Enbekshi QazaQ

Қоғам

Шеңгелдіде ақсақал Амангелді Беспаев дауыс берді 15.03.2026
Ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет етіп, кейіннен ауыл кеңесінің депутаты болған Амангелді Беспаев ақсақал Шеңгелді ауылындағы №956 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.Ол құрметті зейнет жасына шықса да, қоғамдық жұмыстан алыстамай, қазірде ҚХА жанындағы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып, ел үшін еңбек етуде.«Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Біз, аға буын өкілдері, әрдайым елдің тағдырына бейжай қараған емеспіз. Сондықтан республикалық референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуды армандады. Бүгін сол тәуелсіздіктің қадірін түсініп, мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысу – әр азаматтың парызы деп ойлаймын», - деді ол сұқбатында.Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың саны – 5300-ге жуық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181288?lang=kk
«Тарихи сәт – мемлекетіміздің тұрақтылығына кепіл»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді 15.03.2026
Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.«Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Өзім тіркелген референдум учаскесіне барып, Алматы облысы тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Әр азаматтың таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады», – деген Марат Елеусізұлы Алматы облысында бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады.«Өңірде жалпы саны 677 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 36 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4781 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін цифрлық мүмкіндіктер де қарастырылған. Учаскелердің басым бөлігі азаматтарды тексеру жүйесіне қосылған. Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалалары мен Өтеген батыр кентіндегі 5 учаскеде тұрғындарды тікелей сол жерде тізімге қосу мүмкіндігі бар. Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар 1 миллионнан астам азамат тізімге еніп, олардың барлығына шақыртулар таратылды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне ерекше көңіл бөлінді. Облыстағы 2320 мүгедектігі бар азамат үшін учаскелерде арнайы пандустар, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар мен белгілер орнатылды», – деген облыс әкімі өзгеріс жауапкершіліктен басталатынын, жаңартылған Конституция әрқайсымыздың құқығымызды нығайтып, мемлекеттің халық алдындағы міндетін айқындай түсетінін жеткізді.Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181290?lang=kk
Қонаевта референдум ақсақалдың батасынан басталды 15.03.2026
Базарбай Оралбаев – Қонаевтағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ол қаланың коммуналдық саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен. 2022 жылы құрметті зейнетке шығып, 2024 жылдан бастап кеңес төрағасы қызметіне кіріскен.  Қария ел болашағының жарқын, тәуелсіздіктің мәңгілік болуын тілеп, сайлау учаскесіне жиналған жұртшылыққа батасын берді. Сондай-ақ ол алғаш боп дауыс беріп, сайлау учаскесінің төрағасы ақсақалға сый-сияпат табыстады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181282?lang=kk
Қонаев қаласында Көрісу күні кеңінен атап өтілді 15.03.2026
Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн бойы тойланады. Мерекелік онкүндіктің шымылдығын Көрісу күні ашады. Бұл күн - адамдардың бір-бірімен қауышып, ақжарма тілектер айтып, ізгі ниеттерін білдіретін ерекше дәстүрлі күн. Көрісу күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен көрісіп, жаңа жылда береке мен молшылық тілейді.Қонаев қаласында Көрісу күніне арналған іс-шаралар салтанатты түрде өтті. Қалалық Мәдениет үйінің алдына облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары жиналды. Алаң ұлттық киім киген адамдарға толып, домбыраның қоңыр үні мен қазақтың дәстүрлі ән-күйлері шырқалды.Мерекелік шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Үмбеталиев қатысушыларды құттықтап, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.- "Біз ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз қажет. Наурыз - жаңа жылдың бастауы, жаңару мен жаңғырудың символы. Бүгін де, келешекте де бұл мереке кеңінен тойланып, дастархан жайылып, ақсақалдардың батасы алынатын берекелі күн болсын. Елімізде әрдайым бейбітшілік, денсаулық пен амандық болсын", - деді ол.Мереке аясында қонақтарға арнап көрме ұйымдастырылып, онда суретшілер көктем, қазақтың салт-дәстүрлері және туған жердің көркем табиғатына арналған туындыларын ұсынды. Әрбір шығарма ұлттық мәдениетке деген құрмет пен халықтың бай рухани мұрасын бейнеледі.Ұлттық киім киген балалар да көпшіліктің назарын аударды. Жас қатысушылар дәстүрлі зияткерлік ойын - тоғызқұмалақ ойнап, шахматтан да өзара бақ сынасты. Ал жасөспірімдер күш пен ептілікті қажет ететін ойындарда өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.Сонымен қатар халықтық қолөнер алаңы ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда аға буын өкілдері ұлттық қолөнер дәстүрлерін таныстырып, жүн иіру, құрт жасау, ұлттық ою-өрнек кестелеу тәсілдерін көрсетті. Бұл шеберлік сабақтары жастарға ата-баба мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсті.-«Қала тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтаймын. Біз үшін ұлттық дәстүрлерімізді жас ұрпаққа көрсету және жеткізу өте маңызды. Олар қазақ халқының мәдениетін танып, оны сақтап қалуы тиіс, - деді Шеңгелді ауылындағы «Әжелер» ансамблінің мүшесі Жақсылық Үксүкбаева.Мерекенің әсерлі сәттерінің бірі - «тұсау кесу» рәсімі болды. Сәбидің өмірдегі алғашқы нық қадамдарын білдіретін бұл салтты Ануар Үмбеталиев атқарды. Ал құрметті ақсақал Қартбаба Момбеков сәбиге ақ жол, мықты денсаулық және бақытты ғұмыр тілеп, бата берді.Мерекелік бағдарлама барысында қонақтар домбырамен орындалған күйлерді тыңдап, ұлттық музыканың әсем әуеніне куә болды. Домбыраның күмбірлеген үні алаңды ерекше рухани атмосфераға бөлеп, қазақ халқының бай музыкалық мұрасын тағы бір мәрте айшықтай түсті.Қонаев қаласында өткен Көрісу күні мерекесі Наурыздың ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, адамдарды біріктіретін, мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізетін маңызды мереке екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл күні әрбір қатысушы қазақ халқының ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерінің жылуын сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181236?lang=kk
Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беру басталды 15.03.2026
Қазақстан бойынша бүгін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Таңертеңнен бастап учаскелік комиссиялар жұмысын бастап, алғашқы сайлаушыларды қабылдауда.Көптеген учаскелерде дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген азаматтарға арналған шағын, бірақ жағымды акция ұйымдастырылуда. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін тұрғындарға естелік сыйлықтар табысталып жатыр. №947 учаске ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай бастама мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, қоғам үшін маңызды оқиғаларға қатысуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.Таңсәріден бастап учаскелерде референдум комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеуде. Дауыс беру процесін өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: жасырын дауыс беруге арналған кабиналар орнатылып, бюллетеньдерге арналған жәшіктер қойылған, тіркеу жүйесі ұйымдастырылған.Дауыс берудің алғашқы сағаттары дәстүрлі түрде тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Тұрғындар өздерінің азаматтық борышын орындап, ел үшін маңызды оқиғаға қатысу үшін учаскелерге келуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181281?lang=kk
Жамбыл ауданының Шиен ауылында жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді 14.03.2026
Бүгін Жамбыл ауданының Шиен ауылында екі маңызды әлеуметтік нысан - жаңа дәрігерлік амбулатория мен көпфункционалды мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шара «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылуынан басталды. Медициналық нысан тәулігіне 25 пациентке дейін қабылдауға арналған.Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмекті 1976 жылы салынған ғимаратта алып келген. Жаңа амбулатория заманауи медициналық кабинеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ елді мекенде 150 орындық жаңа мәдениет үйінің ғимараты пайдалануға берілді. Нысан көпфункционалды кешен ретінде салынған. Ғимаратта мәдениет үйі, ауыл әкімдігі, спорт залы орналасқан, сондай-ақ түрлі қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізуге арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы 1774,94 шаршы метрді құрайды.Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа нысандардың елді мекеннің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.Іс-шара соңында жаңа мәдениет үйінде жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Жаңа нысандардың пайдалануға берілуі ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181234?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің өкілдері Жаңаөзенде әскери-патриоттық мектеп ашу мәселесін талқылады 14.03.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысындағы жұмысын жалғастыруда. Олар Ақтау қаласынан кейін Жаңаөзенде болды. Жергілікті атқарушы органның бастамасымен ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Дәулет Бейсековтің Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейт Қайнарбаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбие және Жаңаөзен қаласында әскери мектеп ашу мәселелері талқыланды. № 3 және № 22 орта мектептерінде қорғаныс ведомствосының өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға әскери қызметтің артықшылықтары және еліміздегі әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі туралы толыққанды ақпарат берілді. Ал оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты жауап алды. – Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын арттыру және патриоттық құндылықтарды нығайту. Жастар – болашақ Отан қорғаушылары. Сондықтан оларға саналы таңдау жасауға көмек көрсету маңызды, – деді полковник Д. Бейсеков. «Мұнайшы» мәдениет үйінде Ұлттық әскери-патриоттық орталық шығармашылық ұжымының ұйымдастыруымен  концерт өтті. Концерттік бағдарламадағы патриоттық композициялар мен ұлттық аспаптарда орындалған музыкалық шығармаларды көрермендер жылы қабылдады. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы Форт-Шевченко қаласында жалғасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1181219?lang=kk
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде 14.03.2026
ҮНДЕУ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (11.02.2026 ж. № 1170) 2026 жылғы 15 наурызда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал бойынша республикалық референдум өтеді.  Қазіргі уақытта азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан референдумға байланысты үгіт жұмыстары жүргізілуде (Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң).Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына және Референдумды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сай (Орталық референдум комиссиясының 12.02.2026 ж. № 6/10 қаулысының 3-тармағы) үгіт жүргізу 2026 жылғы 14 наурыз сағат 00:00-де аяқталады.Бұл ретте референдум қарсаңындағы күні мен референдум өткізілетін күні, яғни 2026 жылғы 14 және 15 наурызда үгіт жүргізуге тыйым салынады.Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға жол берілмейді.Референдум күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады (Конституциялық заңның 7-1-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).Аталған құқықтық талаптарды бұзу кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауаптылыққа тартылуына әкеп соғады.Нақты айтқанда, 2026 жылғы 14 және 15 наурызда үгiтті жүргізгені үшін, яғни оған тыйым салынған кезеңде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК)102-бабы бойынша жауаптылық туындайды.Қоғамдық пікірге сауал салудың нәтижелерін жариялағаны немесе референдум күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте оны жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 120-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылық көзделген.Мазмұндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында референдумға қатысатын барлық азаматтарды аталған заңнама талаптарын қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл 14.03.2026
⚡️ *Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына азаматтарға қоңырау шалып, алдағы референдумда «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты хабарлауды сұрайтын алаяқтық топтардың әрекеті туралы ақпарат түсуде.*Сонымен қатар, кейбір мессенджерлерде өздерін «онлайн-дауыс беруді ұйымдастырушымыз» деп таныстырып, Конституция жобасы бойынша референдумға қатысушыларды «тіркеуден өткіземіз» деп азаматтарды алдайтын хабарламалар таралуда.Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді: дауыс беру және оған қатысты рәсімдер азаматтарға телефон арқылы қоңырау шалуды немесе SMS-кодтарды сұратуды көздемейді. Референдумда дауыс беру тек тиісті учаскелерде, қағаз бюллетеньді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.‼️ Орталық азаматтарды белгісіз тұлғаларға дербес деректерін бермеуге және тек Орталық, аумақтық немесе учаскелік сайлау комиссияларының ресми ақпараттық хабарламаларына ғана сенуге шақырады.https://t.me/AntiFakeCenter/154⚡️ *В Центр по борьбе с дезинформацией поступают сообщения о действиях мошеннических групп, которые осуществляют телефонные звонки гражданам и просят сообщить код из SMS якобы для «регистрации бюллетеня» на предстоящем референдуме.*Одновременно в некоторых мессенджерах фиксируется распространение сообщений о том, что некие лица, представляющиеся организаторами онлайн-голосования, обзванивают граждан и якобы проводят «регистрацию участников голосования» на референдуме по проекту Конституции.Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает: ни голосование, ни связанные с ним процедуры не предусматривают обзвон граждан и запрос кодов из SMS по телефону. Голосование на референдуме предусмотрено исключительно на участках голосования с использованием бумажного бюллетеня.‼️ Центр призывает граждан не сообщать персональные данные звонящим и доверять только официальным информационным уведомлениям центральной, территориальной и участковых комиссий по голосованию.https://t.me/AntiFakeCenter/154
ІІМ АЗАМАТТАРҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ 14.03.2026
Құрметті қазақстандықтар!15 наурызда өтетін референдум қарсаңында барша азаматқа үндеу жасаймыз.Мұндай маңызды кезеңде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпараттар мен әдейі таратылатын арандату хабарламалары жиі кездесіп жатады. Олардың мақсаты – қоғамды адастыру және жағдайды тұрақсыздандыру.Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған контент жасау бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеді. Қысқа уақытта шындыққа ұқсас, бірақ адамдарды жаңылыстыратын жалған материалдар таралуы мүмкін.Еске саламыз: көрінеу жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылған.Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырамыз.Күмәнді хабарламаларды көрсеңіздер – оны әрі қарай жібермеңіздер. Жалған ақпарат көбіне дәл осылай таралады.Ішкі істер министрлігі референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер жедел анықталып, ден қойылып, заң аясында қатаң қаралады.Сондықтан тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.#ЗАҢМЕНТӘРТІП
ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЕБЕРЛІГІ СЫНҒА ТҮСКЕН ДОДА 14.03.2026
Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында құзға өрмелеу спортынан Қазақстан Республикасының Кубогы басталды. Еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар бас қосқан бұл жарыс талантты өрендердің шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейдегі бәсекелерге жол ашатын маңызды спорттық дода.Биылғы жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы және Ақтөбе облысы өңірлерінен келген 160-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Бірнеше күнге жоспарланған бәсекеде жас спортшылар жылдамдық, күрделілік және шеберлік бойынша өзара мықтыны анықтайды.Додада қатысушылар құзға өрмелеу спортының негізгі бағыттары бойынша сынға түсіп, өздерінің физикалық дайындығы мен техникалық шеберлігін көрсетеді. Бұл жарыс – тек жеңіс үшін тартыс қана емес, сонымен қатар жас спортшылардың тәжірибе жинап, өз мүмкіндігін көрсетуіне берілген үлкен мүмкіндік.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты жасөспірімдер арасында құзға өрмелеу спортын кеңінен дамыту, дарынды спортшыларды анықтап, олардың халықаралық ареналарда ел намысын қорғауына жол ашу.Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жеңімпаз және жүлдегер атанып, алдағы халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Айта кету керек, республикалық деңгейдегі бұл спорттық шара «Денсаулық» спорт кешені ғимаратында өтуде. Мұндай ауқымды жарыстар жас спортшылардың тәжірибесін арттырып қана қоймай, елімізде құзға өрмелеу спортының кеңінен дамуына серпін береді.
КӨРІСУ КҮНІ – ІЗГІЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ 14.03.2026
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін әз-Наурыз мерекесінің бастауы саналатын 14 наурыз Көрісу күні халқымыздың ежелден жалғасып келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ батасын алады. Осындай тағылымы мол дәстүрді жаңғырту мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Абай ауданы Достық шағын ауданындағы №69 жалпы орта мектепте Көрісу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.Мектеп ауласында өткен тағылымды жиынға аудан тұрғындары, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысып, бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдірді. Ұлттық дәстүрге сай үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақсақалдар жастарға ақ батасын берді. Бұл көрініс жас ұрпаққа ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің мәнін ұғындырып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.Мерекелік шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени көріністер ұйымдастырылды. Оқушылар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ 14.03.2026
Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 14 наурыз – Көрісу күні – татулық пен ізгі ниеттің мерекесі. Ұлттық салт-дәстүрге негізделген бұл игі дәстүрден қала жастары да тыс қалған жоқ.Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының қатысуымен «Көрісу эстафетасы» форматындағы іс-шара өтті. Мерекелік шарада ұлттық нақыш ерекше сезілді. Шекелік тағып, әсем нымша киген қыздар мен қазақы қамзол киген жігіттер қазақы көрік беріп, жиналған көпшіліктің назарын аударды. Жастардың ұлттық киіммен жүруі соңғы кездері сәнге айналды. Көз қуантып, көңіл көшітеді.Шараға Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шымкент университеті және Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы студенттері белсене қатысып, ұлттық ойындар мен мәдени бағдарламалар арқылы мерекенің сәнін келтірді.Жастар асық атып, арқан тартысты. Сонымен қатар сахна төрінде әсем ән шырқалып, ұлттық би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік думан жастардың бірлігін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін тағы бір мәрте көрсетті.Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман жиналған қауымды мерекемен құттықтады.-Көрісу күні халқымыздың береке-бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн адамдардың бір-біріне ізгі тілектер айтып, өткен өкпе-ренішті ұмытып, жаңа үмітпен қауышатын сәті. Осындай игі дәстүрді жастардың жалғастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауы – қуантарлық жағдай, - деді ол.Мерекелік кездесу соңында жастар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін айтып, наурыз көжеден дәм татып, көктемнің шуақты күніне сай көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
КӨКСАЙ: ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН КӨШІРУ ЖАЛҒАСУДА 14.03.2026
Шымкентте Көксай шағынауданын жаңарту тұжырымдамасын жүзеге асыру жалғасуда. Бұл жоба қалалық ортаны жаңартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлерде тұратын азаматтарды реновация бағдарламасы аясында жаңа, заманауи әрі жайлы пәтерлерге көшіру.Бүгінгі таңда бағдарлама аясында 110 отбасы жаңа баспанамен қамтылды. Оларға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарындағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер дайындалған. Пәтерлер толықтай әрленген күйде тапсырылып, қоныстануға дайын.Ал бөлме саны тұрғындардың бұрынғы пәтерлеріндегі бөлме санына сәйкес беріліп, отбасылардың қалыптасқан тұрмыс жағдайын сақтауға мүмкіндік жасалған.Бүгін Нұрлыбаев көшесі, 5А мекенжайындағы ескі үйде тұрған тағы сегіз отбасыға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Кілт табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.Қала басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, Көксай аумағын жаңғырту тек тұрғын үй қорын жаңартумен шектелмей, инфрақұрылымды дамыту мен аумақты абаттандыруды да қамтитынын атап өтті.Мегаполис басшысы бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізіліп жатқанын және үй қорын кезең-кезеңімен жаңарту көзделгенін айтты. Көксай ауданын жаңғырту аясында инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жоспарланғанын жеткізді.Айта кету керек, ауданның жаңғырту жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Тұжырымдаманы жүзеге асыру нәтижесінде тұрғын үй қоры біртіндеп жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады, Шымкент тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасалады.
Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні: әрбір сатып алушы нені білуі керек 14.03.2026
15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні. Бұл күн тауар сатып алған немесе қызметке тапсырыс берген әрбір адамның тек міндеттері ғана емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін еске салады.Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Аталған заң тұтынушылардың қауіпсіз және сапалы тауарлар мен қызметтерді алуына, сондай-ақ сатып алушылармен әділ қарым-қатынас жасауға кепілдік береді.«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 11 және 13-баптарына сәйкес, әрбір тұтынушы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіз әрі, сапалы болуын талап етуге құқылы. Яғни, сатылымға ұсынылатын өнімдер белгіленген талаптарға сай болуы және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуі тиіс.Тұтынушылар үшін толық әрі шынайы ақпарат алу құқығы да маңызды. Заңның 25-бабына сәйкес, сатушы немесе орындаушы сатып алушыға тауар немесе қызмет туралы қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті. Бұл мәліметтерге өндіруші туралы ақпарат, құрамы, жарамдылық мерзімі, пайдалану ережелері, бағасы және кепілдік міндеттемелері кіреді. Мұндай ақпараттың болуы тұтынушыға саналы әрі қауіпсіз таңдау жасауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, заңнама азаматтардың тауарлар мен қызметтерді еркін таңдау құқығын қамтамасыз етеді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, сатып алушы тауарды немесе қызметті өз еркімен таңдауға құқылы, ал оның келісімінсіз қосымша тауарлар мен қызметтерді мәжбүрлеп ұсынуға жол берілмейді.Егер сатып алынған тауардың сапасы тиісті деңгейде болмаса, тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 30-бабына сәйкес талап қоюға құқылы. Атап айтқанда, сатып алушы:- төленген ақшаны толық қайтаруды;- тауарды дәл сондай немесе ұқсас тауарға ауыстыруды;-бағаны пропорционалды түрде төмендетуді;- анықталған кемшіліктерді тегін жоюды талап ете алады.Заң сонымен қатар азаматтардың өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігін қарастырады. Заңның 42-2-бабына сәйкес, тұтынушы алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге, қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылы.Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушыларға бірнеше қарапайым ережені ұстануды ұсынады:1. чекті немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттарды сақтау;2. келісімшарт талаптарын мұқият зерделеу, әсіресе бөліп төлеу немесе интернет арқылы сатып алу кезінде;3. тауардағы мүмкін болатын кемшіліктерді фото немесе бейне арқылы тіркеп қою.Көп жағдайда туындаған дауды сатушыға жазбаша шағым жолдау арқылы сотқа дейінгі тәртіпте шешуге болатынын да ескерген жөн.Егер тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда, азаматтар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, сондай-ақ оның аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгіне алады. Сонымен қатар, өз құқықтары мен мүдделерін сот тәртібімен қорғауға да құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1181159?lang=kk
«Менің мектебімдегі агросынып» 14.03.2026
2026 жылдың 27 ақпанында «Ауыл шаруашылығына қадам» облыстық Агросынып жобасы аясында Осакаров аудандынының білім бөлімінің жоспарына сәйкес «No16 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Менің мектебімдегі агросынып» бейнероликтер байқауының аудандық кезеңі өтті.Байқаудың мақсаты – бейнеконтент жасау арқылы мектеп оқушыларының ауылшаруашылық мамандықтарына қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту.Байқауға ауданның сегіз мектебі қатысты.1 орын – «No18 орта мектеп» КММ.2 орын – «No22 орта мектеп» КММ.3 орын – «No13 орта мектеп» КММ.Қатысушыларды қажырлы еңбектерімен құттықтап, алдағы уақытта да табыс тілейміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1181132?lang=kk
Қырғызсай ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді 14.03.2026
Ұйғыр ауданына қарасты Қырғызсай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл бастама – ауыл халқының ұйымшылдығы мен туған жерге деген жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Елді мекен үшін маңызды саналатын нысан алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етпек.Жаңа бекет бұрын «Бірлік» өндірістік кооперативіне тиесілі болған ғимаратта орналасты. Кооператив басшылығы нысанды ауыл игілігі үшін демеушілік ретінде ұсынса, жергілікті тұрғындар ортақ іске жұмыла кірісіп, бірнеше айдың ішінде шамамен 4–5 миллион теңге көлемінде қаражат жинады. Нәтижесінде ғимарат толықтай жаңартылып, өрт сөндіру қызметінің талаптарына сай қайта жабдықталды. Осылайша ауыл халқы қауіпсіздік мәселесіне бейжай қарамай, туған жердің игілігі жолында бірлік таныта білді.Салтанатты шараға Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы Елеусізова, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Дәулетқанұлы Оразбеков, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Қонақтар жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мұндай игі бастамалар ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің нақты көрінісі екенін атап өтті.Аудан әкімі өз сөзінде бұл жоба мемлекеттік қаржыландырусыз, ауыл азаматтарының өз күштері мен қолдауының арқасында жүзеге асқанын ерекше атап өтіп, мұндай бастамалардың басқа ауылдарға да үлгі боларлық игі тәжірибе екенін жеткізді.Шара барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауыл әкімі Жәнібек Айғожаевқа жаңа өрт сөндіру көлігінің кілтін табыстады. Жаңадан ашылған бекет Қырғызсай ауылымен қатар, маңайдағы бірнеше елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл нысан ауылдың алты тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.Салтанатты рәсімде жаңа бекеттің лентасы қиылып, ауыл аналары дәстүрге сай шашу шашты. Қонақтар мен тұрғындар жаңа нысанды аралап көріп, ел игілігі жолында жүзеге асқан маңызды істің куәсі болды. Қауіпсіздікке бағытталған бұл бастама – ауыл өмірінің тұрақтылығы мен тұрғындардың тыныс-тіршілігін қорғауға арналған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181134?lang=kk
Қарулы күштердің мыңдаған әскери қызметшісі Наурызнама онкүндігіне арналған жаппай жүгіруге қатысты 14.03.2026
Наурыз қарсаңында еліміздің барлық әскери бөлімдерінде мыңдаған әскери қызметшіні біріктірген спорттық акция өтті.Бөлімшелер толық құрамда 5 шақырымдық қашықтыққа жүгірді. Маршта шектеулі уақыт болған жоқ. Әскерилердің алдында сапты сақтай отырып, барлық бөлімше болып қашықтықты бірге еңсеру міндеті тұрды. Командирлер алдыңғы лекте қозғалыс қарқынын белгілеп, жеке құрамның жауынгерлік рухын көтеріп отырды.Тараз гарнизонында Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған құраманың жүйріктерін бөлім командирі подполковник Арман Сабыров бастап шықты. Жеке құрам үшін бұл жай ғана марш жасау емес, аңызға айналған қолбасшының рухына тағзым етіп, батырдың ерлігін ұлықтайтын құрмет рәсімі болды.Шымкенттегі акция 6-механикаландырылған бригаданың сап алаңынан басталды. Гарнизон бастығы подполковник Сергей Биболатов әскери қызметшілерге белсенділігі үшін алғыс айтып, оларды жаңару мерекесі – Наурызбен құттықтады.– Бізбен бірге құрама командирі де жүгірді. Бұл сарбаздарға ерекше жігер беріп, күш-қуат қосты. Барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Елімізге ашық аспан, әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін, – деді 6-механикаландырылған бригаданың мерзімді қызметтегі сарбазы Төле Сүгірәлі.Мұндай бұқаралық акциялар Қонаев, Ақтөбе, Ақтау және басқа да гарнизондарда өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға, әскери қызметшілердің дене дайындығын нығайтуға және әскери ұжымның бірлігін арттыруға оң ықпал етеді.Ортақ идея төңірегінде топтасқан жауынгерлер жоғары тәртіпті, төзімділік пен мықты командалық рухты паш ете алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1181119?lang=kk
Қазақстан халықаралық агенттіктердің инвестициялық кредиттік рейтингін сақтауда 14.03.2026
Халықаралық валюта қоры деректеріне сәйкес, Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кіреді. Экономиканың орнықтылығы мен тұрақтылығы жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің - Moody’s, Fitch Ratings және Standard & Poor’s - бағалауларымен де расталады. Қазақстан бұл агенттіктермен 1996 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келеді.2002 жылдан бастап Қазақстан Орталық Азиядағы инвестициялық деңгейдегі егемен кредиттік рейтингі бар жалғыз мемлекет болып табылады.Қолданыстағы егемен рейтингтің арқасында 2024–2025 жылдары Қазақстан тартымды қарыз алу шарттарымен халықаралық қарыз капиталы нарығына сәтті қайта шықты. Осы кезеңде ел жалпы сомасы 5,5 млрд АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды үш рет орналастырды. Бұл жаһандық инвесторлардың Қазақстан экономикасына деген сенімінің дәлелі әрі халықаралық нарық қатысушылары үшін оның сенімді, перспективалы және тәуекелі төмен екенін айқындайтын маңызды көрсеткіш.2025 жылғы 15 шілдеде Fitch Ratings Қазақстанның егемен кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады.2025 жылғы 30 қыркүйекте Moody’s Қазақстан Республикасының бұрын берілген егемен кредиттік рейтингін «Baa1» деңгейінде сақтап, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі.2025 жылғы 22 тамызда Standard & Poor’s Қазақстанның егемен рейтингінің болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсарта отырып, рейтингті «BBB-» деңгейінде растады. Агенттіктің шешімі елдің институционалдық және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы тұрақты ілгерілеуін көрсетеді. Олардың ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің қабылдануы да бар.2026 жылғы 20 ақпанда Standard & Poor’s Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде «Позитивті» болжамын сақтай отырып растады.Рейтинг пен позитивті болжамның сақталуы фискалдық консолидацияның жалғасуымен, жоғары өтімді активтердің елеулі буферлерінің болуымен, экономиканы әртараптандырудың жалғасуымен, ауқымды цифрландыру арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырумен, сондай-ақ институционалдық және әкімшілік реформалардың жалғасуымен байланысты.Қатаң фискалдық ережелерді сақтау, соның ішінде Ұлттық қор қаражатын пайдалану тәртібі, сондай-ақ мұнайға жатпайтын салық базасын кеңейту мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.Standard & Poor’s сарапшылары өткен жылы басталған, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны да оң бағалады. Басым секторлардағы «Бәйтерек» холдингінің жобаларының ауқымы мен портфелі алдыңғы жылдармен салыстырғанда ЖІӨ-ге шаққандағы инвестициялар деңгейін жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.Болжамдарға сәйкес, экономиканы әртараптандыру процесі жалғасады. Өңдеуші өнеркәсіптің ЖІӨ құрылымындағы үлесі екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру саласының үлесінен асып түсті және жедел деректер бойынша 2025 жылы 12,7%-ға жетті.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1181099?lang=kk
Әскери қызметші әйел академик Нәйлә Базанова атындағы сыйлықтың лауреаты атанды 14.03.2026
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің аға оқытушысы полковник Айсұлу Молдашева – осы беделді ғылыми марапаттың иегерлері қатарына енген тұңғыш әскери қызметші.Бұл сыйлықты 2024 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық академия отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым әйелдерді қолдау мен ынталандыру мақсатында тағайындаған болатын. Сыйлық еліміздегі тұңғыш академик әйел, көрнекті физиолог Нәйлә Базанованың есімімен аталады. Өткен ғасырдың ортасында ғалымның физиология саласындағы ғылыми-зерттеу еңбектері Қазақстандағы биология ғылымының дамуына зор ықпал етті.Биыл еліміздің 66 жетекші ғалым әйелі осы сыйлықтың лауреаты атанып отыр. Олардың қатарында Қазақстан Қарулы күштерінің өкілі де бар.Полковник Айсұлу Молдашева – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әскери құқық, ұлттық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, әскери этика және қарулы қақтығыстар құқығы мәселелеріне арналған 200-ден астам ғылыми, оқу және оқу-тәжірибелік еңбектердің авторы. Оның ғылыми қызметі мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің теориялық негіздерін зерттеуге, әскери-құқықтық ғылым мен әскердегі құқық қорғау қызметін дамытуға бағытталған.Сонымен қатар, ол қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарға сараптамалық баға беруге, сондай-ақ тұжырымдамалық жобаларды әзірлеуге белсенді қатысып келеді.Беделді сыйлықтың берілуі полковник Айсұлу Молдашеваның кәсіби жетістіктерінің мойындалуы және еліміздің әскери ғылымы мен ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесінің дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1181086?lang=kk