Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

АҢДАТПА! 2025 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «ҚР Жаңа Салық кодексіне ҚҚС тіркеу есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен инновациялар (ҚҚС бойынша есепке қою түрлері, алу, ҚҚС бойынша шектен асып кету және т. б.)» тақырыбында интернет-конференция өтеді. 02.12.2025
        2025 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-дан бастап 15:00-ке дейін «Ашық үкімет» (egov.kz) порталынды «ҚР Жаңа Салық кодексіне ҚҚС тіркеу есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен инновациялар (ҚҚС бойынша есепке қою түрлері, алу, ҚҚС бойынша шектен асып кету және т. б.)» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Egov.kz сайтына кіріп, https://dialog.egov.kz/conference/5354 сілтемесі бойынша аталған тақырыпта сұрақтарды қалдырыныздар.       Сұрақтарға ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаменті ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Әзімшайық Еділ Серікұлы жауап береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1117561?lang=kk
Өкілдік Басшысы Түркияның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 02.12.2025
2025 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Түркия Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Тугба Озденфедакарға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Түркияның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1117500?lang=kk
Өкілдік басшысы «Cardinal» венгриялық компаниясы қабылдады 02.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, «Cardinal» венгриялық қаржы технологиялары компаниясының директоры Немчич Робертті қабылдады. Кездесу барысында тараптар цифрландыру және технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1117507?lang=kk
БҚО-да сауда желісі әлеуметтік маңызы бар тауар үшін 10% заңсыз сыйақы талап еткен 02.12.2025
Батыс Қазақстан облысында бірқатар кәсіпкер жеткізу шарттарына жергілікті тауар өндірушіні сауда желісіне жеткізілген өнім құнының 10 пайызы көлемінде сыйақы төлеуге міндеттейтін тармақ енгізген. Алайда шарттың нысаны – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін сары май өнімі болғандықтан, мұндай талап заңға қайшы.Аталған дерек бойынша ақпарат түскеннен кейін БҚО Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тексеру жүргізіп, құқық бұзушылық фактісін растады. Тексеру нәтижесінде сауда желісінің заң талаптарын біле тұра, әлеуметтік маңызы бар тауарға қатысты сыйақы төлеу міндетін шартқа енгізгені анықталды.Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, кейбір жағдайларда азық-түлік тауарларының бағасына сыйақыны енгізуге рұқсат беріледі. Дегенмен мұндай сыйақы мөлшері өнім құнының 5 пайызынан аспауы тиіс және ол тек әлеуметтік маңызы жоқ тауарларға ғана қолданылуы мүмкін. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша кез келген сыйақы төлеуге заң жүзінде толық тыйым салынған.Жалпы, 2025 жылдың өткен кезеңінде Департамент 192 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл көрсеткіш ведомствоның сауда саласында мемлекеттік бақылауды қатаң әрі жүйелі түрде жүргізіп отырғанын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен баға реттеу мәселелерінде заң талаптарының орындалуына ерекше назар аударатынын көрсетеді.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117476?lang=kk
Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға дайындық барысы туралы 02.12.2025
Бүгін аппараттық кеңесте басты мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындық  және жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру барысы туралы баяндалды.Тәуелсіздік күні - еліміздің маңызды мерекесіне орай  Қостанайдың барлық білім және мәдениет ұйымдарында қоғам қайраткерлерімен тақырыптық кездесулер, дәрістер, көрмелер, квесттер, патриоттық сабақтар өтеді, Ахмет Байтұрсынұлы мен Мыржақып Дулатұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланған.Жаңа жылдық іс-шаралар облыс әкімдігінің орталық алаңында, «Жастар» бульварында, «Керуен» саябағында, Қонай және Юбилейный шағын аудандарында бір уақытта шыршаларды жағудан басталады.  Қала тұрғындарының қалауы бойынша биыл шыршаларды жағу рәсімі 18 желтоқсан күні сағат 20:00-де өтеді.  Бұл уақыт жұмыс күні мен мектептегі екінші ауысым аяқталғаннан кейін балалары бар ата-аналар мерекелік іс-шара орындарына уақытылы жетіп, асықпай тамашалауға ыңғайлы болу үшін белгіленді.Дәстүр бойынша, қала орталығында, сондай-ақ басқа орындарда мұз сырғанақтары, жарықтандырылған мұз айдындары,  мұз лабиринті, тақырыптық мұздықтар және жарық композицияларымен жабдықталады.Естеріңізге саламыз: мерекелік іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, балаларды бақылау және пиротехника мен мерекелік әшекейлерді пайдалану ережелеріне мұқият қарау маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1117478?lang=kk
Тауарларды уақытша сақтау қоймалары және "Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы" Кодекстің 165-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды уақытша сақтау жүзеге асырылуы мүмкін өзге де орындар тауарларды уақытша сақтау орындары болып табылады. 02.12.2025
Өтініш берушіге қойылатын негізгі талаптарӨтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болуы тиіс.Өтініш беруші өзінің меншігінде, шаруашылық/оперативтік басқаруында немесе жалға алу арқылы тауарларын сақтау үшін бөлінген ғимарат немесе ашық алаңға ие болуы керек.Егер объект жалға алынған болса, жалға алу келісімшарты өтініш берілген күннен бастап кемінде 6 айға жасалған болуы тиіс.Қойма/сақтау алаңына қойылатын талаптарСертификатталған таразы жабдықтары болуы керек, тауар түріне және көлік құралдарына сәйкес.Жақсы жағдайдағы кіру жолдары, тауарларды тексеру орындары, берік жабынды (бетон, асфальт, резеңке немесе басқа) және қажет болған жағдайда жабық алаңдар мен электр жарығы болуы қажет.Қойманың аумағы (қоймалар, алаңдар, тиеу-түсіру орындары) бірдей пошталық мекенжайға ие болуы және бүкіл периметрі бойынша жабық болуы керек.Қойма/аумақ кеден заңнамасының талаптарына сәйкес аймақ ретінде белгіленуі тиіс.Құжаттар мен өтініш беру тәртібіМТСҚ тізіліміне қосылу өтініші «KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы (keden.kgd.gov.kz) беріледі.Өтінішке құқықты растайтын құжаттар (меншік немесе жалға алу, жалға алу мерзімі ≥ 6 ай), сондай-ақ қойманың техникалық талаптарға сәйкес екенін растайтын құжаттар (жоспарлар, схемалар, жабдықтар, мекенжай, шекаралар және т.б.) қосылуы керек.Өтініш берілгеннен кейін территориялық кеден органы ғимараттар мен аумақты тексеріп, талаптарға сәйкестігін бағалайды.Меншікті таурларды сақтау коймасы қосу туралы шешім өтініш тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1117449?lang=kk
Қарағанды облысының қалалық және аудандық маслихаттарының шешімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық салу мөлшерлемесі 4% дан 2 % дейін төмендетілді. 02.12.2025
Қарағанды облысының қалалық және аудандық маслихаттарының шешімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық салу мөлшерлемесі 4% дан 2 % дейін төмендетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1117450?lang=kk
Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімдерін кеңейту жөнінде келісімге келді 02.12.2025
Баспасөз хабарламасы02.12.2025 ж.                                                                                                 Астана қ. Қазақстанның Еңбек министрлігі мен Кореяның Әділет министрлігі ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының мерзімдерін кеңейту жөнінде келісімге келді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасының Әділет министрлігімен заңсыз көші-қонды азайту және азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізілген келіссөздер барысында, Кореяда заңсыз жұмыс істеген қазақстандықтарға айыппұлсыз және қайта кіруге тыйым салынбастан елден ерікті түрде шығуға мүмкіндік беретін ерікті қоныс аудару бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мерзімдерін кеңейтуге уағдаласты. Біздің отандастарымыз бұл мүмкіндікті 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы ақпан айына дейін қоса алғанда пайдалана алады.Бұл шаралар құқықтық салдарларды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге дайын адамдарды қолдауға бағытталған. Бағдарлама қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, ерікті қоныс аудару туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция кеңселері арқылы ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде беріледі.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЕХӘҚМ) қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, елден шығарып жіберу, айыппұлдар, құқықтық шектеулер және еңбек қанауы сияқты тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.Тек ресми және тексерілген еңбек ресурстары арналарына жүгіну қажет: лицензияланған жеке жұмыспен қамту агенттіктері, мемлекеттік бағдарламалар және жұмыс берушілердің ресми ұсыныстары.ЕХӘҚМ шетелде жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1123809?lang=kk
Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды 02.12.2025
Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС, «Good Luck Trade» ЖШС, «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Метро» ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Метро Кэш энд Керри» ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені Департаменттің әрекеттері заңды.Айта кету керек, «Метро» сауда желісі белгіленген сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылы «Метро Кэш энд Керри» ЖШС сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, сондай-ақ, Департаменттің әкімшілік шешіміне сот тәртібімен шағымданды, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне талаптарды қанағаттандырудан, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бас тартылды.Сондай-ақ, Алматы қаласының «Small» және «Toimart» сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Одан бөлек Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартты.Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117468?lang=kk
«Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты ақпарат сағаты өтті 02.12.2025
Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада қоғамдағы рухани қауіпсіздікті нығайту және оқырмандардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты ақпараттық сағат өтті.Шара жүргізушінің кіріспе сөзінен басталып, қатысушыларға діни экстремизмнің мәні, оның қоғамға келтіретін зияны және радикалды идеологияның таралу қаупі туралы мәлімет берілді. Тақырыпты тереңірек түсіндіру үшін «Діни экстремизм – қоғамға төнген қауіп» бейнеролигі көрсетілді.Іс-шараға Жетісу облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының маман-теологы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мүтебаев қатысып, діни тұрақтылықты сақтау, дұрыс ақпаратты ажырату және қауіпті жалған ағымдарды тану жолдары жөнінде құнды ақпарат айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, кітапханашы Гаухар Болатбекова «Діни экстремизм – қоғам қауіпі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолумен жалғасты. Ақпараттық сағатқа №1 Абай атындағы орта-мектеп гимназиясынң 9 сыныптың оқушылары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1117424?lang=kk
Портал арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін ұсыну кезінде бұзушылықтарға жол бермеу туралы 02.12.2025
    Әлеуметтік қызметтер Порталы мүмкіндігі шектеулі адамдарды техникалық және оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Өнім берушіні өз бетінше таңдауға арналған. Алушы, Өнім беруші және Уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл Портал арқылы жасалатын Шарт аясында жүзеге асырылады.Өнім берушілер Порталда орналастырылған ақпаратқа толық сәйкес тауарлар мен қызметтерді ұсынуға міндетті. Қосымша шарттар енгізуге, акциялар өткізуге, жарнама орналастыруға, сондай-ақ қосымша тауарлар, қызметтер немесе сыйақылар ұсынуға жол берілмейді.Алушының жалғыз қаржылық міндеттемесі — таңдалған техникалық және оңалту құралының құны заңнамада белгіленген кепілдендірілген сомадан асқан жағдайда тек айырманы төлеу болып табылады .Бұзушылықтар, алаяқтық белгілері немесе қосымша қызметтерді мәжбүрлеп ұсыну анықталған жағдайда, Алушылар бұл туралы Уәкілетті органдарға дереу хабарлауы қажет. Мұндай ақпарат Порталдың адал емес Өнім берушілерін тізілімнен шығару мәселесін қарастыруға негіз болады.Порталдың жұмысына қатысты сұрақтар бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе 8 (7222) 36-01-72 телефоны арқылы Басқармаға хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1117428?lang=kk
Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі және Өскемен қаласының құрылыс бөлімі ұсынған Өскемен қаласы бюджетінің жобаларын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті. 02.12.2025
Өскемен қалалық мәслихатында Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі және Өскемен қаласының құрылыс бөлімі ұсынған Өскемен қаласы бюджетінің жобаларын талқылау жөніндегі уақытша комиссияның отырысы өтті.Отырыс барысында құрылыс бөліміне инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласында іске асырылатын жобаларды аяқтау үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қаржыландыру мәселелерін пысықтау ұсынылды.Тұрғын үй қатынастары бөліміне көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуге, сондай-ақ оларды кейіннен апаттық қордан көшіру мақсатында апатты үйлердің иелері үшін пәтерлер сатып алуға қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімдер дайындау қажет. Сонымен қатар, бөлім қажетті бюджет қаражатын есептей отырып, қала теңгеріміндегі лифт жабдықтарын жөндеудің мүмкін тетіктерін пысықтауы керек.Өскемен қаласының аумақтық басқару орталығына аула аумақтарында орналасқан футбол қораптарын жөндеу үшін қажетті шығындарды есептеуді жүргізу, оларды мамандандырылған ұйымның (мемлекеттік мекеменің) теңгеріміне беру тәртібін айқындау, сондай-ақ Өскемен қаласының аумақтық басқару орталығы филиалдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша есептерді дайындау ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1117366?lang=kk
№50 мекемеде интеллектуалды квиз өтті 02.12.2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында №50 мекемеде «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысқан интеллектуалдық викторина өтті. Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, коммуникативтік дағдыларды дамыту және жастар мен сотталғандар арасындағы диалогты нығайту болды.Викторина бес кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы қатысушылардың білімдерін кеңейтуге және нығайтуға бағытталды.Сайысқа сотталғандар мен жас белсенділерден құралған командалар қатысты. Мұндай формат өзара құрметті, түсіністікті арттыруға, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы стереотиптерді жоюға мүмкіндік берді.Іс-шара серпінді және позитивті атмосферада өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, қызығушылық пен өзін-өзі дамытуға деген талпыныс көрсетті. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және сотталғандардың әлеуметтік интеграция мүмкіндіктерін кеңейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1117380?lang=kk
Балалар ойын алаңын абаттандыру 02.12.2025
Мариногорка  ауылдық округіне қарасты Мариногорка  ауылында ЖК «Сеилканов» балалар ойын алаңын қоршауды аяқтады. Жобаның құны 730 000 теңгені құрадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-marinogor/press/news/details/1117359?lang=kk
Жітіқара ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы 02.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсанда Жітіқара политехникалық колледжінде Жітіқара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. А. Джетеновтің студенттермен кездесуі болып өтті.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қатысушыларға аудан аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша негізгі жұмыстар таныстырылды.Ағымды жылы Жітіқара ауданында қаланы көгалдандыру, ескерткіштерді жөндеу, шағын сәулеттік нысандар орнату және көше инфрақұрылымын дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.Қала аумағын көгалдандыру бойынша жұмыс өткізілді, 3,8 мыңнан астам көшет отырғызылды, ағаштарды санитарлық түрде қырқу өткізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жойылды, контейнер алаңдарын орнатылды және ірі габаритті қалдықтарды шығаруға арналған инфрақұрылым құрылды.Қалада «109» колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Оның көмегімен тұрғындар абаттандыруға қатысты мәселелер туралы жедел түрде хабарлай алады — 10 ай ішінде 800-ден астам өтініш түсті.Қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді: балалар және спорт алаңдары орнатылды, ауылдық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді, әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Көше жарығын модернизациялау және тіректерді бояу жұмыстары орындалды.2025 жылы 51 ескі және апатты үйлерге демонтаж жұмыстары жүргізілді, бұл жоспарланған көрсеткіштен едәуір асады. Абаттандыру жұмыстарына ауданның әлеуметтік серіктестері де айтарлықтай үлес қосуда — кәсіпорындар ескерткіштерді жөндеуге, аллеялар мен қоғамдық орындар құруға қолдау көрсетуде.Экологиялық бағдарламаға мектеп оқушыларының қатысуы да атап өтілді. Забелов, Ырсай, Пригородное және Тургенев ауылдарының оқушылары өз аумақтарын абаттандырып, декоративті элементтер жасап, ойын алаңдарын жаңартып, жеке бастамаларын және экологиялық жауапкершілігін көрсетті.Жітіқара ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысы жүйелі түрде жалғастырып келеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. #TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан #Экопросвещение #ЭкологиялықТәрбие #МолодежьЗаЭкологию  #QostanaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1117353?lang=kk
Бүгін Қазақстан мен Еуроодақ визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді бастайды. 02.12.2025
🇰🇿🇪🇺Бүгін Қазақстан мен Еуропалық Одақ виза режимін жеңілдету бойынша келіссөздерді бастайды. Брюссельде Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуроодақтың Жоғарғы өкілі Каджа Калластың төрағалығымен кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету және реадмиссия туралы келісім бойынша келіссөздер 2 желтоқсанда басталатынын хабарлады. ЕО Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі болып қала береді, сауда көлемі 50 миллиард долларға, инвестиция көлемі 200 миллиард долларға жетеді. Елде 4 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді. Орта дәлізді дамыту, сондай-ақ жасыл экономика және цифрландыру саласындағы жобалар бөлек талқыланды (©Курсив).
Қонаев және Өскемен гарнизондарында алты жүз сарбаз әскери ант берді 02.12.2025
Қонаев қаласының инженерлік-саперлік бригадасында 200-ге тарта сарбаз, Өскемен қаласының 27943 әскери бөлімінде еліміздің он өңірінен шақырылған 400-ден астам жауынгер ант қабылдады. Салтанатты әскери ант қабылдау рәсіміне бөлімдердің басшылығы, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.Жас жауынгерлер әскери борышын адал орындауға, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, Конституция мен әскери жарғыларды сақтауға ант берді.Қонаев қаласында сарбаздарды 58012 әскери бөлімінің командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов, Өскеменде 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Нұрлан Кисенов құттықтады.– Ант беру – Қазақстан халқына адал болу үшін берілген серт. Бұл сарбаздың Отанның абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін жанқиярлықпен қорғауға моральдық дайындығын білдіреді, – деп атап өтті подполковник Қ.Тәңірбергенов.Ант қабылдау рәсімі кезінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері жас жауынгер курсын меңгеріп, жалпы әскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.– Бүгінгі күн өмір бойы есімде қалады. Ант берген сәтте кеудемді елім үшін мақтаныш пен Отан алдындағы жауапкершілік сезімі кернеді. Отбасым мен отандастарым мені мақтан етуі үшін осы жолдан абыроймен өтуге тырысамын, – деді қатардағы жауынгер Ақылбек Рахымболов.Өскемендегі «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері ант қабылдау рәсіміне шақырылды. №49 орта мектептің төртінші сынып оқушылары үшін бұл күнгі шара патриотизм мен әскери борышты түсіну үшін маңызды сабақ болды. Іс-шаралар барысында әскери қызметшілер мінбеге шығып сөз сөйледі. Сонымен қатар қоян-қолтық ұрыс элементтері, саптық тәсілдер, заманауи қару-жарақ пен техниканы көрсетілімі ұйымдастырылды.Ресми бөлімнен кейін әскери бөлімдердің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Бұдан өзге қонақтар мерзімді қызмет сарбаздарына жасалған тұрмыстық жағдаймен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117245?lang=kk
Егін егу маусымына дайындық пен су тапшылығы мәселесі талқыланды 02.12.2025
Ауданда егін шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланған арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қатысып, аймақтағы су тапшылығы жағдайында алдағы егін егу маусымына дайындық барысы жан-жақты қаралды.Мәжіліске ауданға жұмыс сапарымен келген “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал–Сырдария бассейндік су инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің директоры Шухрат Құрбанов, сондай-ақ “Аграрлық Несие Корпорациясы” АҚ облыстық филиалының өкілі Нұржан Жаналиев, “Фитосанитария” Қызылорда облыстық филиалының директоры Жанат Дүзелбаева және тиісті сала басшылары мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.Жиын барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев вегетациялық кезеңде аудандағы суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың қазіргі жағдайы, биылғы ауыл шаруашылығы науқанының қорытындысы және келер жылғы егін егу кезеңіне жоспарланған жұмыс бағыттарын талқыланды. Басқарма басшысы Сырдария өзені бойындағы су көлемінің азаюы және оның егістік алқаптарына әсеріне назар аударды.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз алған сала мамандары суармалы сумен қамтамасыз ету, су тапшылығының салдарын азайту, егіс құрылымын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, күріш алқаптарын қысқартып, су аз қажет ететін дақылдарға – жүгері, мақсары және өзге де балама өнімдерге кезең-кезеңімен көшу жөнінде ұсыныстар айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аграрлық саланың тұрақтылығын сақтауға және су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Сондай-ақ мәжілісте Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмалары да тілге тиек етілді. Осыған байланысты, тамшылатып және жаңбырлатып суару сынды заманауи әдістерді енгізу, су арналары мен қашыртқыларды тазалау, суды есепке алу жүйесін жетілдіру мәселелері күн тәртібінде тұр.Мәжілісте шаруашылық құрылымдары өкілдері ұсыныс-пікірлерін жеткізді.Аудан әкімі жиынды қорытындылай келе, алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты бүгіннен бастап күшейтудің маңызын атап өтті. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыш және ауыл шаруашылығы техникаларын толық әрі сапалы әзірлеу, су көздерін ұтымды пайдалану бағытында нақты жоспарлар әзірлеу қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, барлық жауапты сала басшылары мен шаруашылық жетекшілерін бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуге шақырып, аграрлық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету ортақ міндет екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1117224?lang=kk
📢 Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 02.12.2025
📢 Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Біржанов Ержан Ерікұлының қатысуымен Шымкент қаласының халқымен кездесу өтеді.🗓 Күні: 04 желтоқсан🕚 Басталуы: 11:00📍 Өтетін орны: Шымкент қ., Арғынбеков көшесі, 89АҚаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залы📞 Анықтама телефоны:8-7252-39-47-40Сұрақтарды алдын ала @shymkent.salyq.kz директіне немесе комментарийге 03 желтоқсан, 18:00-ге дейін жолдауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1117225?lang=kk
«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету, сондай-ақ «Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны аясында жиын өткізілді. 02.12.2025
«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету, сондай-ақ «Зорлық- зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны аясында қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және халықтың кауіпсіздік мәселелеріне назарын күшейту мақсатында 28 қараша күндері ауылдық округте қоғамдық ұйымдармен «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға ауылдық округтегі аналар, ардагерлер кеңестерінің және ақсақалдар алқасы, ауданның құрметті азаматы өлкетанушы Аналар кеңесінің мүшесі Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызы, Рахишов Самат Балқаш ауданының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кәсіподақ ұйымының төрағасы, Жусупова Ғалия Әбдірахманқызы Балқаш ауданының филиалы “Қоғамдық келісім және даму орталығының” жетекші сарапшысы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1117227?lang=kk