БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады
11.07.2026 06:28:27 274
2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді.
Іс-шараның мақсаты - салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері туралы айтып беретін болады.
Іс-шараның жеке блогы ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналады. БЖЗҚ мамандары азаматтар кездестіріп жүрген алдаудың кең таралған схемалары туралы айтып береді, сондай-ақ дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар береді.
Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10:00 және 14:00-де онлайн форматта өтеді.
Сағат 10:00-де
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m61ca904daa6f49d5b3657beaa88305d6
Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2515 856 2907 және event-кеңес паролін енгізу 123456 қажет.
Сағат 14:00-де
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m48c5b4e62e10a0556fbd01f99e94d370
Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2519 533 6431 және event-кеңес паролін енгізу 123456 қажет.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1246077?lang=ru