Жаңалықтар
Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына1 күн қалды! 02.10.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады. Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді. Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады: - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; - банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен; - банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы. Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі. Департамент осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1303118?lang=ru
Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! 02.10.2026
Құрметті салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір телефон желілері уақытша жұмыс істемейді.Дегенмен, бізбен келесі нөмірлер арқылы байланыса аласыздар:Тел.: 72 11 76, 72 36 18.Кеңсе: 72 12 27;Сенім телефоны: 72 11 78.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1303105?lang=ru
Қарттар күні құтты болсын! 02.10.2026
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қарттар күнімен құттықтайды!Қарттар — халқымыздың даналығы мен тәжірибесінің сақтаушысы, жас ұрпаққа өнеге мен тәрбие беруші қоғамның қадірлі мүшелері. Олардың еңбегі мен адалдығы — елдің игілігі мен тұрақтылығының негізі.Барлық қарттарға денсаулық, амандық, бақыт пен отбасылық қуаныш тілейміз!Қарттар күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1303108?lang=ru
2026 ЖЫЛДЫҢ IV-ТОҚСАНЫНА АРНАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 02.10.2026
Ержан Қалымбекұлы Тоқтарханов, Департаменттің басшысы07.10.2026 ж., сағат 10.30-11.3021.10.2026 ж., сағат 10.30-11.3004.11.2026 ж., сағат 10.30-11.3018.11.2026 ж., сағат 10.30-11.3002.12.2026 ж., сағат 10.30-11.3023.12.2026 ж., сағат 10.30-11.30Павлодар қ., генерал Дүйсенов к-сі, 80, Азаматтарды қабылдау орталығы, 1 қабат8 (7182) 32-13-59. Қанат Мұратұлы Ахметбеков, Департамент басшысының орынбасарыжұма, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00. Марат Жұмажанұлы Бейсенов, Департамент басшысының орынбасарыбейсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 6008 (7182) 53-59-00. Төлеген Билялұлы Шаймарданов, Департамент басшысы орынбасарының м.а.сәрсенбі, сағат 15.00-17.00Павлодар қ., Астана к-сі, 57, кабинет 5048 (7182) 53-59-00.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1303079?lang=ru
Жеке тұлғалардың сот тәртібіндегі банкроттығы: ерекшеліктері және құқықтық салдары 02.10.2026
Қазақстан Республикасында ақшалай міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болған азаматтар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған.Сот арқылы банкроттық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңында белгіленген негіздер болған жағдайда қолданылады.Негіздердің бірі – кредиторлар алдындағы берешектің 1600 АЕК-тен асуы. 2026 жылы бұл сома 6 920 000 теңгені құрайды. Кейбір жағдайларда берешек мөлшері шешуші мәнге ие емес, мысалы, өзге кредиторлар алдында міндеттемелер болған кезде. Сонымен қатар, әдетте, қатарынан 12 ай бойы міндеттемелердің өтелмеуі және заңда көзделген берешекті реттеу шараларының жүргізілуі талап етіледі.Рәсім азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотқа өтініш беруінен басталады. Өтінішке кредиторлар, берешек, мүлік туралы мәліметтер және басқа да қажетті құжаттар қоса беріледі. Рәсімге қаржы басқарушысы қатысып, борышкердің қаржылық жағдайын талдайды, мүлкін анықтайды және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады. Өткізілуге жататын мүлік заңда белгіленген тәртіппен берешекті өтеу үшін сатылуы мүмкін.Рәсім аяқталғаннан кейін қалған міндеттемелер тоқтатылады. Алайда алименттер, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндеттемелері, мемлекет алдындағы жекелеген міндеттемелер, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген зиян және қаржы басқарушысының сыйақысы есептен шығарылмайды.Банкроттық белгілі бір шектеулерге де әкеп соғады: бес жыл ішінде азамат ломбардтардың микрокредиттерін қоспағанда, қарыз ала алмайды, сондай-ақ белгілі бір шарттар бойынша кепілгер немесе поручитель бола алмайды.Осылайша, сот арқылы банкроттық азаматтың шамадан тыс борыштық жүктемесін реттеуге мүмкіндік береді, бірақ заңда белгіленген талаптарды сақтауды және белгілі бір құқықтық салдардың туындауын көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1303064?lang=ru
Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды 02.10.2026
Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Еркінұлы Айшуақов Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.Арман Еркінұлы 1991 жылы туған. Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2023 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-ның сәулетшісі, Алматы қаласы «Алматыгипрогор» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Жетісу және Алмалы аудандарында “қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.2025 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1303052?lang=ru
Қазақстанда қыркүйек айында азық-түлік инфляциясы 8,5%-ды құрады 02.10.2026
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы жылдық инфляция 9,3%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 8,5%-ға өскен. Ал айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6%-ды құрады.Сонымен бірге қыркүйек айында бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Мәселен, пияздың бағасы – 20,7%-ға, лимон – 13,9%-ға, сәбіз – 13,6%-ға, картоп – 13,4%-ға, баялды – 11,2%-ға, қырыққабат – 10,1%-ға арзандады. Бұдан бөлек, тәтті бұрыш, алма, алмұрт, сарымсақ және банан бағасы да төмендеді. Балалар тағамына арналған жармалар 6,1%-ға, ал қант 1,3%-ға арзандаған.Жекелеген жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бағаның төмендеуі жылдық көрсеткіштен де байқалады. Соңғы бір жылда алманың бағасы 11,1%-ға, лимон 8,3%-ға, қызылша 6,9%-ға, қырыққабат 6,1%-ға, банан 5,6%-ға, тәтті бұрыш 3,9%-ға төмендеді.Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар жүйелі шараларды жүзуде. Негізгі бағыттар – нарықтағы тауар ұсынысын жеткілікті деңгейде ұстап тұру, өнімдерді өндірушілерден тікелей жеткізуді, артық делдалдарды қысқарту және сауда үстемелерінің белгіленген шектен аспауын бақылау.Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері тікелей жеткізу тетігі арқылы ішкі нарыққа шамамен 33,2 мың тонна картоп, 13,9 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 177,7 тонна ақ қырыққабат жеткізілді. Бұл өнімдердің негізгі көлемі Қытайдан, Өзбекстаннан және өңірдегі басқа да елдерден жеткізілді.Бағаны тұрақтандырудың тағы бір тетігі ретінде тұрақтандыру қорлары мен «айналым схемасы» қолданылып отыр. Сонымен қатар өңірлік комиссиялар өнімсіз делдалдарды анықтау және жеткізу тізбегінен шығару бойынша жұмыстануда. Жыл басынан бері 816 отырыс өткізіліп, 3 391 заңбұзушылық фактісі анықталды. Соның нәтижесінде жеткізу тізбегінен 222 өнімсіз делдал шығарылды.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15%-дан аспайтын сауда үстемесінің сақталуы да тұрақты бақылауда. Жыл басынан бері белгіленген шекті мөлшерден асып кеткен жағдайлар бойынша 3 610 әкімшілік қаулы шығарылды.Өндірушілер мен жеткізушілердің шығындарын азайту үшін қосымша шаралар да қолға алынуда. Атап айтқанда, маусым айынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына арналған бидайды теміржол арқылы тасымалдауға төмендету коэффициенті енгізілді. Оның арқасында тасымалдау құны 40%-ға дейін төмендейді.Бұған қоса, әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілері бағаны тұрақтандыру бойынша міндеттемелер алған жағдайда, олар үшін электр энергиясының тарифін төмендету мүмкіндігі қарастырылған.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысы жалғасуда. Бұл ретте азық-түлік инфляциясына барынша әсер ететін негізгі тауарларға және ішкі нарықты қажетті өнімдермен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге басымдық берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1303055?lang=ru
Қауіпсіз саяхат: туристің құқықтары мен міндеттері 02.10.2026
Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңына сәйкес, турист саяхат кезінде қажетті ақпарат алуға, медициналық және құқықтық көмекке, сондай-ақ жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.Сонымен қатар турист елдің заңнамасын, кіру және болу ережелерін сақтауға, қоршаған ортаға, тарихи-мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауға және саяхат кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауға міндетті.Жауапты саяхат — қауіпсіздік пен қоршаған ортаға құрметтен басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1303013?lang=ru
Семей қаласында кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгерді 02.10.2026
2026 жылғы 1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында жұмыс істейтін болады.Бұған дейін кезекші кесте бойынша 401 орам, 21 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО жұмыс істеген. Енді аталған ХҚКО қалыпты жұмыс режиміне көшеді.Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.Семей тұрғындары ХҚКО-ға бару уақытын алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы брондай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1302963?lang=ru
Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді 02.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, қала әкімі Нұржан Ахатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, қарттарды мерекемен құттықтады.«Қазақ халқы үшін үлкенді сыйлау, қарттықты қадірлеу – ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан озық дәстүр.Бұл – өскелең ұрпақ үшін өлшеусіз рухани қазына. Сондықтан қазыналы қарияларымызды құрметтеу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Аймақ ардагерлерін әлеуметтік қолдау – менің назарымдағы басты мәселе. Сіздерге көрсетілетін қамқорлық әрі қарай да жалғаса береді.Біз Сіздерге қолайлы жағдай жасап, қызмет көрсетуге қашан да дайынбыз. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Аймақ басшысы орталық ғимаратының алдындағы киіз үйде ұйымдастырылған көрмемен танысты. Көрмеге қызмет алушылардың өз қолымен жасаған ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдары қойылған.Бүгінде өңірде 90 мыңға жуық қарт тұрады. Оның 2 мыңнан астамы арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған. №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына биыл 843,8 млн теңге қаржы бөлінді. Орталық заманауи талаптарға сай жабдықталып, қызмет алушылардың денсаулығын жақсарту, оңалту үшін қолайлы жағдай жасалды. Материалдық-техникалық базаны толықтыру әлі де жалғасады.Сонымен қатар Талсуат елді мекеніндегі 150 орынға арналған оңалту орталығында, Қызылорда қаласындағы 50 орындық жартылай стационарда зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1302913?lang=ru
Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті 02.10.2026
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті. Жиынға екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттарының өкілдері мен кәсіпкерлер, инвесторлар, компания басшыларынан құралған 100-ден астам адам қатысты. Онда инвестициялық жобаларды нақты іске асыру жолдары талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі. Шара барысында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов, Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және ҚР Сыртқы істер вице-министрі құттықтау сөз сөйлеп, форумның екі ел арасындағы байланысты жандандырудағы маңызына тоқталды. Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде аймақта бизнес үшін барлық қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді. Облыс әкімінің айтуынша, соңғы сегіз айда облысқа 747 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ке көп. Сондай-ақ жалпы құны 7,1 трлн теңге болатын 293 инвестициялық жоба іске асу сатысында.«Өңірде жаңа өндіріс ошақтарын орналастыру үшін аумағы 9 мың гектар жерде жалпы инвестициялық портфелі шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 22 индустриялық аймақ құрылуда. Агроөнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні жалпы құны 1,3 трлн теңгеден асатын 44 инвестициялық жоба бар. Біз әсіресе ет пен сүтті, астық пен майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен көкөністі терең өңдеуге басымдық беріп отырмыз. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде баламасы жоқ, аумағы 98 мың гектар болатын «Alatau» арнайы экономикалық аймағы дамып келеді. Өнеркәсіп, логистика, заманауи технологиялар және іскерлік инфрақұрылым қатар дамитын Алатау қаласын жаңа экономикалық орталық ретінде қарастырамыз», – деді Шыңғыс Сайранұлы. Сондай-ақ Дания Корольдігі мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестиция, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, энергетика және заманауи технологиялар саласында бірлескен жобаларды дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты.Мәртебелі мейман Ларс Лёкке Расмуссен Дания Корольдігі үшін Орта Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды. «Біздің басты мақсатымыз – инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, мамандардың кәсібилігін шыңдап, қос тарапқа да тиімді бизнесті дамыту. Табысты экономикалық ынтымақтастық технология мен капиталға ғана емес, өзара сенімге де байланысты. Сондықтан Қазақстан мен Дания арасында бұдан да берік байланыс орнағанын қалаймыз», – деді Ларс Лёкке Расмуссен.ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ардақ Зебешев Қазақстан мен дат компанияларының логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика саласындағы мол тәжірибесі мен қызығушылығын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға ұластыруға мүдделі екенін айтты. Форум нәтижесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Данияның ең ірі кәсіпкерлік ұйымдарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, қос мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 19,7 млн АҚШ долларына жетіп, 43,9%-ға артты. Бүгінде екіжақты байланыс жаңа бастамаларымен толығып келеді. Мәселен, бүгін Алматы облысының Боралдай ауылында «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының алкогольсіз сусын шығаратын жаңа зауыты іске қосылды. Жобаға 344 млн доллар инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 1 млрд литр сусын өндіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1302916?lang=ru
Қазақстан мен Дания жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті 02.10.2026
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссеннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан–Дания бизнес-форумына қатысты.Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының және іскер топтарының 70-тен астам өкілі қатысты.«Қазақстан Даниямен экономикалық ынтымақтастықтың практикалық сипатқа ие болуына мүдделі. Біз сауда көлемін ұлғайту ғана емес, бірлескен жобаларды іске қосу, өндірістерді жергіліктендіру және озық технологияларды енгізу үшін де мүмкіндіктер көріп отырмыз. Бұл ретте логистика, су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика және энергетика салаларына басымдық беріледі. Аталған бағыттарда дат компаниялары озық тәжірибеге ие. Біздің міндетіміз – бизнестің қызығушылығын Қазақстанда жүзеге асырылатын нақты әрі ұзақ мерзімді жобаларға айналдыруға қажетті жағдай жасау», – деді А.Зебешев.Форум аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Дания өнеркәсібі конфедерациясы (DI) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум дат іскерлік қауымдастығымен тікелей жұмыс істеу, перспективалы жобалармен алмасу және Қазақстанда қызметін дамытуға мүдделі компанияларға қолдау көрсету үшін қосымша тетік қалыптастырады.Қазіргі таңда дат бизнесі Қазақстанда бірқатар салаларда қызметте. Компаниялар өнеркәсіп пен логистикадан бастап фармацевтика, су технологиялары, энергетика және агроөнеркәсіптік кешенге дейінгі жаңа бағыттарды қамтиды.Өндірісті жергіліктендіру мен өндірістік кооперацияға ерекше назар аударылды. Қазақстан үшін дат бизнесімен ынтымақтастық тек капитал тарту тұрғысынан ғана емес, отандық өндірісті дамытуға, заманауи технологиялар мен басқару шешімдерін енгізуге, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар мен халықаралық компаниялар арасында жаңа байланыстар қалыптастыруға мүмкіндік беретіндіктен маңызды.Табысты ынтымақтастықтың нақты мысалы ретінде сол күні Алматы облысының Боралдай кентінде Carlsberg Group пен PepsiCo компанияларының алкогольсіз сусындар өндіретін зауытының ашылуын атап өтуге болады. Жобаға салынған инвестиция көлемі 344 млн АҚШ долларын құрады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына шамамен 1 млрд литр өнімді құрайды. Жоба аясында 230-дан астам жұмыс орны құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302899?lang=ru
Шетелдік туристер үшін Tax Free мүмкіндігі 02.10.2026
Қазақстанда Tax Free пилоттық жобасы іске асырылуда.Жоба шетелдік азаматтарға Қазақстан аумағында сатып алынған және ел аумағынан тыс жерге әкетілетін тауарлар бойынша қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруға мүмкіндік береді.📌 Tax Free туралы толық ақпаратпен танысып, Қазақстандағы саудаңыз үшін берілетін мүмкіндікті пайдаланыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1302892?lang=ru
Қостанайда жол жөндеу маусымы аяқталуға жақын 02.10.2026
Қостанай қаласында биылғы жол жөндеу маусымы қорытындылануда. Биыл қала жолдарының сапасын жақсартуға 5,5 млрд теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары шамамен 28 шақырым жолды және 35 аула аумағын қамтыды.Орташа жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Жоспарланған 47 учаскенің 41-інде жұмыстар толық аяқталса, тағы төрт учаскеде жөндеу жалғасуда. Сонымен қатар 78 мың шаршы метр аумақта жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізу толық аяқталды. Нариманов көшесінің Абай және Алтынсарин көшелері аралығындағы бөлігі де қайта жаңғыртылды.Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары да жалғасуда. Биыл барлығы 35 аулада жөндеу жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін қаладағы жөнделген аула аумақтарының үлесі 99 пайызға жетеді.Бұдан бөлек, тротуарлар жөнделіп, көше жарықтандыру жүйесі жаңартылуда, жол белгілері орнатылып, бағдаршам нысандары жаңғыртылуда. 2026 жылы сегіз жол қиылысын кеңейту жұмыстары аяқталды. Бұл шаралар жолдардың өткізу қабілетін арттырып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қаладағы 40 учаскеде 72 проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Аталған құрылғылар қараңғы уақытта өткелдерді жүргізушілерге анық көрсетіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Оларды орнату жұмыстары толығымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1302870?lang=ru
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы 02.10.2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 449,60 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 950,74 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 347,58 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қыркүйекте МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,00%, ҚРҰБ депозиттері – 3,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,53%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,75%, МҚҰ – 0,99%.Активтердің 37,38%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,99%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,01%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 510,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 119,33 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,87 млрд теңге.Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,58 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 6,17%-ды құрады.2026 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,30%, ҚРҰБ депозиттері – 3,69%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 99,70 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 18,80 млрд теңге кіріс әкелді.2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 158,51 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,65%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 151,28 млрд теңге.2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 24,12 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,80%, РЕПО – 13,96%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,88%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,46%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,32%, МҚҰ – 2,36%. Атап кетейік, портфельдің 48,26% теңгемен, 51,07% АҚШ долларымен, 0,67% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,91%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 19,60 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,44%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,76%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%,Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,34%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 6,24%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,18%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,73%-ын, АҚШ долларымен 26,27%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,95%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,58 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,03%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 13,24%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,22%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,75%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,23%, ҚРҰБ ноттары – 7,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,39%-на, АҚШ долларымен 37,61%-на тең.Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,30%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 77,64 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 19,63%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,20%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 11,04%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,79%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,07%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 7,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,68%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 4,64%, МҚҰ – 1,50%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,49%, АҚШ долларында – 34,51% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,82%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.09.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 0,74 млрд теңге.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 52,95%, Репо – 16,02%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 15,67%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,05%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 42,94%, АҚШ долларымен – 57,06% инвестицияланды."Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 2,43% құрады."Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.09.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 22,60 млрд теңге.ҚР ЕДБ облигацияларына – 26,85%, РЕПО – 12,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 12,57%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,31%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,53%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 7,21%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 5,14%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,52%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 2,74% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 66,06%-ы, АҚШ долларында 33,94%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,05%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда[2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1303367?lang=ru
Талғат Ахметов Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
Талғат Ахметов 29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды. Биыл сәуір айынан бастап ол осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.Талғат Ахметов 1990 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін және Қазақстан-Американдық еркін университетін тәмамдаған. Аспап жасау, экономика, құқықтану және құрылыс салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік мүлік және Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы салаларында еңбек еткен.2018-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлімін басқарды. Кейін осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302851?lang=ru
Алматыда инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ҚХР Бас консулымен кеңес өтті 02.10.2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Алматыда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қытайлық бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінің қатысуымен Қытай Халық Республикасының Бас консулымен кеңес өтті.Кездесу шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғау және көмекке жүгіну тәртібі, көші-қон, салық және кеден заңнамасы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру кезінде қытайлық компаниялардың өкілдерінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша сөз сөйледі. Ерекше айтқанда, салық салу, салықтық жеңілдіктерді қолдану, салық төлеу тәртібі, камералдық бақылау және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.Кеңес барысында қытайлық компаниялардың өкілдері кәсіпкерлік қызметті жүргізуге байланысты практикалық мәселелерді көтеріп, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерінен түсініктемелер алды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, одан әрі өзара іс-қимыл бағыттарын айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1302856?lang=ru
Берік Солтанбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды 02.10.2026
29 қыркүйектен бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметіне бұған дейін Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болған Берік Солтанбаев тағайындалды.Берік Солтанбаев 1990 жылы 28 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын, Халықаралық білім беру корпорациясын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Нархоз университетін тәмамдаған. Құрылыс, техника және технологиялар, құқық және іскерлік әкімшілендіру салалары бойынша білімі бар.Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Әр жылдары жеке секторда, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында, «Қоғамдық келісім» КММ-де, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратында қызмет атқарған.2017-2018 жылдары Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімін басқарды. 2018 жылы қазаннан 2022 жылы маусымға дейін Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы маусымнан 2024 жылы маусымға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасын басқарды. Ал биыл 6 мамырдан бастап Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1302842?lang=ru
Қазақстан Беларуське $30 млн-ға коммерциялық техника жеткізеді 02.10.2026
«Иннопром. Беларусь» форумы аясында Қазақстан–Беларусь іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында қазақстандық компаниялар беларусьтік серіктестерімен өнім жеткізуді ұлғайтуға бағытталған бірқатар келісімге келді. Жұмысқа Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ қолдау көрсетті.Негізгі келісімдердің бірі – қазақстандық коммерциялық техниканы Беларуське жеткізу. «Hyundai Trans Auto» ЖШС мен Беларусьтің «Эр Си М» ЖШҚ 2027–2028 жылдары 790 бірлік техника жеткізу туралы келісімге келді. Келісімнің жалпы құны кемінде $30 млн болады. Сонымен қатар қазақстандық автокөлік өндірушілерінің Беларусь нарығындағы экспорттық әлеуеті жылына 4 500 бірлік техникаға дейін жетеді.Қазақстандық өнімді Беларусь нарығында ілгерілету мақсатында тағы 1 келісім жасалды. Қазірдің өзінде экспорттаушылар пулы қалыптастырылып, жылына 20 жүк көлігіне дейін тауар жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.Екі ел арасындағы сауда көлемі де тұрақты өсіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, $1,2 млрд-тан асты. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында өзара сауда тағы 20,5%-ға өсіп, $723 млн болды. Оның ішінде Қазақстан экспорты $180,3 млн, импорт $542,7 млн құрады. Осы кезеңде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің Беларуське экспорты 34,9%-ға өсіп, $24,9 млн-ға жетті.Ендігі міндет – осы өсімді нақты экспорттық жобалармен бекіту. Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіп, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірқатар жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстан өнімдерінің Беларусь нарығындағы қосымша экспорттық әлеуеті $80,1 млн-ға бағаланады.2026 жылдың қаңтарында Минскіде Қазақстанның «Қазақ Трейд Хаус» сауда үйі жұмысын бастады. Ол қазақстандық тауарларды Беларусь нарығына шығаруға және экспорттық жобаларды сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Қазір мұнда сегіз қазақстандық өндірушіден тұратын жеткізушілер пулы қалыптастырылған. Оның ішінде жылына 20 жүк көлігіне дейін, жалпы құны $300 мыңға дейін өнім жеткізу мүмкіндігі бар.Азық-түлік өнімдері бойынша Беларусьтің ең ірі сауда желілерінің бірі «Еврооптқа» тауар жеткізу мәселесі пысықталуда. Қазірдің өзінде өсімдік майы, сүт өнімдері, сусындар, минералды су, ұн, жарма және ет консервілерін жеткізу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.Теміржол-машина жасау саласында да байланыс жолға қойылған. «Проммашкомплект» ЖШС Беларуське тұтас илемделген теміржол дөңгелектерін жеткізіп келеді. Ал «Railways Systems Holding» ЖШС вагондар, рельсті автобустар, қосалқы бөлшектер және басқа да өнімдерді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.Бұдан бөлек, Қазақстанда бірлескен өндірістер құруға бағытталған екі жоба пысықталуда. «ПОЖСНАБ» ЖШҚ мен «Автокомпоненты КЗ» ЖШС арнайы өрт сөндіру техникасын өндіруді жоспарлап отыр. Ал «Qaz-Bel Лифт» ЖШС мен «Могилевский завод лифтового машиностроения» ААҚ Ақтөбеде лифт өндірісін іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.Алдағы кезеңде тараптар нақты келісімшарттарға басымдық беріп, қазақстандық өнімдердің Беларусь нарығына жеткізілу көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1302820?lang=ru
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды 02.10.2026
Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақтарының жалпы көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді. Қазақстандағы зейнетақы жинақтары – азаматтардың зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясатты қолдану және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерін әртараптандыру инвестициялық кірістің ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін қалыптастырады.Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқамерзімді кезеңдердегі кірістілігін бағалау зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін толық көрсете алмайды. Бұл қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша қысқа мерзім ішінде есептелген сыйақы түріндегі кірістердің сол кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым өтей бермейтіндігіне байланысты. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды кемінде бір жылдық кезең бойынша жүргізген орынды.Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банктің басқаруындағы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда, яғни 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі кезеңде шамамен 1,58 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелді, осы кезеңдегі кірістілік – 6,17%.Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млрд теңгені, ал осы кезеңдегі кірістілік 18,65%-ды құрады.Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1303933?lang=ru