Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Салыққа берешегі бар азаматтарға ескерту. 01.12.2025
Бүгін Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және Дәулет ауылдық округі әкімі аппараты мамандарының ұйымдастыруымен рейдтік шара өткізілді.Рейдтік шарада төленбеген салықтық берешегі бар тұрғындарға түсіндіру және бірқатар ескертулер берілді. Құрметті Дәулет ауылдық округінің тұрғындары салық төлемдерін уақытылы төлеу қажеттігін қаперге береді.Қандайда бір салық төлемдерді мерзімінде төленбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы ( салық кодексі) 25 желтоқсан 2017 жылдың № 120-VI заңына сәйкес өсімпұл жүргізілетіндігін хабарлаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116305?lang=kk
Бүгін Дәулет ауылдық округінің ауылішілік көшелерін автогрейдрмен күреу, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес, жалғасын табады 01.12.2025
Бүгін Дәулет ауылдық округінің ауылішілік көшелерін автогрейдрмен күреу, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес, жалғасын табадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1116288?lang=kk
Желтоқсан: нарықты азық-түлікпен толықтыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту және жаңа жыл алдындағы жәрмеңкелер 01.12.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы және желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралды.Қарашаның алғашқы үш аптасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі 0%-ды құрады. Желтоқсан – дәстүрлі түрде  тұтынушылық сұраныс артатын кезең. Жиынға қатысушылар супермаркеттер мен базар сөрелерінде сұранысы жоғары тауарлардың жеткілікті болуы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шаралар кешенін талқылады.Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейтуСауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту туралы жобаны әзірледі. Тізім бағасы жиі құбылатын тауарлармен толықтырылды. Құжат келісу сатысында. Жақын күндері бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен егжей-тегжей талқылаулар өткізіледі.Өңірлердегі жәрмеңкелер және «Береке fest» акциясыӨңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда: биыл 5 мыңнан астам жәрмеңке өтті және олар демалыс сайын ұйымдастырылып отырды.Желтоқсан айында сауда желілерімен бірлесіп, республикалық «Береке fest» акциясы қайта өткізілмек. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тауарлардың кең таңдауын қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында жаңа жыл алдында жәрмеңкелер ұйымдастырады.Азық-түлік импорттаушыларымен жұмысИмпорттық азық-түлікке деген маусымдық жоғары сұранысты ескере отырып, Сауда комитеті ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерінің пулын қалыптастырды. Жақын уақытта олармен желтоқсан айында сұранысы жоғары тауарлардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өтеді.Баға мониторингі кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, баға мониторингін тұрақты жүргізуді және жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116263?lang=kk
Қарағандыда әлеуметтік тауарға сауда үстемесін негізсіз көтерген 5 сауда желісі мен 32 көтерме жеткізуші жазаланды 01.12.2025
Қарағанды облысына көтерме тауар жеткізушілер Milk Group ЖШС және Деп Плюс ЖШС сары майдың сауда үстемесін 22,6% және 26,3% - ға асырған. Ал Сұлтан Камал ЖШС майлылығы 2,5% айранды 43,2% сауда үстемесімен, Кадомец ЖК 1-санаттағы тауық жұмыртқасын 25% сауда үстемесімен сатқан. Ал Ер-Ай 2012 ЖШС қарақұмық жармасына белгіленген сауда үстемесін сауда үстемесін 12 пайызға арттырып жіберген. Өңірге көкөніс өнімдерін жеткізушілер ЖК Надиров және ЖК Марш сауда желілеріне картопты сатқанда сауда үстемесін 5% және 20% - ға асырған. Нәтижесінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті барлық сауда субъектілерін ҚР ӘҚБтК 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.Жалпы Қарағанды облысында мемлекеттік бақылау шеңберінде жыл басынан бері 155 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 142-сi әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемесін негізсіз асырған, 10 субъектіде баға көрсеткіштерінің сәйкес болмауы фактілері анықталған, 3 субъект сауда объектілерінің жұмыс регламентін сақтамаған. Жалпы алғанда 40 кәсіпкерге ескерту берілді, ал 115 кәсіпкерге 5,0 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және өнімсіз делдалдық тізбектерді болдырмау мақсатында облыста делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. Комиссия алгоритміне сәйкес сауда департаменті басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.«Бағаның негізсіз өсуін анықтау үшін Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп негізгі нарық субъектілерінің электрондық шот-фактураларын тұрақты түрде талдау жүргіземіз және бірлескен жұмыс аясында өндірушіден супермаркет сөресіне дейінгі тауар қозғалысы тұрақты бақылауда ұстаймыз», - деді Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Абзал Рахымбаев.Жыл басынан бері комиссияның 57 отырысы өткізілді. Нәтижесінде 5 ірі сауда желісі және 32 көтерме жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент мониторингі бойынша, қарағандылық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінен ең көп бакалея өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз арттырады. Депаратмент бұл өнімдер бойынша жыл басынан бері 81 факт анықтады. Одан кейін ең көп көкөніс өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз қосқан (51 факт)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116230?lang=kk
Сауда департаменті қарағандылықтарға 10 айда 84 млн теңгесін кері қайтарды 01.12.2025
Жыл басынан Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне тұтынушы құқығының бұзылу фактісі бойынша 2528 өтініш түскен. Өңірдегі тұтынушылардың шағымдары тұрмыстық қызметтер, яғни косметикалық, жиһаз дайындау, автокөлік жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтеріне және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге қатысты.«Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша 2025 жылдың басынан бері аумақтық департамент 36 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерлерге 16 әкімшілік айыппұл, 10 ескерту берілді. Жалпы жыл басынан тұтынушылардың пайдасына қайтарылған қаражат көлемі 84 241 047 теңгені құрады», - деді Қарағанды облысы борйынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшы Абзал Рахымбаев.Сонымен қатар 2025 жылдың 10 айында Департамент тұтынушылар құқығын қорғау бойынша 24 сот процесіне үшінші тарап ретінде қатысты. Биыл қарашада департамент қала тұрғындарының подъезді жинау қызметінің сапасына және қызмет көрсетуші жеке кәсіпкердің әрекеттеріне қатысты ұжымдық шағымын қарады. Тексеру барысында департамент мамандары тұтынушыларға қызметтің нақты орындаушысы туралы дұрыс ақпарат берілмегені, шартты бұзу тәртібінің сақталмағаны анықталды.10-нан астам азаматтың құқығы бір мәселе бойынша бұзылғандықтан, Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 5-бабы 8-тармағына сәйкес сотқа дейінгі талап жолдады.4 қарашада қызмет көрсетушіге шартты бұзу, қызметтен бас тартқан тұрғындар үшін есептеулерді тоқтату, қызмет көрсетуші туралы нақты ақпарат беру талаптары жіберілді. 6 қарашадағы ресми жауапқа сәйкес, шарт бұзылды, яғни 1 желтоқсаннан бастап барлық есептеулер тоқтатылды. Осылайша департамент тұрғындардың құқықығын сотқа дейін толық қалпына келтірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1116235?lang=kk
«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы сарапшылармен эксклюзивті сұхбат 01.12.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) мен Business FM іскерлік радиостанциясының бірлескен жобасы іске асырылды. Бағдарлама жүргізушілері Рустам Мақсұтов пен Ерланби Дәулетияр БЖЗҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сарапшыларымен бірге елдің зейнетақы жүйесіне қатысты ең өзекті тақырыптарды аудио және бейне подкаст форматында талқылады. Радио тыңдаушылар мен көрермендерге осы саладағы әлемдік үрдістер туралы баяндап, күрделі нәрселерді қарапайым және түсінікті тілде түсіндірді.  Сұхбат барысында жаһандық демографиялық трендтер, әлем бойынша жинақтаушы құрамдас бөлікке көшу, зейнетақыны ұзақ мерзімді жоспарлау, қызметкерлерді жинақтарды қалыптастыруға ынталандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, зейнетақы активтерін басқару тақырыптары, жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндіктері, инвестициялық стратегияларды қалыптастырудың жаңа ережелерін енгізу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің түрлері және зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістер қозғалды. Жоба қазақстандықтардың зейнетақы жүйесі саласындағы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бағдарлама кәсіпкерлерге, бизнесмендерге, сондай-ақ өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және тиімді басқаруға мүдделі барлық адамдарға арналған. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне "Зейнетақы навигаторы" бағдарламасының бейне подкасттарын көріп шығуға кеңес береміз. Бұл – Қазақстанның зейнетақы жүйесі туралы шынайы, объективті және кәсіби материалдар дайындауға қажетті өзекті ақпаратты қайнар көзден алудың таптырмас тәсілі. Төмендегі тақырыптар бойынша түсірілген 2025 жылғы бейнеподкасттарды тиісті сілтемелерден табасыздар:Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Сәуле Егеубаева, "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=FdqbJ0_3fnM Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері (Мұрат Шәріпов, "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=vw24C2CQTMA&t=64s Инвестициялық қызмет (Нұржан Нұрғазин, ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=IYo6Yh2Pmog Зейнетақыны жоспарлау және оны ұлғайту жөніндегі шаралар (Айжан Темірлан, "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті Стратегия және талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=EyRFcdyWXlk Зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері (Ләззат Әмірғалиева, "БЖЗҚ" АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы) орыс тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=9-Jc4pG5iAo БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері (Гүлнұр Ағайдарова, "БЖЗҚ" АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті Төлем әдістемесі басқармасының бастығы) қазақ тілінде: https://www.youtube.com/watch?v=Eq_wL_G-02M "Зейнетақы навигаторы" бағдарламалары Business FM және БЖЗҚ YouTube арналарында, сондай-ақ Google, Yandex және iTunes подкасттарында қолжетімді. Қазақстанның зейнетақы жүйесін қалыптастыру және дамыту туралы диалогтар БЖЗҚ YouTube-каналында дәстүрге айналды. Мұнда Григорий Марченко, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова және т.б. сияқты танымал қазақстандық қаржыгерлер, сондай-ақ белгілі халықаралық мамандар өз пікірлерімен бөліседі. Жаңалықтарды бірінші болып білу және сарапшылардан эксклюзивті ақпарат алу үшін БЖЗҚ-ның YouTube-арнасына жазылыңыздар. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126301?lang=kk
Ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 01.12.2025
2025 жылғы 25–29 қараша аралығында Астана қаласында ауылдық мектептердің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысқан «№9 гимназия базасындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» КММ-нің 11-сынып оқушысы Курманов Расул информатика пәні мұғалімі Зубрин С.В.-ның жетекшілігімен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, III орынға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1116210?lang=kk
«Бір шаңырақ астында» көрмесі Семей қаласында 01.12.2025
Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени  және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Бір шаңырақ астында» атты көрменің салтанатты ашылуы болды. Көрме XIX-XX ғасырлар тоғысында жасалған күнделікті және мерекелік халық костюмдерін және Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан алынған тұрмыстық заттардың кейбір түрлерін ұсынады. Көрменің жәдігерлері Қазақстан халқының дәстүрлі мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Көрменің ашылуында өткізілген экскурсия барысында музей қызметкерлері күнделікті тұрмыста және салт-дәстүрлерде халық костюмінің маңыздылығы жөнінде айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1116197?lang=kk
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында Меңдіқара ауданында науқан басталды 01.12.2025
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Меңдіқара ауданында мемлекеттік қызметшілерді көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, орындаушылық тәртіпті және жалпы жұмыстың тиімділігін арттыруға ынталандыруға бағытталған акция басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1116178?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» 01.12.2025
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысының тапсырмасына сәйкес "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған жоспарлы семинар өтіп,басқарма қызметкерлері де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1116140?lang=kk
Жас отандастарымыз 25,11 млн доллардан астам қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге пайдаланды 01.12.2025
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 25,11 млн АҚШ долларынан астам сомаға 171 938 өтініш орындалды (уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банк шоттарына есептеу үшін аударылды).Оның ішінде:тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 15,88 млн АҚШ доллары сомасына 107 390 өтініш;білім алу ақысын төлеуге – 9,24 млн АҚШ доларына 64 548 өтініш орындалды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Қаржыны тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша ең көп қолданылған қосалқы мақсаттар: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (15,55 млн АҚШ долларына 104 975 өтініш), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 112,10 мың АҚШ долларына 816 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу)  76,15 мың АҚШ долларына 588 өтініш орындалды. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (8,44 млн АҚШ долларына 57 996 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (554,86 мың АҚШ долларына 4 636 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (201,65 мың АҚШ долларына 1 567 өтініш орындалды).           Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1126294?lang=kk
Арнайы салық режимдерінің жаңа жүйесі: халықты әлеуметтік және зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту 01.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) [1] енгізіледі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, оңайлатылған декларация негізінде АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (ШФҚ). Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық қана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін төлеуін де реттейді.1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде қызметін интернет-платформаларды пайдалана отырып жүзеге асыратындар үшін АСР2026 жылдан бастап енгізілетін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР жеке кәсіпкерлер (ЖК) болып табылмайтын және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғаларға (Қазақстан азаматтары, қандастар) арналған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР ҚР Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне қолданылады.АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың күнтізбелік айдағы кіріс лимиті[2]  тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 300 еселенген мөлшерінен (жылына 3 600 АЕК) аспауға тиіс.Осы АСР-ды қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) алған табыстарынан өздері төлейді.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР бойынша зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі: МЗЖ – табысының 1%,ЖМЗЖ – табысының 1%.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар осы АСР-ды арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, төлем чектері және өзге көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде қолданатын болады. Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындардағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР өздері әзірлеген қарапайым нысанда жүргізіледі. Тек операциялардың күні, атауы, әрбір операция нәтижесінде алынған сомалар, әрбір күндегі,  айдағы қорытынды соманы көрсету  керек.Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын[3] және АСР қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан МЗЖ мен ЖМЗЖ-ны интернет-платформа операторы[4] ұстап, аударатын болады.Қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлейтін зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі де жоғарғыдай:МЗЖ – табысының 1%,ЖМЗЖ – табысының 1% (интернет-платформа операторының (агенттің) жеке қаражаты есебінен.  Өзін - өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың салықтық кезеңі – күнтізбелік бір ай.2. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСРҚР Салық кодексінің 723-бабының 2-тармағында көрсетілген салық төлеушілерді (басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғаларды, коммерциялық емес ұйымдарды, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қатысушыларды және т.б.) қоспағанда, ЖК және Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолдануға құқылы.Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР-ды тиісті шарттарға сәйкес келетін төмендегі тұлғалар қолдануға құқылы:- күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК - тің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;- жеңілдетілген декларация негізінде АСР қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің ҚР Үкіметі айқындаған тізбесіне енгізілмеген қызметті жүзеге асыратын тұлғалар. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері:МЗЖ – табыстың 10%ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5%-ға дейін көтеріледі.Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСРҚазақстан аумағында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқықтары берілген (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері бар шаруа немесе фермер қожалықтары ШФҚ үшін АСР қолдануға құқылы.Шаруа қожалығының қызметі АСР-ды қолдану шарттарына сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, шаруа қожалығы үшін таңдалған АСР-ды күнтізбелік жыл ішінде өзгертуге рұқсат жоқ.ШФҚ үшін АСР зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі:МЗЖ – табыстың 10%ЖМЗЖ – 2026 жылы табыстың 3,5%, содан кейін жыл сайын өсіп, 2028 жылы 5% - ға дейін көтеріледі.ШФҚ үшін АСР-ды қолданатын шаруа және фермер қожалықтары осы салықтық режим қолданылатын қызмет түрлерінен кіріс алған кезде тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салық есептілігін тапсыруды мынадай салықтық режимдерде жүргізеді:1) қолдану шарттарына сәйкес келсе, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-да;2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп бойынша.ШФҚ үшін АСР қолдану кезіндегі салықтық және есептік кезең – күнтізбелік жыл.  Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін АСР шеңберінде МЗЖ, ЖМЗЖ төлеу табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылады.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР, жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР, ШФҚ үшін АСР енгізу мыналарға бағытталған:зейнетақы және әлеуметтік жүйемен қамтуды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнесті белсенді тарту есебінен кеңейту;Қазақстанның миллиондаған азаматтары үшін бизнес жүргізуді жеңілдету;мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыру.Бұл инновациялар зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және "көлеңкеден" шығу үшін ынталандырулар жасауға мүмкіндік береді. 1 "Салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 215-VІІІ Заңына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап[2] ҚР жаңа Салық кодексінің 718-бабына сәйкес[3] ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабына сәйкес[4] интернет-платформа операторы (оператор) - интернет-платформаны пайдалана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), Ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, байланыс орнату және қызмет көрсету бойынша мәмілелер жасау үшін ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызмет көрсету және жұмыстарды орындау (ҚР Әлеуметтік кодексінің 102-бабы) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1124531?lang=kk
2025 жылдық 10 айдағы «АХАЖ ТП» АЖ-де азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мониторингті талқылау бойынша семинар өткізілді. 01.12.2025
2025 жылғы 27 қарашада Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ филиалының АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен бірге 2025 жылдық 10 айдағы «АХАЖ ТП» АЖ-де азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мониторингті талқылау бойынша семинар өткізілді.📌Семинар барысында 10 айдағы мониторинг қорытындылары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде практикалық қызметте туындайтын мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1115864?lang=kk
Қырғызстан делегациясы Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы цифрлық шешімдерімен танысты 01.12.2025
    Қырғыз Республикасының делегациясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келіп, Қазақстанның жылжымайтын мүлікті тіркеу және жер кадастры саласындағы цифрлық қызметтерді енгізу тәжірибесімен танысты.Сапар барысында қырғыз делегациясына тіркеу рәсімдерін жеңілдетуге, үдерістердің жылдамдығын арттыруға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған негізгі цифрлық шешімдер таныстырылды.Делегация мүшелері жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, оның ішінде кепілдер мен мәмілелерді «Blockchain» технологиясының негізінде ресімдеу үдерісімен танысты. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты сатып алу-сату, кепіл қою және жалға алу шарттарын тіркеуді қамтитын кешенді цифрлық сервистің жұмысы көрсетілді. Сервис іске қосылған уақыттан бері 250 мыңнан астам қызмет көрсетілген.«Қазақстан цифрландыру бағытында өз позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Бүгінде еліміз электрондық қызметтердің даму деңгейі бойынша жоғарғы көрсеткіштерге ие. Бұл – жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін айқындайды. Сонымен бірге қазақстандық цифрлық шешімдерге деген қызығушылық артып келеді: түрлі елдерден келген әріптестер біздің технологиялар мен тәжірибемізді зерделеуге мүдделі. Мұндай кездесулер өзара тәжірибе алмасуға және азаматтардың өмір сапасын жақсартатын заманауи тәсілдерді бірге дамытуға мүмкіндік береді», - деді Арман Кенжеғалиев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы.Талқылауға сондай-ақ Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтан зондтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестің жұмыс тобының мүшелері онлайн форматта қатысты. Кеңес құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.Делегация өкілдері «ЦОН» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен және Ахуалдық орталық қызметімен де танысты.Сапар барысында қонақтар жылжымайтын мүлікті тіркеу саласындағы ауқымды цифрлық трансформацияның ұйымдастырушылық, техникалық және құқықтық компоненттерін жан-жақты зерделеді. Қазақстанның тәжірибесі қазіргі цифрлық шешімдердің тиімділігін көрсетіп, Қырғыз Республикасында осындай бастамаларды енгізуге бағыт-бағдар бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1116262?lang=kk
Астанада әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметтері жылды қорытындылады 01.12.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметтерінің жылдық қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Жиынға өңірлік бөлімшелердің басшылары қатысты.Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Косанов Қарулы күштердегі әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімі басшысының баяндамасын тыңдап, бөлімшенің әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және әскери отбасыларға қолдау көрсетуге қосқан үлесін атап өтті.– Қуатты армия мықты отбасынан басталады. Осы тұрғыдан алғанда, сіздердің әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауларыңыз баға жетпес. Сіздер жанұяның беріктігін қамтамасыз етіп, әскери отбасыларға қамқорлық пен сенімділік атмосферасын орнатып жүрсіздер. Осындай абзал миссия армиямыздың бірлігі мен ынтымағының іргетасы болып қала берсін, – деді қорғаныс министрі.Жыл қорытындысы бойынша ең үздік қызметкерлер «Отан қорғаушының аяулы жары» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.Қазіргі таңда Қарулы күштерде 36 мыңнан аса әскери қызметшінің отбасы бар. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Тәттігүл Смағұлова атап өткендей, жас және көпбалалы отбасылар саны да артып келеді.– Біздің мақсатымыз – әрбір әскери қызметшінің отбасына мемлекет қолдауын  көрсету және өз мәселелерімен жалғыз қалмайтынын білдіру, – деді Т. Смағұлова.Оның айтуынша, жаңа келген жас офицерлерге бөлімшелерде бейімделуге көмек көрсетіледі. Әйелдерге жұмысқа орналасуда көмек беріледі, балаларға балабақшаларға қабылдау мәселесінде қолдау көрсетіледі. Бейбітшілік миссияларына қатысқан әскери қызметшілердің отбасыларына да ерекше назар аударылады. Оларға құқықтық және тұрмыстық қолдау көрсетіледі, командирлермен әркез кездесулер ұйымдастырылады.Сонымен қатар бұл қызметтер денсаулығы бойынша проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларды да назардан тыс қалдырмайды. Олардың медициналық кеңес алуына өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен өзара әрекеті жолға қойылған. Әскери бөлімдер басшылықтары мен «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ ұйымы үлкен қолдау көрсетеді, атап өтсек, балаларға арналған қайырымдылық шаралары, мәдени және спорттық нысандарға тегін кіру, экскурсиялар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.Гарнизондарда 157 үйірме мен секция жұмыс істейді, оған шамамен үш мың әскери қызметшінің балалары барады. Биылғы жылы қорғаныс министрінің бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы кең көлемде өтіп, онда ондаған меценат пен банктер қосылып, мыңдаған балаға жаңа оқу жылына қажетті көмек берді.«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен ынтымақтастық аясында жыл сайын мыңнан астам әскери қызметшінің балалары Щучинск, Балқаш, Қонаев және Түркістан облысындағы лагерьлерде демалып, білім алып, денсаулығын нығайтады.Есептік іс-шара аясында Әскери-тарихи мұражайдың атриумында аталған қызмет балалардың қолөнер туындылары мен суреттерінен көрме дайындады. Кеңеске қатысушылар алдында «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері «Ақ сауыт» биін орындады, ал жас домбырашылар «Адай» күйін тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1115781?lang=kk
Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінде VII ведомствоаралық ғылыми практикалық конференция өтті 01.12.2025
Конференцияға «Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбы арқау болды. Жиынға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы, университет басшылығы, факультеттің педагогикалық-профессорлық құрамы мен магистранттары қатысты. Қатысушыларға Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, философия докторы, профессор генерал-майор Асқар Мұстабеков, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов конференцияның мақсаты мен көтеріп отырған мәселелерінің маңыздылығын жеткізді.Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерінің заманауи қауіп-қатер жағдайындағы рөлі, мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзара іс- қимыл мәселелері, құқықтық режимдер кезеңіндегі қызмет ерекшеліктері мен перспективалары сынды сұрақтар қарастырылды.- Бүгінгі басқосуда әскердің даму перспективалары, қызметтік-жауынгерлік қызметтегі түйткілдер, кәсіби құзіреттілікті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, ел Презденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауында жүктелген міндеттер аясында әрі заман талабына орай, оқу-жаттығу жүйесіне жасанды инттелект пен инновациялық технологияны енгізу сұрақтарына басымдық берілді, - дейді конференцияға модераторлық еткен факультет бастығы полковник Савердин Имиров.Бұл конференцияны әскердің кәсіби даярлығы мен ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оқу-жаттығу процестерін жаңғырту бағыттары, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мүмкіндіктерінің бастауы деуге болады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1115785?lang=kk
Халық арасында «Чат-бот — құқықтық мәселелер бойынша цифрлық көмекші» тақырыбындағы ақпараттық парақшалар кеңінен таратылған. 01.12.2025
«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң көмегін көрсету бөлімі халыққа «Чат-бот – құқықтық мәселелер бойынша цифрлық көмекші» тақырыбындағы ақпараттық брошюраларды таратты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1115796?lang=kk
“Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы кездесу 01.12.2025
«Заң және Тәртіп» Қағидатын жүзеге асыру аясында, Самар ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ерте жүктіліктің, нашақорлық пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар зияны, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтык жауаптылық мәселелері талқыланып, оқушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1115757?lang=kk
«Chess champions» аудандық шахмат жарысы өтті 01.12.2025
Бүгін Қармақшыда аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Chess Champions» тақырыбындағы аудандық шахмат жарысы өтті.Жарыстың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев арнайы қатысып, жас спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.«Спорттық шаралар, әсіресе ақыл-ойды шыңдайтын шахмат секілді зияткерлік бағыттар, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.Елімізде де шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қазақстандық жас шахматшылар халықаралық және республикалық додаларда үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік деңгейде ел абыройын асқақтатып жүр. Қасиетті Қармақшы топырағының жас дарындары да бұл үрдістен қалыс қалмай, түрлі сайыстарда жоғары жетістіктерге жетуде. Бүгінгі байрақты бәсеке шеберлік пен табандылықтың алаңына айналатынына сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін!»,- деді, өз құттықтауында.Биылғы сайысқа аудан мектептерінен келген 21 команда және оқушылар үйінің командасы қосылып, жалпы 22 команда, 66 оқушы бақ сынады.Жарысқа төрелік еткен қазылар алқасының бағасы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен оқушылар арнайы марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. Бағалау қорытындысы бойынша І орынға №273 орта мектеп командасы, ІІ орынға 250 мектеп-лицей командасы, ал ІІІ орынға №111 орта мектеп командасы лайық деп танылды.Еске салайық, жас шахматшылардың шеберлігін шыңдау мен ауданымызда шахмат спортын дамыту үшін өткізілген бұл жарыс, биыл дәстүрлі түрде екінші рет ұйымдастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1115768?lang=kk
Cу тасқынының алдын алу жұмыстарына бақылау жүргізілді 01.12.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек су тасқынының алдын алу шараларының барысын бақылау мақсатында ұзындығы шамамен 2000 метрді құрайтын қорғаныс бөгетінің жағдайымен танысты. Бұл бөгет қыс-көктемгі қар суынан қорғау үшін салынған және ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Тексеру барысында бөгеттің техникалық жай-күйі және нығайту жұмыстары қаралды.Аудан әкімі «Қармақшысушар» Өндірістік Учаскесі мекемесінің басшысына қорғаныс бөгетін қосымша нығайту, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтіп, жедел әрекет етуге дайындықты қамтамасыз ету міндеттелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1115770?lang=kk