Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан облысында энергетика саласын цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 15.07.2026
Ұлттық «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» жобасы аясында АСКУЭ жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Жоба бойынша 359 733 электр энергиясын есепке алу нүктесін жаңғырту көзделген, бұл жалпы нүктелердің 75,8%-ын құрайды.Жоба аясында ескірген есептегіш құралдары заманауи көптарифті интеллектуалды құрылғыларға ауыстырылады. PLC және RF байланыс арналары арқылы жұмыс істейтін «Орман» және «Дала» типті есептегіштер орнатылады.2026 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде АСКУЭ функциясы бар 8 753 есептегіш орнату жоспарланған. Оның ішінде Өскемен қаласында 7 403 құрылғы іске қосылады.Сондай-ақ 2026 жылы СК-11 бағдарламалық-техникалық кешені енгізілуде. Бұл жүйе электр желілерін жедел басқаруды жаңа деңгейге көтереді.Цифрлық трансформацияның маңызды бағыты — цифрлық егіздерді енгізу. Оның аясында 35–220 кВ электр желілерінің цифрлық моделі жасалып, телемеханикалық деректермен алмасу жүйесі қалыптастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/1255813?lang=ru
📍Саялы шағын ауданында ірі Даму және шығармашылық орталығының құрылысы аяқталды 15.07.2026
Алматының Алатау ауданындағы Саялы шағын ауданында балалар мен жастарға арналған жаңа Даму және шығармашылық орталығының құрылысы толық аяқталды.Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асатын үш қабатты заманауи кешен күніне 1350 баланы қабылдай алады.Нысан құрылысы 2025 жылы басталған. Бүгінде барлық құрылыс жұмыстары толық аяқталып, инженерлік желілер қосылды және аумақ абаттандырылды. Орталық пайдалануға берілгеннен кейін 70 тұрақты жұмыс орны ашылады.Жоба аясында балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына арналған заманауи әрі қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.Орталықтың бірінші қабатында 253 орындық көрермендер залы, жүзу бассейні, бокс және жекпе-жек залдары, сондай-ақ психолог, логопед және дефектолог кабинеттері орналасқан.Екінші қабат шығармашылық бағыттарға арналған. Мұнда музыка және дыбыс жазу студиялары, хореография залдары, бейнелеу өнері, мүсін және гончарлық шеберханалар, сондай-ақ 3D-модельдеу сыныптары жұмыс істейді.Ал үшінші қабат технопарк форматында жабдықталған. Онда робототехника, электроника, авиа және судомодельдеу зертханалары, планетарий, агрокультура және аквапоника кабинеттері қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-us/press/news/details/1255818?lang=ru
Астанада Бауыржан Макаевтің «Самғау» атты шығармашылық кеші өтті 15.07.2026
Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисті, «Құрмет» орденінің кавалері Бауыржан Макаевтің «Самғау» атты шығармашылық кеші өтті.Филармония концерт залында көрермен назарына өнерпаздың шығармашылық жолы, сахнадағы жетістіктері мен рухани мұрасы кеңінен дәріптелді. Концерттік бағдарламада өнер иесінің орындауында таңдаулы әндер шырқалып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Шығармашылық кешке арнайы қонақ ретінде елімізге танымал өнерпаздар да қатысып, өз өнерлерін ұсынды. Атап айтқанда, Санжай Әлмишев, Болат Қохаманов, Марат Нүкеев, Олжас Құрманбек және Мұрат Зайнұла сахна төрінде өнер көрсетіп, кештің мазмұнын аша түсті.Концерт барысында өнер иелері қазақ эстрадасының құндылықтарын дәріптеп, көрерменмен ерекше байланыс орнатты. Ән мен әуенге толы кешке жиналған қауым өнерпаздардың шығармашылығына жоғары бағасын берді.«Самғау» шығармашылық кеші – өнерге деген құрметті арттырып, ұлттық музыка мен сахна мәдениетінің дамуына үлес қосқан мазмұнды мәдени шаралардың бірі болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1255789?lang=ru
Әдеп нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті күшейту мәселелері бойынша түсіндірме жиналысы өткізді. 15.07.2026
Баянды ауылы әкімі аппаратының әкімі Қадырбек Құдабайұлы мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және қызметтік тәртіпті күшейту мәселелері бойынша түсіндірме жиналысы өткізді.Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту және қызметтік міндеттерді сапалы орындау қажеттігі атап өтілді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1255791?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді 15.07.2026
Шығыс Қазақстан облысындағы барлық білім беру нысандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №117 бұйрығымен бекітілген терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына сәйкес қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етілген.Қазіргі таңда облыста 344 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 85 мемлекеттік балабақша және 18 мемлекеттік колледж жұмыс істейді.Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 407 нысан Жедел басқару орталығына (ЖБО) және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған. Оның ішінде 325 нысан террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жатады.Сонымен қатар, облыстағы 447 білім беру ұйымы дабыл түймелерімен жабдықталған. Оның ішінде 325 нысан террористік тұрғыдан осал объектілер болып табылады.Білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, оқушылар мен педагогтердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.Қауіпсіздік – басты назарда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/1255783?lang=ru
Қалада 40 жаңа балалар алаңы салынуда 15.07.2026
Бүгін жұмыс сапары барысында қала әкімі балалар және спорт алаңдарын салу жобаларының жүзеге асу барысымен танысты.Үй маңындағы заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру – жайлы қалалық ортаны дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты Қостанай қаласының барлық аудандарында аулалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.Биыл қалада 40 жаңа балалар алаңын салу жоспарланған. Оның ішінде 10 алаң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жоспары аясында орнатылса, тағы 30 алаң тұрғындардың бастамасымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қыркүйек айының ортасына дейін Жастар бульварында, Қонай шағын ауданында және «Керуен» саябағында үш ірі ойын кешенін орнату көзделген.Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жоспары бойынша жүзеге асырылып жатқан 10 алаң толық, яғни 100 пайызға аяқталған. Ал «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясындағы 30 алаң бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқталады.Жыл соңына қарай Қостанай қаласындағы 550 аула аумағының 256-сында заманауи балалар ойын алаңдары орнатылатын болады.Сонымен қатар, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Биыл тағы 79 аулада жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1255756?lang=ru
Алматыдағы Республика алаңын көріктендіру жұмыстары аяқталды 15.07.2026
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында аяқталған көріктендіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Жұмыс сапары барысында оған қаланың басты қоғамдық кеңістіктерінің бірі – Республика алаңын қайта жаңғырту қорытындысы таныстырылып, сондай-ақ Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Луганский көшесіне дейінгі аралығын кешенді көркейту жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды.Жобаның тұжырымдамасын Ұлыбританияның Лондон қаласындағы LDA Design компаниясы әзірлеген. Бұл жұмысты Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты негізінде жүргізді.Жобаның басты мақсаты – жүргіншілерге басымдық берілетін, заманауи, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру. Республика алаңында көріктендірілген аумақтың жалпы көлемі 4,5 гектар.Алаңда қоғамдық кеңістіктің жабындары толық жаңартылып, инженерлік желілер, сыртқы жарықтандыру және автоматтандырылған суару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды. Құрылыс барысында пайдалану мерзімі 10 жылдан заманауи, төзімді материалдар қолданылды. Бұл алдағы уақытта аумақты күтіп-ұстау шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.Көгалдандыру жұмыстары ауқымды көлемде жүргізілді. Алаңға 233 ірі ағаш, 63 мыңнан астам бұта және 17,7 мың көпжылдық өсімдік егіліп, көгалдар мен беде жамылғысы төселді. Кешкі уақытта жасыл желек сәулеттік-көркем жарықпен әрленіп, қоғамдық кеңістіктің ажарын аша түседі. Сонымен бірге, аумаққа 129 заманауи жарық шамы орнатылып, алаң толық жарықтандырылды.Тұрғындардың жайлы демалысы үшін заманауи балалар ойын алаңдары, серуендеу жолдары, демалыс аймақтары және екі амфитеатр салынды. Сондай-ақ, алаңда велосипед жолақтары жасалып, олар болашақта Сәтбаев көшесі бойымен өтетін бірыңғай веложол желісінің құрамына енеді. Бұдан бөлек, орындықтар, қоқыс жәшіктері, велосипед тұрақтары, үстелдер, креслолар, ландшафтық жиһаздар, аркалар және басқа да шағын сәулет нысандарын қамтитын 500-ден астам көріктендіру элементі орнатылды.Жаңартылған алаңның басты ерекшеліктерінің бірі – қоғамдық кеңістіктің жаңа ландшафтық келбетін айшықтайтын сегіз сәндік су айдыны. Бұған қоса, бұрыннан бар субұрқақтар толық жөндеуден өткізіліп, заманауи жаңа субұрқақ кешендері салынды. Олар қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналмақ.Жоба аясында көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Сәтбаев көшесінде жаңа қоғамдық көлік аялдамасы пайдалануға беріліп, қаланың әкімшілік әрі іскерлік орталығына қатынау мүмкіндігі жақсарды. Сонымен қатар қосымша бағдаршамдар орнатылып, реттелетін жүргіншілер өткелдері жасалды және халықтың барлық санатына қолайлы кедергісіз орта қалыптастырылды.Жобаны іске асыру барысында ескі жабындар алынып, жаңа инженерлік коммуникациялар тартылды, автоматты суару жүйесі, павильондарға арналған негіздер және басқа да қажетті құрылыс жұмыстары орындалды.Жоба толық аяқталған соң Сәтбаев көшесі бойында біртұтас заманауи қоғамдық кеңістік қалыптасады. Ал жаңарған Республика алаңы Алматының ең көрікті әрі тартымды қоғамдық орындарының бірі ретінде тұрғындар мен қала қонақтарына серуендеуге, тынығуға, спортпен айналысуға, мәдени іс-шаралар мен мерекелік басқосулар өткізуге қолайлы мекен болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1255740?lang=ru
Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады 15.07.2026
Бүгін Алматы қаласында белгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің өндірісін ресми түрде бастау рәсімі өтті.Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты.Үкімет басшысының орынбасары Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.«Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған үлесіңіз үшін Сізге алғыс білдіремін. Алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін», – деді Аида Балаева.Кездесу барысында Джеки Чан Алматының талантты жас суретшілерімен және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас кинематографистермен әңгімелесті. Ол жастарға шығармашылық жолда табыс тілеп, үздіксіз ізденіс пен өз ісіне деген сүйіспеншіліктің маңызын атап өтті. Кездесу соңында балалар әйгілі актерге өздері салған портреттерді тарту етті.Іс-шара соңында қатысушылар дәстүрлі түсірілім тақтайшасымен естелік суретке түсті. Осылайша фильм өндірісінің ресми басталғаны айшықталды.Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қытайдың мемлекеттік кинокомпаниясы China Film Group Corporation-ның қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильм өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы және гонконгтық Billion Target компаниясы айналысады.Фильм түсірілімі 2026 жылғы шілде мен қазан айлары аралығында Қазақстан аумағында өтеді. Картинаның қоюшы режиссері – қазақстандық Роберт Кун. Туынды кең халықаралық прокатқа бағытталған. Негізгі түсірілім алаңдары Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында орналасады.Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық әрі имидждік тұрғыдан маңызды. Оның жүзеге асырылуы еліміздің мәдени, туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілетуге, кинотуризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанды әлемдік деңгейдегі ірі киножобаларды түсіруге қолайлы заманауи алаң ретінде кеңінен танытуға ықпал етеді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1255715?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысындағы Киін-Керіш шатқалында туристік аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды 15.07.2026
Шығыс Қазақстан облысының бірегей табиғи нысандарының бірі – Киін-Керіш шатқалындағы туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды.2026 жылғы 9 маусымда өткен мемлекеттік конкурс қорытындысы бойынша мердігер ұйым туристік бағыттаушы көрсеткіштер мен демалуға арналған беседкаларды дайындады. Орналастыру орындары келісілгеннен кейін 15 маусымда барлық нысандар орнатылып, 30 маусымда жұмыстар толық аяқталды.Жүргізілген іс-шаралар Киін-Керішке келетін туристер үшін сапарды барынша жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1255650?lang=ru
Ұлы Даланың жан дүниесі Скопье жүрегінде жаңғырады! 15.07.2026
Құрметті достар!«Скопско лето» фестивалі аясында өтетін Қарағанды қаласынан келген «Аяла» бишілер тобының және «Тарлан» фольклорлық ансамблінің «Ұлы Дала әуендері» деп аталатын концерттік бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.17 шілде, сағ. 20:30, Скопье қаласы, Франкофония саябағында.Қазақ ұлттық өнерін Еуропа төрінде паш етуге қолдау көрсеткен Қарағанды қаласының Әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1255634?lang=ru
«Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша запастағы офицерлердің алғашқы легі түлеп ұшты 15.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тарихында алғаш рет «Киберқауіпсіздік» әскери-есептік мамандығы бойынша запастағы офицерлер даярланды.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 170-тен астам запастағы офицерлер мен сержанттарды оқыту аяқталды. Оқу қорытындысының басты оқиғасы – Қарулы күштер тарихындағы «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша алғашқы запастағы офицерлердің түлеп ұшуы болды. Сонымен қатар «Байланыс» мамандығы бойынша запастағы сержанттар да оқуын аяқтады.Іс-шараның салтанатты қорытындысы әскери даярлық бағдарламасын сәтті аяқтаған жоғары оқу орындары студенттерінің Әскери ант қабылдау рәсімі болды.Әскери даярлық негізгі оқу кестесінен қол үзбей жүргізілді. Бағдарлама теориялық сабақтарды, практикалық дайындықты және әскери оқу-жаттығу тәжірибесін қамтыды. «Киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша білім алған болашақ запастағы офицерлер ақпараттық жүйелерді қорғау және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл мәселелерін пысықтады. Ал «Байланыс» мамандығы бойынша дайындықтан өткен сержанттар заманауи байланыс құралдарын орналастыру мен пайдалануды меңгерді.– Қазіргі Қарулы күштер жоғары технологиялық ортада тиімді жұмыс істей алатын мамандарға мұқтаж. Сондықтан запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау барысында теориялық біліммен қатар, әскери қызметшілер нақты жағдайда орындауы мүмкін міндеттерді тәжірибе жүзінде пысықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Киберқауіпсіздік және байланыс бағыттары бойынша дайындық цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында сұранысқа ие мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты академиялық ұтқырлық бөлімінің әдіскері майор Жанарбек Керімқұлов.Жаңа әскери-есептік «Киберқауіпсіздік» мамандығының алғашқы түлектерінің бірі – Алматы технологиялық университетінің студенті Азамат Нәбиев.– Оқу бізге тек кәсіби білім беріп қана қоймай, әскери маманның жоғары жауапкершілігін түсінуге мүмкіндік берді. Біз топпен жұмыс істеуді, күрделі жағдайда шешім қабылдауды және алған білімімізді тәжірибеде қолдануды үйрендік. Әскери ант қабылдау – Отанға қызмет етуге және алған құзыреттерімізді ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында пайдалануға дайын екеніміздің белгісі, – деді ол.Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің заманауи талаптарын ескере отырып, әскери-есептік мамандықтар тізбесін кеңейтуді жалғастырып жатыр.2025 жылдан бастап институтта әуе шабуылына қарсы қорғаныс бағыты бойынша запастағы офицерлерді даярлау жүзеге асырылып келеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының кеңінен қолданылуы жағдайында мұндай мамандар елдің әуе кеңістігін қорғауда маңызды рөл атқарады.Институтта әскери даярлық бағдарламалары іске қосылғаннан бері заманауи әскери-есептік мамандықтар бойынша 190-нан астам запастағы офицерлер мен сержанттар дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1255628?lang=ru
Айдарбек Сапаров гонконгтік инвесторлармен Қазақстанда экологиялық авиациялық отын өндіру мәселесін талқылады 15.07.2026
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Full Vision Capital (FVC), Towngas және EcoCeres сияқты азиялық жетекші компаниялар делегациясымен кездесті.Тараптар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне инвестиция тарту, экологиялық таза заманауи технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.Кездесуде техникалық майлы дақылдар негізінде экологиялық авиациялық отын (Sustainable Aviation Fuel – SAF) өндіру жобасына ерекше назар аударылды.Министр ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өндірістерді қалыптастыру мемлекеттік аграрлық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.«Бұл жобаларды іске асыру пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартуға, техникалық майлы дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға және ауылдық аумақтардың дамуына тың серпін беруге жол ашады», – деді Айдарбек Сапаров.Сондай-ақ азық-түлікке арналған майларды пайдаланбай, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі қалдықтарын шикізат ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.Атап айтқанда, биокөмір (Bio-Char) өндіру және «жасыл» метанол өндірісі саласындағы бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделі екендерін алға тарта отырып, межелі жобалардың техникалық өлшемдерін жан-жақты пысықтау және оларды іске асырудың алдағы нақты қадамдарын айқындау жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1255630?lang=ru
Қазақстан ДЗМҰ алаңында «Ұлы Дала Мұрасы» атты ұлттық көрмені ашты 15.07.2026
2026 жылғы 7 шілдеде Женевада ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеялары отырыстарының 68-сериясының ашылуына қатысып, қазақстандық делегация атынан мәлімдеме жасап, Қазақстанның зияткерлік меншік саласын одан әрі дамытудағы негізгі ұстанымдарын атап өтті.Қазақстанның қазіргі Ассамблеялар сериясына қатысуының басты оқиғаларының бірі келесі күні ДЗМҰ штаб-пәтерінде Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Ержан Қазыханның және басқалардың қатысуымен өткен Қазақстанның «Ұлы Дала Мұрасы» ұлттық көрмесінің ашылуы болды.Ашылу рәсіміне ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг, шетелдік делегациялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблеяларға қатысушылар қатысты. Бұл көрме Қазақстан үшін ерекше маңызға ие болды. Себебі ол елімізді өзінің мәдени мұрасын қастерлеп сақтайтын және сонымен бірге оны заманауи технологиялар, шығармашылық шешімдер мен халықаралық мәдени таныстырудың жаңа нысандары арқылы танытатын мемлекет ретінде көрсетеді.Экспозиция Қазақстанның мәдени мұрасының байлығы мен көпқырлылығын ұлттық бірегейліктің тірі негізі әрі заманауи шығармашылық дамудың қайнар көзі ретінде көрстті. Оған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық киім элементтері, музыкалық аспаптар және дәстүрлі тұрмыс заттары енді.Көрменің орталық элементі Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейімен бірлесіп жүзеге асырылған «Қазақстан кескіндемесінің жауһарлары» иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы болды. Жоба Қазақстанның бейнелеу өнері туындыларын заманауи цифрлық технологиялармен ұштастырып, еліміздің көркем мұрасын халықаралық аудиторияға жаңаша таныстыруға мүмкіндік береді.«Joshy Qazaq National Group» этно-фольклорлық ансамблі қазақ аспаптарының дәстүрлі үнін заманауи сахналық қойылыммен үйлестірген мәдени бағдарламаны ұсынып, көрме қонақтары Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлерімен танысты.«Ұлы Дала Мұрасы» көрмесі ДЗМҰ штаб-пәтерінде 2026 жылғы 15 шілдеге дейін жалғасып, Қазақстанның тарихи әрі шығармашылық мұрасын халықаралық кеңістікте ілгерілетуге деген ұмтылысын көрсететін Ассамблеялардың мәдени бағдарламасының маңызды бөлігіне айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1255699?lang=ru
Конституция – мемлекеттік қызметті жаңғыртудың құқықтық жүйесі 15.07.2026
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Ермек Сәтбайұлының төрағалығымен жиын өтті.Күн тәртібінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның негізгі ережелерін түсіндіру мәселелері қаралды.Жиынға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің басшылары, онлайн форматта кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қатысты.Жиын барысында қатысушыларға жаңа заңнамалық нормалар мен енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндіріліп, олардың құқықтық және практикалық маңызы кеңінен баяндалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа талаптар мен қағидаттарды тиімді іске асыру бағытында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1255474?lang=ru
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 15.07.2026
СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Су шаруашылығы – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті жауапты еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, су бұру жүйелерінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуде. Бұл мереке – сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі, кәсібилігі мен жауапкершілігіне көрсетілген құрметтің белгісі. Халық игілігі жолындағы елеулі еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз. Мереке құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1255622?lang=ru
2026 жылдың 4 айында жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау 15.07.2026
Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы 4 айдағы салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 81,7 млрд.теңгені құрады. Жоспар 66,5 млрд.теңгені құрап 15,2 млрд.теңге сомасында асыра орындалып 122,8% құрады. Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады. Аудандық бюджет бойынша 4 ай ішінде түсу фактісі 60,7 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 17,6 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 3,4 млрд.теңге. Барлық түсім 81,7 млрд.теңге сомасында. Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 28,2 % немесе 23,0 млрд.теңгені құрайды;Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 26,3% немесе 21,5 млрд.теңгені құрайды;Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 23,0% немесе 18,8 млрд.теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255494?lang=ru
2026 жылғы сәуірдағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға салық төлемдерінің түсуі 15.07.2026
Согласно приказа Министерства финансов Республики Казахстан №786 от 18 декабря 2025 года по Восточно-Казахстанской области зарегистрировано 12 предприятий республиканского мониторинга: ТОО «Казцинк»; ТОО «Востокцветмет»; АО «Орика-Казахстан»; АО «Ульбинский металлургический завод»; АО «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат»; ТОО «Ульба-ТВС»; ТОО «Altyn Shyghys»; ТОО «ОблШығысЖол»; ТОО «Усть-Каменогорская ТЭЦ»; АО «Усть-Каменогорская птицефабрика»; ТОО «Объединенная ЭнергоСервисная Компания»; ТОО «AK NIET GROUP».За апрель 2026 года в Государственный бюджет по налоговым платежам, от вышеперечисленных предприятий, поступило 7,6 млрд.тенге, из них в Местный бюджет – 2,5 тенге, в Республиканский бюджет – 5,1 млрд.тенге, с учетом суммы возврата НДС по «0» ставке на расчетный счет налогоплательщика в сумме 2,2 млрд.тенге.Доля поступлений от предприятий, состоящих на республиканском мониторинге в общем поступлении Государственного бюджета по области, составляет 20,3%, в том числе по Местному бюджету – 10,1%; по Республиканскому бюджету 40,1%.Статистка поступлений за 4 месяца 2026 года, с нарастающим итогом, по предприятиям мониторинга:в Государственный бюджет по налоговым платежам, поступило 92,3 млрд.тенге, из них в Местный бюджет – 10,2 млрд.тенге, в Республиканский бюджет – 82,1 млрд.тенге, с учетом суммы возврата НДС по «0» ставке на расчетный счет налогоплательщика в сумме 2,2 млрд.тенге. Доля поступлений от приведенных предприятий, в общем поступлении Государственного бюджета по области, составляет 44,8%, в том числе по Местному бюджету – 12,5%; по Республиканскому бюджету 65,9%.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255542?lang=ru
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің 2026 жылдың І жартыжылдығындағы қызметінің нәтижелері 15.07.2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және полиция департаменттерінің Ішкі аудит қызметтері 165 аудиторлық іс-шара жүргізді.Аудиторлық іс-шаралар аясында 1 158,9 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтер қамтылды. Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамаларының талаптарын бұзу фактілері 92,6 млрд теңге сомасында анықталды, бұл қамтылған қаражаттың 7,9%-ын құрайды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 32,4 млрд теңге, рәсімдік (процедуралық) бұзушылықтар – 60,2 млрд теңге.Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында аудит объектілеріне 173 шешім енгізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке қаражатты өтеу, бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу арқылы жалпы сомасы 1,7 млрд теңгенің бұзушылықтары жойылды.Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін аудит объектілерінің 226 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, 136 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 20 аудит материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.Есепті кезеңде 95 аудиторлық іс-шара материалы сапаны бақылаумен қамтылды. Оның ішінде 16 материал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына толық сәйкес деп танылса, 76 материал ескертпелермен сәйкес деп бағаланды. Ал 3 материал аталған стандарттардың талаптарына сәйкес емес деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1255550?lang=ru
Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынады: Жетісу МКД жауапкершілік туралы ескертеді 15.07.2026
📢 Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тыйым салынатынын және мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады. ❗ Тыйым салынады:мұнай өнімдерін қажетті құжаттарсыз және рұқсатсыз әкетугебелгіленген өткізу пункттерінен тыс жерлер арқылы тасымалдауғажалған құжаттарды пайдалануға және көрінеу жалған мәліметтер ұсынуғамұнай өнімдерінің көлемі мен шығу тегін жасыруға. Естеріңізге саламыз, мұнай өнімдерімен байланысты барлық операциялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес, бақылау-есепке алу аспаптарын қолдана отырып және қажетті құжаттар ресімделген жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс.Заң талаптарын сақтау – бизнесті ашық жүргізудің, адал бәсекелестікті қамтамасыз етудің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алудың кепілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1255561?lang=ru
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД-НЫҢ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ АЙНАЛЫМЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ 15.07.2026
Мұнай өнімдерінің айналымы субъектілерінің назарына!Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтаудың қажеттігін еске салады.Мұнай өнімдерін өткізу, тиеп-жөнелту және тасымалдау нақты уақыт режимінде деректерді бере отырып, бақылау-есепке алу аспаптарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.Белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.Заң талаптарын сақтау – мұнай өнімдерінің ашық әрі заңды айналымын қамтамасыз етудің кепілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1255566?lang=ru