Жаңалықтар
Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады? 21.05.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келіп түскен сұраққа жауап береді. СҰРАҚ: Мен сенімсіздер тізімінде екенімді білдім. Сенімсіздік қандай критерийлер бойынша танылады? ЖАУАП: Салық міндеттемелерін уақтылы және адал орындамайтын салық төлеушілер сенімсіздер тізімге енуі мүмкін:- пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген және ЖК үшін 10 АЕК-тен астам, ЗТ үшін 150 АЕК-тен астам берешегі бар;- әрекетсіз деп танылған, яғни белгіленген мерзімнен кейін 1 жыл ішінде декларация (есептілік) ұсынбаған;- жалған кәсіпорындар деп танылған;- банкрот деп танылған;- заңды мекен-жайы бойынша жоқ;- тіркелуі жарамсыз деп танылған. Егер ЖК мен ЖШС сенімсіз тізімге енген жағдайда, салық міндеттемелерін толық көлемде орындау қажет: есептілікті тапсыру, салықтарды төлеу және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 272-бабы бойынша хаттама жасау үшін орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну. Сенімсіз салық төлеушілердің тізімі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміндегі «Электрондық қызметтер» мәзірінде жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/998078?lang=kk
Қазақстанда қолма-қол есеп айырысу қалай жүргізіледі? 21.05.2025
Қазақстанда қолма-қол есеп айырысу қалай жүргізіледі?Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол есеп айырысу келесідей жүзеге асырылады:Кассалық аппараттар арқылы: сауда қызметін жүзеге асыратын немесе халыққа қызмет көрсететін барлық кәсіпорындар мен кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалануға міндетті. Бұл әрбір қолма-қол есеп айырысу фактісін тіркеуге және клиентке кассалық чек беруге мүмкіндік береді.Банктердің есеп айырысу кассалары арқылы: қолма-қол ақша банк кассалары арқылы есепшотқа салынады немесе есепшоттан алынады. Мұндай операциялар әдетте кіріс және шығыс кассалық ордерлер сияқты банк құжаттарымен расталады.Төлем терминалдарын пайдалану: сауда нүктелері мен кәсіпорындарда клиенттердің қолма-қол ақшамен төлем жасауына мүмкіндік беретін төлем терминалдары орнатылады. Терминалдар тиісті чек немесе түбіртек береді.Квитанциялар мен тауарлық чектер: кейбір жағдайларда, ұсақ сатып алулар немесе қызметтер үшін қолма-қол төлемдер сатушы немесе қызмет көрсетуші берген тауарлық чектермен немесе квитанциялармен расталуы мүмкін.Сома шектеулері: заңмен қолма-қол есеп айырысу бойынша ең жоғары сомаға шектеулер белгіленген. Мысалы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бір жолғы қолма-қол есеп айырысу сомасына лимит орнатылуы мүмкін.Салық заңнамасының сақталуы: барлық қолма-қол операциялар кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көрініс табуы және салық декларацияларына енгізілуі тиіс. Салық салу мақсатында қолма-қол есеп айырысулар құжатпен расталуы қажет.Бұл шаралар қаржы айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, салықтан жалтарудың алдын алуға және Қазақстандағы қаржылық тәртіптің сақталуына бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1006550?lang=kk
Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы ҚР ҚМ МКК Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалды 21.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2025 жылғы 15 мамырдағы бұйрығымен Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/998063?lang=kk
Ұландық семсершілер Колумбиядағы Халықаралық Гран-приде жүлдегер атанды 21.05.2025
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері дене шынықтыру дайындығы мен жауынгерлік рух тек қызметте ғана емес, сонымен қатар үлкен спортта да жоғары жетістіктердің кепілі екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстандық семсерші, дене шынықтыру және спорт бойынша аға маман ефрейтор Руслан Құрбанов Боготада (Колумбия) өткен қылышпен семсерлесуден беделді Гран-придің күміс жүлдесін иеленді.Жартылай финалдық жекпе-жекте Руслан Құрбанов Өзбекстан елінің өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңіп, жекпе-жектегі шеберлігін көрсетті. Ақтық сында ол жапондық🇯🇵 Акира Коматамен кездесіп, 10:15 есебімен жеңілді. Десек те, жоғары көрсеткіштері арқылы тұғырлы екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдені Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон өзара бөлісті.Дене шынықтыру бойынша аға маман ефрейтор Ерлік Сертай да кәсіби қабілетін танытып, Гран-придің ең мықты он спортшысының қатарына енді. Дода нәтижесінде ол сегізінші орыннан табылды.Ұландықтардың халықаралық аренадағы жетістіктері — Ұлттық ұлан қатарында спортты дамытуға бағытталған қажырлы жаттығулардың, нұсқаушылардың кәсібилігінің және жүйелі жұмыстың нәтижесі. Осы деңгейдегі жарыстарға қатысу жауынгерлік рухты нығайтады, сондай-ақ әскери қызметтің беделін арттырады және жас ұрпақты Отан қорғау ісін таңдауға шабыттандырады.Ұландықтар Қазақстанды тек сапта ғана емес, сонымен қатар спорттық аренада да сенімді қорғап, ел намысы мен құқықтық тәртіп әскерлерін лайықты таныстырып келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/998066?lang=kk
АҚИҰ Бас директорының Мароккоға сапары өтті 21.05.2025
Рабат, 2025 жылғы 15 мамыр – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Б.Арын Марокко Корольдігінде жұмыс сапармен болды.Сапар аясында Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы Р.Әл Талби, Сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелде тұратын марокколықтар министрі Н.Бурита, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысы Р.Арраш, Ауыл шаруашығын зерттеу жөніндегі ұлттық институтының директоры Л.Ғаути және Құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылығын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICARDA) Бас директоры А.Абусаббамен кездесті.Кездесулерде марокколық тарап Қазақстанның АҚИҰ шеңберінде белсенділігін ерекше атап, Марокко Ұйымның түрлі жобаларына, әсіресе Африка құрлығына көзделген жобаларға қатысуы, атап айтқанда фосфатқа бай ел ретінде ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш жеткізу саласында ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/998068?lang=kk
Астанада елордалық бригаданың сарбаздары Отанға адал болуға ант берді 21.05.2025
Әскери ант қабылдау рәсімі «Отан қорғаушылар» мемориалының жанында өтті. Іс-шараға Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, Қарулы күштер ардагерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.Ант қабылдауға дейін жас сарбаздар бастапқы жас жауынгер курсын өтіп, саптық, тактикалық, атыс, дене және инженерлік дайындықтың негіздерін меңгерді.– Салтанатты антта терең адамгершілік және рухани мән жатыр. Әскери ант – бұл әскери борышты адал орындау, жоғары жауапкершілік және алғашқы бұйрықпен-ақ Отанды қорғауға дайын болу, – деді 68665 әскери бөлімінің командирі полковник Абай Әлібеков.Бұл шақыруда арнайы мақсаттағы бригадада Түркістан облысынан әскерге алынған Сүндетхан және Медетхан Жолдас есімді егіздер қызмет ететін болады.– Біз өмірде әрдайым бірге жүрдік – мектепте де, спортта да, енді міне, армияда да. Бұл кезеңді де абыроймен және сенімді түрде өтеміз деп ойлаймын, – деді Сүндетхан Жолдас.Рәсім барысында әскери қызметшілер қатысушыларға қоян-қолтық ұрыстың әдістері мен құрмет қарауыл ротасының көрсетілімін ұсынды. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды. Әсет Әлиханның армия жайлы өз әнін домбырамен орындауы шараға ерекше реңк берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997947?lang=kk
Ұландықтар мини-футболдан мықтыны анықтады 21.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының спорт залында мини-футболдан командалық чемпионат өтті.Турнирге құқықтық тәртіп әскерлерінің басқармалары, қызметтері мен орталықтарынан құралған 15 команданың 120 әскери қызметшісі қатысты.Жарыстың басты мақсаты — әскери ұжым арасында командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.Турнир қорытындысы бойынша:I орын — Әскерлерді басқару орталығының командасы;II орын — Автоматтандыру басқармасының командасы;III орын —Жауынгерлік даярлық бас басқармасы, Әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бөлімі командасы иеленді Жеке номинациялар бойынша:Үздік ойыншы — серверлік жабдықтар бойынша техникалық көмек тобының маманы (технигі) қатардағы Әділ Жандәулет;Үздік қорғаушы — ақпараттық-баспа бөлімі бейнестудия бөлімшесінің бастығы капитан Ұлан Борамбаев;Үздік қақпашы — Әскерлерді басқару орталығы қызметі бастығының көмекшісі сержант Еркін Қабылов;Ең үздік гол авторы — ИТЖ орталығы техникалық күзет құралдары тобының маманы (технигі) аға сержант Сәбит Жақсыбаев үздік деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.Спартакиада — Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында бірлік, кәсібилік пен спорттық шеберлікті нығайтуда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/997882?lang=kk
Қазақстан мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым климат және су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2025
Женева, 2025 жылғы 16 мамыр – Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев пен ДМҰ Бас хатшысы Селеста Сауло ханымның кездесуі өтті. Тараптар гидрометеорология, табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелері және су ресурстарын орнықты басқару салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.Қазақстан CARFFGS жобасына – Орталық Азиядағы жылдам дамитын сел тасқындарын болжау жөніндегі өңірлік жүйеге қатысуды жалғастыруға мүдделілік білдірді. Сыртқы қаржыландырудың тоқтатылуына байланысты жоба тоқтап қалу қаупіне тап болды. Осыған орай, Қазақстан бұл жүйені 2016 жылдан бері Орталық Азия өңірлік орталығы ретінде қабылдап отырған Қазгидромет базасында жалғастыру тетіктерін қарастыруда ДМҰ-ның қолдауын сұрады.Сонымен қатар, өңірде көпқатерлі ерте ескерту жүйелерін дамытуға қолдау білдірілді. Ерекше назар жүйелерді цифрландыруға, кадрлар даярлауға және ескерту тетіктерін өңірлік ерекшеліктерге бейімдеуге аударылды.Кездесу барысында су ресурстары мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан трансшекаралық мәселелерді қоса алғанда, гидрологиялық мониторинг пен су ресурстарын орнықты басқару бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін білдірді.Кездесу соңында Қазақстан тарапы 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік климаттық саммитке ДМҰ-ны қатысуға шақырып, ұйымның саммит күн тәртібін және ұсыныстарын қалыптастыруда сараптамалық қолдау көрсетуіне үміт білдірді.Өз кезегінде, ДМҰ Қазақстанның орнықты даму мәселелеріне бейілділігін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/997849?lang=kk
Қазақстан мен Чехия кітапхана-мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 21.05.2025
Прага, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чех Республикасының Ұлттық кітапханасының Бас директоры Томаш Фолтынмен кездесу өткізді.Кездесу барысында қазақ және чех мәдениеттерін ілгерілетуге, сондай-ақ екіжақты гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Чех Республикасының Ұлттық кітапханасы арасында институционалдық әріптестік орнатуға өзара қызығушылық білдірілді. Ынтымақтастық аясында бірлескен көрмелер ұйымдастыру, баспа өнімдерімен алмасу, кітапхана қорларын цифрландыру және кітапхана-ақпараттық технологиялар саласында кәсіби өзара іс-қимылды дамыту көзделуде.Томаш Фолтын чех тарапының ынтымақтастықты кеңейтуге және тиісті меморандумға қол қоюға дайын екендігін растады. Сонымен қатар, ол 2025 жылғы 18–22 тамыз аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресіне чех делегациясының қатысу жоспарлары туралы хабарлап, қазақстандық әріптестермен мазмұнды диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.Кездесу аясында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өту аясындағы мәдени алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Елші Елшіліктің чех тілінде Абайдың «Қара сөздерінің» арнайы басылымын жарыққа шығаруды жоспарлап отырғанын және оны Чех Ұлттық кітапханасының ғимаратында таныстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Кездесу Қазақстан мен Чехия арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейтуге өзара қызығушылықты растап, екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы тұрақты әріптестіктің негізін қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/997852?lang=kk
Қазақстан СІМ-де мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 21.05.2025
Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев Қазақстан халықаралық мектебі (Kazakhstan International School – KIS) директорлар кеңесінің төрағасы Ханс Деваелемен кездесу өткізді.Сұхбаттастар халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, мәдениетаралық түсіністікті кеңейту және Қазақстан балаларына сапалы білім беру мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.Мектеп өкілдері шетелдік және отандық оқытушылардың бірлескен еңбегі арқылы оқу орны жоғары халықаралық стандарттарға сай білім беріп келе жатқанын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.KIS – халықаралық стандарттар бойынша оқытатын жеке халықаралық мектеп. 2024 жылы Астанада мектептің жаңа кампусы ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/997859?lang=kk
Қазақстанның стратегиялық рөлі Испаниядағы академиялық пікірталастың өзегінде 21.05.2025
Мадрид – Кадис, 2025 ж. 15 мамыр – Кадис университетінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша халықаралық зерттеулер орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі» тақырыбындағы конференция өтті.Іс-шара барысында Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев сөз сөйлеп, Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарын, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен орнықты дамуға қолдау көрсету бағытындағы халықаралық сахнадағы бастамаларын таныстырды.Елші өз сөзінде Қазақстанның көпжақты ынтымақтастық қағидаттарына бейілділігін айқындайтын «Астана халықаралық форумы» (AIF2025) мен БҰҰ аясында Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру бастамаларына ерекше назар аударды.Өңірлік күн тәртібі туралы айта келіп, қазақстандық дипломат Орталық Азияның жаһандық үдерістердегі өсіп келе жатқан маңыздылығын және Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұмтылысын атап өтті. Осы тұрғыда Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды кеңейтудің перспективалық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКМ) дамытудағы рөліне айрықша мән берілді.Конференцияға қатысушылар Қазақстанның өңірдегі сындарлы рөліне тоқталып, елдің ЕО-ның негізгі серіктесі ретіндегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ пікірталас аясында Қазақстанның өңірлік тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі «орта держава» ретінде орнығуы оң бағаланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/997860?lang=kk
Премьер-Министр Олжас Бектенов Қостанай облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты 21.05.2025
Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Арқалық қаласына барып, Мемлекет басшысының тапсырмалары негізінде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысын тексерді.Сапар барысында Үкімет басшысы облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге қаладағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, көлік, энергетика, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстардың жүзеге асырылу барысымен танысты.⸻Көлік инфрақұрылымын дамытуАрқалықта орналасқан әуежайды қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Жобада жаңа жолаушылар терминалын салу, ұшу-қону жолағын, перрон мен рульдік жолақты қайта жаңарту көзделген. Жоба аяқталғаннан кейін әуежай АН-24, Q400 және CRJ 200 сияқты әуе кемелерін қабылдай алады. Сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған.Сондай-ақ, Арқалық арқылы өтетін «Орталық – Батыс» автомагистралінің құрылысы өңірдің көлік байланысын жақсартып, елорданы Транскаспий халықаралық дәлізімен тікелей байланыстырады. Бұл жоба қаланың логистикалық әлеуетін күшейтіп, экономикалық дамуға серпін береді.⸻Энергетика және жылумен қамтуАрқалық қаласында жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соңғы екі жылда 17 шақырым жылу желісі ауыстырылды, ағымдағы жылы тағы 9,9 шақырым жаңартылады. Сонымен қатар, мазуттан көмірге көшу арқылы кәсіпорын 2,2 млрд теңге көлемінде үнемге қол жеткізді. Бұл 2024–2025 жылғы жылыту маусымын апатсыз өткізуге мүмкіндік берді.⸻Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуҰлттық «Комфортты мектеп» жобасы аясында Арқалық қаласында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу орнында STEM зертханасы, цифрлық кітапхана, робототехника кабинеті және шығармашылық студиялар жұмыс істейді.Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің инфрақұрылымы да кеңейтілуде. Университеттің бір ғимараты қайта жаңғыртылып, заманауи оқу-зертханалық кешенге айналмақ. Жоба іске асқаннан кейін білім алушылар саны 2,6 мыңнан 5,2 мыңға дейін өседі, жаңа білім беру бағыттары ашылады.Қалалық аурухананың құрамындағы перзентхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде. Шатыр, жылыту, су және кәріз жүйелері жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 70%-ы аяқталған. Жөндеу аяқталғаннан кейін нысан заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.⸻Арқалық – даму әлеуеті жоғары өңірлік орталықАрқалық қаласы стратегиялық маңызға ие өңірлік орталық ретінде жаңаша дамып келеді. Мемлекеттік қолдаудың және жоспарлы жұмыстың арқасында қалада инфрақұрылым жаңартылып, халықтың өмір сапасы жақсарып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/997838?lang=kk
Көкшетауда екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын 21.05.2025
Облыс орталығында Вернадский мен Әшімов көшелерінің қиылысында орналасқан 45 пәтерлі екі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған және қолайлы жоспарымен, заманауи жобалық шешімдерімен ерекшеленеді.Қазіргі таңда үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері жаңа пәтер кілттері иелеріне табысталмақ.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.«Integra» құрылыс компаниясының өкілі Дәурен Тлеубердиновтің айтуынша, бүгінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Апта соңына дейін асфальт төсеу жоспарланған. Аулада спорт және балалар алаңдары қарастырылған.Айта кету керек, бұл көпқабатты тұрғын үй кешені төрт үйден тұрады. Екі тұрғын үйдің тұрғындары облыс әкіміне алғыстарын білдірді.«Жаңа ойын алаңында күні бойы балалар ойнап жүреді. Аула көркейіп, жайлы әрі тартымды бола түсті», – деді шағынаудан тұрғыны Сәкен Төканов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/997844?lang=kk
Қазақстан әскери делегациясы Әзербайжан қорғаныс ведомствосында болды 21.05.2025
Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қорғанысты басқару ұлттық орталығының бастығы генерал-майор Фазылолла Баденов бастаған әскери делегация Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығының қызметімен танысты. Сапар аясында Қазақстан әскери қызметшілері Шехидтер аллеясына барып, Әзербайжанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін өмірін қиған батырларға тағзым етті.Сондай-ақ, қазақстандық делегация Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік басқару орталығына, Әзербайжан Қарулы күштері Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің командалық пункттерінде болды. Әскери қызметшілер үшін әскерлердің күнделікті қызметі туралы, сондай-ақ дағдарыс және төтенше жағдайлар кезінде басқарудың қолданыстағы алгоритмі туралы брифинг ұйымдастырылды.Тараптар мұндай байланыстар мен тәжірибе алмасу сенімді нығайтуға ықпал ететінін және екі елдің қарулы күштерін орталықтандырылған жауынгерлік басқару саласын жетілдіруге жұмыс істейтінін атап өтті.Жұмыс сапары Әзербайжан мен Қазақстан Қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997786?lang=kk
Пәкістан мен Қазақстан БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін медиаконтентпен алмасуға ниетті 21.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 16 мамыр — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқаков пен Пәкістан Ислам Республикасының Ақпарат және телерадиохабар тарату министрінің бірінші орынбасары Амбрин Жан ханымның қатысуымен бейнеконференция форматында кездесу өтті.Кездесуде Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин ақпарат және медиаконтент алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 29 сәуірде өткен Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-отырысы аясында ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын хабарлады.Тараптар «Хабар» ұлттық телеарнасының Исламабадта және PTV телеарнасының Астанада тілшілік кеңсесін ашу; теледидар және медиаконтентпен өзара алмасу перспективалары; музыкалық телеарналар арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ биылғы жылы Қазақстан киносы күндерін Пәкістанда және Пәкістан киносы күндерін Қазақстанда өткізу мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Пәкістан халықтарына қазіргі жағдай мен екіжақты өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері туралы шынайы ақпарат беру мақсатында ақпарат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/997768?lang=kk
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!": Қостанайда Отбасы күніне орай флешмоб және концерт өтті 21.05.2025
Қостанайда Халықаралық Отбасы күніне және ҚР ІІМ жариялаған Профилактика жылына орайластырылған флешмоб пен мерекелік концерт өтті. Ауқымды акция "Заң мен тәртіп – полиция бақылауында" ұранымен ұйымдастырылып, "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" челленджінің бір бөлігіне айналды.Қостанай облысы ПД Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Мадина Валиеваның айтуынша, іс-шараның мақсаты – қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту.Облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңға 300-ге жуық колледж студенті жиналды. Олар "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" деген жазуды бейнелеп, шарлар мен жалаушаларды бұлғап, қала тұрғындарының назарын аударған жарқын әрі есте қаларлық көрініс жасады.Бастамаға облыстық мәдениет және спорт басқармасының өкілдері, әскери қызметшілер, ТЖД қызметкерлері, дәрігерлер, "БАРС" және "ДОС" іздестіру-құтқару жасақтарының еріктілері, сондай-ақ "Әйелдер күштері альянсы" үкіметтік емес ұйымы қолдау білдірді.Іс-шараның жарқын сәттерінің бірі – Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының Қостанай филиалының жас каратэшілерінің көрсетілімдік нөмірі болды. Олардың өнері агрессияны күшке, тәртіпке және өзін-өзі басқаруға айналдыруға болатынын символдық түрде көрсетті.Бас сенсей Айсұлу Әбілханова атап өткендей:"Спорт – бақылауды, тәртіпті, сыйластықты үйретеді. Бұл – агрессиясыз күш! Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!"Іс-шара барысында полиция қызметкерлері отбасылық зорлық-зомбылық жағдайында көмекке жүгінуге болатын сенім телефондары мен қызметтердің байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық жадынамалар таратты.Қостанай облысы әкімінің аппаратындағы әйелдер мен балалар істері жөніндегі бас инспектор Айсұлу Исмаилова мұндай акциялардың ағарту мен алдын алу құралы ретіндегі маңызын атап өтіп, барлық отбасыларға өзара түсіністік, үйлесімділік пен сүйіспеншілік тіледі.Іс-шара қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/997760?lang=kk
«ҚР АШМ ВБ ж ҚК Денисов ААИ» ММ көрсетілетін ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер 21.05.2025
Денисов ауданы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың мәліметі алу үшін, «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді ұсынады:1.«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру».2.«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру».3.«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».4.«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру».5.«Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру». «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ, 2025 жылдың басынан бастап жалпы саны 401 ветеринариялық сертификат, оның ішінде 12520,29 тонна көлемінде Иранға жемдік арпа экспорттау үшін 197 ветеринариялық сертификат; 9763,56 тонна көлемінде Қытайға бидай жем ұны экспорттау үшін 204 ветеринариялық сертификат берілді. Кәсіпорындардың ветеринариялық-санитариялық Ережелерді сақтауы (сәйкессіздігі) бойынша 6 ветеринариялық-санитариялық қорытынды берілді. Ветеринариялық препараттарды сақтау және өткізу жөніндегі ұйымға 1 (бір) тіркеу нөмірі берілді. Жануарларды союды және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс орындарына (сою алаңдары) 5 тіркеу нөмірінің қолданылу мерзімі ұзартылды. Иранға жемдік арпаны сатуға 24 рұқсат, Қытайға бидай жем ұны сатуға 8 рұқсат берілді. Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне 8 сараптама актісі (сынақ хаттамалары) берілді.Көрсетілген қызметті алушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап алу үшін Денисов ауылында Калинин көш.58, орналасқан «ҚР АШМ ВБ және ҚК Денисов ААИ» ММ жүгіну қажет, байланыс тел. 8(71434)2-11-48.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-kyrym/press/news/details/997743?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары бойынша оқыту ұйымдастырылды 21.05.2025
2025 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оқыту іс-шарасы өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Туткушев К.Т., сондай-ақ ҰҚК, ІІД және Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қатысты.Террористік қауіп туындаған жағдайда осал нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің алғашқы әрекеттері бойынша оқыту жүргізілді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауындағы терроризмге осал нысандарды қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық өткізілді.Оқыту барысында террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету тәртібі және терроризмге қарсы іс-қимылды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың белгілері, иесіз заттарды анықтаған кезде мемлекеттік органдарға хабарлау тәртібі, сондай-ақ террористік қауіп туралы жалған хабарламаларға жауап беру рәсімдері мен эвакуация кезінде атқарылатын іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/997727?lang=kk
Астана мен Лондон бітімгершілік және көпжақты дипломатия саласындағы диалогты ілгерілетуде 21.05.2025
Астана, 2025 жылғы 16 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрінің орынбасары Лорд Вернон Кокермен кездесу өткізді.Тараптар қауіпсіздік, қорғаныс және бітімгершілік салаларындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, қазақ-британ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Р.Василенко Қазақстан Қарулы күштері өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына қатысу тәжірибесі және осы бағыттағы қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық серіктестермен бірлесіп әскери қызметшілерді даярлау жұмысы туралы ақпарат берді.Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ аясында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға одан әрі үлес қосуға мүдделі екенін растады.Кездесу аясында көпжақты мәселелер мен өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасу өтті.Тараптар екіжақты және көпжақты серіктестіктің бүкіл спектрі бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға өзара дайын екенін растады.2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштері БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына қатысып келеді. Қазақстанның 80 азаматы әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде миссияларға қатысқан. 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның әртүрлі елдердегі арнайы операцияларына жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 158 қазақстандық Африка мен Таяу Шығыстағы бітімгершілік күштер құрамында қызмет етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/997848?lang=kk
«Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы 21.05.2025
Құрметті азаматтар!2025 жылдың 3 сәуірінен бастап «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» Республикалық акциясы басталды!Енді сіздердің әрқайсысыңыз күнделікті сатып алулар жасай отырып немесе ақылы қызметтерді ала отырып, тек фискалдық түбіртек алып қана қоймай, бағалы сыйлықтарды, соның ішінде ақшалай сыйлықтарды ұтып ала аласыз. Алынған түбіртекті «Amian» мобильді қосымшасында тіркесеңіз болғаны.Сондай-ақ, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап «Бәйге» атты жаңа мотивациялық науқан күшіне енеді.Осы науқан аясында еліміздің әр өңірінде тоқсан сайын жеңімпаздар анықталатын болады 100 000 теңге жүлдесі random.org сайты арқылы Instagram парақшасында тікелей эфирде ұтыс ойыны арқылы аймақтағы ең үздік 50 пайдаланушының біріне беріледі - барлығы 20 жеңімпаз. «Бәйге» акциясы үш кезеңде өтеді:Бірінші кезең – 1 мамырдан 30 маусымға дейін;екінші – үшінші тоқсанда;Ал үшінші – 2025 жылдың төртінші тоқсанында. Сонымен қатар, 2025 жылдың 19 мамырынан бастап Ақмола облысында Halyk Bank ұтыс ойыны басталады. Оған Банктің POS терминалдарында Банк карталарымен жасалған операциялардан чектер қатысады.Әрбір жүктеп салынған чек ұтып алудың бір мүмкіндігі.Ай сайын – 10 жеңімпазға дейін, әрқайсысы 100 000 бонус алады.Қатысу оңай: тауарларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық түбіртек сұраңыз және оны «Amian» қолданбасында тіркеңіз. Неғұрлым көп чектерді тіркесеңіз, ұтып алу мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады.Сондай-ақ, Жақсы, Аршалы, Астрахан, Есіл, Біржан сал және Целиноград аудандарының тұрғындары «Салық кэшбэк» пилоттық жобасына қатысып, Amian мобильді қосымшасында сатып алу сомасының 2% көлемінде кэшбэк ала алатынын еске саламыз. Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефон балансына аударуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1000755?lang=kk