Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Уважаемые участники ВЭД! 29.05.2025
Құрметті СЭҚ қатысушылар!Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті танысу үшін «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 13.05.2025ж. № 202 бұйрығын орналастырады.Бұйрықта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) әкетуге тыйым салынды. Бұйрық 2025 жылғы 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.Қосымша: 6 парақта.                                                                                                                                                                     Кедендік бақылау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1006965?lang=kk
“Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат. 29.05.2025
28 мамыр күні Абай атындағы орта мектебінің балабақшасынан кішкене бүлдіршіндері “Бала деген бір бақыт” атты кітапханаға саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты:балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Болашақ ұрпағымыз білімді, ақылды болуына тілектеспіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1007163?lang=kk
Президенттік жастар кадрлық резервіне түсу үшін жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы 29.05.2025
2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелерде, кітапханаларда, сауда орталықтарында буклеттер орналастырды, сондай-ақ жастарды іріктеуге қатысуға шақыру туралы халыққа ақпарат таратты.1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады.Іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады және келесі 6 бағытты қамтиды: әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам; инфрақұрылымды дамыту; өнеркәсіп және сауда саясаты; экономикалық және қаржы саясаты; цифрландыру; агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар.Үміткер тіркеу кезінде көрсетілген салалық бағыттардың бірін таңдауы керек.Резервке кіруге үміткерлер бірқатар талаптарға сай болуы керек, соның ішінде:- жасы 35 жастан аспайды,- Қазақстан Республикасының азаматтығы,- жоғары білімнің болуы,- белгілі бір жұмыс тәжірибесі,- мемлекеттік тілді білу В1 деңгейінен төмен емес.Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болу үшін 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өту қажет.Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында арнайы сайтта pkrezerv.gov.kz онлайн-режимде жүзеге асырылады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007164?lang=kk
«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 8-отырысы Астанада өтті 29.05.2025
         Астана, 2025 жылғы 27 мамыр — Қазақстан астанасында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің 8-отырысы өтті. Іс-шара тараптар арасында жасалған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (КӘЫК) шеңберінде ұйымдастырылды.        Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ануар Узакбаев басқарды. Еуропалық тараптан Еуропалық комиссияның Салық салу және кеден одағы жөніндегі Бас директораттың халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Маттиас Петшке төрағалық етті.        Отырыс барысында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, цифрландыру, құқық қолдану және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.        Кездесу қорытындысы бойынша келесі бірлескен жұмыс бағыттары келісілді:    -   Қазақстандағы экономикалық операторлармен ЕО кеден заңнамасындағы соңғы жаңартулар бойынша онлайн немесе офлайн форматта кездесулер өткізу;    -   Алдын ала ақпарат алмасу туралы келісім жасау;    -   Құқық қолдану саласында тәжірибе алмасу;    -   Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект қолдану, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, «Бір терезе» жүйесін енгізу және шекарада мобильді кедендік топтар арқылы бақылау жүргізу сияқты тақырыптар бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру.        Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және халықаралық сауданы жеңілдетуге, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ортақ бастамаларды ілгерілетуге деген өзара мүдделілікті растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1007167?lang=kk
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілері ХҚКО-ға келді 29.05.2025
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» республикалық онкүндігі аясында Өскемен қаласындағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығына «Үміт» балалар үйі мен «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері қонаққа келді. Бұл сапар «Кибер Тұмар» күніне орай ұйымдастырылып, балаларды заманауи цифрлық технологиялармен және мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері жас қонақтар үшін ХҚКО-да таныстыру экскурсиясын ұйымдастырып, мекеменің негізгі жұмыс бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Олар мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін қалайша заманауи цифрлық технологиялар арқылы ашық, ыңғайлы және қолжетімді етуге болатынын көрсетті.Экскурсия барысында балаларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірнеше аймаққа бөлінетіні түсіндірілді, мысалы: қызмет көрсету, жылдам қызмет көрсету, құжаттау, жайлылық аймақтары. Бұл клиенттерге қызмет көрсету процесін сұраныс түріне, мәселенің күрделілігіне және басқа да параметрлерге қарай тиімді әрі жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Балалар әсіресе өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына ерекше қызығушылық танытты, бұл жерде кез келген тұрғын оператордың көмегінсіз өз бетінше қызмет ала алады. Сонымен қатар, оларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деген не екені және кибергигиенаның негіздерін сақтау не үшін маңызды екені түсіндірілді.«Бүгінгі таңда цифрлық технологиялар әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Балалар тек оны қолдана біліп қана қоймай, сонымен қатар цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын түсінулері өте маңызды. Мұндай іс-шаралар цифрлық сауаттылықтың берік негізін қалауға көмектеседі деп есептеймін», — деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Азамат Есембулов.Іс-шара соңында балаларға Мемлекеттік корпорация қызметі мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне арналған шолу курсын өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Айта кетейік, іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006976?lang=kk
«Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Азамат Султанов «Алау» телеарнасы «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасында «Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласы» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/Hdjyka4MzEQ?si=uy2LrpkQr4ObgiV0 Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1006987?lang=kk
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы делегациясының Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне сапары туралы 29.05.2025
2025 жылғы 28 мамырда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы, Ирандағы және Пәкістандағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілі Оливер Штолпемен, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ ЕҚБ Бағдарламалар офисінің басшысы Мөлдір Сариевамен кездесті.Кездесу барысында делегацияға Комитеттің енгізілген бірегей ақпараттық және талдау жүйелері ұсынылды, соның арқасында қылмыстық процестің өтінішті тіркеуден бастап жазаны орындауға дейінгі барлық кезеңдері цифрландырылған.Тараптар БҰҰ ЕҚБ тарапынан ықтимал ынтымақтастық және бағдарламалық қолдау шеңберінде Комитеттің басым бағыттары мен өзекті қажеттіліктерін талқылады.Қонақтарға Комитет базасында іске қосылған синтетикалық есірткі өндірісінде әлеуетті пайдаланылатын прекурсорлардың, химиялық заттар мен жабдықтардың айналымын мониторингтеу жөніндегі Ұлттық ведомствоаралық орталығы — «Таргетинг» пилоттық жобаның жұмысымен танысуға ерекше көңіл бөлінді.  Сапар соңында Оливер Штолпе Комитет іске асыратын қадағалау және құқық қорғау қызметі процестерін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.БҰҰ ЕҚБ делегациясы өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұйымдастырылған қабылдау және ұсынылған толық ақпарат үшін ризашылығын, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1007026?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі IPRI конференциясына қатысты 29.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 27 мамыр – Исламабад саяси зерттеулер институты (IPRI) Оңтүстік және Орталық Азия үшін «Шығыс – Батыс» дәлізінің жүзеге асырылу мүмкіндігін бағалауға арналған кітаптың тұсаукесеріне арналған конференция ұйымдастырды. Аталған кітап IPRI мен RAND корпорациясы (АҚШ) арасындағы бірлескен ғылыми зерттеудің нәтижесі болып табылады.Конференцияның құрметті қонақтары ретінде Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал және Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин шақырылды.Іс-шара барысында аймақтық инфрақұрылым, өзара байланыстылық, сондай-ақ сауда-экономикалық салада өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелері талқыланды.Өз сөзінде Елші Е. Қыстафин бұл бағытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, еліміздің көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстанды әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең ірі елден өңір елдерін, соның ішінде Пәкістан арқылы да байланыстыратын маңызды транзиттік хабқа айналдыруды көздейді.Елші Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық бірлескен комиссиясының 13-отырысының қорытындылары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан, Түрікменстан, Ауғанстан және Пәкістан арқылы өтетін Транс-Ауған теміржолын салу жөніндегі бастама туралы айтты. Бұл бастама Пәкістанның теңіз порттарына шығуды қамтамасыз етіп, Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Бұл Оңтүстік және Орталық Азия арасындағы өңірлік сауданы жандандыруға және құрлықтар арасындағы байланысты нығайтуға, екіжақты серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1007040?lang=kk
Алматы облысы Қытаймен әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді.Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді алаңына айналды.Пекинде Қазақстанның Халық әртісі, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті. Шарада «Сазген», «Құлансаз» халық музыка ансамбльдері, Алматы облысының танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Композитордың шығармашылығы әлем сахнасында қазақстандық мәдениеттің бай мұрасы ретінде таныстырылды.Сапар аясында инвестициялық және өндірістік ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Облыс әкімі қытайлық бизнес пен мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, Пекин қалалық ХҚКК төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесіп, ауыл шаруашылығы, логистика, жасыл энергетика және жоғары технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. «Бір белдеу — бір жол» бастамасы аясында Алматы облысының транзиттік және өндірістік торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.2025 жылғы 22 мамырда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэнмен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Әкім Алматы облысының қазақ-қытай серіктестігін дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, Шанхаймен тұрақты даму мен цифрлық трансформация үлгісі ретінде ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.Маңызды кездесулердің бірі – логистикалық алпауыт YTO Express компаниясының басшылығымен өткен келіссөздер болды. Кездесу барысында облыс аумағы арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелері қаралды. Сонымен қатар делегация күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Astronergy компаниясының өндірістік қуаттарымен танысып, Қазақстанда өндірісті локализациялау және жаңартылатын энергия көздері бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.Келіссөздер нәтижесінде Zhuhai Shixi Technology, Wanjia Hotel Group, AT Partner, Jinxiang Investment Group және басқа да қытайлық компаниялармен меморандумдарға қол қойылды.Келісілген жобалар қатарында — Көлсай көлінде аспалы жол салу, сондай-ақ туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңартылатын энергия көздері мен ақпараттық технологиялар салаларындағы бірлескен бастамалар бар.2025 жылғы 23 мамырда Цзинань қаласында өткен ірі бизнес-форумға 300-ден астам қатысушы мен 124 компания жиналды. Форумда экспорт-импорт қатынастары, технологияларды дамыту, құрылыс материалдарын өндіру, көлік инфрақұрылымы және энергетика мәселелері талқыланды. Іс-шараға жылдық айналымы 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам корпорация қатысты. Форум Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты кеңейтуге маңызды алаң болды.Сапардың қорытындысында делегация Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсянмен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалды. Қазіргі таңда Алматы облысында қытайлық капиталдың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытаймен тауар айналымы 2023 жылы 1,082 млрд долларды, 2024 жылы 1,023 млрд долларды құрады. Шаньдун провинциясы сауда, инвестиция және мәдениет салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруда өңірдің басты серіктестерінің бірі ретінде қарастырылады.Сапар қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытаймен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті:«Алматы облысы жасыл энергетика мен туризмнен бастап логистика және агроөнеркәсіп кешеніне дейінгі барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге дайын. Қол қойылған келісімдер мен жасалған уағдаластықтар қытайлық әріптестер тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Біз бірлескен жұмысқа ашықпыз және нақты нәтижеге бағытталғанбыз».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007063?lang=kk
Аудан әкімі Қалжан ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулер аясында Қалжан Ахун және Сәкен Сейфуллин ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында облыс көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орындарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Президентіміздің Катар еліндегі іс-сапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 350 орындық Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 475 млн. теңгеге Қалжан ахун елді мекенінде ескірген электр желілері қайта жаңғыртудан өтуде.Есепті кездесулерде тұрғындар елді мекеннің өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1007072?lang=kk
ШЫМКЕНТТЕН МЮНХЕНГЕ АЛҒАШҚЫ ТІКЕЛЕЙ РЕЙС СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ 29.05.2025
SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Мюнхен қалалары арасында тікелей рейстерді бастады. Рейстер апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшақтар Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемесімен жүзеге асырылады және шамамен алты сағатқа созылады.Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1007073?lang=kk
5,6 мың тонна ақмолалық астық Италияға экспортталды 29.05.2025
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешу мақсатында Ақмола облысының әкімдігі өз құзыреті аясында астықты жақын және алыс шетелге экспорттауға қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылы ақпанда облыс әкімінің Эстония Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Ақмола облысы мен «Muuga Grain Terminal» астық терминалы арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңір диқандары үшін Еуропа елдеріне астық экспорттауға жол ашты. Ағымдағы жылы екі кәсіпорын жалпы көлемі 5,6 мың тонна астықты Италияға экспорттады. Оның ішінде «Содружество Трейд Восток» ЖШС Эстония аумағы арқылы 1,6 мың тонна өнім жөнелткен. Астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында экспорттаушылармен бірлескен жұмыс қарқынды жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1007116?lang=kk
Қонаев қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті 29.05.2025
Қаладағы Б. Соқпақбаев атындағы саябақта өткен мерекелік іс-шараға мәдениет және өнер саласының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Жиынға қатысушыларға құттықтау сөзін Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев арнады. Ол өз сөзінде мәдениеттің қоғам дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, әрбір мәдени көрініс — халықтың тарихы, тілі мен рухани мұрасының айнасы екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласы қызметкерлеріне өңірдің мәдени құндылықтарын сақтап, дамыту жолындағы жанқиярлық еңбектері үшін алғысын білдірді.Бүгінде Алматы облысында 293 мәдениет мекемесі жұмыс істейді, онда екі мыңнан астам маман қызмет етеді. 2025 жылы өңірде 2154 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, жастардың қатысу деңгейі 77 пайызды құрады.Салтанатты бөлім барысында мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерге мемлекеттік және салалық марапаттар табыс етілді. Оларға алғыс хаттар, құрмет грамоталары, «Мәдениет саласының үздігі», «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Еңбек даңқы» медальдары тапсырылды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған республикалық шаралар аясында мемлекеттік деңгейде де ерекше марапаттар табысталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Алматы облысының өкілдері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова — «Парасат» орденімен, ал «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблінің негізін қалаушы, мәдениет саласының ардагері Газиза Әбдиева — «Құрмет» орденімен марапатталды.Кәсіби байқау қорытындысы бойынша өңірдегі үздік мәдениет мекемелері анықталды. Жеңімпаздар қатарында:«Үздік кітапхана» номинациясы — Талғар аудандық кітапханасы;«Үздік музей» — Қарасай ауданындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы;«Үздік театр ұжымы» — «Қарадала» театры;«Үздік мәдениет үйі» — Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйі.Әрбір жеңімпаз мекемеге 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етілді.Жеке номинациялар бойынша да сала мамандары марапатталды. «Үздік мәдениет үйі қызметкері» аталымында Қонаев қалалық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі – Айнұр Бекбосынова үздік деп танылды. Ол өз сұхбатында ата-анасының мәдениетке арнаған өмір жолын жалғастырып келе жатқанын айтып, әріптестеріне алғыс білдіріп, барша әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты жиынның шарықтау шегі — жаңа JAC S3 Pro автокөлігінің кілтін табыстау болды. Бұл марапат облыстағы ең үздік мәдениет мекемесі ретінде танылған «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне берілді. Қарасай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлжан Дүйсенова бұл марапат ұжымның 2015 жылдан бері елімізде ғана емес, шетелде де өңір өнерін танытып келе жатқан он жылдық еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Жақында ансамбль Қытайда болып, көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертке қатысып қайтқан.Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды. Көрермендерге ұсынылған жанды орындаулар, халық және заманауи әндер шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлап, шараның көркем қорытындысы болды.Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — ұлттық мұраны ұрпаққа жеткізетін, қоғамға рухани азық беретін сала мамандарының еңбегі әрдайым жоғары бағалануға лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1007123?lang=kk
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет қызметкерлері форумы 29.05.2025
2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет қызметкерлері форумының аясында Dicolor, Robe, DiGiGo, L-Acoustics, ETC, Panasonic IMLIGH сынды жарық, дыбыс және басқа да техникалық құрал-жабдықтарды өндіретін ірі халықаралық компаниялардың шеберлік сабақтары мен семинар-тренингтері өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Мәдениет нысандары инженерлерінің қауымдастығы ұйымдастырды.«Мәдениет қызметкерлері форумы – 2025» аясында өткен «Театр өнері және концерттік қызмет» секциясына қатысқаны үшін «Көкшетау» мәдениет сарайының директоры, «Мәдениет саласының үздігі» Курманова Алия Нурсултановнаға; дыбыс режиссері, «Мәдениет саласының үздігі» Баженов Андрей Львовичке; жарық аппаратурасының техник-операторы Уразалин Серик Ерназаровичке; балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер – Шипилова Александра Валерьевнаға сертификаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1007142?lang=kk
eGov Mobile мобильді қосымшасында тұрғын үй кезегіне қою бойынша сұрақтарға жауаптар қолжетімді болды 29.05.2025
Бұл жаңарту 2025 жылғы 24 мамырдан бастап өтінімдер қабылданатын Отбасы банкінің жаңа интернет-порталы – orken.otbasybank.kz сайтының іске қосылуына орай енгізілді. Енді өтінім беру процесі толықтай онлайн режимде жүзеге асады – өтінім беру үшін ЭЦҚ арқылы авторизациядан өту қажет.«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі – Отбасы банкінің бірыңғай цифрлық платформасы ретінде жұмыс істейді және 14 мемлекеттік дерекқорға қосылған. Жүйе азаматтың тұрғын үйінің бар-жоғы, табысы, отбасы құрамы және мұқтаждық мәртебесі туралы деректерді автоматты түрде тексереді. Адам факторын болдырмай, есеп жүргізу толығымен автоматтандырылған.Өтінімді қарау нәтижесінде азаматқа шешім туралы SMS-хабарлама 1414 қысқа нөмірінен келеді – өтінімнің мақұлданғаны немесе бас тартылғаны көрсетіледі.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін eGov Mobile қосымшасында осы бағдарлама шарттарымен алдын ала танысуға көмектесетін анықтамалық ақпарат орналастырылған. Аталған бөлімді қосымшаның басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен табуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1020151?lang=kk
Қазақстан мен Италия өндірістік кооперация мен логистикалық әріптестікті нығайтуда 29.05.2025
Астана халықаралық форумы қарсаңында Астана қаласында Қазақстан-Италия бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Италия-Қазақстан сауда қауымдастығы (ACIK) екі елдің мемлекеттік органдарының қолдауымен ұйымдастырды. Форумның басты тақырыптары өндірістік кооперацияны дамыту, логистикалық тізбектерді цифрландыру және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту болды.Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, сондай-ақ салалық министрліктердің, ұлттық компаниялардың және бизнес өкілдері қатысты. Италия тарапынан MAIRE, ENI, Tenaris, Leonardo, Danieli, Bonifiche Ferraresi, Confindustria, Confapi және басқа да жетекші компаниялар мен қауымдастықтардың басшылары қатысты.Форум аясында «Қазақстанның жеткізу тізбегі және "Made with Italy" мүмкіндіктері» атты панельдік сессия өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Габидулла Оспанқұлов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Италия Қазақстанның үшінші маңызды сауда әріптесі екенін атап өтті, сондай-ақ 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 24%-ға артқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, сауда құрылымы әлі де тар ауқымды және оны әртараптандыру қажет.Г. Оспанқұлов серіктестікті тереңдетуге мүмкіндік бар негізгі салаларға жеке тоқталып өтті. Олардың қатарында көлік және логистика, энергетика, агробизнес пен цифрлық трансформация бар. Ол Қазақстан 2029 жылға дейін 80 млрд АҚШ долларын тарту арқылы 200-ден астам инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды көздеп отырғанын және халықаралық дәліздерді, соның ішінде Орта және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарын белсенді дамытып жатқанын атап өтті. Триест және Генуя порттарымен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық білдірілді. Сонымен қатар, ол жасыл энергетика мен жасанды интеллект салаларындағы әлеуетке назар аударып, Қазақстан бірлескен жоғары технологиялық бастамаларды іске қосуға дайын екенін айтты.«Жеткізу тізбектерін дамыту – бұл біз үшін өнеркәсіп, энергетика, АӨК және цифрлық технологияларды қамтитын стратегиялық үдеріс. Италиялық компаниялармен бірлескен жобалар терең локализация мен еуропалық нарықтарға шығудың қозғаушы күшіне айнала алады», – деп атап өтті ол.Сондай-ақ «Бизнес-кейстер мен үздік тәжірибелер» атты панельдік сессия өтті. Ол қазақстандық және италиялық компаниялар арасындағы табысты өзара іс-қимыл тәжірибесіне арналды. Талқылау барысында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов ұлттық компания италиялық инвесторларға алаңдарды іріктеуден бастап жобаларды барлық кезеңде сүйемелдеуге дейін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Ол бизнестің қызығушылығы тұрақты түрде жоғары екенін атап өтіп, бастамаларды талқылаудан олардың нақты іске асуына көшу маңызды екенін ерекше айтты.Форум былтыр қазан айында Миланда өткен екіжақты бизнес-форумда басталған диалогтың жалғасы болып, сонымен қатар Италияда өтетін келесі кездесу дайындығының бастапқы кезеңі ретінде қызмет етті. Іс-шара аясында B2B және B2G форматтарында кездесулер өтіп, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған нақты жобалар мен мүмкіндіктер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1006887?lang=kk
Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Лич ханым арасында кездесу өтті. 29.05.2025
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы серіктестікті талқылады. Әсіресе, өңірде ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жергіліктендіру мәселесіне баса назар аударылды.Марат Ахметжанов Ақмола облысының еліміздегі жетекші аграрлық өңірлердің бірі екенін атап өтті. Өңір азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарады.Айта кетейік, өңір жоғары сапалы бидай өндірумен ерекшеленеді, республикалық астық көлемінің 25 пайызға жуығы осы облыстың үлесіне тиесілі. Бүгінде аграрлық секторды жаңғырту, егіс алқаптарын ұлғайту және өнімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл өз кезегінде экспорттық әлеуеттің нығаюына ықпал етеді.Өз кезегінде Кэти Лич ханым да ынтымақтастыққа ниетті екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006921?lang=kk
Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрайды 29.05.2025
Биыл Ақмола облысында ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі 5,5 млн гектарды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.⏩ Аймақ басшысы бұл өткен жылмен салыстырғанда 52 мың гектарға артық екенін атап өтті. Мұндай өсім – диқандардың жоспарлы жұмысының нәтижесі және ауыл шаруашылығы саласындағы тұрақты қарқынның дәлелі.✔️ Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 430 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бүгінде, егіс жұмыстары 433 мың гектардан астам алқапта жүргізілді.«Егін егу науқанын жүргізу үшін, дайындық іс-шараларының барлық жұмыстары орындалды. Қысқы кезеңде, ылғал жинау мақсатында, 1,1 млн гектар алқапта қар тоқтату жүргізілді. 3 млн гектардан аса ылғал жабу жүргізілді. Егін егу алдында 2 млн гектардан аса топырақ өңделді, бұл өткен жылғыдан 3 есе көп»,— деп атап өтті Марат Ахметжанов.🔘 Әкім сондай-ақ тұқымның қажетті көлемі дайындалғанын хабарлады. Биыл ауамен жылытуға екі есе көп тұқым шығарылды. 2023 жылмен салыстырғанда минералды қоспаларды енгізу 3 есеге артатын болады.Мұның бәрі Үкіметтің уақытында қолдауының арқасында мүмкін болды. Облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері 10 млрд теңгеден астам сомаға 364 техника сатып алынды. Жалпы, егіс жұмыстарына 37 мың ауыл шаруашылық техникасы тартылатын болады.Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікті дизель отынының жеткілікті көлемі бөлінді, жөнелту белгіленген кесте бойынша жүргізілуде.✔️ Үкіметтің қолдауының арқасында көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру жүргізілді. Жеңілдетілген кредиттерге өтінімдер пулы 108 млрд теңгеден астам соманы құрады.100 млрд теңгеден астам сомаға 664 диқан несие алды. Несие қаражатын беру жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006928?lang=kk
Биыл Ақмола облысындағы егістік алқаптарының жалпы ауданы 5.5 млн гектарды құрап, өткен жылғыдан 52 мың гектарға артты. 29.05.2025
Өңірде ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту шаралары қарқын алды. Жыл басынан бері шаруалар 10 млрд теңгеге 364 бірлік техника сатып алды. Көктемгі дала жұмыстарына 37 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.Ақмола облысы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруда ел бойынша алдынғы қатарда. «Кең дала» және «Кең дала-2» бағдарламалары бойынша 108 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие өтінімдері қалыптасты. Қазіргі уақытта 664 шаруа 100 млрд теңгеден артық несие алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1006948?lang=kk
Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті 29.05.2025
Бүгін Самар ауданының жастарымен Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің басталуы туралы кездесу өтті. Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан Айқымбеков пен Самар ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов қатысты. Биыл аталған жобаның төртінші кезеңі өтеді. Қатысуға өтінімдер 1-30 маусым аралығында қабылданады. Ержан Айқымбеков іріктеу жүйесінің ерекшеліктері мен қойлылатын талаптарды түсіндірді. Ол мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, елге адал қызмет етуді мақсат еткен жастар қажет екенін атап өтті. Президенттік жастар кадр резерві – осындай азаматтарды анықтап, оларды кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа буыны ретінде қалыптастырудың тиімді құралы.Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1006962?lang=kk