Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Keden» АЖ жолаушылар кедендік декларациясы 24.04.2025
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке айдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде, жеке тұлғалар тауарларды кесіп өту орынындағы мемлекеттік кірістер органдарына жолаушылар кедендік декларациясын ұсынады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны, сонымен қатар, олаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібі бекітілген.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығының 30-қосымшасына сәйкес, "Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бекітілген.Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына жолаушылар кедендік декларациясының қағаз жеткізгіштерін беру арқылы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.Деректерді толтыру үшін кеден органдарының «Keden» АЖ ақпараттық жүйесі қолданылады.2025 жылғы 22 сәуірден жолушылар кедендік декларациясы тек қана «Keden» АҚ рәсімделеді (компьютерде онлайн немесе «E-Salyq Azamat» мобильді қосымша).Декларацияны толтыру кезінде:-жолаушының құжаттық деректері;-тауарларды тасымалдау бағыты;-тауарлардың сипаттамасы (түрі, сипаты, салмағы, құны);-қажет жағдайда-баждар мен салықтар төлемі;-ЭЦҚ көмегімен қолы (электрондық цифрлық қолтаңба).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1190628?lang=kk
Алматыда Кеңес Одағының Батырлары Әликбай Қосаев пен Ерденбек Ниетқалиевті еске алды 24.04.2025
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әскери кафедрасы мен жалпы білім беру пәндері кафедрасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық әскери-тарихи конференция өтті.Оған қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жалпы жеңіске қосқан үлесі туралы баяндаған ғылыми қызметкерлер, ЖОО, колледж, мектеп оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.Сөз сөйлеушілер неміс басқыншыларына қарсы шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батырлары Әлікбай Қосаев пен Ерденбек Ниетқалиевті еске алды. Олардың тағдыры бүгінде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті болып табылатын Алматы зооветеринарлық институтымен байланысты. Іс-шараның маңызды сәті Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген Әлікбай Қосаевтың немерелері мен Ерденбек Ниетқалиевтің туыстарының қатысуы болды.Әлікбай Қосаев – тарихқа 28 панфиловшы батырдың ерлігі ретінде белгілі Дубосеково разъезінде болған аңызға айналған шайқасқа қатысқан. 1941 жылы 16 қарашада 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгер жолдастарымен бірге жаудың талай шабуылына тойтарыс берді. Ауыр жараланғанына қарамастан Әлікбай Қосаев қолына гранат алып неміс танкіне қарай лақтырып, оны жарып жібереді де өзі да қаза табады. Батырлығы мен көрсеткен ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Зооветеринарлық институттың түлегі Ерденбек Ниетқалиев қызыл әскердің көптеген жауынгерлік операцияларына қатысты. Гвардия капитаны Ниетқалиев басшылығымен 2-ші қылышты эскадрильясының жеке құрамы Ратцебур қаласының оңтүстігіндегі стратегиялық маңызды учаскені қорғауда табандылық пен батылдық танытты. Екі күн ішінде атты әскер бөлімшесі 10 қарсы шабуылға тойтарыс беріп, жаудың жүздеген сарбазын жойды. 1945 жылы 2 ақпанда Ерденбек Ниетқалиев ауыр жараланды, бірақ ұрыстан шықпады. Қансырап жатса да ол станок пулеметінің артында тұрып, соңғы демі қалғанша жаудың шабуылдарын тойтаруды жалғастырды. Сұрапыл шайқаста қаза тапқан Ерденбек Ниетқалиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Конференцияны ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндағы баяндалған материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке жинақта жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979404?lang=kk
Міндеттемелерді орындау қажет 24.04.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүргізу барысында шетелдік компаниялардың павлодар кәсіпорындары алдындағы 1 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға орындалмаған міндеттемелерінің фактілерін анықтады.Павлодар кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін (астық, картоп, күнбағыс тұқымдары және т.б.) экспорттады және экспорттан ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді банктік шоттарға есептемеді.Резидент "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндеттіПавлодар қалалық және облыстық соттарының қаулыларымен резидент-кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 215 млн.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттардың қаулылары заңды күшіне енді. Павлодар облысы бойынша МКД-ның тарифтік реттеу басқармасы    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/979416?lang=kk
Алматыда Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру нәтижелері ұсынылды 24.04.2025
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындысы және Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының іске асырылуына арналған брифинг өтті.Департаменттің қызметі Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге асырылады. Негізгі назар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Бұл бағыттағы негізгі құрал – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы. Ол мемлекеттік органдар қызметіндегі осал тұстарды уақтылы анықтауға, қауіп-қатерлерге объективті баға беруге және оларды жоюға жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.Бірқатар басым салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілді.Экономика және қаржы саласында «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде 110 млн теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген талдау нәтижесінде ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша 17 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылықтар біліктілік талаптарының негізсіз қойылуына, шарттық міндеттемелерді орындамауға және бюджетке сай келмейтін жылдық жоспарлардың бекітілуіне қатысты болды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 1,67 млн теңгені құрады.Қала құрылысы саласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы негізінде алғаш рет Алматы қаласының Қала құрылысы регламенті мен Құрылыс ережелері бекітіліп, 2025 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енді. Бұл құжаттар қаланы оның сейсмикалық және климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз, экологиялық және үйлесімді дамытуға бағытталған.Тау бөктеріндегі аймақта жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау аясында жыл басында заңсыз салынған 2 нысан ішінара бұзылды. Жалпы алғанда, кешенді шаралар басталғалы бері экологиялық тұрғыдан сезімтал және сейсмикалық қауіпті аумақтарда заңсыз орналасқан тұрғын үйлерден бастап қонақ үйлер мен жеке құрылыстарға дейін 12 нысан толық немесе ішінара бұзылды.Білім беру саласында ішкі мемлекеттік аудит органдарымен бірлесіп, жалақыны негізсіз есептеу фактілері анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджетке 28,3 млн теңге қайтарылды.Жол салу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, 8 тәуекел айқындалып, 13 ұсыныс енгізілді. Қалалық мобильділік басқармасы жол жұмыстарын келісу бойынша жаңа алгоритм енгізіп, кепілдік мерзімдері ұлғайтылды:– жаңа жол құрылысы бойынша – 3 жылдан 7 жылға дейін;– орташа жөндеу бойынша – 3 жылдан 5 жылға дейін.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам адамды қамтыған 66 іс-шара өткізілді.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында Алматыда 262 волонтер тіркеліп, 34 кездесу өткізілді.Азаматтық белсенділікті ынталандыруға ерекше назар аударылуда. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы төлеу тетігі тиімділігін көрсетіп отыр. Биыл 1,2 млн теңге көлемінде сыйақы алған 2 азамат көтермеленді.Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыра отырып, ашықтықты, жауапкершілікті және қоғаммен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін болады. #ЗаңменТәртіп  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/979427?lang=kk
Қорғаныс министрлігі әскери институтының командасы Military Drone Race турнирінің үздік үштігіне енді 24.04.2025
Қазақстан тарихында Military Drone Race күш құрылымдарының FPV-дрон операторлары арасындағы алғашқы турнир Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылған күніне орайластырылды.Ұшқышсыз басқарылатын әуе жүйелері мамандарының ауқымды форумына 11 команда қатысты. Бұл турнир шеберлікті көрсету, тәжірибе алмасу және тактикалық шешімдерді пысықтау үшін ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың ең үздік деген есептоптарының басын қосты.ҚР Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы жақсы дайындалғандарын көрсетіп, ҰҚК-нің «А» арнайы бөлімшесі мен Мемлекеттік күзет қызметінің құрамасынан жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді.Әскери институттың атынан жарысқа бірінші курс курсанттары Ерасыл Қабылов, Алпамыс Құрбанбаев, Нұрәлі Нұркенов және Амантай Тілек қатысты.– Біздің курсанттар бұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып тұр. Небәрі екі аптаның ішінде олар FPV дрондарын басқаруды меңгеріп, керемет командалық қасиеттерді, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, ұрысқа барынша келтірілген жағдайда заманауи сынақтарға дайындалудың нақты мүмкіндігі. Балаларымызды мақтан тұтамыз және бұл табысқа жету жолындағы алғашқы қадам екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті арнайы пәндер кафедрасының аға оқытушысы подполковник Елнар Ыдырысұлы.Бүгінгі таңда FPV дрондары барлау, бақылау, бағыттау және нақты  тапсырмаларды орындау үшін белсенді қолданылатынын айта кеткен жөн. Оларды қолдану жеке құрамға төнген қауіпті азайтып, ұрыс даласындағы іс-қимылдың тиімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979431?lang=kk
Техникалық жұмыстар ! 24.04.2025
              Құрметті пайдаланушылар!     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 21:00 бастап 00:00-ға дейін «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде (АЖ БСАЖ) техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.     Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде АЖ «БСАЖ» ақпараттық жүйесінің сервистері қолжетімсіз болады.     Тудырған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/979433?lang=kk
Қазақстан Елшісі Скопье қаласының Мэрімен кездесті 24.04.2025
Скопье, 2025 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопье Мэрі Данела Арсовскамен кездесті.Кездесу барысында Елші қала басшысын Қазақстанның 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен және Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жолға қоюға, сондай-ақ Скопье мен Астана арасында бауырластық байланыстар орнатуға дайын екенін білдірді.С.Бұршақов жергілікті әкімшіліктің елорданың тұрақты дамуын ілгерілетуге қосқан үлесінің және шетелдік әріптестермен жан-жақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.Д.Арсовска Қазақстан Елшілігінің Скопьедегі ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жолындағы маңызды қадам болатынын, сондай-ақ астаналық және өңірлік деңгейіндегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.Мэрия басшысы муниципалитеттің қызметі, оның алдағы жоспарлары туралы айтып, Скопьеде Қазақстанның мәдени күндерін өткізу туралы бастама көтерді.Кездесу соңында халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара бастамаларды қолдауға баса назар аудара отырып, практикалық ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/979493?lang=kk
Ел Президенті ұландықты марапаттады 24.04.2025
18 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді. Іс-сапар аясында Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жедел қамтамасыз ету ротасының 1 взводының аға маманы ефрейтор Нұрғазы Тәшінбековке "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасын — медалін тапсыру маңызды сәттердің бірі болды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы марапатқа ие болды.Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.Мемлекеттік награданы алғаннан кейін ефрейтор Нұрғазы Тәшінбеков толқуын әрең тежеп, журналистермен өз ойларымен бөлісті:— Президенттің қолынан медаль алу - үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерлеріне берілген баға ретінде қабылдаймын. Біз бірге қызмет атқарамыз, тапсырмаларға бірге шығамыз және әрқайсымыз өз еліміздің қауіпсіздігі үшін соңына дейін тұруға дайынбыз.Осындай жоғары баға үшін өте ризамын. Бұл шабыттандырып, күш береді және абыроймен қызмет етуді жалғастыруға ынталандырады. Мен Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететінімді мақтан тұтамын. Ел сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын! Қазақстан Республикасына қызмет етемін!Президент барлық әскери қызметшілерге қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.Айта кету керек, Ұлттық ұлан заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды, маңызды мемлекеттік объектілерді күзетуге және арнайы жүктерді алып жүруге жұмылдырылады, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға тартылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979503?lang=kk
Алматы облысының әкімі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс нысандарымен танысты 24.04.2025
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Талғар және Іле аудандарына барып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асу барысымен танысты. Өңір басшысы үш білім беру нысанын аралап көрді. Жобалардың іске асуы 2 800-ден астам жаңа оқушы орнының құрылуына ықпал етіп, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені едәуір азайтады.Сапардың алғашқы нысаны — Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы 900 орындық мектептің құрылысы. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылуда. Бас мердігер — «AK Construction Company» ЖШС, жобалаушы — «Капремпроект» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «Стройинтеграция» ЖШС.Қазіргі уақытта нысанның 90%-ы дайын, ал жабдықтардың 50%-ы орнатылған. Құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталып, аумақты абаттандыру және технологиялық жабдықтарды жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық жұмыстар алдағы екі аптада толық аяқталады деп жоспарлануда.Келесі нысан — Іле ауданы Тлендиев ауылындағы 900 орындық мектеп. Құрылыс белгіленген кестеге сай жүргізілуде: жер жұмыстары аяқталып, ғимараттың қаңқасы мен қабырғалары тұрғызылды, шатыр мен қасбеттік жұмыстар, сондай-ақ инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2023–2025 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуда. Тапсырыс беруші — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, мердігер — «Exclusive Construction» ЖШС.Сапардың соңғы нысаны — Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы 600 орындық мектеп. Құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында: ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер — «Диал строй» ЖШС.Сапар қорытындысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев нысандардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруда кешенді тәсілдің маңызын ерекше атап өтті:— Мектеп — бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл — балалар өздерін жайлы, қауіпсіз әрі сенімді сезінетін орта. Аудан әкімдеріне аумақты көгалдандыру, ағаш отырғызу секілді жұмыстарға ерекше көңіл бөліп, жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырамын. Біз бұл мектептерді балаларымыз үшін салып жатырмыз, ал олар ең үздік жағдайға лайық, — деді облыс әкімі.Аталған мектептердің пайдалануға берілуі 2 467 оқушыны заманауи оқу жағдайымен қамтамасыз етеді және аудандардың әлеуметтік дамуына серпін береді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Алматы облысында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/979506?lang=kk
Академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 24.04.2025
ШҚО білім басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың қатысуымен академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған  «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.Іс-шараға шетелдік, отандық жоғарғы оқу орындарының                                    профессорлық-оқытушылық құрамы,  республикамыздың әрбір өңірінен  білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Шара аясында конференция қонақтары Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалады, ұстаз шәкірті Шүиіншәли Абай Серікұлы «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.Конференция жұмысына шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері Түркия Республикасының Измир қаласы Эгей университетінің профессоры, Pһ докторы Е. Метин, Қазан федералды университетінің профессоры, филология фәннере докторы Ф. С. Сәйфуллина., Ә. Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы У. Жоракулов онлайн форматында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.        Конференцияның пленарлық бөлімінде  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Ф. Ш. Оразбаева, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Қапантайқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры А. М. Картаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ. К Жакенованың баяндамалары тыңдалды.Конференцияның практикалық бөлімдері «Қ.Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері», «Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі», «Қ. Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар», «Қ. Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс» тақырыптық алаңдарымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ базасында жалғасты.Шара аясында пленарлык бөлім спикерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. А. Картаева, Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Ш. Қапантайқызы, Абай облысы Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. К. Жакеновалар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.Абай, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан 17 атаулы зертхана филиалдарының жетекшілері және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері А. Ж. Билялова ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.Конференцияға барлығы 500 педагог қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979521?lang=kk
«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА» республикалық ашық сабақ 24.04.2025
Бүгін «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында облыстың барлық мектептерінде суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1-9 сыныптар арасында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы Өскемен қаласының №46 мектебінде 9-11 сыныптардың 348 оқушысы қатысуымен ашық эко-сабақ өткізіп, оқушыларға су ресурстарына ұқыпты қарау маңыздылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара бағдарламасы суды үнемдеу жолдарын талқылаумен қатар, тәжірибелік көрсетілімдерді:* жоғары сынып оқушылары ластанған суды тазарту әдістерін көрсетті;* өсімдіктерді үнемді суаруға арналған тамшылатып суару жүйелерін таныстырды;* әлеуметтік желілер арқылы эко-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді;* су ресурстарын тиімді пайдалану туралы тақырыптық плакаттар жасауды қамтыды.Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.Осындай сабақтар барлық облыс мектептерінде өтіп, 86437 оқушыны қамтыды.#СудыҮнемде #БолашақтыСақта хэштегтерімен әлеуметтік желіде жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979525?lang=kk
«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» республикалық байқауларының облыстық кезеңі 24.04.2025
«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 18 сәуірінде «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» атты республикалық байқауларының облыстық кезеңін өткізді.Байқауға облыстың аутизм орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің  3 педагогі және ПМПК-ның 2 маманы қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.Байқау қорытындысы бойынша:«Үздік сабақ» номинациясында (жеке немесе кіші топтық)І орын - Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы, «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі;ІІ орын - Қабылғазина Еркеназ Қабылғазықызы «Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығының дефектолог-мұғалімі;«Үздік әдістемелік кейс» номинациясы бойынша арнайы педагог, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы;ІІ орын - Банникова Мария Анатольевна, «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологі;«Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясында;І орын - Буркашева Шынар Толыбаевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог-мұғалімі;ІІ орын - Идришева Майгуль Ергалиевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ педагог-психологі иеленді.     Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979529?lang=kk
Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді. 24.04.2025
Катонқарағай ауданы аумағында құрғақ шөптің жануына қатысты екі жағдай тіркелді.Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды жинау және өртеу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды жинау және оларды өртеу кезінде ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ үшін ҚР ӘҚБтК 336- БАБЫНА сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. ЖЫЛ САЙЫН ШҚО аумағында құрғақ шөпті БАҚЫЛАУСЫЗ ӨРТЕУДІҢ мыңдаған оқиғасы болып тұрады, оның жүздегені ірі өрттер, үлкен материалдық ШЫҒЫНҒА әкеп соғады. БҰЛ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӨМІРІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ, ЭКОЖҮЙЕНІ БҰЗАДЫ, ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУЕПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.ШӨП ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ:1. Тұрғын үйлердің үй-жайлық телімдерінде ірі азық ғимараттар мен аула құрылыстарынан 15 метрден кем емес қашықтықта сақталады.2. Ірі азықты көрсетілген қашықтықта сақтау мүмкін болмағанда, қосымша 500 литрден кем емес суы бар ыдысты қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 5 метрге қысқартылады.3. Ірі азықты қора, шаруашылық құрылыстарының төбесіне, электрөткізгіштер желілерінің астыңғы жағына сақтауға тиым салынады.ЕГЕР ДЕ СІЗ ШӨПТІ ӨРТЕУ ОҚИҒАСЫНА КУӘ БОЛСАҢЫЗ ДЕРЕУ 101 НӨМЕРІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.Если вы стали свидетелем поджога сухой травы — немедленно сообщите об этом по номеру 101.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979531?lang=kk
"SHYGYS AIBYN-2025" аудандық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. 24.04.2025
Берел орта мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "SHYGYS AIBYN-2025" аудандық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.Жарысқа Өрел шекара бөлімшесінің офицерлері төрелік етті.Нәтижелер:1 орын – Ластаев ат. ОМ2 орын – Аққайнар ОМ3 орын – Рыков ат. ОМЖеңімпаздар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979534?lang=kk
Катонқарағай ауданында концерт! 24.04.2025
Катонқарағай ауданында концерт!Аудан әкімімен кездесу аясында“Ауылым – алтын бесігім” бағдарламасы шеңберіндеКатонқарағай аудандық мәдениет үйініңкөркемөнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама ұсынады!Келіңіздер, көріңіздер, қолдаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979535?lang=kk
👩🏻‍🌾ҚҰРМЕТТІ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 24.04.2025
📌 19 СӘУІР, САҒАТ 07:00«АЛТАЙ» САУДА ОРТАЛЫҒЫНДАКАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢАУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!🌱Табиғи, экологиялық таза, сапалы өнімдерқолжетімді бағамен ұсынылады!КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! САТЫП АЛЫҢЫЗДАР! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/979536?lang=kk
«Сөз құдіреті» – кітап пен шабыт мерекесі 24.04.2025
Жастар сарайында Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында жарқын әрі шынайы шабыттандыратын шара – «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.Іс-шараға қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары С.Д. Жүсіпов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, белгілі авторлар Ақылбек Шаяхмет пен Александра Суслова құттықтады.Байқау Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар байқауының негізінде ұйымдастырылып, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 21 жеңімпаз финалисті жинады.Қатысушылар «Таза бұлақ» жинағына енген заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінділер ұсынды. Әдебиет жақын, туған әлеміне айналған балалардың орындауындағы бұл үзінділер жаңаша естілді – шынайы, жүрекпен, әртістік өнерімен ерекшеленді.Жанды оқу атмосферасы барлығын біріктірді - кітап жазатындарды, оқытатындарды, кітап оқитындар мен кітап сүйетіндерді. Үздіктердің үздіктері лайықты сыйлықтармен марапатталды:1 орын – Даяна Ертанова, Қарабалық ауданы2 орын – Назым Баймурзина, Қостанай ауданы3 орын – Даниил Комаров, Қостанай қаласыАрнайы номинациялар:«Мұра» – Төлеген Сезім, Жангелдин ауданы«Әртістік» – Егинсаева Аружан, Қостанай қаласы«Жарқын сахналық бейнесі» - Ширенина Элина, Сарыкөл ауданы«Қазақ тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Нәзекеева Әнел, Меңдіқара ауданы«Орыс тіліндегі үздік шығармашылық эссе» - Құрмантаев Данияр, Лисаков қаласы.Іс-шарада «Жаңа кітап – жаңа әлем» және «Ұрпаққа мұра – ұлттың сөзі, кітаптың ізі» атты кітап көрмелері ерекше орын алды. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қорларындағы ең үздік басылымдар ұсынылды. Мұндағы әрбір кітап қазіргі Қазақстанның мәдени байлығы мен рухани мұрасының көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/979539?lang=kk
Өскеменде Конституция үстемдігі мен конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті 24.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Б. Нұрмұханов 2025 жылғы 18 сәуірде Өскемен қаласында «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі ретінде» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты.Шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Үкіметтің «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» жоспары аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ұйымдастырылды.Конференцияға Мәжіліс депутаты Е. Сайыров, Бас Прокурордың кеңесшісі Т. Адамов, жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, адвокаттар алқасы мен нотариат палатасының өкілдері, сондай-ақ отандық және халықаралық ғылыми қауымдастықтың сарапшылары қатысты. Қатысушылар 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижелерін және оны «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде практикалық іске асыру жолдарын талқылады.Б. Нұрмұханов өз сөзінде:«Бүгінде Қазақстан азаматтары қолданыстағы заңнаманың Конституцияға сәйкестігін тексеру құқығын белсенді түрде пайдаланып келеді. 2023 жылдан бері Конституциялық Сотқа азаматтардан 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарынан – 458 өтініш. Екі жыл ішінде Конституциялық Сот 70 нормативтік қаулы қабылдады және Парламентте еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы 2 Жолдау жариялады».Конференция аясында Конституциялық Сот Аппараты мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аналитикалық материалдармен алмасуды, құқықтық мәдениет пен конституциялық заңдылықты нығайту мәселелері бойынша бірлескен ғылыми-практикалық шаралар өткізуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/979543?lang=kk
Ұландық Милад Карими Дохадағы Әлем кубогы кезеңінің "алтынын" жеңіп алды 24.04.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы Милад Карими Катар астанасы — Дохада өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.Рой еден жаттығуларының финалында Карими төрешілерден 14,466 ұпай жинап, керемет қойылым көрсетті. Бұл оған отандасы Алтынхан Темірбектен (13,633) және Ұлыбритания өкілі Сэм Мостофиден (13,600) озып, бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді. Қарсыластары сәйкесінше, екінші және үшінші орындарға жайғасты.Али Милад Карими Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында спорттың дамуына елеулі үлес қоса отырып, дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушы міндеттерін орындайды.Сондай-ақ, Әлем Кубогының кезеңі аясында қазақстандық Нариман Құрбанов 14,566 балмен жақсы нәтиже көрсетіп, ат үстіндегі жаттығулар финалында қола жүлдеге ие болды.19 сәуір күні Карими зілтемірдегі жаттығулар финалында өнер көрсетеді, ол бұл санатта да жүлделі орынға үміткер қатарында.Ефрейтор Милад Каримиді жарқын жеңісімен құттықтаймыз және халықаралық аренада жаңа табыстар тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/979548?lang=kk
Қазақстан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы әзербайжандық коммандостың дайындығымен танысты 24.04.2025
            ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев бастаған қазақстандық делегация Әзербайжанда командос пен арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерге барды.              Сапар әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің әскери бөлім аумағында орнатылған бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.Генерал-майор Акиф Пирвердиев қазақстандық әскери қызметшілерге инфрақұрылым, тұрғын үй, спорт нысандары мен асхананы көрсетті. Ол бұдан басқа әскери бөлімнің білім беру тарихы туралы және оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жайлы хабардар етті.Тараптар арнайы бөлімшелер мен екіжақты оқу-жаттығуларды дайындауға қатысты бірқатар мәселелер төңірегінде пікір алмасты.Жабық атыс кешенінде қонақтарға Әзербайжанның Арнайы операциялар күштері жарақталған қарулардан атыс көрсетілді. Сол сияқты тапаншалар, пневматикалық қарулар және шағын калибрлі мылтықтар атысы да өтті.Қазақстандық делегация таулы мұнара мен барлаушы соқпағындағы командостардың арнайы әрекеттеріне қызығушылық танытты.Әзербайжан Республикасы Арнайы мақсаттағы күштерінің қолбасшысы генерал-майор Алекпер Джахангировпен кездесуде өзара мүдделі кең ауқымды мәселелерге қатысты пікір алмасылды.Естеріңізге сала кетсек, былтыр тамыз айында Алматы облысында "Алтын қыран-2024" екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп, оған Әзербайжанның Арнайы мақсаттағы күштерінің 50-ден аса әскери қызметшісі қатысты. Қазақстандық десантшылармен бірге олар таулы жерлерде барлау міндеттерін орындады. Екі тараптың келісімі бойынша бірлескен оқу-жаттығу тәжірибесі жалғасатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979552?lang=kk