасиеттерін жерде, қарда сақтайды, спирттің, қышқылдардың, сілтілердің әсеріне төзімді. Сонымен қатар, ол тікелей күн сәулесінің, жоғары температураның, құрамында хлоры бар заттардың ұзақ әсерінен жойылады.Ауруды уақытылы анықтау, диагноз қою және дұрыс емдеу арқылы туберкулездің дамуын аурудың басталып келе жатқан кезінде тоқтатуға болады. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралып, арнайы емін бастамаған жағдайда, белсенді туберкулезден болатын өлім-жітім бір-екі жыл ішінде 50%-ға дейін жетеді немесе емделмеген жағдайда туберкулездің созылмалы түріне ауысады. Бактерияларды бөліп шығарып, айналасындағыларға жұқтырып, созылмалы науқас көптеген жылдар бойы өмір сүруі мүмкін.Бүгінгі таңда әрбір адам туберкулездің негізгі белгілерін білуі керек. Аурудың бастапқы кезінде жалпы әлсіздік, шаршау, тәбеттің жоғалуы мүмкін. Ауру күшейген кезде ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, жөтел, кеуде қуысының ауыруы, тершеңдік, салмақ жоғалту, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі пайда болады. Жөтел-туберкулездің ең негізгі белгісі. Егер жөтел екі аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде тексерілу керек. Туберкулезге тексерілу - тегін.Туберкулез – жалпы қоғамдық мәселе, аурудың өсуі мен таралуын әр адам туберкулездің алдын алу шараларын білгенде және оны күнделікті қолданғанда ғана тоқтатуға болады.Меңдіқара ауданының бас санитарлық дәрігері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1181868?lang=kk
Нидерландтағы қазақстандықтар республикалық референдумға қатысуда 16.03.2026
Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы №446 референдум учаскесінде Гаага қаласында дауыс беру өтуде. Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталды.Таңертеңнен бастап Нидерландта тұрақты тұратын және уақытша жүрген қазақстандықтар дауыс беруге қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін сайлау учаскесіне келуде.Гаагада жыл сайын ондаған мың қатысушыны жинайтын ірі спорттық шара – мерейтойлық NN City-Pier-City Loop жүгірісі өтіп, қаланың бірқатар орталық көшелері уақытша жабылғанына қарамастан, қазақстандықтар дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық борышын орындауда.Дауыс беруге қатысушылардың айтуынша, референдумға қатысу – елдің одан әрі дамуына үлес қосып, оның болашағын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.Күні бойы Гаагадағы сайлау учаскесіне 120-дан астам Қазақстан азаматы келеді деп күтілуде. Олардың қатарында қазақстандық диаспора өкілдері, студенттер, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Нидерландта уақытша жүрген Қазақстан азаматтары бар.№446 учаскедегі дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1181530?lang=kk
Алыс аудандар үлгі көрсетті 16.03.2026
Алматы облысында республикалық референдумға ерекше белсенділік танытқаны - Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарының тұрғындары.Қазақстан Республикасындағы Республикалық референдумды өткізу жөніндегі Орталық комиссияның деректері бойынша, өңір тұрғындарының 71,46 пайызы дауыс беруге қатысты. Алматы облысында бір миллионнан астам адамға сайлау құқығы берілген, олардың 700 мыңнан астамы сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады.Алыс аудандардағы тұрғындардың белсенділігі айтарлықтай болды. Нарынқол, Кеген және Балқаш аудандарында тұрғындардың 90 пайыздан астамы дауыс берді, бұл өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.Референдум заңнамамен белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып өтті. Барлық сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп сақталып, комиссия жұмысы ашық жүргізілді, дауыс беру барысында ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181531?lang=kk
Алматы облысында референдум қалай өтті? 16.03.2026
Республикалық референдумда Алматы облысы тұрғындарының белсенділігі жоғары болды. Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-де берген мәліметі бойынша өңір халқының саяси науқанға қатысуы 71,46%-ды құрады. Бұл облыс халқының маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға жоғары талпынысын көрсетеді.Алғашқылардың бірі болып Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз таңдауын жасады.Бұл күні өңір халқымен бірге танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері, депутаттар және басқа да танымал тұлғалар белсенділік танытты. Мысалы, Өтеген батыр ауылында 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, Қарғалы ауылында грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Андрей Самарин, ал Қонаев қаласында аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов дауыс беруге келді.Референдум әр буын өкілдерін біріктірді.Шонжы политехникалық колледжінде алғаш рет 18 жастағы студент Диана Селмахунова дауыс берді. Ұйғыр ауданында учаскеге жас жұбайлар келді, ал Еңбекшіқазақ ауданында жас отбасы өз таңдауын жасады.Аға буынның қатысуы ерекше ілтипат пен құрмет тудырды. 102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Алым Кебиров учаскеге өз аяғымен барды, Ұзынағашта соғыс ардагері Федор Ковалев дауыс берді, ал Еңбекшіқазақ ауданында 75 жыл бірге тұрған, Түргеннен келген ерлі-зайыпты Ысқақовтар үйден дауыс берді.Референдум күні таңертеңнен бастап учаскелерде тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Адамдар отбасымен, достарымен және көршілерімен дауыс беруге келді.Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ бірқатар аудандарда учаскелерге алғашқы сағаттарда адамдардың көп келуінен үлкен кезек пайда болды.Референдум өткізу үшін учаскелер дауыс беруге арналған кабиналармен, стационарлық және тасымалданатын жәшіктермен, сондай-ақ байқаушылар мен комиссия мүшелеріне арналған орындармен толық жабдықталды.Аймақта 677 учаске жұмыс істеді. Процесті ұйымдастыруға арнайы оқытудан өткен 4781 комиссия мүшесі тартылды. Дауыс беру барысын бақылауды 16 өңірлік және 11 республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырды, бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етті.Дауыс берудің қолжетімділігіне ерекше назар аударылды. Учаскелерде пандустар, ыңғайлы кабиналар орнатылды, көру және есту қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы құрылғылар қойылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси қызметі жұмыс істеді, ал комиссия мүшелеріне қажетті көмек көрсетілді.Көптеген елді мекенде референдум күні ауылшаруашылық жәрмеңкелері, қолөнершілер көрмелері және концерттік бағдарламалар өтті.Айта кетейік, Іле ауданында бірнеше учаскеде “Бауырсақ party”, Ақши ауылында “Шұбат Party” акциясы ұйымдастырылды.Дауыс берумен бір мезгілде өңірде экологиялық акциялар өтті. “Өз ағашыңды отырғыз және дауыс бер” бастамасы аясында тұрғындар, депутаттар, еріктілер мен жұртшылық өкілдері облыстың қалалары мен ауылдарына ағаш отырғызды.Бұл күн ерекше эпизодтармен есте қалды. Өтеген батыр ауылында учаскеге “Зверополис” мультфильмінің кейіпкерлері келді, Есік қаласында дауыс берушілер «Алтын адамды» байқады, ал Қонаевта қар барысы болып киінген адам тұрғындардың назарын аударды.Учаскелерге велосипедшілер, “Эндуро” мотоклубының қатысушылары, шаңғышы-спортшылар және драйф-жарыстардың жеңімпаздары келді.Осылайша, Алматы облысындағы референдум маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға ғана емес, сонымен қатар азаматтық белсенділікке толы өтті. Алматы облысындағы референдум осындай қайталанбас сәттерімен ерекшеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181542?lang=kk
Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі 16.03.2026
Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181580?lang=kk
Бельгиядағы қазақстандықтар республикалық референдумға белсенді қатысты 16.03.2026
Брюссель, 2026 жылғы 15 наурыз — Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 референдум учаскесінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум аясында дауыс беру өтті.Учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Күн бойы Бельгияда тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары Елшілікке келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, қаралып отырған мәселе бойынша өз таңдауларын жасады.Дауыс бергендердің басым бөлігін студенттер, Бельгияда жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген отандастар мен олардың отбасы мүшелері құрады. Олардың қатарында халықаралық ұйымдарда, дипломатиялық миссияда және жеке компанияларда қызмет ететін азаматтарымыз да бар.Жеке себептермен учаскеге келе алмаған азаматтар үшін алдын ала берілген өтініштер негізінде жылжымалы дауыс беру жәшігі ұйымдастырылды.Референдум учаскесінде барлық рәсімдер талаптарға сәйкес өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1181586?lang=kk
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты уақтылы төлеу қажеттігін еске саламыз 16.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты уақтылы төлеу қажеттігін еске саламыз.Салық кезеңі – күнтізбелік жыл. Жеке тұлғалар салықты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуі тиіс.Осылайша, 2025 жылға арналған көлік салығын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеу қажет.Салық салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша, яғни тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына төленеді.Салықты төлеу деректемелері:бюджеттік сыныптама коды – 104402 (жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық)Төлем тағайындау коды – 911Өсімпұл үшін төлем тағайындау коды – 912Төлем жасау кезінде мыналарды көрсету қажет:салық төлеушінің Т.А.Ә.ЖСНкөлік құралының VIN-кодысалық кезеңіСалық сомасы мынаған байланысты есептеледі:• көлік құралының қозғалтқыш көлемі• көлік құралының түрі• АЕК мөлшері (2025 жылы – 3 932 теңге).Егер көлік құралы жыл ішінде сатып алынған немесе сатылған болса, салық иелік еткен айлар санына пропорционалды түрде есептеледі.Салықты төлеу тәсілдері:банк қосымшалары арқылы (Kaspi, Halyk және т.б.)eGov порталы арқылыe-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылыекінші деңгейлі банктерде және «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде.Салықты уақытында төлемеген жағдайда өсімпұл есептеледі, ал берешек жеке сот орындаушыларына берілуі мүмкін.Еске саламыз:2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі – 2026 жылғы 1 сәуірге дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1181588?lang=kk
Табиғат сынағында табандылық танытқан мамандар марапатталды 16.03.2026
Ақпан айының 25-і күні аудан аумағында табиғат тосын мінез танытып, тұрғындар үшін күрделі жағдай қалыптасқан болатын. Ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан электр желілері мен қондырғыларына мұз қатып, қолайсыз жағдайлар орын алды.Осындай күрделі жағдайды қысқа мерзімде қалпына келтіру мақсатында электр тарату торабы мекемелерінен 30-дан астам маманнан құралған 6 жедел жөндеу бригадасы мен 9 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар да белсенділік танытып, 20-ға жуық ерікті азамат көмекке келді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан мамандар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп, электр энергиясын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде атқарды.Осыған орай, бүгін аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбек электр энергиясы саласының қызметкерлерін қабылдап, апат салдарын жоюға атсалысқан мамандардың еңбегі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.– Бұл жағдай аудан үшін табиғаттың үлкен сынағы болды. Қиындыққа қарамастан, электр энергетикасы саласының қызметкерлері тұрғындарды қысқа мерзімде тіршілік көзімен қамтамасыз ету үшін күн-түн демей еңбек етті. Осындай табандылық пен жауапкершіліктің арқасында аудан тұрғындары қалыпты өмір сапасына қайта оралды. Сіздерге адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.Шара барысында жұмысқа белсенді атсалысқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар аудандық электр торабы мен Төретам электр торабы ұжымдарының еңбегі ескеріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.Жиында сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты Мырзаш Бекбаев және Төретам электр торабының бастығы Сейітасқар Бақтыбаев құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарына алғыстарын білдірді.Тұрғындарды тіршілік көзімен тұрақты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқарып жүрген сала мамандарының еңбегі әрдайым құрметке лайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1181648?lang=kk
Референдум 2026ж 16.03.2026
Баянды ауылында №198 және №223 сайлау учаскелері таңғы 07:00-де өз жұмысын бастады. Ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 4594 адам.Барлық тұрғындарды өз таңдауларын жасап, дауыс беруге шақырамыз.⚜️ Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.#референдум2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1181654?lang=kk
Құрметті ауыл тұрғындары! 16.03.2026
Атыңызда салық берешегінің бар-жоғын Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы тексерулеріңізді сұраймыз.Егер салық бойынша берешек анықталса, оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтеу қажет. Себебі төленбеген әрбір күн үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес өсімпұл есептеледі.Салық берешегін өзіңіз тексере алмаған жағдайда немесе қосымша ақпарат қажет болса, Баянды ауылы әкімі аппаратының маманы +7 (707) 362-99-47 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.Сондай-ақ, отбасы мүшелеріңіздің де салық бойынша берешегінің бар-жоғын тексеріп шығуларыңызды сұраймыз.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1258440?lang=ru
Қазақстан Республикасындағы оңалту және банкроттық процедураларының құқықтық негіздері 16.03.2026
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық саласындағы заңнамасы Конституция ережелеріне негізделеді және 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ «Оңалту және банкроттық туралы» Заңымен, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Құқықтық тәжірибеде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормалары басымдыққа ие: егер халықаралық келісімде ұлттық заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Бұл құқықтық база субъектілердің қаржылық төлем қабілетсіздігін реттеу кезінде процедуралардың тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етеді.Бұл саладағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты — борышкер мен кредиторлар мүдделерінің әділ теңгерімін қамтамасыз ету. Ол үшін берешекті реструктуризациялау, оңалту, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық ісін қозғамай тарату сияқты негізгі процедураларды жүргізу тәртібі заңнамалық түрде айқындалған. Аталған процестер аясындағы барлық қызмет заңдылық, әділдік, ашықтық және тараптардың адалдығы сияқты іргелі қағидаттарға сүйенеді, бұл құқықты асыра пайдалану тәуекелдерін азайтады.Заңнаманың басым міндеттеріне процеске қатысушылардың заңды құқықтарын қорғау және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың максималды деңгейіне қол жеткізу жатады. Бұл механизмде барлық қатысушылардың құқықтық нормаларды сақтауын қамтамасыз ететін мемлекеттік бақылау мен реттеу маңызды рөл атқарады. Мемлекет оңалту немесе тарату процестерінің ашық және белгіленген регламентке қатаң сәйкестікте жүргізілуінің кепілі ретінде әрекет етеді.Субъектіні банкрот деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады және ол ерікті немесе мәжбүрлі сипатта болуы мүмкін. Ерікті банкроттық борышкердің өз өтініші негізінде, ал мәжбүрлі банкроттық — кредиторлардың немесе заңмен уәкілеттік берілген өзге де тұлғалардың талап арызы бойынша басталады. Борышкерді банкрот деп жариялау туралы сот шешімін шығаруға оның іс жүзіндегі төлем қабілетсіздігі негіз болады, ол әкімшінің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысымен расталады.Заң сонымен қатар сотқа жүгіну борышкердің міндеті болып табылатын жағдайларды да белгілейді. Атап айтқанда, заңды тұлғаны тарату кезінде оның мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екені анықталса, тарату комиссиясы ұйымды банкрот деп тану туралы өтініш беруге міндетті. Бұл талаптарды сақтамау кәсіпорын басшылары мен меншік иелері үшін қолданыстағы заңнамада көзделген құқықтық салдарларға соқтырады.Берешекті реструктуризациялау мәселелері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың оңалту және банкроттық ерекшеліктері бойынша егжей-тегжейлі кеңес алу үшін мүдделі тұлғалар Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасына жүгіне алады. Кеңсе Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, 324-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан. Кеңестер сонымен қатар 24-12-21 телефон нөмірі бойынша беріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1181717?lang=kk
Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдум аясындағы жұмысын аяқтады 15.03.2026
Исламабад, 2026 жылғы 15 наурыз - Исламабад қаласында орналасқан №424 учаскелік референдум комиссиясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдум аясындағы жұмысын аяқтады.Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес, ұйымдасқан түрде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1181523?lang=kk
Қонаев қаласында 31 референдум учаскесі: барлық санаттағы азаматтарға жағдай жасалған 15.03.2026
Қонаев қаласы бойынша референдум учаскелерінің жалпы саны – 31, оның 5 –уі жабық учаскелер.Рефендумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 44200 адам. 144 мүгедектігі бар референдумға қатысушылар бар, оның ішінде 26- нашар көретіндер, 36- нашар естушілер, 82-арба қолданушылар. 1158 азамат- алғашқы дауыс берушілер.Барлық участоктерде мүгедектігі бар азаматтарға толық жағдай жасалған. Референдумның өту барысын бақылауға Қонаев қаласы бойынша аккредитациядан өткен қоғамдық бірлестіктер, саяси партиядан 118, БАҚ өкілдерінен 7 байқаушылар тіркеліп қатысуда.Жалпы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың белсенділігі жақсы. Үй жайдан тыс дауыс беруге өтініштер 101 азамат өтініш білдірді.Учаскелік референдум комиссиялары заңға сәйкес жұмыстарын атқаруда.Рефендум учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181519?lang=kk