Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі. 29.05.2025
29 мамырда Астанада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана 2025 Халықаралық форумы өз жұмысын бастады.Іс-шараға әлемнің 70-тен астам елінің өкілдері қатысады. Форум «Ақыл-ойды біріктіру, болашақты қалыптастыру» тақырыбында өтеді. Келушілер тізімінде-делегация басшылары мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар және 100-ден астам шетелдік БАҚ журналистері бар.Құрметті қонақтардың қатарында Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордан Силяновская-Давкова, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсе, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун және т. б. бар.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1007609?lang=kk
Астана халықаралық форумы аясында Транскаспий бағытын дамыту мәселелері талқыланды 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Астана халықаралық форумы аясында Боао Азия форумы ұйымдастырған «Өңірлік байланыстарды нығайту және даму әлеуетін ашу» атты панельдік сессияға қатысты. Сессия барысында Еуразиядағы көлік және логистикалық байланыстарды кеңейту және Орта дәліздің даму мүмкіндіктері талқыланды.Іс-шараға Боао форумының төрағасы, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының Президенті Волкан Бозкыр, Боао форумының Кеңес мүшесі, БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Шамшад Ахтар, ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Фабриция Лапекорелла, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Пяо Янфань және Жібек жолы қорының атқарушы директоры Фэн Яньцю қатысты. Сессия модераторы – Боао форумы Бас хатшысы Чжан Цзюнь болды.Өз сөзінде А.Қуантыров Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ, Орта дәліз) арқылы Еуразия тұрақты логистикасының негізгі дәлізіне айналдыруға бағытталған Қазақстанның стратегиялық көзқарасын таныстырды. Ол ТХКБ-ны тек транзит жолы емес, сонымен қатар өнеркәсіптік өсу, цифрлық интеграция және халықаралық өндірістік-логистикалық тізбектерді қалыптастыру алаңы ретінде сипаттады.Министрдің орынбасары Қазақстанның Қытай шекарасынан Каспий порттарына дейінгі 3500 шақырымнан астам теміржол инфрақұрылымын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Жуырдағы жылдары бұл бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі 10 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. Бұл – жаһандық жеткізу тізбектеріне қатысушылар тарапынан сұраныстың артуы мен Қазақстанның өткізу қабілетін кеңейтуге бағытталған күш-жігерінің нәтижесі.«ТХКБ – бұл тек логистикалық бағыт емес, бұл – сенім, тиімділік және өсім инфрақұрылымы. Қазақстан физикалық және цифрлық интеграцияны басты бағдар етіп отыр. Біз нақты нәтижелерге қол жеткіздік: 2024 жылғы наурызда Сиань қаласынан шыққан контейнерлік пойыз небары 11 күнде Әзербайжанға жетті, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша бар болғаны үш күнде өтті. Бұл Достық – Мойынты учаскесінің жаңартылуы, Қорғас хабының дамуы және цифрлық кедендік шешімдер енгізілуінің арқасында мүмкін болды. Біз инфрақұрылымға 35 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салып жатырмыз: жаңа теміржолдар салынып, Ақтау мен Құрық порттары кеңейтілуде, халықаралық инвесторлармен бірлесіп контейнерлік хаб құрылуда. Басты мақсат – жай транзит емес. Қазақстан үшін ТХКБ – бұл жаһандық жеткізу тізбектеріне тұрақты түрде интеграцияланудың және өндірістік өсудің негізі», – деп мәлімдеді А.Қуантыров.Сессия барысында спикерлер жаһандық экономикадағы фрагментация үдерісінің күшеюі жағдайында жаһандық және өңірлік жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Пан Ги Мун байланыстылық тек инфрақұрылым ғана емес, тұрақты және әділетті дамудың кілті екенін атап өтті. В.Бозкыр қазіргі жаһандық дағдарыстар жағдайында көпжақты тәсілді сақтау қажеттілігіне назар аударды. ЭЫДҰ, ШЫҰ және «Silk Road Fund» өкілдері «қатты» инфрақұрылым мен «жұмсақ» реттеу механизмдерін, цифрландыру мен қаржылық сүйемелдеуді үйлестірудің маңызын атап өтті.Сессия қорытындысында қатысушылар өңірлік байланыстылық тек көлік саласы емес, сонымен қатар институционалдық сенім, ортақ стандарттар және үйлесімді цифрлық трансформация екенін атап өтті. Тараптар тұрақты әрі өзара тиімді еуразиялық интеграцияны ілгерілету үшін диалог пен практикалық іс-қимылдарды жалғастыруға дайындықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1007879?lang=kk
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды 29.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1007611?lang=kk
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? 29.05.2025
Фрилансерлерге зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады?  БЖЗҚ туралы өзекті сауалдарФрилансерлер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме, олардың жарна мөлшері қалай есептеледі?            Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) агенттер төлейді. Агент – БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен МЗЖ, МКЗЖ, ЖМЗЖ, ЕЗЖ аударатын, ұстап қалатын (есептейтін) жеке немесе заңды тұлға. Оларға Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалар да жатады. МЗЖ-ны мына санаттарға жататын азаматтар өз бетінше төлейді:жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермерлік қожалықтардың басшылары, олардың 18 жасқа толған мүшелері, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына төлей алады;Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табыс. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.Сонымен қатар, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.Егер аталған адамдардың табысы республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен кем болса, олар МЗЖ-ны республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 1 еселенген мөлшерінен төлеуге құқылы;салық агенттері болып есептелмейтін жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар.Бұл ретте, МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс – бұл МЗЖ төленбейтін табысты қоспағанда, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін тұлғаның өзі айқындайтын табысы. Бірақ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспауы тиіс.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексі "Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметтерін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалану арқылы жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету" бабымен толықтырылды.Интернет-платформалардың және (немесе) мобильдік қосымшалардың операторы арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкерлердің (ЖК)  кірістерінен міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ұстап қалуды жүргізеді және ұсталған сомаларды БЖЗҚ-ға аударады. МЗЖ мөлшерлемесі МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 1% мөлшерінде немесе МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде орындаушының өз қалауы бойынша айқындалады. МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс деп орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған табысы түсініледі.Интернет-платформа операторы – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету бойынша (оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып) байланыс орнату үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және өзге де мүмкіндіктер беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.Орындаушы – интернет-платформада тіркелген, тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін немесе жария шарт негізінде интернет-платформаны пайдалана отырып жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.МЗЖ есептеу үшін қабылданатын табыс дегеніміз – арнайы мобильдік қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын жеке кәсіпкер-орындаушылардың көрсеткен қызметтері немесе орындаған жұмыстары үшін алған табысы. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін қабылданатын айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда сол жылға белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.             Фрилансерлер зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін БЖЗҚ-да шотты қалай аша алады?            Зейнетақы жарналарын – міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу бірінші жарна түскен кезде жүргізіледі. Пайдасына зейнетақы жарналары жүзеге асырылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру жарналарды аудару кезіндегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы және өзге де барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады. Осылайша, ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, өйткені зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша шот автоматты түрде ашылады.           ЖЗШ ашу және зейнетақы жарналарын аудару мәселелері бойынша ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған.            3) БЖЗҚ салымшыларға өз шоттарын мониторингілеу және зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай онлайн-құралдар немесе қызметтер ұсынады?            БЖЗҚ қызметтерінің 90%-дан астамы автоматты, электрондық және қашықтықтан тәулік бойы (24/7) ұсынылады.Зейнетақы шотын тұрақты мониторингілеу үшін Қор сайтындағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинет арқылы үзінді көшірме алу неғұрлым жедел және ыңғайлы болып табылады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарын қай ұйым, қандай уақытта аударғанын да білуге болады. Сондай-ақ, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады.Жеке кабинетте зейнетақы шотының жай-күйіне қатысты ақпараттан басқа, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттың болуы туралы анықтама алу, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.Сондай-ақ, болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге және болашақта алғыңыз келетін зейнетақы мөлшерін көрсете отырып, зейнетақы жоспарын құруға көмектесетін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарын пайдалануға болады.Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін ыңғайлы. 4) Фрилансерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аудару қажет пе, бұл жарналардың артықшылықтары қандай? - Болашақта алатын зейнетақыңыздың мөлшерін арттыра түскіңіз келсе, зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын да аударып отырсаңыз болады. Ерікті зейнетақы жарналарының артықшылығы көп. Мәселен, Сіз жарна мөлшері мен төлеу кезеңділігін, жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртібін өзіңіз белгілейсіз. Ерікті аударымдарды екінші деңгейдегі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл БЖЗҚ салымшылары үшін тиімді әдіс.  Айта кетелік, өзіңіздің ғана емес, кез келген үшінші тұлғаның – мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тіпті кәмелетке толмаған балаңыздың да ерікті зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшін оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізсеңіз жетіп жатыр. ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ алғашқы жарна аударылған сәтте автоматты түрде ашылады. Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Егер инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. Сондай-ақ, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап алуға болады. Салымшының ЕЗЖ аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға негіз бола алады. Фрилансерлердің зейнетақы жинақтары инвестициялана ма?          Қазақстанның басқа азаматтарының зейнетақы жинақтары сияқты, фрилансерлердің зейнетақы жинақтары да инвестицияланады. Инвестициялаудың негізгі мақсаты - ұзақ мерзімді перспективада нақты табыс табу. Сондықтан оларды басқару нәтижелерін объективті бағалау үшін кем дегенде 1 жыл кезеңіндегі деректерді талдау қажет. Мұндай мерзім ұзақ мерзімді перспективада инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.         Инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық Банкі және бес басқарушы компания айналысады: "Jusan Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ, "Halyk Finance"АҚ. Сіз басқарушы компанияны өзіңіздің қалауыңыз бойынша таңдай аласыз.            БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы  (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде ай сайын жарияланып отырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1018843?lang=kk
Кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылар туралы цифрлық құжат eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды 29.05.2025
eGov Mobile мобильді қосымшасында кәмелет жасына толған азаматтарға қамқоршылық жасайтын тұлғалар туралы мәліметтері бар цифрлық құжат қолжетімді болды. Бұл құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады, онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы азаматтар туралы мәліметтер сақталады.Құжатта келесі деректер қамтылған: қамқоршының ЖСН мен ТАӘ, туған күні, сондай-ақ қамқорлығындағы азаматтың ЖСН мен ТАӘ, туған күні, қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні, сонымен қатар «Жарамды күні» туралы ақпарат бар. Құжаттың түпнұсқалығын растау үшін QR-код қарастырылған: оны сканерлеген кезде бір тәулік бойы жарамды цифрлық нұсқасы ашылады.Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.Қамқоршы мәртебесін ресми түрде растау қажет болатын жағдайларда – мемлекеттік төлемдерді алу, банкке, медициналық мекемелерге және басқа ұйымдарға жүгіну кезінде – бұйрықтың электрондық нұсқасы қажет болуы мүмкін.Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, авторизациядан өтіп, «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;«Отбасы» санатынан қамқоршылық немесе қорғаншылық туралы мәліметтермен танысу;егер құжат көрсетілмесе – «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басу қажет.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1077553?lang=kk
Көру қабілеті бұзылған жандарға қолдау: Қостанайда жаңа қоғамдық бірлестік ашылды 29.05.2025
2025 жылғы 27 мамыр күні Қостанай қаласында, Қасымханова көшесі, 36 мекенжайында көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін құрылған «Әлем біз көргендей» қоғамдық бірлестігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба Қостанай қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.Бірлестіктің қызметі көру қабілеті бұзылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың қоғамға кірігуіне жәрдемдесуге, қоғамдық және мәдени өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ өзара ұйымшылдық пен көмек дағдыларын дамытуға бағытталған.Бұл ашылу — денсаулығына қарамастан әр адамның өзін қажет, естілетін әрі қолдау табатын тұлға ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін, қолжетімді әрі инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1007556?lang=kk
А.И. Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының 6 шаруашылығының пилоттық учаскелерінде көктемгі егістік жұмыстарын аяқтады 29.05.2025
А.И. Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысының 6 шаруашылығының пилоттық учаскелерінде көктемгі егістік жұмыстарын аяқтады.Бағдарламаның мақсаты табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Ақмола облысының табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әр экологиялық-географиялық аймақты қамти отырып, өнімділікті 10-15%-ға арттыру үшін өсірудің инновациялық технологияларын және ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттарын тиімді пайдалану негізінде Ақмола облысының 6 шаруашылығында өсімдік шаруашылығы өнімінің орнықты өндірісін қарқындатуға бағытталған инновациялық тәжірибені тарату және енгізу болып табылады.Дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өсіру кезінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша өндірістік тәжірибелер жалпы ауданы 2600 гектардан асады. Маусым бойы «себуден» «жинауға» дейін бұл өндірістік тәжірибелер А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен, кейіннен өңірдің АӨК субъектілерін оқытумен қамтылатын болады.Бұл бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.Учеными НПЦ зернового хозяйства им.А.И.Бараева завершены весенне-полевые работы на пилотных участках 6 хозяйств Акмолинской области в рамках реализации бюджетной программы 019 «Услуги по распространению и внедрению инновационного опыта»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007523?lang=kk
Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізілді 29.05.2025
«Заң мен тәртіп» концепциясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеологияны нығайту мақсатында Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің алаңында жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі аспектілері, адалдық пен парасаттылық принциптері, олар әрбір қызметкердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі ретінде талқыланды. Заңнамалардағы өзгерістер мен жауапкершіліктің күшейтілгені туралы ақпарат жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының мысалдары мен статистикасы келтірілді. Өз кезегінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау ниеттерін растады.  #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007540?lang=kk
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 29.05.2025
Ағымдағы жылдың 20 мамырында Бесқарағай ауданының прокуратурасының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Бесқарағай ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.Іс-шараға Бесқарағай ауданының прокуратурасы, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық білім бөлімі және білім беру ұйымдарының өкілдері – мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар мен оқушылар қатысты.Кездесу барысында төмендегі өзекті тақырыптар талқыланды:Жазғы кезеңде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шаралары (Тлепбергенов Ғ.Б.);Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары (Дайырбеков Е.Е.);Суға шомылу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау (Қабиденов А.С.).Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың зияны және жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Мектеп оқушылары нашақорлыққа қарсы тәрбиелік бағыттағы көрініс қойып, қатысушыларға терең ой саларлық әсер қалдырды.Іс-шараның басты мақсаты — жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1007497?lang=kk
Ақмола облысында 483 диқан егіс науқанын аяқтады 29.05.2025
Ақмола облысының диқандары көктемгі егіс жұмыстарын қарқынды жүргізіп, 5,5 млн гектар егістік алқаптың 3,8 млн гектарына дән септі. Бүгінгі күні 117 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 366 шаруа қожалығы егіс науқанын толық аяқтады. Бұл — республика бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.Биыл өңірде 5,5 миллион гектар жерге егін егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,1 мың гектарға артық. Атап айтқанда, картоп пен көкөніс дақылдарының егістік алқаптары айтарлықтай кеңейтілді.Астық өсіретін кәсіпорындар егіс жұмыстарын маусым айының басына дейін толық аяқтауды көздеп отыр. Қазірдің өзінде Атбасар, Сандықтау, Целиноград, Қорғалжын және Біржан сал аудандарында егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007498?lang=kk
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды 29.05.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының алаңында кездесу ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Өз сөзінде превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда әр адамның рөлін атап өтті. Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді.  Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті. Іс-шараның соңында консерватория ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады. #ЗАҢ менТӘРТІП#заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/1007499?lang=kk
Ақмола облысы мен Эстония ынтымақтастығы: диқандар Еуропаға астық жөнелтуді ұлғайтпақ 29.05.2025
Ақмола облысының аграршыларымен әріптестік орнатуға Эстония делегациясы ерекше қызығушылық танытты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов және өңір кәсіпкерлерімен өткен кездесуде эстон порттары мен логистикалық компаниялары арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттау мәселесі жан-жақты талқыланды. Эстония тарапынан келген делегация құрамында ірі логистикалық компаниялардың өкілдері, порт басшылары мен теміржол саласының жетекшілері болды.Кездесу барысында облыс әкімі Ақмола өңірінің Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуетіне кеңінен тоқталды.Айта кету керек, 2024 жылы Ақмола облысы мен Эстония арасындағы сыртқы сауда айналымы 112,7 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артқан.Эстониядағы көлемі бойынша екінші теңіз порты — Силламяэ портының президенті Тийт Вяхи Ақмола облысымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.Айта кетсек, жыл басынан бері «Вильмир» ЖШС Эстония арқылы 23 мың тонна, ал «Содружество Трейд Восток» ЖШС 27 мың тонна бидай жөнелткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007478?lang=kk
Әкім, мемлекеттік қызметші, мұғалім, және бизнесмен: Жамбыл облысында әскери дайындықтан кімдер өтті 29.05.2025
«Айша бибі» полигонында Жамбыл облысы Талас ауданы әскери міндетті азаматтарының жиыны аяқталды.Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен запастағы әскери міндеттілер әскери дайындық негіздерін қайталап, аумақтық қорғаныс бригадасының құрамында оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады.– Әскери жиын – оқытылған резервті құрудағы маңызды кезең. Әскери міндеттілер ескі дағдыларын еске түсіріп қана қоймай, жаңа дүниелерді үйренді. Егер қажет болса, олар сенімді түрде қызметке де тұра алады, зауыттарды, әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылымды қорғауға қатыса алады, – деп түсіндірді Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі подполковник Данияр Мұратбеков.  Әскери жиынға шақырылғандардың арасында Үшарал ауылдық округінің әкімі Самат Ақпанбетов те бар.– Қазір ауыл шаруашылығында шаруа шаш етектен. Егін егу керек, техниканы бөлу мәселелерімен айналысу қажет, басқа да көптеген шаруашылық міндеттерді шешу керек, – деді С. Ақпанбетов. – Бірақ әскери дайындық – мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі, сондықтан жиынға шақыру келгенде, барлық шаруаны кейінге қалдыруға тура келді.Тек фермерлерге ғана емес, басқа мамандықтардың өкілдеріне де жұмыстан шығу қиын болды. Мәселен, қауырт кезеңге қарамастан, Талас ауданы білім бөлімінің бастығы Мақсат Қазанғапов та полигоннан табылды. – Практикалық сабақтарсыз дағдылар ұмытылатынын жақсы түсінемін, өз саламда да білім мен дағды деңгейін сақтауға ерекше көңіл бөлемін, – деп атап өтті М. Қазанғапов. – Сондықтан жаңа тәжірибе жинақтау үшін жиындарға қатысуға шақыруға дайын болу керек. Оқу-жауынгерлік тапсырмалар нақты жағдайға жақын пысықталды. Жиын қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аумақтық қорғаныс бригадасының басшылығы жергілікті әскери басқару органдарына ерекше көзге түскен жауынгерлерге кезекті әскери атақ беру туралы өтініш білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007479?lang=kk
«Родина» Агрофирмасы» ЖШС және «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ егіс науқанын аяқтады 29.05.2025
Көктем – ауыл шаруашылығы саласы үшін ең қызу кезең. Целиноград ауданында көктемгі дала жұмыстары – егіс науқаны өз мәресіне жетуде. Аталған маусымның сәтті аяқталуымен «Родина» ЖШС және «Ақтық» АҚ еңбек ұжымдары құттықтаулар қабылдап жатыр.«Родина» ЖШС берген мәліметке сәйкес, биылғы жылы жалпы егістік алқабы 30 256 гектарды құрады. Оның ішінде 22 665 гектарға дәнді дақылдар, 2 000 гектарға майлы дақылдар, 1 930 гектарға сүрлемге арналған жүгері, 3 900 гектарға біржылдық шөптер егілді.«Ақтық» АҚ да көктемгі дала жұмыстарын табысты аяқтап, дәнді және бұршақты дақылдарды 22 000 гектар алқапқа септі. Біржылдық шөптер 2 500 гектар жерге орналастырылды.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, 2025 жылы Целиноград ауданындағы жалпы жаздық егіс көлемі шамамен 260 000 гектарды құрауы тиіс. Бүгінгі таңда дәнді және бұршақты дақылдар 140 000 гектарға жуық жерге егілген. Жем-шөп дақылдары, картоп және көкөніс дақылдарының егісі 80%-ға орындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007455?lang=kk
Астана мен Масқат қосарланған салықтан сақтандыратын келісімге қол қойды 29.05.2025
Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Оман Сұлтандығының Қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім әл-Хабсимен кездесті.Оның барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, сонымен бірге мемлекеттік қаржыны басқару бағытындағы ведомствоаралық қатынастарды дамыту мен екіжақты әріптестік шеңберіндегі басқа да мәселелер туралы пікір алысты.Мәди Төкешұлының айтуынша, Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайды және тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын.Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасында табыс пен капиталға салынатын салыққа байланысты қосарланған салықтан сақтандыратын, сондай-ақ салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім мен осыған қатысты хаттамаға қол қойылды.Аталған келісім салық ісінде заңнамалық негізді қалыптастыруға септесіп, кірістерге байланысты қосарланған салықтың алдын алып, осы арқылы екі мемлекеттің арасында тығыз экономикалық байланысты арттыруға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1013795?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Венгрияның әскери атташесімен кездесу өтті 29.05.2025
Астанада қорғаныс ведомствосына Қазақстан Республикасында қоса аккредиттелген Ресей Федерациясындағы Венгрия Елшілігінің жанындағы әскери атташе келді.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин әскери дипломат полковник Ласло Кёвариге жаңа лауазымда табыс тіледі.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде әскери білім беру, бітімгерлік және тілдік дайындық мәселелерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Венгрия қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1007440?lang=kk
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 29.05.2025
Қостанай облысы әкімдігінде өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жөнінде жұмыс кеңесі өтті.Аталған бағдарлама Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, экологиялық мәдениетті көтеруге және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.2024 жылдың аралық нәтижелеріКеңесте сөйлеген сөзінде Құмар Ақсақалов 2024 жылы Қостанай облысында ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті:327 сквер мен аулалық аумақ абаттандырылды;354 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды;133 мыңнан астам ағаш отырғызылды;13,5 мың жаңа көше шамы орнатылып, көшелерді жарықтандыру деңгейі 80%-дан 90%-ға дейін артты;71 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді;362 апатты және қараусыз қалған ғимарат сүрілді.2025 жылға арналған бюджет және басымдықтарАталған жұмыстар биыл да жалғасуда.2025 жылы елді мекендерді абаттандыруға 12,7 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.Бөлінген қаражаттың құрылымы:44%-дан астамы – көгалдандыру, саябақтар мен скверлерді дамытуға;30%-дан астамы – көпқабатты үйлердің шатыры, балконы және қасбеттерін жөндеуге бағытталған.Өңір басшысы қала келбетінің бірыңғай стилін сақтау қажеттігін атап өтті:«Ғимараттардың қасбеттерінде ашық, айқайлап тұратын түстерден бас тартып, сабырлы реңктерге – сұр-қызғылт кірпішті және беж түстерге басымдық беру қажет. Тұрғын үйлерге жақын бос аумақтарда шағын скверлер мен жасыл аймақтар жасақталуы тиіс», — деді Құмар Ақсақалов.Азаматтарды тарту және кері байланысКеңес барысында халықтың бағдарламаға қатысуы мен хабардар болу деңгейіне де ерекше назар аударылды.Талдау нәтижесі бойынша, облыстың бес ауданында Telegram желісіндегі «Таза Қазақстан» чат-боты арқылы бірде-бір өтініш түспегені анықталған. Бұл — халықтың мүмкіндіктен бейхабар екенін көрсетеді.«Азаматтардан өтініш түспеуі — бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл — халықпен жұмыс әлсіз жүргізіліп жатқанын білдіретін үлкен мәселе. Бағдарламаның тиімділігін анықтайтын басты көрсеткіш — тұрғындардың қатысуы мен белсенділігі», — деп атап өтті өңір басшысы.Жүйелі жұмыс — табыстың кепіліҚұмар Ақсақалов «Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, жүйелі, кешенді және ұзақ мерзімді жұмыс екенін атап өтті. Ол барлық деңгейдегі әкімдерден бағдарламаның әрбір бағытын жеке бақылауда ұстауды және халықпен ашық диалог жүргізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1007444?lang=kk
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері 29.05.2025
 ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025жылғы 1 мамырдағы инвестициялық портфельдері  "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 23 065,95млрдтеңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 630,73млрдтеңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 372,84 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 62,38 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 мамырғаМЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,14%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,21%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,49%, МҚҰ - 1,37%.2025 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,63%, АҚШ долларымен – 40,37%, басқа валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 590,71млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер – 4,32 млрд теңге. Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы мамырдан бастап 2025 жылғы сәуірді қоса алғандағы соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,63 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік –13,35%, инфляция мөлшері - 10,70%.  2025 жылғы 1 мамырдағыЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 77,98%, РЕПО операциялары – 15,94%, ҚРҰБ депозиттері – 6,08%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 9,03% көрсетті. Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,38 млрд теңгеден асады.01.05.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,70 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 21,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 18,88%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, РЕПО – 10,35%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,91%, МҚҰ - 6,22%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,03%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,75%. Атап кетейік, портфельдің 67,00% теңгемен, 31,58% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,42% болды."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,46 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 22,90%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 14,26%,ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,45%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 10,94%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 8,96%,  шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,50%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,61%,шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 2,54%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,72%, АҚШ долларымен 30,28% тең.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,74% болды."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 6,17 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 26,20%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 19,17%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 16,62%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 11,01%, РЕПО – 9,19%,ҚР ҚМ МБҚ – 8,45%.Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,77%, АҚШ долларымен 24,23%. 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі17,45% болды."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.05.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,31 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 21,17% инвестицияланды, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 19,94%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 18,34%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,23%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,58%,РЕПО – 5,54%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,31%.Ұлттық валютада портфельдің 69,82%, АҚШ долларында – 30,18% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі15,66% болды."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 36,74 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,23%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 14,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,87%, ҚР ЕДБ облигациялары – 11,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 10,04%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 7,30%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,48%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,77%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 60,20%, АҚШ долларында – 39,80% инвестицияланды.2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі16,49% болды."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге құқылы. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1]зейнетақыжарналары мен төлемдершоттарындағыақшаныесепкеалмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1007396?lang=kk
Ақмола облысында бүгінгі таңда 1.6 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылы егілді. 29.05.2025
Бұл өткен жылғы егістік науқанының осындай уақыттағы көрсеткішінен екі есе артық.Өңірде биыл жалпы ауданы 5.5 млн гектар алқапқа егін егілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007403?lang=kk
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі 29.05.2025
Қадірлі қонақтар!Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын!Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр.Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін.Форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасамыз деп үміттенеміз.Бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отыр. Мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады. Алайда бұл тұжырымды тарихшылардың еншісіне қалдырған жөн. Қазір осы жағдайға қалай жауап беретініміз маңызды. Алдымызда таңдау тұр: қандай шешім қабылдаймыз, қандай құндылықтарды қорғаймыз?!Дүние жүзін қақтығыстар мен соғыс өрті жайлап барады. Былтырғы мәліметке сәйкес, 52 мемлекет қарулы қақтығыс жағдайында тұрған. Ал осындай қатыгез әрекеттерден келген экономикалық шығын 19 триллион долларға жетті. Бұл, шамамен, әлемдік ІЖӨ-нің 13,5 пайызы.Дегенмен осы сандардың арғы жағындағы ахуал одан да қорқынышты: қазіргі қақтығыстар анағұрлым ұзақ әрі күрделі сипатқа ие. Оған көптеген «ойыншылар», тіпті, ешқандай мемлекетке қатысы жоқ топтар араласады. Бұдан бөлек, мұндай қақтығыстардың тамырында түрлі қайшылықтар жатыр.Аталған факторлар бейбітшіліктің берік орнауына кедергі келтіруде. Айрықша алаңдаушылық туғызатын тағы бір дүние бар. Ол – әлемдегі осы тектес шиеленістердің жаһанға мүлдем жаңа түсінік пен құндылықтар ұсынып, адамзатты түбегейлі түлеген, бірақ әзірге беймәлім келешекке бастап бара жатқан жасанды интеллектінің даму трендімен еш үйлеспеуі.Бұл орайда тарихи тұжырымдар мен саяси араздыққа негізделген әскери қақтығыстар мен соғыстар мүлдем орынсыз, тіпті ақылға қонбайды.Соғысудың орнына біз халқымызды, әсіресе, жастарымызды саналы әрі өркениетті қоғам құруға үндеуіміз керек.Әрине, қақтығыстардың қай-қайсысы да жіті назар аударуды қажет етеді. Әйтсе де, ядролық қаруды иеленген мемлекеттер арасындағы шиеленіске айрықша мән бергеніміз жөн.Бүгінде тоғыз елдің арсеналында жалпы саны 13 мың ядролық оқтұмсық бар. Сарапшылар оны қолдану ықтималдылығы артып келе жатқанын ескертеді. Тіпті, бұған жазатайым қателік, оқыс оқиға немесе эскалация себеп болуы мүмкін.Бір ғана жарылыстың салдары жойқын болмақ. Ғалымдар атом бомбасы түскен жерін күл-талқан етіп қана қоймай, жаһандық ауқымдағы климат апатына әкеп соғуы, егістік атаулыны жойып жіберуі мүмкін екенін айтады.Оның қасіретін біз жақсы білеміз. Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр. Біз бейбітшілік үшін Кеңес өкіметінен мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тарттық. Бүгінде жаппай қырып-жоятын ядролық және биологиялық қаруды таратпау ұстанымын жақтаймыз.Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек. Мұны мойындаған жөн.Әлемдегі қазіргі ахуал өзгеріп жатыр. Мультилатерализмнің үні құмыққанда, протекционизм өршиді.Осынау бей-берекет кезеңдегі біздің міндетіміз – ынтымақты қатаң сақтау, ыдыраған тұсын қайта қалпына келтіру.Қазақстан қазіргідей алмағайып заманды сындарлы ықпалдастық тұрғысынан қарастырады. Сыртқы саясатта жікке бөлінбей диалогқа келуді, кез келген елдің егемендігін құрметтеуді басшылыққа аламыз.Әсіреұлтшылдық танытып, өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді.Аз халықтардың ана тілінде сөйлеп, төл мәдениетін дәріптеуіне құрметпен қарау қажет. Сондықтан Қазақстанда «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын қатаң ұстанамыз. Құрметті достар!Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілді. Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс.Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз.Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды.Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық.Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін.Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Қазақстанда ғана емес, біздің аймақта мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады.Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері.Парламент азаматтық қоғам және жаңа саяси партиялардың мүшелерімен толықты. Сондай-ақ әйелдерге, жастарға және әлеуметтік тұрғыдан осал топтың өкілдеріне қосымша квота берілді.Адам құқықтарын қорғаудың нақты тетіктері болмаса, ілгері жылжу мүмкін емес. Бұл жүйе «Заң мен тәртіп» қағидатында көрініс тапқан.Біз аталған реформаларды геосаяси ахуал тұрақсыз кезеңде қолға алғанымызды білеміз. Бірақ «Жол мұраты – жету». Осы стратегиялық бағдарымыздан айнымаймыз, реформаларды тоқтатпаймыз.Жаһандағы сын-қатерлерге қарамастан, экономикамыз былтыр 5,1 пайызға өсті. Шетелден тартылған тікелей инвестицияның көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Транскаспий халықаралық көлік бағытымен тасымалданған жүк 62 пайызға артты.Дейтұрғанмен біздің стратегиялық мұратымыз цифрмен ғана өлшенбейді. Бұл реформалар жұртшылықтың өркендеуіне жол ашатын жаңа қоғамдық келісімді орнатуды көздейді.Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту.Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз.Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді.Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті.Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады.Әлемдегі уран қорының 40 пайызы Қазақстанның еншісінде. Сондықтан еліміз атом энергетикасын дамытуды ұлттық стратегияның басым бағыты ретінде қарастырады.Алайда климат дағдарысы шешілмей, ешқандай орнықты даму болмайды. Орталық Азия – планетадағы климат өзгерістеріне осал өңірлердің бірі. Мұнда ғаламдық жылыну деңгейі әлемдегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары.Аталған қиындықтарды еңсеру үшін өңірлік тұрғыдан үйлестірілген, прагматикалық бағыттағы климат күн тәртібін ілгерілетуге бейілміз. Оның аясында еліміз бірқатар халықаралық ұйымға мүше болып, келісімдерге қосылды.Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-мен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің стратегиясын жаһандық мақсатпен ұштастыруды көздейді.Қазақстан өзара құрмет пен аймақтық ықпалдастықты арқау еткен Орталық Азияның тұрақтылығы берік, ынтымағы бекем, болашағы айқын болғанын қалайды.Екі ай бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын құру туралы қарарды ресми түрде қабылдады.Бұл – біздің көпжақты дамуға үлес қосқан маңызды жетістігіміз. Аталған орталық бірлескен жобаларға қолдау көрсетіп, техникалық сараптамаларды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді. Қадірлі қонақтар!Сөзсіз, біз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер трансұлттық сипатқа ие. Десек те оған қарсы әрекетімізде бірізділік жоқ. Әлемдегі ахуал өте шетін, тұрақсыз әрі кереғарлыққа толы. Сондықтан жаһандық ынтымақтастық үшін құрылған институттар осы жағдайларға сай болуға тиіс.Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек деп санайды. Қазіргі жүйені мұқият саралап, тың әдіс-тәсілдерге сүйену қажет. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс.Жыл соңына таман Нью-Йоркте БҰҰ-ның 80 жылдығын атап өтеміз. 1945 жылы, яғни, дүние жүзіндегі сұрапыл соғыстан кейін 51 мемлекет бірге құрған бұл Ұйым бейбіт әрі қауіпсіз әлемді құрудың батыл жолын ұсынды.Бүгінде Ұйымға 193 ел мүше. Осылайша, ол әлемдегі құрамы әралуан, күрделі әрі өзара тығыз байланысқан қоғамдастыққа айналды.Әйтсе де БҰҰ-ның негізгі тармақтары, әсіресе, Қауіпсіздік Кеңесі мүлдем өзгерген жоқ.80 жыл бұрын жасалған институционалды құрылым мен қазіргі заман арасында алшақтық көп. Бұл Ұйымға және оның тиімділігіне деген сенімге селкеу түсіреді.Миллиардтаған адамның тағдырына әсер ететін аса маңызды шешімді бірнеше елдің қабылдағаны дұрыс емес.Сондықтан Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, оған әлемнің әр өңірінен өкіл қосу туралы ұстанымды қолдайды.БҰҰ өзектілігін жоғалтпай, қазіргі заманның талаптарына сай болуы үшін Қауіпсіздік Кеңесіне құрылымдық реформа жасалуға тиіс.Алпауыт елдер бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бейіл екенін анық білдіруі керек. Әрі барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғау туралы ең басты қағидаттан айнымауға тиіс.Бәріміз БҰҰ Жарғысын мүлтіксіз сақтауымыз қажет. Оның негізгі принциптеріне үстірт немесе немқұрайлы қараудан аулақ болуымыз керек. Сонда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының абырой-беделіне деген сенімді қалпына келтіре аламыз. Қадірлі достар!Сіздер Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Әрқайсысыңыз тәжірибелеріңізді, дүниетанымдарыңызды және құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан көзқарастарыңызды ортаға саласыздар.Аталған форумның мәні осындай интеллектуалдық әралуандықта жатыр.Алдымызда келешектің түрлі сценарийі күтіп тұр. Бірі үміт ұялатады, бірі қауіп-қатерге толы. Бәріне ортақ өркениет жолын таңдаймыз ба, әлде жікке бөлініп құрдымға кетеміз бе? Оны үркердей топтың мәлімдемесі емес, көптің ауызбіршілігі шешуі қажет.Астана халықаралық форумы осы ынтымақтастыққа қолдау білдіру үшін құрылды. Аталған алаң өзара құрметке негізделген және ашық пікірталас мүмкіндігін ұсынады.Биылғы форум тақырыбы – «Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау» ( Connecting Minds, Shaping the Future) Бұл – біздің үндеуіміз әрі қалтқысыз сеніміміз.Жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін емес. Дипломатия ресми протоколдың тар шеңберінен шығып, анағұрлым терең әрі адами қалыптағы қарым-қатынасқа төр ұсынуға тиіс.Біз дүниежүзілік дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Мұнда адамдар арасындағы сенім, білім-тәжірибемен бөлісу және азаматтық қоғамның ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың жаңа іргетасын қалайды. Сондықтан ықпалдастықтың аясын кеңейте беруіміз керек.Қазақстан идеяның кені, араағайындық шешімдердің архитекторы және түрлі өңірлер мен мәдениеттердің серіктесі ретінде осы өзгерістерге үлес қосуға дайын.Бұл форум тың ойлар айтылатын ғана емес, батыл қадамдар жасалатын алаңға айналсын. Баршаңызды мазмұнды диалог орнатуға шақырамын.Алдағы пікірталастар қызықты, форум жұмысы нәтижелі болуына тілектестік білдіремін.Рақмет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1015280?lang=kk