Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Ертуған Өтегенов Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының жаңа орынбасары болып тағайындалды 29.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығымен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып Ертуған Кеңесұлы Өтегенов тағайындалды. Ертуған Кеңесұлы Өтегенов 1976 жылы 30 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.Еңбек жолын жеке компанияларда экономист болып бастаған.Мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінде 25 жылдан астам жұмыс жасайды.1999 жылдан бастап Салық комитетінің түрлі бейінді бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс жасады.2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1006814?lang=kk
БҰҰ Халықаралық бітімгерлер күнін атап өтуде 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 29 мамыр – 1948 жылы дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы алғашқы бітімгершілік операциясын Таяу Шығыста бастады.77 жыл ішінде БҰҰ 71 бітімгершілік операциясын өткізді. Оларға 150 елден 2 миллионнан астам бітімгер қатысты. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның 12 миссиясында 121 елден 80 000-нан астам бітімгерлер қызмет атқаруда.Қазақстанның БҰҰ-мен бітімгершілік жолындағы өзара іс-қимылы 2014 жылы Қазақстан қарулы күштерінің алғашқы әскери қызметкерін Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясына әскери бақылаушы ретінде жіберілген күннен басталды.Бүгінгі таңда 158 қазақстандық бітімгер БҰҰ-ның 6 миссиясында қызмет етеді. 2024 жылғы 15 наурызда Голлан биіктеріне құрамында 139 бітімгер бар ұлттық контингентті жолдау Қазақстан үшін үлкен жетістік болды.Қазақстандық бітімгершілік күштерді БҰҰ бітімгершілік миссияларына жіберудің мақсаты – жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы әлемдік қауымдастықтың күш-жігеріне ықпалдасу және Қазақстанның халықаралық беделінің артуына ат салысу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006830?lang=kk
«Нотариаттық палата: жаңашылдықтар мен перспективалар» 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 28 мамырында Қостанай облысы Нотариаттық палатаның төрағасы Азамат Баекин «Qostanai TV» телеарнасы «Бірінші студия» бағдарламасында «Нотариаттық палата: жаңашылдықтар мен перспективалар» тақырыбы төңірегінде сұхбат берді.Сілтеме: https://youtu.be/uUayNXK42Ds?si=oweRWr0jx_GHxyUN Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1006837?lang=kk
«Жаңа қала» шағын ауданындағы көше жөндеу жұмыстары 29.05.2025
Бүгін мердігер ұйыммен және қалалық коммуналдық қызметтермен бірге «Жаңа қала» шағын ауданындағы Нариман және Фролов көшелерінің қайта жаңғыртылуы жоспарланған учаскелерін аралап, көшпелі кеңес өткізілді.Фролов көшесінде, Абай даңғылы мен Баймағамбетов көшесінің аралығында ұзындығы 726 метр болатын жол учаскесін жөндеу көзделген. Жоба аясында жүріс бөлігі 7 метрден 10,5 метрге дейін кеңейтіледі, екі жолақты қозғалыс ұйымдастырылады, заманауи жарық шамдары орнатылады. Сонымен қатар, көлік тұрағы жолағы мен 48 автотұрақ орны қарастырылған.Нариман көшесінде бастапқыда Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейінгі бүкіл бөлікке қайта жаңғырту жүргізу жоспарланған болатын. Алайда қазіргі таңда жобадан Алтынсарин көшесінен Баймағамбетов көшесіне дейінгі аралықты алып тастау туралы шешім қабылданды — бұл жасыл желектерді сақтауға және инженерлік желілерге зақым келтірудің алдын алуға мүмкіндік береді.Осылайша, қайта жаңғырту жұмыстары Абай даңғылынан Алтынсарин көшесіне дейінгі учаскені қамтиды: жүріс бөлігі 7 метрден 14 метрге дейін кеңейтіліп, инженерлік желілер жаңартылып, жаңа көше шамдары орнатылады. Көшенің екі жағынан көлік тұрағы жолағы салынып, 66 автотұрақ орны қарастырылған.Атқарылатын жұмыстар «Жаңа қала» тұрғындары үшін, әсіресе көлік тұрағы мен жол жүктемесі өзекті болып отырған жағдайда, жолдардың өткізу қабілетін арттырып, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді деп сенеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1006596?lang=kk
«Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтті 29.05.2025
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында барлық өңірлердегі өнер және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани қазына – 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі өтті.Облыстық комиссияның қарауына келесі материалдар ұсынылды:«Үздік маңызы бар облыстық музей» номинациясы бойынша: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Әдебиет және өнер музейі» КММ;«Облыстық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» көпшілік іс-шаралар бөлімінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Мұратқызы;«Аудандық маңызы бар мемлекеттік музейдің үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі Комбатурова Ұлболсын Данияровна;«Үздік аудандық мәдениет үйі» номинациясы бойынша: Зеренді аудандық мәдениет үйі, Зеренді ауданы;«Үздік ауылдық мәдениет үйі (клубы)» номинациясы бойынша: Шуйское ауылдық мәдениет үйі, Атбасар ауданы;«Ауылдық мәдениет үйі, клубының үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Алтын Хавдраш – Зеренді ауданы, Ақадыр ауылдық клубы;«Аудандық  мәдениет үйінің үздік  қызметкері» номинациясы бойынша: Смагулов Талғат Елтайұлы – Егіндікөл  аудандық мәдениет үйінің режиссеры;«Облыстық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Әубәкірова Жадыра Мыңжасарқызы;«Қалалық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Көкшетау қалалық электронды кітапхананың кітапханашысы Нурлан Ольджабаевич Кстаубаев;«Аудандық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Жақсы орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесінің кітапханашысы Досымова Жұмагүл Сәметқызы;«Ауылдық маңызы бар кітапхананың үздік қызметкері» номинациясы бойынша: Атбасар орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесінің Бастау ауылдық үлгілі кітапхананың кітапханашысы Есенбаева Махаббат Жамбурбаевна.«Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Есіл орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі;«Үздік қалалық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Қосшы орталықтандырылған қалалық кітапхана жүйесі;«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша: Степногорск қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қарабұлақ ауылдық модельді кітапханасы;Қорытынды отырыс нәтижесінде «Аудандық (қалалық) маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясын Комбатурова Ұлболсын Даниярқызы, Ақмола облысы Ілияс Есенберлин әдеби музейінің меңгерушісі иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1006600?lang=kk
Қазақстандық салық мамандары Анкарада өткен ЭЫДҰ-ның трансферттік баға белгілеу жөніндегі халықаралық семинарына қатысты 29.05.2025
        2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Түркияның Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Көпжақты салық орталығы ұйымдастырған трансферттік баға белгілеу жөніндегі халықаралық семинарға қатысты.      Іс-шара «Train-the-Trainer» бағдарламасы аясында өткізіліп, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 12 елінен келген салық сарапшыларын біріктірді.      Семинар барысында қатысушылар трансферттік баға белгілеу саласында салық органдары тап болатын нақты жағдайларға негізделген практикалық кейстерді егжей-тегжейлі қарастырды. Ерекше назар бақыланатын мәмілелердің нақты мәні мен шарттарын дұрыс анықтауға, компаниялар тобы ішіндегі қаржылық операцияларды талдауға, пайданы бөлу әдісін қолдануға, сондай-ақ тұрақты өкілдіктерге салық салу мәселелеріне аударылды.      Қазақстандық мамандар талқылауларға белсенді қатысып, өздерінің кейстері мен оларды шешу тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, олар трансферттік баға белгілеу туралы Қазақстан заңнамасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде мұнай экспорты мәмілелерін автоматтандырылған мониторингтеу бойынша инновациялық жүйені таныстырып, халықаралық әріптестерінің қызығушылығын тудырды.      Іс-шара ЭЫДҰ-ның Салық саясаты және әкімшілендіру орталығы мен Анкарадағы Көпжақты салық орталығының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.О. Сапиевтің қатысуымен орын алды.      Мұндай іс-шараларға қатысу Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілендіру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1006602?lang=kk
Үлкен Нарын ауданында «Бизнеске жол» жобасы аясында бизнеспен дөңгелек үстел өтті 29.05.2025
«Бизнеске жол» жобасы аясында Үлкен Нарын ауданында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиковтың қатысуымен жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.«Бизнеске жол» жобасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшінші жыл қатарынан іске асырып келеді. Жоба кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, әкімшілік кедергілерді жоюға және шағын және орта бизнес саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Жер учаскелерін ресімдеуге, рұқсат алуға, инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына (гранттар, кредиттер, субсидиялар) қол жеткізуге байланысты проблемаларға басты назар аударылады.Кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлердің тәжірибеде кездесетін ең өзекті мәселелерін талқылады. Бақылаушы органдар тарапынан әкімшілік кедергілер, рұқсат құжаттарын алу кезіндегі бюрократиялық кідірістер және мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар тақырыптары көтерілді.Асылхан Ашиков мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол 2020 жылдан бастап нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізіліп жатқанын, дискрециялық өкілеттіктер қысқартылып жатқанын, ал мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электрондық форматқа ауыстырылғанын атап өтті.«Бизнеске жол» жобасы кедергілерді анықтап қана қоймай, нақты шешімдерді ұсынады. Жоба іске асырыла басталғаннан бері 150-ден астам кездесу өткізіліп, 100-ден астам проблемалық кейс шешілді. Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселелеріне, инфрақұрылымға қосылуға, монополистермен проблемаларға, мемлекеттік сатып алулар мен салықтық әкімшілендіруге қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнес мүддесі үшін жүйелі және практикалық жұмысы үшін алғыс білдірді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1006618?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі «CITIC Group» басшылығымен кездесу өткізді 29.05.2025
Астана, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қытайлық «CITIC Group» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесу өткізді.Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кешегі кездесуде аталған экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын талқылады.Жоғары технологиялық сектор, логистикалық инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағдарлана отырып, инвестициялық өзара іс-қимылға және Қазақстанда жаңа бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.«CITIC Group» – Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жұмысын бастаған ірі қытайлық инвесторлардың қатарында. Компания «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны және «Altyn Bank» АҚ сынды жобаларды жүзеге асырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1006650?lang=kk
Қазақстан мен Франция инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады 29.05.2025
Астана қаласында Қазақстан-Француз бизнес-форумы өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспайeв, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Франция Республикасының Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары жөніндегі уәкілетті министрі Лоран Сен-Мартен қатысты. Форум Қазақстан экономикасының негізгі салаларындағы серіктестікті кеңейту және француз инвестицияларын тарту перспективаларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Талқыланған негізгі бағыттар қатарында энергетика, агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы және орнықты қалалық даму мәселелері бар.Форум жұмысына мемлекеттік органдар, облыс әкімдіктері, Қазақстан мен Францияның іскер топтары мен салалық қауымдастықтарының өкілдерінен құралған 300-ге жуық делегат қатысты. Франция тарапынан Vinci, Sanofi, Schneider Electric, EDF, Veolia, Limagrain, Egis, Orano, Danone, Air Liquide, Bonduelle, Axens, Richel, IMV Technologies сияқты жетекші компаниялардың басшылары, сонымен қатар Францияның аймақтық сауда-өнеркәсіп палаталары мен MEDEF International ұйымының өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдері, салалық министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.Форум аясында «Ынтымақтастықты нығайту, әртараптандыру және инновациялар — Қазақстан-Франция қарым-қатынастарының даму болашағы» тақырыбында пленарлық және төрт параллель панельдік сессия өтті. Панельдік сессиялар энергетика мен көлік инфрақұрылымын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік ынтымақтастық, денсаулық сақтау және биотехнологиялар, сондай-ақ орнықты қалалық даму және коммуналдық қызмет көрсету тақырыптарына арналды.Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Қуантыров Қазақстан мен Франция арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті:«Франция — Қазақстанның Еуропалық одақтағы басты әріптестерінің бірі. Бүгінде елімізде француз капиталының қатысуымен TotalEnergies, Orano, Alstom, Vicat, Danone, Air Liquide сияқты 170-тен астам компания жұмыс істейді. Франция Қазақстанның ең ірі он сауда серіктесінің қатарына кіреді және ЕО елдерінің ішінде инвестиция көлемі бойынша бірінші орында тұр — соңғы жылдары бұл көрсеткіш $17 млрд-тан асты. Өткен жылы $300 млн көлеміндегі алты бірлескен жоба жүзеге асырылды, ал қазір 20-дан астам бастама қаралуда. Біз француз бизнесінің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз және инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз».Франция тарапынан сөйлеген спикерлер қазақстандық нарыққа қызығушылықтың жоғары екенін атап өтіп, басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Орнықты даму, өндірісті жергіліктендіру, технологиялар трансфері және екі ел компаниялары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Форумның қорытындысы ретінде әртүрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған коммерциялық келісімдерге қол қою рәсімі өтті. Сонымен қатар B2B және B2G форматтарында екіжақты кездесулер ұйымдастырылып, қатысушылар нақты бастамаларды және мемлекеттер арасындағы практикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1006558?lang=kk
Қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент–Будапешт–Шымкент бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын бастады 29.05.2025
Будапешт, 2025 жылғы 27 мамыр — Будапешт қаласындағы Ференц Лист атындағы халықаралық әуежайда қазақстандық «SCAT» әуе компаниясының Шымкент қаласынан орындалған алғашқы тұрақты рейсі салтанатты түрде қабылданды. Тікелей әуе бағытының ашылуына арналған рәсім шеңберінде ұшақ баспалдағында лентаны қию салтанаты өтті. Бұл шара Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіретін маңызды символға айналды.Осы айтулы оқиғаға орай, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен іскерлік қауым өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өз сөзінде аталған рейстің іске қосылуы сауда, инвестиция, туризм, мәдениет және гуманитарлық алмасу сияқты негізгі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюіне тың серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның ресми шақыруымен жүзеге асырған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жылы әрі сенімді қарым-қатынастың жемісі екенін атап өтті. Осыған байланысты Елші Мемлекет басшысының жуырда ғана Будапештке қайта келіп, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысқанын ерекше атап өтті. Бұл жайттар екі елдің де өзара серіктестікті тереңдетуге ерекше мән беріп отырғанының айқын дәлелі болып табылады.Өз кезегінде «SCAT» әуе компаниясының коммерциялық директоры Николай Буряков екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуын және компанияның Қазақстан мен Мажарстан арасындағы әуе байланысын орнатуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалатынын айтты. Бұл бағыттың ыңғайлы кестесі мен бәсекеге қабілетті тарифтері туристер мен іскер азаматтар үшін де тартымды болмақ.Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Левенте Мадьяр екі ел арасындағы туризм мен гуманитарлық алмасудың кеңеюі қолайлы саяси ахуал мен халықаралық аренадағы белсенді өзара іс-қимылдың, соның ішінде Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің нәтижесі екенін атап өтті. Ол «SCAT» әуе компаниясына Будапештке алғашқы рейсті жүзеге асырғаны үшін алғыс білдіріп, болашақта рейстердің жиілігі артатынына үміт білдірді.Шара соңында қатысушылар жаңа бағыттың табысты болатынына сенім білдіріп, қазақстандық әуе компаниясының кәсібилігі мен икемділігін жоғары бағалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1006559?lang=kk
Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде мәжіліс өтті 29.05.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.Жиын барысында өңірдегі кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайы талқыланып, бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар қарастырылды. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жобалардың орындалуы жөнінде ақпарат берді. Аудан басшысы шағын және орта бизнес аудан экономикасының негізі екенін атап, кәсіпкерлікті дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар ұсыныс-пікірлері тыңдалып, кәсіпкерлерді қолдау мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1006509?lang=kk
Ата-ана міндеті-бала тәрбиесі "Заң және тәртіп" тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті 29.05.2025
Аудан әкім Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі «Заң және тәртіп» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Сырдария ауданының прокуроры Абай Әлімбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары Әділхан Қанзадаев және Қасымхан Асанұлы, учаскелік полиция инспекторлары, зиялы қауым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, ата-аналар комитеті, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері қатысты. Аудан басшысы қоғамда өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. – Қазіргі қоғамда келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер – отбасылық құндылықтарды нығайту мен бала тәрбиесіне баса мән беру бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Ұстаз – ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ. Сондықтан да педагогтың әрбір әрекеті, сөзі мен қарым-қатынасы әдеп пен адамгершілікке негізделуі тиіс. Ұстаздардың кәсіби әдебі – жас ұрпаққа үлгі боларлық басты қасиеттердің бірі. Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Рухани байлық пен сана-сезімнің қалыптасуы ең алдымен отбасында басталады. Ал қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың кепілі – заңға деген құрмет пен оны сақтау. Біздің ауданымызда да отбасындағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық фактілері әлі де кездесіп отыр. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасауды қатаң тапсырды. Сондықтан біз балалардың тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарауымыз керек. Балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Ол – туған елін шексіз сүйетін, өз ісіне адал, еңбекқор, ізгі ұрпақ тәрбиелеу, – деді Берік Әбдіғаппарұлы. Бүгін таңда білім ошақтарында тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тәрбиеге қатысты ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылып, білім ошақтарында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу іс-шаралары қолға алынған. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түнгі уақытта жүрмеуін бақылау мақсатында рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып жатыр. Мәжілісте жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Асанұлы және білім мен тәрбие беру бағытындағы жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып және интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сырдария ауданы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дүйсенбаев хабарлама жасады. Хабарламашылар оқушыларға құқық бұзушылықтардың жауапкершілігі, ұрпақ тәрбиесіне гаджеттер мен әлеуметтік желілердің кері ықпалы және тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді.Келелі басқосуда мәдениет саласы ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Жантемір Айсин отбасы құндылықтары, мұғалім мен қоғам арасындағы ынтымақтастық жөнінде өз пікірін білдірді.Мәжіліс соңында аудан әкімі Берік Сәрменбаев оқу жылының аяқталуы және білім алушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жөнінде тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырлар берді. Сонымен қатар, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты түрде бақылауда болатынын ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1006476?lang=kk
Мерзімдік салықтық тексерулер қалай өтеді: салық төлеушілер нені білуі қажет 29.05.2025
Қазақстанның салық органдары тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді тексерулер жүргізеді. Бұл тәсіл ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — тексеру үшін компанияларды таңдау тәуекелдерді басқарудың арнайы жүйесінің көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.Тексеру кестесін ҚР Қаржы министрлігі жылына екі рет бекітеді және ведомствоның ресми сайтында жарияланады:25 желтоқсанға дейін — келесі жылға,25 мамырға дейін-екінші жартыжылдықта.Салық төлеушіні тексерудің басталғаны туралы 30 күннен кешіктірмей хабардар етіледі. Тексерудің өзі 30 жұмыс күніне созылады, бірақ салық органының шешіміне байланысты 45 немесе 60 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.Мысалы, банктер мен мемлекеттік органдардан қосымша құжаттар немесе мәліметтер сұратылған кезде уақыты тоқтатылуы мүмкін. Салық төлеушіні тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы міндетті түрде хабардар етіледі.Тексеру аяқталғаннан кейін тексеріс актісі тапсырылады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда-нәтижелер туралы хабарлама, оны 30 жұмыс күні ішінде орындау қажет. Келіспеген жағдайда уәкілетті органдарға немесе сотқа шағым табыстауға болады.Салық тексерулерін жүргізу тәртібі туралы толық ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/769211?lang=kk; https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/846669?lang=kk) қолжетімді.Тексерулер салық заңнамасының сақталуына және салықтардың уақтылы төленуін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1006479?lang=kk
Халықпен диалог: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» Үлкен Нарын ауданына барды 29.05.2025
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында Шығыс Қазақстанның мемлекеттік органдарының облыстық құрылымдарының мамандары халыққа көмек көрсету және «Заң мен тәртіп» идеяларын ілгерілету мақсатында Үлкен Нарын ауданына барды.Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.Ауданның 110-нан астам тұрғыны өздерін толғандыратын мәселелер бойынша білікті заң көмегін алды. Тұрғындар ең көп жүгінген мәселелерге тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау және медицина саласындағы проблемалар жатады. Барлық өтініштер мұқият қаралып, өтініш берушілер егжей-тегжейлі түсіндірілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1006484?lang=kk
«Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы 29.05.2025
«Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы Жетісу облысына қатысты коммуналдық мәселелер бойынша азаматтардың проблемалық өтініштеріне жедел ден қоюға арналған. Коммуналдық кәсіпорындардың барлық call-орталықтарын біріктіреді және өңір тұрғындарымен бірыңғай байланыс нүктесі болып табылады. «Қызмет 109» басты артықшылығы-көптеген мәселелерді қашықтықтан шешу, сондай-ақ оларды коммуналдық қызметтер тұрғысынан арнайы мәселелер бойынша бөлу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sp/press/news/details/1006489?lang=kk
Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша облыстық кеңес өтті 29.05.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық кеңес өтті.Президент бірнеше рет атап өткендей, қазіргі таңда әлемдік деңгейде капитал үшін күрес күшейіп отыр. Мұндай жағдайда дер кезінде шешім қабылдап, жедел әрекет ету – басты талап. Осыған байланысты өңір үшін индустриялық, инфрақұрылымдық және аграрлық бастамаларды іске асыру маңызды басымдық болып табылады.Кеңес жұмысына облыстық басқармалар басшылары, аудан және қала әкімдері, сондай-ақ инвестициялық жобалардың бастамашылары мен өкілдері қатысты.Өнеркәсіптік сектордағы негізгі жобаларКеңес барысында өңір экономикасы үшін елеулі нәтиже беретін бірқатар жүйелі жобалар қаралды. Олар өңдеу өнеркәсібінің өсіміне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және ілеспе салалардың дамуына ықпал етеді.Атап айтқанда:KIA автокөлік зауыты (105 млрд ₸, қуаты – жылына 70 мың автокөлік, 1 500 жұмыс орны);KamLitKZ жетекші көпір тетіктерін шығару зауыты (82,5 млрд ₸, 550 жұмыс орны);ERG және ССГПО жүзеге асыратын ыстық брикеттелген темір өндірісі жобасы (532 млрд ₸, жылына 2 млн тонна, 1 000 жұмыс орны);Solidcore Resources компаниясының жаңартылатын энергия көздері жобалары — күн және газпоршеньді электр станциялары, сондай-ақ газ тарату станциясы;«Кондитерлік астана» фабрикасы, астықты терең өңдеу зауыты, автокомпоненттер өндірісі мен «Qostanay» құрғақ порты сияқты логистикалық жобалар.Әрбір жоба бойынша инвестор өкілдері тыңдалып, инфрақұрылымдық және рәсімдік мәселелерді шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Олардың қатарында – жер телімдерін бөлу, инженерлік желілерге қосылу, сараптама қорытындыларын алу мәселелері бар.АӨК саласындағы инвестицияларКеңестің жеке блогында Солтүстік Қазақстан облысының табысты тәжірибесін тарату аясында аудандар ұсынған АӨК саласындағы 34 жоба қаралды. Жалпы жоспарланған инвестиция көлемі — 110,6 млрд ₸.Оның ішінде:«Тобыл» ӘКК арқылы — 82,3 млрд ₸,жеке қаражат — 15,5 млрд ₸,басқа көздерден — 12,8 млрд ₸.Бүгінде 42,4 млрд ₸ болатын 15 жоба жобалық-сметалық құжаттамамен қамтамасыз етілген. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр.Аудан әкімдері жобалардың дайындық деңгейі мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндама жасады. Жобалардың техникалық қана емес, экономикалық негіздемесі де нақты болуы тиіс — шикізат көзі, өткізу нарығы және бизнес-модель анық болуы керек.Аудан және қала әкімдеріне қойылған талаптарОблыс әкімі барлық инвестициялық жобалардың жеке бақылауында екенін атап өтті. Аудан әкімдеріне формализмге жол бермей, шынайы мазмұны бар бастамалармен айналысу тапсырылды.«Әкімдерге тапсырма: әдемі есеп емес, нақты жұмыс көрсетіңіздер. Жұмыс орындары, салық түсімдері мен халық табысы артатын жобалар қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Облыс әкімінің айтуынша, бірқатар аудандар ұзақ уақыт бойы бірде-бір жаңа жоба ұсынбаған. Бұл – бүгінгі жағдайда, әсіресе жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге сұраныс артып тұрған кезде, жол беруге болмайтын жағдай.Сондай-ақ, әкімдіктердің сайттарында инвестициялық әлеует бойынша ақпаратты жаңарту, «Тобыл» ӘКК, Kazakh Invest және салалық басқармалармен тығыз байланыс орнату қажеттігі атап өтілді.ҚорытындыКеңес қорытындысы бойынша әрбір бағыт бойынша жұмысты жандандыру, жобаларды іске асыруға толық дайындау және алдағы айларда нақты нәтиже көрсету тапсырылды.«Даму – ұран емес. Бұл – барлық деңгейдегі жүйелі, күнделікті әрі талапшыл жұмыстың нәтижесі», – деп қорытындылады облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1006498?lang=kk
«Өтінімдерді мемлекеттік тілде қабылдау» тақырыбына дәріс өткізілді. 29.05.2025
Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі СҚО Әділет деапратментінің қызметкерлеріне «Өтінімдерді мемлекеттік тілде қабылдау» тақырыбына дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1006275?lang=kk
ШҚО Алтай ауданының тұрғындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында заң көмегін алды 29.05.2025
Халық арасында «Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету, сондай-ақ азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына барды.Акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Тұрғындарға құқықтық кеңесті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіби заңгерлер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер берді.Іс-шара барысында ауданның 150-ден астам тұрғынына заң көмегі көрсетілді. Өтініштердің ең көп саны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды. Барлық өтініштер сол жерде қаралып, азаматтарға білікті түсініктемелер берілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы құқықтық сауаттылықты арттыруға және адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ете отырып, облыстың басқа аудандарында жұмысын жалғастыруда.Естеріңізге сала кетейік: егер Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына хабарласыңыз (тәулік бойы жұмыс істейді).#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1006353?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: ШҚО Алтай ауданында активпен кездесу өтті 29.05.2025
Қоғамда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков аудан активімен кездесті.Кездесу аясында Асылхан Ашиков қатысушыларға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі түсіндірді.Мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына, ашықтық, есептілік және парасаттылық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің қоғам алдындағы дербес жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.Кездесуге қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарымен бөлісіп, өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша құзыретті түсініктемелер ала алды.Мұндай іс-шаралар құқықтық хабардарлықты арттыруға, мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуға және қызметкерлер мен халық арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/1006374?lang=kk
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде 29.05.2025
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясыҚазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде 30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.Федоров ауданында аталған іс-шара 30 мамыр күні сағат 11:00-де, Федоров ауылы, Гоголь көшесі 15, «Жастар» АМҮ мекенжайы бойынша өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1006375?lang=kk