Қоғам
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі 03.08.2026
Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл науқан азаматтардың мемлекет тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауы арқылы елдің болашағын айқындауға қатысатын жауапты кезең.Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Сайлау учаскелері талапқа сай әзірленіп, халыққа жан-жақты ақпарат берілуде. Бұл – елімізде демократиялық қағидаттардың орнығып, әрбір азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруына барлық жағдай жасалып жатқанын айғақтайды.Ардагерлер қауымы үшін елдің тұрақтылығы, қоғамдық келісім мен ұрпақтар сабақтастығы әрдайым басты құндылықтардың бірі болып келеді. Біз еліміздің бүгінгі жетістіктері бірлік пен татулықтың, өзара құрмет пен жауапкершіліктің нәтижесі екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан әрбір азаматтың сайлауға қатысуы – тек жеке таңдау ғана емес, мемлекет алдындағы азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.Құрылтайдың тиімді жұмысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісімді сақтауға және әділетті мемлекет қалыптастыруға өз үлесін қосатынына сенімдімін. Бұл – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.Осы орайда, барлық қала тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес. Біз татулық пен тұрақтылықты сақтай отырып, ортақ мақсатқа жұмыла білсек, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне бірге қызмет етеміз.Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Бүгін «TANDEM» радиосының тікелей эфирінде Ақтөбе облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты кеңінен таныстырылды. 03.08.2026
Эфирге Ақтөбе облыстық басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы Тұралиев қатысып, гранттық байқаудың мақсаты, қатысу талаптары, өтінім беру тәртібі және жастарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.Егер сіздің тың идеяңыз немесе қоғам игілігіне бағытталған жобаңыз болса, Ақтөбе облысы әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты — оны жүзеге асыруға арналған тамаша мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1267590?lang=ru
2026 жылғы 29–31 шілдеде өткен халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиі 03.08.2026
2026 жылғы 29–31 шілде аралығында Қазақстан Республикасында халықаралық «Trophée Paris–Pékin par la Route de la Soie» ретро және классикалық автомобильдер раллиінің қазақстандық кезеңі өтті.Маңғыстау облысы аумағы арқылы өткен кезеңді ұйымдастыру барысында облыстық туризм басқармасы ҰҚК Шекара қызметімен және ұйымдастырушылармен бірлесіп үйлестіру жұмыстарын жүргізді.80 шетелдік қатысушыдан құралған 36 экипаж Маңғыстау ауданындағы «Qazaq Camp Yurts & Rooms» туристік кешеніне, сондай-ақ Бейнеу ауданындағы «Арай», «Бейнеу» және «Жібек жолы» қонақ үйлеріне орналастырылды.31 шілдеде барлық экипаж «Тәжен» кеден бекеті арқылы Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына кідіріссіз өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267470?lang=ru
О проведении анализа коррупционных рисков 03.08.2026
«Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2026 жылдың 1 тамызынан бастап 2026 жылдың 16 қыркүйегіне дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saulet-saran/press/news/details/1267460?lang=ru
Мүлікті есепке алу енді электронды болмақ: Ұлттық ұланда цифрлық трансформация жалғасуда 03.08.2026
Жаңа жүйе әрбір мүлікті есепке алу процесін толық көруге мүмкіндік береді: қоймаға түскен сәттен бастап нақты әскери қызметшіге берілгенге дейінгі жолды бақылай аласыз.Бұл жүйе ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін енгізіліп отыр.Бірлескен жоба киім-кешек мүлкін есепке алуды толығымен цифрлық және ашық етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.Әр элементтің өз сандық белгісі болады (RFID немесе штрих-код). Осының арқасында қолбасшылық нақты уақыт режимінде мүліктің қай жерде екенін, кімге берілгенін және оның қоймада қанша қалғанын біле алады.Алматыдағы 7552 әскери бөлімі жаңа жүйені бірінші болып қолдана бастайды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ҚР ІІМ Ұлттық ұланының басқа да әскери бөлімдеріне табысты тәжірибені тарату жоспарлануда.Сандық есепке көшу бірден бірнеше маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Біріншіден, қағаз толтыру және түгендеу кезінде туындауы мүмкін қателіктерді жою. Екіншіден, мүлікті қабылдауды, беруді және тексеруді едәуір жеделдету. Бұрын бірнеше сағат немесе тіпті бірнеше күн жүргізілген процесті енді бірнеше минут ішінде аяқтауға болады.Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу барлық процестерді барынша ашық етуге, есепке алу дәлдігін арттыруға, ақпаратты өңдеу уақытын қысқартуға, адам факторының әсерін барынша азайтуға және әскери қызметшілерді заттай қамтамасыз етуді басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесін құруға мүмкіндік береді.Осылайша, тәртіп сақшылары қызметті тиімдірек ететін және мемлекеттік мүлікті басқаруды дәлірек, жылдам және ашық ететін заманауи технологияларды енгізу арқылы дәйекті цифрлық трансформацияны жалғастыруда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1267253?lang=ru
Алматы облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған басым жобалар қаралды 03.08.2026
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы Іле ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар медициналық ұйымдардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты.Жұмыс сапары барысында Іле аудандық орталық ауруханасы, Боралдай ауылдық аудандық ауруханасы, Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасы және Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының қызметі зерделеніп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған негізгі жобалар талқыланды.Іле аудандық орталық ауруханасында емдеу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық база және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар 125 орындық жаңа перзентхана мен бір ауысымда 150 келушіге арналған әйелдер консультациясының құрылысын жүзеге асыру, аурухананы магниттік-резонанстық томография аппаратымен қамтамасыз ету және қабылдау бөлімін кеңейту жобалары пысықталды.Өтеген батыр кентіндегі емхананың жұмысымен танысу барысында халық санының артуына байланысты медициналық мекеменің жүктемесі айтарлықтай өскені айтылды. Осыған орай емхана ғимаратын кеңейту және қосымша корпус салу мәселесі қарастырылды.Боралдай ауылдық аудандық ауруханасында мекемені жаңғыртуға бағытталған бірқатар бастама талқыланды. Атап айтқанда, аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, 100–150 орындық жаңа стационар салу, Жайнақ ауылында дәрігерлік амбулатория ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту, кадрлық әлеуетті нығайту және санитарлық автокөлік паркін жаңарту мәселелері көтерілді.Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында балаларға көрсетілетін жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары таныстырылды. Жыл сайын мұнда 50 мыңға жуық пациентке медициналық көмек көрсетіліп, 10 мыңнан астам бала стационарлық ем алады, 5 мыңға жуық операция жасалады. Биыл аурухана ұлттық аккредиттеуден сәтті өтіп, реновация аясында телемедицина, симуляциялық және ситуациялық-талдау орталықтарын ашу жоспарланып отыр.Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында онкологиялық және гематологиялық бағыттағы мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ клиниканың материалдық-техникалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарлар талқыланды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау нысандарын кезең-кезеңімен жаңғырту, жаңа медициналық инфрақұрылым қалыптастыру, материалдық-техникалық базаны күшейту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде нақты міндеттер айқындалды. Бұл жобаларды іске асыру Алматы облысында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырып, өңір тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1267230?lang=ru
Алматы облысы әкімінің орынбасары Еңбекшіқазақ ауданындағы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты 03.08.2026
Алматы облысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ ауданына барып, өңірдегі бірқатар денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың қызметімен танысты. Іссапарға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты.Жұмыс сапары Шелек ауылындағы ШЖҚ «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» КМК-дан басталды. Делегация медициналық ұйымның қызметімен, бөлімшелердің жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің ұйымдастырылуымен танысты. Сонымен қатар аурухана аумағында салу жоспарланып отырған күндізгі стационардың құрылыс жобасы қаралып, оны іске асырудың негізгі кезеңдері талқыланды.Одан кейін жұмыс тобы Алматы облыстық паллиативтік көмек ауруханасына барып, медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасымен, паллиативтік көмекті ұйымдастыру жүйесімен және пациенттерге жасалған жағдаймен танысты. Кездесу барысында ұжыммен аурухананы одан әрі дамыту және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Шелек ауылындағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен, медициналық және оңалту қызметтерінің ұйымдастырылуымен танысты.Жұмыс сапары Есік қаласында жалғасты. Делегация Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысып, қабылдау бөлімінің, мамандандырылған бөлімшелердің, диагностикалық қызметтің жұмысын және медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасын зерделеді. Кездесу барысында аурухананы одан әрі дамыту, заманауи диагностика және емдеу технологияларын енгізу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды.Бұдан кейін №1 Перинаталдық орталықтың қызметі таныстырылды. Делегация акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық бөлімшелердің жұмысымен танысып, жүкті әйелдерге, босанушыларға және жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру барысын бағалады.Жұмыс сапарының қорытындысында Еңбекшіқазақ ауданындағы денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи медициналық технологияларды енгізу және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру жөніндегі басым міндеттер айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1267231?lang=ru
Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында Қазақстан–Кения сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды 02.08.2026
Найроби, 2026 жылғы 30 шілде — 2026 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасында (Найроби) Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы таныстырылым өткізді.Өз сөзінде Елші кениялық бизнес-қоғамдастық өкілдерін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалармен, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлармен және еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтудің перспективаларына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1267214?lang=ru
Қазақстан Елшісінің Кениядағы Бурунди Елшісімен кездесуі туралы 02.08.2026
Найроби, 2026 жылғы 31 шілде — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кения Республикасындағы Бурунди Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Хабониманамен (Evelyne Habonimana) кездесу өткізді.Әңгіме барысында қазіргі уақытта Бурундидің Африкалық Одақтың төрағасы болып отырғаны атап өтілді. Африкалық Одақ 2026 жылды «2063 жылғы Күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу үшін судың тұрақты қолжетімділігін және қауіпсіз санитария жүйелерін қамтамасыз ету» жылы деп жариялағанын ескере отырып, бұл осы саладағы тек екіжақты ғана емес, сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша маңыз береді.Осыған байланысты тараптар Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында Халықаралық су ұйымын (Халықаралық су ұйымын) құру бастамасын талқылауға ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1267215?lang=ru
eGov Business қосымшасында заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі енді қолжетімді 02.08.2026
eGov Business мобильді қосымшасында кәсіпкерлерге арналған «Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру» атты жаңа мемлекеттік қызмет іске қосылды.Сенімгерлік басқару қызметі меншік иесі өз үлесіне құқығын сақтай отыра, уақытша басқа тұлғаның басқаруына берген жағдайда қолданылады. Барлық өзгерістер ресми түрде рәсімделіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде тіркеледі.eGov Business қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:eGov Business мобильді қосымшасына авторизациядан өту;«Қызметтер санаттары» – «Құқықтық қатынастар» бөліміне өту;«Жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін таңдап, өтініш түрін таңдау;заңды тұлғаның БСН-ын, құрылтайшы-сенім білдірушінің ЖСН/БСН-ын және сенімгерлік басқарушының ЖСН/БСН-ын енгізу;үлес мөлшерін пайызбен және теңгемен, беру мерзімін (оның ішінде мерзімсіз), сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру туралы құжаттың нөмірі мен күнін көрсету;құжаттың PDF форматындағы сканерленген көшірмесін тіркеу;өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою;өтініштің қаралу мәртебесін «Хабарламалар» – «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалау қажет.««Біз eGov Business қосымшасының мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеміз. Бұл кәсіпкерлерге артық бюрократиялық рәсімдерсіз көптеген қызметті онлайн алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қосымша кәсіпкерлер арасында кеңінен қолданылып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 107 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі тіркеліп, 1,4 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Енді қосымшада жарғылық капиталдағы үлесті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тағы бір маңызды корпоративтік қызмет қолжетімді болды. Бұрын бұл рәсім көп уақыт пен жеке қатысуды талап етсе, енді оны смартфон арқылы бірнеше қадаммен рәсімдеуге болады. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, бизнесті жүргізу үдерісін одан әрі жеңіл әрі ыңғайлы етеді», – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Шыңғыс Оразалимов атап өтті.Қызмет көрсету мерзімі 3 жұмыс күніне дейін. Қызмет нәтижесін өтінімнің мәртебесі парақшасынан және eGov Business қосымшасының «Хабарламалар» – «Қызметтер тарихы» бөлімінен көруге болады. Қызмет тегін көрсетіледі.Аталған қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1267205?lang=ru
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси жүйенің негізі 02.08.2026
Құрылтай сайлауының құқықтық негізі – Конституция нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға, Президенттің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына сүйенеді.Қазақстанда өтетін Құрылтай сайлауы – жаңа Конституция аясындағы ең маңызды саяси реформалардың бірі. Бұл институт заң шығарушы билікті қалыптастырудың жаңа моделін енгізіп, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауының маңызына тоқталып, бұл реформаның елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталғанын жеткізген болатын.«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін жеткізді. Құрылтай сайлауының құқықтық негізі ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай еліміздің жоғары өкілді заң шығарушы органы және оның депутаттары жалпыұлттық сайлау арқылы сайланады. Бұл нормалар Құрылтайдың мәртебесін, құрамын қалыптастыру қағидаттарын және сайлау тәртібінің негізгі конституциялық негіздерін айқындайды.Атап айтқанда, Конституцияның 52-бабында Құрылтайдың құқықтық мәртебесі айқындалған. Бұл бапқа сәйкес Құрылтай – заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Ал 53-бапта Құрылтайдың құрамы, депутаттардың саны және олардың біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі арқылы сайланатыны белгіленген. 54-бапта Құрылтай депутатына қойылатын талаптар мен өкілеттікке қатысты негізгі нормалар бекітілген.Сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатады. Комиссия сайлау күнтізбесін бекітеді, кандидаттарды тіркейді, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын үйлестіреді және сайлау нәтижелерін ресми жариялайды. Осының бәрі заңда көрсетілген.Мәселен, Құрылтай сайлауын өткізудің өтпелі тәртібі Конституцияның 95-бабында көзделген. Осы бапқа сәйкес жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Президент бір ай ішінде Құрылтай сайлауын тағайындауға, ал сайлау Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуге тиіс.Сарапшылардың пікірінше, құқықтық негіздің нақты әрі айқын болуы сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамның сайлау институтына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан Құрылтай сайлауы Конституция мен конституциялық заңдардың талаптарына сәйкес өткізіліп, заң үстемдігі қағидатына сүйенуі тиіс.Осылайша, жаңа Конституцияда көзделген Құрылтай сайлауының құқықтық негізі Конституция нормаларына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға, Президенттің сайлауды тағайындау туралы Жарлығына және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына сүйенеді. Бұл құжаттар сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және демократиялық қағидаттарға сай өтуін қамтамасыз етеді.
Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады? 01.08.2026
Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтерде сайлаушылармен кездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі болғанымен, олардың бәрін біріктірген ортақ өзек – еңбек адамы және оның күнделікті мәселелері болды.Көкшетау – болашақ қалалар туралы«Әділет» партиясының өкілдері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті. Партияның республикалық сайлауалды штабы ұйымдастырған кездесуде көкшетаулықтар өңір үшін маңызды бастамаларды ұсынды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу, колледждерге жасанды интеллект технологияларын енгізу, коммуналдық желілерді жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құру бар.Өңірлердегі жұмысын жалғастырған «Әділет» спортшылармен, жаттықтырушылармен, өнеркәсіп кәсіпорнының ұжымымен, сондай-ақ туризм және шипажай-курорт саласының өкілдерімен кездесті. Кездесулерде спортты, туризмді, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, фермерлерді қолдау мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу мәселелері талқыланды.Кездесулердің бірінде Ақмола облыстық олимпиадалық резервті даярлау орталығының әдіскері Екатерина Круглик балалардың тұрғылықты жеріне немесе отбасының материалдық жағдайына қарамастан тегін спорт секцияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.Мектеп – реформаның бастауыЖСДП елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты деп есептеп, осы тақырыпқа арналған арнайы конференция өткізді. Депутаттыққа кандидаттар, педагогтер мен сарапшылар білім сапасы, кадр тапшылығы, мектеп инфрақұрылымының жай-күйі және мұғалімдерді қолдау мәселелерін талқылады.Талқылау қорытындысында қатысушылар бір пікірге келді: мектепте жүйелі реформалар жүргізілмейінше, бәсекеге қабілетті мемлекет туралы айту қиын.Сол күні білім беру тақырыбына қатысты өз ұстанымын Respublica партиясы да білдірді. Кандидат Нұргүл Тау Қазақстан халық партиясының PISA нәтижесі төмен мектептерге айыппұл салу туралы бастамасын сынға алып, мұндай тәсіл мәселені шешудің орнына кінәліні іздеуге ұқсайтынын айтты.Оның пікірінше, ауыл мектептері бастапқыдан-ақ қалалық мектептермен тең жағдайда емес. Сондықтан олардан бірдей нәтиже талап ету – орынсыз, ал мұғалімдерді жазалау білім беру жүйесінің әлсіздігін ғана көрсетеді.Respublica басқа жолды ұсынады. Партия мұғалімдерді жазалаудың орнына білім беру ортасын дамыту мен педагогтерді қолдауды құптайды.Экология – дәрігерлер көзімен«Байтақ» партиясы үшін экология мәселесі денсаулық сақтау саласымен тығыз байланысты. Кеше бұл ұстаным іс жүзінде көрініс тапты.Кандидат Таир Сағымбаев Ақтаудағы №2 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысында медицина саласының жай-күйі, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі және пациенттерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.Партияның пайымынша, нақты шешімдер кеңсе қабырғасында емес, күн сайын халықпен жұмыс істейтін мамандардың пікіріне сүйене отырып қабылдануы тиіс.Тарихи жады – саяси күн тәртібіндеҚазақстан халық партиясы кеше тарихи жады тақырыбына ерекше назар аударды. Партия іздестіру жұмыстарын, архивтік зерттеулерді және патриоттық жобаларды қолдау мақсатында «Мемориалдық аймақ» бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, оның арғы атасы ондаған жыл бойы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында саналып келген. Кейін іздестіру жасағы оның жерленген орнын анықтаған.ҚХП бұл бастаманы ата-баба ерлігіне тағзым етудің және тарихи шындықты сақтаудың маңызды бөлігі деп есептейді.Кеншілер өлкесіндегі кездесулерКеше Қостанай облысына төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған «Ауыл» партиясы барды. Ол еңбек ұжымдарымен, партия белсенділерімен және ауыл тұрғындарымен кездесіп, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымды жаңарту мәселелерін талқылады.Сапар барысында Айтуғанов өзінің еңбек жолы басталған «Қазпошта» ұжымымен де кездесті. Сапар жастар волонтерлерімен бірге өткен үгіт-насихат акциясымен аяқталды.Ал дәл осы уақытта Қарағандыға «Ақ жол» партиясының төрайымы Дәния Еспаева барды. «Seven Refractories Asia» ЖШС ұжымымен кездесуде отандық өндірушілерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық саясаты және өнеркәсіпті дамыту мәселелері сөз болды.Соңғы күндері бірнеше партияның Жезқазған мен Қарағанды облысын кездесу алаңы ретінде таңдауы кездейсоқ емес. Бұл өңірлер ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарының символына айналған. Бағдарламалары әртүрлі болғанымен, еңбекке құрмет тақырыбы көптеген партияларды ортақ ұстаным төңірегіне топтастырып отыр.Жезқазғандағы пікірталасRespublica партиясы Жезқазғанда өз жақтастарының форумын өткізіп, онда өңірдің өнеркәсібі, жолдарының жағдайы, медицинасы және білім беру саласы талқыланды.Алайда көпшіліктің назарын бағдарламалық ұсыныстардан гөрі Мейір Алпысовтың «Ақ жол» партиясының сынына берген жауабы аударды.Ол мемлекет азаматтарын «ұры немесе жемқор» ретінде қабылдамауға шақырып, шетелде табыс тауып жүрген қазақстандықтардың қаражатын ел экономикасына инвестициялауға жағдай жасау қажет екенін айтты. Оның пікірінше, оларды әлеуетті заң бұзушы ретінде қарастыру дұрыс емес.Осылайша, бір күннің ішінде сайлауалды науқанда екі негізгі пікірталас айқындалды. Оның бірі – мектептерге айыппұл салу мәселесіне, екіншісі – шетелде бизнес жүргізетін қазақстандықтарға деген сенімге қатысты болды. Бұл сайлау жақындаған сайын партиялардың өзара ашық пікірталасқа жиі түсіп жатқанын және олардың бағдарламалары арасындағы нақты айырмашылықтардың барған сайын айқындала түскенін көрсетеді.
Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады? 01.08.2026
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап тексере алады.Әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдермен дауыс беру күніне бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы17 тамыздан бастап таныса алады.Тiзiмге енгiзiлмеген, дұрыс енгiзiлмеген немесе тiзiмнен шығарып тасталған, сондай-ақ дәлсіздік жiберiлген жағдайда азамат сайлау комиссиясына сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді түзету қажеттігі туралы шағымдануға құқылы.Түзетуді немесе тізімге енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда азаматқа оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiм бойынша сайлау комиссиясы орналасқан жердегі сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.Жаңару үшін дауыс бер!Қазақстан РеспубликасыныңОрталық сайлау комиссиясы
Шымкентте тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді 01.08.2026
“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында Шымкент қаласындағы Арбатта тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған кезекті «Халық заңгері» акциясы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырды.Аталған акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға өз құқықтары мен заң талаптарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге практикалық тұрғыда қолдау көрсету. Қала тұрғындары арнайы мамандарға жүгініп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша тегін кеңес алды.Акцияға жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустер және өзге де заң саласының мамандары қатысты. Тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме беріліп, нақты жағдайларға қатысты кеңестер ұсынылды.Азаматтарды толғандырған мәселелердің басым бөлігі жер қатынастарына қатысты болды. Атап айтқанда, жер учаскесін алу кезегіне тұру, мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін алып қою, жер учаскесін заңдастыру, сондай-ақ тұрғын үй кезегі мен баспананы жекешелендіруге байланысты сұрақтар қойылды.Сонымен қатар, қала тұрғындары қалалық инфрақұрылымды дамытуға қатысты мәселелер бойынша да мамандардың көмегіне жүгінді. Құқықтары қандай да бір деңгейде бұзылған азаматтар құқық қорғау органдарының өкілдеріне, адвокаттар мен заңгерлерге жүгініп, өз мәселелерінің құқықтық шешілу жолдарын білді.Акция аясында еңбек қатынастарына байланысты бірқатар мәселеге де назар аударылды. Атап айтқанда, қала кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және өндірістік жарақаттануды төмендету, сондай-ақ жұмысшыларға жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, азаматтардың өз мәселесін заң аясында шешуіне мүмкіндік береді. Тегін кеңес алу арқылы тұрғындар қажетті ақпаратты мамандардан тікелей алып, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты тетіктерімен танысады.Кезекті «Халық заңгері» акциясының қорытындысы бойынша 84 қала тұрғынына заңгерлік кеңес берілді. Шымкентте мұндай құқықтық акциялардың ұйымдастырылуы халықтың заңдық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып отыр.
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі аяқталды 01.08.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінде жерүсті корабльдері құрамаларының, әскери басқару органдары мен тактикалық топтардың даярлығын жетілдіруге бағытталған С курстық тапсырмасын қабылдау кезеңі аяқталды.Командалық-штабтық жаттығулар, штабтық оқу-жаттығулар және практикалық сабақтар барысында құрамалар командирлері, штаб офицерлері мен кеме экипаждары өздеріне тиесілі міндеттерді орындады.Оқу барысында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру, күштерді басқару, өзара іс-қимылды жетілдіру, байланыс пен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері пысықталды.– Әскери басқару органдарының үнемі өзгеріп отыратын жағдайда шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге, кемелердің тактикалық топтарын тұрақты басқаруды қамтамасыз етуге, қолдау күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға, сондай-ақ қару-жарақ пен техникалық құралдарды тиімді қолдануға ерекше көңіл бөлінді, – деді «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің командирі 3-дәрежелі капитан Ермекбай Оспанов.Курстық тапсырманың практикалық кезеңі кемелердің тұрақты орналасу пункттерінде де, теңіз полигондарында да өтті. Теңізге шығу барысында корабль экипаждары тактикалық топтар құрамында бірлесіп жүзу, байланыс пен басқаруды ұйымдастыру, навигациялық қамтамасыз ету және түрлі жағдайларда маневр жасау тапсырмаларын орындады.Бақылау тактикалық оқу-жаттығуы кезінде штабтар мен кеме тактикалық топтарының күштерді басқаруға және қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді.Оқу-жаттығу нәтижесінде басқару органдары мен кеме экипаждарының жоғары үйлесімділігі, командалық құрамның кәсіби даярлығы, жағдайды дұрыс бағалап, дер кезінде шешім қабылдау және оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында күштерді тиімді басқару қабілеті расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1267131?lang=ru
Бразилияда Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығы аталып өтті 01.08.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан мен Бразилия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 33 жылдығына арналған «Қазақстан–Бразилия» достық форумының салтанатты отырысы өтті.Іс-шараға Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк, «Қазақстан–Бразилия» достық форумының президенті, бұрынғы сенатор Улиссис Ридель, «Бразилия–Қазақстан» сауда палатасының президенті Кассиано Виана, Бразилияның экономикалық бірлестіктерінің басшылары, қоғамдық-саяси және іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов өз сөзінде Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталып, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі және биылғы тамыз айында өтетін бір палаталы Құрылтайға сайлауға дайындық жайында айтып берді.Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк өз құттықтау сөзінде екіжақты қатынастардың жоғары деңгейіне оң баға беріп, биылғы мамыр айында Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраның Астанаға жасаған ресми сапарының табысты қорытындыларын атап өтті. Бразилиялық дипломат өз елінің Үкіметі Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайту және кеңейту бағытын өзгеріссіз жалғастыратынын растады.Өз кезегінде «Қазақстан–Бразилия» достық форумының президенті, бұрынғы сенатор Улиссис Ридель Қазақстан басшылығы жүргізіп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, олардың мемлекеттік институттарды нығайту мен елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ол Достық қоғамы аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге әзірлігін білдірді.Іс-шара барысында Болат Нүсіпов Қазақстанның Бразилиядағы Құрметті консулдары мен осы лауазымға үміткерлерге табысты ықпалдастықтары үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге қосқан үлестері үшін Елшіліктің алғыс грамоталарын табыс етті.Бразилияның Сан-Паулу, Мату-Гросу-ду-Сул, Санта-Катарина және Пара штаттарындағы Қазақстанның Құрметті консулдары мен кандидаттарының атынан Амазонас штатындағы Қазақстанның Құрметті консулы Нетто Кардозо Қазақстан Елшісіне қолдауы мен жоғары сенімі үшін алғыс айтып, нышанды түрде штат астанасы Манаус қаласының орталығындағы көшелердің біріне берілген «Қазақстан көшесі» атауы жазылған тақтайшаны сыйға тартты.Іс-шара соңында қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарының элементтері ұсынылған мерекелік дастарқан жайылды. Өз кезегінде Бразилия тарапы танымал бразилиялық және әлемдік әндерден құралған музыкалық перформанс ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1267122?lang=ru
Қазақстан мен Словакия адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 31.07.2026
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Роберт Доброводскиймен кездесті. Кездесу барысында адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері және екі елдің ұлттық құқық қорғау институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Дипломат Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы ауқымды саяси және институционалдық реформалар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалардың демократиялық институттарды нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына ерекше назар аударылды. Ата заң жобасының әзірленуіне азаматтардың кеңінен қатысқаны оның жалпыұлттық мәнге ие болуына негіз болғаны атап өтілді. Сондай-ақ жаңа Конституцияның өзегіне адам мүддесі алынғанын, ал оның басты басымдықтарының бірі – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту екенін жеткізді.Сонымен қатар, Елші Р.Доброводскийді Қазақстанда әлеуметтік саланы жаңғырту бағытында қолға алынған кешенді реформалармен таныстырды. Осы орайда Әлеуметтік кодекстің қабылдануы, әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің өтінішке негізделген тәсілден азаматтардың қажеттілігін алдын ала айқындауға және қызметтерді проактивті түрде ұсынуға негізделген жаңа модельге көшкені жөнінде мәлімет берілді.Словак тарапы енгізіліп жатқан әлеуметтік қолдаудың цифрлық платформасына ерекше қызығушылық танытты. Омбудсмен жүзеге асырылып жатқан бастамалардың практикалық маңызын жоғары бағалап, әсіресе Отбасының цифрлық картасы жобасы Словакияда зерделеуге және оны қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруға лайық тәжірибе екенін атап өтті.Сондай-ақ тараптар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметіне тоқталды. Оның конституциялық мәртебесінің бекітілуі, өкілеттіктерінің кеңейтілуі және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының нығаюы жөнінде пікір алмасты.Р.Доброводский Қазақстанның осы саладағы тәжірибесімен жақынырақ танысу және ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен тікелей әріптестік байланыс орнату мақсатында Астанаға келуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1267118?lang=ru
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап таңбалауға жататын тауарлар 31.07.2026
Қазақстанда импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін тауар айналымының ережелері өзгереді. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің №199 бұйрығына сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларға (БАД), сондай-ақ бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарына міндетті таңбалау енгізіледі.Жаңа талаптар 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда өндірілген немесе елге әкелінген өнімдерге қолданылады.Арнайы қорғаныс коды ҚР немесе Еуразиялық экономикалық одақта қолданыстағы тіркеуі бар барлық БАД-ға: арнайы тамақ өнімдері, концентраттар, дәрумен-минерал кешендері, шәрбаттар мен өсімдік сығындыларына, сондай-ақ бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарына орналастыру тиіс.Таңбалау контрафактіден қорғайды, адал бизнеске әділетсіз бәсекеден аулақ болуға, ал сатып алушыларға тексерілген әрі қауіпсіз өнім алуға көмектеседі.Сандық код тауардың өндірушіден немесе шекарадан, соңғы сатып алушыға жеткенге дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді.Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті импорттаушылар мен бөлшек сауда желілерін бұл жаңашылдыққа алдын ала дайындалуға шақырады. Техникалық процестерді уақытылы реттеу кедендік рәсімдерден кедергісіз өтуге және сауданы үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1267089?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Арабиясының Елшісін қабылдады 31.07.2026
Астана, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Фейсал Әл-Қахтаниді қабылдады.Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің халықаралық және аймақтық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АҚИҰ және «Орталық Азия – ШАМЫК» форматы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Рияд арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1267078?lang=ru
Астанада «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды 31.07.2026
Астана, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне дайындық жөніндегі аға лауазымды тұлғалардың үшінші отырысына қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар алдағы Саммитті ұйымдастыру және хаттамалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылап, оның күн тәртібінің мазмұны бойынша пікір алмасты.Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, оның ішінде сауда-экономика, энергетика, цифрландыру және су ресурстары салаларындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында А.Исағалиев Саммитке сапалы дайындықтың айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, оның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, орнықты дамуды қамтамасыз етуге және өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу мен ілгерілетудің маңызды алаңына айналатынын айтты.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Саммитті табысты дайындау және өткізу мақсатында тығыз үйлестіруді жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Іс-шара аясында А.Исағалиев Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтау және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1267058?lang=ru