Жаңалықтар
Бейрезиденттің еңбекші көшіп келушінің табысына салық салу 15.12.2025
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады: 1) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан; 2) бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы. Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы: еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері: алу дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы алу дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.Жеке табыс салығының сомасын есептеуді еңбекші көшіп келушілер дербес жүргізеді:1) салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыстағы АЕК-тің 4 еселенген мөлшерінде, жұмыстарды орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін;2) табыс және мүлік туралы декларацияда салық кодексінің 363 – бабының 1) тармақшасында белгіленген ставканы қолдану арқылы осы кезеңдегі ең төменгі салық салынатын кіріс сомасынан асып кету түріндегі табыс сомасынан. Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық салынатын ең төменгі табыс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің тұрған жері бойынша – еңбекші көшіп келушіге рұқсат алынғанға (ұзартылғанға) дейін жүргізіледі. Бейрезидент – еңбекші көшіп келушінің салық кезеңі үшін асып кету түріндегі табысының салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент – еңбекші көшіп келуші кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – болу орны бойынша жүргізеді. Ең төменгі салық салынатын табыс сомасынан есептелген төленген жеке табыс салығының сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайтынын және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайтынын атап өту маңызды.Жеке табыс салығының сомасы ең төмен салық салынатын табыстан төленген жеке табыс салығының сомасынан асып кеткен жағдайда, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбек иммигранты табыс етеді.Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны бейрезидент – еңбекші көшіп келуші есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей болатын жері бойынша салық органына табыс етеді.Бұл ретте бейрезидент еңбекші көшіп келуші салық кезеңі ішінде ҚР шегінен тыс жерге кеткен жағдайда декларация осындай адамның ҚР шегінен тыс жерге кеткен күніне дейін табыс етіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125444?lang=kk
Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы 15.12.2025
Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексін іске асыру, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жаңғырту шеңберінде салық әкімшілендіру жүйесінің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру мақсатында электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдары қолданатын шешімдердің стандартты нысандарын әзірледі. Аталған нысандар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 573 бұйрығымен «Электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырып бақылау мәселелері жөніндегі мемлекеттік кірістер органы шешімдерінің нысандарын бекіту туралы» бекітілді. Құжат 2025 жылғы 8 қазанда Әділет министрлігінде № 37084 тіркеліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Біріздендірілген шешім нысандарын енгізу қосарлы түсіндіру тәуекелдерін төмендетуге және салық төлеушілер мен салық органдары арасындағы коммуникацияны жеңілдетуге ықпал етеді. Бизнес үшін негізгі тиімділіктер:Болжамдылық — бірыңғай шешім нысаны түсінбеушіліктерді жояды және коммуникацияны жеңілдетеді.Ашықтық — кәсіпкерлер салыстырып бақылау бойынша шешімдердің негіздері мен мазмұнын нақты түсінеді.Процестерді жеделдету — стандарттау бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жылдамдатады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1125407?lang=kk
Алматы облысында сотталғандар үшін жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылуда 15.12.2025
«Ендігі мақсат 100% нәтижеге қол жеткізу». 2025 жылдың 12 желтоқсанында Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Болатұлы Есболатов, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті басшысының орынбасары, әділет полковнигі Тоқтамысов Нұржан Жалғасұлы, облыстың прокуратура өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.Жиынның басты мақсаты – түзету мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту деңгейін арттыру, олардың әлеуметтік маңызды қызметке тартылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беру болды.Сонымен қатар, шара барысында мекемелер аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылып, жазасын өтеушілерді кәсіби оқыту, жұмыспен қамту және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мәселелері көтерілді.Кәсіпкер Мұрат Құсайынов жазасын өтеушілерді оқыту және жұмыспен қамту жобасы аясында қазіргі уақытта 40 адамға мүмкіндік жасағанын жеткізді: «Біз оларға шұжық өндірісінде жұмыс беріп отырмыз. Сол уақытта олар оқу арқылы да тәжірибе жинайды. Оқыған соң, біздің басқа зауыттарымызға жұмысқа кіріп, кәсіби дағдыларын ары қарай жетілдіреді. Қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтып отырмыз, ал тағы 20 адамды оқытамыз. Барлығы 40 адам. Сұраныс көбейген сайын жұмысқа тартылатын адамдар санын арттырамыз», - деді кәсіпкер.Айта кетейік, жазасын өтеушілерді оқыту нәтижелері бойынша, кәсіпкерлер палатасының бастамасымен №12, №14, №57 және №10 мекемелерінде кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Оның ішінде:• «Azamatsha.KZ» ҚҚ - 384 адам• Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық - 100 адам• Шаштараз ісі - 15 адам• Визаж – 20 адам• Сыртқы жарнама орнатушы - 55 адам• Жиһаз жинау шебері - 194 адам• «Зияткер» ЖШС - №10 мекемеде «Бизнес негіздері» бағыты бойынша 48 адам оқу курсынан өтті.Бұл курстар сотталғандардың мамандық алуына және бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов сотталғандарды жұмыспен қамту - әлеуметтік маңызы зор бағыт екенін атап өтті.«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы бір жарым ай ішінде төрт түзеу мекемесінде 351 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен жазасын өтеуші әйелдерге арналған 100 жұмыс орнының ашылу салтанаты өтті. Жалпы, атқарылған жұмыстардың 70 % орындалды. Ендігі мақсат - барлық түзеу мекемелерінде сотталғандарды жұмыспен қамтуды 100 % жеткізу. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады», - деді ол.Тапсырманы орындау мақсатында кәсіпкерлермен ашық форматтағы диалог нәтижесінде түзету мекемелерінде бизнес жүргізу мүмкіндіктері қарастырылып, кәсіпкерлердің туындаған мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Әкімдік пен құзырлы органдар өкілдері қажетті қолдау тетіктерін түсіндіріп, көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125362?lang=kk
Мейірім мен тең мүмкіндіктерге негізделген «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті 15.12.2025
Фестиваль Алматы қаласының әкімдігі және «Ерекше балалардың ата-аналары одағы», «Qazaq Community Development» қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырды.Шараның бас демеушісі «Project Stroy and Controls» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсетті. Сонымен қатар, игі бастамаға Ерсай Дәулетқызы мен Елдос Накипов демеушілік жасап, ерекше балаларға арналған мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.Сонымен қатар, жиында елімізге танымал блогерлер Алия Байтугаева (@super.mamasita), Серікжан Тлеулесов (@superpapa_serik), Марат Жапаров (@marat_djaparov) және Ерсай Дәулетқызы (@yersay_hanym) қатысып ерекше қолдау көрсетті.Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов фестивальдің маңыздылығына тоқталды.«Бүгін барлығымызды ортақ қуанышқа бөлеп отырған «Жүректен жүрекке» инклюзивті шығармашылық фестивалі – мейірім мен бірлікке, өзара қолдауға және мүмкіндіктер теңдігіне арналған ерекше мереке. Осы игі бастаманы жүзеге асыруға үлес қосқан Алматы қаласының әкімдігіне, Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” (@srodkz) және төрайымы Рауана Сагадиеваға (@rauana_psycholog), «Qazaq Community Development» қоғамдық қорына, барлық еріктілер мен серіктестерге шынайы алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, шараға ерекше үлес қосқан бас демеуші - «Project Stroy and Controls» ЖШС-не, Накипов Елдос Қазыбекұлына және Ерсай Дәулетқызына зор алғыс айтамын. Осындай игі бастамалар арқылы біз түсіністікке, мейірімге және тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құрып келеміз. Алдағы уақытта бұл шараны республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Қанат Есболатов.Сондай-ақ, Қанат Болатұлы ерекше балаларға гүл шоқтарын табыстап, фестивальге қатысушыларға қолдау көрсетті. Шара аясында өнер көрсеткен әрбір балаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар, сондай-ақ «TAMGA HOLDING» компаниясы атынан естелік сыйлықтар табысталды.Өз кезегінде Республикалық Қоғамдық Бірлестік “Ерекше балалары ата-аналар одағы” төрайымы Сағадиева Рауана Бақтыбекқызы фестивальдің маңыздылығына тоқталды:«Бұл іс-шараны ерекше отбасыларға, соның ішінде ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында төртінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Фестиваль 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды. Біз осы арқылы қоғамда ешқандай алалау мен теңсіздік жоқ екенін көрсеткіміз келеді. Біздің балалар өздерінің ерекшеліктеріне қарамастан олимпиадаларға, шығармашылық шараларға белсенді қатысып, өнерлерін паш етіп жүр. Бүгін соның айқын дәлеліне куә болып отырмыз. Әрбір қолдау мен қошемет олар үшін өте маңызды», – деді ол.Фестиваль қонақтарының бірі, блогер Серікжан Тлеулесов іс-шарадан алған әсерімен бөлісті:«Осындай маңызды әрі жүрекке жылу сыйлайтын шараға шақырғандарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Фестивальге ұлыммен бірге келдім, ол да бұл жердегі ерекше атмосфераны, балалардың өнерін көріп қатты қуанды. Әрбір баланың сахнаға шығуы – үлкен ерлік. Балалардың көзіндегі қуаныш пен сенімді көріп, ерекше әсер алдым. Барша ерекше балаларға мықты денсаулық, жарқын болашақ тілеймін. Осындай шаралар көп болса екен», – деді ол.Сахнаға шыққан әрбір бала көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Олар батылдықтың, талпыныстың және өнерге деген шынайы құштарлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Әр баланың жүрегінде үлкен арман, ерекше талант пен шексіз қуат бар екені айқын сезілді. Ұйымдастырушылар мен қонақтар балалардың өнеріне сүйсініп қана қоймай, олардың жарқын болашағына зор сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1125348?lang=kk
Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту және білім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды 15.12.2025
Жас отандастарымыз тұрғын үй жағдайын жақсарту жәнебілім алу ақысын төлеуге 28,25 млн АҚШ долларын пайдаланды 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша уәкілетті оператор жалпы сомасы 28,25 млн АҚШ долларына 188 242 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 17,60 млн АҚШ долларына 116 579 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 10,65 млн АҚШ долларына 71 663 өтініш орындалды.Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 17,23 млн АҚШ долларына 113 944 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 126,70 мың АҚШ долларына 899 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 86,29 мың АҚШ долларына 643 өтініш орындалды. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (9,81 млн АҚШ долларына 64 877 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (580,04 мың АҚШ долларына 4 776 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (214,72 мың АҚШ долларына 1 633 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға биыл 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағындағы қаражат 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады. 2025 есепті жылдағы нысаналы талаптар, сондай-ақ инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады.2008 жылы туылған және 2026 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтары да олардың нысаналы жинақтау шоттарына 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей есептелетін болады. "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша есептер enpf.kz сайтына тұрақты түрде жарияланып отырады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1140221?lang=kk
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні! 15.12.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!16 желтоқсан – біздің еліміздің әрбір азаматы үшін аса қастерлі мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ең асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі етіп, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, береке-бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Отанымыздың тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты, Тәуелсіздігіміз тұғыры биік болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/1125290?lang=kk
Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті 15.12.2025
Гонконг, 2025 жылдың 12 желтоқсаны – Гонконгта Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы қазақстандық экспортты Гонконг нарығына ілгерілету үшін ұйымдастырды.Іс-шараға Гонконгтың ресми өкілдері, кәсіпкерлер және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Б. Досманбетов өз алғысөзінде Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.Бағдарламаның негізгі бөлігінде гонконгтық тарапқа қазақстандық нарықтың мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынылды. Қатысушылар қазақстандық өнімдердің, әсіресе азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика сектордағы жоғары әлеуетін атап өтті.Бұдан бөлек, Ли Кин-кей мырза (Гонконгтың Кеден және акциздер департаменті комиссарының орынбасары) өз ұстанымын білдіріп, аймақтар арасындағы сауда және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында табысты экспорт үшін сапа стандарттары, өнімнің қауіпсіздігі және логистикалық инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі аспектілер айқындалдыҚорытындысында Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар қазақстандық экспорттаушыларды қолдау және олардың өнімдерін Гонконг нарығында ілгерілету үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы келісті және екі аймақ арасындағы сауда қатынастарын жақсартуға маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1125298?lang=kk
Иранның Сыртқы істер министрлігінің Киш аралындағы өкілдігінің басшысымен кездесу 15.12.2025
2025 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстанның Бәндәр Аббастағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Сыртқы істер министрлігінің Киш аралындағы өкілдігінің басшысы Е.Текиесадатпен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы туризм, мәдени, оқу-білім, сауда және тағы да басқа салалар бойынша екіжақты қатынастарды нығайту жолдары талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bandarabbas/press/news/details/1125260?lang=kk
Скопьеде инвестициялар мен экспорт саласындағы ынтымақтастық талқыланды 15.12.2025
Скопье, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Шетелдік инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету агенттігінің директоры Рефик Джемайлимен кездесті.Македон тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстандағы реформалардың үдемелі барысымен, Қазақстан-Македония дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына орай саяси диалогтың жаңа деңгейге шығарылуымен танысты.Атап айтқанда, Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанаға жұмыс сапарлары барысында маңызды уағдаластықтар атап өтілді. Ең алдымен, бұл іскерлік кеңес құру, бизнес-форум өткізу, екіжақты сауданы ұлғайту.Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі елшіліктің тұсаукесерімен қызығушылықпен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1125265?lang=kk
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының басшылығымен кездесті 15.12.2025
Рияд, 2025 жылғы 14 желтоқсан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Мемлекеттік инвестициялық қорының Аға директоры Мулхам Әл-Бакримен келіссөздер жүргізді.Сұхбат барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осы тұрғыда, М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, елдің басым экономикалық салалардағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.Өз кезегінде, Қор басшылығы ҚР-дың жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.«Sovereign Wealth Fund Institute» бағалауына сәйкес, 1971 жылы құрылған Мемлекеттік инвестициялық қордың жалпы активтері шамамен 1 трлн. долл. құрайды және Қор әлемдегі егеменді қорлар арасында активтер көлемі бойынша 6-шы орынға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1125273?lang=kk
Тәуелсіздік күні қарсаңында 15.12.2025
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында ауданымыздағы Желтоқсан оқиғасының ардагерлерін арнайы шақырып, құрмет көрсетіп, жүректен шыққан жылы лебізімізді жеткіздік. Кездесу достық пен ықыласқа толы рухани атмосферада өтті. Ардагерлер сол бір тарихи кезеңнің естеліктерімен бөлісіп, ел тәуелсіздігі жолында төгілген тер мен қайсарлықтың мәнін тағы бір мәрте терең сезіндірді. Сондай-ақ ауданымызда жүзеге асырылып жатқан игі бастамалар мен алдағы жоспарлар жөнінде де пікір алмасып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Бұл кездесу бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағылымды шара болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1125277?lang=kk
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Катонқарағай денешынықтыру-сауықтыру кешенінде күш құрылымдары қызметкерлері арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. 15.12.2025
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Катонқарағай денешынықтыру-сауықтыру кешенінде күш құрылымдары қызметкерлері арасында спорттық эстафеталық сайыс өтті. Додада төтенше жағдайлар бөлімінің «Қыран» тобы, аудандық полиция бөлімінің «Сұңқар» тобы және Шекара қызметінің тобы өзара бақ сынады.Жарыс нәтижесінде «Қыран» тобы – І орын, «Сұңқар» тобы – ІІ орын, ал Шекарашылар тобы – ІІІ орынды иеленді. Шараның арнайы қонақтары, Желтоқсан оқиғасының ардагерлері, жеңімпаз командаларға кубоктарды салтанатты түрде табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1125278?lang=kk
Босния және Герцеговина Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті 15.12.2025
Сараево, 2025 жылғы 11-12 желтоқсан – Сараево қаласына сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина басшылығымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды.Босния және Герцеговина Премьер-министрі Нермин Никшичпен өткен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, энергетика саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара тиімді әріптестікке ерекше назар аударылды.Сондай-ақ өзара сауданы арттыру және транзиттік-көліктік әлеуетті пайдалану мүмкіндіктері, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі аясындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.Келіссөздер барысында Елші Босния және Герцеговина Үкіметінің Басшысын 2026 жылғы сәуір айында Астана қаласында өтетін Халықаралық тау-кен және геология форумына қатысуға шақырды.Босния және Герцеговина Парламентінің Төрағасы Кемал Адемовичпен өткен кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.Тараптар парламенттік бағыттағы диалогты кеңейтуге мүдделілік танытты. Осыған байланысты Босния және Герцеговина Парламенттік Ассамблеясының Спикері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикерін Сараево қаласына ресми сапармен келуге шақырды.Босния және Герцеговина сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмедин Конаковичпен кездесуде екі ел арасындағы саяси өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективалары қаралды. Тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және 2026 жылы саяси консультациялардың кезекті раундын өткізуге дайын екендіктерін растады.Сонымен қатар Босния және Герцеговина Сыртқы істер министрінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласына ықтимал сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру мәселелері Босния және Герцеговина Сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Ахмет Эгрличпен өткен кездесуде жан-жақты талқыланды.Қазақстан мен Босния және Герцеговина кәсіпкерлік құрылымдарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.Сондай-ақ Сараево қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Босния және Герцеговинаның іскер топтарының, Қазақстан достары тобының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел аясында Елші қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси жағдай, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар, Астананың сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етіп, Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктеріне арналған презентация өткізді, сондай-ақ Босния және Герцеговинадағы «Euronews» агенттігіне кеңейтілген сұхбат берді. ҚР Хорватиядағы Елшілігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/1125284?lang=kk
Қазақстан делегациясы Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясына қатысты 14.12.2025
Найроби, 2025 жылғы 12 желтоқсан – Қазақстан делегациясы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың басшылығымен Найробиде 2025 жылғы 8-12 желтоқсан аралығында өткен «Өміршең планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету» тақырыбындағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының (ЮНЕА-7) 7-ші сессиясына қатысты.Вице-министр М.Ошурбаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеін талқылау мақсатында Кения Республикасының Қоршаған орта, климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы министрі Д. Бараса, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - ЮНЕП-тің Атқарушы директоры И.Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-Хабитаттың Атқарушы директоры А.Россбах ханымдармен кездесті.Ассамблеяда ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР-дың БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстанның экологиялық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейдегі халықаралық бастамалары мен практикалық іс-әрекеттері туралы хабардар етіп, еліміздің көпжақты ынтымақтастыққа беріктігін атап, халықаралық қоғамдастықты планетарлық экологиялық мәселелерді шешу үшін күш біріктіруге шақырды.ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі З.Сүлейменова су мәселесі, маңызды минералдар, шөлейттену тақырыптар бойынша жоғары деңгейдегі диалогтарға қатысып, негізгі халықаралық табиғат қорғау конвенциялары мен келісімдерінің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Сессия қорытындысы бойынша Ассамблея Министрлер декларациясын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар маңызды қарарларды қабылдады.Сессияға қатысушылар ХХІ ғасырдың негізгі экологиялық қауіптеріне қарсы тұру және қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі салаларындағы біліммен, озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін мойындады.Ақпарат: Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы (ЮНЕА) - қоршаған орта мәселелері бойынша ең жоғары жаһандық шешім қабылдау органы, оның құрамына БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің барлығы кіреді.БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) - қоршаған орта мәселелеріне жауапты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды үйлестіретін және қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін тұрақты дамуды ілгерілететін жетекші жаһандық экологиялық ұйым. ЮНЕП штаб-пәтері Найробиде орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1125257?lang=kk
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді 14.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 желтоқсан - Бельгияның Музыкалық аспаптар музейінде екі дәстүрлі қазақ музыкалық аспабын — домбыра мен сазсырнайды тапсыру салтанаты өтті. Аспаптарды Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі «Алатау Әуендері» концерттік ұйымы қолдауымен табыстады. Бұл іс-шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды.Салтанат барысында Алматы облысынан келген "Qulansaz" ансамблінің өнерпаздары қазақ күйлері мен әуендерін орындап, аспаптардың музей экспозициясына қойылмас бұрын олардың шынайы үнін қонақтарға таныстырды. Домбыра мен сазсырнай музейдің тұрақты коллекциясының бір бөлігіне айналып, сондай-ақ цифрлық форматта онлайн-каталог пен аудиогидте де қолжетімді болады. Музейге келушілер әр аспаптың үнімен танысып, олардың шығу тегі мен мәдени маңызы туралы ақпарат ала алады.Бельгияның Музыкалық аспаптар музейінің өкілі Саския Виллаерт экспонаттарды тапсырудың маңыздылығын атап өтіп: «Бұл аспаптар музей қорын байытып, музей қонақтарына әлемдегі тағы бір жарқын музыкалық дәстүрмен танысуға мүмкіндік береді. Қазақстанға осы үлесі үшін алғыс білдіреміз және домбыра мен сазсырнайды кең аудиторияға ұсынуға қуаныштымыз», — деді.Бельгияның Музыкалық аспаптар музейі (MIM) 1877 жылы құрылған Өнер мен тарихтың Корольдік музейлерінің құрамына кіреді және бүгінде шамамен 8 000 музыкалық аспаптан тұратын бай коллекциясымен әлемдегі жетекші музыкалық музейлердің бірі ретінде танылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1125225?lang=kk
Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті 14.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігі «Қазақфильм» киностудиясымен және Қазақ киносының француз қауымдастығымен бірлесіп Брюссель қаласында Қазақ киносының күндерін ұйымдастырды.Бельгия көрермендеріне қазақ халқының тарихындағы маңызды кезеңдерді, рухани құндылықтары мен мәдени мұрасының байлығын бейнелейтін «Бақыт құшағында» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері ұсынылды.Кинокөрсетілім бельгиялық қоғам өкілдерін, студенттерді және қазақстандық диаспора мүшелерін біріктіріп, мәдени диалог пен қазіргі қазақстандық киномен танысуға арналған алаңға айналды.Бағдарламада режиссёр Санат Шапашовтың көрнекті қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары негізінде түсірілген «Бақыт құшағында» фильмі ерекше орын алды. Биыл 95 жылдығы атап өтіліп отырған Қалдаяқовтың махаббат, адами шынайылық және ұлттық болмыс тақырыптарына толы музыкалық мұрасы картинаның эмоциялық өзегіне айналып, оған ерекше тереңдік пен лиризм дарытты. Бұл фильмнің мазмұнын халықаралық аудиторияға түсінікті әрі жақын етті.Кинокөрсетілімдердің ерекше оқиғасы — басты рөлді сомдаған актриса Алия Ануарбектың қатысуы болды. Ол көрермендермен жүздесіп, сұрақтарға жауап беріп, бельгиялық аудитория тарапынан зор қызығушылық пен жылы ықыласқа ие болды.Іс-шараға Бельгияның тәуелсіз авторлар, режиссёрлер мен продюсерлер қауымдастығының Бас хатшысы Франк Депайфв жоғары баға беріп, ұсынылған фильмдердің эмоциялық айқындығын және көрерменмен киноның әмбебап тілі арқылы сөйлей алу қабілетін атап өтті. Сондай-ақ, ол бельгиялық көрермендерді қазіргі қазақстандық кинематографиямен одан әрі таныстыруға қызығушылық білдірді.Бельгиядағы Қазақстан мәдениеті апталығы аясында өткен Қазақ киносының күндері Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген жоғары қызығушылықты көрсетіп, мәдени дипломатияның өзара түсіністік пен мәдениетаралық диалогты нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын айқындады.Аталған іс-шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, екіжақты мәдени байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1125217?lang=kk
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды 13.12.2025
Бас прокуратурада Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы заманауи цифрлық және аналитикалық құралдардың тұсаукесері өтті.Іс-шара барысында қылмыстық қатерлерді ерте анықтауға арналған медиа-кеңістікті мониторингілеу жүйесінің мүмкіндіктері, «e-Өтініш» платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдайтын ЖИ-агент және оларды тиімді қарау шаралары, көшедегі қылмысты, сыртқы киберқатерлерді болжауға бағытталған пилоттық жобалар, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында халыққа құқықтық көмек көрсетуге арналған мобильді қосымшалар, «ақылды» қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының геокарталары және елдегі прекурсорлар мен химиялық заттардың айналымын бақылауға арналған Таргетинг-орталық таныстырылды.Халықтан келіп түсетін сигналдарды талдап, оларға ең ерте кезеңде жедел әрекет ету мақсатында төтенше коммуналдық қызметтерді Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке(БКДҚ-112) біріктіру бойынша мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетін трансформациялау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оның құрылымында 4 ай бұрын Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы құрылды.Орталықтың негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін сыртқы және ішкі тәуекелдерді алдын ала анықтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған заманауи болжамдық-талдамалық қызметті жүзеге асыру.Сондай-ақ «Цифрлық қадағалау» жүйесі және оның тұлғаларды іздестіру, қылмыстық жазалармен пробацияның орындалуын бақылау, сотталғандарды ресоциализациялау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің заңдылығын талдау бағытындағы функционалдары көрсетілді.Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік органның деректер базасы, «ақылды» бейнекамералар мен дрондар қосылған. Бұл прокурорларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді.Енгізіліп жатқан аналитикалық және цифрлық құралдар нақты практикалық нәтижелер көрсетуде. Мәселен, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен банктерден келіп түсетін фрод-инциденттер туралы мәліметтермен біріктірудің арқасында кибер-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тіркеу үлесі 2 есе өсті. Бұл жәбірленушілердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік берді.Қылмыстық істер бойынша «Цифрлық көмекші» зияткерлік моделін апробациялау жалғасуда. Бұл модель тергеушілерге тергеуді жоспарлауға, ауызша сөйлеу мен бейне жазбаларды мәтінге айналдыруға, сондай-ақ айғақтарды талдауға көмектеседі. Аталған модельдің көмегімен 76 айыптау актісі, 314 тергеу жоспары жасалып, жауап алу хаттамаларының 67 транскрибациясы орындалды.Уәкілетті мемлекеттік органдарға сыртқы криминалдық қатерлер туралы және олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдармен 25 хат жолданды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұрын белгісіз болған қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен тәсілдері туралы халық хабардар етілуде.Бас Прокурор Берік Асылов атап өткендей: «Орталықтың құрылуы – қылмысқа жауап қайтарудан оны алдын ала болжауға көшу жолындағы маңызды қадам. Бұл жасанды интеллект, аналитика және цифрлық шешімдерге негізделген».Елдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында 7 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аналитикалық және цифрлық шешімдерді енгізуге консультативтік қолдау көрсету үшін депутаттар, IT және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысатын Консультативтік-сараптамалық кеңес жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1125213?lang=kk
Шымкент қалалық жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа жедел жәрдем көлігі жеткізілді. 13.12.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалалық жедел медициналық көмек қызметін аралау барысында 30 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілттерін табыс етті. Әкім атап өткендей, медициналық мекемелер мен жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық инфрақұрылымын жаңарту әкімдік үшін басымдық болып қала береді. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту жедел медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа Hyundai STARIA жедел жәрдем көліктері заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықталған. Оларға кардиографтар, дефибриллятор мониторлары, өкпе желдеткіштері, электрлік сорғыш құрылғылар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныс қалқандары кіреді. Сонымен қатар, қала әкімі медициналық мекемелерге демеуші Al-Farabi Pharm Ltd компаниясының қаражатына сатып алынған жабдықтарға сертификаттар табыс етті. Сыйлық ретінде берілген жабдықтарға жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, сондай-ақ функционалды және қарқынды терапия төсектері кіреді, бұл жаңа туған нәрестелерге күтім көрсету сапасын жақсартады және ауыр халдегі науқастарды тиімді емдеуді қамтамасыз етеді. Қала әкімі денсаулық сақтау саласын жаңғырту және шымкенттіктердің медициналық қызметтерге қолжетімділігін жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатынын атап өтті. Айта кету керек, қаланың жедел медициналық көмек қызметі қазіргі уақытта 10 қосалқы станциядан жұмыс істейді. 28 медициналық және 87 фельдшерлік бригаданы қоса алғанда, 115 бригада тәулік бойы халыққа жедел медициналық көмек көрсетеді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ 30 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ 13.12.2025
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс бабымен қаланы аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.Мегаполис басшысы медицина ұйымдары мен шұғыл қызметтердің материалдық-техникалық базасын жаңарту әкімдік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін айтты. Жедел жәрдем автопаркін жаңарту – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін арттырудағы маңызды қадам.«Hyundai STARIA» маркалы жаңа санитарлық автокөліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Көліктерде кардиографтар, дефибриллятор-мониторлар, өкпені жасанды желдету аппараттары, электрлі сорғыштар, оттегі баллондары, арнайы зембілдер және қорғаныш қалқандары бар.Қала әкімі, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарына «Аль-Фараби фарм Лтд» ЖШС демеушілігімен сатып алынған, медициналық жабдықтарға арналған сертификаттар табыстады. Тапсырылған жабдықтардың қатарында жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, функционалдық және реанимациялық төсектер бар. Бұл жабдықтар нәрестелерді күтіп-бағу сапасын арттыруға және ауыр хәлдегі науқастарды тиімді емдеуге мүмкіндік береді.Қала әкімі денсаулық сақтау саласын жаңарту және Шымкент тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғаса беретінін атап өтті.Айта кетейік, бүгінде қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі 10 қосалқы станция базасында жұмыс істейді. Тәулік бойы тұрғындарға 115 бригада шұғыл көмек көрсетеді, оның ішінде 28 дәрігерлік және 87 фельдшерлік бригада бар.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақмола гарнизонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сарбаздары Отанға адал қызмет етуге ант берді 13.12.2025
44813 әскери бөлімінің саптық алаңында Әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті.Іс-шараға командирлер, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары мен жақындары қатысты.Салтанатты іс-шараны Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров ашты.– Бүгін сіздер өздеріңізге зор әрі мәртебелі міндет қабылдап отырсыздар. Отан сіздерге сенім артып, әуе кеңістігін қорғауды тапсырды. Берген анттарыңызға адал болып, қызметтеріңізді абыроймен атқарып, Отан қорғаушысы деген жоғары атаққа лайық болуларыңызға тілектеспін, – деді ол.Жауапты әрі толқынысты рәсім Мемлекеттік Ту мен бөлімнің Жауынгерлік Туы алдында қатаң әскери дәстүрлерге сай өтті. Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана қаласынан шақырылған 170 жас жауынгер антқа адал болуға және Отанды қорғауға әрдайым дайын екендіктеріне серт берді.Қызметтің бір айы ішінде сарбаздар жас жауынгер курсынан өтті. Олар жалпыәскери жарғыларды меңгеріп, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық және атыс даярлығынан өтті.– Бұл күнге біз мұқият дайындалдық. Командирлер бізбен жеке-жеке жұмыс істеді. Іс-шара өте толқынысты болды, бірақ бәрі сәтті өтті. Алда – қызмет пен жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңдері тұр. Бір жыл көзді ашып-жұмғанша өте шығады деп ойлаймын, – деді қатардағы жауынгер Бақытжан Қасенов.Қатардағы жауынгер Жанболат Жанбыршиннің әжесі Базаркүл Құрманбаева немересіне деген мақтаныш сезімін жасыра алмады.– Жанболатты әскери киіммен ант беріп тұрған сәтін қуаныш пен толқынысқа толы сезіммен тамашаладым. Ең бастысы – аман-есен қызмет етіп, әскери борышын абыроймен атқарсын, – деді ол.Рәсім соңында офицерлер, сержанттар мен сарбаздар туды алып жүретін топтың бастауымен плац бойымен салтанатты маршпен жүріп өтті.Одан кейін бөлім қонақтарына сарбаздардың қандай жағдайда қызмет атқарып жүргенін көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1125205?lang=kk