Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Мерзімдер өткізіп алынған кезде салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру. 15.12.2025
2026 жылдан бастап салық есептілігін ұсыну процестерін оңтайландыруҚұрметті салық төлеушілер!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексі шеңберінде салық есептілігі мәселелеріне қатысты жаңа нормалардың енгізілгені туралы хабарлайды. Өзгерістер 2026 жылдан бастап күшіне енеді.Негізгі жаңалықтардың бірі – әкімшілендіру процестерін оңтайландыру. Егер салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаса, ақпараттық жүйе нөлдік көрсеткіштермен (есептелген салық сомасы нөлге тең) есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.Бұл тәсілдің артықшылықтары:Есептілікті ұсынбағаны үшін хабарлама жіберу алынып тасталады.Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарылмайды.ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту алынып тасталады, бұл бизнеске қатысты әкімшілік шараларды айтарлықтай төмендетеді.Маңызды шарт:Есептілікті автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің «Жеке кабинетіндегі» (САЖ АЖ) досьесінде ұсынылуға тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала айқындалған жағдайда ғана мүмкін болады. Егер досьеде нысандар көрсетілмесе, жүйе есептілікті қалыптастыра алмайды.Осыған байланысты, автоматтандырылған жүйенің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін салық төлеушілерге өз досьелеріндегі мәліметтерді алдын ала өзектендіруді ұсынамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1125881?lang=kk
Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің сапасын арттыру мақсатында сауалнама іске қосылды 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағдарланған тәсілді енгізу жұмысын жалғастыруда.«Еститін мемлекет» қағидаттарын іске асыру, азаматтар мен бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделін дамыту мақсатында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында сауалнама басталғанын хабарлаймыз.Аталған сауалнама салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларының қызметтің бүкіл өмірлік циклі бойынша тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі кезеңдердегі пікірін зерделеуге бағытталған. Ол мемлекеттік кірістер органдары үшін кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және бизнес пен азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы ескеруге, анықталған проблемаларды жедел жоюға, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді.Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылар, Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!Сауалнамадан төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы өтуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1125926?lang=kk
«Тәуелсіздік жолы: Қазақстанның уақытпен үндестігі 15.12.2025
Федоров аудандық орталық кітапханасы кітапханасының кітапханашылары Федоров ауданының тұрғындары үшін "Жастар" АМҮ фойесінде 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жолы: Қазақстанның уақытпен үндестігі» кітап көрмесі-панорамасына шолу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1125813?lang=kk
Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті 15.12.2025
Вена, 2025 жылғы 11 желтоқсан - Вена қаласының тарихи Минориттер шіркеуінде «Qazaq soncert» Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің және Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның әлемдік және қазақстандық классиктердің туындыларын аңызға айналған Антонио Страдивариде ойнаған жеке орындауы өтті.Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Аустрияның ең көрнекті шіркеулердің бірінде Петр Чайковскийдің, Камиль Сен-Санстың, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың туындылары орындалды, олар кеңістікті жанды эмоционалды күшпен және терең көркемдік көрініспен толтырды. Чайковскийдің, Сен-Санстың лирикалық және драмалық фрагменттері, сондай-ақ Алмас Серкебаевтың шығармалары солистің ерекше шеберлігін және Страдивари еркеше тазалығы мен мәнерлілігін үйлестіретін сирек кездесетін аспаптың бай тембрін ашты.Концерт Аустрияның дипломатиялық корпусы, БАҚ, іскерлік және мәдени ортасы өкілдерінің, сондай-ақ Венада тұратын қазақ диаспорасы мүшелерінің үлкен қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1125774?lang=kk
Павлодар облысы бойынша МКД-да мемлекеттік қызмет және этика мәселелері бойынша семинар өтті 15.12.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті басшысының қатысуымен семинар өтті.Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет имиджін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін арттыру болды.Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелері қаралды. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Бейсенов семинарды аша отырып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары заңдылық, кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарлану болып табылатынын атап өтті.Өз сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мадияр Әбілдин Әдеп кодексінің мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті, өйткені ол қызметтік мінез-құлық нормаларын, моральдық бағдарлар мен азаматтармен өзара іс-қимыл стандарттарын айқындайды. Ал әдеп нормаларын сақтау қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік қызметші адалдық, бейтараптық, азаматтарға құрмет көрсетуді, мүдделер қақтығысына жол бермеуі және заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауы тиіс.Іс-шара соңында Мадияр Әбілдин Департаменттің қызметкерлеріне "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелерін, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды. Павлодар облысы бойынша МКД адам ресурстары басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1125787?lang=kk
Қазақстан Елшілігі «Түркі тілдер отбасы күні» іс-шарасына қатысты 15.12.2025
Амман, 2025 жылғы 13 желтоқсан - Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығында бауырлас халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтудың жарқын үлгісі болған «Түркі тілдер отбасы күні» мәдени-ағарту іс-шарасы өтті.Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі қонақжайлылық пен ұлттық бірегейліктің символы болып табылатын дәстүрлі қазақ киіз үйін, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық тағамдарын ұсынды. Қонақтарға қазақ гастрономиялық дәстүрінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның аспаздық мәдениетінің элементтері көрсетілді. Бұл іс-шара қатысушыларына түркі әлемінің алуан дәмдері мен дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берді.Қонақтардың назарын Елшілік қызметкерлері ұйымдастырған қазақ халық аспабы - домбырада орындалған музыкалық қойылым, сондай-ақ қазақ мәдениетінің сұлулығы мен өзіндік ерекшелігін көрсететін қазақ ұлттық костюмдерінің көрсетілімі аударды. Бағдарламаның маңызды бөлігі - Иордания университетінің Шет тілдері факультетінің студенттері дайындаған түрлі түркі тілдеріндегі дыбыстарды салыстыра айту болды. Бұл түркі тілдері отбасының байлығы мен бірегейлігін айқын көрсетуге мүмкіндік берді.Іс-шараға Түркия мен Әзербайжан елшіліктерінің өкілдері, түрік бұқаралық ақпарат құралдары мен іскер топтардың өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1125752?lang=kk
МҚК МКД қызметінің сапасын арттыру мақсатында сауалнама іске қосады 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адамға бағдарланған тәсілді енгізу жұмысын жалғастыруда.«Еститін мемлекет» қағидаттарын іске асыру, азаматтар мен бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің сервистік моделін дамыту мақсатында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында сауалнама басталғанын хабарлаймыз.Аталған сауалнама салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушыларының қызметтің бүкіл өмірлік циклі бойынша тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейінгі кезеңдердегі пікірін зерделеуге бағытталған. Ол мемлекеттік кірістер органдары үшін кері байланыстың маңызды құралы болып табылады және бизнес пен азаматтардың қажеттіліктерін уақтылы ескеруге, анықталған проблемаларды жедел жоюға, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік береді.Құрметті салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылар, Сіздерді сауалнамаға белсенді қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!Сауалнамадан   QR-кодты сканерлеу арқылы өтуге болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1126288?lang=kk
"Тәуелсіздік дәуірі" кітап көрмесі 15.12.2025
"Тәуелсіздік дәуірі"атты кітап көрмесіБүгін «Тәуелсіздік дәуірі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке жету жолы туралы мағлұмат берілді. Балалар ел тарихындағы маңызды оқиғалармен және тұлғалармен танысты. Кітаптар арқылы олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі артты. Іс-шара оқушылардың білімін кеңейтіп, ұлттық рухын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-shaken/press/news/details/1125655?lang=kk
Бизнеске арналған салық жаңашылдықтары мен перспективалар 15.12.2025
Зеренді ауданында барлық деңгейдегі әкімдер форумы өтті. Оған 200-ден астам аудан, қала, ауылдық округтің әкімдері қатысты.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Маңызды өзгерістердің қатарында:ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арналған салық жеңілдіктерін сақтау мен кеңейту, оның ішінде төмендетілген мөлшерлемелер мен қосымша шегерімдер;арнайы салық режімдерінің қарапайым әрі түсінікті жүйесіне көшу – енді олардың саны - 3, есептілігі минималды;бірыңғай жер салығының күшін жою, бұл жер пайдаланудың ерекшелігін неғұрлым икемді етіп, фермерлердің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді;қашықтан қызмет көрсетуді енгізу – мобильді қосымшалар мен онлайн-платформалар арқылы декларация тапсыруға, есептіліктің мәртебесін қадағалауға және салықтарды мемлекеттік кірістер органдарына бармай-ақ төлеу қызметін жолға қою;ҚҚС-тың қосымша есебін сақтау тетігі, оның үлесін 80% дейін арттыру – техника мен ресурстарды сатып алатын агроөндірістер үшін аса маңызды;көлікке қатысты жаңа жеңілдік – фермерлік шаруашылықтарға арналған АСР аясында бір пикапқа (жеңіл жүк көлігі) байланысты салықтан босату.       Өз кезегінде семинарға қатысқан азаматтар жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану, жаңа мөлшерлемелер бойынша салықты есептеу, цифрлы сервистерді пайдалану тәртібі және бұрын тапсырылған декларацияларды түзету мәселелеріне қатысты сұрақтарды қойды.       Жаңа Салық кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ салық жеңілдіктері жүйесі арқылы экономиканың басымдыққа ие салаларын ынталандыру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1125671?lang=kk
Бизнесті қолдау: 200 млн теңгеге дейінгі несиені субсидиялау 15.12.2025
«Даму» Қоры ЦентрКредит Банк, Halyk Bank және ТехноЛизинг, Эксперт лизинг, Merz Leasing Machinery секілді компаниялармен портфельдік субсидия жөнінде келісімге қол қойды.Бағдарлама экономиканың басымдық берілген салаларында жұмыс істейтін микро және шағын бизнесті қаржыландыруды көздейді. Ол: өңдеу өнеркәсібі, ауыл және балық шаруашылығы, көлік, қойма, туризм және қонақ үй қызметі, білім беру, денсаулық сақтау және баспа қызметі.Инвестиция және айналым қаражатын толықтыруға алынған қарыздар субсидияланады.Негізгі шарттар:✔️ қарыздың максимал сомасы - 200 млн теңгеге дейін;✔️ сыйақы мөлшерлемесі - ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне +4%. Номинал мөлшерлеменің 40%-ын мемлекет субсидиялайды (кәсіпкер үшін түпкілікті мөлшерлеме - кемінде 12,3%);✔️ субсидия мерзімі - 3 жылға дейін.Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерлер осы серіктестерге тікелей жүгінуі керек.Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1125615?lang=kk
Ұландық ұшқыштардың дайындық деңгейі пысықталды 15.12.2025
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 3656 әскери бөлімінде ұшқыштар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру бойынша кезекті кезең аяқталды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес еліміздің бірнеше өңірінде оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды.Жаттығулар Астана, Көкшетау, Атырау, Қостанай және Ақтөбе қалаларының әуежайларында өтті. Мұндай географиялық ауқым түрлі метеожағдайларда және әртүрлі типтегі аэродромдарда тапсырмаларды орындауға толық мүмкіндік берді. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерінің авиациялық бөлімшелерін кешенді даярлаудың маңызды бөлігі саналады.Жиын барысында ұландықтар маршруттар бойынша ұшуды пысықтады, экипаждар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдірді, күрделі жағдайларда әуе кемелерін басқару және штаттан тыс жағдайлар туындаған кездегі әрекеттерді орындады. Ұшу қауіпсіздігін сақтау талаптарына және әрбір әскери қызметшінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ерекше мән берілді.Өткізілген іс-шаралар ұшқыштардың дайындық деңгейін бағалауға, олардың күшті тұстарын анықтауға және әрі қарай жетілдіру бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Жиын қорытындысы бойынша оқу тапсырмалары сапалы орындалып, жеке құрамның жоғары жауапкершілігі атап өтілді.Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы авиациялық құрамды дамыту қызметтің басты бағыттарының бірі екенін, ал жүйелі ұшу дайындығы құқықтық тәртіп пен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін табысты орындаудың кепілі болып қала беретінін атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1125621?lang=kk
Ұлттық ұлан оркестрінде қос мерейтой 15.12.2025
Биыл ҚР ІІМ Ұлттық ұланы оркестрлері үшін ерекше жыл. Себебі бір мезетте екі маңызды белес тоғысып отыр: Ұлттық ұланның Әскери-оркестр орталығына – 10 жыл, ал 5573 әскери бөліміндегі оркестрдің құрылғанына – 60 жыл толды.Тәуелсіздік жылдары әскери-оркестр қызметі жаңа деңгейге көтерілген. 2015 жылы құрылған Ұлттық ұланның Әскери-оркестр орталығы осы саланың дамуына серпін берді. Бүгінде Ұлттық ұлан сапында өнер мен әскери тәртіпті үйлестірген 17 әскери оркестр құрылған. Бұл ұжымдарда 320-дан астам келісімшарт негізінде қызмет ететін кәсіби музыканттар мен офицерлер ел игілігі жолында еңбек етуде. Ал рухани әрі салтанатты орталықтың тізгінін қазіргі уақытта майор Олжас Құдайқұлов ұстап келеді.Осы үлкен құрылымның ішінде тарихы терең, жолы даңғыл ұжымдардың бірі – 5573 әскери бөліміндегі оркестр. Тарихы терең оркестр жарты ғасырдан астам уақытты артта қалдырды. 60 жыл бойы ұжым саптық алаңдарда да, үлкен сахналарда да Ұлттық ұланның айбынын әуенмен асқақтатып келеді.«Бұл оркестрдің орындауындағы әр маршта – өткеннің ізі, әр салтанатты әуенде – бүгінгі сарбаздың рухы, ал әр концертте – болашаққа деген сенім бар. Бірнеше буын музыканттарының еңбегі тоғысқан оркестр әлі күнге кәсіби биігінен түскен емес», – деді майор Олжас Құдайқұлов.Айта кетейік, Ұлттық ұлан оркестрлері жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шараны музыкамен әрлейді. Сондай-ақ құқықтық тәртіп әскерінің оркестрлері «Амур толқындары», «Қазан фанфары», «Астана самалы», «Бейбітшілік трубасы», «Виват, Санкт-Петербург!» сынды беделді халықаралық фестивальдерде өнер көрсетіп, Қазақстанның мәдени әрі әскери беделін асқақтатты. Ал елімізде жыл сайын Ұлттық ұлан оркестрінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Әскери керней» фестивалі өтіп тұрады.Осылайша Ұлттық ұлан жауынгерлік қызметпен қатар өнерді де қатар ұстап келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1125626?lang=kk
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттары 15.12.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жылжыту кезінде рұқсат құжаттарын алдын ала алудың қажеттілігі туралы еске салады.Қазақстан Республикасындағы өзіндік ерекшелігі бар тауарларға бақылау Қазақстан Республикасының «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығымен бекітілген «Спецификалық тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» (бұдан әрі – Бақылау тізімі) бұйрықпен белгіленген.Осы ретте, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жылжуына бақылау жасау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген (Заңның 9-бабының 2-тармағы).Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес, экспорт, реэкспорт, импорт, транзит жүзеге асыруға немесе тауарларға (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларға) қатысты экстерриториялық брокерлік қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниетті Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары тауарларды Бақылау тізіміне сәйкес сәйкестендіруге міндетті.Заңның 11, 12 және 13-баптарында өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, импорты және транзиті лицензиялар мен рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатыны айқындалған.Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиялаушы орган болып Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ӨҚМ) табылады.Осыған байланысты, сәйкестендіру жөніндегі қорытындыны және (немесе) лицензияны, рұқсатты алу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды қоса бере отырып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы «Электрондық үкімет» порталы – www.elicense.kz, www.egov.kz арқылы ҚР ӨҚМ-ге жүгіну қажеттігін Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1128103?lang=kk
ТМД елдерінің Мемлекеттік аудит стандарттары жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысы өтті 15.12.2025
Жоғары аудиторлық палата бейнеконференцбайланыс форматында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдарына (ЖАО) арналған Мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының ХХVI отырысын өткізді. Отырысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.Отырыс барысында экологиялық аудит жүргізудің әдіснамалық тәсілдеріне (Қазақстан Республикасының ЖАО) және сәйкестік аудитінде аудиторлық іріктемені қалыптастыруға (Ресей Федерациясының ЖАО) арналған құжаттар қаралды.Отырыс барысында Жұмыс тобының 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары мақұлданды. Жоспарда екі әдіснамалық ұсынымды қарастыру көзделген:– бірлескен және (немесе) қатарлас бақылау және (немесе) сараптамалық-талдамалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) органдары әзірлеген ұсынымдардың орындалуын мониторингтеу тәртібі бойынша;– аудиторлық басымдықтарды айқындау бойынша.Сонымен қатар ЖАО-лар қолданатын тәжірибелер мен тәсілдерге арналған қысқаша шолуларды келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда: мемлекеттік аудиторлардың уәждемесін қалыптастыру және арттыру; сыртқы мемлекеттік аудит мақсатында әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізу; мемлекеттік аудит үдерістерін цифрлық трансформациялау; ЖАО-дағы сапаны басқару; сондай-ақ мемлекеттік аудит әдіснамасын қолданудың қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткен тәжірибелері.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1125570?lang=kk
«Туған жер – алтын бесігім» 15.12.2025
«Туған жер – алтын бесігім» акциясын іске асыру аясында Өскемен қаласында «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында Алтай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға жергілікті тауар өндірушілер қатысып, қолжетімді бағамен ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды. Жәрмеңке отандық өндірушілерді қолдауға, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1125536?lang=kk
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы тағайындалды 15.12.2025
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметіне Еркебаев Тимур Асқарұлы тағайындалды. Тимур Асқарұлы 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2010 жылы Төтенше Жағдай Министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде аға инженер болып бастаған. Әр жылдары Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі бас маман қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1125455?lang=kk
Президент Жолдауын іске асыру: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 1700 жобасына қолдау көрсетілді 15.12.2025
Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Үкімет ЕҚДБ-мен бірлесіп компаниялардың терең диагностикасын жүргізуде, олардың инвестициялық әлеуетін бағалай отырып, жеке-жеке өсу жоспарларын әзірлеуде. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорынмен жұмыс басталды, ал 2030 жылға дейін бағдарламаға қатысушылардың саны кемінде 70-ке жетпек, бұл – өсуге дайын компаниялардың мықты тобын қалыптастырмақ.Елде бизнесті реттеу қайта іске қосылуда. «Таза парақтан» реттеу қағидаты бойынша талаптар қайта қаралады, ескірген нормалар алынып тасталады және мемлекеттік бақылау жүйесі жаңартылады. Нәтижесінде Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайлар айтарлықтай жеңілдетіледі.Осы жылы «Өрлеу» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. 482 млрд теңге сомасына 1 700-ден астам жоба қаржыландырылды, бұл осы құралдың жоғары сұранысы мен тиімділігін көрсетеді. «Даму» Қорының базасында кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтетін екі кепілдік қоры құрылды:Кепілдік қоры - 1 кепілдіктерді портфельдік әдіспен береді, несиелеу қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеге дейінгі жобалар бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қор 417,7 млрд теңгеге 2 384 жобаны қолдап, 229,9 млрд теңгеге кепілдік берді;Кепілдік қоры - 2 ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. КҚ-2 бойынша құны 7,1 млрд теңге болатын алғашқы ірі жобаны жүзеге асырып, 2,8 млрд теңгеге кепілдік берді. Тағы бір жоба қол қою кезеңінде дайын тұр.Болашақта салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, неғұрлым атаулы және нақты бағытты қолдауға көшу жоспарлануда, бұл бизнестің әртүрлі сегменттерінің әлеуетін тиімді ашуға мүмкіндік береді.Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау үздіксіз дамып және идеяның пайда болуынан кеңейтуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды. «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да шаралар өндіріс көлемінің өсуі үшін берік негіз қалыптастырады. Өз кезегінде бизнестің белсенділігі Қазақстанның кәсіпкерлік ортасы анағұрлым жетілген, тұрақты және серпінді болып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125468?lang=kk
Әкімдік отырысы өтті 15.12.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Бірінші мәселе – аудандық қоғамдық даму бөлімінің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы бөлім басшысы Б.Смайлов хабарлама жасады. Баяндама барысында аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты екендігі айтылды. Биыл аудан бойынша қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 71 іс-шара енгізіліп, өткізілген. Ауданда барлығы 157 дана көрнекі үгіт-насихат құралдары орналастырылып, Президент Жолдауындағы басымдықтар, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттарын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын, мемлекеттік қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірулерді, еңбек адамдарын насихаттауға бағытталған. Бөлім басшысы Мемлекеттік Рәміздердің талапқа сай болуы, ҮЕҰ-дардың жұмыс туралы да баяндады.Аудан басшысы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына, әлеуметтік-саяси шиеленістердің алдын алу бағытында нақты іс-шараларды жүргізудің маңыздылығын жеткізді. БАҚ және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстарды күшейту бойынша кент және ауылдық әкімдеріне, дербес бөлім басшыларына тапсырма берді.Күн тәртібіндегі екінші мәселе – аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм саласында атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысы М.Ерташов баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 16 675 спортшы, яғни халықтың 44,04 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысуда. Ауданда спортты жаппай дамыту мақсатында 488 спорттық секция жұмыс істейді. Аудан әкімі спорттық инфрақұрылымды дамытуды, тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдайды жасауды, спорт нысандарының тазалығына қарауды тапсырды. Әкімдік отырысында С.Сейфуллин ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ауылдық округ әкімі Б.Қыдырбаев хабарлама жасаса, күн тәртібінен тыс көлік-транзит саласын дамыту мен цифрландыру, МӘМС, санитарлық тазалыққа байланысты ескертулер, әскерге азаматтарды жөнелту мәселелері қаралды.Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне атқарылар жұмыстардың сапасы мен мерзімін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен бірге ақпараттық жұмысты күшейту, әлеуметтік салалардағы өзекті мәселелерді жедел шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1125476?lang=kk
Қызмет көрсетушілер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен жеңілдігін арттыру 15.12.2025
          Мемлекеттік кірістер комитеті қызмет көрсетушілер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған үшінші тұлғалардың бірыңғай дерекқорын енгізеді.          2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағында және Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен белгіленген талаптар күшіне енеді, олар үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер нысанын және оларды ұсыну қағидаларын бекітті.          Жаңа тәртіп шеңберінде салық төлеушінің кабинеті арқылы мәліметтерді электрондық нысанда ұсыну мүмкіндігі іске асырылды, бұл нысанның беру процесін едәуір жеңілдетеді және жеделдетеді.          Мәліметтер тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей беріледі. Мәселен, 2026 жылғы 1 тоқсандағы мәліметтерді 2026 жылғы 10 сәуірге дейін ұсыну қажет.          Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдарға жаңа талаптармен алдын ала танысуға және қажет болған жағдайда қолжетімді консультациялық сервистерді пайдалануға кеңес береді. Бұл белгіленген нысан бойынша мәліметтерді уақтылы және қиындықсыз ұсынуға мүмкіндік береді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125427?lang=kk
Президенттің ШОБ-ты қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді 15.12.2025
Президенттің шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру – Үкіметтің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары елімізде ШОБ субъектілерінің ел экономикасына қосқан үлесі тұрақты түрде артып келеді. Primeminister.kz редакциясы еліміздің 2025 жылғы дамуы туралы жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті экономикалық өсудің қозғаушы күші болуы тиіс екенін айқындап берді. Ұлттық статистика бюросының деректері бүгінде әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейтінін, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы жалпы қосылған құнының үлесі қазірдің өзінде 40%-ға (39,8%) жақындағанын растайды. 2025 жылғы ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта бизнестің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9%-ды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Бұл – орта бизнес секторының нығайып, құндылық құруға қосқан үлесін арттыру деген сөз. 2022-2024 жылдар аралығында бойы орта бизнестің ЖҚҚ 6,7%–6,9% деңгейінде тұрақты болып қалады, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан астам деңгейде сақталады, бұл орта буынның жетілгендігі мен тұрақтылығын көрсетеді.Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектісінің 99,9%-ы – микро және шағын компаниялар. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырады және 4,4 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 3,9%-ға артық. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орны пайда болды деген сөз. ШОБ еліміздегі барлық экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын құрайды – 45,5%, бұл саланың азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еңбек нарығының тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын көрсетеді.Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау шараларын дәйекті түрде кеңейтуде. Кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, технологияларды жетілдіруге, экспортты кеңейтуге және қаржыландыру көздерін тартуға мүмкіндік беретін 117 құралдан тұратын тізілім құрылды. Вaqylauda.qoldau.kz қызметі қолдау шараларына қол жеткізудің әмбебап нүктесіне айналды, оны қазірдің өзінде 222 мыңға жуық адам пайдаланған, бұл – аталған құралдардың қажеттілігі мен қолжетімділігінің дәлелі.Елімізде 2024 жылдан бері бизнес жасауға тең жағдай туғызу, компанияларды ірілендіруге ынталандыру және орта бизнестің рөлін күшейту бағытында кешенді саясат жүзеге асырылуда. Мақсат – кәсіпкерлер үшін болжамды және әділ орта құру.Бұған қосымша бизнеске қойылатын барлық талаптарды цифрландырып, бір ретке келтірген Міндетті талаптар тізілімі пайда болды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, кәсіпкерлерге міндетті нормаларды орындауды жеңілдетіп отыр. Нәтижесінде Қазақстанда ШОБ-ты қолдау бизнес-қоғамдастық үшін жүйелі әрі түсінікті бола түсті.Соның ішінде:біліктілік талаптары қайта қаралуда және рұқсат беру процедуралары оңтайландырылуда, бұл бизнесті бастау мен жүргізуге кедергілерді азайтады;ірі кәсіпорындар ШОБ-пен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға міндетелді, бұл шағын және орта бизнес үшін кепілді өткізу нарықтарын ашады және өсуге жаңа мүмкіндіктер туғызады;жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқарды. Бұл тәсіл ұсақталу схемаларын шектейді және компанияларды дамуға және кең ауқымда қанат жая түсуге ынталандырады.Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі ЕҚДБ-мен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кең ауқымда қанат жаю процесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және экономикадағы жоғары өнім шығаратын компаниялардың үлесін арттыра түсуге батыл қадам жасалып жатқанын білдіреді.Осылайша, орта бизнес біртіндеп өңірлердің ғана емес тұтастай еліміздің де тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің біріне айналуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1125443?lang=kk