Жаңалықтар
Ұстаздар күніне орай қаламызда салтанатты түрде жаңа мамандандырылған №8 лицейі ашылды 15.10.2025
Ұстаздар күніне орай қаламызда салтанатты түрде жаңа мамандандырылған №8 лицейі ашылды. Аталған мектеп 1952 жылы салынып, апатты жағдайдағы ғимараттың орнына бой көтерген.Бастапқыда аталған мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі жоспарланған болатын. Алайда, кешенді техникалық тексеру нәтижесінде ғимарат апатты деп танылып,бұдан әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз екені анықталды. Осыған байланысты жаңа мектеп ғимаратының жобасы әзірленді.Жаңа мектеп заманауи білім берудің барлық стандарттарына сай келеді. Кең әрі жарық сыныптар, атап айтқандажаратылыстану ғылымдарын практикалық оқытуға арналған заманауи технологиялармен жабдықталған STEM кабинеті, заманауи зертханалар, робототехника кабинеттері, шеберханалар, акт залы, спорт залы, кітапхана. Мектеп ғимаратында балалардың жан-жақты дамуы мен мұғалімдердің жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.Бұл ретте, жобаның жүзеге асырылу мерзімін айта кеткен жөн, нормативтік құрылыс мерзімі 15 ай болғанымен, іс жүзінде құрылыс жұмыстары 9 айда толығымен аяқталды. Бұл – тиімді әрі үйлесімді жұмыстың жарқын үлгісі.Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады, оларға адал еңбектері үшін алғыс айтты. Аталған лицейдің ашылуы өңірде адами капиталды дамытуға басым көңіл бөлініп отырғанының айқын көрінісі екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1084418?lang=kk
Сауда министрі Арман Шаққалиев азаматтық қоғам және бизнес өкілдерімен ішкі сауданы дамыту және отандық өндірушілерді қолдау шараларын талқылады 15.10.2025
Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің азаматтық қоғам институттары, бизнес қауымдастық және профильді ассоциациялар өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесудің басты тақырыбы - ішкі сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілердің позицияларын күшейту және саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру болды. Кездесуге 120-дан астам адам қатысты, оның ішінде Қазақстан азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Альберт Рау мен Нұржан Әшімбеков, Сауда желілері Ассоциациясының өкілдері, еліміздің ірі сауда желілерінің басшылары мен базар иелері, сондай-ақ отандық тауар өндірушілер саласындағы профильді ассоциациялар мен Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері болды. Іс-шараны ашқан министр азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығы және отандық өндірушілердің сауда сөрелеріне қолжетімділігі Үкімет алдында тұрған стратегиялық міндеттер екенін, бұл мәселеге Мемлекет басшысы ерекше назар аударатынын атап өтті. Министрлік импортқа тәуелділікті азайтуға, жеке сауда маркасын дамытуға және елдегі бәсекеге қабілетті сауда экожүйесін қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. «Экономикалық үлес бойынша сауда жалпы ішкі өнімнің 16,5%-ын құрайды және 1,5 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Соңғы бес жылда ішкі сауда айналымы шамамен 80%-ға өсті және 2024 жылы 70,7 трлн теңгені құрады. Бұл динамика сауданың жай ғана делдалдық қызмет емес, орнықты орта тапты қалыптастыратын және тұтынудың жаңа форматтарын дамытатын негізгі сала екенін көрсетеді», – деді Арман Шаққалиев. Сауда министрі «Береке Fest» акциясы аясында бизнестің көрсеткен әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғысын білдірді. Сауда желілері акция аясында арнайы бұрыштар ұйымдастырып, агрофирмалардың ет пен ӘМАТ өнімдерін тікелей жеткізуін қамтамасыз етті. Акцияға 80-ден астам сауда желісі қатысты. Республика күніне орай ірі сауда орталықтары мен онлайн платформаларда азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын кең ассортименттегі тауарларға жеңілдіктер беріледі. Жиында акцияның форматы талқыланды. Бірінші вице-министр Айжан Бижанова отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған шаралар туралы хабарлады. Заңнамада қазақстандық азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға арналған сөрелердің кемінде 30%-ын отандық өнімдерге бөлу талаптары бекітілді. Бұл талаптар ірі сауда желілерінен бастап шағын дүкендер мен базарларға дейінгі барлық сауда форматтарына қатысты. Мемлекеттік қолдау аясында субсидиялау арқылы сөре кеңістігін қосымша 20%-ға ұлғайту қарастырылған, ал шарттар орындалмаса қаржыландыру тоқтатылады және қаржы кері қайтарылады. Өндірушілер мен сауда желілері және маркетплейстер арасындағы өзара әрекетті жеңілдету мақсатында QazTrade платформасында «Бір терезе» жүйесі құрылуда, ол отандық тауар өндірушілерд реестрімен интеграцияланады. Бұл шешім өнімнің нарыққа жылдам және ашық жолмен қолжетімді шығуы қамтамасыз етпек. Сауда орнын жалдау қатынастарына да үлкен мән берілуде. Жаңа ереже бойынша сауда орнын жалдау ақысы жылына бір рет өзгереді әрі ол туралы жарты жыл бұрын сатушыға хабарлануы керек. Кездесу барысында Magnum және SMALL&SKIF сауда желілерінің өкілдері жекесауда маркаларын дамытудағы табысты тәжірибелері туралы айтты. Бұл - бөлшек саудада негізгі стратегиялық бағыт, ол сатып алушылардың адалдығын нығайтып, бәсекелестік позицияларын күшейтеді. Жеке сауда маркасы – бір желі аясында эксклюзив ұсынылатын өнімдер. Олар қолжетімді бағада (салыстырмалы түрде 10–20% төмен), жоғары сапамен ерекшеленеді және экономнан премиумға дейінгі барлық баға сегменттерін қамтиды. SMALL&SKIF желісі отандық өндірушілермен ынтымақтастыққа басымдық береді. Бұл сапаны қамтамасыз етіп, жергілікті бизнесті қолдауға және сатып алушыларға бірегей ұсыныс жасауға мүмкіндік береді. Magnum желісінде жеке сауда маркасын дамуы жақсы нәтиже көрсетуде: соңғы 5 жылда желідегі осындай тауарлардың үлесі 1,7%-дан 11,9%-ға дейін өскен. Сауда желісі еліміздің 18 қаласында 71 өнім өндірушімен жұмыс істейді. Тараптар тұрақты жеткізу тізбегін дамытып, жергілікті өнімнің сөредегі позициясын нығайтуда. Сонымен қатар, картоп және көкөніс өсірушілер одағы, Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер ассоциациясы, Қазақстанның сүт одағы, ет өңдеу кәсіпорындарының ассоциациясы және басқа да салалық ассоциациялардың өкілдері өз пікірлерін білдірді. Қатысушылар сенімді жеткізушілер ретінде қызмет етуге, ішкі нарықты тұрақты тауар мен қажетті ассортиментпен қамтамасыз етуге дайын екендерін айтты. Сондай-ақ отандық сауда желілерін қолдау мен тұрақты жеткізу тізбектерін дамытуға мүдделі екендерін жеткізді. Кездесуге келгенде жаңа Салық кодексінің ережелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, сауда және ауыл шаруашылығы кешені үшін жеңілдетілген арнайы режимдер сақталады, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге табыстан 3% тұрақты ставка бойынша жеңілдетілген салық тәртібі енгізілді, ал агросектордағы заңды тұлғалар үшін ҚҚС жүктемесі төмендетілді. ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 16% деңгейінде белгіленді, ал арнайы режимдер бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес ҚҚС төлеуден босатылған. Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен қайта өңдеушілерге салықтық преференциялар сақталады, соның ішінде ішкі өндіріс үшін қолданылатын импорттық шикізатқа ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. «Егер бизнес халыққа қызмет көрсетсе, қарапайым қызметтер ұсынса, шағын саудамен айналысса, жеңілдетілген салық жүйесі сақталады. Ал егер бизнес компанияларға қызмет көрсетсе, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істесе, ірі нысандар салса немесе ірі айналымы болса — бұл мүлдем басқа деңгей. Онда толық салық есептілігі болуы тиіс. Біз ашықтық принципіне сүйендік: қызмет оңай болған сайын, оны жеңілдетілген жүйе арқылы басқару оңайырақ», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев. Ішкі нарықты қолдаудың негізгі бағыттары талқыланғаннан кейін, Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева барлық тараптың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті. «Бүгінгі кездесуге салалық үкіметтік емес ұйымдар, ассоциациялар мен отандық өндірушілер жиналды. Шынында да, азық-түлік қауіпсіздігі – бұл басты басымдық. Біз отандық өнімнің шын мәнінде бірінші орында тұрғанын, халықтың сапалы әрі денсаулыққа пайдалы өнім тұтынғанын қалаймыз. Бүгінде қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары, сапасы да жақсы. Мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық сектор бірлесе отырып, отандық өндірісті дамытуға және көтеруге толық мүмкіндігіміз бар», – деді ол. Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әділ, бәсекеге қабілетті және ашық нарық құру үшін тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығын атап, әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1084036?lang=kk
«Қорқыт ата» кешенінде халықаралық өнер фестивалі өтті 15.10.2025
Бүгін «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясында «Қорқыт сазы» концерті өтті. Түркі халықтарының рухани байланысын нығайтып, ортақ мәдениетімізді әлемге таныту мақсатында үш жылда бір өткізілетін фестиваль биыл жетінші мәрте ұйымдастырылуда.Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының бірлесуімен ұйымдастырылған бұл рухани шараға Қазақстанның әр аймағынан Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тыва және Алтай Республикалары сияқты бауырлас елдерден келген өнер ұжымдары қатысты.Фестиваль бағдарламасы ерекше рухани атмосферада басталды. Қонақтарды ұлттық салт-дәстүрімізбен шашу шашқан «Әжелер ансамблі» қарсы алып, қазақы қонақжайлық үлгісі көрсетілді.Фестивальда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшылығының өкілі Санджар Мулазимоғлу арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов сөз сөйлеп, атаулы күннің маңыздылығына тоқталды.Мәдени шарада Қорқыт Атаның өмірі мен философиялық дүниетанымына негізделген шығармалары орындалып, жыршы-термешілердің жыр шашуы да ұсынылды. Сондай-ақ, әр елден келген өнер ұжымдары өнерлерін ортаға салып, көпшілікке ұлттық туындыларын тарту етті.Бауырлас халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтып, Қорқыт Ата мұрасын жаңа буынға жеткізетін бұл фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1084101?lang=kk
Жаңа Салық кодексін түсіндіру: Ашық есік күні Көксу ауданында 15.10.2025
2025 жылғы 9 қазанда Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара барысында мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.Қатысушыларға салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, оның ішінде ҚҚС, ККС және ЖТС бойынша жаңалықтар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету шаралары және кәсіпкерлер үшін артық әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1084103?lang=kk
Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру: кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні 15.10.2025
Кербұлақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлер мен салық төлеушілер үшін «Жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.Іс-шараның басты мақсаты — қатысушыларды 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерімен жан-жақты таныстыру болды.Кездесу барысында мамандар кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы жаңалықтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы (КТС) және жеке табыс салығы (ЖТС) бойынша өзгерістерге ерекше назар аударды.Сонымен қатар, қатысушылар шағын және орта бизнеске қатысты салық салудың ерекшеліктері, салық әкімшілігін жеңілдету шаралары және кәсіпкерлер үшін бюрократиялық кедергілерді азайту туралы толық ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1114268?lang=kk
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына қатысты 15.10.2025
2025 жылдың 9-10 қазанында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына еліміздің өкілі ретінде қатысты. Венеция комиссиясының пленарлық отырысына ҚР Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова да қатысты.144-ші пленарлық отырыс кеңесінің күн тәртібіне Венгрия, Словакия, Испания, Армения, Грузия, Солтүстік Македония және Украина сияқты бірқатар елдердің заң жобалары мен құқықтық мәселелері бойынша тұжырымдамаларды талқылау енді.Сондай-ақ, Албания мен Молдова Республикасына қатысты алдыңғы отырыстарда қаралған құқықтық мәселелер бойынша тұжырымдамалар қарастырылды.Венеция комиссиясының 144-ші пленарлық отырысына қатысу барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Кореяның Конституциялық сотының судьясы Ким Хён Думен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев елде жүргізіп жатқан цифрландыру және әділет органдарының ақпараттық жүйелеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу туралы хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1084126?lang=kk
Шетелдегі отандастарға ақпараттық қолдау көрсету орталығы 15.10.2025
«Отандастар қоры» шетелдегі қазақстандықтарға тәулік бойы көмек көрсететін ақпараттық қолдау орталығының (Call Center 1404) жұмысы туралы хабарлайды.Барлық Қазақстандағы ұялы операторларынан және қалалық нөмірлерден қоңыраулар тегін қабылданады. Сондай-ақ байланыс WhatsApp және Telegram арқылы да қолжетімді.Байланыс:📞 1404 (Қазақстан бойынша тегін)📞 8 800 080 1404 (қалалық нөмірлерден)📞 +7 (7172) 98 1404, +7 708 903 8217 (шетелден)🌐 oq.gov.kz | erulik.kz | komek@oq.gov.kz📱 @OtanDastarQory | @otandastar_qoryАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1084133?lang=kk
Қазақстан – ЕО үшін маңызды энергетикалық серіктес: Брюссельде «жасыл» энергетика саласындағы жаңа келісімдерге қол қойылды 15.10.2025
Брюссель, 2025 жылғы 10 қазан – ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен «Global Gateway» форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді. Бұл сапар Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕО үшін сенімді әрі негізгі серіктес ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.Форум аясында министр Еуропалық комиссияның Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссары Йозеф Сикеламен және тату көршілік пен кеңейту мәселелеріне жөніндегі комиссары Марта Коспен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар энергетикалық қауіпсіздік, «жасыл» экономикаға көшу мәселелерін талқылады.Ерлан Ақкенженов Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді стратегиялық мақсат ретінде айқындап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, елдің «жасыл» экономикаға көшу үдерісінде прагматикалық әрі теңгерімді ұстанымды басшылыққа алатынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл процесс жаңартылатын энергия көздерін дамытумен қатар, қазіргі таңда дәстүрлі генерацияға негізделген ұлттық энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс.Сапар барысында инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен, Француз даму агенттігінің (AFD) директоры Сириль Бельэмен және Италияның «Cassa Depositi i Prestiti» компаниялар тобы (CDP) басшыларымен кездесті.Сапардың негізгі нәтижелерінің бірі – Қазақстан мен Еуропаның жетекші қаржы ұйымдары Еуропалық қайта құру және даму банкі (EBRD) мен Еуропалық инвестициялық банк (EIB) арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды. Құжаттар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, электр желілерін жаңғырту және Қамбар-Ата ГЭС-1 секілді өңірлік жобаларға инвестиция тартуға бағытталған.Сондай-ақ форум аясында Герман халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) ұйымдастырған «Орталық Азиядағы серіктестік диалогына» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның энергетика министрлері қатысты. Басқосуда Ерлан Ақкенженов өңірлік электр саудасы, гидроэнергетика және жаңартылатын энергия стандарттары бойынша Қазақстанның ұстанымын білдірді. – Біздің Брюссельге сапарымыз Еуропамен энергетикалық әріптестікті тереңдетуге деген өзара қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Қазақстан – сенімді энергия жеткізуші ел және «жасыл» энергетика мен сутегі өндірісінде Еуропа үшін стратегиялық серіктес болуға дайын. EIB және EBRD-пен жасалған келісімдер – еліміздің еуропалық бизнеске тұрақты ұзақмерзімді жобаларға арналған инвестициялық тартымдылығын айқындайды, – деді ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1084143?lang=kk
Семей қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді 15.10.2025
Семей қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінің жұмыс кестесі өзгерді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы Семей қаласының тұрғындарын бірқатар бөлімшелердің жұмыс уақытының өзгергені туралы хабардар етеді. 2025 жылғы 13 қазаннан бастап АХАТ бөлімі, Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық және Жер кадастры бөлімі келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.Түскі үзіліс уақыты өзгеріссіз қалады – 13:00-тен 14:30-ға дейін. Сонымен қатар, Семей қаласындағы ХҚКО-лар бұрынғы тәртіппен қызмет көрсетеді: * дүйсенбіден жұмаға дейін – 09:00-ден 18:00-ге дейін; * кезекші ХҚКО жұмыс күндері – 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні – 09:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Абай облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалы тұрғындардың түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді және бөлімшелерге баруды жаңа жұмыс кестесін ескере отырып жоспарлауды сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1084163?lang=kk
«Үздік жыл әдіскері-2025» облыстық байқауы өтті 15.10.2025
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері - 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды.1 кезең: «Мен әдіскермін» 1-3 минуттық өз қалауымен еркін форматта өздерін таныстыру, «Мамандық шеберлігі: үздік жоба» ол жүзеге асыратын шығармашылық инновациялық немесе эксперименттік авторлық жобасымен таныстыру2 кезең: «Тестілеу кезеңі» мамандық бойынша кәсіби 20 тест сұрақтарына жауап беру3 кезең: «Әдіскерлердің ақыл-ой алаңы» мамандық бойынша кәсіби 5 сұраққа жауап беруБайқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 7 кітапханашы бақ сынасты. І ші дәрежелі дипломмен Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Сейдахметова Жанар, ІІ дәрежелі дипломмен Алакөл ауданы Тохтасунова Феруза, ІІІ дәрежелі дипломмен Ескелді ауданы Смагулова Ақнұр марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1084176?lang=kk
Қазақстан мен Мысыр фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 15.10.2025
Каир, 2025 жылғы 28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Egyptian International Pharmaceutical Industries Co. (EIPICO) компаниясының басшылығымен кездесіп, елімізде инвестициялық жобаны іске асыру жоспарларын талқылады.«EIPICO» басқарма төрағасы Ахмед Келани Қазақстанда заманауи толық циклді фармацевтикалық зауыт салу жобасын жалғастыруға дайын екенін растады. Жобаның жоспарланған құны 33 млн АҚШ долларды құрайды.А.Келанидың айтуынша, жоба жаңа кезеңге шықты: кәсіпорын ашылатын алаң анықталды. Жақын уақытта компания басшылығы Қазақстанға келіп, жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.Өз кезегінде Елші фармацевтикалық индустрияны дамыту мен дәрілік заттардың жергілікті өндірісін кеңейтуді ұлттық экономиканың стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтіп, қазақстандық тараптың компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.«EIPICO» – Мысырдағы фармацевтикалық өнім экспортының жетекші компаниясы, ол елдің жалпы фармацевтикалық тауар экспортының шамамен 21 пайызын қамтамасыз етеді. Халықаралық экспансия стратегиясы аясында компания өндірісті жергілікті деңгейде дамыту үшін Қазақстанды негізгі алаңдардың бірі ретінде таңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1084188?lang=kk
Кигалиде Қазақстан мен Руанда арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды 15.10.2025
Кигали, 2025 жылғы 9 қазан – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың сапары шеңберінде Руанда Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының спикері Гертруда Казарва ханым, Қорғаныс министрі Джувеналь Маризамунда мырза, Ауыл шаруашылығы министрі Марк Багабе мырза, Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрдің орынбасары Клементина Мукека ханым, Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Антуан Мари Каджангве мырза, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар министрінің орынбасары Эрасте Рурангва мырза, Тау-кен ісі, мұнай және газ кеңесінің төрайымы Алис Увасе ханым, Ауыл шаруашылығы экспорты бойынша Ұлттық кеңестің бас операциялық директоры Сандрин Уруджени ханым, Руанда Республикасының Жеке сектор федерациясының бас директоры Стивен Рузибиза мырзамен кездесулері өтті.Аталған кездесулер барысында Елші контр-әріптестерді Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында мәлімделген стратегиялық міндеттер мен Қазақстанның халықаралық бастамалары туралы хабардар етті.Тараптар Руанда Республикасының Президенті П.Кагаменің 2025 жылғы мамырда Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады. Энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар мен инновациялар, тау-кен өнеркәсібі және ғарыш өнеркәсібі, парламентаралық ынтымақтастық сияқты салалардағы қарым-қатынасты дамыту жоспарларына ерекше назар аударылды.Руандалық тарап Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, еліміздің халықаралық бастамаларын жоғары бағалап, Астанамен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін растады. Тараптар елдеріміз арасындағы іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған Қазақстан-Руанда арасындағы 2025 жылғы 26 қыркүйекте қол қойылған Іскерлік кеңесті құру туралы келісімнің маңыздылығын ескерді.Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша қарым-қатынасты жалғастыруға және Президент П.Кагаменің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған құқықтық құжаттарда көрсетілген ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі бірлескен шараларды егжей-тегжейлі талқылау және оларды іске асыру бойынша жол картаны әзірлеу үшін екі елдің мүдделі ведомстволары арасында бейнеконференция форматындағы сарапшылық кездесулерді ұйымдастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1084194?lang=kk
Қазақстан Республикасында кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету 15.10.2025
Кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету — бұл декларант немесе өзге тұлға тарапынан төлем жасалмаған жағдайда да, мемлекетке тиесілі сомалардың түсуіне сенімді болуға мүмкіндік беретін кеден органына кепілдіктер (мүліктік немесе өзге де) беру.Қазақстан Республикасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау ҚР қолданыстағы кеден заңнамасында көзделген белгілі бір жағдайларда қамтамасыз етіледі ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 91,194,195,196,223,257,170,387,397-баптары). Жиі қолданылатын жағдайларға мыналар жатады:- Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру аяқталғанға дейін тауарларды шығару ерекшеліктері (Кодекстің 195-бабы);- Кедендік сараптама тағайындау кезінде тауарларды шығару ерекшеліктері (Кодекстің 196-бабы);- Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру шарттары (Кодекстің 223 және 226-бабы);- Тауарларды Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар адамның өтініші бойынша орындарға уақытша сақтауға орналастыру.Кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне: ақша, банк кепілдігі, кепілгерлік, мүлік кепілі, сақтандыру шарты (Кодекстің 97-102-баптары) жатады.Ең қарапайым және кең таралған әдіс-бұл ақша, онда кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізіледі. Банктік кепілдікті пайдаланған кезде кедендік төлемдер мен салықтарды төлегені үшін банктің кепілгерлігі талап етіледі. Кепілгерлікті пайдаланған кезде үшінші тұлғаның (банктің емес) кепілдігі қажет. Мүлік кепілін пайдалану міндеттеме орындалғанға дейін мүлікті кеден органына кепілге беруді көздейді. Сақтандыру шартын пайдалану кезінде кеден органы сақтандыру қызметі құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.Қамтамасыз ету мөлшері тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары негізге алына отырып айқындалады.Кеден органдары өз тарапынан қамтамасыз ету сомасының болуын және жеткіліктілігін бақылауды жүзеге асырады. Қолданыстағы кеден заңнамасында көзделген жағдайларға сәйкес кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған кезде кеден органы кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне сәйкес кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алуды жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1084198?lang=kk
Отандастар Қорымен байланыс туралы 15.10.2025
«Отандастар Қоры» шетелде тұратын этникалық қазақтарға және елге оралған қандастарға түрлі мәселелер бойынша жан-жақты ақпараттық-консультациялық қолдау көрсету жұмыстарын жүргізеді.Осы мақсатта назарға алу үшін «Отандастар Қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі отандастарды ақпараттық қолдау орталығының» жаңартылған WhatsApp байланыс нөмірлерін жариялап отырмыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1084205?lang=kk
Алматы облысының колледжі «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында үздік деп танылды 15.10.2025
2025 жылдың 4–9 қазан аралығында түркітілдес елдер арасында өткен алғашқы «TurkicSkills» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында Алматы облысынан 20 маман қатысып, өңір намысын қорғады.Қатысушылар қатарында салалық сарапшылар, колледж директорлары мен орынбасарлары, педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері болды. «TurkicSkills» чемпионаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді біріктіретін маңызды халықаралық алаң болып табылады. Шара барысында түркі елдерінің білім беру жүйелеріндегі жаңа үрдістер, әдістемелер және оқыту стандарттары таныстырылды.Чемпионат қорытындысы бойынша еліміздің 700 колледжі арасынан үздік деп танылған оқу орындары марапатталды. Солардың ішінде Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі «Үздік колледж» номинациясын иеленіп, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орындарының бірі екенін дәлелдеді.Аталған жетістік — облыс білім беру саласында инновациялық технологияларды енгізу, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстың нәтижесі.Сарапшылардың пікірінше, мұндай халықаралық чемпионаттар кәсіби білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, жастардың жаңа кәсіптерге қызығушылығын арттырып, ел экономикасына үлес қосатын жоғары білікті кадрлар даярлауға серпін береді.Алдағы уақытта Алматы облысының білім беру жүйесі халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, үздік тәжірибелер мен инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізуді жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1083999?lang=kk
Қазақстан мен Үндістан экономика саласындағы бірлескен ынтымақтастықты тереңдетуде 15.10.2025
Нью-Дели, 2025 жылғы 6 қазанда – Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараевтың «FICCI» сауда-өндірістік палатасы мүшелерімен кездесуі өтті, оның барысында бірлескен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу үнді тарапының бастамасымен өтіп, экономиканың түрлі салаларынан 30-ға жуық жетекші компанияларды жинады.Анықтама: Үндістанның сауда-өнеркәсіп палаталарының федерациясы (FICCI) 1927 жылы құрылды және Үндістанның ең ірі және көне жоғарғы іскерлік ұйымы болып табылады. FICCI құрамына жеке және мемлекеттік коммерциялық компаниялар, сондай-ақ Үндістанның әртүрлі штаттарының халықаралық компаниялары және өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталары кіреді - барлығы 300 мыңға жуық мүше.А. Есқараев өзінің кіріспе сөзінде қатысушыларды екі ел арасындағы ағымдағы экономикалық жағдаймен, сондай-ақ Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалдың артықшылықтарымен таныстырды. Ел аумағында жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Сонымен бірге қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы қазіргі кезеңде сауда-экономикалық әлеуеттің мүмкіндіктері толық іске асырылмай отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада екі ел арасындағы тауар айналымы 3 млрд. АҚШ долларына дейін өсу мүмкіндігі бар.Өз кезегінде үнді компанияларының басшылары шетелдік инвесторларды қолдау құралдары туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.Кездесу барысында құрылыс, IT, фармацевтика, туризм, өнеркәсіп, жаңартылатын энергия көздері сияқты және т.б. экономика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында бірқатар сәтті кездесулер өткізілді, олардың барысында үнді компанияларының өкілдеріне тиісті инвестициялық тизерлер берілді.Сонымен қатар «FICCI» сауда-өндірістік палатасының басшылығы осы жылдың соңына дейін үнді компаниялардың Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жоспарлары туралы мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1084003?lang=kk
Абай облысында Қарулы күштердің топогеодезистеріне арналған курс өтті 15.10.2025
Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті Абай облысы білім басқармасының Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде оқитын топогеодезист-кіші мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды. Оқу бағдарламасы 72 академиялық сағатты құрады. Тыңдаушылар геодезия, картография, жерді қашықтықтан зондтау және геоақпараттық жүйелердің негіздерін зерделеді. Оларды GNSS қабылдағыштарын, электронды тахеометрлерді және деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық жасақтамамен қоса, озық спутниктік технологиялармен және заманауи жабдықтармен таныстырды.Оқыту барысында топографиялық түсірудің заманауи әдістеріне, геодезиялық өлшеулерді орындауға, геокеңістік деректерін өңдеуге және талдауға ерекше назар аударылды.Қатысушылар курстың маңызды екенін атап өтті. Мұндай оқыту кезінде берілген білім мен дағдылар әскерлер мен штабтарды оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауда бағдарлау, навигация, рельефті бағалау және қару-жарақ пен техниканы тиімді пайдалану үшін қажетті жер туралы нақты деректермен қамтамасыз етумен айналысатын мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етері анық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1084006?lang=kk
2025 жылы "ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама, "ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"ММ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары 15.10.2025
2025 жылы "ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама"ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"ММ анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары;Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ekonomika/press/news/details/1083481?lang=kk
Қызылордада нан өнімдері кешені іске қосылды 15.10.2025
«Қызылорда-Нан» серіктестігі нан өнімдерін шығару кешенінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, қала тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев өңірде жүзеге асырылған ірі инвестициялық жобаларды атап өтіп, жиналған қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», – деген болатын.Өңірімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. 2022-2024 жылдары аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды.Биыл 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту бағытында жұмыс жүргізілуде. Өткен 8 айда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша Қызылорда облысы республикада бірінші орынға шықты. Жыл соңына дейін жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша 280 млн. АҚШ доллары бекітілген, осы жылдың ІІ тоқсанында 172,9 млн. АҚШ доллары тартылып, жоспар 62%-ға орындалды.Бүгін өңір экономикасына тың серпін беретін «Қызылорда-Нан» серіктестігінің нан өнімдері кешенінің ашылу салтанатында бас қостық. Баршаңызды жаңа кәсіпорынның іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын. Жобаға атсалысқан инвесторларға, құрылысшыларға, барлық серіктес ұйымдарға алғысымызды білдіреміз. Кешеннің жұмысы табысты, өндірісі берекелі болсын! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі, өндеу өнеркәсібі саласына ауқымды инвестиция салғаны үшін меценат Нейля Жүсіпова Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Қызметкерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Қызылордада алғаш рет 1957 жылы іске қосылған нан зауыты 1995 жылға дейін тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз еткен болатын. Араға отыз жыл салып, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, жаңа кешен жұмысын бастады.Жалпы 5,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған бұл кешен – тек өндірістік ғана емес, әлеуметтік және ұлттық маңызға ие ірі нысан. Бүгінде мұнда 120 адам еңбек етуде, алдағы уақытта жұмыс орындарының саны 170-ке дейін көбейеді.Кешенге мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 1,2 миллиард теңге жеңілдетілген несие беріліп, оның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды. Бірінші кезеңде 3,1 миллиард теңгеге заманауи, толық автоматтандырылған жабдықтары бар төрт өндірістік цех іске қосылды. Алдағы жылы жобаның екінші кезеңінде 2,5 миллиард теңгеге ұн комбинатын салу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1083485?lang=kk
Друскининкай қаласында Елшінің бизнес қауымдастығымен кездесуі 15.10.2025
Друскининкай, 2025 жылғы 9 қазан – Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев өңірге жасаған жұмыс сапары аясында Друскининкай қаласының бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті.Кездесу Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен, Вильнюс сауда-өнеркәсіп және қолөнер палатасы және Друскининкай қаласының мэриясымен бірлесіп ұйымдастырылды.Іс-шараға көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм, құрылыс сияқты түрлі салаларды қамтитын 20-дан астам компанияның басшылары қатысты. Олардың барлығы Қазақстанмен серіктестік қарым-қатынастар орнатуға қызығушылық танытты.Кездесу барысында Елші қатысушыларға Қазақстан экономикасының дамуының негізгі бағыттары, Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларды қолдау жөніндегі шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ елдің экономикалық саясатының басымдықтарымен таныстырды. Әсіресе, литвалық компаниялардың Қазақстан аумағындағы нақты инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Елші сондай-ақ 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында халықаралық ынтымақтастық үшін маңызды әлеуеті бар бірқатар басым бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, экономикаға цифрлық технологияларды енгізу, инновацияларды дамыту және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық мемлекетке көшу мәселелері айтылды.Кездесуде гуманитарлық және мәдени байланыстардың маңыздылығы атап өтіліп, Қазақстанның туризм әлеуетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны айтылды. Осыған байланысты литвалық тарапқа қазақ елі туралы литва тіліндегі ақпараттық анықтама ұсынылды.Сонымен қатар, қатысушыларға тікелей іскерлік байланыстарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратын Қазақстан-Литва іскерлік кеңесінің қызметі туралы ақпарат берілді. 2025 жылғы 1 қазанда Алматыда өткен литвалық бизнес делегациясының сапары, бизнес-форум мен B2B кездесулердің нәтижелері де атап өтілді.Кездесу қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жаңа бірлескен жобаларды іздестіру мақсатында одан әрі байланыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/1083552?lang=kk