Жаңалықтар
"Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" семинары 21.05.2025
Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды тиімді дайындау және өткізу мақсатында "Сайлау кампаниясын ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында каскадты әдіспен Курчатов қаласында семинар өткізді.Семинарға аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.Сайлау комиссияларының қызметін тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша оқыту жүргізілді, сондай-ақ дауыс беру күнінің алгоритмі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар сайлау заңы бойынша тестілеуден өтті.Семинар барысында комиссия мүшелерінің назары "Барлық сайлаушыларды ағымдағы науқан туралы хабардар ету, дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету, дауыс берушілер үшін қажетті жағдайлар жасау, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің қызметі, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігіне" назар аударылды.Семинар қорытындысы бойынша Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/997252?lang=kk
Ақтау гарнизонында әскер қатарын толықтырғандар танк жүргізу сынағын өткізді 21.05.2025
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлерінің бригадасында жас сарбаздарды жауынгерлік даярлау бойынша қарқынды сабақтар өтті. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасынан және теңіз жаяу әскерлері бригадасын көктемде толықтырғандар жауынгерлік оқудың маңызды кезеңінен – Калашников автоматынан алғашқы атыстарды орындау, кедергілер жолағын еңсеру, танк жүргізу сынынан өтті. Оқу-жаттығу барынша жауынгерлікке жақын жағдайда өтті. 600-ге жуық сарбаз жас жауынгер курсының негізгі элементтерін үйреніп, мұнда күш-қуат тұрғысынан төзімділік қана емес, психологиялық тұрақтылық та бағаланады.Ең шиеленісті сәттердің бірі танктерді жүргізіп сынау болды – бұл арнайы жаттығуда танк орда жатқан жауынгердің үстінен өтеді. Бұл сынақ сарбаздың сауытты көліктен қорқынышын жеңуге үйретеді және ұрыс кезінде болуы ықтимал жағдайларға дайындайды. Жиын бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары капитан Рәтбек Қуатбековтың айтуынша, жаттығу мақсаттарына толық деңгейде қол жеткізілді.– Біздің міндетіміз – сарбазға теориялық білім ғана емес, оны экстремалды жағдайда әрекет етуге үйрету, – деп түсіндірді ол. – Қарсыластың танктерімен күресудің іс жүзіндегі дағдылары, психологиялық тұрақтылық әдістерін пысықтау, мұның бәрі «өте жақсы» орындалды.Даярлық бағдарламасына айтылғаннан басқа Калашников автоматынан ату, оқ борап тұрғанда қозғалыстарды пысықтау және тактикалық дайындық элементтерімен кедергілер жолағын еңсеру кірді. Бұл сабақтар теңіз жаяу әскерлерін қызметке бейімдеудің маңызды кезеңі болды.Түркістан облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Мұхтархан Алмаған үш аптадан астам уақыт бойы әскери істің негіздерін үйреніп, қару-жарақты меңгеріп, тактикалық дайындықтың ережелерін зерделегенін айтты. Міне, әскерге жаңа келгендердің де атыс жүргізіп, танктермен сынақтан өткен күн келіп жетті.– Теңіз жаяу әскерінде қызмет етемін, бұл мен үшін мақтаныш, – деді сарбаз. – Мен граната лақтырушы болғым келеді, бір жыл ішінде бізге әскерге де, өмірде де пайдалы болатын біраз нәрсені үйренеміз деп сенемін.Алда теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлері әскери ант беріп, осы әскердің шабуылдау батальондарының құрамында борышын өтейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997178?lang=kk
Ұлттық ұланда бейімделген интеллектуалды психологиялық тестілеу жүйесі енгізіледі 21.05.2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында әскери ортада психологиялық мәселелерді анықтауға арналған заманауи технологияларды енгізу бойынша кездесу өтті. Іс-шара барысында әзірлеушілер бейімделген интеллектуалды психологиялық тестілеу жүйесін таныстырды.Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетовтың айтуынша, жасанды интеллектті қолдану әскери ортадағы психологиялық қиындықтарды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.– Заманауи технологиялар психология мен менталдық саулық саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Олар эмоционалдық жайсыздықтың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтауға және олардың өршуінің алдын алуға көмектеседі. Біздің мақсатымыз – әрбір әскери қызметшіге уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз ететін тиімді ерте анықтау және қолдау жүйесін құру, – деді Қайрат Үмбетов.Интеллектуалды жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы жобаның әзірлеушісі Ерғали Мәбиев баяндап берді.Оның айтуынша, гибридті архитектура талдау нәтижелерінің дұрыстығын тексеріп, нақты ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе сынақтан өтушінің алдыңғы жауаптарына сәйкес сұрақтардың мазмұны мен күрделілік деңгейін динамикалық түрде өзгертіп отырады. Бұл әдіс дәстүрлі тестілеу тәсілдеріне қарағанда адамның психологиялық жағдайын анағұрлым дәл және тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Өйткені артық сұрақтар қысқартылып, маңызды аспектілерге назар аударылады.Мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйе әскери бөлімдердің серверлерінде локалды түрде орналастырылады.Бас қолбасшылықтың мәліметінше, жүйені сынақтан өткізу елордалық гарнизонның әскери бөлімдерінде қызмет атқарып жатқан жас сарбаздар арасында жүргізіледі.Айта кетейік, мұндай технологияларды енгізу – әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әскери бөлімдерде дұрыс моральдық-психологиялық климат қалыптастырудың маңызды қадамы болмақ. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/997159?lang=kk
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші 21.05.2025
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткішіХалықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады. Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп, 36 818 жұп некеге тұрған. Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі: Түркістан облысы – 17 643 нәресте (жалпы санның 12,2%).Алматы қаласы – 16 914 (11,7%).Астана қаласы – 14 134 (9,8%).Алматы облысы – 12 121 (8,4%).Шымкент қаласы – 11 645 (8,1%). Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік: Алматы қаласы – 5 731 неке (жалпы санның 15,6 %).Астана қаласы – 4 005 (10,9%).Түркістан облысы – 2 919 (7,9%).Алматы облысы – 2 424 (6,6%).Шымкент қаласы – 2 356 (6,4%). Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/997135?lang=kk
Отбасы күніне орай отбасылық «көңілді start» эстафеталық сайысы өтті 21.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай жанұя ынтымағы мен бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қазалы ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты іскер асыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында отбасылық «Көңілді START» эстафеталық сайысы өтті.Отбасылық эстафета «Қазалы мәдени-демалыс кешеніндегі» спорт алаңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен басталды. Спорттық шараны аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Сайысқа көп балалы 7 отбасы қатысып, алдымен өз командаларының ұрандарымен таныстырды. Одан кейін сайыскерлер 5 кезең – «Жүйрік ат», «Кім епті?», «Кім жылдам», «Допты шеңберге лақтыру», «Жеңіске жету» эстафеталары бойынша бақ сынасты.Тартысты өткен сайыс нәтижесімен І орын алған Төлегеновтер отбасы кубок, диплом және 50 мың теңге, екінші орынға ие болған Әлиевтер отбасы диплом және 30 мың теңге, ІІІ орын иегері Советовтер отбасы диплом мен 20 мың теңге қаржылай сыйақылар иеленді. Ал, Жұмабаевтар, Жеткергеновтер, Жусуповтар және Әділхановтар отбасыларына ынталандыру алғыс хаты мен 10 мың теңгеден сыйақылар табысталды.Шарада Әйтеке би кенттік мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік әсем ән шырқап, отбасылар мен жанкүйерлердің көңілін көтерді. Шара соңында эстафетаға қатысушы отбасылар керемет көңіл күймен ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп,естелік суретке түсіп, ризашылықпен тарқасты.Айта кетейік, сайыстың ынталандыру жүлдесіне демеушілік жасаған «Сауаптан құр қалмайық» қоғамдық қорының төрағасы Қарымсақов Мақсұт Мұратұлы және «Ақжол Қазалы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ақжолова Сания Нұржаубайқызына алғысымызды білдіреміз.15 мамыр – Халықаралық отбасы күні баршаңызға құтты болсын!Барлығыңыздың жанұяларыңызға амандық, шаттық пен қуаныш тілейміз! Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасылар қатары көп болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/997120?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі АҚШ-та өткен Best warrior байқауында рекорд орнатты 21.05.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің командасы Аризона штатындағы Кемп Навахо әскери базасында жыл сайын өтетін Best warrior байқауында бағын сынауда. Қазақстанның намысын өткен жылы кәсіби сайыста жүлделі орындарға ие болған 54835-А әскери бөлімі батальонының сержанты 3-сыныпты сержант Аслан Дархан мен 18404 әскери бөлімі ротасының 3-сыныпты гвардия сержанты Рауан Тоқтарбеков қорғауда.18 мамырға дейін созылатын байқауға АҚШ-тың 7 штатынан, Фиджи, Гуам, Тонга және Филиппиннен келген әскери қызметшілер сайысып жатыр. Аризона Ұлттық гвардиясы жыл сайын Best warrior байқауын өткізіп, онда әскери қолданбалы пәндерден үздік деп танылған сержанттарды анықтайды.Сайыс армиялық жауынгерлік фитнес тесті, жауынгерлік даярлықты оқыту пәндерінен нормативтерді орындау, түнгі күзет, картамен жұмыс, аймақты бағалау және азимут бойынша қозғалыс, жергілікті жерді патрульдеу, тактикалық медицина, М-240В пулеметінен, М-4 автоматынан, М-17 тапаншасынан ату, арнайы әскери сауытпен және 12 келі жүкпен 22 шақырымға марш жүгіру сынды 10 негізгі жарыстан тұрады.Дүбірлі додада АҚШ армиясының қару-жарағымен және құралдарында жаттығулар мен нормативтерді орындаса да біздің әскери қызметшілер тамаша нәтижелер көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтсақ, 3-сыныпты сержант Дархан Аслан 800 метрге жүгіруде қашықтықты 2 минут 5 секундта еңсеріп, үздік нәтиже көрсетті. Оның көрсеткен нәтижесі Аризона штатының Ұлттық гвардия байқауының бүкіл тарихындағы рекорд ретінде тіркелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/997093?lang=kk
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібін жетілдіру туралы 21.05.2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» АгенттікБасқармасықаулысыныңжобасынәзірледі.Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады.Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын алу үшін жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр.Осы тетікті іске асыру ЕЗЖ бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтарының алдын алып, зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997069?lang=kk
Агенттік өкілдері Катардағы IOSCO-ның 50-ші жыл сайынғы отырысына қатысты 20.05.2025
2025 жылғы 12 – 15 мамыр аралығында Катар астанасы Дохада Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымының (IOSCO) 50-ші жыл сайынғы отырысы, сондай-ақ капитал нарығын дамытудың, шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі мәселелеріне және исламдық қаржының рөліне арналған Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасы (QFMA) ұйымдастырған Конференция өтті.Іс-шараға ұлттық реттеуші органдар, қор биржалары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар, банктер, инвестициялық компаниялар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қаржы институттарын ұсынатын 130 юрисдикциядан 500-ден астам қатысушы жиналды.Жыл сайынғы отырыс қаржы нарықтарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу үшін маңызды халықаралық платформа болып табылады. Талқылауға инвесторлардың құқықтарын қорғау, капитал нарықтарын орнықты дамыту және олардың тұрақтылығын сақтау мәселелері ұсынылды.Технологиялық өзгерістердің қаржы нарықтарына әсеріне, соның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту мен қадағалаудағы жасанды интеллекттің рөліне, сондай-ақ қаржылық технологияларды, цифрлық активтерді және криптовалюталарды дамытуға ерекше назар аударылды.Іс-шара аясында Агенттік өкілдері IOSCO-ға қатысушы елдердің қаржы реттеушілерімен, оның ішінде Катардың қаржы нарықтары жөніндегі басқармасымен (QFMA) кездесулер өткізді. Екіжақты кездесулер барысында цифрлық активтер нарығын реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді және бағалы қағаздар саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары қаралды.Іс-шара қаржы институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы жаһандық және жергілікті капитал нарықтарын реттеу тиімділігі мен орнықтылығын арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Сыртқы коммуникациялар басқармасы press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/997014?lang=kk
«Чори Аваз: Сөзі мәңгілік ақын» 20.05.2025
Шырайлы Шығыста А.С. Пушкин кітапханасы ұлт арасындағы мәдени байланысты, рухани үндестікті нығайтуға бағытталған тағы бір тағылымды шараны табысты ұйымдастырды.«Çorï Avaz: Sözi mäñgilik aqın» атты әдеби кеш өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, рухы мен сөзі мәңгілік ақын — Чори Аваз шығармашылығына арналды.15 мамыр күні кітапханада өзбек поэзиясының көрнекті өкілі, сөзі мәңгілікке айналған ақын — Чори Аваздың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке арнайы Өзбекстаннан келген ақынның жары, қаламгер Зебо Омонова ханым қатысты. Ақынның жарымен бірге, сонау Өзбекстаннан келген Келдиёр Хужайеров («Fаvvora» киностудиясының жетекшісі, ақын жайлы деректі фильм авторы), Сирожиддин Рауф («Шығыс жұлдызы» журналының бас редакторы), Гүли Нигор Авазова (Зульфия атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақынның қызы), немересі Мехри Нигор құрметті қонақ ретінде кітапхана төрінен орын алды.Кеш барысында Гүли Нигор Авазова әкесі туралы тебірене естелік айтып, жүрекжарды жырын оқыса, Мехри Нигор атасының өлеңінен үзінді оқып, көрерменді толқытты. Ақын жайлы жылы естеліктерімен бөліскен Келдиёр Хужайеров пен Сироджиддин Рауф мырза ақынның шығармашылығына арналған бірнеше өлеңін оқып берді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері Чори Аваз өлеңдерінің қазақша аудармасын мәнерлеп оқыды.Зебо Омонова ханым Чори Аваздың өмірі мен шығармашылығы, отбасындағы бейнесі, оқырманмен байланысын сақтау жолындағы еңбектері туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.Шара соңында ақын, драматург, Өскемен қалалық мәслихат депутаты Әскерхан Ақтай сөз сөйлеп, Чори ақынның өлеңін қазақшаға тәржімалап оқып берді. Кітапхана ұжымы алыстан келген қонақтарға шапан жауып, сый-сияпат ұсынды. Кеш қонақтары да өздерімен алып келген кітаптарын кітапхана қорына табыстады.Бұл кеш – ұлт пен ұлтты табыстырған, жүректерді жырмен жалғаған әдеби кездесуге айналды. Шарадан кейін қатысушылар естелік суретке түсіп, ақын рухына тағзым етті. Сөз – ұмытылмас, жыр – өшпес. Ақын Чори Аваздың мәңгілік сөзі халық жүрегінде өмір сүруін жалғастыра бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/996959?lang=kk
«Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулламен кездесу 20.05.2025
14 мамырда «Majid Al Futtaim» компаниясының Атқарушы директоры Юнус Аль Мулла мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы бірлескен бастамалар талқыланды.Анықтама: Majid Al Futtaim - БАӘ-дегі ең ірі жеке компаниялардың бірі. Құрамында 30-дан астам сауда орталықтары, соның ішінде Mall of the Emirates, сондай-ақ Carrefour супермаркеттер желісі бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/996970?lang=kk
БЖЗҚ-дағы мұраға қалатын жинақтарды қалай алуға болады? 20.05.2025
Зейнетақы және мақсатты жинақтар (соның ішінде «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында) – БЖЗҚ-да атына шот ашылған адамның меншігі болып саналады және мұра ретінде беріледі. Мұрагерлік рәсімделмей тұрып, марқұмның отбасы мүшелері оның жинақтары (МЗЖ/МКЗЖ/ЕЗЖ) есебінен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқылы – мөлшері 94 АЕК-тен аспауы тиіс және шоттағы қалдықтан көп болмауы керек.Егер жерлеу төлемінен кейін шотта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз сома қалса, ол да жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.Қалған жинақтар заңнамаға сәйкес мұрагерлік жолмен беріледі.Маңызды: мақсатты жинақтардан жерлеу төлемі қарастырылмаған. Мұраны алу үшін мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде марқұмның тұрғылықты жері бойынша нотариусқа жүгіну қажет. 2019 жылдан бастап нотариустар БЖЗҚ-дан мәліметтерді онлайн түрде сұратуға мүмкіндік алды – бұл мұрагерлік құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жеделдетеді.Куәлік алынғаннАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996937?lang=kk
Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы? 20.05.2025
БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) зейнетақы жинақтарын аударуға құқығы бар тұлғалар:Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда;Әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);2)45 жасқа толған азаматтар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:Ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/996943?lang=kk
«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы 20.05.2025
Мемлекет алдындағы өтелмеген қарыздар деңгейін төмендету мақсатында, ағымдағы жылдың 12 мен 21 мамыры аралығында өңір аумағында «Борышкер» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Қостанай облысы Әділет департаменті атқарушылық іс жүргізу органдары: полиция, салық қызметтері, прокуратура өкілдері мен жеке сот орындаушылары қатысуымен берешектерді мәжбүрлеп өндіруге бағытталған рейдтік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Бірлескен рейдтік іс-шаралар әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін мемлекет кірісіне өндіруге бағытталған. Міндеттемелерін орындаудан жалтарған борышкерлердің мүлкі, автокөлік ұсталып, заңнамада көзделген тәртіппен тәркіленеді. Мұндай шаралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жүргізіліп, сот актілерінің орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/996949?lang=kk
Оларды телефоннан да басқа нәрсе қызықтырады екен… 20.05.2025
Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында облыстық V жазғы ауылдық жасөспірімдер ойындары өтуде. Оларға Қарағанды өңірінің жеті ауданынан 700-ге жуық жасөспірім қатысады. Жарыс бағдарламасына: волейбол, шағын футбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық, дзюдо, қазақ күресі және стритбол енгізілген. Ойындардың ашылуы: 15 мамыр күні «Сарыарқа» стадионында өтті.- Мен бұл жарыстарға бірінші рет қатысып отырмын. Маған қатысқан ұнайды. Өте керемет! Себебі бұл спорт, бәсекелестік және қандай бір өзгешелік. - Бәрін жеңгіміз келеді-деп, бөлісті Абай ауданынан қатысып отырған оныншы сынып оқушысы-волейболшы Арина Махамбетова.Айтпақшы, өткен жылы жастар ойындарын Абай қаласы өткізді. Сол кезде жалпы командалық есепте Шет ауданы жеңіске жетті. Екінші орынды Абай, үшінші орынды Бұқар жырау иеленді. Бірақ, ауылдық округтерден келген жасөспірімдер арасындағы бұл біріншілікке жауыр болса да «Ең бастысы-жеңіс емес, қатысу» деген тіркес өте орынды келеді. Бұл ойындардағы ұлдар мен қыздар үшін нәтиже ғана емес, процесс өте маңызды екені анық. Шынында да, бізді олардың ауқымды спорттық іс-шараға белсенді қатысулары, телефоннан да басқа нәрсенің қызықтыратыны қуантады… Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/996904?lang=kk
Қазақстанның бітімгерлік қызметін нығайту: Қорғаныс министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарларымен келіссөздер жүргізді 20.05.2025
БҰҰ-ның Берлиндегі Министрлік конференциясы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Жан-Пьер Лакруа және Атул Харемен бітімгерлік қызметі шеңберінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен БҰҰ Хатшылығы арасындағы өзара іс-әрекетті нығайту перспективалары жөнінде екіжақты келіссөздер өтті.Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастығы біртіндеп дамып келе жатқанын және іс жүзінде нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы өзінің әскери техникасымен, қару-жарағымен және басқа да жарақтарымен әскери бақылаушыларды жіберуден бастап ұлттық контингентті дербес орналастыруға дейінгі бітімгерлікті дамытудың толық циклынан өтті.Келіссөздер алаңында Қазақстан Республикасының Парламенті қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ-ның он бітімгерлік миссиясына қатысуын мақұлдады, оған ұлттық контингенттен, әскери бақылаушылардан және штаб офицерлерінен басқа Қарулы күштер де мамандандырылған бөлімшелерді жіберуге дайын екендігі атап өтілді.Бұдан өзге нығайып келе жатқан Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы – Орталық Азиядағы бірегей оқу мекемесінің БҰҰ-ның бітімгерлік дайындық шеңберінде сертификатталған курстарын өткізетін мүмкіндіктері талқыланды.Қорғаныс министрі оған қоса, Қазақстанның Қарулы күштері БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі бағыты бойынша ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-әрекеттің басқа да перспективалық бағыттарын қарауға дайын екенін айтты.Кездесу соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығына Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/996912?lang=kk
Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық талқыланды 20.05.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінде Елші Болат Нүсіпов Бразилия климаттық институтының Президенті Питер фон Болен-Халбахпен кездесті.Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климатты қорғау саласындағы ынтымақтастықты орнату мүмкіндіктерін талқылады.Питер фон Болен-Халбах өз кезегінде, Елшіні Бразилиядағы Санта-Катарина, Параиба, Парана және Мато Гроссо-ду-Сул штаттарымен бірге COP-30 климаттық конференциясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудағы Климат институтының қызметімен таныстырды, сондай-ақ оны ү.ж. 20 мамырда Бразилиа қаласында өтетін «MARCHA-2025» Ұлттық конгресс муниципалитеттері аясындағы «Route to COP30» атты панельді сессиясының құрметті қонағы және спикері болуға шақырды.Анықтамалық: «Instituto Climatico von Bohlen und Halbach» Бразилия климаттық институты 2024 ж. қыркүйекте құрылып, тұрақты және тиімді климатты қорғау мақсатына жету үшін саясат, өнеркәсіп және жетекші климаттық көмек пен қорғау ұйымдары арасындағы жетекші буын болып саналады. Институттың мақсаты - экономикалық мүдделер мен тиімді климатты қорғау және CO2 азайту арасындағы теңгерімді зерттеу. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/996881?lang=kk
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды 20.05.2025
Алматы қаласы Алмалы ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларына ие болған көпбалалы аналарды құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті.Іс-шараның басты мақсаты — қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және отбасы институтын нығайту ісінде әйел-аналардың маңызды рөлін атап өту.Салтанатты кеш барысында аналарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталып, олардың еңбегі, төзімі мен махаббатына деген алғыс білдірілді.Марапатталған аналар қатарында:• Естай Алмагүл• Мусабекова Алия• Мусаева Рахат• Мырзабаева Әсел• Найденова Юлия• Санжурова АйшаОлардың әрқайсысы – алты баланың анасы, қоғамның лайықты өкілдері. Олар өмір жолымен отбасылық бірліктің, жауапкершілік пен болашақ ұрпаққа деген қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.Аналардың қоғам дамуына қосқан өлшеусіз үлесі мен жанкешті еңбегі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/996885?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ алаңында балаларды мәжбүрлі еңбекке тартуды және балаларды жалдауды болдырмауға шақырды 20.05.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 13 мамыр - Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Омаров Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының төрағасы Ф.Янгтың және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) басшысы Ж.Унгбоның қатысуымен өткен «Лайықты балалық шақ: балалар еңбегінің барлық түрлерін, соның ішінде қарулы қақтығыстарда балаларды күштеп тарту мен пайдалануды жою» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалогқа қатысты.Өз мәлімдемесінде Қ.Омаров Қазақстанның балалар еңбегін және балаларды қарулы қақтығыстарда пайдалануды жоюға деген мызғымас адалдығын растады. Ол Қазақстанның негізгі халықаралық құжаттарды, соның ішінде ХЕҰ-ның Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы және Балалар еңбегінің ең нашар түрлері туралы конвенцияларын ратификациялағанын атап өтті, сондай-ақ ұлттық іс-қимыл жоспарларын іске асыруды қоса алғанда, осы саладағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану тетіктерін нығайту бойынша елдің тұрақты күш-жігерін атап өтті.Ол сапалы білім балаларды қанауға қарсы күрестің ең тиімді құралы болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қордың бір бөлігін әрбір баланың 18 жасқа толғанда білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға қолжетімді шоттарына бағыттайтын «Ұлттық қор – балаларға» сияқты ауқымды бастамалармен шыққанын еске салды. Бұл шара «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесімен қатар барлығына сапалы білім алуға кепілдік беруге арналған. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың осал топтарындағы балалар үшін инклюзивті білім беруді кеңейту бойынша күш-жігер жұмсалуда.Сонымен қатар, қарулы қақтығыстарда балаларды үнемі тарту мен пайдалануға терең алаңдаушылық білдіре отырып, Қазақстан өз азаматтарын, әсіресе әйелдер мен балаларды қақтығыс аймақтарынан репатриациялау және реинтеграциялау бойынша белсенді қадамдар жасады, олардың білім алуына, оңалтылуына және әлеуметтік интеграциясына ерекше назар аударады. Сондай-ақ Қазақстан Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің әрбір бала, әсіресе қақтығыстардан зардап шеккен балалар үшін, бейбітшілік пен төзімділік үшін сапалы білімнің маңыздылығы туралы қарарын бастамашылық етті.Қазақстан өкілі әрбір балаға қауіпсіз, салауатты және бақуатты балалық шақты, оқуға, дамуға және бейбіт әрі өркендеген болашаққа үлес қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш-жігерді жандандыруға шақырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/996895?lang=kk
Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары! 20.05.2025
Құрметті, Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылының тұрғындары !🔷«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды✅Ұлттық байқау адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады. Барлық мәліметті төменде көрсетілген нөмірлер алуға болады.Құжаттар қабылдау 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізіледі.Байланыс телефоны:Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;Қызылсай ауылы: 26-222, 26485;Теңге ауылы: 49301, 49307;Рахат ауылы: 28363, 28040;Кендірлі ауылы: 56006, 56001 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.Конкурсты өткізудің мақсаттары:1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім1. Отбасы құрамы:Р\с №Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)Туыстық дәрежесіТуған күні (күні, айы, жылы)Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымыТұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны2. Отбасылық өмір тәжірибесі3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик9. Өзге де құжаттар Қолы __________ Күні __________ *Өтінім мекенжайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады. Байланыс телефондары:Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;Бейнеу ауданы: 8(72932)21680;Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/996862?lang=kk
MONOFEST I Халықаралық моноспектаклдар театр фестивалінің ашылуы 20.05.2025
2025 жылы 13 мамырда облыстық орыс драма театрында «MONOFEST» І Халықаралық театр фестивалінің ашылуы өтті. Фестиваль 13-18 мамыр аралығында жалғасады.Фестивальдің мақсаты – көрермендер қауымын әлемдік театр моноөнері саласындағы үздік жетістіктермен таныстыру, Қазақстанда осы жанрды дамыту және қазақстандық театрдың халықаралық мәдени контекске неғұрлым белсенді кірігуіне ықпал ету. Театр кәсіптерінің өкілдері арасында шығармашылық байланыстар орнату және нығайту, фестивальге қатысушы театр ұжымдары арасында тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.Барлығы 8 елден 9 қатысушы қатысады: Чехия, Германия, Израиль, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Монтенегро.Фестивальдің сарапшылар кеңесінің құрамына танымал еуропалық театрлар: Нина Мазур, Сания Кабдиева, Ментор Зимберай енген.Фестивальдің салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркетбайұлы Атамұратов, фестивальдің директоры Юрий Иванович Ивлев, сондай-ақ сараптамалық кеңестің төрайымы Мазур Нина Зиновьевна құттықтау сөздерін айтты.Ашылу салтанаты «ЧЕЛОВЕЧЕСКИЙ ГОЛОС» (Ж. Кокто) атты фестивальдің алғашқы қойылымымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/996866?lang=kk