Жаңалықтар
Микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту. «Таза парақтан» іс-шаралары туралы 17.03.2026
Жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнесті қолдау мақсатында салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылданды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы санаттағы бизнеске 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық әкімшілендірудің жекелеген мәселелері бойынша жеңілдіктер енгізілді.Енгізілген қолдау шаралары:Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі микро және шағын бизнес субъектілеріне салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдардыесептен шығаруға мүмкіндік беретін Қағидаларды бекітті.Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда: - толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады; - берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады; - сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық төлеу қажет. Оңайлатылған тарату. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі салық төлеушілердің (салық агенттерінің) таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы №654 бұйрығына өзгерістер енгізді.Салық төлеушілер үшін қызметті жеңілдетілген тәртіппен тоқтату (2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер бойынша) камералдық бақылаусыз жүзеге асырылады.- Егер салық төлеуші қызметті тоқтату туралы өтініш берсе, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салық есептілігі бойынша 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін камералдық бақылау жүргізілмейді.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған салықтық тексерулерді, қарсы салықтық тексерулерді, сондай-ақ: қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздері бойынша;- прокурорлық актілер мен талаптары бойынша;- салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;- касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;- жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;- салық төлеуші өзі талаптар мен өтініштері берген жағдайларда;- салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағымдар бойынша;- 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жөніндегі іс - қимылдар тоқтатылды.Сотқа: - 2026 жылға дейін микро және шағын бизнес арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша; - 2026 жылға дейін жүргізілген бизнесті тіркеу немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша жүгіну тоқтатылады.Әкімшілік жауапкершілік.Микро және шағын бизнес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.Кәсіпкерлер өткен кезеңдер үшін тексерулерсіз бизнесті алаңсыз жүргізе алады, себебі әкімшілік және қаржылық жүктеме төмендейді, нәтижесінде аталған санаттағылар салықтық дауларға емес, бизнесті дамытуға және жаңа кезеңді «таза парақтан» бастап ағымдағы процестерді түзей алады. Осы шаралардың негізгі мақсаты — микро және шағын бизнесті қолдау, жүргізіліп жатқан реформаларға бейімделу кезеңінде көмек көрсету.Жамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1182762?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қолма-қол ақша қаражатын өткізу тәртібі» тақырыбына тікелей эфирі 17.03.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 17 наурызында сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен қолма-қол ақша қаражатын өткізу тәртібі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Тілектес Қалымұлы Түсетаев сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Толеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1182702?lang=kk
Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданындағы бірқатар нысандарды аралады 17.03.2026
Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сапар барысында Жосалы және Төретам кенттеріндегі теміржол вокзалдарының құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, Байқоңыр қаласындағы спорт кешенін көрді.Жосалы кентіндегі теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың ішкі бөлігінде қабырғаларды ақтау, сырлау жұмыстары атқарылған. Ал сыртқы бөлігінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында қабырғаларды травертин тасымен қаптау жұмыстары жалғасып жатыр.Төретам кентінде қазіргі уақытта вокзал ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сыртқы жұмыстар аясында шатырды жаңарту жұмыстары 100 пайыз аяқталған. Ғимараттың сыртқы қабырғасына травертин тасын қаптау 95 пайызға орындалған. Қазіргі уақытта сыртқы саты мен арка орнату жұмыстары басталуда.Жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Байқоңыр қаласындағы құрылысы жүріп жатқан спорт кешенін де аралап, нысанның жұмысымен танысып, бұл бағытта бірқатар тапсырмаларын берді.Сапар барысында нысандардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуы назарға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1182685?lang=kk
Астанадағы экологиялық саммитте Орталық Азияның су инфрақұрылымын қаржыландыру мәселесі талқыланады 17.03.2026
23 сәуірде Өңірлік экологиялық саммит-2026 (RES 2026) шеңберінде Астанада «Орталық Азиядағы су секторын тұрақты қаржыландыру: сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер мен ынтымақтастық жолдары» атты тақырыптық пікірталас өткізіледі. Оның барысында сарапшылар өңірдің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту үшін инвестиция тартудың және қаржы құралдарын дамытудың негізгі тетіктерін талқылайды.Су секторы Орталық Азия елдерінің орнықты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуын қамтамасыз етуде стратегиялық рөл атқарады. Климаттың өзгеруі, халықтың өсуі және инфрақұрылымның тозуы жағдайында су ресурсын тиімді басқару және қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселесі ерекше өзекті болып отыр.Панельдік сессияның бастамашысы – стратегиялық жоспарлау, бюджеттік саясат және Орнықты даму мақсаттарын іске асыруды үйлестіру мәселесіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Экономикалық зерттеулер институты мен Халықаралық су менеджменті институты.Панельдік сессияның мақсаты – су инфрақұрылымын дамыту, су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін қаржы ресурсын жұмылдырудың негізгі сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін талқылау.Талқылауға Орталық Азия елдерінің су ресурстары жөніндегі орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ Азия Даму Банкі мен Дүниежүзілік банкті қосқанда, халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысады. Пікірталасқа су секторындағы жетекші сарапшылар мен зерттеушілер де қосылады.Панельдік сессияның қорытындысы бойынша аймақтың су инфрақұрылымын дамытудың қаржылық тетігін нығайту, су ресурсын басқарудың тиімділігін арттыру және су саласындағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық ұсынымы қалыптастырылады.Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) – Орталық Азия елдері мен басқа мемлекеттерді климаттың өзгеруі, су ресурстарының тозуы, табиғи ресурстарды тұрақты басқару және басқа да өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін біріктіруге бағытталған халықаралық іс-шара. RES 2026 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында (Қазақстан) өтеді. Саммитке мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылым өкілдерінен тұратын 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.RES 2026-ны БҰҰ-мен әріптестік аясында өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында жариялаған болатын.RES 2026 туралы ақпарат https://res2026.kz/ сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1182653?lang=kk
Шарап, резидент еместерге арналған ҚҚС бойынша ЭШФ, мемлекеттік сатып алулар және электр энергиясы нарығы 17.03.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 9-отырысында ЕАЭО аясында жаңа салық нормаларын қолдануға және заңнамаға енгізілетін алдағы өзгерістерге қатысты кезекті мәселелер топтамасы қаралды.Маңызды мәселелердің бірі – ЕАЭО алаңында алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ЕАЭО-ның жаңа техникалық регламент жобасын талқылауға қатысты, бұл құжатқа сәйкес жүзімнен емес, мысалы алма немесе алмұрттан өндірілетін жеміс шараптары шарап санатына жатқызылмайды. Регламент қабылданған жағдайда жеміс шараптары жоғары акциз салынатын өнім санатына ауысады.Техникалық регламенттің шарттарын ЕАЭО-ға қатысушы елдердің салалық сарапшылары бірнеше жылдан бері талқылап келеді. Жобалық кеңсенің отырысында қатысушылар жаңа техникалық регламент қабылданған жағдайда отандық өндірушілерді қолдау мүмкіндігін қарастырды. Акцизді шарап деңгейінде тек жүзім өнімі үшін ғана емес, сонымен қатар алкогольді қоспай табиғи ашыту арқылы елде өндірілетін басқа да жемістерден алынған шараптар үшін де орнату туралы алдын ала шешім қабылданды.Бұл ретте ықтимал сұр схемаларды болдырмау үшін бақылаушы органдар тарапынан жеміс шараптарын өндіруді бақылау күшейтіледі. Бұл шешімді іске асыру үшін Салық кодексіне өзгертулер енгізу қажет, бірақ олар тек Қазақстан техникалық регламентті бекіткеннен кейін қолданысқа енеді. Сондықтан бұл мәселе жүйелік тізімге енгізілген және болашақ түзетулер пакетінде ескеріледі.Резидент еместер үшін ҚҚС төлеген кезде ЭШФСондай-ақ Жобалық кеңсенің отырысында резидент еместер үшін ҚҚС төлеу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру мерзімі бойынша Салық кодексінің жаңа нормасын қолдану мәселесі қаралды.Қолданыстағы норма резидент еместер үшін ҚҚС бойынша ЭШФ ҚҚС төленгеннен кейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазып беруді көздейді. Алайда іс жүзінде бизнесті әкімшілендіруде қиындықтарға тап болады, әсіресе резидент еместерге арналған ҚҚС есепшотында артық төлем болған жағдайда оны дұрыс есепке алу мен шот-фактура рәсімдеу қиындық тудырады.Кәсіпкерлермен және «Атамекен» ҰКП-пен талқылаудан кейін механизмді жеңілдету туралы шешім қабылданды. Резидент еместен алынған қызмет үшін ҚҚС бойынша электронды шот-фактураны қызмет алушы (ҚҚС төлеуші) қызметті алған күннен бастап 15 күн ішінде рәсімдеуі тиіс. Ал ҚҚС сомасын есепке алу резидент еместерге төленген ҚҚС төлемі жасаған күн бойынша жүргізіледі.Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов атап өткендей, бұл логика салық ақпараттық жүйелерде іске асырылуы мүмкін және бизнес өкілдері тарапынан қолдау тапқан.«Атамекен» ҰКП өкілінің 2026 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша резидент еместер үшін ЭШФ уақтылы жазып бермегені үшін әкімшілік жазаларды қолдану туралы сұрағына жауап ретінде салық органдары тарапынан өндіріп алу қолданылмайтыны атап өтілді. Бұдан басқа, резидент еместер үшін ЭШФ үзінді көшірмесі бойынша талап 2025 жылғы IV тоқсандағы сатып алу жөніндегі айналымға қолданылмайды.Тиісті өзгерістерді Салық кодексіне ретроспективтік түрде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдану күнімен енгізу жоспарланған. Мемлекеттік кірістер комитеті аталған СК нормасын қолдану туралы егжей-тегжейлі түсіндірмелер ұсынатын болады.Салық кодексі және мемлекеттік сатып алуСондай-ақ Жобалық кеңсенің отырысында Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына байланысты алдағы өзгерістер түсіндірілді. Салық кодексінің ережелері өзгеріссіз қалады. Уәкілетті органдардың сатып алуды жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізіледі. Олар оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін салық төлеушілердің шегерімдерін шектеу бөлігінде Салық кодексіне сәйкес келтіріледі.Электр энергиясы нарығында шот-фактураларды жазып беру мерзімдеріСондай-ақ Жобалық кеңсе отырысында қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығы операторы – «КОРЭМ» АҚ-ның және «Жаңартылатын энергия көздері нарығындағы есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС бірыңғай сатып алушысының шот-фактураларды жазып беру мерзімдерін қайта қарау туралы өтініші қаралды.Электр энергиясы нарығына қатысушылар қызметінің ерекшелігін және қолданыстағы техникалық регламенттерді ескере отырып, осы мәселені нарықтың барлық қатысушыларымен қосымша пысықтау және оны Жобалық кеңседе қайта талқылауға шығару туралы шешім қабылданды.Бюджетке салық түсімдерінің тәртібіБұдан бөлек, республикалық бюджетке түсімдер мен салықтарды есептеу тәртібі түсіндірілді.Республикалық бюджет кірістерінің негізгі көздері корпоративтік табыс салығы (КТС), қосылған құн салығы (ҚҚС) және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ҚҚС) болып табылады.КТС есепті айдың 25-күніне дейін КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер ай сайын төлейді. Бұдан басқа, 2026 жылғы наурыз-сәуірде 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша КТС түсуі күтілуде. Аванстық төлемдерді төлемейтін төлеушілер 2026 жылғы қорытынды бойынша КТС-ны 2027 жылғы 10 сәуірден кешіктірмей төлейді. Сондай-ақ бейрезидент үшін КТС бойынша төлемдер ай сайын түсуі мүмкін.Қазақстан аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге ҚҚС есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленеді. Яғни, 25 ақпанда ҚҚС өткен жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша, 25 мамырда, 25 тамызда және 25 қарашада, тиісінше ағымдағы жылғы I, II, III тоқсан қорытындысы бойынша төленеді. 2026 жылғы 25 ақпан-2025 жылғы IV тоқсанның қорытындысы бойынша ҚҚС төлеу мерзімі.Резидент еместер үшін импортқа ҚҚС және ҚҚС міндеттемелердің туындауына қарай, яғни кедендік тазарту кезінде немесе резидент еместерден қызметтерді сатып алу кезінде төленеді. ПҚӨС ҚҚС төлеу мерзіміне ұқсас мерзімде төленеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1182658?lang=kk
Қостанай облысында «National Robotics Games» робототехника бойынша облыстық жарыс өтті 17.03.2026
Қостанай ауданында робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша облыстық ұлттық «National Robotics Games» жарысы өтті.Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан келген 200-ден астам оқушы мен педагог қатысты.Іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың инженерлік және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ робототехника және заманауи технологиялар саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.Жарыс дарынды жастарды қолдауға, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға және оқушылар арасында инженерлік мамандықтарды насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Турнирдің ерекшелігі – заманауи технологиялық бағыттарды ұлттық мәдениет элементтерімен ұштастыруы болды.Қатысушылар бірнеше санат бойынша бақ сынады. Олардың қатарында: «Aero Nomad» (дрондар), «Асық ату», «Мерген», «Арқан тартыс», «Садақ ату», «Lego-аударыспақ», «Теңге алу», сондай-ақ шығармашылық «StoryCraft AI» санаты бар.Осындай жарыстарды өткізу мектеп оқушыларының инженерияға, бағдарламалауға және инновациялық технологияларға қызығушылығын арттырып, жас ұрпақтың цифрлық дәуірде сұранысқа ие дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182646?lang=kk
Қазақстанның жаңа конституцияның жобасы «Кармелита» үкімет үйінде талқыланды 17.03.2026
Будапешт, 2026 жылғы 13 наурыз - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Бас кеңесшісі Марцель Биромен кездесіп, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады.Сұхбаттастар, әлемдегі қалыптасып келе жатқан жаңа тәртіптің контексіндегі «орта державалардың» маңызды рөлі мен Орталық және Шығыс Еуропа мен Таяу Шығыстағы ахуалдардың теріс салдарының терроризмге, заңсыз миграцияға, энергетикалық қауіпсіздікке, сондай-ақ жаһандық экономиканың жеткізу тізбектеріне тигізетін әсері туралы пікір алмасты. Елші А.Сапарбекұлы, М.Бироны осы жексенбіде елімізде өткен Республикалық референдум туралы хабардар етіп, оның аясында ел тағдырына тікелей әсер ететін жаңа конституцияның маңызды тұстарымен таныстырды.М.Биро өз кезегінде Референдумның сәтті де нәтижелі өтуіне тілектестігін білдіріп, Қазақстанның ұстанатын сыртқы саясаты мен оның басқару билігі жүйесін дамыған үлгі боларлық модель, деген мажар мемлекетінің ұстанымымен бөлісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1182580?lang=kk
Алматы - Самарқанд - Алматы бағыты бойынша маусымаралық рейстер қайта жанданды 17.03.2026
Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулдығы 2026 жылдың 17 наурызынан бастап қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы орындайтын Алматы – Самарқанд – Алматы бағыты бойынша маусымаралық рейстердің қайта басталатыны туралы хабарлайды. Рейстер аптасына екі рет - сейсенбі және жексенбі күндері орындалады деп жоспарлануда. Алматы мен Самарқанд арасындағы әуе қатынасының қайта жандануы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы туризм, іскерлік, мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ аймақаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Әлемдік өркениеттің ең ежелгі орталықтарының бірі және Ұлы Жібек жолының маңызды тарихи торабы Самарқанд қаласы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристерді тартады. Сонымен қатар, Алматы - Қазақстанның ең ірі іскерлік, қаржы және мәдени орталығы. Бас консулдық әуе қатынасының қайта жандануын құптайды және бұл рейстер екі ел аймақтары арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1182598?lang=kk
«Халық үні» бақылаушылары: «Референдумда айтарлықтай заң бұзушылық болған жоқ» 16.03.2026
Алматыда өткен референдум барысында елеулі заңбұзушылықтар тіркелген жоқ, ал дауыс беру процесін ұйымдастыру сапасы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда жақсарған. Мұндай пікірді жазушы, экономист және қоғам қайраткері Бекнұр Қисықов білдірді. Ол тәуелсіз байқаушыларды оқытуға қатысып, сонымен қатар қаладағы дауыс беру барысын жеке өзі бақылаған.Оның айтуынша, ел бойынша референдумды мониторингтеу жұмысына «Халық үні» қоғамдық бірлестігінің дайындықтан өткен еріктілері тартылған.«Қазақстан бойынша біздің коалиция мен бастама аясында шамамен екі мыңға жуық байқаушы жұмыс істеді. Олар бұл іске материалдық сыйақы үшін емес, азаматтық ұстаныммен қатысты. Елдегі маңызды кезеңге үлес қосу ниетімен келген жастар болды. Біз оларға арнайы оқыту өткізіп, бақылау тәртібі мен заң талаптарын түсіндірдік. Соның нәтижесінде қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті», – деді Бекнұр Қисықов.Ол өңірлер бойынша сайлаушылар белсенділігінде айтарлықтай айырмашылық болғанын да атап өтті. Кейбір облыстарда қатысу деңгейі 87–90 пайызға жетсе, Алматыда бұл көрсеткіш шамамен 33 пайызды құрады.«Бір қарағанда 33 пайыз төмен көрсеткіш сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен мегаполистің ерекшелігін ескеру қажет: қала тұрғындары мобильді, олардың саяси үдерістерге қатысу форматы өзгеше болуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Алматыдағы бұл дерек те өзіндік маңызға ие», – деп түсіндірді ол.Бекнұр Қисықовтың айтуынша, бақылау барысында жекелеген даулы жағдайлар тіркелген. Негізінен олар онлайн-трансляциялар жүргізу, бюллетеньдерді суретке түсіру және дауыс беру күні әлеуметтік желілерде үгіт сипатындағы жазбалар жариялау мәселелеріне қатысты болған.«Қазіргі таңда әлеуметтік желілер белсенді дамып келеді. Кейбір азаматтар өз ұстанымын учаскеде тікелей көрсетуге тырысады. Бюллетеньді суретке түсіріп, интернетке жариялаған жағдайлар кездесті, алайда бұл заңмен шектелген. Сонымен қатар онлайн-трансляциялар төңірегінде де пікірталас болды: заңда нақты көрсетілмегенімен, мұндай әрекеттер дауыс құпиясына әсер етуі мүмкін деген нормалар бар. Сондықтан осы тақырыптар бойынша кейбір келіспеушіліктер туындады», – деді ол.Сонымен бірге ол Алматыда бақылаушылар тарапынан бюллетеньдерді жаппай тастау сияқты ірі бұзушылықтар анықталмағанын айтты. Оның пікірінше, сайлау процесін ұйымдастыру деңгейі жыл өткен сайын жетілдіріліп келеді.«Өткен науқандармен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеу бар. Учаскелерде ақпараттық материалдар, байланыс деректері, жоспарлар және дауыс жәшіктерінің орналасуы талапқа сай рәсімделген. Ұйымдастыру жұмыстары кәсіби деңгейде атқарылған. Жалпы алғанда, дауыс беру тыныш әрі қалыпты жағдайда өтті», – деп қорытындылады Бекнұр Қисықов.
«Ел Дауысы» байқаушылары: референдум заң талаптарына қатаң сай өтті 16.03.2026
«Ел Дауысы» қоғамдық қоры 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда өткен республикалық референдумға қатысты тәуелсіз қоғамдық бақылаудың қорытындыларын жариялау мақсатында ашық баспасөз конференциясын ұйымдастырды.Іс-шара барысында қор өкілдері дауыс беру күніндегі байқаушылар жұмысының барысы туралы ақпарат беріп, алдын ала нәтижелерді таныстырды және сайлау учаскелеріндегі процестің ұйымдастырылуына қатысты негізгі тұжырымдарымен бөлісті.Қор жетекшісі Аида Джексенованың айтуынша, «Ел Дауысы» 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ұйым 6000-нан астам байқаушыны оқытып, кәсіби даярлықтан өткізген. Қор барлық өткен электоралдық науқандарға, соның ішінде парламенттік және президенттік сайлауларға қатысып, референдумдарды бақылау тәжірибесін де қалыптастырған.Оның сөзінше, биыл референдум өткізу туралы шешім жарияланғаннан кейін қор дереу әрекет етіп, бұрынғы аккредитация мерзімі аяқталуына байланысты оны жаңартқан. Осыдан соң тәуелсіз бақылауды ұйымдастыру жұмыстары басталған. Сонымен қатар, 2020 жылдан бері қалыптасқан тұрақты байқаушылар тобының арқасында бақылау ауқымы кеңейтілді. Тәжірибелі қатысушылардың көмегімен жаңа еріктілер қосылып, кейбір азаматтар әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланысқа шыққан.2026 жылғы жоба аясында қоғамдық бақылау еліміздің 32 қаласын қамтыды. Байқаушылар ірі мегаполистермен қатар өңірлік және шағын қалаларда да жұмыс істеді. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қостанай, Ақтау, Атырау, Тараз, Түркістан, Петропавл, Қызылорда, сондай-ақ Екібастұз, Жезқазған, Сәтбаев, Кентау, Талғар, Қонаев, Степногорск, Риддер және басқа да елді мекендер бар.Дауыс беру күні байқаушылар учаскелердің ашылуынан бастап процестің аяқталуына дейін барлық кезеңді қадағалады. Олар дауыс беру барысын, рәсімдердің сақталуын, комиссия жұмысының ұйымдастырылуын, дауыстарды санау процесін және қорытынды құжаттарды рәсімдеуді тіркеп отырды.Өңірлерден түскен мәліметтер жергілікті үйлестірушілер арқылы орталық штабқа жеткізіліп, жүйеленді. Алдын ала талдау нәтижелері бойынша, көптеген учаскелерде дауыс беру тыныш әрі тәртіпті жағдайда өткен. Тіркелген жекелеген ескертулер рәсімдік сипатта болып, қорытынды нәтижелерге айтарлықтай ықпал етпеген.Аида Джексенова азаматтардың қоғамдық бақылауға қызығушылығының артқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл белсенділік дауыс беру күні де байқалған. Байқаушылар әр қалада жұмыс істеп, ақпаратты тұрақты түрде штабқа жолдап отырған. Ол қоғам өкілдерінің қоғамдық үдерістерге қатысуға және ашықтықты қамтамасыз етуге дайын болуы маңызды екенін айтты.Қор басшысы қоғамдық бақылаудың басты мақсаты — процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнаманың сақталуын қадағалау екенін ерекше атап өтті.
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады 16.03.2026
16 наурыз күні «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумды бақылаудың алдын ала қорытындыларын жариялау мақсатында баспасөз конференциясын өткізді.Жиында журналистер алдында саясаттанушылар Нұрболат Нышанбай, Нұргелді Әбдіғаниұлы, қоғам қайраткері Дос Көшім және топ мүшесі Бекнұр Қысықов сөз сөйледі.Сарапшылардың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар тобын құру бастамасы жаңа Конституция жобасының алғашқы нұсқасы жарияланған сәттен кейін бірден көтерілген. Бұл идеяны саясаттанушы Нұрболат Нышанбай ұсынған. Кейін оны азаматтық қоғам өкілдері мен қоғамдық белсенділер қолдаған. Топтың басты мақсаты — 15 наурызда өткен дауыс беру барысын бақылап, оның ашықтығын қамтамасыз ету және ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алу болған.Бір айға жуық уақыт ішінде дайындық жұмыстары жүргізіліп, түрлі қалалардан еріктілер тартылды. Бақылаушылар үшін арнайы оқыту мен нұсқаулықтар ұйымдастырылып, оларға сайлау заңнамасының талаптары мен қоғамдық бақылау жүргізу қағидалары түсіндірілді.Референдум өткен күні «Халық үні» тобының шамамен екі мыңға жуық бақылаушысы Қазақстанның 11 қаласындағы сайлау учаскелерінде жұмыс істеді. Олардың қатарында Алматы, Тараз, Түркістан, Орал, Қонаев және Талдықорған қалалары бар. Бақылаушылар учаскелер ашылған сәттен бастап дауыс беру аяқталғанға дейін қатысып, барлық рәсімдердің сақталуын қадағалап, процесті тіркеп отырды.Нұрболат Нышанбайдың айтуынша, тәуелсіз бақылаушылар институтын дамыту қоғамдағы саяси мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Қазіргі таңда жиналған барлық ұсыныстарды талдап, оларды Орталық референдум комиссиясына жолдау жоспарланып отыр.Сарапшылар тобының қорытындысы жалпы алғанда Орталық референдум комиссиясы жариялаған ресми мәліметтермен сәйкес келгені де айтылды.Баспасөз конференциясында қатысушылар Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы учаскелерде тәуелсіз бақылаушылардың болуы қоғамдық бақылаудың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл дауыс беру процесінің ашықтығын арттырып, азаматтардың саяси науқандарға деген сенімін күшейтуге мүмкіндік берген.Кездесу соңында топ өкілдері бастаманың негізгі мақсаты — қоғамның сайлау рәсімдеріне деген сенімін арттыру және азаматтық қатысу мәдениетін дамыту екенін тағы да атап өтті. Баспасөз конференциясы қоғамдық бақылаудың алғашқы нәтижелерін таныстырып, маңызды саяси үдерістің ашықтығын қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлі талқыланған алаңға айналды.
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады 16.03.2026
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % құрады.Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1182566?lang=kk
Бақылау-касса машинасы 16.03.2026
Құрметті салық төлеушілер! «Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген бақылау-касса машиналарына (бұдан әрі – БКМ) қойылатын техникалық талаптарға енгізілген өзгерістерге сәйкес тауарлардың ұлттық каталогына автоматты түрде қосылуды және оларды анықтауды көздейтін БКМ-ден фискалдық деректер операторларының 2.0.3 нұсқасының серверіне деректерді беру хаттамасы (бұдан әрі-2.0.3 нұсқасының Хаттамасы) әзірленді БКМ геолокациясы. 2.0.3 нұсқасының хаттамасына көшу үшін 2025 жылғы 17 қарашаға дейін мерзім белгіленген. 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап 2.0.2 нұсқасының хаттамасын толық өшіру жоспарлануда екенін естеріңізге саламыз. 2.0.3 нұсқасының хаттамасына БКМ жаңарту қажет.Еске саламыз, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап 2.0.2 нұсқасының хаттамасын толығымен өшіру жоспарлануда. Осыған байланысты бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолданатын салық төлеушілер БКМ-нің 2.0.3 нұсқасының хаттамасына көшуін қамтамасыз етуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1182278?lang=kk
М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық рухтан – жаңашылдыққа» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті 16.03.2026
16 наурыз – елімізде «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» ретінде атап өтіледі. Бұл күн – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке. Осыған орай, Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық рухтан – жаңашылдыққа» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрме барысында жасанды интеллект көмегімен қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдарының шығу тарихы, олардың ұлттық дүниетанымдағы орны туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ, бұл бұйымдардың бүгінгі заманмен сабақтастығы көрсетіліп, заманауи баламалары таныстырылды. Шара барысында музей қызметкерлері көрме экспонаттары жайлы кеңінен таныстырып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығына тоқталды. Көрмені Талдықорған қаласындағы № 1, № 2 және № 4 мектептердің оқушылары тамашалап, ұлттық мұрамен танысып, ерекше әсер алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1182255?lang=kk
Гвардейск гарнизонында танк бөлімшелерінің штаттық атыстары өтті 16.03.2026
Құрлық әскерлері Оқу орталығының полигонында мерзімді әскери қызметшілер Т-72 танкісінің қару-жарағынан жоспарлы штаттық атыстарды орындады.Дайындықтың алғашқы кезеңінде сарбаздар танк қару-жарағының материалдық бөлігін зерделеп, қауіпсіздік ережелерін үйренді. Кейін олар жаттығу талаптарын қалай орындау керегін меңгеріп, жауынгерлік техниканы пайдалану негіздерін оқыды. Сондай-ақ тренажерлар мен симуляторларда экипаж мүшелерінің іс-қимылына жаттықты. Теориялық білім мен бастапқы практикалық дағдыларды бекіткеннен кейін әскери қызметшілер полигондағы жаттығуларға жіберілді. Алдымен олар оқу оқ-дәрілерімен практикалық атыстарды пысықтап алды. Дайындықтың соңғы кезеңінде танк қаруынан штаттық снарядтармен жауынгерлік жаттығуларды орындауға кірісті.– «Танкист» мамандығына оқып жатқан сарбаз алғашқы штаттық снарядпен атқанда ғана нағыз танкистке айналады. Дәл сол кезде ол танк қаруының қуатын сезініп, дайындық барысында үйренген машықтарының бәрін іс жүзінде дәлелдейді, – деп атап өтті танкистер мектебінің бастығы гвардия капитаны Бағлан Серікбай.Атыс жаттығулары жеке құрамның танк қаруын сенімді меңгергенін және жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге дайын екенін көрсетті. Оқу орталығы Қарулы күштердің бөлімшелері үшін кіші мамандар даярлайды. Мұнда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер алты ай бойы механик-жүргізуші, танк және жаяу әскер жауынгерлік машиналарының көздеуші операторы, сондай-ақ бронетранспортер мен КАМАЗ көлігінің жүргізушісі секілді әскери есептік мамандықтар бойынша оқытылады. Курс аяқталған соң олар өз мамандығы мен әскердің қажеттілігіне сәйкес әскери бөлімдерге жіберіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1182254?lang=kk
Көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік 16.03.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында Қостанай қаласы көшелерін қардан уақытылы әрі сапалы тазарту жұмысымен танысты.Қыс мезгілінде қаладан 313 мың тонна қар шығарылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (95 мың тонна). Негізгі жүктеме 5 қар полигонына түсуде. Қазіргі уақытта олардың толу деңгейі 60%-дан 90%-ға дейін жетіп отыр.Қостанай-2 ауданында су басуы ықтимал 44 тұрғын үй орналасқан. Осы аумақтан 40 мың тоннадан астам қар шығарылды.«Қазіргі уақытта біздің басты міндетіміз – көшелерден, аулалардан, жол қиылыстарынан және еріген қар суы жиналу қаупі бар аумақтардан қарды шығаруды барынша жеделдету. Еріген судың еркін ағуы үшін суағарларды, арықтарды және су бұру арналарының тазалығына ерекше назар аудару қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Еріген қар суын өткізу үшін 110 км суағар жүйесі жұмыс істейді, оның 4,9 шақырымы Қостанай-2 ауданында орналасқан. Сонымен қатар суды Тобыл өзеніне бағыттауды қамтамасыз ететін 5 гидротехникалық нысан бар.«Жұмыстар жүйелі түрде және күшейтілген режимде жүргізілуі тиіс. Барлық қажетті техниканы жұмылдыру, тәулік бойы бақылау ұйымдастыру және проблемалық учаскелерге жедел әрекет ету маңызды. Бұл жұмыстың тиімділігі тұрғындардың қауіпсіздігіне, қалалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысына және қаланың көктемгі кезеңге дайындығына тікелей әсер етеді. Біздің міндетіміз – қаланың көктемді дайын күйде және су басу қаупін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау», – деді аймақ басшысы.«КапиталГруппСоюз» ЖШС қарды күшейтілген режимде шығаруда. Жұмысқа 18 бірлік техника тартылған. Сонымен қатар облыстық ТЖД жеке құрамы, ІІМ академиясының 80 курсанты, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының 50 еріктісі жұмылдырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1182191?lang=kk
Нью-Делиде Қазақстандағы конституциялық реформаның нәтижелері таныстырылды 16.03.2026
Нью-Дели, 2026 жылғы 16 наурыз - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшісі Азамат Есқараев Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сиби Джорджпен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында қазақ дипломаты үнді тарапын елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және институционалдық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық өзгерістердің маңызы ерекше атап өтілді. Бұл реформалар мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тиімді тепе-теңдік пен өзара жауапкершілік тетіктерін нығайтуға бағытталған.Аталған өзгерістер қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және елдің орнықты әрі инклюзивті әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар бұл реформалар Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді және болжамды серіктес ретіндегі беделін одан әрі нығайтып, Үндістанмен сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту үшін қолайлы жағдай қалыптастыратыны атап өтілді. С. Джордж Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыру бастамаларын жоғары бағалап, олардың нәтижелері Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, Үндістанмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін беретінін атап өтті.Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Алдағы саяси консультацияларға дайындық аясында екіжақты күн тәртібін мазмұнды әрі практикалық бастамалармен толықтырудың маңыздылығы атап өтілді.Кездесу барысында Елші А. Есқараев үнді әріптесін көктемнің жаңаруын, бірлік пен ізгілікті бейнелейтін Наурыз мерекесімен құттықтап, оның Наурызнама тұжырымдамасы аясында халықаралық достық пен мәдени диалогты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыру және бірлескен бастамаларды ілгерілету жөнінде уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1182165?lang=kk
Қорғаныс министрі Арнайы операциялар күштерінің Астанадағы әскери бөлімдерін тексерді 16.03.2026
Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Арнайы операциялар күштері әскери нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуден өткізу бойынша жол картасының іске асырылуын тексерді.Астанадағы әскери бөлімде Қорғаныс министрі Әскери инфрақұрылым бас басқармасы өкілінің әкімшілік аймақтың құрылысы туралы баяндамасын тыңдады. Мұнда жауынгерлік бөлімшелерді, штаб пен медициналық пунктті орналастыру жоспарланған. Жұмыстың сапасын тексерген министр нысандарды пайдалануға берудің мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігін атап көрсетті.Казармалық ғимаратта авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов кіреберістің жабдықталуын, тәуліктік кезекшілік өткізу орнының дайындығын, сондай-ақ қаруды сақтау және тазалау бөлмелерін тексерді.Бөлім қолбасшылығы министрге қолда бар қару-жарақ, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, РХБҚ, инженерлік және медициналық заттардың жай-күйі туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлік дайындық деңгейін қамтамасыз ету үшін алдағы сатып алу жоспарлары да таныстырылды.Тексеру қорытындысын жасаған Қорғаныс министрі жол картасын іске асыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру және жеке құрамның жабдықталу жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1181938?lang=kk
Қызылтөбе ауылдық округі аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде. 📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 16.03.2026
Қызылтөбе ауылдық округі аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.📍Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-qyzyltobe/press/news/details/1182011?lang=kk
Банк шоты бұғатталды ма? Дүрбелеңге салынбаңыз: дәл қазір не істеу керек (SalyqBot көмегімен) 16.03.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бір жағымсыз жағдай туралы хабарлайды: зат сатып алғыңыз немесе аударым жасағыңыз келеді, бірақ банк қосымшасы «Шотқа шектеу қойылған» деген хабарлама береді. Көбінесе бұған салық берешегі немесе уақытылы тапсырылмаған есептілік себеп болады.Call-орталықтарға хабарласып немесе мемлекеттік кірістер басқармасына барудың орнына, Telegram-дағы SalyqBot-ты пайдаланыңыз. Бұл — мәселенің мән-жайын білудің ең жылдам жолы. Бот шотты бұғаттан шығаруға қалай көмектеседі? Себебін білу: Ботқа ЖСН-іңізді енгізіңіз, ол салық берешегіңіздің бар-жоғын көрсетеді. Көбінесе шот сіз білмейтін тиын-тебен өсімпұл (пеня) үшін бұғатталады.Өкімдердің бар-жоғын тексеру: Сервистер бөлімінде мемлекеттік кірістер органы (МКД) шоттарыңыз бойынша операцияларды тоқтату туралы ресми өкім шығарған-шығармағанын тексере аласыз.Қарызды сол жерде төлеу: Бот нақты деректемелер мен сомаларды береді. Төлем жасалып, ақпарат базада жаңартылған бойда шоттар автоматты түрде бұғаттан шығарылады (әдетте бұл ақша түскеннен кейін бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін уақыт алады). SalyqBot-тағы қадамдық іс-қимыл жоспары:Telegram-нан @SalyqBot-ты табыңыз.«Старт» батырмасын басып, телефон нөмірі арқылы қарапайым тіркелуден өтіңіз.«Салық берешегі» бөлімін таңдаңыз.Егер қарыз болса — оны ботта көрсетілген деректер бойынша банк қосымшасы арқылы төлеңіз.Маңызды: Бот 24/7 жұмыс істейді. «Бұғаттаудың» себебін түсіну үшін дүйсенбі күні таңертең салық мекемесінің ашылуын күтудің қажеті жоқ.Бұл жазбамен достарыңызбен бөлісіңіз! Шоттың бұғатталуы әрқашан күтпеген жерден болады, сондықтан бұл құралдың алдын ала қол астында болғаны абзал.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1188186?lang=kk