Enbekshi QazaQ

Business

ЕАЭО-ҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӘУЕ КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КӨЛІК САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Астана қаласында өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында 2018-2020 жылдары бірінші үшжылдық мерзімге арналған Әуе көлігі бөлімі бойынша Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді.Аталған іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттерінің Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген.Көлік саясаты бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық принциптерді, экономикалық интеграцияны жүйелі және кезең-кезеңімен бірыңғай көліктік кеңістікті, жалпы көлік қызметтерінің нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.Іс-шаралар жоспары әуе көлігін дамытудын ерекшеліктерін талдамалық және зерттеу сипатындағы бірінші үшжылдық мерзімде (2018-2020 жж.) іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қарастырады.Екінші деңгейде (2021-2023 жж.) бірінші үшжылдық мерзімде іске асыруға жоспарланған іс-шараларды қамтиды (үндестіру, заңға тәуелді актілер, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу және т.б.), және үшінші деңгейде (2023-2025 жж.) жалпы көлік қызметтерінің нарығына және бірыңғай көліктік кеңістікке қол жеткізу үшін әуе көлігінде тасымалдарды орындау кезіндегі шектеулерді алып тастау тәсілдерін орнықтыруды көздейді.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11361?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ЭКСПОРТЫ 20%-ҒА ӨСТІ 10.04.2025
Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталуда. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінде өткен отырыста мәлім етті.«2017 жылдың 6 айында өңдеу өнеркәсіп экспорты 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 %-ға жоғары. Бұл ретте, шет елдер нарығында Қазақстанның дайын өнімдеріне деген сұраныстың артып келе жатқанан атап өткен жөн»,-деді Жеңіс Қасымбек.Қазақстандағы өңдеу өнеркәсіп экспортының үлесі 2010 жыл мен 2016 жыл арасында 28 %-дан  35 %-ға дейін өсті. Өңделген тауарлар экспортының географиясы 120 мемлекетті құрайды. Қазақстандағы шикізат емес экспорт қазіргі уақытта 114 тауар түріне артты (899 -дан 1013 дейін).Жаңа тауарлар қатарына локомотивтер, мотор майлары, киімдер, шыныдан жасалған бұйымдар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтары, картридждер және т.б. енгізілген.«Экспорттың оң диманикасы және Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бойынша дүниежүзілік нарықтағы конъюнктура ескеріле отырып, биыл өңдеу өнеркәсіп экспорты 2015 жылдың деңгейіне жетеді, деп күтілуде (14 млрд. АҚШ доллары)», - деді министр.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11337?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ЖАЛПЫ АЛАҢЫ 6,2 МЛН. ШАРШЫ МЕТР БОЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 10.04.2025
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың және «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асу барысы туралы брифинг өтті.Биыл 7 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (54 мың баспана). Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы жылдық жоспарының 61%-н құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көрсеткішті жоғарылатты. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, «2017 жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд. теңге бағытталды. Оның 75,8 млрд. теңгесі мемлекеттік инвестиция. Мемлекет қажысы есебіне 8829 пәтер (541,3 мың.кв.м) салынды. Жыл соңына дейін қосымша 16176 пәтерді (948,2 мың кв. м) тапсыру жоспарланып отыр».«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдік 25 млрд. теңге бөліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл аяғына дейін іске қосылатын болады.«Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының екінші міндеті аясында жоспарланған 60 мың жер телімінің 23,5 мыңы қазірдің өзінде инженерлік желілермен қамтамасыз етіліген. 4 облыс орталығында жекеменшік үйлердің құрылысы қанатқақты жобалары бірыңғай сәулет стилінде іске асырыла бастады»,-деді Роман Скляр.Кредиттік тұрғын үй құрылысының үшінші міндеті бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар үшін бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 кредиттік пәтері салынды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасының аясында құрылыс компаниялары 50 млрд. теңге субсидияланған займ алу үшін 24 жобамен банктың қарауына өтінім жасады. Олардың қазіргі уақытта 7,4 млрд. теңгеге 2 жобасы мақұлданды.«Республиканың 11 өңірінде халықтың ипотекалық займдары бойынша нарықтық ставкаларды төмендету үшін халықты 10 пайыздық жеңілдетілген ставкамен несиелеу басталды. Бүгінгі таңда 10 банк Бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 3 банк   (БанкЦентрКредит,АТФБанк, Сбербанк) ипотеканы белсенді түрде іске асыруда. Осы күні олар азаматтардан ипотека алу үшін 145 өтініш қабылдады(1,5 млрд. теңге)»,-деп атап өтті вице-министр. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11310?lang=kk
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНЫҢ 10.04.2025
2017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Астана қаласында 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің шеңберінде (бұдан әрі – Келісім) Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-өзбек бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.Келіссөздер барысында 1200 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2018 жылға алдын ала квота орнатылды. Сонымен қатар Тараптар 2017 жылға қосымша үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілерімен алмасу мәселесін ү.ж. III тоқсанының қорытындысы бойынша қарастыруға келісті.Сонымен қатар Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруттарын ашу мәселесін қарастырды және   бастапқы кезеңде «Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша тұрақты автобус маршрутын ашу мәселесін пысықтауға келісті.Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан тарапы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуде, өзбек тарапы аталған Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарлады.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Анықтама:2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Өзбекстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 11%-ға өсті және 169,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер текстиль, кілем, маталар, көкөніс, жеміс-жидектер, пластмасса өнімдері, механизмдер мен жабдықтар және т.б.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11104?lang=kk
«EXPO-2017» КӨРМЕСІ КЕЗІНДЕ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІМЕН 1,4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ 10.04.2025
«ЕХРО-2017» көрмесі кезінде теміржол көлігімен Астана қаласына жолаушыларды тасымалдау өсімі облысаралық бағыттар бойынша 23%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 10%-ға ұлғайды.Атап айтқанда, Астана қаласына теміржол көлігімен 1,46 млн. жолаушы келді. Еліміздің аймақтарынан 1,43 млн. жолаушы, ТМД мемлекеттерінен    31,3 мың жолаушы келді.Жолаушылар көп келген аймақтар да анықталды. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 245 мың жолаушы, оңтүстік аймақтардан 207 мың, Павлодар облысынан 176 мың, Ақмола облысынан 173 мың, Қостанай облысынан 160 мың, Қарағанды облысынан 125 мың және Шығыс Қазақстан облысынан 105 мың жолаушы сапарлаған.Сонымен қатар, Ақтөбе мен Атырау облыстарынан қатынайтын пойыздармен сапарлаған жолаушылар саны артқан. Бұл кезеңде Астанаға Ақтөбеден 57 мың, Атыраудан 47 мың жолаушы келген.Айта кету керек, көрме ұйымдастырылған кезеңде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін Астана қаласына жүретін бағыттардың саны 44-тен 57-ге дейін көбейтіліп, 13 жолаушылар және қала маңы пойыздары іске қосылды.SHARE MATERIAL:Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10981?lang=kk
БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ 10.04.2025
2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 876 техникалық байқау желісі бар (626 стационарлық, 312 ұтқыр) 571 техникалық байқау орталықтарының жұмысы ұйымдастырылған.Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша міндетті техникалық қарап-тексеруге 1 638 640 автокөлік құралы (бұдан әрі – АКҚ) ұсынылған, оның ішінде 1 515 912 АКҚ техникалық байқаудан өтті деп танылған, ақаулықтарының болуына байланысты 122 728 АКҚ бірінші реттен техникалық байқаудан өтпеген, бұл техникалық байқауға ұсынылған АКҚ-ның орташа 7,5 % құрайды.Анықтама үшін: 2016 жылдың сәйкес мезгілінде 1 749 716 АКҚ техбайқауға ұсынылған, оның ішінде 1 575 634 АКҚ-ы техбайқаудан өткен,       174 082 АКҚ техбайқаудан өте алмаған, бұл ұсынылған АКҚ-ның орташа 9,9 % құрайды.Техникалық байқаудан өтпеген деп танылған АКҚ-ның пайдалануына келесі ақаулықтардың негізінде тыйым салынған :- тежеуіш жүйесінің – 30 617 КҚ;- рулмен басқарудың – 9 823 КҚ;- сыртқы жарық беру аспаптарының – 48 761 КҚ;- көрініс – 15 592 КҚ;- шиналар, доңғалақтар және аспалар – 8 134 КҚ;- конструкцияның басқа элементтері – 39 429 КҚ;- Қозғалтқыш және оның жүйелері – 8 306;- рама, шанақ жай-күйі – 558.Өз кезегінде, 2017 жылғы 8 айында аумақтық көліктік бақылау органдарымен 101 техникалық байқау операторларына қатысты 163 тексеру өткізіліп, нәтижесінде 2 млн. 995 мың теңгені құрайтын 106 әкімшілік хаттамасы толтырылып, 10 техникалық байқау операторы тізілімнен шығарылған.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10973?lang=kk
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕУРАЗИЯ ТЕҢІЗДЕР ҚОРЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 13 қыркүйегінде Санкт-Петербург (Ресей) қаласында 13-і RAO/CISO ffshore 2017 халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында «Геологиялық құрылым және арктикалық, Қиыр шығыс пен ішкі Еуразия теңіздер қорының әлеуетін зерттеу жөніндегі халықаралық жобалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев қатысты. Жиын барысында «Каспий өңірінің геологиялық құрамы ГИС – Атлас картасы» жобасының техникалық сипаты, ғылыми методикалық және ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10965?lang=kk
ҚР ИДМ-ДЕ АЭА БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Арнайы экономикалық және индустриялды аймақтар туралы», сонымен қатар, «Арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты ілгерілету мен дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларына енгізілген жаңалықтарға арналған баспасөз мәслихаты өтті.Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Инвестиция комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов жауап берді.Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, негізгі Заң жобасының аясында АЭА құру мәселелері  мен олардың қызметінің басым түрлері; АЭА басқарма органының қызметін қаржыландыру;  АЭА-ты басқару өкілеттілігін анықтау; ИА-тың құрылуы, қызмет түрлері мен жұмыс істеуі (республикалық, өңірлік, жеке және шағын индустриалды аймақтар) реттеледі.Ілеспе заң жобалары Салық, Жер және Кәсіпкерлік кодекстеріне түзетулер енгізуді қарастырады. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер келесі мәселелерді қамтиды:- Белгіленген әр АЭА-дағы басым бағыттарды талдап тексеруді жою;- АЭА-на қатысушылардың жалпы кірісінің құрылымына қойылатын талаптарды өзгерту;- «ИТП» АЭА үшін әлеуметтік салық бойынша жұмыс істемейтін жеңілдіктерді жою;-  АЭА-ның нысандары аяқталмаған жер учаскелері бойынша салық жеңілдіктерін қолданбау;- АЭА территориясында іске асырылатын тауарларға салынатын артық ҚҚС-н қайтарудың мүмкін еместігі туралы шешім;- Инфрақұрылымды құру кезеңінде жаңадан қатысушылардың АЭА-на қол жетімділігін шектеу;- АЭА басқару компаниялары үшін салық жеңілдіктерін кеңейту;-АЭА территориясынан тауарларды экспорттау үшін кедендік жеңілдіктерді кеңейту;Жер кодексінде АЭА және ИА үшін жер учаскелерін алудың жеңілдетілген тәртібін регламенттеу, яғни, мүмкіндігінше қысқа мерзімде әрі аз процедуралар қарастырылған. АЭА және ИА аумағындағы жер учаскелерін игерудің мерзімі мен талаптарын анықтау процедураларын регламенттеу арқылы мақсатты түрде пайдаланылмаған жер учаскелерін мәжбүрлеп тартып алу процедуралары енгізілетін болады. Сондай-ақ, АЭА және ИА қатысушылары үшін жер учаскелері «бір терезе» қағидаты бойынша беріледі.Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет  арасындағы іс-қимылдың жалпы мәселелерін реттейтін Кәсіпкерлік кодексінің нормалары қайта қарастырылады. Оның ішінде, индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау мәселелері, салалық заңнамаға сүйене отырып, уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылаудың болуы туралы норманың мақсатсыз болуына сәйкес оны алып тастау көзделеді.Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Заң жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілді.Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында мүдделі мемлекеттік органдармен, өңірлік әкімдіктермен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, Министрлік әзірлеген арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа бағыттары қолдау тапты.2017 жылғы 3 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия отырысында «ҚР арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар туралы» және «Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ынталандыру туралы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлданды.Анықтама.Бүгінгі таңда АЭА территорияларында жалпы сомасы 650 млрд. теңгеден асатын 160 инвестициялық жоба жүзеге асты. Оның 20%-ы шетелдік инвестиция есебіне іске асты.АЭА алаңында 11 мың 600-ден астам адам жұмыс істейді. АЭА территориясындағы өндіріс көлемі 1,4 трлн. теңге. Мұнда 30-дан астам жаңа өнім түрлері шығарылады. Қосымша 15 мың тұрақты жұмыс орыны құрылып, 150 жоба іске қосылатыны ұсынылды. Бөлінген 275 млрд. теңгенің 110 млрд. теңгеден астамы  салық түсімі ретінде бюджетке қайтарылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10959?lang=kk
ҚАЗАҚСТАННАН НОРВЕГИЯҒА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ 10.04.2025
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Келісім жобасымен автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін құқықтық норма орнатылады. Осы құжатқа сәйкес, екіжақты транзиттік тасымалдар, сонымен қоса үшінші елдерден немесе үшінші елдерге тасымалды рұқсат беру негізінде жүзеге асырылады. Аталған шарттар отандық тасымалдаушылар үшін тиімді. Өйткені қазіргі уақытта екі ел арасындағы жүк тасымалдарын үшінші елдердің өкілдері, яғни Беларусь және Ресей көлік компаниялары іске асыруда»,-деді министр «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы Қазақстан мен Норвегия арасында автомобильмен жүк тасымал көлемі 53 пайызға ұлғайды.Бұдан бөлек, заң жобасын талқылау барысында министр аталған елмен жүк тасымалы деңгейін арттырудың  болашағы зор екенін атап өтті.«Бүгінде тауар айналымында артықшылық бар, яғни негізінен бұл балық өнімдеріне байланысты. Осыған дейін бізде астық тасымалдауда жақсы көрсеткіш болды, бұл өнім темір жол көлігімен жеткізіліп жүр. Алайда өткен жылы астық көлемі біршама төмендеді. Бүгінде біз Норвегияға қазақстандық астықты жеткізу көлемін жандандыруды бағытында жұмыстарды жүргізіп жатырмыз»,-деді Ж. Қасымбек.Оның айтуынша, жүк Санкт-Петербордың портына дейін жеткізіліп, ары қарай пароммен Норвегияға өтеді. «Жылдың қорытындысы бойынша сауда теңгерімі қайта қалпына келеді деп үміттенеміз»,-деді ол.Ақпарат көзі: http://www.kazinform.kzSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10924?lang=kk
ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ШЕКТІ ТАРИФТЕР ДЕҢГЕЙІН БЕКІТТІ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ өтінімін қарау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енетін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде реттелетін қызмет көрсетулер туралы 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлерін бекітті.Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызмет көрсетулер тарифтерінің көтерілуі келесіні құрады: кәсіпорынның өтімге шыққан 145,7% и 131,8%-нан ішкі әуе желілері (тұрақты) үшін – 36,7%, ішкі әуе желілері (тұрақты емес) үшін – 21,9%.  «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тарифтері 2010 жылдан бері қайта қаралмаған.Заманауи тексеру құралдарымен қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын іске асыру, қызметкерлер санының көбеюі және орташа жалақының индексациялануы, сонымен қатар өндірістік шығындардың көбеюі (шикізат, материалдар, отын, электрэнергиясы) тарифтердің өзгеруіне себеп болып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірігіп бекітілген «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестициялық бағдарламасында екі проекциялық рентген телевизиялық құрылғысы, жарылғыш және есірткі заттардың портативті және үстел үсті талдауышы, химиялық, жауынгерлік уландырғыш заттардың және уытты өнеркәсіптік заттардың портативті (қол) талдауышы, стационарлық арқалық металл детектор, қол металл детекторы, автоқорғауыштар және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль сатып алуды қарастырады.Аталған шаралар маңызды мекемелерді, халық көп шоғырланатын нысандарды қорғауды күшейту қажеттілігі бойынша Елбасының тапсырмасына және ICAO стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.Рейс құнының құрылымында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығындары шамамен 0,1-0,3% құрайды.Бекітілген тарифтер авиабилет құнына айтарлықтай әсер етпейді.Утвержденные тарифы окажут незначительное влияние на стоимость авиабилетов.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10882?lang=kk
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУҒА ҮЙРЕТТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрлігіндегі жалпы құқықтық окыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өтті.Лекция барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің критерилері мен әдістері және талдау анықтамаларын жасау, оған қоса анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, талдау жүргізу көрсеткіштерінің критерилері (бақылау-қадағалау функцияларының, қаржы қорының айналымының болуы, мемлекеттік қызмет көрсету, персоналды басқару) түсіндірілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді сапалы орындау әдістеріне баса назар аударылды.    Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10880?lang=kk
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ СТИВЕН ХОКИНГПЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы жүлдегері Исаак Мустопуло атақты физик Стивен Хокингпен кездесті.Балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан 15 жастағы Исаак Мустопуло 2015 жылғы «ТДҰА» АҚ мен British Council ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған.Байқаудың мақсаты – халықтың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық қызметті кеңінен насихаттау.Исаак атақты британиялық физик Стивен Хокингпен 2017 жылдың 4 қазанында Ұлыбританияға оқу-танысу сапары барысында кездесті.Бұл кездесуді «Эйр Астана» компаниясының атқарушы директоры Питер Фостер British Council-мен бірлесіп ұйымдастырды.«Стивен Хокингтің ғылыми ізденістері, ғылымға қосқан үлесі мені әрдайым жігерлендіреді. Адам баласы физикалық жағдайына қарамастан үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын Стивен Хокинг үлгі етіп көрсетті. Осылайша, мен «Үйлесім теориясы» бойынша көп еңбектендім. Инновация байқауы туралы естігенде, бұл мен үшін өз еңбегімді, қабілетімді көпке көрсететін, мүмкіндігім шектеулі болса да, оның арманыма жетуіме еш тұсау бола алмайтынын дәлелдегім келді», - дейді Исаак Мустопуло.Исаак Ұлыбританияға сапары барысында Стивен Хокингпен кездесуден бөлек Лондондағы атақты Ғылым музейімен, Кембридж университеті және British Council бас кеңсесімен танысты.Жас ғалымның байқауға ұсынған бейнеролигі «Үйлесім теориясы» деп аталады. Бұл бейнероликте Исаак ғарыш аппаратына арналған электр энергиясын өндіру барысы туралы баяндаған, сондай-ақ, Стивен Хокингпен кездесуді армандайтынын айтқан.Жас данышпан байқаудан кейін де ізденісін арттырып, астрофизика және астрономияны зерттей бастады. OYLA атты ғылыми журналымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізген «Астрофизика мен астрономияның бүгінгі мәселелері» атты конференцияға қатысты.2015 жылы «ТДҰА» АҚ мен British Council «Ньютон – Әл-Фараби» және «Эксон Мобил Казахстан» серіктес бағдарламасының қолдауымен оқушылар арасында ең үздік инновациялық жоба байқауын ұйымдастырған еді. Бұл шара ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «ТДҰА» АҚ бастамасымен өткен Ұлттық инновациялар байқауының жалғасы болатын.Естеріңізге сала кетейік, биылғы Ұлттық инновациялар байқауына өтінімдерді қабылдау мерзімін 2017 жылдың 15 қазанына дейін созды.Өтініміңізді «ТДҰА» АҚ ресми сайтындағы http://natd.gov.kz Байқау бөліміне қалдыра аласыз.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10784?lang=kk
FOREIGN TRADE TURNOVER BETWEEN KAZAKHSTAN AND GEORGIA INCREASED BY 39.1% 10.04.2025
The Kazakh side was led by the Minister of Investments and Development of the Republic of Kazakhstan Zhenis Kasymbek, the Georgian side was led by the Minister of Economy and Sustainable Development of Georgia Giorgi Gakharia. The parties noted that the Intergovernmental Commission was a forum for discussing and solving pressing issues of bilateral cooperation. The agreements reached are clearly reflected in intergovernmental documents and joint activities.At the meeting of the intergovernmental council, issues of bilateral cooperation in trade, investment, agriculture, transport, communication, information technology and innovation, science, tourism, healthcare, electronic industry and other areas were discussed. According to the results of the 7th month of 2017, the foreign trade turnover between Kazakhstan and Georgia increased by 39.1% compared to the corresponding period of 2016, and amounted to 32.4 million. amounted to US dollars.Reference:In 7 months of 2017, the trade turnover increased by 39.1% to 32.4 million. amounted to US dollars.Export- 19.3 million 90% (10.6 million dollars). Imports – 13.1 million dollars. dollars, down by 1.5% (13.3 million dollars). As of September 1, 2017, there were 221 legal cases involving Georgians in Kazakhstan. person, branches and representative offices are registered. 114 of them are working. Between 2005 and September 1, 2017, the flow of direct investment from Georgia to Kazakhstan was 39 million. The reverse investment amounted to 344.4 million US dollars. amounted to US dollars.The parties noted that there are opportunities to further intensify the current trade and economic cooperation between the two countries.The Minister of Investments and Development of the Republic of Kazakhstan Zh. Kasymbek said that efforts should be made to promote mutual exports and expand the export-import register. For example, in the years of independence, new industries appeared in Kazakhstan, existing factories were modernized. We produce new products that meet international quality standards and are successfully exported to far and near foreign countries.The Kazakh side is interested in organizing the supply of electric locomotives, buses and other utility vehicles, as well as processed agro-industrial complex products, metallurgical industry and construction materials, and other products. opening a representative office of the company, providing long-term trade financing under the program of the joint-stock company "KazakhExport" Export Insurance Company" were discussed.Another important area of ​​bilateral cooperation is the problem of strengthening the transit and transport potential.In general, an increase in the volume of cargo flows in the export-import direction is observed. In this regard, measures are being taken to increase the volume of transit transport.In 2016-2017, pilot container trains "Nomad Express" and China-Kazakhstan-Azerbaijan-Georgia-Turkey (Lianyungan (PRC)-Dostyk-Aktau-Baku port (Alyat)) will be launched within the framework of the International Trans-Caspian Transport Route (CTKB). (Azerbaijan)-Batumi/Poti (Georgia)-Istanbul (Turkey) Container services for the regular shipment of various cargoes along the HTKB have been launched. Considerable work has been done to optimize costs and conditions for cargo transportation with containers, as well as to increase the attractiveness and client orientation of transport services in the HTTB routes from Eastern Europe, the Baltic coast and Ukraine.Parties agreed to hold the next intergovernmental meeting in Astana in 2018.The final protocol of the intergovernmental meeting was signed by the Minister of Investments and Development of the Republic of Kazakhstan Zhenis Kasymbek and the Minister of Economy and Sustainable Development of Georgia Giorgi Gakharia.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/27158?lang=kk
КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 10.04.2025
«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында  ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты. Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы  Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды.         ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.      Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk
«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 10.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ 10.04.2025
Токио қаласында «Қазақстанның өңірлері: Жапондық Инвестициялар үшін жаңа белестер» Қазақстан-Жапон бизнес-форумы өтті. Форум ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі мен Жапониядағы ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Ерлан Хаиров бастаған қазақстандық делегация құрамына ҚР үкіметінің, инвестициялар және даму министрлігінің, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер кірді.Форум қатысушылары Қазақстан-Жапон іскерлік қатынастары саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, қазақстандық өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін, Қазақстанның инвестициялық саясатының мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастардың даму перспективаларын талқылады.ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Хаиров өз сөзінде Жапония Шығыс Азияда Қазақстанның басты стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Елдеріміздің арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген.«Бізде Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес жұмыс атқарады. 2015 жылдан бастап Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Одан басқа, жапондық азаматтар үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Қазақстан мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралардың барлығы іскерлік байланыстардың артып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарының дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі 5,5 млрд.АҚШ долларын құрады», - деп мәлімдеді Е. Хаиров.Оның айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі 250 млрд. АҚШ долларынан асты.Сонымен бірге, вице-министр биыл Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясының құрылғандығын атап өтті. Аталмыш компания «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобалардың ойлап табылғаннан бастап жүзеге асырылғанға дейін  оларға ілесу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтарының жұмысын бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін болады. «Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған ұлт болып табылатыны сөзсіз. Біздің еліміз Жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға жоғары қызығушылық танытады. Бүгінгі бизнес-форум тікелей инвестицияларды Қазақстан өңірлеріне тартуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», - дейді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов.Форум жұмысына Жапонияның саяси және қоғамдық қайраткерлері, дипломаттары, сарапшылары, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т.б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға қатысқан жапондық компаниялар автомобиль жасау, авиация, космонавтика, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдаулары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларды қамтиды.Одан басқа, Форум барысында қазақстандық тараптың өкілдері көпқабаттық көлік тұрақтары құрылысымен айналысатын NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ бірқатар басқа бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізуде.Қазақстандық делегациясы сапарының бағдарламасында сондай-ақ Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытына, «Mitsubishi Materials» корпорациясына, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясына және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларға бару жоспарланған.Сондай-ақ, сапар барысында тау-металлургиялық кешенді дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапондық ұлттық корпорациясында жеке шағын форум және семинар өткізу жоспарланған.Форумның қорытындылары бойынша облыстық әкімдіктердің Tokio Rope компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум және екі елдің ынтымақтастығы жөніндегі басқа да бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.Анықтама үшін:2005 жылдан бастап 2016 жылдың 1 жартыжылдығына дейінгі кезең ішінде Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 5,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қазақстанда жапондық қатысумен 53 өкілдік әрекет етеді. 2015 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,4 мрд. АҚШ долларын құрады. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10479?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫНДАҒЫ АУЫР САЛМАҚТЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА 50 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ 10.04.2025
ҚР ИИДМ Көлік комитеті арқылы 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы өткізілуде. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.Көліктік бақылау органдары арқылы акция аясында 2019 жылғы21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 390 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚР ӘҚБ К 348 бабы 6 тармағы және 571 бабы 42 тармағымен – 8 бөлігімен) анықталды. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46 шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.54,7 миллионнан астам теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, жүргені үшін алым сомасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады.Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу мен ескеруді, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитетімен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша ахуалдық орталықтың +77080880800 нөмірлі «Whats app» мессенджеріне халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініштер бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда. Акция басталғаннан бері «Whats app» мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10478?lang=kk
With the support of "Samruk-Kazyna Trust", the 15th sports complex was opened in Akmola region 10.04.2025
Today, on Charity Day, a new sports facility was opened. This is the 15th sports complex launched by the Samruk-Kazyna Fund group of companies.The total area of ​​the complex in the air-support structure is 1.7 thousand sq. m. There are mini-football, volleyball, basketball courts, tennis courts, running tracks and necessary equipment. Currently, sections for judo, Kazakh wrestling, boxing, volleyball, and football have been opened, and 188 children are participating in them free of charge.The event was attended by Askar Nurtazin, deputy akim of the Tselinograd district, representatives of the children's and youth sports school under the sports department, and local residents. In their speeches, they expressed gratitude to the Samruk-Kazyna Fund for its contribution to the development of sports infrastructure and the creation of favorable conditions for practicing sports.“The development of sports infrastructure in the regions is one of the main directions of our charitable activity. With the support of the Fund, 15 physical education and health and multifunctional sports complexes and about 30 sports fields have been put into operation to date. Thus, conditions have been created for 90 thousand citizens across the country to lead a healthy lifestyle and regularly engage in sports. Our work in this direction will continue,” said Dosbol Kosherbayev, Deputy Director General of the Samruk-Kazyna Trust.The Deputy Akim of Tselinograd District noted that the implementation of such projects will make a great contribution to the promotion of a healthy lifestyle among young people and the development of mass sports in the region. He also expressed confidence that the new sports complex will become a center of attraction for young athletes and lovers of active recreation. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/958551
"Golden Youth": 317 pensioners have been employed in Karaganda region since the beginning of the year 10.04.2025
The implementation of the "Golden Youth" program continues in the Karaganda region. Many organizations are hiring employees of retirement age. The program helps them not only find a job, but also feel that they are needed in society.Svetlana Zharmagambetova is one of the participants in the "Golden Youth" competition. She worked at Karaganda University named after E. A. Buketov for 41 years. She began her career at the age of 18 as a secretary, then became a laboratory assistant, senior laboratory assistant. She retired in 2015. Now she is 68 years old, and she works as an office manager at Qamqor plus.- The importance of work is to feel useful. I have been helping students all my life. I continue to do this now. Thanks to the program, I do not feel isolated from society. Communication with people rejuvenates me, - says Svetlana Zharmagambetova.Zhanyl Ryskulova retired 10 years ago. For a long time she worked as a personnel inspector. Now she has a job at the TAT Logistic TC.- My children live in other cities, and I am often alone. And the program was a good opportunity for me to return to my favorite job. If health allows, why not work? I know my strength and my potential, - says Zhanyl Ryskulova.The program is financed from the regional budget. Employers who accept retirees receive compensation in the amount of 50% of the employee's salary, but not more than one minimum wage (in 2025 - 85 thousand tenge). Despite this limit, the pension increase will be significant, since the employer pays the remaining part of the salary.Nurzhan Syzdykov, head of the Labor Mobility Center for the Karaganda region, noted that 317 people have been employed under the program. Among them are teachers, accountants, managers, and security guards. This year, it is planned to find jobs for 400 pensioners.You can apply for participation in the "Golden Youth" program at the career centers of the cities and districts of the region.The contact numbers of the Labor Mobility Center in the Karaganda region are: (8-7212) 60-50-50, 8-775-644-35-80 (Call center).Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/956707
Lasselsberger Group expands investment cooperation with Kazakhstan 10.04.2025
Today, the Minister of Industry and Construction of the Republic of Kazakhstan, Yersayin Nagaspayev, met with Josef Lasselberger, CEO of the Austrian company Lasselsberger Group, specializing in the production of building materials and mineral raw materials.During the talks, the progress of the project to build a plant for the production of ceramic tiles, building mixtures and adhesives in Astana was discussed. The launch of the enterprise will create more than 120 new jobs and provide the domestic market of Kazakhstan with high-quality products, reducing import dependence.Minister Yersayin Nagaspayev expressed interest in the development of high-tech industries in Kazakhstan and noted that the state is ready to engage in a dialogue with investors to create favorable conditions for the implementation of such projects.The parties agreed to continue work on fully finalizing the terms of cooperation and further developing Lasselsberger Group's investment initiatives in Kazakhstan.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/954556