Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы 21.05.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі»   байқауының облыстық кезеңін өткізді.Байқауға қатысушылардың Ережеге сәйкес Е-портфолиолары, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтің рөлі»  тақырыбындағы эсселері және кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттері қаралды.       Байқаудың комиссия мүшелерінің  шешімі:  Бас жүлде – Ляшова А. Е. - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК;1-орын – Демидова Т.В. ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 11 «Айгөлек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК және Толеуханова Г.С. ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайы» КМКҚ;2-орын – Мамиева С.К. ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса балабақшасы» КМҚК, Нургазина К.К.- ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК және Тоқтарова Е.Б. ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжйы» КМҚК;3-орын – Сапина Г.С. ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Балапан бөбекжайы» КМҚК және Бородавкина Е.В. ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК;«Шығармашыл педагог» номинациясы - Сапабаева Н.Б. - ШҚО ББ «Марқакөл ауданының бойынша білім бөлімінің «Марқакөл аулының балабақшасы» КМҚК.Жүлделі орын алған педагогтер ШҚО ББ дипломдарымен, мадақтамаларымен марапатталды.Байқау жеңімпазы - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК А. Е. Ляшованың байқау материалдары республикалық кезеңге жолдама алды.Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997639?lang=kk
Қазақстанның Қорғаныс министрі Италия, Германия және Қытай әріптестерімен келіссөздер жүргізді 21.05.2025
Берлинде өткен БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың шетелдік әріптестерімен екіжақты келіссөздері өтті. Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозеттомен келіссөздер барысында тараптар әскери білім беру, әскери-техникалық және бітімгерлік саласындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты талқылады. Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі итальяндық әріптесін Астанаға шақырды.Бұдан өзге, іс-шара барысында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Германия Қорғаныс министрі Борис Писториуспен және Қытай Халық Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньмен хаттамалық кездесулері өткізіліп, онда әскери ынтымақтастықтың ағымдағы аспектілері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997624?lang=kk
Құрметті азаматтар! 21.05.2025
Хабарлама Құрметті азаматтар!2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарына қызметке түсетін азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тест сұрақтары жаңартылды.Сіздерге сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1253055?lang=ru
Қазақстандық делегация ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Парламенттік одағы конференциясының 19-шы сессиясына қатысты 21.05.2025
Джакарта, 2025 жылғы 14-15 мамыр – Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисовтың басшылығымен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің Парламенттік одағы (PUIC) конференциясының Джакартада өткен 19-шы сессиясына қатысты.Сессия жұмысы барысында парламенттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ИЫҰ-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ислам әлемі алдында тұрған өзекті сын-тегеуріндер талқыланды. Қазақстан тарапы PUIC аясында ынтымақтастық, өзара түсіністік пен сындарлы диалог қағидаттарына бейілділік білдірді.PUIC 19-шы сессиясының басты қорытындыларының бірі – Джакарта декларациясының қабылдануы болды. Бұл құжатта парламентаралық ынтымақтастықты күшейту, жаһандық сын-қатерлерге бірлескен жауап беру және әлемдегі мұсылман қауымдастықтарының құқықтарын қорғау қажеттігі ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, конференция аясында ИЫҰ Парламенттік одағының 2025 жылға арналған бюджетін бекіту, әкімшілік және ұйымдастырушылық рәсімдерді реттеу, сондай-ақ PUIC Бас хатшысының орынбасарларын сайлау іске асырылды. Отырыс ұйымның құрылғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, бұл шараға символдық мән беріп, PUIC-тің қазіргі халықаралық жағдайда атқаратын рөлін қайта қарастыруға мүмкіндік берді.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов парламентаралық дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды құрал екенін атап өтіп, тұрақты даму, қауіпсіздік, білім беру және адам құқықтары мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды. Сонымен қатар, ол еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық тұрғыдан қуатты, өркендеген және әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жасампаз әрі реформаторлық қызметін атап көрсетті.Шара аясында сенатор Әзербайжан, Қырғызстан және өзге де елдердің парламент өкілдерімен кездесіп, өзара мүдделі мәселелерді талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/997613?lang=kk
ЖШС «DEBEX (ДЕБЕКС)» рұқсат беру туралы 21.05.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарының 2024 жылғы 15 мамырдағы №2 бұйрығына сәйкес «DEBEX (ДЕБЕКС)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997595?lang=kk
5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы 21.05.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың физикалық денсаулығының, физикалық және функционалдық дайындығының деңгейін анықтау.Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялар мен лицейлердің 5-6, 7-8 сынып оқушылары – аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.Олимпиада екі кезеңде өткізілді:1 кезең – теориялық бөлім;2 кезең – практикалық бөлім.Олимпиада қорытындысы бойынша орындар келесідегідей бөлінді:5-6 сынып:І орын – Өскемен қаласының командасы;ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.7-8 сынып:І орын – Өскемен қаласының командасы;ІІ орын – Тарбағатай ауданының командасы;ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997563?lang=kk
Батыс Қазақстан облысында республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтар үшін баспана құрылысы салынуда. 21.05.2025
Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасау болып табылады.Батыс Қазақстан облысында республикалық бюджет есебінен әлеуметтік осал топтар үшін баспана құрылысы салынуда. Пәтер құрылысы Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала аудандарында салынады.- 2025 жылға пәтерлер сатып алу жоспары - 205 пәтер;- әр пәтердің жалпы ауданы 80 шаршы метрден аспауы керек, рұқсат етілген ауытқуы 5%-дан аспау керек).2025 жылдың соңына дейін әлеуметтік осал топтар үшін тағы да қосымша 350 пәтер салыну жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/997533?lang=kk
ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ 21.05.2025
ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІШымкент қаласының цифрландыру басқармасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.Жария талқылауға Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Кемелов Мухит Абуталипович, ішкі талдауды жүргізген басқарма басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс тобы: топ жекетшісі А.Өмірәлі, топ мүшелері: Е.Қырғызбаев, А.Маханов, Д.Амангелдиев, А.Елеусіз және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері: Өмір Шыныбекұлы, Тұрлыбек Өмірбекұлы Қозыбақов қатысты.Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жоюды және алдын алу туралы сөз қозғалды.https://www.instagram.com/reel/DJtO-5upgBm/?igsh=NjQ0YmNkN2RoNzEy  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/997504?lang=kk
ҚР Қарулы күштері: отбасын қолдау – мемлекеттің маңызды басымдығы 21.05.2025
15 мамырда қазақстандықтар отбасының қоғамдағы рөлін еске салатын мереке – Халықаралық Отбасы күнін атап өтеді.Қазақстан Қарулы күштеріндегі әрбір әскери бөлімде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызметтер құрылған. Олардың негізгі міндеті – отбасылық құндылықтарды нығайту, командирлерге отбасылардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу, консультациялық көмек көрсету және мәдени-демалыс жұмыстарын ұйымдастыру.Қызмет мамандары көп балалы, толық емес, жас отбасыларға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсетіп келеді. Биыл олар 700-ден астам заңгерлік және психологиялық кеңес берді. Басшылықтың 700-ден астам кездесуі мен 140 қайырымдылық акциясы өткізілді.Әскери бөлімдер жанындағы үйірмелер мен секцияларға әскери қызметшілердің 1 600-ден астам баласы барады. Негізгі әлеуметтік мекемелер жоқ шалғайдағы гарнизондарға ерекше назар аударылған. Мұнда қызмет мамандары ата-аналарға балаларды дамыту мен оқыту мәселелеріне, білім беру және сауықтыру қызметтеріне қол жеткізуге көмектеседі.Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар дәстүрлі түрде еліміздің барлық аймақтарында өтіп тұрады. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін концерттер, конкурстар, көрмелер мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Өткен жылдан бастап Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы уағдаластық шеңберінде әскери қызметшілердің мыңнан астам баласы Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында және оның Балқаш, Түркістан, Щучинск қалаларындағы филиалдарында демалуға мүмкіндік алды.ҚР Қорғаныс министрлігі осылайша әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау саясатын дәйекті түрде жүзеге асыруда:Естеріңізге сала кетейік, 1993 жылы БҰҰ бекіткен Халықаралық Отбасы күні бүкіл әлемдегі отбасы институтын қорғауға және қолдауға қатысты негізгі мәселелерге назар аударуға арналған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997505?lang=kk
«Тосын сыйы бар кір жуғыш ұнтақ»: ұландықтар тыйым салынған заттарды анықтады 21.05.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің нәтижесінде күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді.Жоспарлы тексеріс кезінде рентген құрылғысының көмегімен әскери қызметшілер тыйым салынған заттардың жасырылғанын анықтады. Аталған заңбұзушылықты 5517 әскери бөлімінің бақылаушы маманы сержант Жаннат Халилова байқады.Тексеру барысында кір жуғыш ұнтақ салынған қаптаманың ішінен мынадай заттар табылды:11 ұялы телефон;7 жұп сымсыз құлаққап;30 дана сымды құлаққап;1 дана смарт-сағат;1 дана флеш-картаға арналған адаптер;3 дана флеш-карта;Қызыл түсті ерекше иісі бар сұйықтық құйылған бір құты (сараптама тағайындалды);13 USB шнуры;4 дана қуаттағыш құрылғы. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері мен түзеу мекемесі қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізу  әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде.#ЗАҢМЕНТӘРТІП#ЗАКОНИПОРЯДОКҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/997490?lang=kk
Авторлық бағдарламалармен жұмыс тәжірибесін тарату бойынша республикалық онлайн семинар 21.05.2025
2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы педагогтердің республикалық, облыстық оқу-әдістемелік бірлестігімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату мақсатында ШҚО, Астана қаласы, Алматы қаласы, Қызылорда облысы мұғалімдері арасында республикалық семинар ұйымдастырды.Аталған семинарға 23 пән мұғалімі қатысты. Cеминар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өтізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997445?lang=kk
Жетісу облысы құрылған 3 жыл ішінде өңірде экология мен өмір сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат 21.05.2025
2022–2024 жылдары Жетісу облысы құрылғаннан бері:✅ 292 мың ағаш отырғызылды✅ 11 саябақ, 5 сквер, 2 аллея жаңадан салынды✅ 21 саябақ күрделі жөндеуден өтті✅ Қазірдің өзінде 55,9 мың көшет отырғызылды, жыл соңына дейін отырғызылған көшет саны 120 мыңға жетеді.✅Облыс аумағында жалпы көлемі 296,3 га болатын бүгінде 132 саябақ, сквер, аллея бар.✅ «Таза Қазақстан» акциясы аясында 17 мыңнан астам тұрғын экологиялық шараларға қатысты.Аула абаттандыру бойынша үш жылда: ▪️ 110 аула жаңартылды▪️ Биыл тағы 51 аула жөнделеді▪️ 140 көпқабатты үйдің шатыры мен қасбеттері жөнделеді▪️ 197 балалар және спорт алаңы абаттандырылды▪️ Биыл тағы 76 алаң жаңартыладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/997450?lang=kk
ОБЪЯВЛЕНИЕ 21.05.2025
"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.         Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатыса алады. Ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауға қатысу мәселелері бойынша "Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ бас маманы Онайбаев Нұрғали Нұрланұлына 8 - (7132) 54-05-92 телефоны бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/997443?lang=kk
Заң және тәртіп: «Антикор» командасы жастар квиз ойынында үздік атанды 21.05.2025
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған интеллектуалды квиз-ойын өтті. Іс-шараға құқық және заңдылық мәселелеріне жоғары қызығушылық танытқан жастар өкілдері, студенттер мен еріктілер қатысты.Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру болды. Ойын ҚР Конституциясы және қолданыстағы заңнама саласындағы білімді кеңейту үшін маңызды тұғырнамаға айналды.Квиз барысында қатысушылар елдің негізгі Заңына, салалық нормативтік актілерге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға қатысты тапсырмаларды шешті. Сұрақтар теориялық білімді тексеріп қана қоймай, аналитикалық ойлау мен топтық жұмысты ынталандыратын етіп жасалған.Ойын қорытындысы бойынша жемқорлыққа қарсы еріктілерден тұратын «Антикор» командасы жеңімпаз атанды. Жастар дайындықтың жоғары деңгейін, эрудиция мен ұйымшылдықты көрсетті. Команда мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың бойында заң мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген тұрақты азаматтық ұстанымдар қалыптастыруға ықпал етеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/997395?lang=kk
Қарағанды техникалық университетінде Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орнының делегациясы болып қайтты 21.05.2025
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті University of Exeter (Ұлыбритания) делегациясын қабылдады. Қонақтарға өңірдің ғылымын дамытудың басымдықтары туралы айтып, сондай-ақ КарТУ кампусына экскурсия ұйымдастырылды.Жоғары оқу орнынан келген делегация құрамына профессор проректордың жаһандық мәселелер жөніндегі орынбасары Стюарт Берхоп пен қоршаған орта, ғылым және экономика факультетінің жаһандық әріптестік бөлімінің басшысы Рейчел Джонс кірді.University of Exeter мамандары Сағынов атындағы КарТУ басшылығымен кездесіп, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейтуді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективаларын талқылады.– Бұл делегацияның біздің университетке алғашқы сапары болды. Біз өзімізді қызықтыратын мәселелерді талқылап, біздің қонақтарға кампус бойынша экскурсия жүргіздік. Енді осының барлығына сүйене отырып, олар да, біз де ынтымақтастықтың ықтимал форматтары мен нұсқаларын ойластыратын боламыз, – дейді Сағынов атындағы ҚарТУ стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Тимур Қанапиянов.Сондай-ақ, британдық делегация үшін «QARMET» АҚ кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды.Содан кейін Астанадағы University of Exeter өкілдері ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Олар сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы академиялық ынтымақтастықтың ықтимал перспективаларын қарастырды.University of Exeter – үлкен тарихы бар көпсалалы британдық жоғары оқу орны. Ол 1855 жылы құрылған. Бүгінде жоғары оқу орнында әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алуда.University of Exeter Russell Group зерттеу университеттерінің беделді қауымдастығына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/997333?lang=kk
Самар ауданының әкімі С.Жеңісов Көкжота ауылында кездесу өткізді. 21.05.2025
Самар ауданының әкімі С.Жеңісов Көкжота ауылында кездесу өткізді. Онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, "Көкжота-Бастаушы" бағытындағы тасжолдың жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Аудан басшысы ауыл тұрғындарының көшені жарықтандыру, ауызсу мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап беріп, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/997334?lang=kk
Кәсіби шеберлік сайысы: Шығыс Қазақстанда үздіктер марапатталды 21.05.2025
🔷 Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.🔷 Үш күнге созылған чемпионат барысында қатысушылардың жұмыстарын кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады.🔰 Нәтижесінде 38 құзыреттілік бойынша 28 колледждің студенттері жеңімпаз атанып, ағымдағы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan 2025» республикалық чемпионатына қатысу құқығына ие болды.📌 Аймақтық чемпионаттың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:🏆🥇1-орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы (9 алтын, 1 күміс, 1 қола және 2«Үздік маман» медальоны);🏆🥈 2-орынды Риддер колледжінің командасы (3 алтын, 4 күміс, 1 қола және  4 «Үздік маман» медальоны);🏆🥉 3-орынды Өскемен көпсалалы технология колледжінің командасы (5 алтын,  3 қола және 2 «Үздік маман» медальоны) иеленді.🔰 Жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен колледждерШығыс Қазақстан облысы әкімінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.✅ Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауда «Казцинк» ЖШС-нің демеушілігімен  сыйлықтар табысталды.✊ «WorldSkills Shygys 2025» аймақтық чемпионатының барлық жеңімпаздарына республикалық деңгейде сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңіс тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/997320?lang=kk
Серік Жұманғарин Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесін ашты 21.05.2025
Қазақстанның барлық өңірінен келген 350 өндіруші өз өнімін Астанадағы «Ulttyq ónim» VIII отандық өндірушілер көрмесінде ұсынды. EXPO халықаралық көрме орталығында басталған сегізінші жылсайынғы көрмеде қазақстандық өндірушілер тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау, жабдықтар, зергерлік бұйым мен басқа да мыңдаған тауар түрін ұсынды. Экспозицияға қатысқан барлық кәсіпорынға еліміздегі шағын және орта бизнеске қолдау жасайтын негізгі қаржы институты «Даму» қоры қаржылай және басқа да көмек көрсетті.«Ulttyq ónim сегізінші көрмесі – отандық кәсіпкерлікті дамытудың ең жақсы дәлелі мен көрінісі. Өндірушілер еліміздің ішкі нарығындағы ұстанымын нығайтып, экспортқа шығуда. Шетелде танымал брендке айналып жатыр. Ал шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы тек күшейе бермек. Биыл экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бет бұрдық. Мемлекет ақпараттық технология, логистика, туризмге, тамақ өнімін, құрылыс материалын өндіруге, машина жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сияқты басым салалардағы ШОБ инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті көрменің ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин. Көрмеде ас үй плиталары, желдеткіш, медициналық жабдықтар, трансформаторлар, құрама жем, чемодандар, тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, антисептиктер, киім, аяқ киім және басқа да сұранысқа ие тауарлар ұсынылған. Қатысушылардың бірі зарарсыздандыру және жуу құралын өндіруші «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда косметикалық өнімнің 40, тұрмыстық химияның 55, зарарсыздандыру құралының 80-нен астам түрі бар.«Біз өнім өндіруде тиімділікке, қауіпсіздік пен тауардың тым қымбат болмауына баса назар аударамыз. Бізден ыдыс жууға арналған сабын, сұйық сабын, әйнек жууға, ас үйге, кір жууға арналған тұрмыстық химияны сатып алуға кеңес береміз. Біз желіні үнемі жаңартып отырамыз. Жаңа өнімдердің арасында үй мен кеңсеге арналған хош иісті диффузорлар бар. Booboo брендімен балаларға арналған өнімдердің сан алуан түрін шығарудамыз. Өнімдеріміз Қазақстандағы сауда желілерінде, маркетплейстерде және таяу шет елдерде кеңінен ұсынылған», — деді «Аврора» өндірістік кешені» ЖШС өңірлік директоры Ермек Еркінов.2024 жылы «Бәйтерек» холдингінің субсидиялау және кепілдік беру құралдары арқылы Үкімет бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға 336 млрд теңге бөлді. 2,7 мың жобаға 254 млрд теңге жеңілдетілген несие берілсе, жалпы 29,5 мың жоба 1,7 трлн теңгеге мемлекеттің қолдауына ие болды. Бұл шаралар 9,7 мың жұмыс орнын ашуға, 25,4 трлн теңгенің өнімін шығаруға, 1,7 трлн теңге салық түсіміне мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2024 жылы ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың 48%-на тиесілі болса, ЖІӨ-ге қосылған үлес шамамен 40%-ды құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/997324?lang=kk
Мүмкіндіктер жәрмеңкесі: әр адамға — жұмыс 21.05.2025
16 мамыр күні Қостанай қаласының Сити-орталығында дәстүрлі облыстық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, жұмыс іздеп жүрген жастар үшін ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қостанай облысы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.Жәрмеңкеде облыстың түкпір-түкпірінен келген 1000-нан астам жас ізденуші мен 80-нен астам жұмыс беруші бір алаңда бас қосты. Қатысушылар қатарында ірі жекеменшік компаниялар, мемлекеттік мекемелер, өндірістік кәсіпорындар, банктер, IT-компаниялар және денсаулық сақтау ұйымдары бар.Жәрмеңкенің басты мақсаты — адамдарды бір жерге жинау ғана емес, жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасау. Әрбір қатысушы алғашқы әңгімелесуден өтіп, бос орындар, еңбек шарттары, тағылымдамалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.Көптеген жастар үшін бұл жәрмеңке жұмысқа орналасуға жасалған алғашқы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, іс-шара барысында жұмыспен қамту орталықтары мен мемлекеттік бағдарламалардың өкілдері кеңес беріп, субсидиялар, жеңілдіктер және тағылымдамалар бойынша ақпарат ұсынды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Мақсат — мүмкіндігінше көбірек жастарды қамтып, дипломнан жұмыс орнына дейінгі жолды қысқарту.Жастар жұмыс істегісі келеді — бұл анық байқалады. Ал жәрмеңке көптеген жас үшін нағыз бастау нүктесіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/997299?lang=kk
Зайсан ауданның жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс 21.05.2025
Ақпараттық хабарлама шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 08.07.2025 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі1 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/997273?lang=kk