Жаңалықтар
Қазақстан–Кения ынтымақтастығын дамыту мәселелері Кения Сыртқы істер министрлігінде талқыланды 06.10.2026
Найроби, 2026 жылғы 5 қазан. Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ-ның кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істер министрлігінің Саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі Бас директоры Джосфат Майкарамен және Протокол қызметі басшысының орынбасары Самсон Коэчпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан–Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, оның ішінде Кения Республикасының Президенті У. Рутoның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру мәселелерін талқылады.Тараптар жоғары деңгейдегі сапарларға дайындыққа, оның ішінде ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелерге, сапар бағдарламаларына, сондай-ақ жоспарланған ресми іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударды.Тараптар сапарды табысты дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан мен Кения арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1305365?lang=ru
Астанада студенттер дуалды оқыту аясында өндірістік тәжірибемен танысты 06.10.2026
Астанада Технологиялық колледж студенттері өндіріс орындарына барып, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.Іс-шараны дуалды оқыту жүйесін дамыту аясында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы ұйымдастырды. Бірінші курс студенттері «ПИК «ASTANA Ютария ltd» ЖШС және QAZAQSTAN APPAREL тігін фабрикасына барып, өндірістік үдерістермен, еңбек жағдайларымен және мамандардың жұмысымен танысты.Экскурсия барысында студенттер колледжде алып жатқан теориялық білімдерінің өндірісте қалай қолданылатынын көрді. Сонымен қатар заманауи тігін жабдықтарының жұмысымен танысып, болашақ мамандығына қатысты сұрақтарына жауап алды.«Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлының айтуынша, білікті кадр даярлау – қаланың инвестициялық дамуының маңызды бөлігі.«Astana Invest кадрлық әлеуетті дамытуды қаланың инвестициялық дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бүгінде инвесторлар үшін қажетті инфрақұрылым мен қолайлы жағдайлардың болуы ғана емес, білікті мамандардың қолжетімділігі де маңызды. Осыған байланысты біз инвесторлар, өндірістік кәсіпорындар және техникалық әрі кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал етеміз», – деді ол.Оның айтуынша, мұндай тәсіл бизнес қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлауға және студенттердің практикалық дағдыларды тікелей кәсіпорындарда меңгеруіне мүмкіндік береді.Ал Технологиялық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Байжігіт Болысханұлының айтуынша, экскурсияның басты мақсаты – бірінші курс студенттеріне тігін мамандығы мен өндірістің жұмыс барысын таныстыру.«Студенттер қазір теориялық білім алып жатыр. Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алушылардың 40 пайызы теорияға, 60 пайызы практикаға бағытталған. Келесі айдан бастап олар тәжірибеге шығады. Алғашқы практика колледждің ішінде өтсе, кейін серіктес кәсіпорындардың базасында жалғасады. Бүгін студенттерді «Ютария» зауытына таныстыру мақсатында алып келдік», – деді ол.Өндірістік оқыту шебері Галина Анатольевна дуалды оқыту жүйесінің студенттерге болашақ жұмыс орнын ертерек көруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін колледжде білім алған бірқатар түлектер өндірістік тәжірибеден өтіп, кейін осы кәсіпорындарға жұмысқа орналасқан. Мәселен, колледж түлегі Милана Рогак тігін өндірісіне қызығушылығының арқасында осы салада жұмыс істеуді таңдаған.«Маған тігін өндірісі өте қызық. Осы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Қазір осы кәсіппен өмір сүріп келемін деуге болады, себебі бұл сала маған толықтай ұнайды», – деді Милана Рогак.Ал QAZAQSTAN APPAREL тігін фабрикасының директоры Ислям Дюсембин кәсіпорын жастарды өндірістік тәжірибеден өткізуге дайын екенін айтты. Оның сөзінше, студенттер фабрикада тәжірибеден өтіп, тігіншілермен бірге нақты өндірістік тапсырмаларды орындайды. Жұмыс барысында олардың қызметін кәсіпорын мамандары бақылап, бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар студенттер орындаған жұмысына қарай ақы ала алады.«Біз жастар үшін әрдайым ашықпыз. Студенттер бізге келіп, тігін машиналарының алдында жұмыс істеп, кәсіби дағдыларын дамытады. Бұл – олар үшін оқуын аяқтағанға дейін өндірісті ішінен көруге жақсы мүмкіндік», – деді кәсіпорын басшысы.Колледждің 1-курс студенті Несіпжан Есқали үшін де өндірістік экскурсия ерекше әсер қалдырды.«Мен қазір тігін мамандығында оқып жатырмын. Бүгінгі экскурсия біз үшін таптырмас тәжірибе болды. Фабрикаға келген сәттен бастап бәрі маған қатты ұнады. Көзіміз ашылып, шабыт алып қайттық», – деді студент.Айта кетейік, бұған дейін «Astana Invest», Технологиялық колледж және кәсіпорындар арасында дуалды оқытуды дамытуға бағытталған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер студенттердің өндірістік үдерістер туралы түсінігін кеңейтіп, практикалық дағдыларын дамытуға және колледж бен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.Дереккөз: https://elordainfo.kz/article/astanada-studentter-dualdy-okytu-ayasynda-ondiristik-tazhiribemen-tanystyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1305349?lang=ru
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты 06.10.2026
2026 жылғы 2 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival жасанды интеллект қолданған фильмдердің бірінші халықаралық байқауында сөз сөйлеп, аталған фестивальдің ерекшелігін атап өтті. – «Astana AI Film Festival» – ізденімпаз, білімпаз, жаңашыл, жасампаз азаматтар сынға түсетін, бұрын-соңды болмаған бірегей жоба. Бұл – ұшқыр ой мен тың бастамалардың бәсекесі. Қазіргі заман – білім мен ғылымның және озық инновацияның дәуірі. Жасанды интеллект әлем экономикасының барлық саласына түбегейлі өзгерістер әкелуде. Бір сөзбен, технологиялық ілгерілеу, яғни прогресс жаппай жаһандық сипатқа ие болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолданудың өзектілігіне тоқталды. Технология бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып жатқан тұста саясаткерлер, ғалымдар мен сала көшбасшылары жасанды интеллект мүмкіндіктерінің және оны бақылаусыз қолданудың қатері арта түскеніне алаңдаулы. Бір анығы, бұл үдерісті тоқтату мүмкін емес. Менің ойымша, оған ешкімнің таласы жоқ. Адамзат тарихында Прометей алауы өркендеудің нышаны болумен қатар дүлей күш ретінде де қарастырылды. Ядролық энергетикаға қатысты да осы мысалды келтіруге болады. Сондықтан ең әуелі қауіпсіздікке баса назар аударып, жасанды интеллектіні дамыту мен жауапкершілікпен қолдану ережесін әзірлегеніміз жөн. Бұл өскелең ұрпақтың алаңсыз келешегі үшін қажет. Болашақ технологиясының зор шығармашылық әлеуетін игілікке жарату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгінгі фестивальдің басты идеясы да осы, – деді Президент. Қ.Тоқаев өз сөзін қорытындылай келе, фестивальдің халықаралық ауқымын атап өтті. Деректерге сәйкес, байқауға АҚШ, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индонезия, Жапония, Бразилия және Франция сияқты 125 елден 8000-нан астам өтінім келіп түскен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1305332?lang=ru
«Таза Қазақстан»: Астанада 200-ге жуық адам Кіші Талдыкөл маңын тазартты 06.10.2026
Астананың «Нұра» ауданындағы Кіші Талдыкөл аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік өтті.Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен банк секторының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Bank CenterCredit, Alatau City Bank, Freedom Bank және Нұрбанк қызметкерлері сенбілікке атсалысты. Барлығы 200-ге жуық адам аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.Сенбілік барысында Кіші Талдыкөлге іргелес аумақ тұрмыстық қоқыс пен өзге де ластанудан тазартылды. Қатысушылар аумақты абаттандыруға, оның экологиялық тазалығы мен санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.Банк секторы өкілдері мен қалалық басқарма қызметкерлерінің белсенді қатысуымен тазалық жұмыстары қызу жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1305337?lang=ru
Astana AI Film Festival алғашқы фестивалінің жеңімпаздары Астанада марапатталды 06.10.2026
Астанада жасанды интеллект көмегімен фильм жасауға арналған Astana AI Film Festival 2026 халықаралық фестивалі аяқталды. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 067 өтінім түскен.Фестиваль 1-3 қазан аралығында AI Month аясында өтті. Бағдарламаға байқау фильмдерінің көрсетілімдері, іскерлік кездесулер және кино мен креативті индустрия өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар кірді.Байқауға түскен жұмыстардың ішінен халықаралық қазылар алқасы 25 фильмді финалдық бағдарламаға іріктеді. Қазылар құрамында ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры әрі Францияның бұрынғы мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект зерттеулері институтының деканы Ма Пин, Бейжің киноакадемиясы Анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан және BytePlus компаниясының Таяу Шығыс, Африка, Үндістан, Түркия және ТМД елдері бойынша бас менеджері Ли Лонг болды.Фестивальдің бес арнайы номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Италия және АҚШ авторлары бар.Арнайы номинациялар жеңімпаздары:– Best Character – Myrzakhan Zhumakhan, «IT WAS JUST A JOKE» (Қазақстан);– Best Story – 2xLabs, «The Last Span» (Қытай);– Best Visual – Jacopo Zanetti, «What's the Job?» (Италия);– Best Direction – Jacopo Reale, «The Fracture» (Италия);– Best Concept – Zachary London, «Pomegranate» (АҚШ).Фестивальдің тең құрылтайшысы әрі AAIFF креативті директоры Айзат Кусаиновтың айтуынша, байқау жасанды интеллекттің өзінен гөрі оны авторлардың шығармашылық құралы ретінде қалай пайдаланатынын көрсетуімен ерекшеленді.«Бүгінде AI-кино саласындағы ең қызықты нәрсе – технологияның өзі емес, авторлардың оның көмегімен жасап жатқан дүниесі. Фестиваль аясында ерекше визуалды шешімдерден бастап, оқиға баяндаудың жаңа тәсілдеріне дейінгі бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды көрдік. Жұмыстардың ауқымы мен сапасына қарап, AI-кино әлемдік киноиндустрияның дербес бағытына айналып келе жатқанын көріп отырмыз», – деді Айзат Кусаинов.Ал The Future Worth Living In («Өмір сүруге лайықты болашақ») негізгі тақырыптық бағдарламасына 10 фильм енді. Оның ішінде Испания, Үндістан, Латвия және басқа елдер авторларының жұмыстары ұсынылды.Негізгі байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Испания атынан қатысқан Ernest Desumbila-ның «Looking For Perseida» фильмі иеленді. Оған $100 мың жүлде берілді.Екінші орын мен $200 мың жүлде Үндістан өкілі Abhik Banerjee-нің «SITARA» фильміне бұйырды.Ал фестивальдің Гран-приі мен $450 мың жүлдені Латвиядан келген Nikolay Shestak «The First Honest Day» фильмімен жеңіп алды.«Шамамен төрт жыл бұрын режиссурамен айналыса бастадым, ал екі жыл бұрын AI көмегімен фильмдер жасай бастадым. Шынымды айтсам, жеңіске жетемін деп күтпедім – мұнда керемет жұмыстар мен түрлі жанрлар өте көп болды. Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Алынған жүлдені жаңа фильмдер жасауға инвестициялап, жобаларымды әрі қарай дамытқым келеді», – деді фестивальдің Гран-при иегері Николай Шестак.Фестивальдің тең құрылтайшысы әрі AAIFF басқарма төрағасы Алмас Жали алғашқы Astana AI Film Festival халықаралық деңгейде AI-киноға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсеткенін атап өтті.«Мұндай халықаралық фестивальдің дәл Қазақстанда өтуі ерекше маңызды. Біз Астананың әлемнің түкпір-түкпірінен киноиндустрия, технология және креативті индустрия өкілдері тоғысатын орталықтардың біріне айналуын қалаймыз. Алғашқы фестиваль бізге жақсы серпін берді. Ендігі міндетіміз – жобаны одан әрі дамыту, халықаралық қатысушылар қауымдастығын кеңейту және кино мен жасанды интеллект тоғысында жұмыс істейтін авторлар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау», – деді Алмас Жали.Astana AI Film Festival-дің жалпы жүлде және инвестициялық қоры $2 млн құрайды. Оның $1 млн-ын Freedom Holding Corp. жанындағы Freedom Шапағат корпоративтік қоры жүлде қоры ретінде ұсынды. Тағы $1 млн перспективалы AI-командаларға инвестиция ретінде қарастырылған.2 және 3 қазанда фестиваль финалистерінің фильмдері MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығындағы Chaplin кинотеатрында үлкен экранда көрсетілді.Astana AI Film Festival 2026 кино, жасанды интеллект және креативті индустрия өкілдерінің басын қосып, жаңа технологияларды шығармашылықта қолдану, AI-киноның болашағы және жаңа мүмкіндіктерді талқылауға арналған халықаралық алаң қалыптастырды.Дереккөз: https://elordainfo.kz/article/astana-ai-film-festival-algashky-festivalinin-zhenimpazdary-astanada-marapattaldyАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1305340?lang=ru
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясы Азия конституциялық соттары қауымдастығының VII Конгресіне қатысты 06.10.2026
2026 жылғы 1-2 қазанда Самарқанд қаласында «Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы конституциялық сот төрелігі» тақырыбында Азия конституциялық соттары және баламалы институттар қауымдастығының (AACC) VII Конгресі өтті.Халықаралық форумға 20-дан астам мемлекеттің конституциялық және жоғарғы соттарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов басқарды.Конституциялық сот төрелігін цифрландыруға арналған алғашқы пленарлық отырыс барысында ол конституциялық бақылау саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға қатысты Қазақстанның тәжірибесі мен тәсілдерін таныстырды. Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Соттың қызметінде цифрлық шешімдерді практикалық қолдану, оның ішінде сот отырыстарының аудио және бейнежазбасын жүргізу, конституциялық іс жүргізу субъектілерінің қашықтан қатысуы, электрондық құжат айналымы және азаматтарға Сотқа электрондық форматта өтініш жолдауға мүмкіндік беретін «e-Otinish» платформасы туралы айтып берді.«Конституциялық сот төрелігін цифрландыру – дамудың стратегиялық маңызды бағыты. Алайда адам құқықтары мен құқықтық тәртіптің тұрақтылығының кепілі ретіндегі конституциялық соттың ерекше рөлін ескере отырып, жаңа технологияларды енгізу оларды қолданудың құқықтық тетіктерін озық жетілдірумен қатар жүруге тиіс. Жасанды интеллект конституциялық сот төрелігінің қолжетімділігін арттырудың тиімді құралы бола алады. Алайда қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік тек адамда қалуға тиіс. Технологиялар судья мен өтініш берушіге көмектесуі керек, бірақ олардың орнын алмастырмауы тиіс», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.Конгресс барысында қатысушылар цифрлық трансформация жағдайындағы сот билігінің тәуелсіздігі, цифрлық ортада адам құқықтары мен құқық үстемдігін қорғау, жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық шектері, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік және процестік кепілдіктер мәселелерін талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша конституциялық сот төрелігін одан әрі жетілдіруге, адам құқықтары мен құқық үстемдігін қорғауды нығайтуға, сондай-ақ цифрлық және технологиялық трансформация жағдайында конституциялық юрисдикция органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Самарқанд декларациясы қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1305286?lang=ru
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристина Хонеггер Золотухинмен кездесті 06.10.2026
Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің қызметі, құқықтық реформалар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерімен бөлісті.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық саладағы Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі дамытудың бағыттары жөнінде пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар өткен пікір алмасу үшін алғыстарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1305261?lang=ru
Қазақстан мен Моңғолия: стратегиялық әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 06.10.2026
2026 ж. 1 қазанда Астана қаласында Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 10-отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ал моңғол тарапын - Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаяр басқарды.Отырыс барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара сауда көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы ықпалдастықты дамыту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне назар аударды.Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту міндетіне ерекше мән берілді. Тараптар өзара сауда-саттықтағы тауарлар номенклатурасын кеңейту, өнеркәсіп кооперациясын дамыту және қазақстандық өнімдерді Моңғолия нарығында ілгерілету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар көлік бағыттарын дамыту, логистиканы жетілдіру және екі елдің іскер топтары үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасау мәселелері қарастырылды. Білім, ғылым, мәдениет және гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары да талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссиясының 10-отырысының хаттамасына қол қойылды. Құжатта қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды.Тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1305245?lang=ru
5 қазан мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара қорытындысы 06.10.2026
2026 жылдың 5 қазанында «Ертіс концерт» мәдениет орталығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, «ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби дамыту институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, әлеуметтік серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Мереке қонақтары мектеп оқушылары және колледж студенттерінің көркем шығармашылығы көрмесін, сондай-ақ Өскемен қаласы кітапханалары мен кітап дүкендерінің оқу және көркем әдебиет көрмесін тамашалады.Сондай ақ фойеде арнайы мұғалімдер күніне дайындалған «Біздің құттықтауларымызды қабыл алыңыздар» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарының жұмыстары мен 2025-2026 оқу жылының білім саласындағы жетістіктері туралы арнайы мерекелік ақпараттық бюллетень таныстырылды.Мерекелік шара аясында білім беруді дамытуға қосқан көп жылғы үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет орденімен»- 3 педагог, «Ерең еңбегі үшін» медалімен – 4 педагог, «Еңбек ардагері» медалімен – 3 педагог, «Ы. Алтынсарин төсбелгісімен» - 4 педагог, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен – 2 педагог, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» - 1 педагог, Алғыс хатымен – 3 педагог және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» - 3 педагог және облыс әкімінің Алғыс хатымен – 1 педагог марапатталды. 2025-2026 оқу жылының рейтинг қорытындысы бойынша білім басқармасының дипломдарымен «Жалпы орта білім бойынша Үздік білім бөлімі - 2026» иегері Глубокое аудандық білім бөлімі және 2026 жылдың үздік колледжі атанған Өскемен жоғарғы политехникалық колледжі марапатталды.Мерекенің арнайы шақырылған құрметті қонақтарына, білім беру саласының ардагерлері мен облыс педагогтеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламасы ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1305237?lang=ru
Қонаев гарнизонында 50 сарбаз жүргізуші сертификатын алды 06.10.2026
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар үш айлық дайындықты аяқтап, жүргізуші біліктілігін иеленді.Сарбаздар полигонда практикалық жүргізу дағдыларын шыңдап, әскери техниканы әртүрлі бағыттарда сенімді меңгеруді, кедергілерден мүдірмей өтуді және күрделі жол жағдайларында ширақ әрекет етуді үйренді. Техниканың тілін табумен қатар, оның күтімі мен ақаусыздығына да ерекше мән берілді.Дайындықтан өткен 50 сарбаздың отызы БТР-80 бронетранспортерінің жүргізушісі біліктілігін алса, қалған 20-сы «Арлан» брондалған дөңгелекті машинасын басқаруды толық меңгеріп шықты. Енді жас мамандар өз қызметін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерінде жалғастыратын болады.– Үш ай ішінде бронетранспортерді басқару дағдыларын меңгеріп қана қоймай, бойымызға үлкен сенімділік ұялаттық. Нұсқаушы сержанттардың кәсібилігінің арқасында әртүрлі жағдайларда нақты әрі сабырлы әрекет етуді үйрендік, – деді қатардағы жауынгер Айдос Фархаддинов.Орталық түлектеріне дайындықтан өткені туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді. Енді олар алған білімдерін бөлімшелерде одан әрі бекітіп, штаттық техникада шеберліктерін шыңдайтын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1305176?lang=ru
Қазақстан мен Ливан сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 06.10.2026
2 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы ЛиванныңЭкономика және сауда министрі Амер Бисатпен кездесті. Әңгіме барысындатараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы сауда-экономикалық жәнеинвестициялық байланыстарды жандандыру, сондай-ақ екі елдің іскертоптары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік қауіпсіздігі, туризм жәнелогистика салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын дақарастырды. Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Ливан арасындағыэкономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында жұмыс байланыстарынжалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1305165?lang=ru
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек... 06.10.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетауда өткен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірталасқа қатысты. Сөз сайысына 9 аудан мен Көкшетау қаласынан 80-нен астам мемлекеттік қызметші жиналып, 25 команда өзара бақ сынады. Мемлекеттік қызметшілердің шешендік шеберлігі мен ұшқыр ойы таразыға түсетін тартысты дебаттың барысымен тілшіміз танысып қайтты.Пікірсайыстың мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа тәуелді болмауы және қазіргі таңда қоғамда жасанды интеллект бойынша, цифрландыру жақсы дамыту мақсатында, тәжіребие алмасу мақсатында өткізілген болатын. Осындай пікір сайыстар әрі қарай жалғасын тапқанын қалаймыз. #Заң_мен_тәртіп#закон_ и_ порядок#Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1305153?lang=ru
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы 06.10.2026
2026 жылғы 7 қазанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді.Хатшылық отырысына әлемдік және дәстүрлі діндердің – ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи дінінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, теологтар мен әлемнің 20 елінен жетекші сарапшылар қатысады.Хатшылықтың XXIV отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде ұсынған және Съезд қатысушылары қолдаған екі халықаралық құжатты қарау және қабылдау: «Дін саласында жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі».Аталған бастамалар Съездің әртүрлі діни дәстүрлер арасындағы сындарлы диалогты одан әрі дамытуға, қазіргі қоғам алдында тұрған негізгі сын-қатерлерге қатысты ортақ ұстаным қалыптастыруға, сондай-ақ діни қауымдастықтардың бейбітшілікті нығайтуға, этикалық жауапкершілікті арттыруға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосатын үлесін күшейтуге бағытталған ұмтылысын көрсетеді.Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары туралы хартия» таныстырылады. Құжат айықпас дертке шалдыққан баланың қадір-қасиеті мен өмір сапасын қорғаудың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ оның діни және дүниетанымдық қажеттіліктерін ескере отырып, кешенді медициналық, психологиялық және рухани көмек пен қолдау алуға құқығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1305151?lang=ru
Заңды тұлға – резиденттің құрылымдық бөлімшесінің (филиалдың, өкілдіктің) қызметін тоқтату. 06.10.2026
Заңды тұлға – резидент өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына бір мезгілде:1. қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті2. заңды тұлға – резиденттің өзінің құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімінің көшірмесін;3. құрылымдық бөлімшенің тарату салық есептілігін (ағымдағы тоқсан, жыл үшін) ұсынады.Тарату салық есептілігінде көрсетілген салықтар мен әлеуметтік төлемдер есептілік ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төленуге жатады.Егер қызметін тоқтататын құрылымдық бөлімше салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді дербес төлеуші болып табылмаса, тарату салық есептілігі ұсынылмайды.Салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1305133?lang=ru
Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті жүзеге асыру кезіндегі туристердің құқықтары мен міндеттері туралы 06.10.2026
Шығыс Қазақстан облысының Туризм және инвестиция басқармасы азаматтар мен өңір қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы демалысты ұйымдастырудың негізгі құқықтық аспектілерін еске салады.Туристік саланың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін реттейтін «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңына сәйкес саяхаттарды әзірлеу және жүзеге асыру кезінде туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған. Туристің құқықтарыСаяхатқа әзірлену, оны жүзеге асыру (транзитті қоса алғанда) кезінде туристің мыналарға құқығы бар:Көмек сұрап жүгіну: Жеке басына немесе мүлкінің қауіпсіздігіне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік немесе туристік өкілдіктерге өтініш білдіру; Толық ақпарат алу: Уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасы, кіру мен шығу ережелері, жергілікті дәстүрлер, діни салты, туристік көрсетілім объектілері мен қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті әрі шынайы ақпарат алу; Еркін жүріп-тұру: Қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізу; Мүліктік құқықтарын қорғау: Туристік қызмет көрсету шартының талаптары орындалмаған жағдайда келтірілген залал мен моральдық зиянның өтелуін талап ету; Медициналық және құқықтық көмек: Шұғыл медициналық көмек алу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құқықтық және өзге де көмек түрлерін алуға жәрдемдесуі (шетелдік туристер үшін); Байланыс құралдарын пайдалану: Қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізу. Туристің міндеттеріСаяхат жасау кезінде (транзитті қоса алғанда) турист мыналарға міндетті:Заңнаманы сақтау: Болатын елдің (жердің) заңдарын, сондай-ақ кіру, шығу және онда болу ережелерін қатаң сақтау; Табиғи және мәдени мұраны сақтау: Қоршаған ортаға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарау; Қауіпсіздік шараларын сақтау: Сапар кезінде жеке өзінің қауіпсіздік ережелерін сақтау. ШҚО Туризм және инвестиция басқармасы туристік бизнес субъектілері мен саяхатшыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық нормаларын қатаң сақтауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1305121?lang=ru
03 қазан күні Кеген аудан көлемінде "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенбілік өтті. 06.10.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1305011?lang=ru
ҚАЖ қызметкері«Үздік жедел уәкіл» республикалық конкурсында III орын иеленді. 06.10.2026
ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері, әділет майоры Қарсақпаев Әлібек Азаматұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық конкурсында III орын иеленді. Бұл — кәсіби біліктілік, жедел қызметтегі тәжірибе мен жауапкершіліктің нәтижесі. Әріптесімізді лайықты жетістігімен құттықтап, қызметіне толағай табыс, жаңа белестер мен кәсіби жеңістер тілейміз! 🇰🇿 Құтты болсын! Жеңістеріңіз көп болсын! - орысшага аударшыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1305013?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы ИЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады 06.10.2026
Жидда, 2026 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Корольдігінің ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Халид әл-Шарифпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Сауд Арабиясы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы алдағы іс-шараларға қатысты пікір алмасты.Сондай-ақ, тараптар ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және ортақ мүддеге ие мәселелер бойынша ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1304990?lang=ru
«Қостанай-Су» МКК 2027–2031 жылдарға арналған жаңа тарифтер мен инвестициялық бағдарламаны ұсынды 06.10.2026
ДКРЕМ-де өткен жария тыңдауда кәсіпорынның алдағы бес жылға арналған жоспарлары талқыланды.Негізгі көрсеткіштер:Жаңа тарифтер мен инвестициялық бағдарлама шығындық әдіспен есептеліп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарлануда.5 жыл ішінде инвестициялық бағдарламаға шамамен 7,25 млрд теңге бағыттау көзделген.Ұлттық жоба аясындағы қаражатты қоса есептегенде, жалпы инвестиция көлемі 11,5 млрд теңгеден асады.Қаражат инженерлік желілердің тозуын төмендетуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалады.Тарифтің өсуіне электр және жылу энергиясының құны, салықтар, сапалы материалдарға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ «Нұрлы жол» және Ұлттық жоба аясындағы займдарды өтеу шығындары әсер етеді.Кәріздік сорғы станцияларының жабдықтарын жаңғырту, сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау жоспарланған.2027 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, арнайы техника мен қажетті жабдықтарды сатып алуға 1,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1304996?lang=ru
ҚР-дың ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ИЫҰ жаңа Бас хатшысымен кездесті 05.10.2026
Жидда, 2026 жылғы 4 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты Өкілі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы ұйымының жаңа Бас хатшысы Исмаил Ульд Шейх Ахмедпен кездесті.Кездесу барысында Елші Бас хатшыны аталған лауазымға сайлануымен құттықтап, оған ИЫҰ Бас хатшысы қызметіндегі жұмысына және Ұйымның халықаралық миссиясын жүзеге асыруға табыс тіледі.Елші ИЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы болып сайлануына орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жолдаған құттықтау хатының түпнұсқасын Бас хатшыға табыстады.Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен ИЫҰ Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Кездесу барысында ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру, мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту, сондай-ақ Ұйым аясында Қазақстанның халықаралық бастамаларын ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1304979?lang=ru