Жаңалықтар
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында әскери қызметшілерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша сабақ өтті 01.12.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында әскери қызметшілердің құқықтық және экономикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-оқыту сабағы ұйымдастырылды.ҚР Бас әскери прокуратурасы мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өзара келісімге қол қойып, бірлескен оқу іс-шараларын өткізуге уағдаласты. Құжат қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйрету және қаржы операцияларына қатысты тәуекелдердің алдын алу бойынша жүйелі жұмысты көздейді.Бас әскери прокуратура айқындаған міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында жоғары деңгейдегі қаржылық мәдениетті қалыптастыру – ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қызметінің басым бағыттарының бірі.Іс-шараға Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокурорлары — әділет майоры Ерлан Қонаров және әділет капитаны Диас Жұмажан қатысты. Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу басқармасының бас маманы Іңкәр Алтаева баяндама жасады. «Аманат» партиясының өкілі Дулат Мыңбаев та қаржылық мәдениет пен әлеуметтік қорғауға қатысты өз көзқарасымен бөлісті.Қатысушылар әскери қызметшілерді заманауи қаржылық құралдар жөнінде дер кезінде хабардар ету, алаяқтық схемалардан қорғану жолдарын түсіндіру және жеке қаражатты тиімді басқару дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай сабақтар әскери ортадағы жалпы құқықтық және экономикалық білімнің артуына ықпал етеді.Аталған оқу сабағы құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамының қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржылық құралдарды тиімді пайдалануды дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1115775?lang=kk
Мексикалық бизнес-қоғамдастыққа Қазақстанның инвестициялық және іскерлік мүмкіндіктері таныстырылды 01.12.2025
Мехико, 2025 жылғы 27 қараша – Мексикадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі «Қазақстан: жаңа кезеңдегі мүмкіндіктер мен өсу мекені» атты Қазақстан-Мексика бизнес-форумын ұйымдастырып, оның аясында мексикалық іскер топтарға Қазақстандағы негізгі инвестициялық мүмкіндіктер мен бизнесті жүргізу шарттары ұсынылды.Форумға Мексиканың жетекші компанияларының өкілдері, сауда-өнеркәсіп палаталары, Мексика Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ Мехико қаласы мен Мехико штатының әкімдіктері және БАҚ-тың өкілдері қатысты.Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков құттықтау сөзімен ашты. Ол еліміздің Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы және тұрақты өсім орталығы ретіндегі орны нығайып келе жатқанын, өңірдегі шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі екенін атап өтті. Елші Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін айтып, мексикалық кәсіпкерлерді қазақстандық әріптестермен тікелей байланыс орнатуға шақырды.Кіріспе сөзін Мехико қаласы мен Мехико штаты бойынша Қазақстанның Құрметті консулы, Мексиканың «CANACINTRA» атты Ұлттық қайта өңдеу өнеркәсібі және трансформация палатасының Вице-президенті Карлос Баррера да жолдап, мексикалық бизнес өкілдерінің Қазақстан нарығын игеруге және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.Форум барысында Қазақстанның негізгі инвестициялық және іскерлік мүмкіндіктеріне арналған жан-жақты таныстырылымды Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің Кеңесшісі Ерлан Құбашев жасады. Ол шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда ең қолайлы жағдайлардың бірі жасалғанын және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ел өңірде алдыңғы орында тұрғанын атап өтті. Қатысушыларға Қазақстан Үкіметінің инвестициялық климатты жақсарту, бизнес ортасы мен салық саясатын жетілдіру бағытындағы шаралары туралы да ақпарат берілді.Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары түсіндірілді.Қазақстанның IT-экожүйесінің дамуына қатысты презентация іс-шараның маңызды бөлігінің бірі болды. Оның ішінде Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық хаб Astana Hub қызметі, сондай-ақ аталған инкубатордан Еуропа, Азия және Америка нарықтарына шыққан стартаптардың жетістіктері таныстырылды.Қазақстандық IT-шешімдерді ілгерілету мақсатында форумға Biometric Vision (биометриялық идентификация) және Cybernet-AI (жасанды интеллект негізіндегі дауыстық роботтар) компаниялары қатысып, өз өнімдерін таныстырды. Олар Telmex, Pagacel, Schiller Americas-Mexico, Lendswap, Loaney, Vivus, AMARANTE, Alvos, Alamex, Bamboo Group және басқа да Мексиканың жетекші компания өкілдерімен пікір алмасты.Форум қорытындысын бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективаларын талқылап, инновациялар, жасанды интеллект, цифрлық трансформация, телекоммуникациялар және қаржы салаларында ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1115748?lang=kk
1 желтоқсанда Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды 01.12.2025
Бір апта бойы әскери басқару органдарында, құрамалар мен әскери бөлімдерде жеке құрамның жауынгерлік даярлық дағдыларын жетілдіруге арналған тактикалық-құрылымдық сабақтар өтеді.Сабақтар барысында ұрыс есептоптары мен кезекші қызметтердің іс-әрекеті нақтыланып, штабтар мен әскери бөлімдердің басқа әскерлер мен құралымдар, одан бөлек мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі пысықталады.Оқу дабылынан кейін барлық әскери бөлімдер ең жоғары дәрежедегі жауынгерлік дайындыққа көшеді. Әскери қызметшілер техникалармен оқу полигондарына және оқу орталықтарына марш жасайды. Кейбір бөлімдер әуе және темір жол көлігімен жолға шығады.Қазіргі уақытта жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін ашуға дайындық жүргізіліп жатыр. Құрамалар мен бөлімдердің практикалық әрекеті әдеттегідей жіті назарда болмақ. Тактикалық-саптық кешенді сабақтар 7 желтоқсанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115743?lang=kk
Ислам ынтымақтастығы ұйымын реформалау жөніндегі Жол картасының жобасы Жидда қаласында талқыланды 01.12.2025
Жидда, 2025 жылғы 30 қараша – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымын жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Меңілбеков Тұрақты өкілдер комитетінің отырысына қатысты. Аталған кездесудің негізгі мәселесі ИЫҰ реформалау процесіне арналған Жол картасының жобасын қарау болды.ИЫҰ Жарғысының мақсаттарына және 2025 жылға арналған Ұйымның Іс-қимыл бағдарламасына сәйкес, ИЫҰ-ның тиімділігін, транспаренттілігін және заманауи сын-қатерлерге ден қою қабілетін арттыру үшін оны реформалау өзекті әрі аса маңызды деп танылды. Жол картасының жобасы Ислам ынтымақтастығы, ұстамдылық және бірлік сияқты ИЫҰ-ның бастапқы құндылықтарын сақтай отырып, мазмұнды және тұрақты реформаларды іске асыруға бағытталған құрылымдық тәсілді қалыптастыруды көздейді.Іс-шара шеңберінде Елші Мадияр Меңілбеков ИЫҰ Бас хатшысының Саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Юсеф Әлдобеаеймен екіжақты кездесу өткізіп, Ұйым аясындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар, Қазақ тарапының бастамасы бойынша ИЫҰ-ға мүше Азия тобының өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі мәселелерді талқылап, топ ішіндегі үйлестіруді күшейтуге және Азия өңіріндегі ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jeddah/press/news/details/1118007?lang=kk
Абай облысында колония кітапханасының қоры толықтырылды. 30.11.2025
Абай облысында қауіпсіздігі аралас колония кітапханасының қоры Семей қаласының Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасымен 536 кітапқа толықтырылды. Кітаптардың ішінде “Абай жолы”, “Абай әлемі” сериялары, “Абайдың ақын ұлдары” сияқты танымал кітаптардан басқа, ақынның өлеңдері мен қара сөз жинақтары да бар. Абай облысында, Абай ғұламасының 180 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауымен бастама алған. — Мекеме кітапханасының қорында әр түрлі жанрдағы 4 мыңнан астам кітап бар: детективтер, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық, фантастика. Мұнда әркім өзіне лайықты әдебиетті таба алады. Абай туралы кітаптардың қазақша нұсқалары дәл бүгін біздерге таптырмайтын сый болды, — дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов. — Көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Көңіл-күйің болмаса да, кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уайымыңды басады. Бүгінде кітап оқушылар саны күн санап артып келеді, — дейді кітапханашы сотталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1115708?lang=kk
Абай облысында сотталған кәсіби футболшы жазасын өтеушілерді жаттықтыруда. 30.11.2025
Семей қаласының қауіпсіздігі орташа мекемесінде алаяқтық жасағаны үшін сотталған адам жазасын өтейді. Мекемеге келген кезде ол мекеме қызметкерлеріне жазасын өтегенге дейін кәсіби футболшы болғанын айтты. — Мен футболмен жеті жасымнан бастап айналыса бастадым. Әр жылдары Семей, Павлодар, Астана, Орал, Көкшетау және Қазақстанның басқа да қалаларының футбол клубтары үшін қорғаушы және жартылай қорғаушы ретінде табысты өнер көрсеттім. Мен өз дағдыларымды басқа сотталушылармен бөліскім келеді. Олар мен сияқты жазасын өтеп жатыр, олардың көпшілігі әлі жас жігіттер немесе ұлдары бар әкелер және бостандыққа шыққанда әркім өзінің хоббиін табады немесе балаларына осы ойынды үйретеді. Олар кәсіби футболшы болады, — деп бөлісті сотталған. Сотталған жиырма сотталғанды шәкірт етіп алып, оларға футбол үйретеді, бұл сабақтар олардың күнделікті өмірі мен жұмысына кедергі келтірмейтін уақытта өткізіледі. Олар мұнда болған кезде де жаңа дағдыларды игеретініне қуанышты. Бұл оларға пайдалы болуы мүмкін. — Футболмен айналыса отырып, мен жақсы ақша таптым. Ақша тігіп, жұмысымнан айырылып, футболдан кеттім, құмар ойындарға ақша жетіспей бастаған уақытта, әр түрлі сылтаулармен туыстарым мен таныстарымнан қарыз ала бастадым. Көбінде маған қажет сома болған жоқ, содан кейін мен оларды несиелерді рәсімдеуге көндірдім. Жақында мен бәрін міндетті түрде қайтарамын деп алдадым, бірақ мен оны қайтара алмадым. Осылайша мен жалпы сомасы 60 млн. теңгеден асатын Семей қаласының 32 тұрғынын алдадым. Мен құмар ойында жеңіп, қайтарамын деп ойладым. Мен осында болған уақытымда мүмкіндігінше келтірген талап-арызды өтеймін. Жасалған қылмыс үшін маған 3,6 жыл берілді, қазір мен 37 жастамын. Мен жастарға кеңес бергім келеді. Мұндай нәрселермен айналыспаған дұрыс, жазадан құтылу мүмкін емес. Егер адам өз өзіне несие ала алмаса, бұл оның несие тарихын бұзғанын білдіреді. Ал сіздікін бүлдіру оған мүлдем қиын болмайды, - деді сотталған. — Бұл сотталған адам бізге екі жыл бұрын келді. Осы уақыт ішінде өзін оң жағынан көрсетті және түзелуге ұмтылды және басқа сотталғандарға футбол негіздерін көрсетуге ниет білдірді. Мекемеде спорттық іс-шаралар, әсіресе футбол матчтары жиі өткізіледі, ал мекеме әкімшілігі сотталғандарды әрдайым осындай оқу түрлерінде қолдайды. Сотталушы ағаш ою цехында жалақымен жұмыс істейді, талап-арыздарды төлейді, — дейді мекеме бастығы Жеңіс Дәуренбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1115709?lang=kk
Абай облысында балаларына алимент төлемеген әке жауапқа тартылды. 30.11.2025
Абай облысында балаларына 8 млн теңге алимент төлемеген әке жауапқа тартылды. Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны он бір жыл бойы өзінің кәмелетке толмаған екі баласына алимент төлемеген, балалар алдындағы борышы шамамен 8 млн теңгені құрады. Ер адам 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды. Сотталған адам Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметіне есепке қойылды, есепке қою кезінде сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Бірақ жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, сотталған адам жазасын өтеу тәртібін бұзған, ол тіркеуге келмей, түнгі уақытта тұрғылықты жерінен кетіп қалған. Көп ұзамай оның орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін электронды бақылау құралы қолданылды. Қызметкерлер базаны бақылау кезінде оның тұрғылықты жерінен бірнеше рет кеткенін анықтады. Ал сотталған достарымен сыра ішуге шыққанын мойындады, бұл үшін ол бас бостандығын шектеу жазасы қалған сегіз айға бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. — Абай облысы бойынша жыл басынан бері 99 сотталғанға электронды бақылау құралдары тағылды, 19 сотталғанның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін жазаны ауыстыру материалдары сотқа жіберілді, — дейді Затон ауданының пробация қызметінің бастығы Ерлан Қадырманов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1115710?lang=kk
332 тонна өнім, 90 өндіруші: Қостанайда ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 30.11.2025
Бүгін Қостанайда Сити-орталық алаңында, облыстың 14 ауданынан және Қостанай мен Рудный қалаларынан келген шаруаларды біріктірген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. 90-нан астам шаруашылық субъектісі 332 тоннадан асатын жаңа әрі сапалы өнім ұсынып, қала тұрғындарына кең ассортиментті қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік жасады. Жалпы 38 тонна ет өнімі сатылды. Оның ішінде 14,7 тонна сиыр еті келісі 3000–3200 теңгеден, 6,7 тонна жылқы еті 3000 теңгеден, 4 тонна шошқа еті 2200–2500 теңгеден, 1,5 тонна қой еті 2700–3000 теңгеден, сондай-ақ 11,4 тонна құс еті келі 900 теңгеден ұсынылды. Тұрғындар арасында ұнға деген сұраныс жоғары болды. Мәселен барлығы 39 тонна, соның ішінде бірінші сұрыпты ұн келісі 160 теңгеден, жоғары сұрыпты ұн 200 теңгеден сатылды. Макарон өнімдері 13 тонна көлемінде, келісі 260 теңгеден ұсынылды. Сонымен қатар 144 мың дана тауық жұмыртқасы ондығы 450 теңгеден сатылды. Картоп 55 тонна көлемінде келісі 150 теңгеден ұсынылды. Көкөніс пен жеміс-жидек 84 тонна, оның ішінде сәбіз 150 теңгеден, қырыққабат 90 теңгеден сатылды. Күнбағыс майы 6,5 тонна көлемінде литрі 660 теңгеден сатылды. Бұдан бөлек, тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі өнімді 25,3 тонна көлемінде ұсынып, тұрғындарға қажетті азық-түлікті тиімді бағада саудалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115701?lang=kk
Қарағандыдағы жәрмеңкеде шаруалар 50 тоннадан аса сиыр етін ұсынды 30.11.2025
Бүгін Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында Қарағанды облысының шаруаларының қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өз өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағада 7 ауылдық ауданның 90-нан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды. Жәрмеңкеге барлығы 156 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде 56 тонна ет, 48 тонна картоп, 18 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 6 тонна балық және балық өнімі, 180 мың дана тауық жұмыртқасы және 12 тонна өзге де өнім. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге жеткізген өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға, сондай-ақ қысқы қорларын толықтыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115702?lang=kk
Жәрмеңкеде оралдық шаруалар ет өнімінің кең ассортиментін ұсынды 30.11.2025
Батыс Қазақстан облысында қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңкелерді ұйымдастыру жақсы дәстүрге айналды. Бүгін жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен кезекті жәрмеңке М. Ихсанов көшесінде өтті. Жәрмеңкеге қала мен аудан тауар өндірушілері қатысты. Шаруалар қала тұрғындары үшін кең ассортиментте ет өнімдерін (сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, қой еті) ұсынды. Мысалы, сиыр және жылқы еті 2700 теңгеден сатылды. Фермерлік шаруашылықтар құс етін, яғни тауық, үйрек, күрке тауық өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеде жоғары сапалы кең ассортиментте шұжық және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер мен балық өнімдері де болды. Қала тұрғындары қысқа қажетті көкөніс қорын қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкелер жергілікті атқарушы органдар бекіткен кестеге сәйкес 2025 жылдың соңына дейін екі локацияда өтеді: М. Ихсанов көшесінде және Зачаганск кентінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115703?lang=kk
Бүгінгі жәрмеңкеде қызылордалықтар сиыр етін 2500 теңгеден сатып алды 30.11.2025
Бүгін Қызылорда қаласында Қармақшы және Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Таңғы сағат 08:00-де басталған жәрмеңкеде аудан еңбеккерлері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер қала тұрғындарына базар бағасынан 15-30 % төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңкеде тұрғындар үшін Шиелі ауданынан 88 тоннадан астам өнім әкелінген. Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 10 тонна бақша өнімі, 25 тонна көкөніс, 30 тонна картоп, 2 тоннадан астам ет, сүт өнімдері, 2 тонна бакалея өнімдері жеткізілді. Ал Қармақшы ауданынан 150 тоннаға жуық өнім тиелген 45 автокөлік жеткізілді. 25 тонна күріш, 80 тонна бақша өнімдері, 2 тонна жеміс-жидек, 1 тонна ет сатылымға шығарылды. Шаруалар өз өнімдерін тұрғындарға тиімді бағамен ұсынды. Мәселен күріш 370 тг/кг, сиыр еті 2300/2900 тг/кг, жылқы еті 2300тг/кг, картоп 180 тг/кг, сәбіз 200 тг/кг, пияз 110 тг/кг, қырыққабат 150 тг/кг, қызанақ 350 тг/кг, балық 1300 тг/кг, ірімшік 2500/кг, қауын қарбыз 150 тг/кг сатылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115700?lang=kk
Қазақстанда экология саласындағы бірқатар стандарт бекітілді 30.11.2025
Жедел экологиялық және климаттық өзгерістер кезінде Қазақстан табиғатты қорғау шараларын күшейтіп, экология саласындағы реттеу жүйесін жаңғыртуда. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және халық үшін тәуекелдерді азайту үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу Стратегиясын жүзеге асыруды қолдауға бағытталған бірқатар жаңа стандартты бекітті. Қабылданған құжаттар қалдықтарды басқаруға, климаттық өзгерістерге бейімделуге, шығарындыларды азайтуға және айналмалы экономикаға көшуге, ресурстарды ұтымды пайдалануға қойылатын заманауи талаптарды қалыптастырады. Бекітілген негізгі стандарттар:1. ҚР СТ 4022-2025 «Қалдықтар. Қалдықтарды басқару. Қалдықтары аз технологияларға қойылатын талаптар». Стандарт қалдықсыз және шартты түрде «қалдықсыз» деп аталатын, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару технологияларына, қалдықсыз технологияларды құру бағыттары мен принциптеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл стандарт тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете отырып, қалдықсыз және қалдықсыз технологияларға көшудің маңызды құралы болады. 2. ҚР СТ ISO/TS 14092-2025 «Климаттың өзгеруіне бейімделу. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қауымдастықтарға арналған бейімделуді жоспарлау бойынша талаптар мен нұсқаулық», бұл қадамдық процесті сипаттайды, әр жағдайда климаттық, экологиялық және әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жергілікті бейімделу жоспарын құруға мүмкіндік береді. 3. ҚР СТ ISO 14068-1 «Климаттың өзгеруін басқару. Таза нөлге көшу. 1 бөлім. Көміртекті бейтараптық» және ҚР СТ Iwa 42 «көміртекті бейтараптық жөніндегі нұсқаулық». Олар шығарындыларды жауапкершілікпен басқаруға және ғылыми негізделген Климаттық шешімдерді енгізуге негіз жасайды. Жаңа стандарттар барлық қатысушылар үшін - экологиялық және аналитикалық ұйымдар, қоршаған ортаны бақылаудың ұлттық және өңірлік орталықтары, экологиялық ұйымдар үшін бірыңғай тәсілдер мен қағидаттарды белгілейді. 4. ҚР СТ 4013-2025 «Церкулярлы экономика. Церкулярлы экономиканың тиімділігін өлшеу және бағалау». 5. ҚР СТ 4012-2025 «Церкулярлы экономика. Сөздік, принциптер және енгізу бойынша ұсыныстар». 6. ҚР СТ ISO 4789-2025 «Жылу электр станцияларында сарқынды суларды тазарту және қайта пайдалану жөніндегі нұсқаулық». Бұл құжат ЖЭС су тұтынуды азайтуға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған. Стандарт заманауи тазарту технологияларын - мембраналық, биологиялық және химиялық технологияларды енгізуді көздейді. Жаңа экологиялық стандарттарды бекіту Қазақстанның жаһандық климаттық саясаттағы ұстанымын күшейтеді және экологиялық тәуекелдерді азайтып, төмен көміртекті экономикаға көшуді қолдай отырып, орнықты даму үшін негіз жасайдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1115699?lang=kk
Қазақстан мен Кувейт қазақстандық азық түлік өнімдерін экспорттау мүмкіндіктерін талқылады 30.11.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 30 қараша – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwaiti Danish Dairy Company (KDD) төрағасының орынбасары Бахия Еззат Джаафармен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Қазақстандық өнімді Кувейт нарығына жеткізу мүмкіндігіне басты назар аударылды.Кувейт тарапы еліміздің жоғары аграрлық әлеуетін атап өтіп, Қазақстанды азық-түлік өнімдерінің перспективалы және сенімді ірі жеткізушісі ретінде қарастыра отырып, Қазақстанмен әріптестік қатынастарды дамытуға қызығушылық білдірді.Өз тарапынан Елші Қазақстан экономиканың мұнайға тәуелді моделінен дәйекті түрде алыстап бара жатқанын және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Ол бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігіне, экспортты кеңейтуге және Qazaq Organic Food брендін шетелдік нарықтарда ілгерілетуге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге өзара мүдделілікті атап өтті, диалогты жалғастыруға және өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын пысықтауға дайындығын растады.Kuwait Danish Dairy Company 1963 жылы құрылған және Кувейт пен Таяу Шығыс аймағындағы жетекші азық-түлік компанияларының бірі болып табылады. Компания сүт өнімдерінің шамамен 24 түрін, балмұздақтың шамамен 75 түрін және табиғи шырындар мен сусындардың шамамен 27 түрін шығарады. Компанияның Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде филиалдары бар. Ішкі нарықтан басқа, оның өнімдері ондаған елдерге экспортталады, олардың құрамына Шығанақ, Таяу Шығыс, Азия және Солтүстік Америка елдерінің бөлігі кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1115691?lang=kk
Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары арасында Tartyl Fest сайысы өтті 30.11.2025
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері арасында белтемірге тартылудан дәстүрлі Tartyl Fest сайысы ұйымдастырылды.Спорттық шараны әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков салтанатты түрде ашты. Ол әскери қызметшілердің оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауы және кез келген қиындықты еңсеруі үшін дене дайындығының маңыздылығын атап өтті.– Tartyl Fest – ерекше сайыс. Бұндай байқау әскери қызметшінің ерік-жігерін дамытып, төзімділікті нығайтады және салауатты дағдылар қалыптастырады, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы.Биыл сайысқа 9 команда құрамында 18 қатысушы шықты. Спортшылардың белтемірге тартылуы жеке және командалық есепте бағаланды.Командалар арасынан үздік нәтиже көрсеткен барлау кафедрасының өкілдері болды. Екінші орын Құрлық әскерлері факультетіне, үшінші орын Әуе қорғанысы күштері факультетіне бұйырды.Жеке біріншілікте бірінші орынды майор Әсет Үсенов олжалады. Екінші орынды полковник Айдос Шаймерденов, үшінші орынды подполковник Мақсат Жұмағазин еншіледі.Спорт алаңында қатысушыларға оқытушылар мен Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген магистранттар белсенді қолдау көрсетті.Жыл сайын өтетін сайыс әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115690?lang=kk
Бүгін әскери заңгерлер кәсіби мерекесін атап өтуде 30.11.2025
1996 жылғы 30 қарашада қорғаныс ведомствосы басшысының құқықтық қызмет құру туралы директивасы шығарылып, кейін ол Қорғаныс министрлігінің Заң департаменті болып қайта құрылды.Бұл сала мамандары қорғанысты ұйымдастыру, әскери қызметті өткеру тәртібі, әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін, азаматтық персонал және әскери зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. Олар заңнаманы тұрақты түрде мониторингтен өткізіп, тиімді емес, қайталанатын нормалар мен заңдағы олқылықтарды анықтайды.Осы жылы Мемлекет басшысы Қарулы күштердің мүдделеріне қатысты бірқатар заң актілеріне қол қойды. Бұлардың әзірленуінде, құқықтық сараптамасында, толықтырулар мен өзгерістер енгізуде әскери заңгерлердің еңбегі зор. Заң актілері резервтегі әскери қызмет тәртібі, әскери-патриоттық тәрбие, аумақтық қорғаныс, мемлекеттік қызмет, бюджет, азаматтық қорғау, тұрғын үй қатынастары және қылмыстық заңнаманы оңтайландыру сияқты маңызды мәселелерді қамтиды.Аумақтық қорғанысқа қатысты азаматтарды дайындау және өз аумағын сыртқы қауіптерден қорғау мақсатындағы құқықтық институтты қалыптастыруда жасалған маңызды қадам – Қазақстан Республикасының «Аумақтық қорғаныс туралы» Заңын қабылдау болды. Онда аумақтық қорғаныс құқықтық реттеудің жеке саласы ретінде анықталып, Президент, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құзыреттері бекітілді. Одан бөлек Қорғаныс министрлігінің аталмыш салада мемлекеттік органдар мен ұйымдарды бақылау механизміне жауапты болуы да заңмен белгіленді.Әскери заңгерлер әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша және резервтегі әскери қызмет пен кейбір орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу жөніндегі заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысында айтарлықтай еңбек атқарды.Аталған нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы ел басшылығының тапсырмаларын және Қорғаныс министрлігінің заңнамалық бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Сол сияқты бір жыл ішінде Қорғаныс министрлігінің мүдделерін қорғау барысында әскери заңгерлер 1200-ден астам талап арыз түсіріп, шамамен 4 млрд теңге өндіріп алды және бюджетте 11 млрд теңгеден көп қаржыны сақтап қалды.Әскери заңгер қызметінің ерекшелігі халықаралық және ұлттық заңнаманы, әскери саланы терең білуге, түрлі құқық салаларында кешенді және жүйелі тәсілдермен әрекет етуге қабілеттілікті талап етеді. Әскери заңгерлердің жан-жақты құзыреті, талдау жасау қабілеті, мейлінше мұқият болуы, принциптілік пен жауапкершілік сынды қасиеттері елдің қорғаныс қабілетін нығайту және әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115688?lang=kk
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ресми өкілі Айбек Смадияровтың Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдемесі 30.11.2025
Киев, 2025 жылғы 30 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдіреді.Бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр.Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз.Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/1115707?lang=kk
Қазақстанда Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды 30.11.2025
Биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы аясында елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды. Аталған платформа мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектордың сатыпалымдарын біріктіреді. Енді қызмет көрсетушілер бірыңғай порталдың көмегімен тендерлерге қатыса алады. Бұл бизнес процесті едәуір жеңілдетеді. Бұған дейін авторизациялау әр жүйеде бөлек жүргізіліп келген еді.Жаңа платформада мемлекеттің үлесі 50% асатын барлық мемлекеттік органның, ұлттық компаниялардың, холдингтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес ұйымдарының сатыпалымдары қамтылған. Бұл сатыпалым процесінің барлық қатысушысына (реттелетін сатып алуларға қатысуға) тең мүмкіндік береді.Тың жүйенің артықшылығы: реттелетін сатыпалымның барлық түріне біртұтас портал арқылы кіру, рәсімдердің толықтай ашық болуы, бір жүйеде сатыпалымның барлық түрін мониторингтеу және талдау, жеке кабинетте пайдаланушылардың сұранысына сай өлшемдердің жолға қойылуы.Осы жүйенің базасында әдістер, жоспарлар, келісімшарттар, өңірлер, бюджет түрлері, есептілік әкімгері бөлінісінде жоспарланып, өткізілген сатыпалымдар бойынша ақпаратты көрсететін Талдау модулі әзірленген.2025 жылы Бірыңғай сатып алу платформасына: білім алушыларды тамақтандыру, мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ТМККБК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қосылды.Келесі жылы табиғи монополия субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушыларды сатыпалым алаңдарының платформасына қосу жоспарланған.Бұл амал сатыпалым рәсімдерін жеңілдетіп, біріздендіруге, сол секілді реттелетін сатыпалымдардың ашықтығын нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1115666?lang=kk
KazAID пен IOM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 29.11.2025
KazAID пен IOM ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды2025 жылғы 28 қараша, Алматы қаласы – “KazAID” Қазақстанның халықаралық даму агенттігі мен Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Алматы процесі аясындағы өңірлік жобаларды қолдауға және көші-қон деректері бойынша институционалдық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған құжатқа KazAID басқарма төрағасы Аркен Арыстанов пен IOM-ның Қазақстандағы басшысы Серхан Актопрак қол қойды.Меморандумға қол қою Қазақстанның Орталық Азиядағы көші-қон саласындағы үйлестірілген тәсілдерді ілгерілету және әріптестікті күшейту жөніндегі ұмтылысын көрсетеді.Меморандум Алматы процесінің техникалық сарапшылар тобының отырысы аясында қол қойылды. Отырыста тиімді, дәлелді мемлекеттік саясат қалыптастыру үшін көші-қон деректерін стандарттау, салыстырмалық және цифрландыру мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1115629?lang=kk
Қазақстан мен Чехия парламентаралық диалогты нығайтуын жалғастыруда 29.11.2025
Прага, 2025 жылғы 28 қараша – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасы Халықаралық істер комитетінің жаңадан сайланған Төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және саяси диалогты кеңейту перспективалары талқыланды.Р.Вондрачек ҚР Парламентінің Мәжілісімен өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылығын білдіріп, парламентарлық дипломатияны одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Депутат Чехия Парламентінің жаңадан сайланған Төменгі палатасында «Чехия–Қазақстан» достық тобын басқаруға ықылас білдірді. Парламентаралық достық тобы бірлескен бастамаларды ілгерілету және ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді құрал екені атап өтілді.Р.Вондрачек сондай-ақ экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.Кездесу барысында Орталық Азия мен Орталық Еуропа арасындағы парламентаралық диалогты дамыту перспективаларына ерекше көңіл бөлінді.Кездесу соңында тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1115632?lang=kk
Алматыда Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының 15-ші жыл сайынғы кездесуі өтті 29.11.2025
Алматы, 2025 жылғы 27-28 қараша – Орталық Азия елдері үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының қолдауымен Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері орынбасарларының жыл сайынғы 15-ші кездесуі өтті.Кездесу өңірдің қазіргі қауіп-қатерлері мен қауіпсіздік мәселелерін, Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерін, сондай-ақ су-энергетикалық ресурстар саласындағы өңірлік ынтымақтастығын талқылауға арналды.Өзінің алғысөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық процестерді тереңдету Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді. Бұл әсіресе Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын Алматы қаласында құру контекстінде өзекті екендігін атап өтті.Е.Ашықбаев Ташкентте өткен Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшыларының 7-ші консультативтік кездесуінің нәтижелері «Орталық Азия плюс» форматына қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсеткенін ескере келе, бұл көрініс өңірдің саяси рөлі мен халықаралық субъектілігі артып келе жатқанының айқын айғағы екенін айтты.Осы сипатта өңір елдері үшін негізгі ұзақ мерзімді мақсат Орталық Азияны әлеуметтік-экономикалық дамуы динамикалы, жан-жақты ынтымақтастыққа, бейбітшілік пен өркендеуге ден қоятын өңір ретінде нығайту болмақ.Қазақ дипломатының пікірінше, орнықты және даму жолына түскен Ауғанстан Орталық Азия елдерінің сыртқы саясаттағы маңызды басымдықтарының бірі болып қала бермек, сондықтан елдер Ауғанстан Үкіметімен сауда, көлік, логистика салаларын дамытуға және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ұмтылуда.Ол Орталық Азиядағы шынайы интеграция су-энергетикалық ресурстарды пайдалану және сақтау механизмдерін дамытуға байланысты екенін атап өтті, бұл әсіресе жаһандық климат өзгеруі және ірі шекаралас бассейндердің кебуі жалғасып жатқан кезеңде аса өзекті мәселе болмақ.Осы тұрғыда, қазақ дипломатының пікірінше, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық су стратегияларын үйлестіру мақсатында Орталық Азиядағы су пайдалану бойынша Негіздемелік конвенцияны әзірлеу туралы бастамасы Қазақстанның су ресурстарын сақтау және пайдалану бойынша өңірлік механизмдерді қалыптастыруға жоғары қызығушылығын көрсетеді.Е.Ашықбаев бүгінгі таңда өңір қауіпсіздік пен ірі деректер массивтерін пайдалану саласында да сынақтар мен қауіп-қатерлерге тап болуда.Бұл жағдайда Қазақстанның жасанды интеллектіні пайдалануды тереңдету және Орталық Азия елдерімен жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы Декларация жобасын әзірлеу саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға шақырған үндеулері өңірлік бірлескен цифрлық жобалар аясында деректерді алмасу барысында сенімділікті нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылысты білдіреді деп атап өтті ол.Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Орталық Азия елдерімен БҰҰ Превентивті дипломатия өңірлік орталығы мандатының басымдықтары бойынша тығыз өзара әрекеттесуді әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.Орталық Азия елдеріне арналған БҰҰ превентивті дипломатия жөніндегі Өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе өз сөзінде превентивті дипломатия орталығының жаңа 2026-2030 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына негізделген өңірлік интеграция және бейбітшілік орнату саласындағы күш-жігерді үйлестірудегі рөлін атап өтті.Бағдарлама бес негізгі басымдыққа сүйенеді: алдын алу дипломатиясын ілгерілету, қақтығыстарды бақылау және дер кезінде ескерту, өңірлік ұйымдармен серіктестік орнату, БҰҰ алдын алу дипломатиясын нығайту, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Ауғанстанға қатысты міндеттерді шешуге қатысуын қолдау.Өз кезегінде, өңір елдерінің өкілдері Ауғанстанды қалпына келтіру және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде серіктестіктің стратегиялық деңгейін атап өтіп, өңірлік интеграцияны тереңдету қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.Аралды құтқару халықаралық қорының Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай Орталық Азия елдерінде су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану проблемаларына қатысты өз көзқарасымен бөлісіп, бірегей ландшафтты сақтау, экологиялық жүйелер мен су балансын тұрақты ету үшін жағдай жасау қажеттігіне назар аударды.Кездесу барысында Превентивті дипломатия академиясының жас тыңдаушылары өңірлік қауіпсіздік пен дамуға қатысты өз пікірлерін ұсына отырып, өңірде стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша кең талқылауға жоғары қызығушылық танытқанын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1120322?lang=kk