Enbekshi QazaQ

Business

Ж.ҚАСЫМБЕК ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КЭМОНТ» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында электр техникалық құрылғылар шығаратын кәсіпорын «КЭМОНТ» АҚ-ның жұмысымен танысты.Өндірістік цех жұмысшыларымен кездесуде  кәсіпорынның Бас директоры Елена Беленцева министрге заманауи технологиялық жабдықтарды көрсетті. «КЭМОНТ» АҚ басшысының айтуынша, Eplan негізінде бағдарламалық шешімдері АЭС, ЖЭС, СЭС, ШС және басқа да энергетикалық нысандарды жобалау кезінде қолданылатын АЖЖ-ы (Автоматтандырылған жобалау жүйесі) енгізуді жүзеге асырды.Кәсіпорында 600-ден астам адам жұмыс істейді және орташа жалақы 214 мың теңгені құрайды. 2016 жылы бюджетке шамамен 450 млн. теңге пайда әкелді. Зауытта тау-кен-шахтасы жабдықтарын, электр энергиясымен қамтамасыз етуге және электрмен жабдықтауды іркілістерден қорғауға арналған микропроцессорлы басқарылатын жедел тоқ беретін шкафтар шығару жолға қойылған. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізілген. Өнімнің негізгі түрлеріне СТ КZ формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаты берілген.Ақшаға шаққанда өндірілген өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы екі есеге өсіп, 10 026 млн. теңгені құрады. Өткен жылы экспортқа шыққан өнім көлемі 241,1 млн. теңге болды (2015 жылы 33,35 млн. теңге).ҚР Инвестициялар және даму министрінің ШҚО тұрғындарымен кездесуі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында өтуде.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13661?lang=kk
ҚР ИДМ: «КӨКТЕМГІ ШЕКТЕУЛЕР КЕЗІНДЕ АУЫР САЛМАҚТЫ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА БАҚЫЛАУ» 10.04.2025
2017 жылғы 1-наурыз бен 1-мамыр аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалуына біліктік жүктемелері бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.Енгізілетін уақытша шектеулер кезеңінде автокөлік құралдарының дара, қосарланған және үштік біліктеріне түсетін жүктемелері «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 бұйрығымен анықталған мәндерінен аспауы тиіс.Уақытша шектеулер IV жол-климаттық аймаққа (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) – тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамыр аралығында, V жол-климаттық аймаққа (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аумағы), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) - тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуір аралығында әрекет етеді.Шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түліктерді тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына таратылмайды.Бұл ретте, бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері сақтау міндетті болып табылады.Сондай-ақ, климаттық аймағына байланысты 2017 жылғы 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін ауа температурасының 25оС-ден жоғары болуы кезінде дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін қосымша хабарлаймыз.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13611?lang=kk
ҚР ИДМ ТРАНЗИТТІК АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҮШІН «СӘТТІ САПАР» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті «Сәтті сапар» ақпараттық жүйесін пилотты режимде енгізу жұмысын бастады.Жүйе елдің транзитті-көліктік әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында енгізілуде. Жүйенің мақсаты бетпе-бет кездесулерді болдырмау, жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту, транзиттік тасымалдаушылар үшін әкімшілік кедергілерді жою, тасымалдаушыларға ыңғайлы жағдай жасау және жол бойында тексерістерді жиілетпеу.Бүгінгі таңда жыл сайын Қазақстан Республикасы арқылы шамамен 80 мың транзиттік автокөліктік құралдары жүріп өтеді. Негізгі бағыттар: Қытай Халық Республикасы – Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттері, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Еуропа елдерінен келе жатқан транзитті жүктер.Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жүк тасымалдауды жоспарлап отырған тасымалдаушылар үшін жүйеге өз еркімен тіркелу ұсынылады.Жүйеде мына мәселелер қамтылған:1. Тасымалдаушы sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы Жүйеде өткізу бекеттерін, бағытын, рұқсаттама нөмірін және автокөліктік құрал туралы мәліметтерді көрсете отырып, жүріп өтетін жолын алдын-ала тіркейді.2. Жүйе деректерді тексереді, бірегей нөмір меншіктейді, электронды түрде мәліметтерді тіркейді. Тасымалдаушы оның деректері енгізілген құжатты басып шығара алады.Тасымалдаушыға көліктік бақылау органдарының қызметкеріне аталған құжатты көрсету жеткілікті және қажет болған жағдайда рұқсаттаманың транзиттік бланкін (халықаралық келісімдердің нормасына сәйкес) көрсетеді.3. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері жүйе арқылы құжатта көрсетілген деректерді тексереді. Тасымалдаушымен деректер жүйеге дұрыс енгізілген жағдайда автөкөлік тексеріссіз жүріп өтеді және жүріп өткені туралы электронды белгі қойылады.Бұл ретте тасымалдаушы көліктік бақылау өткізілген күні мен уақытын, және электронды белгіні қойған қызметкердің дерегін sattisapar.gov.kz веб-порталы арқылы көре алады.Қазір «Сәтті сапар» пилоттық режимде енгізілді және одан әрі экспортты-импортты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды тіркеу жоспарлануда.Алдағы уақытта тасымалдаушыларға аталған жүйеде ұялы телефон арқылы электронды түрде қажетті рұқсаттаманы рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылатын болады.Басқада сұрақтар бойынша 8(7172)75-47-76 нөміріне хабарласуға болады. Ұсыныс болған жағдайда e.yanabaev@mid.gov.kz электрондық мекен-жайына жазуларыңызды сұраймыз. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13563?lang=kk
ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ, БАГАЖДЫ, ЖҮК-БАГАЖДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ 10.04.2025
2017 жылдың 17 наурызы күні Алматыдағы вагон жөндеу заутының ғимаратында ҚР ИДМ Көлік комиетінің төрағасы Ә.Асаубаев халыққа сапалы теміржол қызметін көрсету мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Жиынға әлеуметтік мағызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушы компания басшылары қатысты.Кеңес барысында мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің алдында шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.Министрлік алдында шарт бойынша 6 негізгі талапты және жолаушылар тасымалын дамыту мен сапасын жоғарылатуға бағытталған тасымалдаушының шарттық міндеттерінің 10 тармағын орындау қарастырылған.Қызмет көрсету сапасы мен вагон паркінің жағдайына жолаушылардың шағымдары қарастырылды. Атап айтқанда 43/44Қостанай – Алматы пойызына жасаған жолаушылардың шағымы қаралды.Кеңес барысында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багаждарын тасымалдау Ережелерін бұзғандығы үшін шарттық міндеттерге сәйкес 11 млн. теңгеден астам соммада айыппұл салынатынын хабарлады. Өткізілген сараптама нәтижесінде шарттық міндеттерді орындамаған жағдайда тасымалдаушылар мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтаруға міндетті.Бұл саладағы келеңсіздіктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында Министрлік тасымалдаушылармен бірлесе отырып, сәуір айында әлеуметтік маңызы бар аралықтарға қатынайтын пойыздарға тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.Сонымен қоса, кеңесте Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аралықта жолаушылар тасымалын толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған шаралар әзірленді.Бұл жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша 14 жаңа жолаушылар вагонын, соның ішінде, 3 қала маңындағы пойыздарды шығару жоспарлануда. Сонымен қоса, пойыздарға қосымша шамамен 150 бірлік тіркемелі вагонды тарту жоспарланған. Жалпы, теміржол көлігімен көрмеге 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта шамамен 1,1 млн. жолаушы келеді, деп жоспарланған. Айта кетейік, жоспарланған шаралардың нәтижесі, соның ішінде вагондар паркін жаңарту мен тарту мәселелері маусым айындағы кезекті кеңесте қаралатын болады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13542?lang=kk
«БЕКЖАНОВ ОҚУЛАРЫНДА» «ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ МАМАНДАРЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ 10.04.2025
Бүгін Алматыда «Қазгеология» АҚ қызметкерлері «Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялар мен перспективалы технологиялар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.  Ол «Бекжанов оқулары» деп аталып, қазіргі замандағы аса көрнекті геолог Ғинаят Рахметоллаұлы Бекжановты еске алуға арналған. Ол көзі тірі болса 7 наурызда 90 жасқа толар еді.Конференцияның жұмысына  Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден және   Канададан 200-ден астам адам қатысуда.Конференция Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аясында өтуде. «Бекжанов оқуларының» ұйымдастырушылары – ҚР Минералдық ресурстар академиясы, «Қазгео» қазақ геологиялық қоғамы, сондай-ақ Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты.Конференцияның жұмысына  «Қазгеология» АҚ-тың бас геологы Берікбол Хамзин қатысты. Ол «Геология саласындағы жобаны басқару», «Жария геологиялық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу мәселелері» тақырыптарында оқулар шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелдерге қатысты.«Қазгеология» АҚ-тың мамандары конференцияда геологиялық барлау жұмыстарындағы инновациялық технологияларға арналған баяндамалар жасап, оларды жұмыс процестерінде, атап айтқанда, геофизикалық зерттеулерде пайдалану туралы айтты.Мысалы, жалпы отырыста «Қазгеология» АҚ-тың геофизиктері Сергей Беляков пен Махамбет Пайдин баяндама жасады.Конференцияда барлығы 30-ға жуық ауызша және 30-дан астам стендтік баяндамалар жасалды. Олардың ішінде «Қазгеология» АҚ-тың Геология департаментінің директоры Павел Ниценконың баяндамасы бар. Баяндама Оңтүстік Балқаш өңірінде ГГК-200 өткізу үлгісінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде компьютерлік қолдау көрсетудің жұмыс тәжірибесіне арналған.«Бекжанов оқуларының» қатысушылары геология саласындағы инновациялық технологиялар мен тиімді әдістер туралы ақпарат алу әрі оларды талқылау бойынша осындай іс-шараларөткізудің маңызын атап өтті. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13537?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА ОНДАҒАН ІРІ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЖАНУДА 10.04.2025
Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2017 тау-кен өнеркәсіп форумы өтуде. Шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар Орталық Азия аймағының минералдық шикізат әлеуетін игеру мәселелері мен болашағын талқылауда.Форум аясында сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың нәтижелері мен  жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, «Тәжірибе режимінде Орталық Қазақстанда Степнагорск қаласы маңында 100 шақырымдық аумақ таңдалып алынды және бүгінде 22 жаңа келісім бекітілді. 2017 жылы ақпан айынан Арқалық-Шұбаркөл аумағын және Шығыс Қазақстан облысын барлауға өтініш қабылдана бастады. 2 айдың ішінде 17 типтік келісімшарт жасалды. Қазақстанның жер көлемі мен жер қойнауының ауқымды әлеуетін ескерсек, ондаған ірі кен орындарының ашылуы болжанып отыр. Оның ішінде бірегейлері болуы мүмкін».Қазақстанда қолға алынған реформалар аясында геологиялық барлау бағыты бойынша 11 жаңа технологияны трансферттеу жүзеге асуда.«Бұл технологиялар GIS геодеректер базасының, геохимиялық деректер базасының әзірлемелері, сондай-ақ, геологиялық бақылау мен бағалау жүйесі, деректерді өңдеу сценарийлері кезінде үш өлшемді модельдеу және магниттік интерпретация, геомагниттік деректер және бағытталған поляризациялау деректері, спутниктік деректерді спектрлі имидждік өңдеу әдістемесі, рудалылықтың тікелей белгілерін анықтау үшін технологиялық зертханалық талдау, VTEM, ZTEM, AMT+MT геофизикалық технологиялар. Аталмыш технологиялар 2,5 шақырымдағы және оданда ары тереңдңктегі темір рудасын зерттеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Тимур Тоқтабаев.Сондай-ақ, форум аясында мемлекеттік органдардың өкілдерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының концептуалдық мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13449?lang=kk
THE COMMITTEE FOR TECHNICAL REGULATION AND METROLOGY REPORTED ON INNOVATIONS IN THE IMPORT AND EXPORT OF PRECIOUS STONES TO THE TERRITORY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 10.04.2025
May 26, 2017, within the framework of the VIII International Mining Metallurgical Congress and Exhibition "Astana Mining & Metallurgy" - AMM-2017, a discussion was held on the development of proposals for the development of the jewelry industry in the Republic of Kazakhstan.The main topic for discussion was the creation of favorable conditions for the development of jewelry business in Kazakhstan.The meeting was attended by representatives of the state bodies of the republic, as well as the heads of a number of companies LLP "Tau-Ken Altyn", JSC "National Agency for the Development of Local Content" NADLoC ", Assay Chamber of JSC" NACECC ", Center for Interstate and National Standardization, ULE and IP" League of Jewelers of Kazakhstan ", JSC" Kazakhuvelir "and other subjects of the jewelry industry.An overview report was presented by Shynar Kazybayeva, Deputy Chairman of the Committee for Technical Regulation and Metrology of the Ministry of Investment and Development of the Ministry of Investment and Development of the Republic of Uzbekistan, "Features of Import and Export of Precious Stones, Jewelry and Other Products from Precious Metals and Precious Stones".In more detail, the report outlined the main innovations in the legislation on gemstones and jewelry, which were introduced from the beginning of 2016 in the context of 5 points and planned changes."The state control in the Republic will be applied in a new format. Thus, in the context of optimization of control and supervisory functions, the transition from inspections to a different form of control is planned, which has a preventive-preventive character," said the Deputy Chairman of the CTRM.In addition, the questions of our domestic producers about the import of jewelry into our country from non-EEA countries and export to these countries and information support for the development of the jewelry industry with government support were discussed.In the end, the Deputy Chairman of the Committee for Technical Regulation and Metrology wished successful development of the jewelry industry in our country, promotion of domestic production and access to world markets, and producers of excellent products of creative potential, which is one of the important factors of laborious work.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12810?lang=kk
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КОНГРЕСІ ЖӘНЕ "ASTANAMINING&METALLURGY" AMM-2017 КӨРМЕСІ ӨТТІ 10.04.2025
АстанадаVIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" AMM-2017 көрмесі өтті. Биыл Конгреске Австралиядан, Австриядан, Бразилиядан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Қазақстаннан, Канададан, Польшадан, Ресейден, АҚШ-тан, Украинадан, Франциядан, Чилиден, Чехиядан, Швейцариядан келген 750-ден аса делегат келді. Австрияның, Германияның, Қытайдың, Қазақстанның, Польшаның, Норвегияың, Ресейдің, Турцияның және Жапонның 44 компаниясы көрмеде өз экспозицияларын ұсынды.AMM-2017-нің басты тақырыбы  - Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауы болды. VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің пленарлық отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары А.Ұ. Мамин сөз сөйледі. Ол тау-кен металлургия кешені қалыпты экономикалық өсім үшін стратегиялық маңызы зор екендігін айтты. Сонымен қатар, Асқар Ұзақпайұлы кешеннің жағымды болжамын атап өтті. Айталық, 2017 жылдың 4 ай нәтижесі бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі 107,1% құрады, соның ішінде тау-кен өндіру саласында – 107,8%, өңдеуші өнеркәсібінде – 106,8%. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында тау-кен металлургия кешені 18% құрайды.Сонымен Асқар Ұзақпайұлы Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыруға ұмтылу мәселесін көтерді;- 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау-кен Конгресіне белсенді дайындық жұмыстары, онда тек ТКМК ғана емес, сондай-ақ, аралас салаларын жаңғырту үшін жаңа технологияларды тартуғажәне индустрия 4.0-ге ерекше назар аударылатынын атап өтті.Клайд Расселл –Thomson Reuters Asia агенттігінің Колумнисті пленарлық отырыстың модераторы болды.Сонымен қатар, Игорь Финогенов- «Полиметалл УК» АҚ президенті, Никола Попович- «Kazzinc Holdings» ЖШСДиректорлар кеңесінің төрағасы, Парамжит Калон- «АрселорМиттал Теміртау» Бас директоры,Әбдумәлік Мирахмедов- «ATK Holdings» Бас директоры сөйлеуші спикерлер болды.Инвестициялар және даму министрлігі мен Мәскеу Болат және құйма институының (МИСиС) арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылуы және «Парк инновационных технологий» автономды кластерлік фонды мен «Майкроман Центральная Азия», Metalysis Limited ЖШС арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы Конгресстің маңызды іс-шарасы болды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12794?lang=kk
Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ 10.04.2025
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk
ОСЫ АПТАДА АСТАНАДАН БІРНЕШЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛАДЫ 10.04.2025
Бүгін «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы Варшавадан Астанаға әуе қатынасын ашады. Рейс 2017 жылы 30 мамырдан аптасына 4 рет сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері Боинг 737 үлгісіндегі әуе кемесімен орындалады. Польшаның «LOT» әуе компаниясы EXPO-2017  халықаралық көрмесі кезінде Астанаға аптасына 7 рейс орындауға рұқсат алды.Сондай-ақ, «SCAT» әуе компаниясы 31 мамырдан Астана мен Ереван арасында тікелей әуе байланысын  ашады. Рейс аптасына 2 рет сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта тұрақты әуе байланысын «SCAT» әуе компаниясы біржақты тәртіпте Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына 3 рет жүзеге асыруда. «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 маусымнан бастап Астанадан Киевке ұшатын рейсті қалпына келтіреді. Рейстер аптасына 5 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері қатынайды. Тасымалдаушы ретінде Қазақстан тарапынан «Эйр Астана» және «СКАТ» әуе компаниялары, ал Украина жағынан «МАУ» әуе компаниясы белгіленді. Тұрақты ұшуларды орындау үшін рұқсат етілген пункттер:-қазақстандық тасымалдаушы үшін - Киев, Львов, Одесса, Симферополь, Донецк, Харьков.-украиндық тасымалдаушы үшін - Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтау.Қазіргі уақытта тікелей рейстер мына бағыттар бойынша орындалуда:- Киев – Астана аптасына 7 рейсов (МАУ);- Киев – Алматы аптасына 7 рейс (МАУ);- Алматы – Киев аптасына 7 рейс (Эйр Астана). Аталған рейстер ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шетел мемлекеттері авиациялық билігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ашылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12765?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ 10.04.2025
Бішкек қаласында   2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk
THE SPECIAL ECONOMIC ZONE "ONTUSTIK" WILL OPEN A REPRESENTATIVE OFFICE IN XIANXING TEXTILE INDUSTRIAL PARK, "XINXING" 10.04.2025
"Managing Company of the Special Economic Zone "Ontustik" JSC , had an official visit to China with an aim reaching a mutually beneficial partnership with the textile industry representatives of China. Thus from June 1st to June 6th, 2017, in the frame of the mentioned official visit an agreement was reached and a memorandum was signed on the opening of the official representation of the SEZ "Ontustik" in the Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" for further cooperation with the aim of developing the textile industry of Kazakhstan. The Kazakh delegation was represented by the Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - M. Dildabayev, Deputy Chairman of the Board of "MC SEZ "Ontustik" JSC - A.Tursingaliyev, Chairman of the Board of National Company “Socially Entrepreneurial Company "Shymkent" JSC - A.Aldazharov.Thus in the near future a representative office of SEZ "Ontustik" will start its operation in China. The main aim of this project is to launch a new innovative production facilities, attraction of anchor investors, expansion of the horizon of new opportunities for SEZ "Ontustik" and improving the investment climate between two countries.It is worth mentioning that the first step in this joint activity will be the implementation of the project on constructing the spinning mill of “Xianyang Textile Corporation” LLC worth more than $ 100 million.Xianxing Textile Industrial Park "Xinxing" is one of the largest industrial zones in China, employing over 11,000 people, with 10 000 ha territory. In this industrial park there are projects functioning in the field of textile and other industries. The largest textile corporations that produce brands such as Zara, Pierre Cardin, Massimo Dutti, Hugo Boss, Pull & Bear are located on the territory of the park.Also, one of the park's residents is the flagship of the world automotive industry - KIA Motors Corporation.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12506?lang=kk
БҮГІН «WIZZAIR» ВЕНГЕРЛІК ЛОУКОСТЕР АСТАНА МЕН БУДАПЕШТ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖАҢА ӘУЕ БАЙЛАНЫСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ 10.04.2025
Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостер Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты. AIRBUS әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және бизнес қарым-қатынасты, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана – Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы берілген болатын.«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек  бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек,  лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12492?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭЫДҰ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНЕ МҮШЕ БОЛДЫ 10.04.2025
 X Астана экономикалық форумы аясында Қазақстанның инвестициялық саясатына екінші шолу таныстырылды. Құжат елдегі бизнес ортаны жақсартуға бағытталған.Еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мәселелеріне арналған сессия барысында сондай-ақ Қазақстанның ЭЫДҰ Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясына қосылғаны хабарланды. Осылайша еліміз әлемнің 48-ші мемлекеті болып, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы әрі ашық орта қалыптастыруға ниетті екенін жариялады.Өз сөзінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Е.Хаиров сарапшылар тобының екінші шолуды дайындау кезіндегі айрықша үлесін атап өтіп, олардың қажырлы еңбектері үшін, сондай-ақ Қазақстанға көрсеткен ерекше қолдауы үшін алғыс айтты.«Инвестиция үшін бәсекелестік ешқашан тоқтамайды, біздің міндет осы күресте әрқашан да алда болу. Сондықтан, біз аталған ұсыныстарды жоғары бағалаймыз және оны сапалы енгізу Қазақстан экономикасын нығайту процесінде өте маңызды. Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз бен пайдалы ұсыныстарыңыз және жемісті еңбектеріңіз үшін ЭЫДҰ Хатшылығына және әріптестерге алғыс білдіремін», - деп атап өтті Ерлан Хаиров.Қазақстан соңғы 5 жылда ЭЫДҰ сарапшыларымен бірге елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Әкімшілік кедергілер жойылып, инвесторларды ынталандырудың тың шаралары енгізілді. Азаматтары Қазақстанға визасыз келіп-кететін елдердің тізімі кеңейтілді. Биыл 1 қаңтардан бастап ондай елдердің саны 56 болды. Сондай-ақ, шетелдік жұмысшы күштерін тарту жағдайы жетілдіріліп, Жоғарғы сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы құрылды.Азаматтық қоғам мен инвесторлар арасында кері байланыс орнату мақсатында бизнесті енгізуге жауапты Ұлттық байланыс орталығы құрылды.ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес, Дүниежүзілік банкпен бірге Инвестиция тарту жөніндегі Ұлттық стратегия әзірленді. Стратегия ЭЫДҰ жаңа ұсыныс пакеттеріне сәйкес, инвестиция тартудың және инвестициялық ахуалды жақсартудың нақты механизмдерін анықтайды.«Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Біз Қазақстанның инвестициялық ахуалын ЭЫДҰ-на мүше елдердің алдыңғы қатарлы стандарттарына сәйкестендіру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті вице-министр.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12418?lang=kk
ҚР ИДМ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ИНВЕСТОРМЕН ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕНГЕ ЖОЛ САЛУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 10.04.2025
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев және «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышев өзара түсіністік және серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша Жамбыл облысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында өнеркәсіп нысандарына автомобиль және темір жол құрылысын жүргізу жүзеге асатын болады.Жамбыл облысының Жаңатас қаласында минералды тыңайтқыш өнідірісі мен жаңа технологияны пайдаланып фосфат өңдейтін химиялық кешен құрылысы жүріп жатыр.  Дайын өнімді шығару 2019 жылдың соңына жоспарланған. Дайын өнімді сатуды қамтамыз ету мақсатында «ЕвроХим-Қаратау» компаниясы ҚР ИДМ-нің қолдауымен және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, МЖС жағдайында екі жобаны жүзеге асыра бастайды.Бұл ұзақтығы 4,8 шақырым болатын «Жаңатас-Шымкент» айналма автомобиль жолы учаскесі мен қашықтығы 25 шақырым болатын Жамбыл облысы аумағындағы Жаңатас – Түркістан желісіндегі темір жол учаскесінің құрылысы.Автомобиль жолының құрылысы биыл басталады. Темір жолдың құрылысын дайын өнім шыға бастаған уақытта, яғни, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жобалардың жүзеге асуына, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жан-жақты қолдау көрсететін болады. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12413?lang=kk
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ФИНЛЯНДИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ 10.04.2025
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Финляндияның Сыртқы сауда министрі Кай Мюккяненмен кездесті.Кездесу барысында көлік саласы бойынша Финляндия мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері және екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.Экспорттық-импорттық және транзиттік жүк тасымалы өсім динамикасының алға басып келе жатқаны айтылды.2016 жылы Финляндиядан Қытайға 7 контейнерлік пойыз (560 ЖФЭ) жөнелтілсе, 2017 жылдың 5 айында 8 контейнерлік пойыз жеткізілген(640 ЖФЭ).Финляндияның жүк жөнелтушілері мен экспедиторлары ҚХР мен Қазақстанға өз өнімдерін жіберуге, сонымен қатар, ҚХР – Финляндия – ҚХР, Гамбург – Қостанай, Паняряй – Қостанай бағыттары арқылы ҚХР-нан Финляндияға тасымал жасауға мүдделі.Жеңіс Қасымбек Қазақстанда шетелдік компаниялар үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерді айтып, Финляндияның бизнес өкілдерін МЖС және инфрақұрылымдық жобаларды жекшелендіру бойынша ынтымақтастыққа шақырды.Министр Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей әуе рейс бизнес-қоғамдастық арасындағы байланысты жандандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.  Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан мен Финляндияның бекітілген тасымалдаушылары үшін елдер арасында ұшуды орындауларына еш кедергі болмайтынын еске салды.«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздың аясында екі ел арасында алғаш тікелей әуе қатынасының ашылуы тарихи оқиға»,-деді Ж.Қасымбек.Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация билігі «Finair» әуе компаниясына ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Хелсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 7 рет қатынау құқығын берді.Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қазіргі уақытта «қапталдас келісім» элементтерімен қоса «Әуе қатынасы туралы»  үкіметаралық жаңа келісім жобасы мемлекетішілік ресімдеуден өтіп жатқанын хабарлады.Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12335?lang=kk
«ҚИДИ» АҚ САРАПШЫЛАРЫ «ИННОПРОМ-2017» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ 10.04.2025
Ресейдің Екатеринбург қаласында 10-13 шілде аралығында өткен ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі «Иннопром-2017» көрмесі өз жұмысын аяқтады. Биыл көрмеде «ҚИДИ» АҚ индустриалды саясат Орталық директорының өкілі Салтанат Жұмабекова мен Орталықтың бас сарапшысы Алмат Расиль «Қазақстан индустрия даму институты» акционерлік қоғамының өкілі ретінде қатысты.   ЕЭҚ өндірістік ынтымақтастығының тиімді шарттары бойынша дөңгелек үстел жұмысы барысында ЦИП АҚ «ҚИДИ» директоры Салтанат Жумабекова «ЕЭҚ-нда өндірістік ынтымақтастық: болашағы мен мүмкіндіктері (кооперация, әлеуеті, ынталандыру механизмдері, пайда)» тақырыбында баяндама жасады.Ол өз баяндамасында ЕЭҚ мәселелері мен болашақ даму аспектілерін атап өтті, ал бұл экономика дамуының, өндірістік кешендерінің тең еместігі, ЕЭҚ мүше - елдердің өндірістік құрылымдарының әртүрлілігі, сонымен қатар, Еуразия даму банкінің рөлі туралы территориялық кластерлердің даму маңыздылығы және шекаралық ынтымақтастық пен«Индустрия 4.0» элементтерін енгізу туралы айтты.Баяндамашының айтуынша, логистика өндірістік ынтымақастықты дамытудың маңызды элементі болып табылады. Ал, кластерлік саясат ЕЭҚ интеграциялық үдерістерінің драйвері бола алады. - Егер бұрын интеграциялық бірлестіктерді құрудағы мақсат тек тауар айналымын ұлғайтуды ғана көздеген болса, қазіргі уақытта интеграция арқылы толыққанды өндірістік-сауда кешендерін құруға талпыныс жасайды. Осы кешендер қосымша құн тізбектер жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады,- деп атап өтті орталық директоры.Сонымен қатар, ол өз баяндамасында кооперацияны дамыту элементтерінің бірі шекаралық ынтымақтастықты дамыту екендігін атап өтті. Қолайлы георграфиялық орналасуы және жолға салынған көлік жолдары есебінен шекаралас аймақтар  жеткізілім мүмкіндіктерін қарастыру тұрғысынан және бірлескен кооперциялық жобаларды жолға қою орынды болып табылады. Осы кооперациялар аясында бизнес дамуының аймақаралық сәйкестігін пайдалана отыра, дамуда кластерлік тәсілдердің тізілуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан мен РФ шекаралас аудандарын қарастырсақ, барлығы 12 экспорттық әлеуеттің жоғары шоғырлануы байқалады, ол ресейге шығарылатын экспорттың тек жартысын құрайды. Екі жақтағы шаруашылық субьектілерінің өзара қарым-қатынасының, олардың арасындағы кеден кедергілерін алып тастауды қамтамасыз ететін жаңа шарттары аталған аудандарға жеткізілімді ұлғайтуға және кооперациялық өзара қатынасты дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді.  Даму мен  Индустрии 4.0 имплементциясына қатысты тұжырымдама Қазақстанда да, ЕЭҚ да экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің маңызды міндеттері болып табылады. 4.0 концепциясын жүзеге асырудың негізі ұлттық шаралары мен механизмдері болады. Сондықтан, С.Жұмабекова Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы баяндап берді.  Сонымен, оның берген ақпараты бойынша, Қазақстан Индустрия 4.0 элементтерін енгізу және дамыту бойынша іс-шаралар қабылданды: нормативті –құқықтық база әзірленуде, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейін базалық өндіріс салаларын қайта техникалық қаруландыру бойынша шаралар кешенінбекіту жоспарланған. Қазақстанның өндіріс секторларының қайта өңдеу кәсіпорындарында сандық технологияны енгізуді ынталандыру шаралары мен нақты бағыттарын анықтау жоспарланған және осыған орай ЕЭҚ аясында синергетикалық эффектіге максималды қол жеткізу  және өндірісті сандық технология көшіру бойынша тығыз ынтымақсатыстықта жұмыс жасау қажеттілігін атап өтті.Жалпы, қазақстандық скипердің пікірше, ЕЭҚ аясында өзара тиімді ынтымақтастық   тәжірибесін ұлғайту, өңірлік және әлемдік нарықта тауар, қызмет көрсету, технологияны экспорттауға қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге көмектеседі.Үш күндік жұмыс іссапары барысында «ҚИДИ» АҚ сарапшылары бірқатар дөңгелек үстел жұмысына қатысты,   онда өндірістік саясаттың құралы ретінде арнайы инвестициялық жобалардың қажеттілігі, индустрияны автоматттандыру мәселелері, өндірісті роботтандыру, сонымен қатар энергия құралдарын импорт алмастыру бойынша ынтымақастық жобалары, жаңартылған энергия көздері және т.б. мәселелер қарастырылды. 20 мемлекеттен келген 600-ден астам өндіріс компаниялары өз өнімдерін көрмеге ұсынды.  Көрмені өткізудің сегізінші жылы әлемдік технологиялық көшбасшы ретінде   серіктес мемлекет Жапония болды.  Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11862?lang=kk
БИЫЛ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАТЫН 60 МЫҢ ЖЕР УЧАСКЕСІН ИНЖЕНЕРЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРЛАНУДА 10.04.2025
Мемлекеттік бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау» деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда.«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады).Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.Фото мұрағаттан алындыSource : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11807?lang=kk
ТДҰА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ 10.04.2025
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірігіп инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріседі. Бұл жайында «ТДҰА» АҚ-ның басқарма бастығы Марат Омаров ОКҚ-нің баспасөз мәслихатында мәлімдеді.   Инновациялық гранттарға өтінім 2017 жылдың 2 тамызынан 2 қазанына дейін қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ «ҰТДА» АҚ-ның www.natd.gov.kz. ресми сайтында да беруге болады.«Біз бизнес үдерістердің реинжинирингісін өткіздік және гранттар беру шарттарын жетілдірдік. Егер бұрын көбінесе бизнеске арналған және соңғы өнім шығарылымын ұйғармайтын 9 түрлі грант түрлері көзделген болса, қазір олар қаржыландыру шектерін арттырумен 3 түрге топтастырылды» - деп «ТДҰА» АҚ-ның басшысы Марат Омаров ескертіп өтті.Қолданыстағы кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған грант берудің жаңа ережелері бойынша грант сомасы лицензиялық шарт бойынша дәлелді шығындардың 70%-ына дейінгі және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі, ақшалай түрде  400 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін алдыңғы қатарлы/заманауи отандық және шетел технологияларын трансферттеу арқылы арттыруға бағытталған.Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың және (немесе) жабдық сатып алу бойынша дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі және технологиялық құзыреттерді арттырудың дәлелді шығындарының 85%-ына дейінгі, ақшалай түрде  500 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант негізінен қолданыстағы салаларды алдыңғы қатарлы шетел технологияларын, тәжірибелерін, білімдерін және дағдыларын трансферлеу арқылы дамытуға бағытталған.Технологияларды коммерцияландыруға бағытталған гранттың мөлшері жаряланған дәлелді шығындардың  50%-ына дейінгі, ақшалай түрде 200 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды.Грант меншікті өндірістегі ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жетілдіруге бағытталған.Грант қайтарымсыз негізде беріледі. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы сомасы 12,2 млрд. теңге болатын 328 шарт, соның ішінде 2016 жылы жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын 66 шарт жасалды.Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын іске асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсететінін айта кеткен жөн. Сонда, 2014 жылдан бастап 2017 жылдың 1-ші жартысына дейін, грант алушылардың ақпараттарына сәйкес, инновациялық гранттарды іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орындары құрылды, 7,6 млрд. теңгеден артық салық қаражаттары төленді, жалпы сомасы 131,4 млрд.теңге өнім шығарылды.Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған.ТДҰА «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11698?lang=kk
АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 10.04.2025
Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры  Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды. Source : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk