Жаңалықтар
Мемлекет микро және шағын бизнеске жаңа Салық кодексіне көшу кезеңінде салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді 29.12.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдерге қатысты салық міндеттемелерін жеңілдету енгізіледі.Не өзгереді:1️. Өткен жылдар бойынша тексерулер азаяды• камеральды тексерулер (есептілікті автоматты бақылау) жүргізілмейді;• сол кезеңдерге салықтық тексерулер тағайындалмайды.Шектеулер:Шаралар келесі жағдайларға қолданылмайды:• 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған есептілік (соның ішінде 4-тоқсан және 2025 жылдың II жартыжылдық есептері);• бейрезиденттермен байланысты міндеттемелер;• қылмыстық істер және прокуратура талаптары;• кәсіпкерлердің өз арыздары бойынша тексерулер.2️. Сотқа жүгіну тоқтатылады• 2026 жылға дейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді;• 2026 жылға дейін жүргізілген бизнес тіркелімін немесе қайта тіркелімін жарамсыз деп тану туралы талаптар берілмейді.3️. Қарапайым тәртіппен тарату2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша қызметті тоқтату камеральды бақылаусыз жүргізіледі.4️. Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар;- бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.5️. Әкімшілік жауапкершілікМикро және шағын бизнес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі айналымдар бойынша міндетті ҚҚС тіркеу талаптарын орындамағаны үшін;• 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер бойынша салық есептілігін тапсырмағаны үшін.https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1134101?lang=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1134255?lang=kk
Микро және шағын бизнеске салықтық жүктемені азайту. 2026 жылы — «таза парақтан» 29.12.2025
Жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені төмендету мақсатында микро және шағын бизнес үшін салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылданды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы санаттағы бизнеске 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдер бойынша салықтық әкімшілендірудің жекелеген мәселелері бойынша жеңілдіктер енгізіледі.Енгізілетін қолдау шаралары:Өткен жылдардағы салықтар бойынша салықтық тексерулер саны азаяды:- камеральдық тексерулер (есептілікті автоматты түрде тексеру) жүргізілмейді; - аталған кезеңдер бойынша салықтық тексерулер тағайындалмайды. Бұл шаралар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін ұсынылған салықтық есептілікке (яғни қосымша есептіліктерге, 2025 жылдың IV тоқсаны мен II жартыжылдығы үшін тапсырылатын кезекті есептіліктерге), бейрезиденттерге қатысты міндеттемелерге, қылмыстық істер мен прокуратура органдарының талаптары болған жағдайда, сондай-ақ кәсіпкердің өзінің шағымы негізінде жүргізілетін тексерулерге қолданылмайтынын білу маңызды.Сотқа: - 2026 жылға дейін микро және шағын бизнес арасында жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша; - 2026 жылға дейін жүргізілген бизнесті тіркеу немесе қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар беру бойынша жүгіну тоқтатылады.Оңайлатылған тарату.Салық төлеушілер үшін қызметті жеңілдетілген тәртіппен тоқтату (2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер бойынша) камеральдық бақылаусыз жүзеге асырылады.Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару.Егер микро немесе шағын бизнес субъектісі2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтық берешекті (негізгі қарызды)2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда оған:- аталған берешек бойынша есептелген барлық өсімпұлдар;- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтық айыппұлдар; - бұрын төлеу мерзімдері өзгертілген салықтар мен төлемдер бойынша (оның ішінде оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде) есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін міндеттемелер толық орындалған жағдайда, есептен шығарылады.Мұны білу маңызды: кешірім тек өсімпұлдар мен айыппұлдарға ғана қатысты — негізгі салық сомасы толық төленуі тиіс.Әкімшілік жауапкершілік.Микро және шағын бизнес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар үшін міндетті түрде ҚҚС бойынша есепке қоймағаны үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.Кәсіпкерлер өткен кезеңдер үшін тексерулерсіз бизнесті алаңсыз жүргізе алады, себебі әкімшілік және қаржылық жүктеме төмендейді, нәтижесінде аталған санаттағылар салықтық дауларға емес, бизнесті дамытуға және жаңа кезеңді «таза парақтан» бастап ағымдағы процестерді түзей алады. Қазіргі уақытта «Камеральды бақылаусыз ликвидация және қызметті тоқтату, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды кешіру» ережелері әзірленіп жатыр және ашық НҚА порталында жарияланатын болады.Осы шаралардың негізгі мақсаты — микро және шағын бизнесті қолдау, жүргізіліп жатқан реформаларға бейімделу кезеңінде көмек көрсету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1135264?lang=kk
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! 29.12.2025
Өтіп бара жатқан жыл ел дамуы мен қоғам игілігі жолында маңызды жетістіктерге толы болды. Алдағы жыл әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен тұрақтылық, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер әкелсін.Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Жаңа жыл игі бастамалар мен асқақ мақсаттардың жүзеге асатын жылы болсын!Жаңа жыл құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1134274?lang=kk
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды 29.12.2025
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуы тиіс.Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы қорытынды бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 6% деңгейінде өсуі мүмкін. 2026 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде болады деп белгіленді.Өңдеу саласының негізгі драйвері саналатын металлургияда өндірістің өсуі 2026 жылы 3% деңгейінде жоспарланып отыр. Өнім көлемі, ең алдымен, биыл және былтырлары іске қосылған Kyzyl Aray Copper, EkibastuzFerroAlloyse, Kazferrolimited, Shagala Mining және тағы да басқа зауыттардың жобалық қуатының артуы есебінен ұлғаяды. Қара металлургияда ферроқорытпа, болат, жалпақтап жаймаланған темір мен шойын өндірісін, түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий, мырыш өндірісін ұлғайту жоспарлануда.Машина жасауда 2026 жылғы жоспарлы өсу көрсеткіші 13,4% деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткішке биыл іске қосылған «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС және «KIA Qazaqstan» ЖШС арқылы жеңіл автомобиль өндіру көлемін 17%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізілмек. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасын шығару 5%-ға өседі деп жоспарланған.Бір айта кететіні, 2025 жылдың қорытындысында 436,5 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылмақ. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Теледидар, кір жуғыш машина, плита пеш және тағыда басқа тұрмыстық техниканы Қазақстанда ««SILK ROAD ELECTRONICS» ЖШС, «АЛМАТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫ» ЖШС және «DS Multimedia CA» ЖШС шығарады. 2026 жылы тұрмыстық техниканы 2025 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өндіру жоспарлануда.2026 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде. Ол күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны секілді жаңа қуаттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.Құрылыс материалын өндіруде биыл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-ға жетті. 2026 жылы бұл секторда НКИ 6%-ға өсуі ықтимал. Портландцемент, керамикалық тақтайша, темірбетон мен тауарлық бетон өндірісі драйверге айналады. Резервтер арасында Шымкенттегі керамикалық тақтайша шығаратын жаңа зауыт пен цемент зауыты бар. 2025 жылы цемент өндірісі рекордтық көлемде өседі. 2026 жылы кәсіпорындар жобалық қуатына шыққан сайын өсу де жалғасады.Сауда саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы номиналдық мәнде 108,9%-ға дейін өспек. Бұл шамамен 80,3 трлн теңге (+14,6%). 2026 жылғы нысаналы көрсеткіш 106,5% өсіммен 92,4 трлн теңгені құрайды.Өсім мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін сақтау, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеудің ауқымды бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағдарланған төрт ірі B2B алаңының жұмысын толықтай бастау арқылы жүзеге асырылады.Ауыл шаруашылығында 2026 жылы азық-түлік және сусын өндірісінде жоғары өсім болуы мүмкін. Ол тиісінше 109% және 109,3%-ды құрамақ.Кеңес соңында вице-премьер орталық мемлекеттік органдарға өнеркәсіптік өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізіп, негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, қосымша резервтерді пысықтап, ауыл шаруашылығында, сауда мен көлікте тұрақты өсу серпінін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салаларды дамытудың жол картасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1134250?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1134945?lang=kk
2025 жылдың 25 желтоқсанында Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. 29.12.2025
Отырыста 2026 - 2028 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы, сондай - ақ «Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы» Меңдіқара ауданы білім бөлімінің есебі қарастырылды.Бюджеттің жобасын Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова ұсынды. Толық айтқанда 2026 - 2028 жылдарға арналған аудандық бюджетін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптары сақталды. Бюджет әлеуметтік бағытқа ие. Басым бағыттары сақталды, олар: жолдарды жөндеу, абаттандыру, елді мекендерді жарықтандыру және тағы басқалар. Қоғамдық кеңестің мүшелері барлық қойылған сұрақтар бойынша нақты есептер алынды. Ауданның Қоғамдық кеңесі бюджеттің жобасы бойынша ескертулері, ұсыныстары мен өзгерістері жоқ. Бюджет аудандық мәслихаттың сессиясында қарастыру үшін ұсынылған.Мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыру туралы аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру жөніндегі әдіскері А.М. Ғалиева баяндады. Кеңес мүшелері ауданда мектепке дейінгі білім беруін ұйымдастыруда оң теңденциясы байқалатынын атап өтті. Балабақшалармен қатар барлық мектептер жанында шағын орталықтар жұмыс істейді, толық күнге келумен, сондай - ақ толық емес келумен де бар. Білім бөлімінің деректері бойынша мектепке дейінгі білім берумен 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың қамтуы 100 пайыздық қамтылған. Тәрбиелеумен тәжірибелі педагогтар - тәрбиешілер айналысады. Тәрбиелік процессті ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Қарастырылатын сұрақты талқылау барысында Қоғамдық кеңестің мүшелері аудандық білім бөліміне мектепте балаларды дайындау сапасын көтеруге, мектепке дейінгі мекемелерде температуралық режимді сақтауға назар аударды, шалғай елді мекендерінен шағын орталықтарға балаларды тасымалдауды ерекше бақылауда ұстау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1134253?lang=kk
2025 жылы eLicense.kz порталы арқылы қазақстандықтарға 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді 29.12.2025
«Е-лицензиялау» платформасы 2025 жылы азаматтар мен бизнес үшін өз мүмкіндіктерін дамытуын жалғастырды. Жыл басынан бастап пайдаланушылар 3 миллионнан астам лицензия мен рұқсат алды, ал порталдың күнделікті аудиториясы 30 мыңнан асты. Бұл цифрлық қызметтерге деген қызығушылықтың жоғары екенін және лицензиялау саласында олардың сұранысқа ие екенін көрсетеді.«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Жүйе лицензиялар мен рұқсат құжаттарының толық өмірлік циклін қамтиді, өтінім беру сәтінен бастап нәтижені алу кезеңіне дейін. Сонымен қатар жүйе процедуралардың ашықтығын, өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқартуды және әкімшілік жүктемені азайтуды қамтамасыз етеді.«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің функционалын кеңейту жұмысы тұрақты жүргізіліп келеді. 2025 жылы платформаға 8 жаңа мемлекеттік қызмет қосылды. Білім беру қызметін лицензиялау рәсімдері барлық деңгейде – бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру – цифрлық форматқа көшірілді. Сонымен қатар, балаларға арналған қосымша білім беру саласында қызметті бастау және тоқтату туралы хабарландыру сервисі іске асырылды.Қызметтер тізімін кеңейту басқа салаларды да қамтыды. Жыл ішінде пайдаланушылар отандық шикізат өнімдерін экспорттауды лицензиялау және техникалық бақылау операторларының қызметіне рұқсат алу бойынша онлайн қызметтерге қол жеткізді. Сонымен қатар, платформада SMS-хабарламалар сервисі іске қосылды, ол пайдаланушыларға лицензиялар мен рұқсат құжаттарының мерзімі жақындағанын алдын ала хабарлауға мүмкіндік береді, бұл жүйемен өзара әрекетті әлдеқайда ыңғайлы етеді.eLicense.kz платформасында ең көп қолданылатын қызметтер:Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама – 684 689 рет көрсетілген;Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 360 169 рет;Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру – 306 228 рет.Сонымен қатар, 2025 жылы порталда бес мемлекеттік қызмет проактивті форматқа көшірілді. Бұл форматта құжаттарды қайта рәсімдеу мемлекеттік органдар мен өтініш берушілердің қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі. Мұндай тәсіл нәтиже алуды жылдам әрі ыңғайлы етеді.Порталда 12 мемлекеттік қызмет үшін автоматты түрде қол қою режимі де іске қосылды. Бұл режим сыртқы экономикалық қызмет, тауар биржаларын лицензиялау, құрылыс және техникалық қадағалау саласындағы заңды тұлғалар мен ұйымдарды аккредиттеу, жобаларды басқару, спорт және дене шынықтыру саласындағы қызмет, табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылық нысандарын реттеу сияқты салаларды қамтиды. Автоматты түрде қол қою арқылы өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған соң, мемлекеттік органдардың қатысуынсыз қызмет нәтижесін бірден алады.Қызметтер тізімін белсенді кеңейту пайдаланушылар белсенділігінің тұрақты өсуімен қатар жүрді: 2025 жылдың соңына қарай eLicense.kz жүйесінде 4,2 миллионнан астам тіркелген пайдаланушы болды, оның 4 миллионы жеке тұлғалар, 250 мыңы заңды тұлғалар. Жыл ішінде платформаға 420 мың жаңа пайдаланушы қосылды, ал портал арқылы жалпы 3,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Орта есеппен күн сайын платформаның қызметтерін шамамен 30 мың адам пайдаланады, бұл цифрлық қызметтердің мемлекеттік қызмет алуда жоғары сұранысқа ие екенін растайды.eLicense.kz платформасы пайдаланушылардың қажеттіліктері мен мемлекеттік реттеу міндеттерін ескере отырып, дамуын жалғастыруда. Функционалды кеңейту және пайдаланушы сценарийлерін жеңілдету лицензиялар мен рұқсаттарды алу процесін мүмкіндігінше жылдам әрі ыңғайлы етіп, толықтай цифрлық форматқа көшіреді. © Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-usttalovka/press/news/details/1141092?lang=kk
Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті 29.12.2025
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты. 01.01.2025ж. мен 30.11.2025ж. аралығында халыққа шамамен 39,5 млн қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,4 млн-ы электрондық форматта, 13,8 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 97,8%-ын құрады. Салымшыларға 858,1 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 835,6 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,4 млн жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 26,5 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 3,5 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, жыл басынан бері салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 75,4 мың өтініш қабылданып, оның 72,7 мыңы электрондық нұсқада іске асырылған. 2025 жылдың басынан бастап 11 ай ішінде деректемелерді өзгертуге 123,1 мың өтініш қабылданды. Оның 115,2 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 47,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 983,2 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 39,3 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 473,6 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1134283?lang=kk
Астанада ХҚКО филиалдарының директорлары мен жүйе ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті 29.12.2025
Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінен келген Халыққа қызмет көрсету орталықтары филиалдарының директорларының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметтер жүйесіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, сала өкілдерінің еңбегін бағалауға арналды. Салтанатты рәсім барысында ХҚКО филиалдарының директорлары жоғары кәсібилігі, тиімді басқаруы және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды.Сонымен қатар, ХҚКО жүйесінің ардагерлері де назардан тыс қалмады. Жүйенің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған ардагер қызметкерлердің көпжылдық адал еңбегі мен мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізуге қосқан үлесі жоғары бағаланды.Аталған іс-шара мемлекеттік қызметтер саласында еңбек етіп жүрген барлық мамандарға құрмет көрсетудің және тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1134181?lang=kk
Жамбыл облысында Қорғаныс министрі Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақтаны ашты 29.12.2025
Салтанатты іс-шара Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Бұл жерде Тараз гарнизонының тау қорықшылары жеке полкі орналасқан.Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған салтанатты жиында Қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов мемориалдық тақтаны ашты.Іс-шараға полк басшылығы, жеке құрамы, шақырылған қонақтар және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Қорғаныс министрі Жамбыл облысы Әлішер Қырықбайұлы, Әуесбай Көмекбайұлы, Әмір Жаңабайұлы, Мақсат Тұрарұлы, Мұхит Балмағамбетұлы, Тілеужан Қуатжанұлы және Мақсат Құрманғазыұлы сынды батырларымен мақтана алатынын атап өтті.Оның айтуынша, бұл батырлар – өз халқына адал қызмет еткен, Отан қорғаған нағыз патриоттар. Қазақстандықтар ержүрек жауынгерлер мен Бауыржан Момышұлының ерлігін ұмытпайды. Оған Халық қаһарманы атағының берілуі – халықтың батырдың ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі.Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1134020?lang=kk
"Самар ауданы әкімінің округ тұрғындарымен кездесуі" 29.12.2025
Желтоқсан айында Самар ауданы әкімінің Миролюбовка ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті, Ашық диалог барысында халықты толғандыратын мәселелер, инфрақұрылымды дамыту және аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды. Тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1133993?lang=kk
eLicense.kz порталындағы SMS-хабарламалар қазақстандықтарға рұқсат құжаттары мен лицензияларды уақытында ұзартуға көмектеседі 29.12.2025
eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталатыны туралы хабарлау функциясы енгізілді. Енді жүйе құжат мерзімі бітуге 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, өз қызметінде кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.Бұрын пайдаланушылар рұқсат құжаттары мен лицензиялардың мерзімін өздері бақылауы тиіс болатын. Жаңа хабарландыру қызметі мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану тиімділігін арттырып, пайдаланушыға құжаттарды уақытында ұзарту үшін алдын ала әрекет жасауға мүмкіндік береді.SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған. Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі.Хабарлама мысалы: «Құрметті пайдаланушы, Сіздің рұқсатыңыздың (рұқсат немесе лицензияның бірегей нөмірі) қолданылу мерзімі 30 күннен кейін аяқталады. Толық ақпарат алу үшін жеке кабинетке кіріңіз».МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушылардың назарына: SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландыруы болып табылады.Хабарлама пайдаланушының өтініш берген кезде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Сонымен қатар, нөмірдің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен (МАБ) сәйкестендіру сервисі арқылы тексеріледі. Осылайша, пайдаланушылар eLicense.kz порталында рұқсат құжаттары мен лицензияларын уақытында жаңарта алады.SMS-хабарламалармен қатар, порталдағы кейбір мемлекеттік қызметтерде рұқсат құжаттарын проактивті түрде қайта рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл процесс автоматты түрде жүзеге асады, мемлекеттік органдардың қатысуын немесе қосымша әрекеттерді қажет етпейді. Проактивті қайта рәсімдеу лицензия иесінің негізгі деректерін, мысалы, аты-жөні немесе ұйым атауы өзгерген жағдайда қолданылады. Мұндай қызметтерге мыналар жатады:Пестицидтердің мемлекеттік тіркеуі;Шығу тегінің, элиталық тұқымдардың, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарының, сондай-ақ тұқым сатушылардың аттестациясы;II категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;I категориялы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;Бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенімді бағдарламалар мен өнімдер тізіліміне қосу немесе шығару.Жаңа функционал Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1133999?lang=kk
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі 29.12.2025
2025 жылғы 24 желтоқсанда Зайсан ауданы бойынша МКД-ның бас маманы А. Жұмадилова Зайсан ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шара барысында мемлекеттік бажды қайтару тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес өтініштерді электрондық түрде жолдау мен қайтаруды жүзеге асырудың артықшылықтары түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1134003?lang=kk
324 маман және заманауи жабдық: Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады 29.12.2025
Жаңа емхана Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында бой көтерді. Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қатысты. Одан бөлек, басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері де қуанышқа ортақтасты.Облыс әкімі жиналған қауымды жаңа денсаулық сақтау мекемесінің ашылуымен құттықтап, заманауи талаптарға сай жабдықталған емханада тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар екенін айтты.Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде денсаулық сақтау саласының стратегиялық маңызын атап өтіп, жаңа ғимарат халықтың игілігіне тиімді қызмет ететініне тоқталды: «Денсаулық сақтау жүйесін дамыту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы әсіресе өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен болатын. Осы жобаның жүзеге асырылуы - сол жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл емханада медицина қызметкерлерінің сапалы әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соның арқасында, әрбір тұрғынға сапалы медициналық көмек уақытылы көрсетіліп, аурулардың алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу толық қамтамасыз етілетініне сенімдімін. Бұл ретте, осы емхананың құрылысын жүргізген мердігер «AK Construction» компаниясына зор алғысымды білдіремін», - деді өңір басшысы.Айта кетейік, жаңа емхана ауданның 200 мыңнан астам халқына шақталған. Ал күніне 250 адам қабылдауға қауқарлы. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің барлық талаптарына сай келеді. Мұнда жоғары технологиялы диагностикалық аппараттар, цифрлық рентген, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары, зертханалық талдау жүйелері, телемедицина мүмкіндіктері және жедел медициналық көмекке арналған заманауи жабдықтар орнатылған. Мекеменің штаттық құрамында барлығы 324 қызметкер бар. Оның ішінде 98-і дәрігерлік персонал болса, олардың 66-сы бейінді мамандар. Орта медициналық персонал саны – 194 адам, кіші медициналық персонал – 24. Сонымен қатар, өзге бағыттағы 8 қызметкер еңбек етеді.Қазіргі уақытта, Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Жобалардың жалпы құны 8,2 млрд теңгеден асады. Бүгінде 38 нысанның 12-сі пайдалануға берілді, қалғаны жыл соңына дейін берілу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1133826?lang=kk
Жаңа жылдық тілектер әскерде де орындалады 29.12.2025
Жаңа жыл — әрдайым үміт пен ізгі ниетке толы ерекше кезең. Бұл уақытта жүректерде ғажайыпқа деген сенім оянып, шынайы тілектердің орындалуына жол ашылады. Осындай сиқырлы сәттерде жасалған әрбір игі іс айрықша маңызға ие. Сол ізгі бастамалардың жалғасы ретінде биыл жаңа жылдық қуаныш ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдеріне де жетті.Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаздардың бес бірдей асыл армандарын орындады. Ешқандай орындалар деген үміт пен есепсіз айтылған тілектер күтпеген жерден шындыққа айналды. Бұл — Жаңа жыл қарсаңындағы ізгі ниеттің айқын көрінісі.Әскер қатарында арнайы сауалнама жүргізіліп, сарбаздар өз тілектерін бүкпесіз, ашық жеткізді. Олар қызмет барысында армандарының орындалатынын күтпеген еді. Алайда жаңа жыл жақындаған сайын, тіпті ең қарапайым тілектердің өзі орындаулы мүмкін екені тағы бір мәрте дәлелденді.Мәселен, Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Александр Мирошин бұрын-соңды ұшаққа мініп көрмегенін және көкке көтерілуді армандайтынын жазған. Оның бұл тілегі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қолдауымен орындалды. Ұшудың алғашқы сәттерінен-ақ сарбаздың қуанышы мен толқуы айқын байқалды. Шынайы бақыт, қуаныш сезімі оны бүкіл сапар бойы жетелеп отырды.Алайда жаңа жылдық қуаныш мұнымен аяқталған жоқ. Қонған сәттен кейін Александрды тағы бір тосын сый - анасымен қауышу күтіп тұрды.Сарбаздың анасы Наталья Мирошина бұл күні тек ұлының ғана емес, өзінің де арманы орындалғанын жеткізді. Себебі әскердегі баласымен жүздесу — жаңа жылда көп отбасылар аңсайтын ең қымбат сый.Ал Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Райымбек Бақытбек шоколад өнімдерінің қалай дайындалатынын көргісі келетінін жеткізген. Бас қолбасшының жаңа жылдық тартуы ретінде оған еліміздегі танымал «Рахат» кондитерлік фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды. Сарбаз тәтті өнімдердің өндіріс технологиясымен танысып, Қазақстанның танымал брендіне айналған фабриканың жұмысын өз көзімен көрді.Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде қызмет ететін Дастан Нұрлан Жаңа жыл қарсаңында бүкіл ротасына мерекелік көңіл күй сыйлауды армандап, бір жәшік мандарин тіледі. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысынан келген сәлемдемені ол өзіне ғана қалдырмай, қарулас достарымен бөлісіп, бөлімшеге ортақ қуаныш сыйлады.Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Элербек Сұлтанқұлов сурет салуға деген қызығушылығын қайта жандандырғысы келетінін айтқан. Оның тілегі күтпеген әрі әсерлі сәтте орындалды. Шығармашылыққа арналған құрал-жабдықтар кешкі тексеріс кезінде табысталды. Бұл сарбаз үшін ерекше есте қаларлық сәт болды.Осы әскери бөлімде қызмет ететін қатардағы жауынгер Жүніс Қарабаевтың тілегі де көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол отбасының суреті бейнеленген шыныаяқ армандаған. Генерал-майор Аңсаған Балтабеков табыстаған бұл сый сарбаз үшін туған үйін, жақындарын және алыста жүрсе де сезілетін жылулықты еске салатын қымбат белгіге айналды.Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызметшілердің материалдық қамтамасыз етілуімен қатар, олардың моральдық-психологиялық жағдайына да ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір сарбазға деген қамқорлық — қызметтің маңызды құрамдас бөлігі.Жаңа жыл қарсаңында орындалған тілектер сарбаздар үшін құқықтық тәртіп әскерлеріндегі қызметтің жарқын әрі жылы естелігіне айналатыны сөзсіз. Осындай сәттерде қолбасшылық тарапынан көрсетілген қолдау мен жанашырлықтың маңызы арта түсіп, әскери қызметшілерге деген қамқорлықтың әрдайым басты назарда екенін айқын көрсетеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1133791?lang=kk
500 медальдің 234-і алтын: Қорғаныс министрлігінде спорт қорытындысы шығарылды 29.12.2025
Астанада Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының 2025 жылғы қызметін қорытындылауға арналған іс-шара өтті. Бұл жыл әскер спортының тарихындағы ең нәтижелі жылдың бірі болды.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов спорттағы жоғары жетістіктеріне қарай Спорт комитетінің жұмысын оң бағалады. Бұл саладағы жүйелі жұмыстың айғағы ретінде Алматы қаласында әскери-спорт колледжінің ашылуы, әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионатының өткізілуі, сол сияқты Ұлттық олимпиадалық комитетпен, Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Дене шынықтыру және спорт орталығымен және Моңғолияның қоян-қолтық ұрыс қауымдастығымен меморандумдарға қол қойылуын атап өтті.– Бүгін біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз. 2025 жылдың өзінде АОСК-ның спортшылары шамамен 500 медаль олжаласа, оның 234-і алтын, 140-ы күміс. Бұл – бапкерлер құрамының жоғары кәсібилігінің, дайындықтың сауатты ұйымдастырылуының және спортшыларымызға тән әскерде шыңдалған мінездің көрсеткіші, – деп атап өтті авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов.Бұдан бөлек беделді халықаралық жарыстар мен республикалық біріншіліктерде жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Жоғары спорттық жетістіктері үшін «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевқа және Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаевқа алғашқы офицерлік «лейтенант» әскери атағы берілді.«Ел қорғаны» ведомстволық медалімен Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің бас жаттықтырушысы подполковник Мұрат Бижанов, таеквондодан әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали, бокстан әлем чемпионы Ангелина Лукас және 600 шақырымдық ультрамарафонды еңсеріп, Қазақстан рекордын орнатқан сержант Рауан Әбілханов марапатталды.«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» төсбелгісі қазақ күресі, таеквондо, кикбоксинг және самбодан әлем чемпиондары мен жүлдегерлері Батырхан Қуандықовқа, Нұрдәулет Бақтыбайұлына, Нұржан Тумурзаевқа және Айдар Бескемпірге табысталды.Құқық қорғау және күш құрылымдары арасында өткен самбо чемпионатындағы жеңісі үшін қатардағы жауынгер Санжар Нұрсейіт Қорғаныс министрі атынан грамотамен марапатталды.Сонымен қатар әскер спортын дамытуға белсенді атсалысып жүрген мемлекеттік органдардың, спорт федерацияларының, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.Спорт комитеті басшылығының шешімімен әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған үздік спортшылар ақшалай сыйақымен көтермеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1133748?lang=kk
Маңғыстау жастары пилоттық жоба аясында Шымкентте білім алуда 28.12.2025
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті.Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты.Аталған кездесу Президент Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба аясында өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау облысынан шыққан талапкерлерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, өңірге білікті мамандар даярлау.Биыл тамыз айында университет Маңғыстау өңірінен келген талапкерлерді қабылдап, қазіргі таңда жоба аясында 16 студент алғашқы семестрді сәтті аяқтады. Олардың қатарында Шымкент қаласына алғаш рет келген жастар да бар. Университет тарапынан студенттерге жайлы жатақхана, тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрам және әлеуметтік бейімделуге толық жағдай жасалған.Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев өз сөзінде:«Бұл студенттер алдағы уақытта Маңғыстау облысына оралып, өңірдің дамуына үлес қосатын білікті мамандар болады деп сенеміз. Университет қабырғасында білім алумен қатар шет тілдерін меңгеру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндігі қарастырылған», – деп атап өтті.Пилоттық жоба аясында студенттер тегін білім алып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ағылшын және түрік тілдері курстарына, спорттық және өнер бағытындағы үйірмелерге қатысуда. Оқу аяқталған соң түлектер дипломмен қатар қосымша сертификаттарға ие болады.Кездесу соңында ата-аналар мен студенттер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға және университет ұсынған мүмкіндіктерге алғыс білдірді.
Шығармашылық взводтың сарбаздары Отанға адал болуға ант берді 28.12.2025
Астанада биыл күзде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық взводына шақырылған әскери қызметшілердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.Іс-шараға Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшылығы мен жеке құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Әскери қызметтің алғашқы айында жаңа келген жауынгерлер жас сарбаз курсынан өтіп, жалпыәскери жарғыларды, саптық, дене және атыс даярлығының негіздерін меңгеріп, алғашқы атыс жаттығуын іс жүзінде орындады.Өмірлеріндегі жауапты сәтпен сарбаздарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов құттықтады. Сарбаздардың ата-аналарына балаларының армияның мәдени өмірінің жүрегі саналатын шығармашылық бөлімшеге түскенін атап өтті.Оның айтуынша, бір жыл ішінде сарбаздар Қарулы күштердің әскери-мәдени қызметіне белсенді араласып, оған қоса әскери істің негіздерін меңгеріп, жауапты әрі тәртіпті азамат болып қалыптасады. Қызмет аяқталған соң, келісімшартқа отырып, шығармашылық қызметін жалғастыру мүмкіндігі бар.Жаңадан келген сарбаздардың бірі – қатардағы Әділ Жұмағұл. Ол «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетін «хорды дирижерлеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол шығармашылық взводқа түскеніне қуанышты екенін айтты, себебі музыкамен айналысу – өмірлік таңдауы. Әскери қызмет сүйікті ісімен айналысуға, кәсіби шеберлігін дамытуға және болашақта әскери оркестрмен тағдырын байланыстыруға мүмкіндік береді.Сарбаздардың өміріндегі маңызды сәтті бөлісу үшін олардың туыстары да келді. Қатардағы Абылайхан Сәрсембаевтың әжесі Гүлбану Бекешева немересінің мерзімді әскери қызметті саналы түрде таңдағанын айтты. Ол әскерге дейін Astana IT University университетін «цифрлық журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. Әжесінің айтуынша, әскер қатары оны шыңдап, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді.Салтанатты шараның соңы Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.Айта кетейік, шығармашылық қабілеті бар жастарға арналған бөлімше Қарулы күштер құрамында 2023 жылы құрылып, әскери қызметті олардың таланттары мен кәсіби құзыреттерін дамытуға тиімді үйлестіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1133718?lang=kk
28 желтоқсан – Әскери өкілдіктер күні 28.12.2025
Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының мамандары кәсіби мерекеcін атап өтуде.Танымал 17 өкілдіктің сарапшылары қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің 60-тан астам кәсіпорнында әскери мақсаттағы өнімнің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады.Әскери өкілдіктер қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрілердің жаңа өндірісін әзірлеу және өндіріске шығаруға тікелей қатысып, оларды меңгеру жұмысын іске асырады.Орталық өнімнің сапасын бақылау және қабылдау процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің барлық тізбесін дайындап, бекітті. Олардың өтініші бойынша 30-дан астам ұлттық әскери стандарттар әзірленді.Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында орталық қару-жарақ пен әскери техниканы күрделі жөндеуді, оларды өндіруді, жаңғыртуды және сатып алуды қадағалайды. Орталық мамандары әскери және қос мақсаттағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен толықтығын, олардың техникалық құжаттама талаптарына, тактикалық-техникалық тапсырмаға және шарт талаптарына сәйкестігін тексереді.Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде орталық өкілдері шарттардың жобаларын дайындауға және келісуге қатысады, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әзірлеу және өндіру кезінде ұлттық стандарттардың сақталуын бақылайды. Орталық мамандары қару-жарақты, әскери техниканы және киім-кешек мүлкін өндіру, жөндеу, жаңғырту сапасын бақылауды жүзеге асырады. Олардың қызметінің маңызды құрамдас бөлігі әскери өнімді қабылдау, бағасын белгілеу ережелеріне сәйкес тікелей және кооперация тәртібімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әзірлеуге және өндіруге жатқызылған нақты шығындарды тексеру және келісу болып табылады.Орталықтың құрылуы қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығу жағдайларын бірнеше есе азайтуға, ал кейбір позицияларды алып тастауға мүмкіндік берді. Әскери өкілдіктің тәжірибесі мен білімі де әскери мақсаттағы өнімдерді өндірудегі негізсіз шығындарды айтарлықтай төмендеуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1133713?lang=kk
Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясы іске қосылды. 27.12.2025
Шымкентте «Құрсай» тұрғын үй кешенінде жаңа 110/35/10 кВ, 40 МВА «Ақжар» электр қосалқы станциясы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кету керек, қосалқы станция жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өтті. Жүктемені ауыстыру 2026 жылдың басында, яғни 220/110/6 кВ Қазығұр қосалқы станциясында үшінші автотрансформаторды орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарланған, бұл Ақжарды қаланың электр желісіне толық қосуды қамтамасыз етеді. Қосалқы станцияның іске қосылуы «Құрсай» тұрғын үй кешеніндегі абоненттерді қосу, бизнес қызметін кеңейту және «Сауда-логистикалық орталық» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Жоба қаланың электр желісінің циклін одан әрі дамыту арқылы тұрақтылық пен үздіксіз электрмен жабдықтауды жақсартады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 27.12.2025
«АҚЖАР» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫШымкент қаласының Құрсай тұрғын алабында қуаттылығы 40 МВА болатын 110/35/10 кВ «Ақжар» электр қосалқы станциясының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Айта кетейік, қосалқы станцияның жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өткен. 2026 жылдың басында, 220/110/6 кВ «Қазығұрт» қосалқы станциясында үшінші автотрансформатор орнатылған соң толық жүктеме беріледі және «Ақжар» қосалқы станциясы қаланың энергетикалық жүйесіне толыққанды қосылады. Қосалқы станцияның іске қосылуы Құрсай тұрғын алабындағы абоненттерді жаңа электр желісіне қосуға, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге және «Сауда-логистикалық орталық» индустриялық аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жоба нәтижесінде қаланың энергетикалық жүйесін сақиналау жұмыстарын одан әрі дамыту арқылы электр қуатымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1134514?lang=kk