Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Озық Ұрпақ» жобасы аясында Өскемен қаласында робототехника бойынша турнирді өткізу қорытындысы 05.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 2 сәуірде Өскемен қаласындағы IT-мектеп-лицейі базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Бұл турнир заманауи технологияларды зерттеуге жағдай жасау және инженерия, IT және инновациялық бағыттарға қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Турнир оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытудағы маңызды қадам болды, оларға роботтарды бағдарламалау мен жобалау дағдыларын бағалап, жетілдіруге мүмкіндік берді. Іс-шара «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өтті. Жоба шеңберінде Өскемен қаласының төрт мектебінде робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді. Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 27 оқушы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен креативтіліктерін көрсетті.Турнир қорытындылары:  «Роботек» категориясы:  - I орын – Сағатова Дария, Мұхаметқалым Шыңғыс, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ оқушылары; - II орын – Толқын Нұрислам, Азаматұлы Алихан, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары; - III орын – Айдын Инабат, Қабдрахман Ақнұр, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары. «Инверстік сызық бойымен жарыс» категориясы: - I орын – Жұмабеков Нұрдаулет, Жұмабеков Жандаулет, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары; - II орын – Ашимов Алихан, Еркін Жасұлан, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ оқушылары; - III орын – Ануарбеков Ерсін, Самарбеков Әли, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ оқушылары. Турнир жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.I дәрежелі диплом иегерлері өз жобаларын мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатында таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл турнир жастар арасында робототехника мен инженерлік шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ білім беру мекемелері мен ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал еткен маңызды оқиға болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968533?lang=kk
Сиань қаласында өткен сауда экономикалық миссия қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлер $98 млн-ға келісімшарт жасасты 05.04.2025
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 6,8%-ға артып, $43,8 млрд-қа жетті. Өткен жылы ШЫҰ саммитінде екі ел басшылары бұл көрсеткішті $80 млрд-қа жеткізу міндетін қойған болатын.2024 жылы Қазақстан мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы өзара тауар айналымы $382,3 млн-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($157 млн) 2,4 есеге артты.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы Сиань қаласына бизнес-делегацияны бастап баруы – Оңтүстік-Шығыс Азия бағытындағы экспорттық жолда маңызды көлік-логистикалық торап болып саналатын Шэньси провинциясымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етті.Сапардың бірінші күні, 1 сәуірде, ҚКП партия комитетінің хатшысы, Шэньси провинциясы халық өкілдері жиналысының төрағасы Чжао Идэмен кездесу өтті.«Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысынан кейін әріптесіммен бірге бұл мақсатқа қалай қол жеткізуге болатынын талқыладық және бірлесіп парадигманы өзгерту қажет деген ортақ шешімге келдік. Тек сауда-саттықпен ғана шектелмей, инвестицияларға да көңіл бөліп, бірлескен өндірістерді іске қосуымыз керек. Осы арқылы тауар айналымын арттыру мүмкіндіктері кеңейеді. Біз өңірлендіру қағидатын қолдана бастадық», – деді Арман Шаққалиев.Нәтижесінде, өткен жылы СИМ басшысы Қытайдың жеті провинциясына сапар жасап, әрқайсысында 3-4 ірі компания анықталып, қытайлық тараппен бірлесіп өзара сауда, өндірістік кооперация және инвестиция тарту бойынша тауарлар тізімі жасалды.«Чэнду қаласында қол жеткізілген келісімдер нәтижесінде тауар айналымын 50%-дан астамға, ал Нанкинде – 3,5 есеге арттырдық. Шэньси провинциясымен де ынтымақтастық кеңейеді деп сенемін. Біз $490 млн астам сомаға 16 түрлі өнім бойынша ұсыныс әкелдік. 30 күнге дейін визасыз режимнің енгізілуі туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына үлкен серпін береді», – деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі.Тараптар мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық бірқатар бағыттарда, соның ішінде көлік секторында белсенді дамып келе жатқанын айтты. Өткен жылы Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға шамамен 300 пойыз жөнелтілсе, 2025 жылдың алғашқы екі айында 111-ден астам пойыз жіберілген.Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 400-ден астам студент білім алуда. Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы филиалы 56 магистрантты қабылдады.Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Ең алдымен, Қытай мен Еуропа арасындағы теміржол қатынасын дамыту жалғасын табады.«Бірінші бағыт бойынша біз теміржол қатынасы арқылы Қытай – Еуропа бағытында автокөлік, баламалы энергетика және ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша сауда саласындағы тауар айналымын кеңейте аламыз. Сонымен қатар, шетелдегі қойма инфрақұрылымын кеңейту бойынша да әріптестікті дамытуға болады. Екінші маңызды бағыт – ауыл шаруашылығы», – деп атап өтті Чжао Идэ.Ол қазақстандық жоғары оқу орындарын ШЫҰ университеттер альянсына және «Бір белдеу – бір жол» кәсіби университеттер альянсына қосылуға шақырды.Сонымен қатар, гуманитарлық-мәдени алмасу саласындағы ынтымақтастық та кеңейтіледі. Биыл Шаньси провинциясынан Сиань қаласынан Алматыға дейін алғашқы мәдени-туристік пойыз жолға шықпақ. Сондай-ақ «Жібек жолы» өнер фестивалін өткізу жоспарланып отыр.Партия комитетінің хатшысы атап өткендей, 2025 жылдың маусым айында Қытай мен Орталық Азия елдерінің екінші саммиті Астана қаласында өтеді. Оның аясында Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.Кездесу соңында ҚР Сауда және интеграция министрі Қытай бизнес өкілдерін 11-13 маусым аралығында Астанада өтетін экспорттық-импорттық көрмеге қатысуға шақырды. Бұл көрме саммит аясында ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда көрмеге 200-ге жуық қытайлық компания қатысуға ниет білдіріп отыр.Сонымен қатар, ҚХР кәсіпкерлерімен жеке кездесулер өтті.Shaanxi Foreign Economic and Trade Group компаниясының басқарма төрағасы Мяо Цянь өз сөзінде компанияның Шэньси провинциясында тауар айналымы бойынша үшінші орынды иеленетінін айтты. Компания көптеген салада жұмыс істейді, оның негізгі бағыты – тау-кен өнеркәсібіндегі сауда, оның ішінде түсті металдар, катодты мыс және алюминий.«Біз табиғи газ бен шикі мұнай импорттауға мүдделіміз. Шэньси провинциясының жыл сайынғы қажеттілігі 3,6 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар, біз EPC-келісімшарттар шарттарындағы күн және жел электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға, қойма инфрақұрылымын дамыту жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырмыз», – деді Мяо Цянь.Өз кезегінде Ningxia State Farm компаниясының бас директоры Дуань Чжицян олардың кәсіпорны ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтінін және 400 миллиард еуродан астам активке ие екенін атап өтті. Ол компания 250 мыңнан астам ірі қара мал ұстайтынын айтып, осыған байланысты жем-шөп дақылдары мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың жоғары екенін, соның ішінде жоңышқа мен жүгеріні сатып алуға немесе бірлесіп өсіруге дайын екендігін білдірді.«Біздің компания 70 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Біз сүт өндіру бағытында  ірі қара мал тұқымын өсіруде озық тәжірибені енгізіп келеміз, қазіргі заманғы мал шаруашылығы жүйесі жолға қойылған. Жоңышқа мен азықтық жүгері өсіру бойынша В2В форматында үлкен тәжірибеміз бар. Сонымен қатар, өнімді бөлу мен су ресурстарын басқарудың заманауи «ақылды» жүйелері де бар», – деп атап өтті Дуань Чжицян.Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 260 млн гектардан асатынын және бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлемде Австралия мен Канададан кейінгі үшінші орында екенін еске салды.«Әрине, біз ауыл шаруашылығын оффтейк-келісімшарттар қағидаты бойынша дамытуға мүдделіміз. Сіздер өз технологияларыңыз бен стандарттарыңыз бойынша өнімдерді өсіріп, қайта өңдеп, экспортқа шығара алатын боласыздар. АӨК саласындағы негізгі бағытыңызды ескере отырып, сіздерді Қазақстанға инвестор ретінде шақырамыз», – деді министр.Сапардың екінші күні – 2025 жылдың 2 сәуірінде Сиань қаласында Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы (СЭМ) өтті. B2B-кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар $98 млн сомасына экспорттық келісімшарттарға қол қойды.Бұл сауда миссиясы алғаш рет шетелдік мекеме – Қазақстан Республикасының Бас консулдығының базасында өткізілді. Екі жыл бұрын дәл осы ғимаратта Мемлекет басшысының қатысуымен қазақстандық тауарлардың шоурумы ашылған болатын. Миссияға Қазақстаннан 60-тан астам, Қытайдан 100-ден астам кәсіпкер қатысты.Сауда-экономикалық миссия аясында QazTrade ұйымдастырған көрме үш қазақ киіз үйі форматында өткізілді. Онда негізінен азық-түлік саласындағы 50-ге жуық қазақстандық компания өз өнімдерін таныстырды. Ұн, майлы және дәнді дақылдар – Қытай нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл өнімдер Қазақстанның Қытайға бағытталған стратегиялық экспортының негізін құрайды және отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.СЭМ қорытындысы бойынша QazTrade Шэньси провинциясы Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің Сауда-өнеркәсіп палатасымен және AIJU Grain and Oil Industry Group компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытайдың бизнес өкілдері арасында тікелей байланыс пен тығыз әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/968505?lang=kk
eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөлік иесіне шұғыл хабарлама жіберу мүмкіндігі іске қосылды 05.04.2025
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа «Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі іске қосылды. Енді кез келген пайдаланушы көлік құралының ақаулары немесе қиындықтары туралы көлік иесіне жедел ескерту жібере алады. Бұл мәселені тез арада шешуге және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.Қызмет көлік жол жүруге кедергі келтіргенде, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, шамдары қосулы қалып қойғанда, дабыл жүйесі іске қосылғанда немесе дөңгелегі жарылғанда өте пайдалы. Жедел хабарлама автокөлік иесінің уақытында қажетті шараларды қабылдауына мүмкіндік береді.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Танымал қызметтер» бөлімін ашу керек;«Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметін таңдау қажет;көлік иесіне қандай ақпаратты жеткізу қажет екенін көрсетіп, «Жалғастыру» батырмасын басу керек;автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, «Хабарлама жіберу» батырмасын басу қажет.Пайдаланушы қызметті 2 сағат ішінде тек 5 рет пайдалана алатынын атап өту маңызды. Мәтіндік хабарламаларды жіберу кезінде өтініш беруші көліктің иесі туралы ешқандай ақпарат алмайды, eGov Mobile қолданбасы пайдаланушыларға анонимді хабарламалар жібереді.Сұрау жіберілгеннен кейін жүйе Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне сұраныс жолдап, автокөлік иесін анықтап, оған хабарлама жібереді. Егер пайдаланушыда push-хабарламалар қосулы болса, ол смартфонына бірден ескерту алады. Хабарландырулар өшірілген жағдайда, ақпарат eGov Mobile қосымшасының «Хабарламалар» – «Таратылымдар және ескертулер» бөлімінде қолжетімді болады.Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/971401?lang=kk
Судьялық кәсіптің беделін арттыру және заң қоғамдастығының өкілдерін сот жүйесіне тарту жөніндегі бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі нотариаттық қоғамдастықпен онлайн-кездесулер ұйымдастырды 05.04.2025
Судьялық кәсіптің беделін арттыру және заң қоғамдастығының өкілдерін сот жүйесіне тарту жөніндегі бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі нотариаттық қоғамдастықпен онлайн-кездесулер ұйымдастырды.Кездесулерге Кеңес мүшелері: С. Әміртаев, О.Цай, А. Айтуарова, Г. Шаров, Н. Сисенова, Ж. Мырзалиев, сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының, Республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың өкілдері қатысты.Екі айдың ішінде 3000-нан астам нотариус Кеңес қызметімен, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптармен және іріктеу тәртібімен танысуға мүмкіндік алды. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ судьялар корпусындағы кәсібиліктің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылады.Кеңес ұйымдастырған кездесулердің негізгі мақсаты-судья мамандығына деген қызығушылықты арттыру және оның қатарына нотариустар арасынан білікті және тәжірибелі заңгерлерді тарту.Жоғары Сот Кеңесі нотариаттық қоғамдастықпен жүйелі ынтымақтастық жүргізуде-олардың өкілі Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясына мүшесі болып табылады.Дмитрий Малаховтың төрағалығымен сот саласына білікті заңгерлерді тарту және әртүрлі құқықтық мамандықтардың өкілдерін біріктіре отырып, судья мамандығының имиджін арттыруға бағытталған жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/968487?lang=kk
Өндірісті өрге сүйреген 05.04.2025
2009 жылы Астана қаласында құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы негізінен тапсырыс аясында жұмыс істейді. Өйткені шығарып отырған өнімі – көп тер төгуді қажет ететін дүние. Тәжірибесі мол мамандарды ғана топтастырып, сапа кепілдігіне бірінші мән берілуі тиіс. Иә, теміржол саласындағы ең керекті дүние – локомотив және жылжымалы құрамаларды, яғни тепловоз өндірісін жолға қойған компания өз өнімімен мемлекетіміздің бар сұранысын қанағаттандырып отыр. Сондай-ақ сырт елдерге де экспортқа жібереді.Астана қаласы маңындағы №1 индустриялық паркте орналасқан «Локомотив құрастыру зауыты» өз жұмысын бастағалы 650 тепловоз шығарыпты. Үш ауысыммен жұмыс істейтін алып өндіріс алаңында 700-ден аса жұмысшы-маман бар.Толығырақ «ASTANA AQSHAMY» республикалық қоғамдық-саяси газетіндегі «Өндірісті өрге сүйреген» мақаласында https://www.astana-akshamy.kz/oendiristi-oerge-suejregen/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/968484?lang=kk
«Таза Қазақстан»: елорда кәсіпорындарына абаттандырудың маңыздылығы ескертілді 05.04.2025
«Таза Қазақстан»: елорда кәсіпорындарына абаттандырудың маңыздылығы ескертілді«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық бизнесмендерге тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар таратылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Өткен жылы Астана әкімдігі елордалық кәсіпкерлер үшін тазалық пен тәртіпті сақтау бойынша ұсыныстары бар чек-парақтар әзірледі. Жыл мезгілдерінің ерекшелігін ескере отырып, олар төрт форматқа бөлінді – көктем, жаз, күз және қыс.Өз аумақтарын тиісті күтіп-ұстау жөніндегі маусымдық жоспар Республика даңғылында орналасқан жеке ұйымдарға таратылды.«Өткен жылы алғаш рет жасалған арнайы тексеру парағында маусымдық ерекшеліктерді ескеретін жылдың әр уақытына бейімделген ұсыныстар бар. Акция қалада тазалық пен тәртіпті сақтауға 250 мыңнан астам ШОБ субъектілерін тартуға бағытталған. Бизнестің бұл жұмысқа белсенді қатысуы елорданың өркендеуіне ықпал етеді», - деп атап өтті Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Қадір.Әзірленген ұсыныстарда шатырды қардан уақытылы тазалау, көктемде жасыл желектерді кесу және отырғызу сияқты қажетті жұмыстардың тізімі бар. Жазда бұл ағаштар мен жасыл алқаптарға күтім жасау, суару жүйесін күтіп ұстау және тұрақты сенбіліктер өткізу қамтылған.Күзде кіре беріс аумақтарға тайғанаудың алдын алуға арналған жабындарды орнатып, жылыту маусымына дайындалу қажет. Қыста – кіреберіс аумақтарға көктайғаққа қарсы қоспа себу, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Ұсынымның міндеті – қала мен қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және дамыту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/968481?lang=kk
Қазақстанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметіне сұраныс артты 05.04.2025
Қазақстанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметіне сұраныс артты           2024 жылы Қазақстанда жылжымалы мүлікті кепілге қою бойынша  50 902 қызмет көрсетілді. Ал 2023 жылы 28 072 қызмет көрсетілген, яғни 2024 жылы қызметтердің саны 22 830-ға артып, өсім 44,8% құрады.Жылжымалы мүлікке жылжымайтын мүліктен басқа кез келген мүлік жатады. Олардың қатарына көлік құралдары, ақша, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар және басқа да активтер кіреді.Заң бойынша автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникасы, әуе және теміржол көліктері міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай мүлік кепілге қойылған жағдайда, тіркеу тиісті уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады.Міндетті мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін жылжымалы мүлік түрлеріне ақша қаражаттары, жабдықтар, мүліктік құқықтар, негізгі құралдар, банк салымдары, бағалы қағаздар, айналымдағы тауарлар, тауарлық-материалдық қорлар, астық және өзге де мүлік жатады.Кепіл – борышкер қарызын төлей алмаған жағдайда несие беруші оның мүлкін басқаруға мүмкіндік алатын міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі. Кепіл болған жағдайда несие беруші кепілге қойылған мүлікті сатып, қарызын өтей алады.Жылжымалы мүлікті кепіл ретінде тіркеу қызметін ХҚКО немесе электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Аталған қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында өтініш қабылданған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.ХҚКО-да қызмет алу үшін:өтініш;көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;кепілдің шарттары немесе кепіл туралы келісімшарт;тіркеу алымы сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.Айта кетейік, кепілді тіркеу Жылжымалы мүліктің кепіл тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл тізілімде кепілге қойылған мүлік туралы ақпарат сақталады және оның бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді.Жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміндегі кепілден шығару кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеу өтініш берушінің тіркеуші органға жүгінуінен кейін жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/969070?lang=kk
РХБ қорғау мамандарының шынайы қауіп төнген жағдайдағы үйлесімді іс-қимылы тексерілді 05.04.2025
 Алматы облысында ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері оқу-жаттығу орталығында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Ұлттық ұланның және ҰҚК Шекара қызметінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының он күндік жиыны өтті.Әскери қызметшілер әскерлерді радиациядан, химиялық әсерден және биологиялық ластанудан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде бірлескен іс-қимылдың негізгі элементтерін пысықтады. Есептеу-талдау станциясын пайдалана отырып, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдай туралы ақпаратты жинауға және оларды өңдеуге, одан бөлек әскерлер қозғалысының бағыттары мен шоғырлану аудандарына РХБ барлау жүргізуге ерекше назар аударылды.РХБҚ мамандары арнайы және санитарлық өңдеу пунктін орналастырып, жылжымалы бақылау-тарату пункті есептобының іс-әрекетін пысықтады. Бұл кезеңде арнайы өңдеу пунктінде жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы өңдеу тәртібі жіті қадағаланды.– Осындай ауқымдағы бірлескен жиындар біздің әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық ластану жағдайындағы іс-қимылдарға дайындаудың маңызды кезеңі болмақ. Олар әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыруға, әртүрлі күш құрылымдары арасындағы әрекетті жақсартуға және жеке құрам мен техниканы қорғаудың маңызды элементтерін тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті лагерь жиынының бастығы подполковник Ахан Райымбеков.Ведомствоаралық жиынға 250-ден аса әскери қызметші қатысты, 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл РХБ қауіп-қатерден қорғаудың барлық аспектілерін кешенді пысықтау үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді. Жиынға қатысушылардың бәрі қойылған міндеттерді орындау кезінде барынша дайындалған, үйлесімді және жылдам іс-қимыл көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968413?lang=kk
Акцизделетін тауарлардың тізбесі 05.04.2025
 Мыналар акцизделетін тауарлар болып табылады:      1) спирттің барлық түрлері;      2) алкоголь өнімі;      3) темекі бұйымдары;      4) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтық;      5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары, экологиялық отын;      6) шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан да көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;      қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);      қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);      7) шикі мұнай, газ конденсаты;      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/968392?lang=kk
Қостанай облысында жаңа зауыттар ашылып, Ақмола облысында майлы дақылдардың егіс көлемі ұлғайтылады 05.04.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет жанындағы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысында Қостанай және Ақмола облыстарының ірі инвестициялық жобалары мен экономикалық дамуы қаралды.Қостанай облысы машина жасау саласын жүйелі түрде дамытып келеді. Биыл өңірде бірден бес жаңа өндіріс іске қосылмақ. Сәуірде шағын тораптық әдіспен жылына 5 мың бірлік «Jetour» автомобилін өндіретін зауыт іске қосылады. Нәтижесінде 200 жұмыс орны ашылады. Қазан айында қуаттылығы жылына 70 мың автомобиль шығаратын жаңа Kia зауыты ашылмақ. Бұл жоба 1500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Алғашқы көлік биыл шілдеде шығарылады. Автокөлік өндірісіндегі локализациялау үлесін арттыру мақсатында биыл қуаты жылына 60 мың дана қосалқы бөлшек (бояу, пластикалық бұйымдар, пайдаланылған газ жүйелері, герметиктер, аудиожүйелер және т.б.) шығаратын зауыт іске қосылады. 800 жұмыс орны ашылады.Өндіріс өнімділігін арттыру, процестерді автоматтандыру және автокөлік өнімдерінің түрлерін кеңейту мақсатында жетекші осьтің негізгі берілістері мен арқалықтарын шығаратын екі зауыт іске қосылады. Бұл жобалар аясында 650 жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа, ШОБ-ты дамыту үшін биыл 150 адамды жұмыспен қамтитын тігін және жиһаз цехтарын іске қосу жоспарланған.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдікті лизинг шеңберінде еліміздің барлық өңіріне қажет арнайы мақсаттағы автотехника, атап айтқанда қоқыс жинайтын машина өндірісін ұлғайту мәселесін атап өтті. Республикалық бюджеттен соңғы қаржыландыру 2023 жылы бөлінген. Вице-премьер ҰЭМ-ге бұл мәселені «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп пысықтауды тапсырды.Автокөлік өнеркәсібінің дамуына байланысты Қостанай өңірінде көлік-логистикалық хаб құру мәселесі өзекті болып отыр. Жобаны қуаттылығы жылына 400 мың контейнерге дейінгі индустриялық аймақта іске асыру жоспарлануда. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге қаржыландыру қажет болады. Жобаны іске асыру «Солтүстік – Шығыс» бағыты бойынша халықаралық көлік-логистикалық хаб құруға және жүк тасымалы көлемін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді.Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауарлы фермаларын жеңілдетілген қаржыландыру тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында Қостанай облысында 10 сүт-тауарлы фермадан тұратын жоба пулы қалыптастырылды. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша 31,7 млрд теңге қажет. Биылдың өзінде өңірде үш сүт-тауарлы ферманы іске қосу жоспарланып отыр, бұл сүт өндірісін 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Облыс әкімі жобаларды АШМ бағдарламасы арқылы жеңілдетілген қаржыландырумен несиелеу үшін қаражат бөлу жөнінде өтініш білдірді. Вице-премьер сүт-тауарлы фермалар құрылысына қолдау өңірде сүтті қайта өңдеу өндірісі қатар ұйымдастырылған жағдайда ғана көрсетілетінін атап өтті.2024-2028 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша жалпы құны 2,5 трлн теңге болатын, 10,5 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды.Ақмола облысы биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 12,1% болғанын көрсетіп отыр.Облыс әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов биыл республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағында өңір экономикасын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталатынын хабарлады. Солардың ішіндегі негізгі жоба — Dalian Hesheng Holdings компаниясының бидайды терең өңдейтін өндірістік кешенінің құрылысы. Жобаның бірінші кезеңіне шамамен $650 млн көлемінде инвестиция тарту көзделген. Алғашқы кезеңде жылына 1 млн тоннаға дейін бидай өңделмек, әрі қарай бұл көлемді ұлғайту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ шамамен 1 мың жұмыс орны ашылады. Аталған жобаны іске асыру және жалпы индустриялық аймақты дамыту астаналық агломерацияның дамуына оң әсер етіп, маятниктік көші-қонды азайтып, өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға оң әсерін тигізеді.«Сондай-ақ АӨК саласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі жоспарына сәйкес, биыл майлы дақылдардың егіс көлемін 160 мың гектарға ұлғайттық. Нәтижесінде бұл дақылдарға бөлінген жалпы егіс алқабы 430 мың гектарға жетті», — деп атап өтті Ернар Жәркешов.    Бұдан бөлек, ол өңірдегі инвестициялық жобаларға қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді де атап өтті. Атап айтқанда, отандық «Astana-Nan Chemicals» өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын өндіретін зауытқа өз өнімін экспорттауға заңнамалық мүмкіндік беру қажеттігін көтерді. Бұл қазақстандық пестицид өндірушілерінің халықаралық нарықтағы позициясын күшейтіп, өнім көлемін арттыруға әрі жыл бойы жұмыс істейтін өндіріс есебінен жұмыспен қамтуды ұлғайтуға жол ашады. Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне экспортты қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде қажетті нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді тапсырды.«Бүгінде Үкімет алдында 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есе арттыру міндеті тұр. Бұл мақсатқа жету үшін аталған мерзімге дейін негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 23%-ына дейін жеткізу қажет, бұл 58,4 трлн теңге. Ал биыл негізгі капиталға құйылатын инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 17%-ына жеткізу міндеті тұр. Бұл 26,2 трлн теңге. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда кемінде 35,2% өсімді қамтамасыз ету. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша біз осы жылы жалпы қосылған құн әкелетін жобаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын басым міндеттер тізбесін қалыптастырамыз. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыру кезінде өңдеу жобасын ұйымдастыру бойынша қарсы міндеттемелер қойылатын болады. Бұл – Үкіметтің инвестициялық тапсырысына жатады», — деп қорытындылады Серік Жұманғарин.https://primeminister.kz/news/kostanay-oblysynda-zhana-zauyttar-ashylyp-akmola-oblysynda-mayly-dakyldardyn-egis-kolemi-ulgaytylady-29883 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/968920?lang=kk
Шемонаихада «Комфортты мектеп» ашылды! 05.04.2025
Бүгін, 2 сәуір күні, Шемонаиха қаласындағы Шәкәрім атындағы №4 орта мектепте 300 орындық Комфортты мектептің ресми ашылуы өтті. Бұл – өңірдегі білім беруді дамытудағы маңызды қадам!Іс-шара барысында заманауи білім беру кеңістіктері таныстырылды:🔹 STEM-кабинеті (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қолдауымен)🔹 “Bіlіm aqparat” кәсіптік бағдарлау орталығы🔹 “Dana bala” инклюзия кабинеті (С. Аманжолов атындағы ШҚУ қолдауымен)Ашылу салтанатына ШҚО әкімі Н. Сақтағанов, білім басқармасының өкілдері, ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жаңа мектеп оқушыларға заманауи білім алуға, шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.#КомфорттыМектеп #БілімШҚО #Шемонаиха #STEM #Инклюзия #БолашақБізбенАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968362?lang=kk
«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП 100 студенті» Республикалық байқауының өңірлік кезеңі 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңін өткізді. Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының 100 үздік студентін тануға бағытталған.Конкурсты өткізудің мақсаты: Талантты жастарды қолдау. Жұмысшы мамандықтарын және білім, дағдылар мен таланттарының арқасында табысқа жеткен ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін насихаттау.                Конкурстың міндеттері: ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, қолдау және алға тарту. Студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру үшін ынталандыру. Үздік студенттер үшін шеберлік класстарын, тренингтер мен курстар ұйымдастыру арқылы одан әрі даму мүмкіндіктерін жасау, сонымен қатар тұлғалық және кәсіби өсу бойынша тиісті бағдарламаларды жүзеге асыратын ұйымдарды тарту.Регионалдық кезеңнің ережесіне сәйкес, келесі материалдарды ұсыну қажет болған:- Мотивациялық хат.- Үміткердің өз өңіріне пайдасын тигізетін болашақ маман ретінде таныстыратын бейнеролигі- Өңірдің/республиканың дамуына арналған мамандығы бойынша жоба.Региондық кезеңге 19 оқу орнынан 23 өтінім мен материалдар түсті.Сараптамалық комиссия 23 қатысушының материалдарын қарап, «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысуға ұсынылатын келесі студенттер анықталды: Ғали Мадияр  («Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК),Ушакова Ольга  («Риддер колледж» КМҚК), Лазаревич Эмилия («Өскемен технология және сервис колледжі» КММ), Кеңес Ақгүл (Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжі),Ұланқадырова Аружан («Абай атындағы Шығыс-Қазақстан гуманитарлық колледжі»КМҚК), Салаватұлы Жансерік (С.Аманжолов атындағы ШҚГУ жоғары колледжі»), Романов Дмитрий («Гуманитарлық-техникалықй колледжі» ЖШС), Зайков Сергей ( «Алтай жоғары колледжі» мекеме), Дамолданов Эльнар («Шығыс техникалық -гуманитарлық колледжі» мекеме).«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша республикалық кезеңге қатысуға ұсынылған студенттерге сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968361?lang=kk
«INFOMATRIX-ASIA» халықаралық олимпиадасы 05.04.2025
2025 жылдың 30 наурызында Астана қаласында «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық олимпиадасы өтті. 9 елден келген 600-ге жуық қатысушының арасында Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мамандандырылған лицейінің оқушылары өз шеберліктерін түрлі бағытта көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді:Ережапұлы Еларыс (9А сынып) — 2 орынОмар Жанболат (9Б сынып) — 2 орынОлимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968356?lang=kk
«Адалдық - адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел 05.04.2025
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ «Адалдық - адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Дөнгелек үстел отырысына колледж студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының жетекшілері қатысты.Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының офицері Жандос Баурланұлы Мұзтауов, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы Гүлмира Бейсембайқызы Ілиясова қатысты.Отырыста «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысын жетілдіру, академиялық адалдық, адалдық тақырыбын талқылап, өз пікірлерін білдірді, жемқорлықты түсінудің мәнін ғана емес, оның алдын алуға да белсене қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968354?lang=kk
Армия орталық спорт клубында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый залы ашылды 05.04.2025
Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жаңа ауыр атлетика залын ашты. Қорғаныс ведомствосы басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Армия орталық спорт клубында ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанына Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімі берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спорт қоғамдастығы және АОСК-ның атақты спортшылары қатысты.Анатолий Храпатый – ауыр атлет, бес дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.Өмірінің соңғы жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеді. Спортшы 2008 жылдың тамызында қайғылы жағдайда қаза тапты.Сапар барысында министр күрделі жөндеуден өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес залын, спортшылардың даңқ мұражайын, футбол алаңын, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Қорғаныс министрі басшылықтың алдына Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968352?lang=kk
Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 05.04.2025
2025 жылғы 18 сәуірде «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан «Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасы шеңберінде Арқалық педагогикалық университетінде қазақ және орыс тілдерінде 3 тренинг ұйымдастырды. Тренингтерді өткізген студент-тренерлер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты көрсетті, топтық жұмыс қатысушылардың қызығушылығын тудырып, нәтижелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/979538?lang=kk
Грекиялық бизнес Қазақстанның алюминий саласына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекиядағы алюминий құймалары мен дискілерін өндіретін жетекші «ALUMAN S.A.» компаниясының басқарушы директоры Спилиос Маниаспен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанда алюминий өңдеу және озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Елші кездесу барысында қазақстандық инвестициялық климат туралы жан-жақты ақпарат беріп, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы аясында жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеу секторын құруға ниетті екенін атап өтті. Осыған байланысты грек компаниясының алюминий өңдеу саласындағы тәжірибесі Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту бойынша стратегиялық міндеттерін іске асыруға пайдалы болмақ.Тараптар Қазақстанның алюминий өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қоса алғанда, өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылық білдірді.Анықтама: ALUMAN S.A. – 1965 жылы құрылған отбасылық компания, бас кеңсесі Афинада және өндірістік кешені Грекияның Инофита қаласында орналасқан. Компания азық-түлік, фармацевтика және косметика өнеркәсібінде қолданылатын алюминий құймалары мен дискілерін өндіруге маманданған. Өнімінің 100%-ын әлемнің 20-дан астам еліне экспорттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/968330?lang=kk
Алматы әуежайы тұрақ аймағын кеңейтеді 05.04.2025
Алматы әуежайы тұрақ аймағын кеңейтеді. Қайта құру жұмыстары 2025 жылдың маусымында толығымен аяқталады.Толығырақ келесі материалда:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-aeroportu-almatyi-planiruetsya-rekonstruktsiya-parkovki-566691/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/968323?lang=kk
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды 05.04.2025
Братислава, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен күн тәртібіндегі қазіргі халықаралық ауқымды мәселелерді талқылады.Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары, достық топтары мен мамандандырылған комитеттер арқылы байланыстарды дамыту, сондай-ақ заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейту – мүдделі пікірталастардың негізгі тақырыбы болды. Халықаралық парламенттік ұйымдардың жұмысына қатысу аясында екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды орнатуға ерекше назар аударылды.Тараптар парламентаралық диалогты жандандыру, Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға тікелей ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/968320?lang=kk
Гессен федералдық жері Германияның көлік және қаржы орталығы ретінде – Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастыққа көпір салуда 05.04.2025
Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 2 сәуір – Германияның көлік және қаржы орталығы болып табылатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады.Аталған мәртебені Германияға келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен Франкфурт-на-Майн қаласында өткен «Kazakhstan Investment Day 2025» атты ауқымды форумның өтуі.Іс-шараға ресми тұлғалар, іскерлік топтар мен сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілі қатысты. Форумның тең ұйымдастырушылары ретінде Герман экономикасының Шығыс комитеті (ВКГЭ) және AKA-Bank болды.Форум аясында «Қазақстан – мүмкіндіктер нарығы: инвестициялар және қаржыландыру мүмкіндіктері» және «Шикізат жеткізу және жаңа нарықтарды игеру үшін логистика» тақырыптарында пікірталас өтті.Спикерлер неміс бизнесінің Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып отырғанын және жергілікті нарықтағы өз қатысуын арттыруға дайын екенін атап өтті.Германияның Deutsche Bank, Commerzbank, KfW, Франкфурт қор биржасы сияқты жетекші қаржы институттары шоғырланған Гессен федералдық жері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеуде маңызды алаң бола алады.Франкфуртқа сапар барысында Р.Скляр Гессеннің Халықаралық ынтымақтастық, Еуропа және дебюрократизация істері жөніндегі министрі Манфред Пентцпен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында М.Пенц Гессен үкіметінің таяу айларда Қазақстанға экономикалық делегацияны жіберу туралы қабылдаған шешімі туралы баяндады. Сапардың мақсаты – перспективалы және өзара тиімді жобаларға инвестиция салудағы нақты қадамдарды анықтау.Тараптар Қазақстан мен Гессен арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, оның әрі қарай даму перспективаларын талқылады.Сонымен қатар, Р.Скляр Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ВКГЭ басқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.Гессен – Германиядағы ең экономикалық дамыған федералдық жерлердің бірі. 2024 жылы оның ЖІӨ көлемі 370 миллиард еуроны құрап, бұл Германияның жалпы экономикалық әлеуетінің шамамен 9%-на тең.Гессен арқылы Германияның басты су артериясы – Рейн өзені өтеді, ал Франкфурт әуежайы – Еуропадағы ең ірі және ең жүктелген әуежайлардың бірі болып табылады.Рейн-Майн өңірі, әсіресе Рур ауданынан кейінгі ең жоғары өнеркәсіптік дамыған аймақ атауына ие және химия-фармацевтика өнеркәсібі мен автомобиль жасау саласының үлесі жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/968319?lang=kk