Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ САЛЫНДЫ 03.03.2026
Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдау мақсатында көп қабатты тұрғын үйдің қасбетіне ауқымды мурал салынды. Нұрсәт-2 шағын ауданындағы №17 үйге салынған туындының биіктігі 14 метрді, ал, ені 10 метрді құрайды.«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен салынған жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы елдің дамуындағы іргелі мәселелерді қамтып, мемлекеттілікті нығайтуға және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған. Аталған құжатты қабылдау бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.
ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ! 03.03.2026
Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз.Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді.Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ!Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚОРҒАЛУЫ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы әрбір баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Балалар – елдің болашағы, сондықтан олардың толыққанды дамуы, білім алуы, денсаулығы және әлеуметтік қорғалғандығы мемлекет тарапынан кепілдендірілген.Жаңа Конституцияға сәйкес, әрбір бала заңмен қорғалған және ешқандай кемсітуге ұшырамауы тиіс. Мемлекет балаларға қарсы кез келген зорлық-зомбылық, қанау немесе қараусыз қалдыру жағдайларын болдырмауға жауапты. Сонымен қатар, балалардың білім алу құқығы, медициналық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі, ойын-сауық пен демалысқа деген құқықтары толық қорғалған.Мемлекет отбасылар мен балаларды әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде жүзеге асырады. Бұл тұрғыда, балалар үйі немесе басқа да арнайы мекемелерде тәрбиеленетін балалардың құқықтары ерекше назарда болады. Сондай-ақ, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге құрмет көрсету арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру де жаңа Конституцияда айқын белгіленген.Жаңа Конституция балалардың қауіпсіздігін, құқықтары мен мүдделерін қорғауды құқықтық деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл – Қазақстанның қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтуға деген нақты қадамы.
МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мәдени мұраны сақтау мен қорғау ерекше маңызды міндет ретінде қарастырылған. Елдің тарихи және мәдени құндылықтары – ұлттық бірліктің, қоғамның дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан мемлекет бұл саланы құқықтық деңгейде қамтамасыз етуді басты бағыттарының бірі етіп белгілейді.Мәдени мұраны қорғау аясында тарихи ескерткіштерді, археологиялық орындарды, дәстүрлі өнер мен әдебиет үлгілерін сақтау мен қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, ұлттық тіл мен салт-дәстүрді сақтау, халықтық өнер мен қолөнерді дамыту мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарына айналады.Жаңа Конституция әрбір азаматқа мәдени мұраны құрметтеу және оны келер ұрпаққа жеткізу міндетін жүктейді. Бұл тәсіл қоғамдағы тарихи сананы қалыптастыруға, мәдени сабақтастықты нығайтуға және Қазақстанның біртұтас ұлттық мәдени кеңістігін сақтауға бағытталған.Мәдени мұраны қорғау – тек өткенді сақтау ғана емес, сонымен қатар елдің болашағын құрудың маңызды құралы. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу жолында нақты қадамдар жасайды.
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСЫМДЫЛЫҒЫ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді негізгі мемлекеттік басымдықтардың бірі ретінде қарастырады. Қауіпсіздік – елдің тұрақтылығы мен экономикалық, әлеуметтік дамуының кепілі болып табылады. Сондықтан мемлекет өзінің азаматтарының қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұтастығын қорғауды құқықтық деңгейде қамтамасыз етеді.Жаңа Конституция бойынша, ұлттық қауіпсіздік әртүрлі аспектілерді қамтиды: сыртқы қауіптерден қорғану, ішкі тұрақтылықты сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен стратегиялық ресурстарды қорғау. Бұл бағыттағы шаралар елдің тыныштығы мен азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Сонымен қатар, Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікке ерекше мән берілген. Бұл – құқықтық мемлекет қағидатын сақтау мен азаматтық қоғамды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды принцип.Ұлттық қауіпсіздік басымдылығы – Қазақстанның тұрақты дамуы мен стратегиялық мүдделерін қорғаудың негізі. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, қауіпсіз әрі сенімді ел қалыптастыру жолында нақты қадамдар жасайды.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жергілікті өзін-өзі басқаруды қоғам мен мемлекеттің тиімділігін арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырады. Бұл қағида әрбір аймақтың, қала мен ауылдың даму мәселелерін жергілікті деңгейде шешуге, тұрғындардың нақты қажеттіліктеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді.Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтарға өз өміріне тікелей әсер ететін шешімдер қабылдауға қатысу құқығын береді. Бұл – тұрғындардың құқықтарын қорғау, қоғамдық мәселелерді шешу және жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану үшін маңызды механизм. Сонымен қатар, жергілікті билік пен қоғам арасындағы диалогты күшейтіп, қоғамдағы сенімді нығайтады.Жаңа Конституция жергілікті басқаруды құқықтық және қаржылық негізде қамтамасыз етеді, бұл аймақтарда әлеуметтік-экономикалық даму мен өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару ұлттық мүдде мен дәстүрлерді сақтау, мәдени және табиғи ресурстарды қорғау бағытында да маңызды рөл атқарады.Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы – Қазақстандағы демократиялық принциптердің одан әрі нығаюы, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, аймақтардың тұрақты дамуына, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар жасайды.
Жаңа Конституция: қала тұрғындарымен ашық диалог 03.03.2026
Шымкент қаласының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. №136 мектеп ғимаратында ұйымдастырылған басқосу әртүрлі буын өкілдерін біріктіріп, ашық пікір алмасу алаңына айналды.Жиын барысында қатысушылар реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, оның әрбір азамат үшін маңыздылығын атап өтті. Абай ауданытұрғындары Конституциядағы өзгерістердің ел болашағына бағытталған стратегиялық қадам екенін жеткізді.Кездесуде сөз алған қалалық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмурзаев жаңа құжат келер ұрпақтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін айтты.– Біздің мемлекетіміз әрқайсымыздан, балаларымыз бен немерелерімізден құралады. Ең басты тілегім – олардың бейбітшілік пен берекеде өмір сүруі. Заңға енгізілген өзгерістер дәл осы болашақ үшін қызмет етуі тиіс. Әр азамат 18 жастан бастап ел тағдырына бейжай қарамауы керек. Бұл – біздің жеріміз, Қазақстан жері. Белсенді әрі саналы болу – жүрек қалауынан туындауы қажет, – деді ол.Өз пікірін білдірген шаһар тұрғыны Нарипа Туктыбаева да реформалардың ауқымдылығына назар аударды.– Біз Қазақстанның жаңа Конституциясын толық қолдаймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың бағыты дұрыс деп санаймын. Ел ретінде алға қадам басуымыз қажет, – деді ол.Сонымен қатар Әділ билер республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Нұржан Жанзаков экономикалық мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы дамытуға және цифрлық бағдарламаларды тиімді іске асыруға бағытталуы тиіс.Мұндай кездесулер тұрғындарға Конституцияға енгізілген өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіруге ғана емес, сонымен қатар кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Жиын қорытындысы бойынша тұрғындар жаңа құжатқа қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АТА ЗАҢНЫҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 03.03.2026
Денсаулық сақтау саласы – қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы мен ұлт болашағын айқындайтын стратегиялық бағыттардың бірі. Адам өмірі мен денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлері ел өміріндегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, қоғамдық бастамаларға белсенді түрде қатысып келеді. Осы тұрғыда Конституцияның жаңартылған мазмұнын түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.Жиын Қалалық балалар клиникалық ауруханасы ұжымының қатысуымен өтті. Кездесу барысында елдегі конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына ықпалы кеңінен талқыланды.Басқосуда сөз сөйлеген заң ғылымдарының кандидаты Ботабек Имашев тұрақтылық кез келген мемлекеттің өркендеуінің басты шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде қабылданған қолданыстағы Конституция мемлекеттілікті қалыптастыруда тарихи миссиясын абыроймен атқарды. Алайда жаһандық геосаяси ахуалдың өзгеруі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы және қоғамдық сұраныстың артуы құқықтық жүйені заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді.– Жаңа Конституция адам құқықтары мен заң үстемдігін басты құндылық ретінде айқындайды. Бұл – білім мен ғылымға негізделген, әділетті әрі өркениетті мемлекет құруға бағытталған нақты қадам, – деді Ботабек Есенбекұлы.Жиын барысында аурухананың пульмонология бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Наурызова мен қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өркен Ақбаев та пікір білдірді. Олар Конституцияның жаңа редакциясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігі қағидатына ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар енгізілген өзгерістер қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.Кездесу ашық форматта өтіп, медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды. Жиын қортыныдысы бойынша қатысушылар жаңа Конституцияға қолдау білдірді.
ШЫМКЕНТ: «Karlskrona LC AB» кәсіпорнында еңбек ұжымымен кездесу өтті 03.03.2026
Шымкент қаласында Жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен маңызын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға арнайы сарапшы маман А.Монтаев пен Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Дархан Балажанов қатысып, «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің еңбек ұжымымен жүздесті.Еліміздегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі саналатын өндіріс орнында бүгінде 200-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Кәсіпорын директорының міндетін атқарушы, техникалық директор Асқар Ажаевтың айтуынша, жоғары сапа стандарттарына сай сорғылар мен сорғы жабдықтарын өндіретін зауыт өнімдеріне сұраныс тұрақты түрде артып келеді.Кәсіпорында ауыл шаруашылығы саласымен қатар мұнай және уран өндірісіне арналған сорғылар дайындалады. Өнімдер болат пен шойыннан құйылып жасалады. Шикізаттың басым бөлігі отандық көздерден алынады. Металл сынықтары арнайы балқыту цехында қайта өңделіп, қажетті қалыптарға құйылады. Заманауи технологиялар мен сапа талаптарының сақталуы нәтижесінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жоғары.Бүгінде зауыт өнімдеріне тек ішкі нарықта ғана емес, шетелде де сұраныс бар. Атап айтқанда, Түркия мен Үндістан мемлекеттерінен тұрақты тапсырыстар түсуде. Бұл – отандық өндірістің халықаралық деңгейде мойындалғанының айқын дәлелі.Осындай стратегиялық маңызы бар кәсіпорында еңбек ететін мамандар үшін елдің басты құқықтық құжаты – Конституция талаптарын білу айрықша маңызды. Жиын барысында арнайы сарапшы маман А.Монтаев пен Дархан Балажанов Ата заңға енгізілген өзгерістердің мәні мен мазмұнына жан-жақты тоқталды.– Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі рухани тірегі. Ол қоғам дамуының негізгі бағдарын айқындайды. Конституцияға енгізілген өзгерістер жай ғана заңнамалық түзетулер емес, ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басудың нақты көрінісі. Уақыт талабына сай саяси, экономикалық және қоғамдық қатынастар жаңарып отыр. Сондықтан Негізгі заңды жетілдіру – заман сұранысынан туындаған қажеттілік, – деді сарапшы ол.Кездесу барысында Жаңа Конституцияда әлеуметтік мемлекеттің рөлі айқындалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтілгені атап өтілді. Сонымен қатар саяси реформалардың билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға бағытталғаны, ал экономикалық өзгерістер кәсіпкерлік пен жеке бастаманы қолдауға мүмкіндік беретіні айтылды.Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, еңбек ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кеездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа құжатқа бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ МОДЕЛІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекет моделін қалыптастыруда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қағидаттарды біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Бұл принциптер бір-бірімен тығыз байланысты болып, елдің тұрақты дамуын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етеді.Демократиялық қағидат азаматтардың саяси өмірге еркін қатысуын, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін, сондай-ақ референдум мен сайлау институттары арқылы халық билігінің іске асуын қамтамасыз етеді.Зайырлы қағидат мемлекет пен діннің бөлінуін, барлық діндерге теңдік пен азаматтардың сенім бостандығын қамтамасыз етеді. Бұл принцип қоғамдағы әлеуметтік келісім мен әртүрлі мәдени-діни топтар арасындағы өзара құрметті нығайтады.Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін, мемлекеттік биліктің заңға бағынуын және азаматтардың құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттіктерін тек Конституция мен заңдарға сәйкес жүзеге асырады.Әлеуметтік мемлекет қағидаты халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған. Мемлекет әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін әлеуметтік кепілдіктер мен қызметтерді қамтамасыз етеді.Осылайша, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік қағидаттар бір-бірін толықтырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қоғамдағы әлеуметтік әділдік пен теңдікті қамтамасыз ететін мемлекет моделін қалыптастырады.
МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІК ПЕН АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҚ – ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының басты кепілі ретінде айқындайды. Бұл қағидаттар мемлекеттің тәуелсіздігін, саяси дербестігін және аумағының бүтіндігін қорғауға бағытталған маңызды құқықтық негіз болып табылады.Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы өз аумағында толық егемендікке ие және бұл құқық барлық мемлекеттік органдар мен азаматтар үшін міндет болып саналады. Мемлекеттік билік ұлттық мүддені қорғауға, сыртқы және ішкі қауіп-қатерге қарсы шаралар қабылдауға жауапты.Аумақтық тұтастық мемлекеттің барлық аймақтарының біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл принцип заң алдында теңдік пен аймақтар арасындағы әділ қатынасты бекітеді, сондай-ақ мемлекетішілік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық ұлттық қауіпсіздіктің негізгі негіздері ретінде елдің сыртқы саясатында да басты рөл атқарады. Бұл қағидаттар Қазақстанның халықаралық аренадағы құқықтық мәртебесін нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділікті арттырады.Осылайша, Конституцияда бекітілген мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастық қағидалары – Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылады.
ХАЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІРДЕН-БІР БАСТАУЫ: РЕФЕРЕНДУМ МЕН САЙЛАУ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ РӨЛІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы халықтың мемлекеттегі билікке қатысуын қамтамасыз ететін негізгі институттарды – референдум мен сайлауды – айқындайды. Бұл институттар демократиялық қоғамның негізгі тірегі болып саналады және азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуына құқықтық негіз береді.Референдум – азаматтардың маңызды мемлекеттік және қоғамдық мәселелер бойынша тікелей шешім қабылдау құралы. Конституция бойынша референдум арқылы халық өз пікірімен заң жобаларына, конституциялық өзгерістерге және маңызды саяси шешімдерге әсер ете алады. Бұл институт халықтың мемлекеттік билікке ықпалын нақты іске асыруға мүмкіндік береді.Сайлау институты да мемлекеттік биліктің легитимдігін қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Сайлау арқылы азаматтар Парламент, Президент және жергілікті өкілді органдар құрамын таңдай отырып, елдің саяси өміріне белсенді қатысады. Конституция сайлау процесінің ашық, әділ және тең негізде жүргізілуін қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғауды кепілдейді.Осылайша, референдум мен сайлау институттары – халық пен мемлекет арасындағы сенімділікті нығайтып, демократиялық қағидаттарды жүзеге асырудың басты тетіктері болып табылады. Халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде қоғамдағы шешім қабылдау процесінде белсенді рөл атқарады.
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ ЗАҢДЫҚ КҮШІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАҒИДАТЫ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын және ең жоғары заңдық күшке ие негізгі заң болып табылады. Конституцияның жоғары заңдық күші мемлекет аумағында қабылданатын барлық заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің оның талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.Жаңа Конституцияға сәйкес, Конституция нормалары тікелей қолданылады және мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың қызметі мен іс-әрекеттері Конституция талаптарына негізделуі тиіс. Бұл құқықтық мемлекет қағидатын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын және мемлекеттік биліктің заңмен шектелуін көздейді. Мемлекеттік органдар өз өкілеттіктерін Конституция мен заңдарға сәйкес жүзеге асырады және заң талаптарын сақтауға міндетті.Сонымен қатар, Конституцияның жоғары заңдық күші азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді қорғалуына құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың заңдылыққа негізделуін және әділдік қағидатының сақталуын қамтамасыз етеді.Осылайша, Конституцияның жоғары заңдық күші мен құқықтық мемлекет қағидаты еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, заң үстемдігін нығайтатын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізгі құқықтық негіз болып табылады.
ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЯСАТЫ – ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛДІГІ 03.03.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын және дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл норма әрбір азаматтың жеке кеңістігін қорғауға және оның құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталған маңызды құқықтық кепілдік болып табылады.Жаңа Конституцияға сәйкес, әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғылмайды, оның жеке кеңістігі мен дербес деректері заңмен қорғалады. Азаматтың жеке мәліметтерін жинау, сақтау және пайдалану тек заң талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талаптар азаматтардың жеке ақпаратын заңсыз пайдалануға жол бермеуге бағытталған.Цифрлық технологияларды кеңінен қолдану жағдайында дербес деректерді қорғау мәселесі ерекше өзектілікке ие. Осыған байланысты Конституция азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың жеке мәліметтерінің құпиялығын сақтауға құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл азаматтардың мемлекетке және цифрлық қызметтерге деген сенімін арттыруға ықпал етеді.Аталған нормалар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтіп, құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Жеке өмірге қол сұғылмау және дербес деректерді қорғау – цифрлық дәуірдегі қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың мәлімдемесі 02.03.2026
Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз.Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді.Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды.Өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1173138?lang=kk
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжімен онлайн-конференция 02.03.2026
2026 жылдың 25 ақпанында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжімен «Мұғалім болу – мақтаныш» облыстық жобасы аясында Осакаров ауданында 9-11 сынып оқушылары үшін Zoom онлайн конференциясы ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты: оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша жүйелі іс-шараларды ұйымдастыру, колледжде ұсынылатын мамандықтарды танымал ету және таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықты дамыту.Кездесу барысында колледждің оқытушылар құрамы оқу орны, сұранысқа ие мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау мерзімі, шәкіртақы алуға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ колледждің оқу-тәрбие және мектептен тыс жұмыстары туралы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1173121?lang=kk
Саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстары жаңа форматта жүргізілуде 02.03.2026
Қостанай қаласында бүгінде 7 саябақ пен 9 сквер бар. Соңғы бір жылдың ішінде 5 жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылып, пайдалануға берілді.Биыл өткізілген конкурс қорытындысы бойынша саябақтар мен скверлерді күтіп-ұстау жұмыстарын екі жергілікті компания жүзеге асыруда. Алғаш рет келісімшарттар 2 жыл мерзімге жасалды. Бұл формат жұмысты жүйелі жоспарлауға, қажетті техниканы алдын ала сатып алуға, мамандар құрамын қалыптастыруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, күтіп-ұстау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, қарды тазалау сапасы мен уақытылы орындалуына қатысты ескертулер бар. Мердігер ұйымдарға жұмысты күшейту және аумақтарды тиісті деңгейде күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Саябақтар мен скверлерде негізінен ұқыпты, қолмен тазалау тәсілі қолданылуы тиіс екеніне ерекше назар аударылды. Бұл тартан жабындысын, шағын сәулет нысандарын және жасыл желекті сақтау үшін маңызды. Техника абаттандыру элементтеріне зиян келтірмеуі қажет.Басты мақсат — Қостанай тұрғындары үшін саябақтар мен скверлердің жыл он екі ай бойы жайлы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1173123?lang=kk
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті 02.03.2026
Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы құрметін, қолдауы мен тілектестігін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуыл қатаң айыпталуы керек деп санайды.Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян еліміздің қолдауын жоғары бағалап, қазіргі халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдірді.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растады. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1173107?lang=kk
Сталкинг-қылмыстық жауапкершілікке тартылады 02.03.2026
2026 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұжымында Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындауға қатысты науқан аясында «Әйелге құрмет = қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» ұранымен некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сталкингке бей-жай қарамауға және мұндай жағдай туындаса бірден ішкі істер органдарына хабарласуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1172909?lang=kk
Мысырда Қазақстандағы Конституциялық реформалар талқыланды 02.03.2026
Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінде жергілікті зиялы қауым, Әл-Азһар университетінің ғалымдары, сарапшылар, бизнес және БАҚ өкілдеріне арналған ауызашар ұйымдастырылды.Аталған шара барысында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс мысырлық қауымға Қазақстанда мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған ауқымды конституциялық реформалардың жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат берді.А.Жеңіс Қазақстанда құрылымдық тұрғыдан да, мазмұны жағынан да түбегейлі ерекшеленетін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 2026 жылғы 15 наурызда жалпыұлттық референдумның өтетіні туралы айтты.Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституцияның ендігі кезекте бір палаталы Парламентке көшу, Вице-Президент институтын енгізу, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың іргелі құқықтарын қорғауды күшейту және т.б. маңызды мәселелерді қамтитыны хабардар етілді.Өз кезегінде, мысырлық тарап өкілдері Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістерді талқылауда белсенділік таныта отырып, олардың маңыздылығына өздерінің жоғары бағаларын берді.Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың дамуын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмыстарды жүргізуге мүдделіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1172746?lang=kk