Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады 24.04.2025
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін орындап жүрген әскери қызметшілермен кездесті.Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты нығайту жолындағы қызметтің маңыздылығын баса атап өтіп, құқық қорғау құрылымдарының қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.Ел Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери қызметшілері «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.Мемлекеттік награданы ел Президентінің қолынан теңіз жаяу әскерлері бригадасы байланыс ротасының командирі гвардия капитаны Алмас Әбузәкіров, әртекті корабльдер дивизионы «Қайсар» диверсияға қарсы катерінің командирі аға лейтенант Мұрат Дәндібаев, Әскери-теңіз базасының сержанты 1-сыныпты старшина Болат Райымханов және Арнайы операциялар күштері жауынгерлік жүзушілер тобының сержанты аға сержант Асылхан Темірханов алды.Президент марапатталған әскери қызметшілерге шынайы қызметі мен Отанға адалдығы үшін алғысын білдіріп, ерлік пен борышқа адалдық үлгілері ерекше құрметке лайық екенін және жас ұрпаққа өнеге болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979571?lang=kk
Қазақстан Республиқасы Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асылов: Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы 24.04.2025
Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты екенін атап өтті. Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Үкіметтің қарауында. Біз өз тарапымыздан бұл шараларды жүзеге асыруға кірістік. Мәселен, Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, «SIM KIDS» атты пилоттық жобаны іске қосты. Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта. Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады. Жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру жұмысы алдын ала жүргізілуі тиіс. Бала цифрлық кеңістікте суицидке итермелейтін қауіпті ойындардан, құмар ойындарға тәуелділіктен, сондай-ақ психикасына зиян келтіретін және отбасылық тәрбие мен құндылықтарға деген көзқарасын бұрмалауы мүмкін кез келген жағымсыз контенттен қорғалуы тиіс. Ең бастысы – баланың қауіпсіздігі отбасындағы көңіл бөлуден басталады. Ересектер балалардың көңіл күйіндегі, ортасындағы және қызығушылықтарындағы өзгерістерге сезімтал болғаны жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/979572?lang=kk
Сайлау заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету аспектілері қазақстандық және еуропалық сарапшылардың қатысуымен талқыланды 24.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М. Ерман және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Аппаратының талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің басшысы Э. Калиева құрамына кірген Қазақстан делегациясы сайлауды басқару органдарының 20-шы Еуропалық конференциясына қатысты.«Сайлау заңнамасының тұрақтылығы – практикалық аспектілер» тақырыбындағы конференция 2025 жылғы 15–16 сәуірде Вильнюс қаласында Литва ғылым академиясының штаб-пәтерінде өтті. Конференцияны Литва Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесі ұйымдастырды.Шараға Литва Республикасының Парламенті Төрағасының орынбасары Р. Сукис, Еуропа Кеңесінің Демократиялық сайлау жөніндегі кеңесінің президенті С. Диксон, Венециандық комиссияның вице-президенті және мүшесі М. Куйер, Еркін және адал сайлау жөніндегі Парламенттік альянстың төрағасы лорд Д. Бленкатор, сондай-ақ Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының һәм өзге де халықаралық делегациялардың өкілдері қатысты.Конференция барысында Эстония, Албания, Молдова, Литва, Босния және Герцеговина, Австрия мен Норвегияның заманауи тәжірибесі ұсынылды.Шара қорытындысы бойынша Эльмира Қалиева:«Қатысушылар мен сарапшылар сайлау заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ сайлаудың цифрлық форматқа көшуіне байланысты туындайтын сын-қатерлер мен болашағы жөнінде пікір алмасты. Сарапшылар дауыс беруге бір жыл қалғанда сайлау құқығын өзгертпеу қағидатының маңыздылығын және ақпараттық сайлау процесінің сапалы әрі толық сүйемелденуі қажеттігін бірауыздан атап өтті», - деп түйіндеді. https://www.coe.int/en/web/venice-commission/-/20th-european-conference-of-embs Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/979576?lang=kk
Оңтүстік Синай Қазақстан өңірлерімен жақындасуға мүдделі 24.04.2025
Каир, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Шарм аш-Шейх қаласында Оңтүстік Синайдың губернаторы Халед Мүбәрак Хусейн Бакримен кездесті.Х. Бакри қазақ дипломатын Шарм аш-Шейхте қарсы алуына қуанышын білдіріп, Оңтүстік Синаймен Қазақстан өңірлері арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылығы мол екенін жеткізді. Сондай-ақ, губернатор Қазақстаннан келетін туристердің санының артып жатқаны Мысыр үшін қуантарлықтай жайт және ел экономикасы үшін өте маңызды екенін атап өтті. Ол әрі қарай да қазақстандық серіктестер үшін жоғары деңгейдегі туристік саладағы қызметтерді көрсетуге дайындығын сендіре отырып, Шарм аш-Шейхтегі және жалпы өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қазақстандық кәсіпкерлерді шақырды.А. Жеңіс губернатордың ұсыныстарымен келісе отырып, бүгінгі таңда елімізде туризм секторын дамытуға үлкен назар аударылуда екенін жеткізді. Сондай-ақ, аталған салада тәжірибе алмасу мүмкіндігін зерделеуге шақырды және ол үшін Қазақстанның туристік әлеуеті мол өңірі мен Оңтүстік Синай арасында бауырластық қатынастарды дамытуды ұсынды.Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан азаматтарының Шарм аш-Шейхте қауіпсіз әрі жайлы демалу мәселесі жан-жақты талқыланды.Елші Шарм аш-Шейх қаласына іс-сапары аясында Оңтүстік Синай өңірінің басқа да лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, екі тараптың қызығушылығына ие мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/979588?lang=kk
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша семинар өткізеді 24.04.2025
2025 жылғы 17 сәуірде Qyzyljar Creative Center ғимаратында «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы хабардарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Ұйымдастырушы «АSTEL» АҚ компаниясының қолдауымен облыс әкімінің аппараты болды.Қатысушыларға СҚО әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Азамат Байтимиров құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады.Бағдарламаның білім беру бөлігін «АSTEL» АҚ компаниясының Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының (ОӘБ) өкілдері өткізді. Сөз сөйлеу шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи қатерлері, әлеуметтік инженерия әдістері, ақпаратты қорғаудың практикалық шаралары қаралды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы компанияның өз өнімдері мен шешімдері ұсынылды.Семинарға мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шара цифрлық сауаттылықты арттыруға және өңір ұйымдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/979190?lang=kk
Қазақстан мен Бенин СІМ басшылары екіжақты қатынастарды жандандыруға уағдаласты 24.04.2025
Астана, 2025 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Астанаға келген Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Олушегун Аджади Бакаримен кездесу өткізді.Бенин сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезең болып, екі ел арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін берді.Келіссөздер барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелерді талқылады.Министрлер сауда, логистика және цифрландыру сияқты стратегиялық маңызды салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударды. Осы тұрғыда шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге және әртүрлі деңгейлерде сапарлармен алмасуды жандандыруға дайындықтарын растады.«Жаңа геосаяси жағдайда Қазақстан Африка құрлығымен экономикалық саясатында тең құқықты және өзара тиімді серіктестікті басты орынға қояды. Біз ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаржы, цифрландыру және телекоммуникациялық технологиялар сияқты перспективалы бағыттарда Бенинмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз», – деп атап өтті М.Нұртілеу.Өз кезегінде Бенин СІМ басшысы Қазақстанның ел ішіндегі және халықаралық аренадағы жетістіктеріне таңданысын білдірді. «Қазақстанның табыстары – Үкіметтің тиімді жұмысы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке үлесінің нәтижесі. Елдеріміз ортақ құндылықтарды бөліседі, дәл осы негізде біз берік, серпінді және нәтижелі қарым-қатынастар орнатуға ұмтыламыз», – деді ол.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Африка арасындағы тауар айналымы 700 млн АҚШ долларынан асты және байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында қазақ тарапы Бенинге сауда миссиясын жіберуге дайындығын жеткізді.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты аясында Бенинге астық, ұн, өсімдік майлары, тыңайтқыштар және органикалық өнімдерді жеткізу перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ тараптар Бениндегі ауыл шаруашылығы мен геологиялық барлау қажеттіліктері үшін пайдалы болуы мүмкін жер шарын қашықтықтан зондтау бойынша қазақстандық спутниктік қызметтерді пайдалану мүмкіндігін талқылады.Көлік байланысын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Қытайдан Еуропаға жер үсті транзитінің 90%-ын қамтамасыз етеді, ал Бенин Котону порты арқылы Батыс және Орталық Африкаға қақпа ретінде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты тараптар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Орта дәліз аясында ынтымақтастықты дамыту, екі елдің көлік ведомстволары мен логистикалық компаниялары арасында келіссөздер жүргізу қажеттігін атап өтті.Ақпараттық технологиялар мен цифрландыру саласындағы жоғары әлеует аталып өтті. Бенинмен цифрлық ынтымақтастық бойынша Жол картасын қабылдауға дайындық расталды, сондай-ақ бениндік компаниялар Орталық Азиядағы ең ірі IT-стартап технопаркі – «Astana Hub» жұмысына қосылуға шақырылды.Сонымен қатар тараптар азық-түлік қауіпсіздігі контексіндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ынтымақтастықты талқылады. Қазақстан Бениннің Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіріп, оның Жарғысын жақын арада ратификациядан өткізетініне үмітін жеткізді.ҚР СІМ басшысы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін Бенин тарапының ұстанымына ризашылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан мен Бенин сыртқы саяси ведомстволары арасында Саяси және дипломатиялық консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/979277?lang=kk
«Құтқарушы роботтар» тақырыбында жобалар байқауы өткізілді 24.04.2025
2025 жылдың 18 сәуірінде Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы Әділет департаменті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп «Құтқарушы роботтар» тақырыбында жобалар байқауын өткізді. Іс-шараның мақсаты - оқушылар мен студенттердің зияткерлік меншіктің маңызын, оның ғылым мен технологиялардың дамуына қосатын үлесін түсінуін қалыптастыру, сондай-ақ авторлық құқықтарды қорғау мен патенттік мәдениетті насихаттау. Байқауға қатысушылар күнделікті өмірде адамдарға көмек көрсететін, нақты мәселелерді шешуге бағытталған немесе бұрын мүмкін болмаған нәрселерді жүзеге асыруға жол ашатын жобаларын ұсынды. Аталған байқау Қостанай облысының зияткерлік меншік құндылығын түсінетін және оны өз қызметінің бір бөлігіне айналдыруға ұмтылатын дарынды оқушылары мен студенттерін біріктірді. Әрбір қатысушы шығармашылық және ғылыми еңбекке деген құрмет мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты. Ең үздік және маңызға ие жобалардың авторлары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Level 1 санаты (12–14 жас):1 орын — Любенко Андрей, Ткаченко Владимир — ҚММ «Пешков орта мектебі», Фёдоров ауданы2 орын — Павлов Даниил, Ничай Павел — ҚММ «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі», Фёдоров ауданының білім бөлімі, ҚОБББ3 орын — Жүсіпов Тимур — «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Қостанай қаласы Level 2 санаты (15–18 жас):1 орын — Куприенко Данил, Шестак Лада — ҚММ «Мичурин жалпы білім беретін мектебі», Қостанай ауданының білім бөлімі2 орын — Ақмағамбетов Диас, Мұсаинов Нұрасыл — С. Мауленов атындағы гимназия, Қостанай қаласы3 орын — Садыков Марат, Жақсымуратов Нұрбол — Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный қаласы Байқау жеңімпаздары - жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және инновацияға деген ұмтылысты танытқан, өз қатарластарына үлгі бола алатын жас таланттар. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/979291?lang=kk
"Жастар. Энергия. Болашақ": Қостанайда есірткіге қарсы форум өтті 24.04.2025
Қостанай облысы Полиция департаменті мен аймақ прокуратурасының бастамасымен "Жастар сарайы" мәдени орталығында " Жастар. Энергия. Болашақ" атауымен жастар форумы өтті. Кездесудің басты тақырыбы жастар арасында нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу болды.Іс-шара қаланың әртүрлі оқу орындарынан мыңға жуық оқушылар мен студенттерді жинады және жастар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасындағы ашық диалог үшін маңызды платформа болды.Негізгі бағдарлама басталғанға дейін форумға қатысушылар арнайы техника, криминалистикалық зертхана және жауынгерлік қару-жарақ ұсынылған арнайы көрмеге қатысты. Мұның бәрі Полиция департаментінің аймақтағы есірткі қылмысына қарсы күресті қалай жүргізіп жатқанын айқын көрсетті.Іс-шараның орталық бөлігіне Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин, облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Жолдыбай Метаев, облыс әкімі аппараты басшысының м.а. Альфия Мұсабаева, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің бірінші проректоры Дастан Беков, облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог-наркологы Гүлсім Бисімбаева қатысты.Іс-шара спикерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың статистикасымен бөлісті, осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың жас шектері мен мерзімдерін еске салды. Сондай-ақ, олар есірткі заттарының адам ағзасына зиянды әсері және оларды қолданудың ықтимал теріс салдары туралы айтты.Ашық диалог барысында студенттер маңызды және өзекті сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты: есірткімен күресу үшін қандай шаралар қабылданады, әр адам нашақорлықтың алдын алуға қалай қатыса алады және осы салада заңды бұзғаны үшін қандай құқықтық салдарлар бар секілді сұрақтар қойылды."Нашақорлық-бұл таңдау емес, тұзақ. Ол денсаулықты ғана емес, адамның психикасын да бұзады. Есірткіні сақтау, олардың санына қарамастан, әрқашан қылмыс ретінде қарастырылады. Әрбір бірінші қолдану-бұл тұзаққа қадам. Есірткіге сіздің өміріңізді бұзуға мүмкіндік бермеңіз", - деді Ерлан Файзуллин.Сондай-ақ, форумда "Есірткіге қарсы үздік бейнеролик" шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар: үшінші орынды Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің студенті Денис Никитин, екінші орынды Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің студенті Никита Гирш, ал бірінші орынды Политихникалық Жоғары колледждің студенті Ольга Сабакарь алды. Барлық жүлдегерлер естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.Сондай-ақ, есірткіге қарсы фильмдер мен әлеуметтік роликтерді өз еркімен түсірген азаматтық белсенділер атап өтілді: Әнуар Бұкабаев, Workspace бейне студиясының жетекшісі, "Есірткі курьері" фильмінің авторы және есірткіге қарсы тақырыпта 5 әлеуметтік бейнеролик түсірген Ілияс Қапанов бар.Форум биліктің, білім беру мекемелерінің және белсенді жастардың күш-жігерін біріктіре отырып, Қостанайдың қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Ол тек бірлескен жұмыс пен ашық диалог есірткі қаупіне тиімді қарсы тұруға және жауапты ұрпақты қалыптастыруға көмектесетінін көрсетті."Жастардың энергиясы-болашақтың энергиясы. Оны дамыту, құру және жауапкершілік жағына бағыттау маңызды", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/979292?lang=kk
Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру, ұзарту және қайта бастау тәртібі 24.04.2025
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық өтініші негізінде құқығы бар:- салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру;- тоқтата тұру мерзімін ұзарту;- салықтық есептілікті ұсынуды қайта бастау.Салық төлеуші (салық агенті) өзінің тұрған жері бойынша салық органына өтінішті ұсынады. Маңызды: тоқтата тұру мерзімі, ұзартуды қоса алғанда, ескіру мерзімінен аспауы керек (СК-нің 48-бабына сәйкес).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/978934?lang=kk
Қазақстан Елшісі Жапония Императорына сенім грамоталарын тапсырды 24.04.2025
Токио, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Императоры Нарухитоға сенім грамоталарын табыстады.Императорлық сарайда өткен салтанатты рәсім барысында Жапония монархы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ізгі тілектерін жолдады. Сондай-ақ ол 2024 жылғы Қазақстандағы су тасқынынан кейін қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы сұрап, Қазақстан халқына өзінің қолдау сөздерін жолдады.Өз кезегінде Елші Қазақстанның Жапониямен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеп, қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін өзінің барлық күш-жігерін жұмсауға дайындығын айтты. Сондай-ақ мүмкіндікті пайдалана отырып, ол екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, 2021 жылы Күншығыс орденімен (Алтын және Күміс жұлдыз) марапаттағаны үшін Жапония Императорына алғысын білдірді.Іс-шара қорытындысы бойынша Император қазақ дипломатына екі ел арасындағы қатынастарды нығайту жөніндегі дипломатиялық миссиясын орындауда табыс тіледі.Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Жапония Үкіметінің атынан билеуші Либералды-демократиялық партияның мүшесі, Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрі Тошико Абэ қатысты.Екіжақты сұхбат барысында Т.Абэ Е.Баударбек-Қожатаевты Қазақстанның Жапониядағы Елшісі міндетін ресми атқаруды бастағанымен құттықтап, тараптар Қазақстан мен Жапония арасында ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/980481?lang=kk
Қарабалық аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 22 сәуірде сағат 11:00-де өтеді. 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/978485?lang=kk
ҚЫТАЙЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРМЕН КЕЗДЕСУ 24.04.2025
Бүгін Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде ҚХР Үрімші кеден басқармасына қарасты «Хоргос» кеденінің бастығы Мао Жунган, кешенді операциялар бөлімінің бастығы Хамид Саймайд, өткізу пункті басқармасының бөлім бастығы Ли Нун, кедендік тексеру бөлімшесінің бастығы Хайсал Смахур, өткізу пункті бас- қармасы бөлімше бастығының орынбасары Абдухалий Абдухарак келіп, кеден бекетінің жұмыс барысымен танысты. Кездесуге Қазақстан жағынан мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Ғабит Оразов, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Баймулдинов, кедендік әкімшілдендіру басқармасының басшысы Шалқар Болатбек, «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің басшысы Арман Қожасбаев, аталмыш кеден бекеті басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов қатысты.Кездесу барысында қытайлық әріптестерге кеден жүйесінің заманауи талапқа сай автоматтандырылуы, ақпараттық технологияның енгізілуі, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеру, кедендік ресімдеу, инспекциялық тексеру кешені арқылы сканерлеу, тәуекелді басқару тәсілі және басқа да техникалық регламентке байланысты ауқымды таныстыру рәсімі жасалды. Кездесу соңынан қытайлық әріптестер жаһандану дәуірінің заманауи талаптарына сай кедергісіз жұмыс істеп жатқан кеден бекетінің жұмысына жақсы баға беріп, келесі кездесуді қытай жағында өткізу жөнінде келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/978375?lang=kk
PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту тапсырмалары 24.04.2025
2025 жылдың 17 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен филиалының аға менеджері Бурунбетова Қарлығаш Кабдрахмановнамен бірлесіп, облыс мектептерінің физика, химия, биология және география мұғалімдеріне арналған «PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту тапсырмалары» тақырыбында интерактивті вебинар өткізді.Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, халықаралық зерттеулер туралы ақпарат беру және жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың мысалдарын талдау.Вебинар барысында келесі материалдар талданды:оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалайтын халықаралық зерттеу;жаратылыстану сауаттылығының аспектілері;қоршаған орта туралы ғылым саласындағы құзыреттер;жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары;сандық әлемде оқыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/978377?lang=kk
Будапештте Түркі мемлекеттері ұйымының Кеден әкімшіліктері басшылары бас қосты 24.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Кеден әкімшіліктері басшыларының Бірінші бейресми кездесуіне қатысты.Кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Омуралиев, Мажарстанның Ұлттық салық және кеден басқармасының комиссары Ференц Вагуйхейи, Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Каталин Бихари, Мажарстанның Кеден және халықаралық істер жөніндегі комиссар орынбасары Бригадалық генерал Криштоф Петер Бакай, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Шахин Багиров, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Алмаз Салиев, Түркия Республикасының Сауда министрінің орынбасары Сезаи Ұчармак және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Акмалходжа Мавлонов қатысты.Кіріспе сөзінде Бас хатшы Омуралиев Мажарстанның ТМҰ шеңберіндегі белсенді рөлі мен стратегиялық қатысуын атап өтіп, Мемлекет басшыларының алдағы бейресми саммиті қарсаңында бұл кездесудің Будапештте өтуінің символдық маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ, ол кеден саласындағы ынтымақтастықтың ТМҰ үшін басым бағыт екенін атап өтіп, қабылданған eTIR іс-қимыл жоспары, Жеңілдетілген кеден дәлізі және "Керуен сарай" жобасы сияқты бастамалар арқылы қол жеткізілген ілгерілеулерге тоқталды. Ол кеден рәсімдерін жаңғырту және цифрландыру ісін қолдау мақсатында Мажарстанның бірегей тәжірибесін пайдалана отырып, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.Мажарстан тарапы электрондық сауда, сауданы жеңілдету тәжірибелері, Еуропалық Одақтың (ЕО) кедендік реформалар пакеті, 2024 жылғы ЕО Төрағалығы кезіндегі жетістіктер мен Вышеград тобы секілді өңірлік ынтымақтастық механизмдері бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.ТМҰ мүше мемлекеттерінің қатысушылары кеден жүйесін жаңғырту және өңірлік экономикалық ынтымақтастық салаларындағы ұлттық тәжірибелерін ұсынды. Кездесу барысында ТМҰ шеңберінде ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, әсіресе ТМҰ мен ЕО арасындағы әріптестікті нығайту, білім және тәжірибе алмасу, сондай-ақ кеден саласындағы әлеуетті арттыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/977747?lang=kk
Ақмола облысында 2025 жылдың 14-20.04 аралығында өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасы 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/975185?lang=kk
Ақмола облысында 2025 жылдың 07.04 - 13.04 аралығында өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасы 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/970853?lang=kk
2025 жылғы 2 сәуірде сот орындаушысы С. Раскельдинов сот үкіміне сәйкес тәркіленген мүлікті уәкілетті органға тапсырды. 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969496?lang=kk
Ақмола облысында 2025 жылдың 31.03 - 06.04 аралығында өтетін мәдени іс-шаралар бағдарламасы 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/968813?lang=kk
"Нотариалдық қызметті кімдер тегін алады?" тақырыбындағы мақала 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/967918?lang=kk
Қазақстандағы оқиғалар 24.04.2025
GOV.KZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/970496?lang=kk